Ескерту! Естен тану (синкоп)



бет1/3
Дата07.11.2019
өлшемі0.83 Mb.
  1   2   3


Ескерту!

Естен тану (синкоп)

Естен тануларда көрсетілетін жедел жәрдем

1. Егер естен тану немесе естен танғаннан кейінгі уақыт ұзаққа созылып жатса: аурудың аяқ жағын көтеріңкі, бас жағын төменірек етіп жатқызамыз. Сонан соң киімінің түймесін ағытып, таза ауа
енгізу керек. Беті мен кеудесіне суық су шашу және жағына шапалақпен ұру сияқты әдістер қолданылады.


2. Науқасқа нашатыр спирті, сірке қышқылы, эфир сияқты заттарды иіскету керек. Аяқтарына жылы басуға болады.

3. Егер науқас есіне келмесе, тері астына немесе бұлшық етке 1-2 мл кордиамин немесе 10% 1-2
мл кофеин ерітінділері енгізіледі.


4. Қан қысымы төмен болса 5% эфедрин немесе 1% 1 мл мезатон ерітіндісі б/е енгізіледі.

5. Аритмиялық естен тануларда:толық АВ болкадаларда (Моргани-Адамс-Стокс ұстамасы)- 0,1% 0,5-1 мл атропин ерітіндісін т/і 2,4% 5-10 мл эуфиллин ерітіндісін к/т енгіземіз;

6. пароксизмалды тахиаритмияларда — 10% новокаинамид ерітіндісін көк тамырға баяу енгізу керек. Ал гипогликемиялық естен тануларда40% 40-60 мл глюкоза ерітіндісін көк тамырға енгіземіз.

7. Науқастың пульсі мен АҚҚ қалпына келіп, есін жиған соң, тыныштық күйді сактауды талап етіп, бақылауға алу керек





Анафилактикалық шок (АШ) — ағзаға аллергендер енгенде жедел түрдегі аллергиялық реакцияны тудыратын, қанайналым, тыныс алу, орталық жүйке жүйесінің ауыр бұзылыстарымен, жіті дамитын, өміргe қауіпті патологиялық үрдіс.

Жедел жәрдем:
— ағзаға аллергендердің ары қарай түсуін тоқтату;
— тыныс жолдарынын өткізгіштгін қалпына келтіру, таза ауаның келуін қамтамасыз ету.
— науқасты: аяғын көтерген күйде Тренделенбург қалпына келтіру, тілін артқа кетуінің алдын алу үшін басын бүйірне қарату, асфиксия, құсық массаларымен аспирация болдырмау үшін төменгі жақты алға тарту;
— оттегімен емдеу; аллерген парентеральді енген жағдайда 0,1% адреналин ертндісімен 0,1 мл/жасына сәйкес мөлшерде 5,0 мл натрий хлориді изотониялық етіндісіне араластырып аллерген енген жерді; айналдыра eгiп шығады;
-аллерген енген жердің жоғарғы бөлігіне артерияны қыспаитын eтin, 30 минутка жгут салу ( әр 10 минут сайын жгутты бip-eкi минутқа босатып отыру қажет) ;
-көктамырды тауып 0,1% адреналин ерітіндісін 0.1 мл/жасына (0,01 — 0,02 мг/кг) сәйкес мөлшерде бipaқ, 1,0 мл -ден аспау керек;
-глюкокортиоидты гормондар енгізу преднизолон 5-10 мг/кг , әсері болмаса қайталау;
-антигистаминді дәрілер енгізу: 2% супрастин 0,1- 0,15 мл/жасына немесе 1 % димедрол ертінідісін 0,05 мл/кг көктамырға немесе бұлшық етке, бipaқ біp жасқа дейінгі балаларға 0,5 мл-ден, бip жастан асқан балаларға 1,0 мл, 1% дифенгидрамин epтіндіci 1,0 мл-ден аспау керек (өршіген урдісті ары қарай болдырмау). Пипольфен қабылдауға қарсы көрсеткіш айқын гипотензивті әсері!
— инфузионды терапия 0,9 % натрий хлориді ертіндісі 1 литрден аз болмау керек. Кан тамырішілік көлемді қайта қалпына келтіру yшiн.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет