«Етістік» 2 сынып «Дара және күрделі сан есім»



Дата01.05.2016
өлшемі95.26 Kb.
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы

«Григорьев мектеп-балабақша кешені» КММ



«Етістік» 2 - сынып

«Дара және күрделі сан есім»

4- сынып

(«Шағын жинақталған бастауыш 2-4 сынып)

Өткізген: ІІ санатты бастауыш сынып мұғалімі Турсынай Рахметоллақызы Умбеталиева

2014


Қазақ тілі 2 - 4 сынып


4 сынып

Тақырыбы: Дара және күрделі сан есім (2 ші сағат) 138 бет



2 сынып

Тақырыбы: Етістік . 150 бетте



Мақсаты:

2 - сынып оқушыларына етістік сөз табы туралы білім беру, етістіктің қолданыстағы маңызын, қызметін аша түсетін жаттығулар арқылы оның күрделі, ауқымы кең сөз табы екендігіне көз жеткізу, етістікті басқа сөз табымен байланыстыруға үйрету.

4- сынып. «Сан есім» тақырыбын қайталай отырып, дара және күрделі сан есімдерді ажырата білуге үйрету. Өз бетімен жұмыс жасату арқылы білімдерін толықтыру.

Дамытушылығы: Сөз таптарын ажырата білуге ,сөйлемнің мәнін түсініп, мағынасын аша білуге үйрету, оқушылардың ойлау қабілеттерін ,тілін дамыту.Логикалық ойлау сезімін ояту. Есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелігі: әдептілікке, мейірімділікке, ойын еркін айта білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Сөз таптарын ажыратып, талдап және өзара салыстыра, ажырата алады. Өз ойын еркін айтуға , бір-бірін тыңдауға үйренеді. Жан-жақты ізденуіне жол ашылады.Өз бетінше жұмыс істеу дағдылары қалыптасады.

Сабақтың әдісі: ойын ашық айту, түсіндірмелі, сұрақ- жауап, мақтау- мадақтау.

Жабдықтау және көрнекілік: Интерактивті тақта, түрлі суреттер мен тапсырмалар 

Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру бөлімі

Поэзия минуты:

Қазақ тілім- өз тілім , ана тілім

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

Болашағым, бақытым, дара тілім!

-Міне , балалар кемеңгер ғұлама ақындарымыздың тілі, біздің тіліміз- қазақ тілі сабағы

II Өткенді қайталау сұрақтары

4 сынып . тест тапсырмасы 2 сынып


1.Етістік дегеніміз-

А) Заттың атын білдіреді

Ә) Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіреді.

Б) Заттың түр- сипатын білдіреді

2. «Сабақ оқиды» етістіктің қандай шағы?

А) осы шақ Ә) өткен шақ Б) келер шақ.

3. Күрделі сын есімді көрсет-

А) қара торы. Ә) көкшіл Б) биік

4. Реттік сан есімді тап-

А) он сегіз Ә) отызыншы Б) төрт

5. Жинақтық сан есімді көрсет-

А) үшеу Ә) алтыншы Б) он-оннан

6. Дұрыс жазылған сөзді тап:

а)пйаз ә)қойан б)шаян

7.Жұрнағы бар сөзді тап:

а)құлын ә)егінші б)бәтеңке

8. Түбір сөзді көрсет.

а) күректі ә) өнерлі б) қала

9. Сын есімді көрсет.

а)жиырма ә)аулау б)қалың

10. Сан есімді көрсет.

а)сулама ә)үйшік б)қырық бес



ІІІ - Жақсы, балалар, бағалау парағын толтырып болсаңдар, дәптерімізді ашайық.
Дәптермен жұмыс

  1. Күннің жадын жазу

  2. Сабақ тақырыбын жазу

  3. Көркем жазу

Ақпан айының жиырма

үшінде жиырма екінші қысқы олимпиада аяқталды.

(талдау)

Тест жауаптарын ашу (өздері тексереді)

Ақпан айының жиырма

үшінде жиырма екінші қысқы олимпиада аяқталды.

(талдау)


- Айтылу мақсатына қарай: хабарлы сөйлем (себебі, олимпиаданың аяқталғанын хабарлап тұр)

Аяқталды(етістік, дара, болымды,

)

Олимпиада(зат есім, дара, жалпы есім)



Қысқы (сын есім, дара)

Жиырма екінші( күрделі сан есім, реттік сан есім).

Айының (зат есім, тәуелд ж. ІІІж, і.с. жалғауы)

Ақпан (зат есім, дара, жалпы есім).

Жиырма үшінде (күрделі сан есім, есептік, түбірі-23, і-тәуелд ІІІ жағы. –інде жатыс.с жалғауы).

ІҮ. Жаңа сабақ

Сан есім


Құрамына қарай

Дара сан есім Күрделі сан

есім


Бір саннан тұрады Дара сан

(екі, үш.алпыс) есімдердің

тіркесуі,

Қосарлануы

арқылы


жасалады

(он сегіз, жүз төрт мың)



Мағынасына қарай

Есептік Реттік Жинақтық

Топтау Бөлшектік Болжамдық

(жеке-жеке мысал келтіру)



Балалар мына сөйлемге назар аударайық!

Балалар доп ойнады.

-Кімдер доп ойнады? Балалар (зат есім, себебі, заттың атын білдіріп тұр)

«Балалар» сөзін сөз таптарына талдап көрейікші. Бала (негізгі зат есім)-лар көптік жалғауы.


Тапсырма: Өрнектердің нәтижесін табу арқылы жаңа сабақ тақырыбын ашу.

МЫСАЛЫ:


5+3 = 8 (Е) 18+7=25 (т) 30+8=38 (і) 16+8=24 (с) 21+4 =25 (т) 20+18 =38 (і) 6+8=14 (к)

-Балалар, қандай сөз шықты? (Етістік)

- Етістік дегеніміз не екендігін қазір бірге табамыз. (сурет бойынша сөйлем құрату)


Марат кітап оқыды.

- Айтылу мақсатына қарай: хабарлы сөйлем (себебі,Мараттың кітап оқығанын хабарлап тұр)

- Кітап оқыған кім? Марат (зат есім, себебі, заттың атын білдіріп тұр)

- оқыды сөзіне сұрақ қойып көрейік. Марат не істеді? Оқыды (нені білдіріп тұр?( Қимылды, іс- әрекетті)

Марат жүгірді, секірді, ойнады (Қимылды). Әтеш айқайлады? Әтеш қайтті? Айқайлады.

- Сонымен, қандай сұрақтарға жауап берді? Не істеді? Қайтті?

- Бұл сұрақтарға жауап беріп, нені білдірді? (Қимылды, іс- әрекетті)

- Дұрыс айтасыңдар, Не істеді? Қайтті? Не қылды? деген сұрақтарға жауап беріп, заттың қимылын, іс- әрекетін білдірсе, ол етістік болады.


Етістік

Заттың қимылын, іс-әрекетін

Білдіретін сөздер

не істеді?

қайтті?

Не қылды?


Дәптермен жұмыс

  1. Күннің жадын жазу

  2. Сабақ тақырыбын жазу

  3. Көркем жазу

Ққ

Қазақстанның қоржынына қола медаль түсті.

(етістікті тауып астын сызамыз).


Оқулықпен жұмыс.

І нұсқа

1-жаттығу. Дара сан есімдерді күрделі сан есімдерге айналдырып жаз.

Үлгі: Жеті-жетпіс жеті, ...


ІІ нұсқа

2-жаттығуды орындайды.Өлеңді мәнерлеп оқып, дара , күрделі сан есімдерді теріп жазады.

-Балалар өздерің уақытты қалай пайдаланасыңдар?




(Көркем жазуды талдап болған соң)

Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу. Мәтінді түсініп оқып, етістіктерді теріп жазу.

Жасады, демалады, дайындау, кеміре бастайды, құлайды.


-Мәтін не туралы? (еңбек)

-Еңбек туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

2-жаттығу. Жұмбақтың шешуін тауып, көшіріп жаз.етістіктерді тап.

Күні бойы тынбайды,

Дәмді тағам жинайды. (ара)
Ара-омоним(айтылуы бірдей, мағыналары әртүрлі сөздер

Ара- жәндік, ара-құрал сайман)



Үйшігі-омартаға жинайды.

Күтуші адам-омарташы

(Балдың пайдасы туралы айту)



Сергіту сәті

«Дос болайық бәріміз» әнін орындау



«Кім шапшаң?» ойынын ойнау

Ойын шарты: Мен бір сөз айтамын, ал сендер қай сөз табы екенін ажыратасыңдар.

Қуыршақ, елу, жүгірді, орманшы, балапандарымыздың, әдемі, сүйкімді, жарылды, мектеп.



Тақтамен жұмыс

«балапандарымыздың» сөзін сөз құрамына талдау

бала-түбірі

пан-жұрнақ

дар-көптік жалғауы

ы-тәуелд.ж. ІІІ жағы

мыз- тәуелд.жалғ.І жағы көпше.т

дың-і.с. жалғауы



Өздік жұмыс. Дидактикалық тапсырма

Берілген сурет бойынша 3-4 сөйлем құрайды.


5-жаттығу. Жатқа жазу.



(бір-бірімізді тексеріп отырады).
Көп нүктенің орнына тиісті сандарды қойып, жұмбақтарды көшіріп жазу.
Аласа ғана бойы бар

Қырық қабат тоны бар. (қырыққабат)
Екі көрші қатар тұрса да,

Бірін-бірі көрмейді. (көз)


-Өте жақсы, енді сематикалық карта бойынша пысықтайық!



Тақтамен жұмыс

«соғылды» сөзіне дыбыстық талдау.



Балалар талдауы.

соғылды-етістік,дара, 7 дыбыс,7әріп,

3 буын, 2 тасымал.




7 =3 , 4

3 =о,ы,ы(жуан)

4 = - д,ғ (ұяң), -л (үнді),с (қатаң)


Пысықтау:

-Біз бүгін қандай сөз табы бойынша жұмыс істедік?

-Етістік түрлері қандай екен?

-Тағы қандай жұмыстар жүргіздік?(суретпен жұмыс, дыбыстық талдау, сөйлем құрадық, оқулықпен жұмыс)

-Өте жақсы.

Үйге: 2 сынып, 151 беттегі 5 жаттығу. Етістіктерді мағыналарына қарай топтап жаз.
Бағалау. Жинаған ұпайлары бойынша

бағаланады



Күнделікке жазу


4 сынып

Сан есім

реттік

есептік

жинақтық

топтық

бөлшектік

болжамды

дара

күрделі

тоқсаныншы

+
















+




Жетпіс сегіз




+
















+

Бес-бестен










+










+

алтау







+
















Он шақты
















+







4/1 бөлігі













+










жүз




+













+




Екі жарым













+













4-сынып. 4- жаттығу. 139 бет. Ережелерді қайталап, жаттап келу.

Бағалау.

Өздерінің жинаған балдары бойынша бағаланады.



Каталог: 2014
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Спорттық ойын волейбол ойынға қосылған допты жоғарыдан немесе төменнен қабылдау
2014 -> Ауыл шаруашылық ғылымдары
2014 -> Марина Мелексетян мюмзик и сварог
2014 -> Эй бир боорум! Менден бир нече насыйкат сурадың. Сен бир жоокер болгонуң үчүн, аскердик мисалдар менен айтылган сегиз чакан аңгеме аркылуу бир нече акыйкатты напсим менен бирге уккун
2014 -> Отчет о выполнении мероприятий по повышению эффективности
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Абай Құнанбайұлы "Әсемпаз болма әрнеге"өлеңі
2014 -> ӘӨЖ 821. 0 Абайтану тарихына қЫСҚаша шолу өнербаева А. А.
2014 -> Сабақ : «Абайды білмек парыз ойлы жасқа»


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет