Есіл ауданы әкімдігінің жылғы № а Қаулысымен бекітілген



жүктеу 68.05 Kb.
Дата17.04.2016
өлшемі68.05 Kb.
Есіл ауданы

әкімдігінің______ жылғы

_____ № а -_________

Қаулысымен бекітілген

 

 

Есіл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,



жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі”

мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ.

  

 



1. Жалпы ереже

 

1.“Есіл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесі (әрі қарай мекеме)оны Есіл ауданы әкімдігінің 2005 жылдың 29 желтоқсанындағы №а-12/314 қаулысын негізге ала отырып бөлуіне байланысты “Қала құрылысы, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары” мемлекеттік мекемесінен қайта ұйымдастырылды.



2.Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының Заңдарына, Президент, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативті актілерге, сондай-ақ мемлекеттік мекеме туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады

3.Мекеме заңды тұлға болып есептеледі, мемлекеттік тілдегі өзінің атауымен мөрі және мөр табаны, белгілі үлгідегі бланкілері , сондай-ақ қолданылып жүрген заңдарға сәйкес банкте есеп шоты бар. Облыстық бюджеттен қаржыланады,өз қызметін оперативті басқару құқында жүзеге асырады. Мекеме азаматтық- құқықтық қатынасқа меншік атынан түседі.

4.Мекеме өз құзыры бойынша аудан аумағында міндетті күші бар, белгілі заң ретінде бұйрық түрінде актілер шығарады.

5.Мекеменің құрылымы мен шекті санын облыс әкімдігі белгілеген шекте аудан әкімдігі бекітеді.

6.Мекеменің заңды мекен- жайы: 020900 Қазақстан Республикасы,Ақмола облысы, Есіл ауданы, Есіл қаласы , Қонаев көшесі, 15 үй.

7.Мекеменің толық атауы: “Есіл ауданының тұрғын-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесі.

8.Мекеменің құрылтайшы құжаты болып аудан әкімдігінің қаулысы және осы Ереже есептеледі.

9. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Есіл ауданының әкімдігі болып есептеледі .

10.Мекеме қызметін қаржыландыру тек қана мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылады.

 

2.Мекеменің рөлі, негізгі міндеттері және құқығы.



 

11. Мекеме өз рөлін Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жүзеге асырады.

12. Мекеменің негізгі міндеттері болып:

1) өз құзыры шегінде жол саласындағы бірыңғай техникалық және мемлекеттің нормативті саясатын, көлік кешені инфрақұрылымын, құрылысты инженерлік- техникалық жағынан қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастырып және қадағалауды, автомобиль жолдарын ұстау және көгалдандыруды жүзеге асыру;

2) автомобиль көлігінде жолаушыларды тасу саласында нарықтық қызмет көрсетуді қалыптастыруға қатынасу,жолаушылар тасымалдаумен айналысатын заңды және жеке тұлғалар, кәсіпорындар жұмысын ұйымдастыру;

3) жаңа техника және технологияның озық тәжірибесін қалыптастыруға және енгізуге қатынасу;

4) жол секторы қызметін көрсету нарығын қалыптастыруға қатынасу;

5) Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес жолаушылар құқын қамтамасызету, оларға қызмет көрсетудің сапасы мен мәдениетін көтеру, қызмет көрсетудің қолданылып жүрген түрлерін дамыту және жаңа түрлерін енгізу;

6) коммуналдық меншік объектілерінің қызметін шешу барысында қалалық және ауылдық әкімдіктер, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар қызметін үйлестіру;

7) тұрғын үйлерді мемлекеттік коммуналдық қорға қосуға, балансқа алуға,оларды ұстауға және пайдалануға беруге байланысты мәселелерді реттеу;

8) тұрғын үйлерді қорға қосуға және оларды коммуналдық тұрғын үй қорынан шығаруға ұсыныстар даындау;

9) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға есепте тұрған тұлғалардың тізімін жүргізу табылады.

13. Мемлекеттік мекеменің негізгі рөлі болып:

1) көлік кешені инфрақұрылымы құрылысында және жол саласында мердігерлік қызметтің барлық түріне тапсырыс берушінің міндетін орындау;

2) көлік кешені инфрақұрылымы, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын көгалдандыру, ұстау, құрылыс , жөндеу жұмыстары бойынша жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары есебін ұйымдастыру;

3) көлік кешені инфрақұрылымы, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын көгалдандыру, ұстау, құрылыс , жөндеу жұмыстары бойынша жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары бойынша орындалған жол жұмыстарын қабылдағанда сапасын бақылауды жүзеге асыру;

4) орындалған жол жұмыстары және көлік кешені инфрақұрылым нысандарының құрылысы, әлеуетті жабдықтаушылармен келісім шарттар жасасу және олардың орындалуын қадағалауға Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес конкурстар өткізу;

5) автомобиль жолдары және олардағы құрылыстардың техникалық деңгейін көтеруді қадағалауды жүзеге асыру;

6) жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойына жарнамалар мен қызмет көрсету нысандарын орналастыруға паспортты рәсімдеу және келісу;

7) Қазақстан Республикасының “ Автомобиль жолдары туралы” Заңының және Қазақстан Республикасының “ Қазақстан Республикасындағы көлік туралы” Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

8) жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстардың техникалық және эксплуатациялық тексерілуін қамтамасыз ету жөнінде жұмыстар ұйымдастыру;

9) Қаржы мәселесіндегі жыл сайынғы және кешенді қажеттіліктерді негіздеу.

10) дефектылық ведомостарын негізге ала отырып, техникалық жағынан күрделі емес нысандарға орташа жөндеу жұмыстары бойынша күрделі жөндеу жұмыстарының сметалық құжаттарын жасап және бекіту;

11) автомобиль жолдарының қауіпсіздігін, сақталуын қамтамасыз ету мәселесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері және басқа нормативті құқылық актілерінің орындалуын ұйымдастыру және бақылау;

12) жол саласында басқа қызмет түрлерінен қоршаған ортаны қорғау және қозғалыс қауіпсіздігін экологиялық қорғауды қамтамасыз ету төңірегінде бірыңғай техникалық саясат шараларын жүргізуді ұйымдастыру мен жүзеге асыруға қатынасу;

13) аудан ішіндегі жол бағыттарына тендер ұйымдастыру, жолаушылар ағымын зерделеу, осы есеп және сараптамаға бірыңғай банк құру, жол бағыттары паспорттарын келісім шарт бойынша әзірлеу, олардың сызбасын анықтау, бекітілген жол бағытының әрқайсысының жұмысына бақылау жасау;

14) халыққа қызмет көрсетудің жаңа және осы заманға сай үлгілерін енгізу;

15) жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру және жақсарту мәселесі бойынша жолаушылар ұсынысын зерделеу;

16) қала және ауылдық округтердің күзгі-қысқы мерзімдік іс шараларының және жылу маусымының өтуі барысын үйлестіруді жүзеге асыру;

17) коммуналдық шаруашылық және бюджет саласы жылу көздерінің қатты және сұйық отындарының қоры туралы мәліметтер жинау;

18) сумен қамтамасыз ету және ағын суды жою жұмысын жүзеге асыратын қала кәсіпорындарының жұмысын үйлестіру;

19) оған Қазақстан Республикасы Заңдарымен жүктеген басқа қызметті жүзеге асыру;

14. Мемлекеттік мекеме өзінің көрсетілген міндеттері мен қызметтерін жүзеге асыру үшін:

1) жолаушыларды автомобильмен тасымалдау, жол шаруашылығы, көлік кешені инфрақұрылымы мәселелерін жүзеге асыруда жергілікті басқару органдарымен өзара әсер ету және жергілікті маңызы бар жол жағдайына бақылау жасауға;

2 )автомобиль жолдары, көлік кешені инфрақұрылымын ұстауға, жөндеуге және құрылысына мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуына бақылау жасауды жүзеге асыруға;

3) автомобиль көлігі кәсіпорындары жүзеге асыратын жолаушылар тасымалы қызметі мәселесі бойынша өз құзыры шегінде нормалар талабының және стандарттардың, келісім шарттардың және келісімдердің сақталуына бақылау жасауға;

4) жол саласын дамытуға автомобиль көлігінде тасымалдаудың сапасы мен қызмет көрсетудің мәдениетін жақсартудағы ауданның әлеуметтік- экономикалық жоспарымен келісу және әзірлеуге қатынасу;

5) жол саласы ұйымдарынан, автокөлік кәсіпорындарынан және тұрмыстық- коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарынан меншік түріне қарамастан, басқарма қызметін жүзеге асыру үшін керекті ақпараттарды сұрап отыру;

6) коммуналдық шаруашылық нысандары басшыларының жетекшілігімен жүзеге асырылатын мәселелерде қалалық басқару қалалық басқару органымен өзара әсер етісу;

7) өз құзыры шегінде қалалық және ауылдық округтерден күзгі-қысқы мерзімге, жылу маусымының өтуіне дайындық туралы керекті мәліметтер сұрап отыруға құқылы.

 

3. Мекеме мүлігі.



 

15. Мекеменің оперативті басқару құқында ерекшеленген мүлігі бар.

Мекеменің мүлігі оған мемлекет берген мүлік есебінен құралады және негізгі қор мен айналымдағы қаржыдан, сондай-ақ құны мекеме балансында көрсетілетін басқа мүліктерден тұрады.

16. Мекеменің оған бекітілген мүлікті өз бетімен бөлектеуге немесе басқа жолмен басқаруға құқы жоқ.Мекемеге мүлігін басқаруға құқық берілуі мүмкін. Бұл мақсатта мекеме басқара алатын мүлік құнының шектелген мөлшері заңмен белгіленеді.

 

4.Мекеме қызметін ұйымдастыру.

 

17. Мекемені Қазақстан Республикасының “ Мемлекеттік қызмет туралы” Заңына сәйкес, конкурстық негізде аудан әкімі тағайындайтын мекеме бастығы басқарады.

18. Мекеме бастығы мекеменің жұмысын ұйымдастырады және мекеме жұмысына жетекшілік етеді және мекемеге жүктелген міндеттер мен өз қызметтерінің жүзеге асырылуына жауапты.

19. Бұл мақсатта мекеме бастығы:

1) Мекеме мамандарының міндеттері мен өкілетттігін анықтайды;

2) заңға сәйкесті мекеме қызметкерлерін қызметке тағайындайды және босатады;

3) бекітілген заң ретімен мекеме мамандарын көтермелеп, оларға төлеттіріп алу шараларын жүзеге асырады;

4) мемлекеттік мекеме актілеріне қол қояды;

5) Мекемені мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдарға ұсынады;

6) заңға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

5. Мекеменің құрылтайшы құжаттарына өзгерістер мен



толықтырулар енгізу реті.

 

20. Мекеменің құрылтайшы құжаттарына өзгертулер мен толықтырулар аудан әкімдігінің қаулысымен енгізіледі.

 

6.Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату.



 

21. Мекемені қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

 


©netref.ru 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет