«Еуропа мен Америка елдерінің орта ғасырлар тарихы»



жүктеу 0.86 Mb.
бет1/5
Дата17.04.2016
өлшемі0.86 Mb.
  1   2   3   4   5
: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған

ПОӘК042-18-18.1.29/03-2014

№ 2 басылым

беттің беті




Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті



3 деңгейлі ОӘК құжат

ПОӘК

ПОӘК

042-18-18.1.

19/03-2014


«Еуропа мен Америка елдерінің орта ғасырлар тарихы» пәнінің оқу- әдістемелік кешені

№1 Басылым

11.09.2014




«Еуропа мен Америка елдерінің орта ғасырлар тарихы»
050203- «тарих» мамандығына арналған
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІНІҢ
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

Семей


2014

Мазмұны

1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Практикалық сабақтар

4 Студенттердің өздік жұмысы

1 Глоссарий

АББАТ—аббат (1. католик шіркеуінде барлық дін қызмет-керлерінің құрметті аты; 2.(аббатствоның) еркек монастрінің бастығы).

АББАТСТВО—аббатство (өз қарамағында басқадай монас-тырьлері бар католик монастрі; шіркеу басқармасының жоғарғы органдарына бағынады, үлкен жер бөліктерінде иелік жасап, шаруаларды қатты қанауда ұстады).

АБСОЛЮТИЗМ—абсолютизмы (шексіз монархия, жоғарғы өкімет билігі бүтіндей бір адам —монарх (император, патша, король, князь) қолында болған басқару түрі. Абсолютизм — сословиелік монархияның орнын басқан феодалдық мемлекет дамуының жоғарғы және соңғы түрі).

АВАРЫ — аварлар (VI ғас. Азиядан орталық Европаға басып кіріп, өз алдына дербес мемлекет орнатқан түрік нәсілдес халық; IX ғ. аварларды Ұлы Карл, X ғ. венгерлер күйретті. Осы кезден бастап олардың аты аталмайды).

АВИНЬОНСКОЕ ПЛЕНЕНИЕ ПАП — Папаларды Авиньон тұтқынында ұстау (1309—1377 жылдардағы француз королінің қысымы нәтижесінде папа резиденцнясы Римнен Авиньонға көшірілген дәуір).

АГОНИСТИКИ (Циркумцеллионы) — агонистиктер (күрес-шілер), IV ғ. терістік Африкада ірі жер иелеріне, Рим терелеріне және Рим мемлекетінің әлеуметтік тәртіптерін мадақтаушы ресми шіркеуге қарсы бағытталған құлдардың, колондардың және езілген халықтардын, революциялық қозғалысына қатысушылар.

АДЕПТЫ — адептер (1. сектаның не бір қилы ілімінің ісіне араласқан адам; 2. бір қилы ілімді не идеяны табанды түрде жақтаушы).

АҚРИТЫ—акриттер (кіші Азияда шекара қызметіндегі адамдар).

АҚТЕМОНЫ - АҚТЕМОНДАР (14-15 ғ.ғ. Византиядағы өндіріс құралдарынан айрылған мүліксіз шаруалар).

АЛАНЫ — алаңдар (2—9 ғ. ғ. терістік Кавказды, төменгі Днепр мен оңтүстік Орал арасын жайлаған сармат тайпылары; 4 ғ. алаңдар гунндарға бағынып, олармен бірге «халықтардың ұлы көшіне» қатысты. Олардың біразы оңтүстік Галлия мен Пи­ренеи түбегін қоныстанды).

АЛЕМАНЫ, АЛАМАНЫ—алемандар (аламандар), герман тайпалары, 3—6 ғ. ғ. 5 ғ. ортасында Рейннің сол жақ жағалауына өтті. _ 536 ж. ерекше Алемания герцогтікі ретінде меровинг корольдігінің құрамына кіріп 11 ғ. шейін өмір сүрді.

АЛЕМАНСКАЯ ПРАВДА — «Алемандар заңы» 6—8 ғ.ғ. алемандардың әдет правосының жинағы. Мағына жағынан басқадай варварлық «Правдаларға» жақын.

АЛЛОД—аллод (1. алғашқы кезде басы бос франктің мирасы ретінде берілетін барлық мүлкі, жерге жеке меншіктің дамуымен байланысты «аллод» деп қауым мүшесі —басы бос шаруаның өзі иемденген жер меншігін айтады; 2. жер иесінің толық және шексіз билігінде болған феодалдық жер меншігінің алғашқы түрі).

АЛЬБИГОЙСКИЕ ВОИНЫ — альбигойлық соғыстар (1209 1229 ж.) Терістік Франция феодалдарының альбигойлықтарға қарсы жорығы. Бұл соғыстарды Француз корольдері Тулуза графтығын басып алу мақсаты үшін пайдаланады.

АЛЬБИГОИДЫ — альбигойлықтар (Оңтүстік Франциядағы орта ғасырлық қатарлар ересін жақтаушылар. Қозғалыс орталықтарының бірі болған Альби қаласының атымен аталды. Альбигойлықтар ілімінің Тулуза графтағы халықтарының арасында кең тарауы папаны шошытып, ол альбигойлықтарды шіркеуден айырып, оларға қарсы крест жорықтарын ашуға шақырды).

АЛЬДИИ — альдийлер (лангобардтар қоғамының тәуелді ретінде болатын бүкіл әлемдік төңкерістің жақын екенін уағызнауға қарсы әлеуметтік протест еді. Феодалдық жүйеге қарсы олардың наразылығы алғашқы кезде тым самарқау болды — олар сотқа, әскери қызметке және үкіметке бағынуға қарсы болды. Мүлікті ортақ пайдалану талабын олар дүниеден безу деп түсінді. Томас Мюнцердің ықиалымен антибаптистердің бір бөлігі белсенді революциялық әрекетке көшіп шаруалар соғысына қатысты. Анабаптистер ілімі Германияға, Нидерланды, Швейцарияға тез тарады).

АНГЛИЙСКАЯ ЦЕРКОВЬ—Англикан шіркеу (Англияның мемлекеттік діні. XVI ғасырдың 30 жылдары король XIII Генрих жүргізген реформация нәтижесінде пайда болды. Король өзін шіркеу басшысы деп жариялап, папамен байланысты үзді. Монастырь жерлері катталды. Англикан шіркеу догматикасынын атолизмнен айырмасы шамалы еді. Епископтық құрылыс пен діни қызметтің ескі дәстүрлері сақталды).

АНГЛО-САҚСОНСКИЕ ПРАВДЫ — Англ-саксон заңдары. (VII—XI ғ.ғ. жазылған англ-саксон әдет-праволары мен заңдарының жннағы; англ-сакстердің қоғамдық құрылысының дамуын зерттеудегі басты деректердің бірі).

АНГЛОСАКСОНСКИЙ ПЕРИОД — англосаксон дәуірі (V ғ. англ-саксон шапқыншылығынан басталып, XI ғ. ортасындағы норман шапқыншылығына дейінгі уақытта қамтитын Ан­глия тарихының дәуірі).

АНГЛО-САКСОНСКИЕ ЗАВОЕВАНИЕ — англо-саксон шапқыншылығы (герман тайпаларының — англдер, сакстер, юттар, фриздер— Европа құрлығынан Британияға қоныс аударып, оны жаулап алуға байланысты ұзаққа созылған дәуір. Бұл шапқыншылық V ғ. ортасында басталып, VI ғ. аяғында Британияның басым көп жерін бағындырумен аяқталды).

АНГЛЫ—англдер (алғашқы кезде казіргі Шлезвиг— Гольштейннің терістігін жайлаған ежелгі герман тайпасы. V ғ. орта­сында сакстармен біргі Британияны коныстаньш, онда бірнеше варварлық мемлекет құрады. Кейініректе ағылшын халқына негіз болған кұрамға кіреді).

АННАТЫ — аннаттар (1. пападан тиымды шіркеу кызметтерін (бенефиций) алған адамдардан папа құпиясының пайдасына алынатын бір дүркін салық; 2. басы бос бенефицийлерден түсетін папа табыстары).

АНТРУСТИОНЫ — антрустиондар (салиқа франктеріндегі король жасақшылары. Олар көпшілік ішіндегі мерейлі топ бол­ды. Феодал ақсуйектері антрустиондар қатарынан шықты).

АНТИТРИНИТАРИИ — антитринитарийдер («құдайдың ешбірлігі» туралы христиан шіркеуінің іліміне қарсы секталар мен ежелгі ілімдерді жақтаушылар. Реформация кезінде антит- дады. Діни бояуға боялған анабаптистер ілімі феодалдық қажандар, праволық жағдайы бойынша құлдар мен басы бос адамдар арасынан орын алады. Салиқа Франктеріндегі литтарға жақын).

АЛЬҚАБАЛА—Алькабала (ортағасырлық Испаниядағы салықтар жүйесі. Алькабала құрамына бүкіл дүние-мүліктен алынатын бір дүркін проценттік салық, қора-қопсы сатқаны үшін 5 проценттен салық және әр товарды сатқаны үшін 10 проценттен салық кірді. Демек, алькабала Испания экономикасына зор зиян тигізді).

АЛЬКАЛЬД—алькальд (ортағасырлық Испаниядағы әртүрлі сот қызметіндегі адамдардың қызмет дәрежесінің аты. Кейініректе негізгі сот функцияларын атқаратын сайланған және үкімет бекіткен қауым старшинасы).

АЛЬКАНТАРА — Алькантара (маврларға қарсы күреске қатысқан испандық діни-сері ордендердіц бірі. 1156 ж. кұрылды. XV ғасырдың аяғында әскері маңызын жоғалтты. Қалаларды, деревнялары бар кең атрапты жерлерге ие болды. 1843 ж. жойылды.

АЛЬМЕНДА — альменда (германдық халықтарда қауымдық жердің қағымдық бөлігі. Оған қауым мүшелері ортақ пайдаланған орман-тоғайлар, тақырлар, жайылымдар, тау алқаптары қарады. Дүркін-дүркін алменданың жеке бір бөліктері қауым мүшелері арасында бөліске түсіп отырды. Олардың әр қайсысының альмендалық праволары қауым мүшесінің қарамағындағы жер белігіне (надел) парапар болды).

АЛЬМОРАВИДЫ—альморавидтер (XI—XII ғ. ғ. берберлік феодалдық династия. 1086 ж. христиандарға қарсы одақтас ретінде араб әмірінің шақыруымен Испанияға басып кіріп, мұсылмандар қарамағында болған Кордова халифатын бағындырады. Альморавидтердің Испаниядағы үстемдігі мүсылман емес халықтарды қатаң қуғынға ұшыратып, феодалдық қанауды күшейтті).

АЛЬМОХАДЫ — альмохадтар (XII—XIII ғ. ғ. Терістік Аф­рика мен оңтүстік Испанияны билеген берберлер династиясы. Альморавидтер династиясының феодалдық қысымына қарсы халық қозғалысының жеңуі нәтижесінде орнаған бүл династия үкімет басына келген соң бірте-бірте өзі де феодалдық династияға айналды. XIII ғасырда альмохадтар династиясы ыдырады).

АНАБАПТИСТЫ — анабаптистер, «қайта шоқынушылар» (1525 ж. шаруалар соғысы қарсаңында Германияда пайда бол­тан плебейлер сектасын жақтаушы лар. Олар шіркеу монархиясына, құпиялықтар формализміне қарсы болды, адамның мемлекеттік жасқа келгенде шоқынуын талап етті. «Тамүқ соты» ринитарнйлер ілімі Германия мен Швейцарияда орын тепті).

АПАНАЖ — апанаж (1. жер не рента түрінде Францияда король семьясының мүшелеріне берілетін үлесі; 2. XIII ғасырдан бастап Француз королінің кіші ұлдарының үлесі).

АПОР—апор («Егіншілік заңында» аталатын Византияның кедей шаруаларның тобы. Өз қарамағында жер участогін өңдеуге мүмкіндік болмағандықтан, апорлар оны қауымның ауқатты мүшелеріне арендаға беруге мәжбур болды).

АПОСТОЛЬСКИЕ БРАТЬЯ. АПОСТОЛИКИ — апостольдық ағайындар, апостоликтер (XIII ғ. 50 - жылдарында Италияның Парма қаласында шаруа Сегарелли орнатқан секта. Фео­далдық тәртіптерге қарсы халық наразылығын білдіре отырып, апостолдық ағайындар католик дін басыларын катты сынға алды—сол үшін католик шіркеу тарапынан қуғынға ұшырады. Дольчино басқарған апостолдық ағайындар 1300 жылы шаруа­лар көтерілісін басқарып, жеті жыл бойы феодалдар күшіне қарсы табанды қарсылық көрсетті).

АРИАНСТВО — арийшылдық (336 ж. өлген Арийдың атымен аталған христиан дініндегі ағым. Арий құдайдың «үштік бірлігі» туралы шіркеу ілімін жоққа шығарады. Никея соборы арийшылдықты ересь деп таныды. Шіркеу арийшылдықты 381 ж. бүтіндей сөкті. Сұрапыл қуғындаудың салдарынан арийшылдық римдіктер арасында жоққа айналса да, кейбір германдық тайпалар арасында кең тарады).

АРИПЕНН — арипенн (гектардың 1/3 не 1/2 пара-пар Франциядағы жер өлшемі. Сен-Жермен аббаттылығының полип-тілігінде аталады). см. также Арпан.

АРМАНЬЯКИ — арманьяктар (XIV ғ. екінші жартысында және XV ғ. басында Франциядағы саяси дағдарыс кезінде өкімет билігі үшін таласқа түскен феодалдық топтардың бірі. Бұл топтың басында Орлеан герцогтары мен олардың туыстары — графтар Арманьяктар болды).

АРМАТОР — арматор (Португалия корольдарымен жасалған шарт бойынша экспедициялар ұйымдастырушы кеме иелері).

АРПАН — арпан (гектардың 1/3 немесе 1/2—не пара-пар Франциядағы жер өлшемі).

АРРАССКАЯ УНИЯ — Аррас униясы (Нидерландағы вал­лон провинциялары — Эно, Дуэ, Артуаның 1959 жылы Аррас қаласында жасалған шарт бойынша кұрылған одағы. Нидерланды буржуазиялық революциясы кезінде бұл одақты католиктік дворяндар құрды. Оған жауап ретінде Солтүстіктің революцияшыл провинциялары Утрехт униясын 1579 жылы ұйымдастырды).

АРХИЕПИСКОП — архиепископ (христиан шіркеу иерархия-сының ең жоғарғы сатысынан орын алатын дін қызметқері. Бұл үлкен облыс, тіпті кейде мемлекет ішінде архиепископ шіркеу ұйымын басқарды. Орта ғасырлар заманына көптеген архиепископтар жай князьдар сияқты белгілі аймақта саяси және әкімшілік үстемдік жүргізді).

АРХИЕПИСКОПСТВО — архиепископтық ұйым — (хрис­тиан дінінде әкімшілік шіркеу бөлігі. Оған тек протестанттық бағыттағы шіркеулер ғана қарамады. Архиепископ басқарған бүл шіркеу ұйымдары орта ғасырлар дәуірінде кей жағдайларда тәуелсіз княздіктерге арналады).

АСИЕНТО— асиенто (негрлерді сату туралы шарт).

АУГСБУРГСҚИЙ ИНТЕРИМ — Аугсбург интеримі (1548 ж. иператор мен Шмалькальден одағы жасалған шарт. Осы шарт бойынша аз да болса реформаға үшыраған католицизм бүкіл Германияда қайта қальшқа келтірілуі тиіс болды).

АУГСБУРГСҚИИ РЕЛИГИОЗНЫЙ МИР — АУГСБУРГ діни бітімі (1555 ж. Аугсбург қаласында Германияның протес­тант княздары мен император Карл арасында жасалған шарт. Бұл бітім католиктер мен протестанттар арасындағы бірқатар соғыстардың аяқталуына әкеп сокты, ол князьдардың дін мәселесінде толық тәуелсіз болуын көрсетті. Бұл бітім бойынша князьдар өз қарамағындағы қай дінді ұстауын көрсетуге толық право алды).

АУГСБУРГСКОЕ ВЕРОИСПОВЕДАНИЕ — Аугсбург на-нымы (Лютердің жақын серігі Ф. Механхтонның қатысуымен жасалған Лютер ілімінің негізін баяндайтын документ. 1530 ж. Аугсбургтегі империялық сеймде император V Карлге тапсырылды).

АУТО-ДА-ФЕ — авту-да-фе (1. Еректиктерге қарсы үкім жариялау кезіндегі салтанатты акт; 2. Испанияда еретиктерді көпшілік алдында өртеу. Ауто-да-фе дінге қарсылармен күрес үшін ғана пайдаланылып қойған жоқ, сонымен қатар феодалдық құрылыстың жауларын құртудың да құралы болды. XVIII ғ. аяғына шейін Испанияда 300 мыңнан астам адам инквизиция тарапынан әрқилы сұрапыл қатал жазаларға ұшырады және отқа өртелді.

АЦТЕКИ — ацтектер (Мексикадағы өте ірі индиялық халық-тардың бірі. XV ғасырда ацтектер басқа тайпалармен бірге одақ құрып, бүкіл Орталық Мексиканың халқын бағындырды. Бұл мемлекеттік дамудың ертеректегі түрі еді, ол процеске 1519 — 1521 жылдардағы Испания шапқыншылығы бөгет болды).

Б

БАВАРСКАЯ ПРАВДА— «Бавар заңы» (Герман нәсілдес бавар әдет правосының жинағы. VIII ғасырда пайда болды. Ру қоғамынан бастап феодалдық қатынастардың тууына шейінгі герман қоғамы дамуының әрқилы дәуірін қамтиды).

БАВАРЫ — баварлар (алғашкы кезде Богемияны жайлаған герман тайпасы, V ғ. басында Дунайдың жоғарғы бойын жайлады. VIII—IX ғасырларда баварлық франк корольдеріне тәуелді тайпа герцогтері биледі. Франк мемлекеті ыдыраған сон Герма­ния құрамына кіріп, кейініректе баварлар неміс халқын құрушылардың бірі болды).

БАГАУДЫ — багаудтар (3—5 ғасырда Галлия мен Терістік Испанияда колондар мен құлдардың революциялык козғалысына қатынасушылар. Бұл козғалыс Батыс Рим империясының дағдарысы мен ыдырауын көрсететін айғақтардың бірі болды).

БАЛЬИ—балья (Францияда әкімшілік округті —бальяжды басқаратын король төресі).

БАЛЬЯЖ — бальяж (Францияда король доменінің жерінде құрылған, балья қол астындағы әкімшілік округ. Король доменін бальяжға бөлу XII ғасырда, II Филип тұсында Франциядағы ағылшын жерлерін басып алудан басталды. Жер-жерлерде ко­роль өкіметін нығайтуда мұның ролі зор болды).

БАН — бан (әр формадағы мемлекет тарапынан зорлау праволарының жалпы аты — жоғарғы қылмыс сотының правосы, соғыс жасаған шақыру, шоқыну туралы нұсқау шығару право­сы т.б. феодалдық ыдырау дәуірінде бан правосын әртүрлі дәрежеде жай князьдар мен шіркеулік феодалдар жүргізеді).

БАН — бан (XII ғасырда Венгрия шет аймақты соғыс округі банотты билеуші әкім. XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап Австро-Венгрия құрамындағы Хорват-словен — Далма­ция облысын басқаратын екілдер).

БАНАЛИТЕТ — баналитет (феодалдық право, ол бойынша сеньор аз ақы үшін өзіне қарасты дүние-мүліктің бірқатарын пайдалануға қарамағындағы шаруаларды зорлауға мүмкіндік алды: феодалдық диірменде ұн тарту, оның пешінде нан пісіру, жүзім пресін, қайрақтарын пайдалану т. б. Бұл заттарды пайдаланғаны үшін ақы не феодалдың өз ықтияры бойынша алынады, не әдет правосы бойынша реттеледі. Бай бұқараны күйзелткен феодалдық қысымдардың бір түрі еді).

БАРОН — барон (Батыс Европадағы феодалдык, титул. VI VII ғасырларда ауқатты адамдардың бәрін осылай атады, ал XI—XII ғғ. ірі жер иелері — феодалдардың аты еді).

БАРОНСКАЯ ОЛИГАРХИЯ — барондық олигархия (феодалдык бір орталыкка бағынған мемлекет жағдайындағы баскару режимі. Бұл кезде өкімет билігі іс жүзінде бір топ магнат-тар колында болды; оларсыз король ешқандай шешім кабылдай алмады. 1238 ж. «Оксфорд провинцияларын» қабылдағаннан кейінгі Англияда қысқа мерзімде билік жүргізген режим барондық олигархияның мысалы болады).

БАРЩИНА — барщина (жұмыспенсн өтеу рентасыныңц орысша аты, шаруаның феодал шаруашылығындағы тегін, зорлықпен істелетін еңбегі. Барщина шаруалардың жеке басының тәуелділігінің формасы — крепостниктікпен пара-пар).

БАСҚИ — баскілер (Пиренеи түбегінің байырғы, ежелгі халқы, қазіргі уақытта олар Кандратий тауларының бетін жайлайды. Басым кебі Испанияда (Шығыс Биская, Наварра, Алава) тұрады. Біразы Францияны мекен етеді).

БАТАВЫ — батавтар (Рейн мен Ваал өзендерінің арасын жайлаған ежелгі герман тайпасы. IV ғасырда батавардың жерін франктер басып алды. Сөйтіп, олар Франк мемлекетінің құрамына кіріп, франктермен сіңісіп кетті).

«БАШМАК» — «Башмак» (XV ғ. басындағы Оңтүстік Батыс Германиядағы жауынгерлік кұпия шаруалар одағының аты).

БЕГЕТРИИ — бегетриялар (арабтардан жаулап алған жерлерде құрылған ортағасырлық Испаниядағы ерікті шаруа қауымдары. Азаттық күреске қатысқан шаруалар бегетриялар құрып, өз басы азаттыққа ие болды. Олар феодалдық езуден бүтіндей құтыла алмады. Бегетрия мүшелері тек сеньорды өздері таңдап, оларды ауыстыруға қақысы болды; белгілі мөлшерде алым төлеп, тағы да басқа біраз артықшылықтарға ие болды).

«БЕДНЫЙ ҚОНРАД» — «Қедей Конрад» (XVI ғ. басында Вюртемберг жерінде құрылған және 1514 ж. шаруалар мен қалаларды көтеріліске бастаған құпия қоғам. Көтеріліс князь өкіметіне, феодалдарға және қала патрициятына қарсы бағыт-талды. «Кедей Конрад» көтерілісі 1524—1525 жылдардағы реформация мен шаруалар соғысы қарсаңындағы ең ірі револю-циялық қозғалыс болды).

БЕНЕДИКТИНЦЫ — бенедиктиндер (530 жылдарда Италияда, Монтеккассионда Нуриялық Бенедикт орнатқан қателіктің ең ескі сопылық ордендердің бірі. IX—XIII ғасырлар — орденнің гүлденген кезі болды. Клюни реформасын жүргізіп, уистерпандықтар конгрегациясын құрудың арқасында бенедиктер ролі өте көтерілді. Батыс Европада христиан дінін таратуда, католик дін жүйесін құруда және католик дінін ұйымдастыруда бенедиктиндер көрнекті орын алды. XIII ғ. бенедиктиндер жетекші рольден айырылып, оларды Францискандар, доминикандар, кейініректе иезуиттер оодені ығыстырылды).

БЕНЕФИЦИАЛЬНАЯ РЕФОРМА — бенефицийлік реформа (атты әскер қүру мақсатымен Карл Мартелл жүргізген соғыс реформасы. Әскери қызметке түскен адамдар бенефидий түрін де жер алды, бұл олардын қызметі үшін төленетін өзіндік төлем еді. Бепефицийлік реформа нәтижесінде үстем тап арасындағы жер жон жекебастық қатынастар мемлекеттік түрге айналды; феодалдар табы әскери —қызмет сословиесіне айналды).

БЕНЕФИЦИАРИИ — бенефициарий (бенефиций алушы феодалдар табының өкілі),

БЕНЕФИЦИЙ — бенефиций (1. Рим правосында — жеке адамдарға берілетін жеңілдіктер; 2. ертеректегі орта ғасырлар дәуірінде бір түрлі қызмет істегені үшін (әсіресе әскер қызметі) берілетін жер билеудің бір түрі. Бенефиций мерзімсіз берілді. Бенефиций алушы шартты бұзатын болса, бенефицийді қайтып алуға болатын болды. Бенефиций корольдармен қатар басқа феодалдар да беретін болды. Бенефиций жүйесінің одан әрі дамуына байланысты ол мирасқа беріле бастап, шартты - серілік иелікке—ленға айналды. 3. католик дінінде —«бенефиций» деп шіркеу қызметін және соған байланысты табыс түрлерін айтады).

«БЕОВУЛЬФ» — поэма, «Беовульф» поэмасы (ежелгі англ-саксон поэзиясыныц бүгінгі жеткен ең үлкен ескерткіші. Ол VI ғасырлардағы тарихи оқиғаларды баяндайтын халық жырлары негізінде жазылған. Әдеби түрде өңдеу VIII—IX ғасырларда жазылған болуы ықтимал).

БЕРБЕРЫ — берберлер (Терістік Африканың батысын, Ал­жир Сахарасының оазистерін және Триполитанияны жайлағап байырғы халықтардың тіл тобы).

БЕРНА — берна (Чехиядағы мемлекеттік салық).

БОГОМИЛЫ — Құдай сүйгіштер (діни ерес түрінде тараған Болгариядағы феодалдарға қарсы шаруалар қозғалысына қатысушылар).

БОГОСЛОВИЕ — «Құдай сөзі» (Құдай туралы, оның атри-буттары (сапалары) туралы, діни догматтары туралы, «қасиетті кітап» туралы шіркеу ілімі. Әр килы дәуірде әр түрлі діндер жасаған бұндай ілімдер аз емес. Догматикалары сан алуан бол­са да олардың бәрінің мақсаты бір болды—ол құдайға деген нанымды дәлелдеу. Демек, бүл ілімдер қалың бүқараны езудің, қанаудың құралына айналды).

«БОЖЕСТВЕННАЯ КОМЕДИЯ» — «Құдайшылық коме­дия» (1307—1321 жылдары жазылған ұлы Италия ақыны Алигьері Дантенің поэмасы. Бұл шығарма Италияның әдебиет тілінің қалыптасуының негізін салды).

«БОЖИЙ МИР», «БОЖЬЕ ПРЕМИРКЕ» — «Құдай ісі», «құдай келісімі» (белгілі бір мерзім ішінде соғыс әрекеттеріне тиым салу арқылы феодалдар арасындағы бақастық соғыстарды өз бақылауына алып, оларды тежеу үшін жасаған католик шіркеуінің әрекеттері).

«БОЖИЙ СУД» — «Құдай соты» (ісі сотқа түскен адамдардың айыпты емес екенін анықтайтын тәсілі; ертеректегі орта ға сырлар кезінде Батыс Европада сотталғандарды отқа қақтап, оларға су шашып, не темір қарылды, сот жекпе-жегіне түсті).

БОКЛЕНД — бокленд (жеке адамдардың меншігіне король грамотасы бойынша берілетін жер бөлігі. Бокленд бойынша жер сыйлау Англияда норман шапқыншылығына шейін кең тарады. Бұл жағдай жеке меншіктің қалыптасып, феодалдық қатынастардың даму процесін тездетті).

БОЛОНСКЙЙ КОНКОРДАТ — Болонье конкордаты (1515 ж. Болонье қаласында Француз королі Франциск пен папа X.Лев арасында жасалған келісім. Болонье конкордаты француздық галликандық шіркеудің тәуелсіздігін көрсетіп, король қарамағыва шіркеу жерлерін берді және дін қызметіне адамдар тағайындау правосын бекітті).

БОНДАРИЙ — бондарий (жер өлшемі; Сен-Жермен полиптігін бастырушы Герардың пікірінше, бондарий, пертика т.б. квадрат өлшемі бондарий 128 арға пара-пар; кейбір зерттеушілер оны ұзындық өлшемі деп жүр).

БОРДАРИЙ — бордарийлер (қарамағында толық жер бөлігі жоқ Англияның орта ғасырдағы тәуелді шаруалар категориясы. XI ғасырда бордарийлер барлық ағылшын шаруаларының 1/3 бөлегі еді. Кейініректе олар тәуелді шаруалардың басқа тобымен сіңісіп кетті).

«БОСОНОГИЕ» — «Жалаң аяқтар» (1634 ж. Нормандиядағы ірі халық көтерілісіне қатысушылар. Көтерілістің басталып кетуіне «габель» деп аталатын сұрапыл ауыр тұз салығы себеп болды. Бұл қозғалысты жалаңаяқ Жан басқарды).

БРЕСТСКАЯ УНИЯ— Брест униясы (1596 жылғы Брест соборына Речь Посполита жерінде католик және православие шіркеулерінің бірігуі. Брест униясы бойынша поляк феодалдарының қол астында болған Украина мен Белоруссияның правосла­вие Рим папасының басшылығымен католик шіркеуінің догматтарын мойындауға тиіс болды. Брест униясы дін адамдарының неке қиып, құдайшылық кызметті шіркеу—славян тілінде жүргізуді мүмкін деп тапты. Брест Белорусь жерлерінде саяси үстемдігін нығайтудың құралы еді. Ресми түрде 1946 ж. Львовтағы шіркеу соборында таратылды).

БРЕТОНСКАЯ МАРКА — Бретонь маркасы (Францияның тарихи облысы. Ұлы Карл кезінде Ролланд басқарған мықты бекініске айналды).

БРЕТОНСКИЙ ЦИКЛ — Бретон циклі (орта ғасырлық серілік романдардың бір тарауы).

БРЕТОНЦЫ — бретондықтар (Бретань түбіндегі Франция халқы. V—VI ғасырларда англ-сакстер шабуылы пәтижесінде Британнядан қоныс аударған кельттер ұрпағы). БУРГГРАФ — бургграф (әдетте феодалдык топтар ішінен император не қала сеньоры тағайындаған ортағасырлык Герма-ниядағы қала басы. XIII ғасырдан бастап калалардың экономи-калық дамуы өсіп, олардын өзін-өзі басқаруына ұмтылуына байланысты бургграф бірте-бірте өз мағынасын жоғалта бастады).

«БУРГОВАЯ ТЕОРИЯ» — «бург теориясы» (Ортағасырлық қалалардың шығуын түсіндіруге тырысатын буржуазиялық тарихшылар мен экономистердің теорияларының бірі. Қалалар дамуының әлеуметтік - экономикалық тамырларын жоққа шығарып, «бург теориясы» қалалар қорғандардан, бекіністерден (бург) шықты деп есептейді).

БУРГУНДСКАЯ ПРАВДА — «Бургундия заңы» (Бургундтар тайпаларының әдеттері негізінде V ғ. аяғында — VI ғ. басында Бургундия корольдарыныц заңдары мен нұсқауларының жинағы. «Бургундия заңы» Бургундия корольдігінің ертеректегі тарихын үйретуде, онда таптық қоғам дамуын және бургундықтардың галлия — Рим халқы мен қатынастарын зерттеуде ерекше орын алатын кұнды дерек).

БУРГУНДЫ — бургундар (алғашқы кезде Бернхолым аралы мен Одра өзенінің бойын жайлаған герман тайпасы. Оңтүстік —батысқа бет алып жылжыған бургундар V ғ. басында Бормс қаласын орталық етіп, корольдік құрды. 436 ж. оларды Рим қолбасшысы Аэций күйретті. 443 ж. олардың қалдықтары федераттар (одақтастар) ретінде Савойя, кейініректе Лион провинцияларына орналастырылды. Рим империясының әлсірегенін пайдаланып бургундар Рона өзенінің бойын алып қойды. 457 ж. бургундия корольдігін орнатты, сөйтіп франк мемлекетінің құрамына кірді. Қейініректе француз ұлтын құрған топтар қатарына қосылды.

БУРЖУА — буржуа (1. Феодалдык қоғамдағы сословиелердің бірі болған Батыс Европадағы орта ғасырлық. қала халқы; 2. буржуазия табының өкілдеріне қолданылатын ат).

БУРЖУАЗИЯ — буржуазия (капиталисте қоғамның үстем табы, өндіріс құралдарынан айырылған жұмысшылардың жалдамалы еңбегін қанау арқылы өмір сүретін өндіріс құралдары мен негізгі аспаптар меншігіне ие тап).

БЮРГЕРЫ — бюргерлер. (Батыс Европаның феодалдық кала халқы цех қолөнері мен сауданы экономикалык негіз еткен ка­ла сословиесі. Бюргерлер сословиесі құрамы жағынан бір қилы болмады. Олардың қатарынан одан әрі даму нәтижесінде буржуазия табы қалыптасқан ауқатты топ бөлініп шықты. Уақ қолөнершілердің, шебер көмекшілерінің, қала плейбейлерінің негізгі тобы тарих сахнасына келген пролетариаттыц қалыпта-

БРИТТЫ — бриттер (біздің эаманымыздың V ғасырына шейін Британияның негізгі халкы болған кельт тайпалары. Англ-сакстер шапкыншылығы нәтижесінде олардың көбі құртылды, біразы Уэльс пен Шотландияға ауысты, ал енді бір тобы кейін Бретень деп аталған галлиядағы Арморика түбегін қоныс етті. Англсакстер колында қалған бриттер тобы болашақ ағылшын ұлтын құрған негізгі элементтердің біріне айналды).

БУЛЛА — булла —(мөр қойылған император не папа актілерінің аты. Кейініректегі дәуірде булла деп папаның тек маңызды указдары мен салтанатты хаттарын ғана атайтын болды).

БУДАРИИ — см. Бондарий.

БУРБОНЫ — бурбондар (Францияда 1580—1792, 1814 — 1848 жылдары, Испанияда 1700—1868, 1847—1931, Неапольда 1735—1806, 1814—1860 жылдары тақта отырған Француздың корольдік династиясы),

БУРГ — бург (сыртқы жаулардан қорғау үшін салынған ор­та ғасырлық Батыс Европадағы бекініс орын. Қейініректе бург әскери және әкімшілік орталықтарға, сондай-ақ епископ резиденцияларына айналды. Қрепостниктік шаруаларды бағындыру үшін феодалдар бург (қорғандар) салды. Кейбір бургтер XI ғасырдан бастап қалаларға, қолөнері мен сауда орталықтарына айналды. XIV—XV ғасырларда орталық өкіметтің күшеюіне байланысты және артиллерияның шығуы нәтижесінде бург өз мағынасын жоғалтып алды).

БУРГУНЬОНЫ — Бургуньондар (XIV ғ. екінші жартысында және XV ғ. басында, Жүз жылдық соғыс кезіндегі Франциядағы саяси дағдарыс уақытында өкімет билігі үшін таласқа түскен феодалдық топтардың бірі. Бүл күрес тек 1477 ж. XI Людовик кезінде ғана Өжет Карл өлген соң аяқталды (см. Арманьяки).

БРОДНИҚИ — «қаңғыбастар» (XII—XIII ғасырлар терістік Қара теңіз бойының далаларын мекен еткен қырық рудан құралған қайыршы топтар. Зерттеушілер олар Киев мемлекетінен шыққандар мен сіңісіп кеткен байырғы славян жұртының қалдығы деп жорамаланды).

«БРЮГСКАЯ ЗАУТРЕНЯ»— «Брюге азаны» (1302 ж. 15 майдағы француздар үстемдігіне қарсы Фландрия қаласы Брюгге халқының котерілісі. Көтеріліске ұйтқы болған Француз королі IV Филипптің өкіметіне және олармен одақта болған қала патрициатына қарсы шыққан қолөнершілер мен қала халқының төменгі тобы еді. «Брюгге азаны» кезінде 300 адамдай француз гарнизоны құртылды. «Брюгге азаны» сайып келгенде 1305 ж. Фландрияның басым көп бөлігін азат етуге әкеп соққан Франция қалаларын Француз үстемдігіне қарсы көтеріліске дем берді).




  1   2   3   4   5


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет