Еуразияшылдық идеядан Еуразиялық экономикалық одаққа дейін



Дата24.04.2016
өлшемі320.85 Kb.
Еуразияшылдық идеядан Еуразиялық экономикалық одаққа дейін
Мұсатаев Сейілбек – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Саясаттану кафедрасының профессоры, саяси ғылымдарының докторы
Еуразияшылдық идеяның мән-мазмұны туралы пікірталас
Бүгінгі әлемді жайлаған экономикалық дағдарыстың әсерінен аймақтық бірлестіктің озық үлгісі саналатын Еуро Одаққа ыдырау қаупі төніп тұр. Осындай өліара кезеңде Ресей, Қазақстан, Белорусь батылдықпен Кедендік одақ құрды. Оған бір жыл толғанда олардың арасында Біртұтас экономикалық кеңістік қалыптаса бастады. Жақын келешекте көптен бері айтылып келе жатқан Еуразиялық одақ та құрылмақ. Дегенмен, бұл мәселеге қатысты қоғамда әлі күнге дейін ортақ пікір орын алмай отыр. Еуро Одаққа кірерін кіріп алып, ортақ евро валюта тиімсіз, одақтан қайтадан шығамыз деп жатқан Грекияны, қарызға батып, күйзелген Испания мен Португалияны, Ирландия мен Италияны және күнделікті жалпыхалықтық ереуіл жайлаған Еуро одаққа үрке қараушылардың саны артуда. Яғни, мұндай одақтық бірлестікке деген сенім жоқ. Нәтижесінде, оптимистік ой-пікірге қарсы салмақ туындап, скептиктер Еуразиялық одақ Еуро одаққа бәсекелес болмақ түгілі, соның кебін киіп, тоқырып жүрмей ме десе, тоталитарлық стереотиптен арылмағандар еуроазияшылдық идея бұрынғы Кеңес Одағы сияқты саяси құрылымға ұласып кетпей ме деп қауіптенеді. Осы жерде, көпшілік қауымның Еуразиялық идея мен Еуразия одағының ара-жігін ажырата алмай, бір ұғым ретінде қарайтыны байқалады. Қоғамдық пікірдегі мұндай жаңсақтықты түзеуге бұрындары да талпыныстар жасалды, мысалы, «Заң газетінің» 2004 жылғы 31 наурыздағы санында А. Әлімұлының «Еуразия идеясы мен Еуразия одағы екі басқа түсінік» атты мақаласы жарияланып, онда автор біраз мәселенің мәнін ашып берген болатын. Біз осы мақалада сол қозғалған мәселені одан әрі өрбітуді мақсат тұтып отырмыз.

Жалпы, ғылыми ортада Еуразияшылдық идея мен Еуразия Одағы туралы ғалымдар мен сарапшылардың арасында қызу пікірталас үздіксіз жалғасып келеді. Бұл тұрғыда аталған мәселелер жөнінде сан-алуан көзқарастар туындағанына қарамастан, бажайлап қарасақ, оларды бірнеше топқа жүйелеп жіктеуге болады. Бірінші топ - Еуразияшылдық идеяның негізін салушы классиктердің теориялары. Олар Европа мен Азия континеттері географиялық жағынан ғана емес, тарихи, мәдени, саяси тұрғыдан да тұтасып жатқан бірегей өркениет болып табылады, сондықтан да, ол екеуін бөліп-жармай, Еуразия деп атау қажет деген сарындағы тұжырымдаманың негізін қалады. Мұндай теоретиктер негізінен орыс ойшылдары болғандықтан, олар еуразиялық ықпалдастықтағы Ресейдің орны мен рөлін ерекшелеп көрсетуге тырысты. Екінші. Еуразия Одағы туралы оң пікір білдірушілер саяси-экономикалық және мәдени-гуманитарлық тұрғыдағы бірлестік объективті қажеттілік, интеграциялық байланыстың түпкі жемісі деп танитын прагматиктер тобы. Үшінші. Еуразия Одағын құру туралы ұмтылысты ХХ ғасырда жетпіс жыл бойына екі полярлы әлемде таразының бір басын салмақтап, коммунистік тоталитарлы идеологиямен суарылғанымен, горбачевтік «қайта құру» және «жариялылық» науқанымен, Қазақстан жағдайында 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінен бастау алып, 1990 жылдары құрамындағы ұлттық мемлекеттердің тәуелсіздік парадымен ыдыраған Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қалпына келтіру деп жағымсыз бағалайтындар. Төртінші. Еуразиялық Одақтың болашағы жоқ, өйткені Еуропалық Одақтың саяси тәжірибесі дәлелдегендей, әскери-саяси, әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, мәдени-рухани әлеуеті әр түрлі мемлекеттердің бірлестігі жақсы нәтижеге қол жеткізе алмайды дейтін нигилистік бағыттағы скептиктер.


Енді, мәселеге жоғарыда тұжырымдалғандай тұрғыда келсек, бірінші бағыттағы пікірдің астарында еуразияшылдық идеяның жатқанын байқауымызға болады. Еуразияшылдықтың қайнар көзі  ХІХ ғасырдан бастау алған. Бұл туралы П.Н. Савицкий «Евразийство» атты еңбегінде: «Определяя русскую культуру как "евразийскую", евразийцы выступают как осознаватели русского культурного своеобразия. В этом отношении они имеют еще больше предшественников, чем в своих чисто географических определениях. Таковыми в данном случае нужно признать всех мыслителей славянофильского направления, в том числе Гоголя и Достоевского (как философов-публицистов). Евразийцы в целом ряде идей являются продолжателями мощной традиции русского философского и историософского мышления. Ближайшим образом эта традиция восходит к 30-40-м годам XIX века, когда начали свою деятельность славянофилы» - деп тұжырым жасайды (мәтінінің мән-мазмұнын өзгертпеу үшін түпнұсқа орыс тілінде беруді ұйғардық).


1869 жылы орыс ойшылы Н.Я. Данилевский «Ресей және Еуропа» атты кітабында мәдени-тарихи типтердің концепциясын жасап, аймақтық өркениеттер теориясын негіздейді. Оның ойынша, барлық мәдени-тарихи типтер өздерінің бірегейлігі жағынан тең, олардың басты тарихи міндеті - төл ерекшеліктер мен өзіндік болмысты дамыту. Осылай дей келе, ол Ресей Европадан ешбір кем емес, оның ерекше әлеуеті мен даму жолы бар деген салыстырмалы талдау арқылы, өзіне дейінгі славянофильдік дәстүрді жалғастырды. Әсіресе, Н. Данилевский Ресей өркениетінің басты ерекшелігі - оның полиэтникалы құрамы деп атап көрсете отырып, дегенмен де, уақыт өте келе мұндай көпұлттылық орыс ұлтының басымдылығы арқасында бірте-бірте жойылады деп ой түйеді де, орыстық шовинистік пиғыл байқатады. Одан ары қарай, еуразияшылдық идеяны этнограф әрі славист В.И. Ламанский 1892 жылы жазылған «Азиялық-Европалық материктің үш әлемі» атты кітабында өрбітіп, ол Евразия континентінің өркениеттік дамуындағы Ресейдің өзіндік тарихи орнын айшықтап көрсетуді мақсат тұтты. В. Ламанский Египет және Мезоамерика өркениеттері сияқты Евразияны да ұлы өркениеттердің алтын бесігі деп атай келе, сан-алуан өркениет үлгілерінің туындауына игі ықпал еткен Еуразия континентінің бірегейлігі, оның географиялық тұрғыда қолайлы болуында деп түсіндіреді.

В. Ламанский ұлан-байтақ Еуразия кеңістігін Европа, Азия, және екеуінің ортасында жатқан, не шынайы Европа емес, не нағыз Азия да емес үшінші – Еуразиялық Ресей деп үш әлемге бөледі. Оның ойынша, еуразияны Ресей Империясынсыз көзге елестету мүмкін емес. Яғни, Еуразия кеңістігінде славяндық рух пен православие құндылықтары маңызды рөл атқарады.

Еуразияшылдық идея, ХХ ғасырдың басында жаңаша қарқын ала бастады. Оған І-ші дүниежүзілік соғыс пен патшалық самодержавиенің құлап, орнына пролетариат диктатурасына негізделген жаңа Кеңестер билігінің келуі ықпал етті. Большевиктерден қашқан орыс зиялы қауымы шетелде эммиграцияда жүріп Ресейдің басынан өткен соңғы тарихи-саяси аласапыранды саралап, ұғынуға тырысты. Осындай алмағайып кезеңде, Еуразиядағы Ресейдің рөлін жоғалтпау туралы ой толғау еуразияшылдықтың негізін қалаушылардың бірі - Николай Трубецкойдің 1920 жылы София қаласында жарық көрген «Европа және адамзат» атты кітабындағы европоцентризмді сынаудан бастау алады. Бұл еңбегінде ол, Г. Тардтың теориясына сүйене отырып, мәдени процесс бұрынғы қалыптасқан құндылықтар мен оларға еліктеу негізінде жаңа құндылықтарды жасаудың үздіксіз үрдісі деп көрсетеді. Яғни, дәстүрлілілік – жаңаша дамуға арқау болатын мәдени өзек. Оның ойынша, бөгде мәдени дәстүрді ендіру, осы мәдени өзекті өлтіріп, төл мәдениеттің бірегейлігін, табиғи тұтастығын бұзады. Бұл тұрғыда әсіресе Европа мәдениеті аса қауіпті. Осылайша, Н. Трубецкой Ресей мен орыс халқы үшін еуропалық мәдениеттің басымдығы қаншалықты қауіпті болса, Ресейдің құрамындағы өзге ұлттар мен шағын ұлыстар үшін орыс тілі мен мәдениетінің, діні мен ділінің экспанциясы соншалықты қауіпті екеніне басын ауыртпайды.



«Өзі өлудің алдында тұрған» германдық-романдық өркениетке тән рухани құндылықтардың экспансиясын Н. Трубецкой кез келген бірегей мәдениет үшін ұлы апат деп атады: европеизация ұрпақтар сабақтастығын бұзады, қоғамда жік туғызады, батыстық идеяларды бойына сіңірген интеллектуалды элита мен дәстүрлі ұлттық мәдениетті ұстанатын қарапайым халық арасындағы алшақтық ұлғаяды. Осылайша төл мәдениеттің креативті мүмкіндіктері жоғалады, өйткені, ескі мәдени қормен байланыс үзіледі, ал, жаңа туындайтын мәдени құндылықтар батыстық үлгіде болады. Сол сияқты, мұндай теріс үрдіс экономикаға да әсерін тигізеді: шаруашылық пен өндіріс Еуропаға қуалап жетудің әуре-сарсаңына түседі, ал, ол болса, өз кезегінде дамудың секіріспен жүруіне әкеліп соғады. Әрбір секіріс, дамудан бұрын ұзақ уақытқа созылатын регреске ұрындырады, түптеп келгенде қоғам европалық дамудың динамикасын емес, статикасын бойына сіңіреді. Шыныда, өткен тарихымыз бен қазіргі кезеңімізге зер салсақ, трубецкойлық тұжырымның ақиқаттан ауылы алыс емес екенін байқаймыз.

Н. Трубецкойдің «Европа және адамзат» кітабына «Русская мысль» журналында П. Савицкий «Европа және Евразия» деген тақырыпта рецензия жазып, ол өзінің сын-пікірінде болашақтағы еуразия туралы идеяларын тұжырымдайды. Н. Трубецкойдің осы кітабын одан әрі талқылау барысында Г. Флоровский, П. Сувчинский, П. Савицкий сияқты бірқатар орыс эмигранттарының қатысуымен София қаласында Еуразиялық үйірме қалыптасады. Үйірме ауқымында 1917 жылы Ресейде орын алған ақпан және қазан төңкерістерінің тарихи және геосаяси сабақтары мен салдары жан-жақты сараланады. Бұл үйірменің мүшелері «Исход к Востоку» атты мақалалар жинағын басып шығарып, еуразияшылдықтың негізін салады. Содан кейін, тағы бірнеше жинақ шығады, Ал, Н. Трубецкой «Шыңғысханның мұрасы» П. Савицкий «Россия - ерекше географиялық әлем», Г. Вернадский «Орыс тарихының еуразиялық сұлбасы» атты жеке кітаптарын жазса, 1926 жылы «Еуразияшылдық: жүйелі мазмұндау тәжірибесі» және 1927 жылы «Еуразияшылдық» атты екі ұжымдық манифест жарық көреді. Осылайша, орыс эмигранттары ұйымдастырған шағын үйірменің жұмысы жанданып, Европаға тарай бастайды. Тіптен олар «Евразия» атты газет шығарып, 1932 жылы эмигранттардың Еуразиялық партиясын да құрды.

Еуразияшылдар мемлекеттің мәжбүрлеушілік рөліне баса назар аударып, Еуразия халықтары үшін либерализм мен әлсіз билік мүлдем бөтен құбылыс деп санайды. Ресей үшін мемлекеттік құрылыстың озық үлгісі – халық ұсынатын «басқарушы әлеуметтік қабат» белгілі бір идеяға немесе доктринаға сүйене отырып халықты ұйыстыратын идеократия болуы тиіс деп ой түйеді. Ал, ондай қиын рөлді көпұлтты еуразияның әл-ауқатын арттыруды көздейтін ұлыдержавалық идея ғана ойнай алады. Алайда, еуразияшылдардың көп ұзмай «оңшыл» және «солшыл» болып екі жікке бөлінуі, одан іле-шала екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы бұл идеяның одан әрі дамуын тежейді.



ХХ ғасырдың екінші жартысында ұмытылуға айналған еуразияшылдық идесын жаңғыртқан Лев Гумилев болды. Ол «Этногенез және Жердің биосферасы», «Каспий төңірегіндегі мыңжылдық» и «Русьтан Россияға» атты бірнеше еңбектерінде еуразиялық тұжырымдаманы өзінің ойларымен одан әрі дамытты. Оның этногенез концепциясы еуразияшылдық идеясын байыта түсті. Неоеуразияшылдықтың негізін қалаушының ойынша, кез келген этнос біріншіден, белгілі бір мінез-құлық стереотиптерімен біріккен адамдар қауымы болып табылады; екіншіден, этнос пен оның мінез-құлық стереотиптері нақты географиялық-климаттық жағдайда қалыптасады және ол этностың өмір сүру ұзақтығымен бара-бар ұзақ уақыт бойы тұрақты болады; үшіншіден, суперэтностық тұтастықтар түрлі этностардың өкілдерін біріктіретін біртұтас суперэтностың жалпылама мінез-құлық стереотиптері негізінде қалыптасады; төртіншіден, суперэтностық тұтастықтың мінез-құлық стереотиптері тіршілік етудің белгілі бір жағдайларына жауап беретін болмысты танудың өзіндік тәсілі болып табылады. Әрине, мұндағы суперэтностық тұтастық Ресей болып табылады, Л. Гумилев бойынша Ресей - Европа мен Азияны қатар қамтитын бірегей өркениет ретінде көрсетіледі. Бірақ, идеяның қисынынан еуразиядағы өзге этностарды біріктіретін әрі оларға жетекшілік ететін суперэтнос та орыстар болып, православие құндылықтары шешуші орынға шығатынын аңғару қиын емес.
Еуразиялық одақ туралы пікірталас: империализм, прагматизм, скептицизм
Л. Гумилевтың идеялық ізбасары әрі неоеуразияшылдың бірі - Александр Дугин. Ол еуразияшылдықты ешқандай идеялық ағымға қосылмайтын, яғни, оңшыл православтық-монархиялық немесе солшыл – коммунистік, яки, социалистік те емес, либералдыққа да ешбір жанаспайтын, негізгі үш ұстанымдық тұғырға негізделген бірегей саяси философия деп түсіндіреді. Оның бірінші тұғыры - сыртқы саясаттағы көпполярлық теория да, екінші тұғыры - посткеңестік кеңістіктің интеграциясы, яғни, онда ТМД елдерінің ықпалдасуы аса маңызды орын алады, ол көпполярлы сыртқы саясаттың қисынды жалғасы болып саналады. А. Дугиннің ресейлік «Завтра» газетіне берген сұхбатындағы: «Вытекающий из многополярности императив - интеграция постсоветского пространства. Можно сказать, исторически - это восстановление Российской Империи и СССР на принципиально новых основаниях. Как Российская Империя была отлична от СССР, точно так же Евразийский Союз отличен и от СССР, и от Российской Империи. Другая идейная база, другие механизмы, другие акторы, другие модели интеграции. В одном случае колонизация, в другом — социалистическая революция, в нашем случае добровольная специфическая модель интеграции по типу Евросоюза» - деген пікір-тұжырымындай мазмұн-мәнде шығады. Ал, енді үшінші тұғырға келсек, оның мақсаты - Ресейдің әлеуметтік-саяси жағдайын оңтайластыру. Мұндағы еуразияшылдықтың ұстанымы – Ресей үшін оның құрамындағы барша этникалық мәдениеттерді бір қалыпқа түсіретін мемлекет-ұлт құру тиімсіз. Сол сияқты, Еуроодақтағыдай азаматтық қоғам құру да Ресейге тиімді емес. Сонымен қатар, тәуелсіздікті аңсайтын этникалық сепаратизм де қол емес. Ресей Федерациясының еуразиялық саяси жобасы – біртұтас стратегиялық басқару және этникалық мәдениеттердің көптүрлілігі. Бұл – Ресейдің ішінде саяси тәуелсіздіктің барлық түрінен – егемендік пен ұлттық республика мәртебесін беруден бас тарту. Сондықтан да, еуразиялық идея мен Еуразиялық одақ ұғымдарының ара-жігін аша білу қажет-ақ.

Енді, екінші бағыттағы Еуразиялық одақ құру идеясын саяси-экономикалық және мәдени-гуманитарлық тұрғыдағы интеграциялық байланыстың өмірлік қажеттілігі деп санайтын прагматиктерге тоқталайық. Бұл бағыттағылардың басты ерекшелігі – олардың қатарында жалаң теоретиктер емес, саясатпен етене тығыз айналысып жүрген тәжірибелі саясаткерлердің болуы. Әрине, олардың маңдай алдысы, посткеңестік кеңістікте Еуразиялық одақ құруды алғаш ұсынушы - Қазақстанның Президенті Н.Ә. Назарбаев. Елбасының ұсынған еуразиялық бағытындағы басты екі ерекшеліктің астын сызып айтқан жөн. Оның біріншісі – ұзақ уақыт бойына қиялдай болған еуразиялық идея Еуразиялық одақ құруға қарай ойысып, саяси шынайылыққа айнала бастауы; ал екіншісі – дәстүрлі еуразиялық идеяда негізгі орында болған Ресейдің басым рөлі туралы қағидаға өзгеріс жасалып, Еуразия төсінде Ресеймен қатар Қазақстанның да геосаяси рөлі зор екенін дәлелденді, осылайша қазіргі Еуразиялық одаққа «Ресей-Қазақстан» қос өзектілігі тән болуы. Атап айтқанда 1994 жылдың 29 наурызында Елбасы мәскеулік зиялы қауым алдында посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттердің болашағына қатысты өзінің көзқарасын білдірді. Сөйтіп, ТМД мүше мемлекеттерінің жаңа бірлестігі - Еуразиялық Одағын құру туралы бастама көтерді. «Евразийский союз необходим, - дей келіп, Қазақстан Президенті: ...Вопрос в том, что у некоторых политических лидеров, да и не только у них, существует политическая боязнь возрождения империи. Но на это уже никто не пойдет. Нам не нужно бояться слова «союз». Ведь существует же, к примеру, Европейский Союз. Мы все равны, и мой нынешний визит в Россию — признание этого равенства» - дейді. Елбасымыз, тығыз экономикалық ықпалдасудың ұтымды тұстарын жан-жақты баяндады.

Қазақстанның Елбашысы біріншіден, мәдени және өркениеттік факторлардың маңызын ешбір төмендетпестен, интеграцияны экономикалық прагматизм негізінде құруды ұсынды. Абстрактылы геосаяси идеялар мен ұрандар емес, шынайы экономикалық мүдделер интеграциялық процестердің қозғаушы күші болып табылады. Сондықтан да, болашақ Еуразиялық одақтың алғышарты – Біртұтас экономикалық кеңістік құру. Екіншіден, интеграция ерікті негізде жүзеге асуы. Жаһандану жайлаған бүгінгі әлемде оқшауланудың тиімсіз екенін әрбір мемлекет сезінуі тиіс. Өркениетті дамудың төте жолы – ел мен халықтың мүддесіне сәйкес келетін ерікті интеграция. Үшіншіден, Елбасымыз мақсат тұтқан Еуразиялық одақ – теңдік, ішкі істерге қол сұқпау, егемендікті құрметтеу, шекаралардың тұтастығы принциптеріне негізделетін мемлекеттердің бірлестігі. Төртіншіден, Н. Назарбаев Еуразиялық одақтың ұлт үстілік органдарын құруды ұсынды. Ол органдардың нақты өкілеттіктері болады, барлық мүше-елдердің мүдделерін консенсус негізінде есепке алып жұмыс істейді. Еуро Одақ тәжірибесі сияқты, интеграциялық серіктестердің теңдігі мен егемендігі әрдайым сақталады.

Елбасымыздың еуразиялық ұсыныстары саяси шынайылыққа айналып, бүгінгі таңда Еуразиялық экономикалық қауымдастықпен қоса Қазақстан, Беларусь және Ресейдің Кедендік одағы құрылып, нақты қызмет етуде. Биылғы қаңтардың 1-ші жұлдызынын бастап үш елдің арасында Біртұтас экономикалық кеңістік ашылды. Осы маңызды іс-шараның қарсаңында «Известия» газетінің 2011 жылғы 3 қазандағы санында сол кездегі Ресей Федерациясының Үкімет басшысы В. Путин «Новый интеграционный проект для Евразии - будущее, которое рождается сегодня» атты арнайы мақаласын жариялады.

Мақалада В. Путин Кедендік одақ пен Біртұтас экономикалық кеңістікті келешектегі Еуразиялық экономикалық одақтың негізі деп көрсетеді. Бұл ұйым уақыт өте келе қанатын кеңге жайатынын да болжайды: қазірдің өзіне бұл одаққа Қырғызстан мен Тәжікстан кіруге мүдделі болып отыр. Алайда бұған В. Путин тоқмейілсіп отырған жоқ, ол интеграцияның келесі жоғары деңгейі – Еуразиялық одақ ауқымында ықпалдасуымыз қажет деп амбициялық міндет қойып отыр.

Жалпы, В. Путин де Еуразиялық одақ ұсынысына қырын қараушылар мен одан қауіптенушілердің көп екенін сезіп, біліп отыр.

Шынында да, путиндік мақала посткеңестік ауқымда ғана емес, әлемдік деңгейде де қоғамдық пікірге қатты әсер етті. Сондай-ақ бүгін сан-алуан сарапшылар мақаланың мазмұнын өздігінше түсініп қана қоймай, ол туралы өздерінің көзқарастарын әлі де білдіруде. Ондай сарапшылардың пікірлерін үш топқа бөлуге болады: олардың біріншісі – Ресейде жаңа жыл қарсаңынан бері толастамай турған наразылық акциялары халықтың путиндік авторитарлы саяси-экономикалық жүйесінен шаршағанының дәлелі дейтіндер. В. Путин 2000 жылы билік басына келгенде «Ресей – энергетикалық супердержава», «Тізірлеген Ресейді тік тұрғызамыз», «Тоқсаныншы жылдардың хаосынан Ресейді тәртіп пен тұрақтылыққа жеткіземіз» дегендей ұрандармен атойлап шыққаны есімізде. Ельциндік жүйеден есеңгіреген қоғам серпіліп, қатаң саясатты қуана қуаттады. Уақыт өте келе, мұндай ұрандар ескірді, ал, қалыптаса бастаған орта тап өкілдері саясатқа қатысуға құлық таныта бастады. Яғни, В. Путинге деген халықтың сенімі дағдарысқа ұшырады. Осындай жағдайда халықты баурап алатын тың идея, жаңа ұран қажет болды. Бұл ұран – В.Путиннің жаңа президенттік сайлау алдында айтқан «Ресейдің жетекшілігіндегі Еуразиялық одақ құру» ұраны деп көрсетеді бірінші топтағылар.



Екінші топтағы көзқарас бойынша В. Путин ресейліктерді Еуразиядағы ерекше тарихи миссия атқаратын халық ретінде өзінің идеясына ұйыстыруды көздеп отыр. Бірақ іс жүзінде бұл оңай шаруа емес, Мәскеу басқаратын бұрынғы «кеңестік Еуразияны» қайта жаңғыртпақшы Кремльдің ойына кереғар келетін тежеуші факторлар да жетіп артылады дейді олар.

Үшінші топтағылар В. Путин еуропалық интеграция моделін посткеңестік кеңістікке көшіруге тырысуда деп бағалайды. Алайда мұндай жобаның бағы баянсыз, себебі Еуропа Одағы өзара теңдік ұстанымында интеграцияланған, ал, путиндік жобада ықпалдасушы серіктестерден Ресейдің айқын басымдылығы байқалып тұр. Басқасын айтпағанда, жер көлемі, халық саны, тілі мен ділі, экономикалық әлеуеті мен әскери күш-қуаты жағынан кез-келген одақта орыстар көшбасшыға айналып шыға келеді. Мұның барлығы одаққа мүше болып кіргісі келетін елдерді ойландырып, белгілі деңгейде тежейді.

Міне, прагматикалық саясатқа қанша бет бұруға тырысқанымен, жеме-жемге келгенде Еуразиялық одақ құрудың астары мен тысында қаншама ой-пікірлер бұғып жатқанын аңдау қиын емес. Енді, еуразиялық бірлестіктің құрылуын аяғына енді тұрып жатқан тәуелсіз әрі жас ұлттық мемлекеттердің түбіне жететін жағымсыз геосаяси құбылыс ретінде қарайтындарға қарай ойысайық.

Үшінші бағыттағы Еуразия Одағын құруға бағытталған ұмтылысты КСРО-ны қайта құру деп жағымсыз бағалайтындардың қатарында шетелдік сарапшылар да, кейбір ТМД-лық саясаткерлер мен талдамашылар да баршылық. 2012 жылғы наурыз айының басында Грузия президенті М. Саакашвили Әзірбайжанға екі күндік ресми сапармен барып қайтты. Ол әзірбайжандық парламентте сөйлеген сөзінде Ресей билігінің арам пиғылы бар екенін көрсетті: «В последнее время некоторыми ностальгически настроенными лидерами в Москве была предложена новая старая идея Евразийского союза. Давайте не будем заблуждаться. Название немного изменилось, но содержание в полном объеме остается прежним. На протяжении истории этот проект имел много имен: «Союз Советских Социалистических Республик», «Доктрина ограниченного суверенитета», политика «сфер влияния», или, пользуясь сегодняшней терминологией кремлевских идеологов, «собирание земель», то есть возвращение наиболее империалистической терминологии царских времен» дей келе, мұндай жобаның жүзеге асуы мынадай ауыр зардапқа ұрындыратынын ескертті: «...все эти проекты означают лишь одно: конец нашей свободе, независимости Азербайджана и Грузии». Сөзінің соңында, М.Саакашвили түрлі бүркеншек аттармен Ресей империясын қайта жаңғыртуға тырысып жүргендерге қарсы бірігіп күресуге шақырды: «либо все постсоветские страны возьмутся за ум, то есть за руки и вместе пройдут путь к безопасности, или нас с утеса поодиночке сбросят в бездну истории и все наши мечты разобьются».

Ол сонымен қатар, ресейлік билеушілер мынадай қағиданы дұрыс түсінгені абзал дейді: «лучше иметь сильных соседей, чем нестабильных вассалов, лучше быть в окружении счастливых и гордых государств, чем разочарованных людей, мечтающих о мести, лучше иметь партнеров, чем врагов». Көріп отырғанымыздай, кейбір ТМД елдері Еуразиялық одаққа мүше болмақ түгілі, одан ат-тонын ала қашып отыр.

Осындай бағыттағы зиялы қауым өкілдері бар ма екен деп іздестіріп едік, Башқұртстанда шығатын «Ватандаш» (қазақша – отандас) журналының 1997 жылғы № 9 санында жарияланған Ренарта және Эльмира Шариповалардың «Евразийство - очередной обман?» атты мақаласына көзіміз түсті. Әрине, ғылыми мақала болғандықтан пікірталас туғызатын тұстары болуы заңдылық. Бұл мақаладан еуразияшылдық аса қауіпті идеология деген ой түюге болады. Авторлардың сөзімен айтсақ, «евразийство - не что иное, как идеология реванша… старого имперского идеала, отличающаяся от прежних, классических разновидностей имперской идеи лишь новомодной, «подогнанной к современности» интеллектуальной риторикой». Осыған байланысты, Шариповалар түрлі ұлттық интеллигенция өкілдерін «сырты жылтырақ еуразиялық концепцияға» алданып қалмауын ескертеді, өйткені, ол Ресейдің құрамындағы шағын ұлттардың мәдени және рухани жаңғыру процесіне қарама-қайшы идеология. Тіптен, олар еуразияшылдықты былай деп көрсетеді: «евразийство... некий «идеологический динозавр», неизвестно каким образом сумевший дожить до нашей постколониальной эпохи, когда по всему миру над имперскими амбициями возобладали цивилизованные нормы взаимоотношений между народами».

Бұл мақаланың мәтінінде тарихи тұрғыдағы ғылыми дауласуды отқа май құйғандай қоздыратын тұжырымдар да жоқ емес: «Дикие и отсталые номадические завоеватели оставили после себя прекрасные памятники архитектуры, а организаторы евразийского пространства - русские крестьяне преуспели лишь в основном - в растаскивании руин каменных мечетей и светских зданий для строительства своих бань и печей" немесе: «…ведь они вполне серьезно утверждают, что у славян и тюрков общая историческая судьба. Остается лишь непонятным, какая общая историческая судьба может быть у народов … для одного из которых взятие Казани, Астрахани, покорение Сибири, Северная война, покорение Кавказа, Крыма и Средней Азии являются предметом исторической гордости, а для других - причиной многовекового рабства?» - деген сияқты.

Қос автор одан ары қарай: «в основе классического евразийства лежит идея доминирования русско-православной культуры» деп еуразияшылдықты реванштық, яғни, унитарлы империялық мемлекетті құруды аңсайтын қарымта қайтарушы идеологияның бір түрі деп таниды, оның түпкі мақсаты Ресей-Еуразияны халықтар түрмесіне айналдыру, орыстан өзге ұлттардың мәдениеті мен ерекшелігін жою деген өткір ой айтады.

Шариповалардың мақаласының тоқ етері: «Концепция евразийства несостоятельна в первую очередь потому, что не учитывает того, что на великом евразийском континенте существуют такие геополитические гиганты, как Китай, Индия, Япония. Тем самым складывается представление об ограниченности философского масштаба данной концепции. Ведь в реальности, гигантский суперконтинент - это отнюдь не только территория современного СНГ» - дей келіп, еуразияшылдықтың геосаяси болашағы бұлыңғыр дегенге келіп саяды.

Бұдан басқа пікірлерге тоқталсақ, Интернеттегі regnum.ru парақшасында Манкурт Шалаказахов деген лақап атпен "Пик" ақпараттық тобында сараптама жасап жүрген бір автор «Қазақстан геосаяси жағдайына байланысты амалдың жоғынан интеграция жасауға мәжбүр болып отыр» деген тұжырым жасайды. Әрине, мұндай шолақ әрі сыңаржақ пікірлер виртуалды әлемдегі оқырмандарды адастыратын дүниелер екені белгілі. Виртуалды басылымдарда бәтуа жоқ десек, онда дәстүрлі баспасөзде нендей пікірлер бар екеніне тоқтала кетейік. Ресейдің «Литературная газета» атты белгілі басылымының 2011 жылғы 12-18 қазандағы № 40 (6341) санында «Союз Евразийский республик свободных» атты көлемді материал жарияланып, онда редакциялық арнайы сауалнама жүргізу әдісімен А. Дугин, О. Богомолов, А. Шатилов сияқты Ресей ғалымдарының Еуразиялық одақ туралы оң пікірлері келтірілген, ал, сөз соңында салыстыру үшін осы мәселеге қатысты шетелдік басылымдарда жарияланған теріс пікірдегі материалдар әдейі орысшаға аударылып берілген. Мысалы, Ұлыбританиялық «The Telegraph» газеті В. Путиннің ұсынған жобасын қатты сынап: «Господин Путин рассказал, что находится в процессе создания нового глобального властного блока, «Евразийского союза», – на костях того, что когда-то являло собой Советский Союз. ...Старшее поколение россиян, которые тяготеют к патернализму и стабильности в духе почившего Советского Союза, также, вероятнее всего, оценят этот план. Однако Путин постарался заявить, что воссоздание СССР не является целью его миссии. Но он несколько лукавит. «Евразийский союз» на территории бывшего СССР, создание которого продвигают Путин и Россия, будет иметь много общего с Советским Союзом. Авторитаризм придёт на смену коммунизму. Доминирующая идеология и членство будут добровольными, однако в геополитическом смысле и во многих других два союза будут иметь много общего. ...Если Путин создаст псевдоСССР перед лицом растущего китайского и американского влияния, его провозгласят человеком, который вернул России империю» деп жазыпты. Ал, Германияның «Frankfurter Allgemeine Zeitung» басылымы болса: «Некоторые из новых суверенных государств бывшей коммунистической империи рассматривают такие заявления как угрозу, потому что они отнюдь не на дружеской ноге с Россией. Другие же, и без того экономически зависимые от Москвы, скорее всего, поневоле примут свою судьбу, но и там особой радости не видно. А ведь разница с ЕС существенная, но Путин старается её не афишировать. Дело в том, что предпосылкой для успешной интеграции в Европе стали: во-первых, примерный баланс между большими и, во-вторых, уважение к маленьким государствам Западной Европы. Ни то, ни другое никак не прослеживается в Евразийском союзе» - деп өздерінің путиндік еуразияшылдыққа риза еместігін білдірген.

Ал, енді еуразиялық одаққа скептицизммен қарайтын төртінші бағыттағы ой-пікірлерге қысқаша тоқталсақ. Бұл жерде қазекем «өз ағам» дейтін өзбектердің мемлекет басшысы И. Каримов топ жарып тұр. И. Каримов 1994 жылы Елбасымыз Н. Назарбаев еуразиялық одақ туралы идея көтергеннен бастап бұл бастамаға қырын қараған болатын. Ол ортаазиялық елдердің одағына да мысқылмен қарады. Оның ойынша, экономикалық күш-қуаты, халық саны, даму деңгейі әр-түрлі елдердің одағынан түк шықпайды. Сол әдетімен, И. Каримов 2011 жылғы 7 желтоқсанда Өзбекстан Конституциясы күні құрметіне сөйлеген сөзінде В. Путиннің ұсынысын сандыраққа балап, интеграциялық процестерге деген ешбір қажеттілік жоқ деді. Дәлірек айтсақ, ол: "за последнее время на постсоветском пространстве активизируются силы, которые, пользуясь тем, что вступающее в жизнь современное молодое поколение не имеет достаточного представления о недавней истории, стремятся путем различных вымыслов возбудить ностальгию по советскому прошлому, при этом забывая о тоталитарной сущности советской империи, распад которой был обусловлен в первую очередь политической, экономической и идеологической несостоятельностью системы, на которой она была построена" - дей келе, «Когда речь идет о формировании различных межгосударственных объединений, не исключается, что они выйдут за рамки экономических интересов и приобретут политическую окраску и содержание, что в свою очередь может негативно повлиять на уже установившиеся связи и сотрудничество членов объединения с другими внешними партнерами, развитие интеграционных процессов с третьими странами", - деп кесіп айтты.

Бірақ, араға екі апта салып, 2011 жылғы 21 желтоқсанда Бішкек қаласында өткен ТМД бейформалды саммитінде И. Каримов «Евразийская интеграция - это наше будущее, это тот путь, то направление, по которому все должны двигаться ...Содружество должно играть роль координатора нашего многопланового взаимодействия, а также оставаться форумом для прямого общения, поддержания регулярного межгосударственного диалога... Россия объединяет вокруг себя все станы СНГ, и не надо здесь спекулировать и создавать иллюзии. Надо смотреть трезво на эти вещи: есть Россия, она объединяет вокруг себя все страны постсоветского пространства, мы существуем и есть СНГ... Евразийское экономическое пространство, Евразийский экономический союз, а в дальнейшем просто Евразийский союз - все эти образования на фоне СНГ создают определенные настроения. А нужно ли тогда СНГ вообще. Я отвечаю на этот вопрос и говорю только свое видения – я убежден, что при всем том, что происходит в мире и на постсоветском пространстве, Евразийский союз и все остальное - естественное закономерное развитие того, что происходит сегодня в мире» - деп өзінің елінде айтқаннан мүлдем керісінше пікір айтып, жиналғандарды қайран қалдырды. Иә, ежелгі гректер өздерінің мифологиясындағы екі жүзді Янус құдайларын саясатпен теңестіруі тегін емес екен.

Еуразиялық одаққа немқұрайлы қараушылардың бірі Жан Парвулеско деген франциялық румын «Путин и евразийская империя» деген кітабын жариялап, оны интернет-қауымдастық қызу талқылап та үлгерді. Кітаптың басты идеясы – еуразиялық ұлы бірлестік құру теория жүзінде ғана қауіпті, ал, іс жүзінде ешбір қауқары жоқ бос әурешілік.

Жоғарыда баяндалғаннан көріп отырғанымыздай, еуразияшылдық идея туындағаннан бастап Еуразиялық одақ құрылғанға дейінгі ұзақ кезеңде сан-түрлі теориялар мен тұжырымдамалар туындап, салиқалы саяси шешімдер де айтарлықтай қабылданған. Сонымен қатар, еуразияшылдықтың болашағына үмітпен қарап, шын сенгендердің де, оларды сынаушылар мен кекесінмен қараушылардың да көп екеніне көз жеткіздік. Қазіргі дөңгеленген дүниеде алшаң басқан жаһандану үрдісінің қарқыны үздіксіз үдеу үстінде екенін ескерсек, аймақтық интеграциялану уақыт талабы екенін ұғынамыз. Өзінің ұлттық мүддесін қорғай отырып, әлемдік қауымдастықпен тығыз қарым-қатынасқа түсе білген ел ғана мұратына жетпек, ал, тас-түйін оқшауланған елдің күні қараң болары анық болып отыр. Алайда, мұндай жаһандық ашықтық жағдайында өзіміздің ұлттық рухани тәуелсіздігіміз бен егемендігімізді нығайтудың күн тәртібінде тұрғанын да ұмытпауға тиіспіз.

Елбасымыздың ұсынып, жан-жақты экономикалық қарым-қатынасқа негіздеген Еуразиялық одағы бірлестігінің маңызы осында. Ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігі қолына тиіп, демократия мен еркін экономикалық даму жолына түскен, БҰҰ мүше ретінде егемендігін әлем мойындаған Қазақстан Еуразиялық одақ ауқымында саяси кіріптарлыққа душар болады деп қате түсінуге әсте болмайды. Еуразиялық одақта егемендік пен тәуелсіздік еріктіліктерін сақтаудың саяси тетіктері жан-жақты қарастырылған. Мұндағы басты мәселе – шаруа-экономикалық байланыстарды жаңғыртып, жаңаша дамыту. Белгілі драматург Қалтай Мұхамеджановтың экономиканы өңешпен теңестіруі кездейсоқ емес, өңеш арқылы қоректенбеген тірі ағза тіршілігін тоқтатады. Сол сияқты, экономика қоғам мен мемлекеттің қорек көзі. Одан кейін әрине, мәдени-рухани және қарапайым ғана адами қарым-қатынастарды үзбей, жаһандануға төтеп бере алатындай етіп жандандыру.



Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін қорытсақ – бүгінгі Еуразия Одағын құру кешегі КСРО-ны қайта тірілту деп қисынсыз қорқуға жөн жоқ, бірақ, бейқам отырмауымыз керек. Яғни, патшалық Ресей мен КСРО кеңістігіндегі отарлау саясаты негізінде жүргізілген жүйені көксеген еуразияшылардың ұлы орыс пиғылындағы идеясы мен идеологиясына еш жол беруге болмайды. Бұл тұста біз, ұзаққа созылатын мақсат-мұраттағы идея мен уақыт қажеттілігінен туған «өңеш» саналатын экономикалық қарым-қатынастағы фактіні ажырата білуге тиіспіз.
Кедендік одақ факт ретінде (Қазақстан үшін оң-теріс фактілер)
Сонымен, 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап Ресей, Беларусь және Қазақстанның мүшелігімен Кедендік одақ құрылып, Еуразиялық одақ құрудың негізі қаланды, саяси идеялық жоспар шынайы фактіге айналды. Оның тарихы 1993 жылғы 24 қыркүйектегі ТМД аумағында Экономикалық одақ құру туралы шарттан бастау алады. Көп ұзамай, 1995 жылы Ресей мен Беларусь арасында Кедендік одақ туралы келісім жасалады. 1999 жылғы 26 ақпанда қол қойылған Кедендік одақ пен Біртұтас экономикалық кеңістік туралы келісімге Ресей, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан қол қойып, оған 2006 жылы Өзбекстан қосылды. 2006 жылғы 16 тамызда Сочи қаласында өткен бейресми саммитте ЕврАзЭС мүше мемлекеттері осы ұйым шеңберінде кедендік одақ құру туралы шешім қабылдап, Ресей, Беларусь, Қазақстан тараптары оның құқықтық негіздерін жасасуға уағдаласып, Кедендік одақтың ұйымдастырушылық-құқықтық негіздерін жасау жұмыстары басталады. Осының нәтижесінде, нақты құқықтық алғышарттар: Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы 2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және кеден одағын қалыптастыру туралы, 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының комиссиясы туралы шарттар жасалды. 2009 жылғы 27 қарашада Кеден одағының Кеден кодексі туралы шартқа да қол қойылды. Ал 2010 жылғы 25 маусымда Кеден одағының Кеден кодексі туралы шарт Қазақстан Республикасының № 293-ІV Заңымен ратификацияланды. Осылайша, 8 бөлім, 50 тарау, 372 баптан тұратын Кедендік одақтың жаңа Кедендік кодексі қабылданып, ол өз кезегінде, одаққа мүше елдердің дербес кедендік кодексін алмасырды. Бұған дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуірде қабылданған Кеден кодексі осы саланың құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін белгілеп, еліміздің егемендігі мен экономикалық қауіпсіздігін қорғауға, Қазақстан экономикасының дүниежүзілік экономикалық қатынастар жүйесіндегі байланыстарын жандандыруға және сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыруға ықпал етіп келген болатын. Осы кодекс арқылы экономикамыз айтарлықтай жанданып дамыды. Ал, Қазақстан 2009 жылы Кедендік рәсімдерді жеңілдету мен үйлесімді ету жөніндегі Киото конвенциясын ратификациялап, халықаралық сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамытуда әп-әжептеуір жетістіктерге қол жеткізген болатын. Бірақ, экономист мамандардың жалпытанылған пікіріне сүйенсек, Кедендік одақтың бірегей Кеден кодексі әзірленгенде Ресейдің мысы басып, ресейлік Кедендік кодекстің қағидалары мен талаптары негізге алынып кеткен. Осыдан келіп, Кедендік одақта Ресейдің мүддесі басым тұратын сыңаржақ жағдай қалыптасты. Бұрынғы фритрейдерлік бағыттағы Қазақстанның дербес Кедендік кодексі аясында кедендік алым-салық айтарлықтай төмен болса, Кедендік одақтың біртұтас кодексі алым-салықтардың деңгейін айтарлықтай көтеріп жіберді. Өйткені, оның негізінде Ресейдің протекционистік сипаттағы бұрынғы Кедендік кодексі тұр.

Қазақстанның кедендік брокерлер қауымдастығының төрағасы Геннадий Шестаков «KAZAKHSTAN» халықаралық іскерлік журналына берген сұхбатында: "Увы, из плюсов пока можно назвать только сам факт того, что мы живем в Таможенном союзе, и возрастание бюджета. Во всем остальном негативный прогноз развития, который мы давали накануне вступления нашей страны в ТС, к сожалению, оправдался. Да, правительство уже отрапортовало о росте поступлений в бюджет, но за счет чего это произошло? За счет того, что пошлина стала больше, товар на прилавке — дороже. Российские товары по цене "подтянулись" к импортным аналогам, а платим за все это мы, рядовые потребители. Казахстан проиграл во всем. В 2009 году средневзвешенная пошлина у нас была чуть больше 5%. Кстати, для вступления в ВТО требуется, чтобы этот показатель был не выше, чем 7% с небольшим. У России на тот момент средневзвешенная пошлина была 18%, а у Белоруссии — 12%. Сейчас мы все дружно "подтянулись" под 16%. У нас не было пошлины на продукты питания, имелась минимальная пошлина на бытовую технику. Сегодня на какие-то товары пошлины выросли на 10-20 %, на другие в 3-4 раза, а если говорить об автомобилях, то в 30-40 раз. Не стало легче и казахстанским производителям товаров, которые они изготавливают из западного сырья с использованием западного оборудования и технологий. Пошлины на оборудование увеличились на 10-20%, на сырье и компоненты, которые раньше завозились по нулевой ставке, — на 20 %. То есть наш производитель получил прирост себестоимости еще до начала производства, а потом на нее еще накручиваются производственные издержки. И теперь, например, ламинат, произведенный в Казахстане на бельгийском оборудовании, будет в любом случае дороже, чем привезенный напрямую из Бельгии. В итоге вся высокотехнологичная продукция, которая у нас производится, стала значительно дороже". Толығырақ қарасаңыз: http://www.rosbalt.ru/exussr/2011/09/29/895444.html

Кедендік одақ құрудағы басты мақсат – оған мүше елдердің арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды ашық, мөлдір және ешбір кідіріс-кедергісіз дамыту болатын. Бірақ, іс жүзінде бұл игі мақсатқа жету оңай болмай тұр. Бұл туралы қазақстандық кәсіпкерлер Кедендік одақ жұмыс істей бастаған сәттен-ақ зарлап келеді. Тіпті таяуда Минскіде өткен басқосуда Қазақстан Президенті Н.Назарбаев бұл одақтың қызметін сынға алғаны белгілі. Әсіресе, жүк тасымалы, тауар экспорты, кедендік рәсімдеу салаларында кедергілер әлі күнге дейін көп екен. Мысалы, Қазақстанда өндірілетін алкоголь өнімдері Ресей мен Беларусь нарығына кіре алмай отыр. Ал, бұл мемлекеттерде өндірілген арақ-шарап еліміздің дүкендерінде толып тұр. Осы мәселе бойынша сенатор Қ. Баймаханов Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министріне депутаттық сауал жолдап, Бірыңғай кедендік тарифтің қолданылуындағы кемшіліктерді, Қазақстанның көрші елдердің нарығына кіруіндегі қиындықтарын атап көрсетіп, шетелдік арақ-шарап отандық өнімдерге бәсеке болғаны аздай, оларға салынатын салықтың да төмендігін сынға алды. Сонымен қатар, Ресейде «Росалкорегулирование» деген агенттіктің барын, орыстар қосымша құн салығын, акциз, кеден салығын енгізгенін де айта келе, әркім көрпені өзіне тартатын, үстем елдің өзімшіл ұлттық мүддесіне негізделетін Кеден одағының пайдасынан зияны көп деп, халық қалаулысы кейіді. Шынында да, Қазақстан Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Ғұсман Әміриннің мәлімдеуінше, биыл ресейлік және беларустық алкоголь өнімдерінің біздің елімізге импорты 22 % артқан, сөйте тұра, қазақстандық спиртті ішімдіктердің Кеден Одағына экспортталуы 16,5 % кеміген екен.

Қазақстандық ет өнімдерінің Кеден Одағы аймағына экспортталуы да мәз емес. Минскіде өткен Жоғарғы еуразиялық экономикалық кеңесте Елбасы Н. Назарбаев осылай деп сын айтып, мұндай кедергілердің Ресей тарапынан болғанын жасырған жоқ: «Қазақстанның ет өнімдері әдейі өткізілмейтін жағдайда тұр. Өйткені Ресейде оларға Қазақстан Республикасының санитарлық сертификаттарында жоқ нормаларды қолданып келеді. Ал Беларусь елі жаңа техникалық регламенттің енгізілуіне байланысты азық-түлік тауарларын Ресей нарығына тиісті көлемде алып шыға алмай отыр. Бірыңғай экономикалық кеңістіктегі техникалық регламентті кеңейту бизнес ортаны жақсартқысы келетін Қазақстанның саясатына қайшы келуде». Яғни, Ресейдің мүддесіне орайластырылған жасанды бюрократиялық кедергілер Кеден одағының кеңірдегінен қысып, өзге мүше мемлекеттер үшін тиімділігін төмендетуде.

Төмендегі кестеде 2013 жылғы қаңтар-тамыз аралығындағы Кеден Одағы ішіндегі өзара экспорт-импорт сауданың көлемі көрсетілген (дерек: http://xn--b1ae2adf4f.xn--p1ai/analytics/research/7914-statistika-vneshney-topgovli-possii-v-yanvape-avguste-2013-goda-osnovnye-tendentsii.html):



Оның ішінде Ресейдің сауда үлесінің құрамы мынадай:




Ал, мына деректер Кеден одағы елдерінің өзара саудадағы үлестерінің көлемін көрсетеді (дерек: http://www.tsouz.ru/db/stat/Analitycs_trade/Documents/Analytics_I_201303.pdf)



Жоғарыдағы кестелерден Кеден Одағында тауар экспорттау жағынан озып тұрған Ресей Федерациясы екенін байқау қиын емес. Яғни, солтүстік көршіміз үшін бұл одақ тиімді. Беларустардың үлесі қазақтардан екі еседен астам көп болса, орыстардың үлесі беларус пен қазақтардың үлестерін қосқаннан екі есе көп.

Кедендік одақ ауқымында автомобильдерді экспорттау саласында да Ресейдің айдарынан жел есіп тұр. Қазақстандағы ең көп сатылатын да ресейлік автомобильдер, Кедендік одаққа кіргелі бері қазақстандық автосалондардың сату рейтингінде орыс автотехникасы бірінші орынды бермей келеді. ОАО «АВТОВАЗ» президенті О. Лобановтың көрсетуінше: «Только за последние два года продажи LADA в Казахстане выросли пятикратно. Четыре из пяти самых продаваемых моделей казахстанского рынка - это LADA. Войдя в Альянс Renault-Nissan, АВТОВАЗ стал мультибрендовым производителем, и уже сегодня на три наших бренда приходится 42 % казахстанского рынка». Бұған енді ГАЗ, УАЗ, КамАЗ сияқты таза ресейлік маркалар мен орыс жерінде құрастырылатын шетелдік маркаларды қоссақ, Қазақстандағы сатылатын ресейлік автоөнеркәсіп өнімдерінің біздің ішкі нарығымызда алатын үлесі төмендегі деректен де асып жығылады. Нақты айтсақ, жағдай төмендегідей (дерек - http://auto.mail.ru/article.html?id=44524):




Ресейлік техниканың сапасы сын көтермесе де, бағасы тым жоғары. Бұған қоса, импортталатын көліктерге «утилизация жасаудың» қосымша салығын ендіріп, ресейліктер бәсекелестікке төтеп берудің жасанды жолын таңдап отыр. Осыдан келіп, Кедендік одақтың ауқымында кедендік салықтардың жоғары болуынан, импортталатын шетелдік көліктердің бағасы мүлдем қымбат. Қазақстандықтар амал жоқтан ресейлік көліктерді алуға мәжбүр, одан қалды, заңға қайшы болса да, Қырғызстаннан рөлі оң жақта орналасқан жапондық көліктерді сатып алып, сенімхат арқылы жүргізуде. Оның зардаптары қандай болып жатқанын көріп жүрміз, түптеп келгенде, бұдан мемлекет те, жеке азаматтар да зиян шегуде. Кеден Одағына кірсек, арзан тауарларға қарық боламыз деген қараша халықтың үміті де ақталған жоқ. Керісінше, қымбатшылық күн өткен сайын қалтаны қағып, алқымнан қысып барады.

Кеден одағының аумағында жүк тасымалдаудың қиын екенін логистикалық тасымалмен айналысушылар да әуел бастан айтып келеді. Жүк тасымалымен айналысушылар кедендік рәсімдеуде әкімшілік қағазбастылық көбейіп кетуінен шекараларды кесіп өтудің қиындағанын, кедендік бюрократиядан көп уақыт жоғалтып отырғандарын айтып наразылық білдіруде. Мұның барлығы тасымалдау шығындарын арттырып, тауарлардың бұзылуына ықпал етуде, түптеп келгенде, тасымалданатын тауардың бағасы шарықтап қымбаттауда.

Кеден одағындағы Ресейдің жасап отырған озбырлығына Беларуссия да наразылық білдіріп отыр. Бұл туралы биылғы қарашаның соңында Беларусь Республикасының Бірінші вице-премьері Владимир Семашко мәлімдеді. Оның айтуынша, Кеден Одағының заңнамасындағы шикіліктерден белорустық өнеркәсіп зиян шегуде. Әсіресе, белорустардың ауыл шаруашылық техникаларының Ресей нарығына енуіне тосқауылдар қойылуда. Оған қоса, Ресейдің ойлап тапқан импортталатын автотехникаларға салынатын «утилизациялық салығы» беларустың МАЗ авто техникасының құнына 18% пайыздық үстеме қосуына алып келіп, бәсекелестікке төтеп беруін төмендетуде. В. Семашконың айтуынша, мұның барлығы беларустардың шаш етектен шығынға батуына ықпал етіп отыр (дерек: http://www.fruitnews.ru/logistika/tamozhnya/37076-proizvoditeli-selkhoztekhniki-v-belorussii-nedovolny-vstupleniem-strany-v-tamozhennyj-soyuz.html).

Минск саммитінде Кеден Одағына Армения кіреді, одан кейін Қырғызстан, сосын Украина кіруге ынталы, тіптен, Үндістан мен Түркия да кірмекші-мыс деген әңгімелер айтылғаны есімізде. Бірақ, іс жүзінде бұл аталған мемлекеттердің халқы Кеден Одағына кіруге қарсы екенін әлемдік қауымдастық кейінірек біле бастады. Қазір Украинада «Евромайдан» деген атпен белгілі халық толқуы басылмай тұр, украиндықтардың талабы – Украина Евро Одаққа кіруі тиіс, ал, Кеден Одағына кіруіне ол елдің халқы үзілді-кесілді қарсы. Украина билігі әскер мен полицияны барынша пайдаланып, қарсылық акциясын басуға ниеттенгенімен, қарулы қақтығыста жүздеген адам жарақаттанса да, түрлі-түсті «майданға» үйренген украиндықтарды алған бетінен қайтару қиын болып тұр. Тіптен, күні кеше ереуілшілер Киев қаласының әкімшілігін, түрлі мемлекеттік ғимараттарды басып алып, президент әкімшілігіне шабуыл жасады. Евроинтеграцияны қолдаушылар Украинаның Кеден одағына қосылуына қарсылық ретінде мезгілі шектелмеген қарсылық көрсететінін жариялады. Олар Кеден Одағына кіруді – Ресейдің боданына айналумен тең деп түсінеді.



Армения билігінің Кеден Одағына қосыламыз деген мәлімдемесі де ол елдің ішінде қатты наразылық туындатып отыр. Бұл шешімге қарсылық ретінде азаматтық ұстанымдарын білдіру мақсатында Армения астанасы Ереванда мыңдаған адам қатысқан үлкен митинг өтті. Митнингті ұйымдастырушы – Армения президенттігіне үміткер кандидат болған Паруйр Айрикян армяндар евроинтеграцияны қолдайтынын айтты. Оның бастамасы қоғамдық қолдауға ие болып, «Абыройлы отан» азаматтық бастама ұйымы, «Мұра» оппозициялық партиясы, Армен Мартиросян және Давид Санасарян сияқты қоғам қайраткерлері бастаған мыңдаған еревандықтардың қарсылық шеруіне ұласты.

Кеден Одағына кірмекші болып отырған Қырғызстан 2015 жылы Еуразиялық экономикалық одақ жұмысын бастағанда оның толық мүшесіне айналады екен. Бұлай деп сәуегейлікпен айтқан – Ресей президентінің кеңесшісі - Сергей Глазьев. Дегенмен, мұндай маңызды саяси шешімді қабылдау Қырғызстанға оңай болып отырған жоқ. Бір жағынан қырғыздар 1998 жылғы 20 желтоқсанда Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіріп алған. Яғни, қырғыз ағайындар 15 жыл бойы ДСҰ қызығын көріп, нанын жеді, артықшылығы мен пайдасын көрді. Осы жерде: «Олай болса, Қырғызстан Кеден Одағына несіне кірмек?» деген сұрақ туындары сөзсіз. Оның сыры мынада болса керек. Қырғыз экономикасы негізінен Қытайдың тауарларын рээкспорттаумен (импортты үшінші елдерге қайта экспорттау, қазақша айтсақ, алып-сату) пайда табатыны баршамызға мәлім (Қазақстанға – «Дордой» көтерме базары, Өзбекстан мен Тәжікстанға – «Қарасу» көтерме базары арқылы). Кеден Одағы құрылғалы қырғыз шекарасына «құлып» салынды. Оштағы қырғыз-өзбек арасындағы қантөгіспен аяқталған жанжалдан соң Өзбекстан мен Қырғызстанның қарым-қатынасы да нашар. Осындай қиын жағдайдан рээкспорттық сауда дағдарысқа ұшырып, Қырғыз экономикасы абдырап қалды. Енді олар орын алған қиындықтан шығудың жолдарын қарастыруда. Сондай жолдың бірі – Кеден Одағына кіріп, «үлкен ағалардың» қамқорлығын көру. Биылғы 19 қарашада Мәскеу қаласында өткен Еуразиялық экономикалық комиссияның кеңесінде Қырқызстанның Кеден Одағына кіруінің «жол картасы» мақұлданды. Қырғызстанның экономика министрі Темір Сариевтің айтуынша, «жол картасы» бұл ел үшін маңызды бес мәселені қамтиды: республика кәсіпкерлерін қолдайтын арнайы қор құру, еңбекті көп қажет ететін өндірістерді дамытуға тәжірибелік көмек беру, «Дордой» және «Қарасу» көтерме базарларына қолдау көрсету, еңбек мигранттарын қорғау туралы жеке келісім жасау, Қырғызстанның сыртқы шекараларын жарақтандыруға көмек көрсетілуі. Ең бастысы – Қырғыздар Кеден Одағына кіргені үшін оның мүшелерінен $1,2-1,6 млрд. қайтарымсыз көмек алады екен (толығырақ қарасаңыз: http://www.interfax.by/news/belarus/142070). Алайда, билік қолдағанымен, Қырғызстанның ішіндегі бірқатар саяси күштер Кеден Одағына кіруге қарсылықтарын білдіріп, саяси шерулер өткізіп те үлгерді.

Сонымен қатар, биыл Қытай Халық Республикасының (ҚХР) төрағасы Си Цзиньпин Бішкекке сапарында «Ұлы Жібек жолын» жаңғыртатынын айтып, бұл жобадан Қырғызстанның құр алақан қалмайтынын аңғартты. Кеден Одағына кірсе, Қытаймен қарым-қатынастары қалай болары беймәлім. Кірмеске амалы тағы жоқ. Осылайша, Қырғызстанның не істерін білмей дал болып отырғаны байқалады.

Қорытып айтар болсақ, «Бақсам, бақа екен» демекші, Кеден Одағына кіру - пайдаға кенелу емес екен. Одақтың ішінде де өзара бәсекелестік пен ұлттық мүдде үшін күрес қызып тұр. Осындайда «Ортақ өгізден оңаша бұзау артық» деген аталарымыздың айтқаны тағы да ойыңа келеді екен. Бәлкім, Минскіде айтқан Елбасымыздың сынынан кейін Ресей өзінің амбициялық айылын жиып, Кеден Одағының жұмысы жақсарып кетер деген үмітпен ой толғауымызды тәмамдаймыз.


: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет