Ф- әд -001/36 Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



Дата02.12.2019
өлшемі105.08 Kb.
Ф- ӘД -001/36
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ

ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

Гумаитарлық ғылымдар факультеті

Дінтану кафедрасы

«Бекітемін»
Гуманитарлық ғылымдар

факультетінің деканы, филос.ғ.к.

_______________CАбжалов

«___» __________ 2018ж.




В.070 «Ясауитану» пәнінің
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Университеттің барлық мамандығына арналған

Түркістан - 2018


.
Пәннің оқу бағдарламасы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-ң «Дінтану» кафедрасында ХҚТУ университетінің Сенатының 27.06.2013ж. N6 хаттамасымен бекітілген оқу жоспары негізінде дайындалды

Пікір жазғандар:


Қазақстан мұсылмандағы діни басқармасының аппарат жетекшісі, теология докторы Мырзаев Б.
Ф.ғ.к., доцент Қ.Қаратышқанова

Оқу бағдарламаны құрастырған: Кенжетай Д – филос.ғ.д.,профессор

Мырзабеков М – филос.ғ.к., аға оқытушы

Жандарбек З – т.ғ.к., доцент


Оқу бағдарламасы кафедраның № «1» 25.08. 2018 ж.мәжілісінде қаралды.


Кафедра меңгерушісі: _______________ филос.ғ.к. Қ.Қаратышқанова

Факультеттің Оқу-әдістемелік Кеңесінің № «» 20 ж. мәжілісінде мақұлданды.


Кеңес төрайымы _____________п.ғ.к. М.Джаздықбаева

ТҮСІНІКТЕМЕ ЖАЗБАСЫ

Пән туралы қысқаша мазмұны: Бүгінгі таңда Ясауи ілімінің мәнін, маңызы мен ерекшеліктерін анықтау – тарихымыздың өткені мен бүгіні арасындағы рухани арналар сабақтастығын қалпына келтіруге ықпал етеді.

Ясауи дүниетанымы адамды ішкі еркіндікке жетелейтін ар түзейтін ілім және қоғамдық, әлеуметтік, ынтымақ пен бірлікке ұйытқы болатын даналықтың кені. Осы мақсатта Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетіндегі барлық мамандықтардың оқу жоспарларында Ясауитану пәні енгізілген.Білім алушыларға халқымыздың тарихын, ұлттық мәдениетіміз бен түркілік шынайы дін түсінігімізді таныту. Өзіндік дүниетанымы, ой еркіндігі, ар-ождан бостандығы, білімге құштарлықты, ақиқатты сүйетін, жасампаздыққа бейім отыншылдықты қалыптастыру.

Сопылық жол, сопылық қайнары, мақсаты, дүниетанымдық ерекшелігі, сопылық тариқаттар, олардың дүниеге таралуы. Ахмет Ясауидің сопылық түсінігі. Ясауидің жеті ұстанымы. Ясауи ілімінің тарихи және бүгінгі күндегі маңызы. Хикмет мағыналары және ерекшеліктері оқытылады.Студенттерге Ясауи ілімінің маңызы туралы түсінік беру.

Пәннің мақсаты: Мәдениетсіз рух тіршілік ете алмайтыны сияқты, қоғам да

мәдениетсіз, тарихсыз, яғни рухани ұстындарсыз өз болмысы мен дамуын баянды ете алмайды. Ал ұлттың рухани жаңаруы оның төл мәдени-рухани арналармен үндестігіне байланысты екендігін тарих тәжірибесі айқындап отыр. Сондай рухани бастау болып табылатын Қожа Ахмет Ясауи ілімі мен дүниетанымы қазақ мәдениеті мен адам әлемінің ділдік түлеу құбылысы тұрғысынан маңызды орынға ие болып отыр. Бүгінгі таңда Ясауи ілімінің мәнін, маңызы мен ерекшеліктерін анықтау – тарихымыздың өткені мен бүгіні арасындағы рухани арналар сабақтастығын қалпына келтіруге ықпал етеді.



Пәннің міндеттері: Дін ұғымы анықтамасы, оның шығу тегіне қатысты тұжырымдарды әлеуметтік қызметтерін және қоғамдағы рөлін білу.Ислам діні, қайнарлары, Құран мен Сүннет, мазмұны мен құрылымы, мәнін білу.Хазіреті Мұхаммед пайғамбар өмірінен және оның биік тұлғасынан тәлім алу. Исламның иман, ғибадат, ахлақ негіздерін білу.Сопылық, қайнары, мақсаты, дүниетанымдық ерекшелігі, сопылық тариқаттар, олардың дүниеге таралуы.Қ.А.Ясауидің сопылық түсінігі.Ясауидің жеті ұстыны.Ясауи ілімінің тарихи және бүгінгі күндегі маңызы.Хикмет мағыналарын талдай алу.
Пәнді оқытудың сонғы нәтижесі:Сопылық ілімнің негізгі ғылыми тұжырымдамалары мен әдістемесі, Ахмет Ясауи ілімінің негіздері, ерекшеліктері мен даму тарихы туралы білімі; Мәдениеттің мәнін адамның өмір сүруінің формасы ретінде түсінуге және өз іс-әрекетінде толеранттық, пікір алмасу және серіктестіктің заманауи принциптерін білу;сопылық жол туралы ғылыми ақпараттарын өңдей алуға қабілеттілігі; сопылық позициясынан діни мәселелерді түсіндіру және сыни талдау жүргізуге қабілеттілігі.Дүниетанымдық, әлеуметтік және жеке маңызды философиялық мәселелерді сараптай білуге қабілеті, түрлі діни мәселелерде жалпы адамзаттық құндылықтар түрғысынан өз позициясын құра алуы; қоғамда толерантты түсінік қалыптастыру мен ұлттық құндылықтады қастерлеу; кәсіби теориялық білімін тәжірибеде қолдана алу дағдыларына ие болу. Оқу бағдарламасына сәйкес білімгерлердің терең білімдерін қалыптастыру, оқуға берілген кредит саны шеңберінде мәдениет пен діннің өзекті мәселелерін түпкілікті меңгерту, алған білімдерін тәжірибеде қолдануға үйрету болып табылады.

Пререквизиттер: Адам және қоғам
Постреквизиттер: Сопылық тарихы және философиясы

ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ

Ясауитану пәні

Ясауитану пәні, пәннің анықтамасы, зерттеу әдістері мен түсіндіру принциптері. Ясауи тануға қатысты зерттеулер Ясауитану пәні мен маңызы, Ясауи ілімі мен ислам діні арасындағы байланысы.

Ясауи ілімінің ислам дінде, оның ішінде сопылық тариқаттар арасынан алар орны. Ясауи жолының түркі мәдениетін қалыптастырудағы орны.

Ислам дінінің тарих сахнасына шығуы. Сопылық ілімнің қалыптасуы. Табиғаты мен этникалық болмысы әртүрлі халықтарда ислам дінінің өмір сүру формасының қалыптасуы. Ясауи жолының қалыптасуы мен сол дәуірдің тарихи шындығы. Ясауи ілімінің қалыптасуы


Ясауи ілімінің негіздері және Мұхаммед пайғамбар

Мұхаммедтің дүниеге келуі. Оның ата-тегі; балалық және жастық шағы. Мұхаммедтің пайғамбарлыққа дейінгі тұлғасы. Мұхаммед әл-Әмин. Мұхаммед пайғамбардың адамдармен қарым-қатынасы. Әділеттігі, қарапайымдылығы, сабырлылығы, адалдығы, пәктігі, тазалығы, үйренуге құштарлығы. Алғашқы уахи (610ж.) пайғамбар таңдалуы. Хаққа шақыру, алғашқы мұсылмандар. Мекеліктердің қарсылықтары, мұсылман өміріне қауіп төнуі олардың Мәдинаға көш етуі (622ж).

Мәдина дәуірі. Мекелліктердің мұсылмандарға қарсы әрекеттері, олардың арасындағы соғыстар. Соғыстағы мұсылмандардың қайсарлылығы. Худайбия келісімі, оның тиімді жақтары. Мекегің соғыссыз алынуы. Қағбаны пұттардан тазарту. Қоштасу қажылығы және құтпасы, оның мазмұны. Соңғы құтпасы. Екі өсиеті. Миғраж.

Мұхаммед пайғамбардың көркем мінезі. Диуани Хикметтегі пайғамбар туралы хикметтер.



Ясауи жолының негізгі арналары

Құран: мазмұны мен құрылымы. Сүре және аяттар; Құран ғылым мен білімнің. «Оқып ұқсаң, хикметтерінің барлық мағынасы – Құран.» Құранда ар мен сыр туралы аяттар. Адамның ішкі психологиялық дерттері. Адамды парасатты мінезге шақыратын аяттар. Практикалық мораль философиясының негіздері.

Мұхаммед пайғамбардың сөзі мен іс-әрекеттері, және оның адамзатқа үлгі болуы. Диуани хикметтегі Ясауи жолының негіздері жайлы хикметтер.
Ясауи ілімі-имандылық жолы

Таухид сенімі. Құран мен сүннет иман негіздерінің қайнары. Иман шарттары, Ясауи хикметтерінде иман негіздерінің айтылуы.


Ясауи жолында құлшылық негіздері

Ғибадаттың Ясауи жолындағы міндеттелуі. Ясауи жолының парыздары. Диуани хикметтегі ғибадат туралы хикметтер. Ғибадат феноменологиясы мен психологиясы. Ясауиде ішкі құлшылық, ішкі нұрлану, арылудың көзі-жүрек пен ождан.


Ясауи дүниетанымында моральдық ұстындар

Ахлақ (мораль) – адамның өмір сүру тәсілі қалауы және еркімен жасаған әрекеттері. Құран теориялық, сүннет практикалық ахлақтың негізі. Ясауи жолында иман, ғибадат және ахлақтың бірлікте қарастырылуы. Ясауидің моральдық-этикалық жүйесі бойынша адамның жауапкершілігі мен уәзипалары. Аллаға және пайғамбарға, отбасылық, қоғамдық, азаматтық, жақын және басқа адамға.

Диуани хикметте ар турасындағы хикметтер. Сопылық-ахлақ. Суфилер қоғамдағы көркем-мінез ұстаздары.
Сопылық. Қ.А.Ясауидің сопылық түсінігі

Сопылықтың мәні рухани-адамгершілік ілімі. Сопылықтың пайда болуы, қалыптасуы мен дамуы. Оның қайнары және мақсаты. Сопылықтың Орта Азияға таралуы және Түркі сопылық тариқатының қалыптасуы. Сопылық терминдер. Сопылықта кемел адам концепциясы. Ясауидің сопылық түсінігі-шынайы түркілік мұсылмандық жол. Диуани хикметтегі сопылық жайлы хикметтер.


Қ.А.Ясауидің өмірі және шығармашылығы.

Қ.А.Ясауидің өмір сүрген кеңістігі мен уақыты жайлы ғылыми тұжырымдар. Оның өмірі мен тұлғасына қатысты деректер (Насабнама, Жауаћир-ул Абрар, Диуани хикмет, Мират-ул Қулуб, Бустан-ул Мухиббин, Ламахат т.б.) Қ.А.Ясауидің ата-тегі, балалық шағы, білім жолына түсуі және пірге қол беруі. Қ.А.Ясауидің ұстаздары (Шахабаддин Исфиджаби, Арыстанбаб ... )

Отбасылық өмірі. Қайтыс болуы және Яссыда жерленуі. Түркі мәдениеті мен тарихындағы орны.

Қ.А.Ясауидің шығармалары: Диуани хикмет, Пақырнама, Миратул Қулуб. Тарихат этикасы олардың мазмұндық желісі.


Қ.А.Ясауидің дүниетанымы

Қ.А.Ясауи дүниетанымының тірегі Құран және Сүннет. Қ.А.Ясауидің дүниетанымдық ұстанымының жеті сатысы: Аллаға ғашықтық, ықылас, адамға деген махаббат, діни төзімділік, ер мен әйел теңдігі, адал еңбек және білім. Қ.А.Ясауидің сопылық жолы-ар түзейтін ғылым. Бұл ұстанымдарға қатысты хикметтер.


Қ.А.Ясауи ілімінің тарихи маңызы

Қ.А.Ясауидің түркі тілі мен мұсылмандығының өркендеуіне қосқан үлесі. Шынайы құдай жолын тарату әдісі, хикмет дәстүрі.

Түркілік мәдениет және мұсылмандық діни түсінік ерекшеліктері. ¦лттық мәдениет жүйесіндегі Қ.А.Ясауи мұрасының маңызы.

Қ.А.Ясауидің ізбасарлары. Қ.А.Ясауидің Иасыда мектеп ашып шәкірт тәрбиелеуі. Ясауи жолының халифалары (орынбасарлары): Хәкім ата, Мансур, Зеңгі баба т.б.

Ясауи ілімінің түркілер мекендеген аймақтары таралуы. Оның жолын ұстаған рухани шәкірттері. Орта Азия, Шығыс Түркістан, Еділ бойы, Анадолы, Балкан, Кавказ бен Қырымдағы шәкірттері тарапынан Ясауи ілімінің таралуы, дамуы және бүгінгі күнімізге жетуі. Танымал ізбасарлары: Қажы Бекташ Әулие, Жүніс Әміре, Ақшәмсиддин, Сары Салтук, Бәдір ата, Мұхаммед Данышменд Зарнуки және т.б.

Ясауи орынбасарлары мен ізбасарларының өз замандарындағы орны мен ролі.


Қ.А.Ясауи білімінің бүгінгі күніміздегі маңызы.

Қ.А.Ясауидің мұрасы түркі жұртының ортақ байлығы. Ясау және Абай, Шәкәрім, Жүніс Әміре танымы арасындағы рухани сабақтастық.

Ясауи ілімі және бүгінгі мұсылмандық болмысымыз. Ясауи тұлғасы мен ілімін танып-білу өткенімізден тағлым алу және оның келешекке бағдар ұстаудағы маңыздылығы. Хикметтердегі сопылық ұғымдардың мағынасы, мәні мен маңызы.
Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы

1. Дiн анықтамасы


2. Ислам дiнiнiң пайда болуы

3. Мұхаммед пайғамбар өмірі

4. Исламның басты қайнарлары

5. Исламның сенім негіздері

6. Исламның ғибадат негіздері

7. Исламның ахлақ негіздері

8. Ислам сопылығы

9.Сопылық терминологиясы

10. Қожа Ахмет Ясауи өмірi

11. Сопылық –ар түзейтін ілім

12. Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы

13.Ясауи ілімінің тарихи маңызы

14. Ясауи ілімінің бүгінгі күніміздегі маңызы
Студенттің өзіндік жұмысы
1.Ясауи білімінің бүгінгі күніміздегі маңызы

2.Әр түрлі халықтарда ислам дінінің өмір сүру формасының қалыптасуы.

3.Ясауи ілімі мен ислам діні арасындағы байланысы.

4.Ұлттық мәдениет жүйесіндегі Қ.А.Ясауи мұрасының маңызы.

5.Сопылық ілімнің қалыптасуы

6.Ясауи ілімінің негіздері және Мұхаммед пайғамбар

7.Диуани Хикметтегі пайғамбар туралы хикметтер.

8.Ясауи жолының негізгі арналары

9.Қ.А.Ясауидің ізбасарлары

10.Ясауи хикметтері



11.Ясауи дүниетанымында моральдық ұстындар

12.Диуани хикметте ар турасындағы хикметтер

13.Ясауи ілімінің тарихи маңызы

14.Сопылықта кемел адам концепциясы.

15.Сопылықтың Орта Азияға таралуы

16.Диуани хикметтегі сопылық жайлы хикметтер.

17.Қ.А.Ясауидің өмірі және шығармашылығы.

18.Ясауидің шығармалары

19.Қ.А.Ясауидің дүниетанымы

20.Ясауи кесенесі.

21.Ясауидің сопылық түсінігі-шынайы түркілік мұсылмандық жол.
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ Негізгі:
1.А.Асалыоглы.Діндер тарихы.-Түркістан: Тұран баспасы, 2011

2.Н.К.Зейбек, Қ.А.Ясауи жолы және таңдамалы хикметтер, Анкара, 2003

3.Н.К.Зейбек, Иасауи жолы, Анкара, 2003

4.Д.Кенжетаев, Қ.А.Ясауи дүниетанымы, Түркістан, 2004

5.Қ.А.Ясауи. Көңілдің айнасы, дай:Д.Кенжетаев, Анкара, 2001

6.Хизметли С. Дінтану, Шымкент, 2001

7.Ғ.Есім;А.Артемов;С.Қанаев;Г.Біләлов, Дінтану негіздері, Алматы, 2003

8.Ясауитану.Оқу құралы.- Түркістан, 2002



9. М.Мырзахметов, Иасауи тағлымы, Түркістан, 1996

10.М.Ф.Көпрүлү, Қ.А.Ясауи танымы және тағлымы, Шымкент, 1999



11.Н.Нұртазина, Қазақ мәдениетi және Ислам.
Қосымша

  1. А.Құнанбайұлы, Қара сөздер, Алматы, 1993.

  2. Акимушкин О.Д. Суфийские братства: сложный узел проблем // Тримингэм Дж. С.

Суфийские ордены в исламе. –Москва: Наука, 1989.

  1. Арғынбаев Х. Мұқанов М. Востроев В. Қазақ шежіресі хақында –Алматы,2000.

  2. Бартольд В.В. Сочинения Т. І-ІХ.

  3. Бегалинова К.К.,Суфизм как религиозно-философская концепция мира и человека, А.,

1999

  1. Большаков О. Г. История халифата. Т. ІІ-ІІІ. –М.: 2000.

  2. Бүгiнгi дiнтану мәселелерi, Түркiстан, 2004

  3. Дж.Тирмэнгэм, Суфийские ордена в Исламе, М.,1989.

  4. Есім.Г. Суфизмге кіріспе/Сана болмысы/Саясат пен мәдениет туралы ой-А., 1998

  5. Иасауи жолы, журналы, Түркiстан, 2004

  6. Чандароғлы, Г., Исламға дейiнгi түрiк тарихы және мәдениетi, Түркiстан, 1999

  7. Шейх Саид-Афанди. Сокровищница благодатных знаний. –Москва: 2003.

  8. Шортанбай. Жыр, толғаулар/ Алматы: Жалын. 1993.

  9. Cebecioglu E., Tasavvuf Terimleri ve Degimleri Sozlugu, Ankara, 1997

  10. Eraslan, K., Divan-i Hikmetten secmeler, Ankara, 1983

  11. Koprulru F., Turk edebiyatinda Ilk Mutasavvuflar, 1993

  12. Mert H., Hoca Ahmet Yesevi, Ankara, 1999

  13. Шах Идрис, Суфизм, М, 1994


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет