Әуе қозғалысын ұйымдастыру және қызмет көрсету жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы



Дата17.04.2016
өлшемі82.48 Kb.
"Әуе қозғалысын ұйымдастыру және қызмет көрсету жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң мiндетiн атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2012 жылғы 4 қазандағы № 664 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2012 жылы 15 қарашада № 8086 тiркелдi


"Егемен Қазақстан" газетi 09.01.13 ж., 12.01.13 ж. № 9-13, 16-20 (27952, 27959); "Казахстанская правда" от 09.01.13 г. № 4-5 (27278-27279)


      Азаматтық авиация саласындағы қызметтi реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Әуе қозғалысын ұйымдастыру және қызмет көрсету жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң мiндетiн атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығына (нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 7006 тiркелген «Юридическая газета» газетiнде 2011 жылғы 26 шiлдедегi № 105 (2095), 2011 жылғы 27 шiлдедегi № 106 (2096), 2011 жылғы 28 шiлдедегi № 107 (2097), 2011 жылғы 29 шiлдедегi № 107 (2098) жарияланған) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Әуе қозғалысын ұйымдастыру және қызмет көрсету жөнiндегi нұсқаулық:
      мынадай мазмұндағы 17-1 тармақпен толықтырылсын:
      «17-1. Аэронавигациялық ұйым азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға әрбiр алты ай сайын әуе қозғалысына қызмет көрсетудi ұйымдастыру және қауiпсiздiк жай-күйiне мынадай нысан бойынша талдау ұсынады:
      1) өндiрiстiк қызмет, онда мыналар бойынша ақпараттарды қамтитын өндiрiстiк қызметтiң негiзгi бағыттары көрсетiледi:
      қызмет көрсетiлген ұшу саны;
      әуе қозғалысының қарқындылығы;
      қызмет көрсетiлген литерлi рейстердiң саны;
      радиотехникалық жабдықтарды жаңғырту;
      әуе кеңiстiгiнiң құрылымын (ӘКҚ) өзгерту (жетiлдiру), жүйесiне жаңа рәсiмдердi енгiзу;
      әуе кеңiстiгiн пайдаланушыларды қажеттi аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету;
      көктемгi-жазғы (күзгi-қысқы кезең) кезеңдегi жұмысқа дайындық жүргiзу;
      2) ӘКҚ органдарындағы ұшу қауiпсiздiгiнiң жай-күйi, оларда:
      ӘКҚ қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң (ӘКҚ-мен байланысты авиация  қауiпсiздiк пен оқыс оқиғалардың болуы немесе болмауы) жалпы деңгейiн көрсету. ӘКҚ қызметi мамандарының кiнәсi бойынша салыстырылатын кезеңдегi АЖ мен оқыс оқиғалардың санын салыстыра отырып, талдау жасаған өткен кезеңге сәйкес ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету деңгейiн салыстыру:
      ӘКҚ органдарындағы ұшу қауiпсiздiгiнiң жай-күйiне әсер ететiн мынадай негiзгi аспектiлер бойынша ақпарат беру қажет:
      апат;
      ұшуды доғару;
      ҰҚЖ рұқсатсыз пайдалану;
      әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртiбiн бұзу;
      белгiленген арақашықтықтарды бұзу;
      құстармен соқтығысу;
      радиобайланыстың жоғалуы;
      ӘКҚ персоналының кiнәсынен екiншi айналымға кету;
      қосалқы әуеайлаққа кету;
      ӘКҚ үйлестiру рәсiмiн бұзу;
      ұшу қауiпсiздiгiне ӘКҚ бағыттары құрылымының әсерi;
      3) кәсiби дайындық, онда ӘКҚ персоналдарын кәсiби дайындау бойынша мынадай мәлiметтердi қамтитын ақпарат берiледi:
      ӘКҚ персоналының класын арттыру мақсатында аттестаттау комиссиясынан өту, дербес жұмысқа рұқсат алу, алғашқы рұқсат алу бойынша деректер және т.с.с.;
      ӘКҚ персоналдарының бiлiктiлiгiн арттыру курсынан, алғашқы дайындық курсынан, арнайы курстардан өтулерi бойынша деректер;
      ӘКҚ мамандарының бiлiктiлiктерi бойынша деректер;
      ағылшын тiлiн меңгеру деңгейi бойынша деректер;
      4) тәртiп жағдайы, онда:
      қызметтердегi еңбек және технологиялық тәртiп жағдайына сипаттау;
      еңбек және технологиялық тәртiптi бұзудың ерекше жағдайын қысқаша сипаттау;
      ӘКҚ қызметi мамандарының арасында тәртiптi нығайту бойынша қорытынды жасау және ұсыныстар беру;
      жүргiзiлген iс-шаралардың тиiмдiлiгiн бағалау мен еңбек және технологиялық тәртiптi нығайту бойынша жаңасын көздеу қажет;
      5) ұшуды радиотехникалық және электр жарығымен техникалық қамтамасыз ету, онда:
      ұшуды радиотехникалық және электр жарығымен техникалық қамтамасыз ету құралдарының iстен шыққандығынан авиациялық жағдайлар мен оқыс оқиғалардың санын көрсету;
      нәтижесiнде ұшу қауiпсiздiгiне қауiп төнген ұшуды радиотехникалық және электр жарығымен техникалық қамтамасыз ету құралдарының нәтижесiнде негiзсiз өшiру мысалдарын көрсету;
      қосалқы әуеайлақтарға қону, әуе кемелерiнiң ұшып шығуын және ұшып келуiн тоқтату орын алған ұшуды радиотехникалық және электр жарығымен техникалық қамтамасыз ету құралдарының iстен шығуына байланысты әуеайлақтардың минимумдарын көбейту жағдайының санын көрсету;
      қазiргi уақытқа дейiн жойылмаған бұрын болған кемшiлiктердi көрсету қажет;
      6) ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету, онда:
      ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету жағдайына жалпы баға беру;
      қауiптi метеожағдай туралы ӘКҚ қызметiн хабардар етпеу немесе уақтылы хабардар етпеу жағдайын атау;
      ӘКҚ мен метеоқызметiнiң өзара iс-қимыл кемшiлiктерiн көрсету қажет;
      7) ұшуды әуеайлақтық қамтамасыз ету жағдайы, онда ұшуды қамтамасыз ететiн қызметтермен ӘКҚ қызметiнiң өзара iс-қимылдағы кемшiлiктердi көрсету қажет;
      8) қорытынды, онда:
      есептi жылға ӘКҚ қауiпсiздiгiн ұйымдастыру және жағдайы бойынша жалпы қорытынды жасау;
      алдын алу шаралары мен әдiстемелiк жұмыстарды жақсарту бойынша, сондай-ақ еңбек және технологиялық тәртiптi күшейту бойынша iс-шараларды белгiлеу;
      қызметтiң жеке құрамның еңбек жағдайы мен күнделiктi жағдайларына талдау жасау және оны жақсарту бойынша ұсыныс дайындау;
      ұшуды қамтамасыз ететiн қызметтермен өзара iс-қимылды жақсарту бойынша iс-шараларды белгiлеу қажет.»;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тараумен толықтырылсын:
      «2-1. Объективтi бақылау құралдарын пайдалану
      17-2. ӘКҚ мамандарының жұмыстарын объективтi бақылау құралдарын пайдалану тәртiбi.
      17-3. Талдауға «Диспетчер-Экипаж», «Диспетчер-Диспетчер», «Диспетчер-АМСА қадағалаушы» радиоалмасуларын, ӘКҚ органдарымен, кәсiпорындармен, басқа қызметтермен ӘКҚ қызметiнiң өзара iс-қимыл арналарын, сондай-ақ нұсқаулар мен ӘКҚ қызметiнiң кезекшi ауысым жұмысындағы талдауларын мiндеттi түрде қамтитын (осы Нұсқаулықтың 64, 66, 78, 96, 97-тармақтарына сәйкес ұйымдастырылатын жазбаша мәлiметтер мен хабарлар) объективтi бақылау құралдарынан үзiндiлерi жатады.
      17-4. Үзiндiлер жасаған лауазымды адамдардың тiзбесiн азаматтық авиация ұйымының басшысы бекiтедi.
      17-5. Объективтi бақылау құралдарынан үзiндiлер және оған талдау жасау мынадай жағдайларда орындалады:
      1) жоспарлы:
      ӘКҚ қызметi бастығының бақылауы үшiн айына 2 реттен кем емес. Көлемдi ӘКҚ қызметiнiң бастығы белгiлейдi;
      ӘКҚ ауысым мамандарының (аға диспетчерлер) жұмыстарына ұшу жетекшiсi бақылау жасау үшiн – (негiзгi сағаттардағы әр ауысым бойынша) - айына 2 реттен кем емес. Көлемiн ұшуды басқарушы (аға диспетчер) анықтайды;
      күрделi метеорологиялық жағдайларда ӘКҚ қызметiнiң диспетчерлерi мен АМСА қадағалаушылары арасында келiссөздер жүргiзудi бақылау үшiн - ӘКҚ қызметi басшылары белгiлеген мөлшерде және диспетчерлiк пункттерде, айына 1 реттен кем емес;
      аралас диспетчерлiк пункттермен ӘКҚ қызметi диспетчерлерiнiң келiссөздер жүргiзуiн бақылау үшiн - ӘКҚ қызметi басшылары белгiлеген мөлшерде, айына 1 реттен кем емес.
      2) жоспардан тыс:
      авиациялық оқиғалар кезiнде Авиациялық оқиғалар мен инциденттердi тексеру қағидасын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 18 шiлдедегi № 828 қаулысымен бекiтiлген Авиациялық оқиғалар мен инциденттердi тексеру қағидасының талаптарына сәйкес;
      «А» литерлi рейсiн қамтамасыз ету кезiнде;
      әуе қозғалысы кезiндегi инцидент туралы әуе кемесiнiң экипажынан есеп беру түскен кезде.
      17-6. Аэронавигациялық ұйым ӘКҚ қызметiндегi объективтi бақылау құралдарының деректерiн ажыратып талдау жүргiзу негiзiнде есеп жасайды.
      Есеп азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға тоқсан сайын берiледi.»;
      331-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «331. RVSM қолданылатын әуе кеңiстiгiнде ұшу үшiн әуе кемелерi ұшудың барометрлiк биiктiгi туралы деректердi хабарлайтын қабылдау-жауап беру құралдарымен жарақталады.
      Әуе жағдайының индикаторында көрсетiлген ұшудың берiлген эшелонынан (биiктiгiнен) рұқсат етiлген ауытқу:
      әуе кеңiстiгiнде ұшу кезiнде RVSM ±60 метрдi (±200 фут);
      RVSM ±60 метрдi (±200 фут) қолданылмайтын әуе кеңiстiгiнде ұшу эшелоны төмендегенде 290 және ±90 метрдi (±300 фут) ұшу эшелоны жоғарылағанда 410 құрайды.
      Жасалған келiсiмге сәйкес ӘКҚ органы RVSM қолданылатын әуе кеңiстiгiнде рұқсат етiлген ауытқулардан асып кету туралы мәлiметтердi өңiрлiк мониторингтiк агенттiкке жiбередi.»;
      334-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      334. Эшелонды әуе кемесiнiң қамту өлшемi анықталған кезде RVSM әуе кеңiстiгiнде ±60 метр (±200 фут) пайдаланылады. RVSM пайдаланылмайтын әуе кеңiстiгiнде ол ұшу эшелоны төмендегенде ±90 метрдi (±200 фут) жоғарылағанда 290 және ±90 метрдi (±300 фут) құрайды.»;
      405-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «405. Келiп қонатын және ұшып кететiн әуе кемелерi үшiн ақпаратты қамтитын ATIS радиохабарын беру көрсетiлген тәртiппен ақпараттың мынандай элементтерiн қамтиды:
      1) әуеайлақтың атауы;
      2) әрiптiк индекс;
      3) бақылау уақыты;
      4) қонуға ұсынылған кiру түрi;
      5) ҰҚЖ пайдаланылатын (дар);
      6) ҰҚЖ бетiнiң жай-күйi және тежегiштiң тиiмдiлiгi (iлiнiсу коэффициентi);
      7) күту аймағындағы кiдiру (қажет болған кезде);
      8) өту эшелоны;
      9) басқа маңызды операциялық ақпарат;
      10) егер жерге жақын желдiң ҰҚЖ пайдаланатын тиiстi учаскеде орнатылған құрылғысы бар болса және ақпаратқа қатысты ҰҚЖ мен оның учаскесiнiң нұсқауларын осы ақпаратты пайдаланушылар талап ететiн болса, жерге жақын желдiң (магниттiк меридианға қатысты мөлшердегi), соның iшiнде кейбiр өзгерiстердiң бағыты мен жылдамдығы;
      11) көру мүмкiндiгi мен ҰҚЖ-дағы көру мүмкiндiгiнiң қашықтығы (егер көру мүмкiндiгi немесе ҰҚЖ-дағы көру мүмкiндiгiнiң қашықтығы 2000 метрден кем аралықты құрайтын болса);
      12) ағымдағы ауа райы;
      13) 1500 метр бұлттылығы (5000 фут) немесе қай мағынасының жоғарылығына қатысты секторындағы ең жоғары минималды абсолюттi биiктiктен төмен; шоғырлы-жауынды бұлт; егер аспан күңгiрттенсе – тiкелей көрiнiмдiлiк, онда осындай деректер бар болса;
      14) ауа температурасы;
      15) шық нүктесiнiң температурасы;
      16) биiктiк өлшегiштi орнатуға арналған деректер;
      17) желдiң аусуын қоса қонуға кiру аймақтарындағы ерекше метеорологиялық құбылыстар туралы кез келген қолда бар ақпарат және ұшуды жүргiзуге әсер ететiн ауа райының жуық арадағы құбылыстары туралы ақпарат;
      18) «тренд» үлгiсiндегi қонуға болжам;
      19) ATIS ерекше нұсқаулары.»;
      406-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «406. Тек ұшып келетiн кемелер үшiн ақпаратты қамтитын ATIS радиохабарларын беру ақпараттың көрсетiлген тәртiптегi мынадай элементтерiн қамтиды:
      1) әуеайлақ атауы;
      2) әрiптiк индекс;
      3) бақылау уақыты;
      4) қонуға болжамды кiру түрi;
      5) пайдаланылатын ҰҚЖ;
      6) ҰҚЖ бетiнiң жай-күйi және тежегiштiң тиiмдiлiгi (iлiнiсу коэффициентi);
      7) күту аймағындағы кiдiру (қажет болған кезде);
      8) өту эшелоны;
      9) басқа маңызды операциялық ақпарат;
      10) егер жерге жақын желдiң ҰҚЖ пайдаланатын тиiстi учаскеде орнатылған құрылғысы бар болса және ақпаратқа қатысты ҰҚЖ мен оның учаскесiнiң нұсқауларын осы ақпаратты пайдаланушылар талап ететiн болса, жерге жақын желдiң (магниттiк меридианға қатысты мөлшердегi) соның iшiнде кейбiр өзгерiстердiң бағыты мен жылдамдығы;
      11) көру мүмкiндiгi мен ҰҚЖ-дағы көру мүмкiндiгiнiң қашықтығы (егер көру мүмкiндiгi немесе ҰҚЖ-дағы көру мүмкiндiгiнiң қашықтығы 2000 метрден кем аралықты құрайтын болса);
      12) ағымдағы ауа райы;
      13) 1500 метр бұлттылығы (5000 фут) немесе қай мағынасының жоғарылығына қатысты секторындағы ең жоғары минималды абсолюттi биiктiктен төмен; шоғырлы-жауынды бұлт; егер аспан күңгiрттенсе – тiкелей көрiнiмдiлiк, онда осындай деректер бар болады;
      14) ауа температурасы;
      15) шық нүктесiнiң температурасы;
      16) биiктiк өлшегiштi орнатуға арналған деректер;
      17) қонуға кiру аймақтарындағы кез келген ерекше метеорологиялық құбылыстар туралы және ұшуды жүргiзуге әсер ететiн ауа райының жуық арадағы құбылыстары туралы ақпарат;
      18) «тренд» үлгiсiндегi қонуға болжам;
      19) ATIS ерекше нұсқаулары.»;
      407-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «407. Тек ұшып кететiн әуе кемелерi үшiн ақпаратты қамтитын ATIS радиохабарларын беру ақпараттың көрсетiлген тәртiптегi мынадай элементтерiн қамтиды:
      1) әуеайлақ атауы;
      2) әрiптiк индекс;
      3) бақылау уақыты;
      4) пайдаланылатын ҰҚЖ;
      5) ҰҚЖ бетiнiң жай-күйi және тежегiштiң тиiмдiлiгi (iлiнiсу коэффициентi);
      6) басқа маңызды шұғыл ақпарат;
      7) егер жерге жақын желдiң ҰҚЖ пайдаланатын тиiстi учаскеде орнатылған құрылғысы бар болса және ақпаратқа қатысты ҰҚЖ мен оның учаскесiнiң нұсқауларын осы ақпаратты пайдаланушылар талап ететiн болса, жерге жақын желдiң (магниттiк меридианға қатысты мөлшердегi) соның iшiнде кейбiр өзгерiстердiң бағыты мен жылдамдығы;
      8) көру мүмкiндiгi мен ҰҚЖ-дағы көру мүмкiндiгiнiң қашықтығы (егер көру мүмкiндiгi немесе ҰҚЖ-дағы көру мүмкiндiгiнiң қашықтығы 2000 метрден кем аралықты құрайтын болса);
      9) ағымдағы ауа-райы;
      10) бұлттылығы 1500 метр (5000 фут) немесе қай мағынасының жоғарылығына қатысты секторындағы ең жоғары минималды абсолюттi биiктiктен төмен; шоғырлы-жауынды бұлт; егер аспан күңгiрттенсе – тiкелей көрiнiмдiлiк, онда осындай деректер бар болса;
      11) ауа температурасы;
      12) шық нүктесiнiң температурасы;
      13) биiктiк өлшегiштi орнатуға арналған деректер;
      14) ұшу және қону аймақтарындағы кез келген ерекше метеорологиялық құбылыстар туралы, желдiң жылжуы ескерiлген қолда бар ақпарат;
      15) «тренд» үлгiсiндегi қонуға болжам;
      16) ATIS ерекше нұсқаулары.».
      2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитетi (Б.К. Сейдахметов) мемлекеттiк тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне осы бұйрықты берудi қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация вице-министрi А.Ғ. Бектұровқа жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министр                                    А. Жұмағалиев
Каталог: images -> npa
npa -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы №96 бұйрығы «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы»
npa -> Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы
npa -> Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
npa -> «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралымен 1, 6 және 7-сыныпты қауіпті жүкті тасымалдауды жүзеге асыруға (шетелдiктердi қоса алғанда) арнайы рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
npa -> «Өзен кемелерiн және оларға құқықтарды Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты
npa -> «Шағын көлемді кемелердi мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызметтер стандарты Жалпы ережелер «Шағын өлшемдi кемелердi мемлекеттiк тiркеу»
npa -> Орталықтардың атауы (филиалдары, бөлімдері, бөлімшелері) Орналасқан мекенжайы
npa -> Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта баланстау жоспарын және телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне тарифтерді бекіту туралы
npa -> № қаулысына


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет