Ф 02-05 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



жүктеу 0.55 Mb.
бет1/4
Дата28.04.2016
өлшемі0.55 Mb.
  1   2   3   4
: ckfinder -> userfiles -> files -> katalog -> pik kaz
files -> Халыќ денсаулыєы жјне денсаулыќ саќтау жїйесі туралы
files -> Мазмұны кіріспе
files -> Есеп комитеті қызметінің негізгі қорытындысы
files -> Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының 2013 жылғы 1-тоқсандағы бақылау қызметінің негізгі қорытындысы
files -> Инструкция по эксплуатации Производитель : «Prestige Medical Ltd»
katalog -> Пәндердің элективті каталогы
katalog -> Пәндердің элективті каталогы
pik kaz -> Ф. 02-10 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Ф.7.02-05

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ФАКУЛЬТЕТІ
«Бейнелеу өнері және кескіндеме» кафедрасы



Мамандығы 5В041300-Кескіндеме
Пәндердің элективті каталогы
Шымкент 2014 ж.

Құрметті студенттер!


Кредиттік оқу жүйесінің басты ерекшелігі әрбір студент үшін жеке оқу траекториясын қалыптастыру болып табылады. Студенттің жеке жоспары міндетті пәндер және таңдау компоненттері бойынша пәндерден тұрады, сонымен бірге кафедра эдвайзері мен факультет администраторы көмегімен белгілі бір пәндерді таңдай отырып өзінің жеке оқу жоспарын жасақтайды. Студенттің жеке оқу жоспарында 131 кредит, оның ішінде бір семестр бойында 18-22 кредит көлемінде болады.

Сіздердің назарларыңызға таңдау компоненттері бойынша пәндерден құралған элективті пәндер курстар каталогы ұсынылады. Сіз міндетті және таңдау компоненттері бойынша пәндер көмегімен өзінің оқудың жеке траекториясын қалыптастыруға болады. Элективті курстар каталогында барлық пәндер мен компетенцияларының жазбасы келтірілген.



Пәндерді таңдау және курсқа жазылу ИС ВУЗ басқарудың автоматтандырылған жүйесінде келесі кезеңдер бойынша жүзеге асырылады: 1 курс студенттері үшін – 25 тамыздан 31 тамыз аралығында; 2,3,4 курс студенттері үшін 15 наурыздан 15 сәуірге дейінгі аралықта.


Модуль атауы

Пән атауы

Цикл

Пәннің коды

Кредит саны

Пәннің форматы д/сем/ЛПЗ/ ОСӨЖ/СӨЖ

Семестр

Курсовые

Пререквизиттері/ постреквезиттері

Пәннің қысқаша мазмұны мен мақсаты

Компентенциялары

Оқытушылар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11




ЖАЛПЫ МІНДЕТТІ МОДУЛЬДЕР

МММ 1.15 Қазахстан бейнелеу өнері тарихы мен теориясы (4 кредит)

Қазахстан бейнелеу өнері тарихы мен теориясы

БД/КВ

IIIK 4219

4

2/2/0/4/4

7

 

Пререквизиттер: Қазақстан тарихы, Қазақ әдебиеті. Постреквезиттер: Қазақтан өнер тарихы, деректану, мәдениеттану, көмекші тарихи пәндер.

Пән мақсаты студенттерге Қазақстан бейнелеу өнерінің шығу тарихымен, жанырларымен, барлық түрлерімен, атақты суретшілердің, мүсіншілердің, сәулетшілердің, репродукциялары арқылы жұмыстармен таныстыру, эстетикалық сезімдерін, талғамын ояту. Жақсы мен жаманды айыра білуді үйрету. Патриоттық, эстетикалық, эколгиялық тәрбиелер жөнінде түсінік береді. Ә. Қастеев, Н.Н. Таңсықбаев, Т.Б. Телжанов, М.С.Кенбаев, К.М.Шаяхметов, А.Ғалымбаева, Р.Сахи, Е.Толепбаев, М.Аманжолов сияқты аты әйгілі суретшілермен қатар, қазіргі өнер сахнасында көріне бастаған жас суретшілердің де еңбектерімен танысып, оларды талдап үйренеді. Пән мазмұны: 60 ж басы 19ғ азақстан бейнелеу өнерінде жаңа идеялы шығармашылық тенденциялары ерекшеленеді. 50 жылдардың соңы мен 60 жылдардың басында бейнелеу өнерінің дамуы тағы бір сатыға жоғары көтерілді. Бұл өзгеріс дипазонның кеңдігінен көркемдік формаларды жаңалаумен нақтылықтың ең қиын құбылыстарын басып ашып көрсетумен байланысы. 60 жылдардың басы кеңес бейнелеу өнерінде жаңа идеялы- шығармашылық тенденциялары. 50 жылдардың соңы мен 60 жылдардың басында бейнелеу өнерін дамуы сатысы. Жанырлар мен шығармашылық ізденулердің көп түрлілігі. Әлеуметтік жағдайлардың передвижниктердің өмірі мен тарихы

Қазақстан өнер тарихын білу; Қазақстанның қазіргі таңдағы ағымдарын білу; Қазақстан суретші-шеберлерінің туындыларын талдай және зерттей білу.

7,8




Қазахстан сәндік қолөнер тарихы

БД/КВ

IDPI 4219

4

2/2/0/4/4

7

 

СҚӨ негіздері пән ретінде. Курстың анықтамасы, мақсаты, тапсырмалары және мазмұны. «Композиция», «құрылыс», «құрылым», «функционалдық», «әсемдік сипаты» ұғымдарының анықтамасы. «Композиция» курсының арнайы оқу пәндерімен байланысты. Өнертану теориясының композициядағы орны. Көркем шығарманың психологиясы. Композициялық суретші-қолөнерші педагогты дайындаудағы рөлі мен орны. «СҚӨ-дегі композиция» мен «бейнелеу өнеріндегі композицияның» жалпы айырмашылығы.

«Қазақ қолөнер негіздері» курсы студенттердің «Қазақ халқының қолөнері», «Сәндік қолданбалы өнер», «Қолөнер негіздері» пәндері бойынша алған білімдерін жетілдіруді, сонымен қатар үлгілерді құрастыру және үлгілеу барысын меңгеріп, бұйымды өңдеудің технологиялық реттілігін, материалдарды эстетикалық талғамға сай таңдап, талапқа сай сапалы бұйымдар дайындауға үйрету. Курсты оқу барысы мен оның нәтижесінде студенттер схемаларды құрастыру мен оларды айыра білуге, үлгілеуге киімді құрастыру, оюды өңдеу процестерін реттілікпен орындауға дағдыланады. Әр практикалық сағатқа студент берілген тапсырманы орындауға қажетті материалды қайталап, әрбір таңдалған үлгіге қарай түсін, құрастыру сызықтарын технологиялық бірізділігін сақтай отырып орындау қажет. Матамен әдемі үйлестіре отырып, оюды мата бетінде дұрыс орналастыру қажет.

Қазіргі замандағы информациялық технологиялары кәсіби өсу барысында жаңа мүмкіншіліктер ашады.
- жаңа информация көзіне қол жеткізу ( әр түрлі көрнекі мағұлматтар базалары, жаңалық қызметі және интернет).
- кәсіби шеберлікке қол жеткізу және оны шындау
- жаңа оқу әдістемесінің әр түрлі формаларын іске асыру

7,8

МММ 1.16 Көркем шығармаларды талдау (4 кредит)

Көркем шығармаларды талдау

БД/КВ

AHP 4220

4

2/2/0/4/4

8

 

Пререквизитері: Студенттердің көркемдік көзқарасын қалыптастыру, шығармашылық қиялын және образдық ойлауын, көркемдік қадағалауын, көз мөлшерін дамыту. “Көркемдік шығармашылық талдау” пәнін оқып білу нәтижесінде студенттер кескіндеме түрлерін, суретшілердің көркемдік шығармаларымен танысып, талдау жасай алу керек. Кескіндемелік бейнелерінің жіктелуін біліп, композициялық жұмыс иллюстрациялардауы керек.

Курстың мақсаты Студенттерге суретшілер шығармашылығы туралы қажетті түсініктемені беру. Бейнелеу өнері түрлері мен жанрлары, орындалу технологиялары мен техникаларының ерекшелігін, өнердегі әсемділікті, көркемдік шығармашылықтың пайда болуы, оны қабылдау процесін үйрету. Студенттердің өнер тарихына көңіл бөліп, көркемдік шығармаларға талдау жасай алуына мүмкіндік туғызу. Практикалық сабақтар:
Бейнелеу өнерінің түрлері, жанрлары. Түс пен кеңістік заттар. Координатаның объективті сипаттамасы. Дөңгелек және иллюзиялық көлем сипаттамасы. Пластикалық метафора және ортағасырлық суретшілерінің кескіндемелік жұмыстары туралы түсіндірмелер. 19 ғасырдың сындық реализмінің социалдық әшкерілігі және камералығы. Үлкен бағдарламалық шығармалардың философиялық негіздері. 17-18 ғасырда сәулеттік пейзаждағы перспектива заңдылықтары және кулистік, саздылық. Ательеде, плэнерде орындалған пейзаждар. Натюрморт – кескіндемелік ізденістің алаңы. Станкілі графика, таңырқау, камералық, ойдың жинақталуы мен шектелуі, адалдық. Сәулет өнері – кезеңнің көркемдік мәдениетінің негізі. Халық шығармашылығы сферасында БӨ әртүрлілігі. Көркемдік ойлау. Көркемдік шығармашылықтың психологиясы.
Г.Ф.Сарықұлованың өнертану еңбектеріндегі Қазақстан суретшілерінің шығармашылығына талдау жасау.

Бейнелеу өнері түрлері мен жанрлары ұғымдарын білу. Әр дәуірдің көркемдік стилдері мен көркемдік мектептерін, әр кезеңдегі бейнелеу өнерінің тәсілдері мен ерекшеліктерін, материалдар мен орындалу технологиясын білу. Оқу пәнінің өзіндік ерекшеліктерін білу.

7,8




Кескіндемелік шығармалардың композициясын талдау

БД/КВ

AKZhP 4220

4

2/2/0/4/4

8

 

Пререквизитері: Студенттердің көркемдік көзқарасын қалыптастыру, шығармашылық қиялын және образдық ойлауын, көркемдік қадағалауын, көз мөлшерін дамыту. “Кескіндемелік шығармалардың композициясын” пәнін оқып білу нәтижесінде студенттер кескіндеме түрлерін, суретшілердің көркемдік шығармаларымен танысып, талдау жасай алу керек. Кескіндемелік бейнелерінің жіктелуін біліп, композициялық жұмыс иллюстрациялардауы керек.

Курстың мақсаты Шеберлердің шығармашылығындағы композиция заңдылықтары, орындалу технологиялары мен техникаларының ерекшелігін, өнердегі әсемділікті, көркемдік шығармашылықтың пайда болуы, оны қабылдау процесін үйрету. Студенттердің өнер туындыларына көңіл бөліп, көркемдік шығармаларға талдау жасай алуына мүмкіндік туғызу. Практикалық сабақтар:
Бейнелеу өнерінің түрлері, жанрлары. Түс пен кеңістік заттар. Координатаның объективті сипаттамасы. Дөңгелек және иллюзиялық көлем сипаттамасы. Пластикалық метафора және ортағасырлық суретшілерінің кескіндемелік жұмыстары туралы түсіндірмелер. 19 ғасырдың сындық реализмінің социалдық әшкерілігі және камералығы. Үлкен бағдарламалық шығармалардың философиялық негіздері. 17-18 ғасырда сәулеттік пейзаждағы композиция заңдылықтары және кулистік, саздылық. Ательеде, плэнерде орындалған пейзаждар. БӨ әртүрлілігі. Көркемдік ойлау. Көркемдік шығармашылық композициясының психологиясы.
Г.Ф.Сарықұлованың өнертану еңбектеріндегі Қазақстан суретшілерінің шығармашылығының композициясына талдау жасау.

Композиция заңдылықтары мен мен ұғымдарын білу. Әр дәуірдің көркемдік стилдері мен көркемдік мектептерін, әр кезеңдегі композиция құрастыру заңдылықтары мен тәсілдері мен ерекшеліктерін, материалдар мен орындалу технологиясын талдай білу. Оқу пәнінің өзіндік ерекшеліктерін білу.

7,8

МММ 1.19 Анатомиялық сурет (5 кредит)

Анатомиялық сурет

ПД/КВ

AR 5303

5

0/5/0/5/5

9

 

Пререквизитері: Сурет сабағында нұсқадан қарап сурет салу, ой-елес арқылы, еске түсіру арқылы сурет салу. Аудиториялық және өзіндік жұмыстар окытушының қадағалауымен жүргізіледі.

Анатомиялық суреттің түпкі мақсаты - студентті кәсіпқой шығармашылық қызметке дайындау. Міндеті - студенттерге эстетикалық талғамдарын қалыптастыру теориялық, практикалық қабілеттерін дамыту композициялық-шығармашылық шеберлігін арттырады. Тақырып 1. Адам және жануар денелерінің анатомиялық кескінін (атласын) бейнелеу.
Тапсырма 1. адам және жануар денелерінің статикалық және динамикалық өзгерістерде анатомиялық ерекшеліктерін бейнелеу; бөлшектерге көңіл бөлу.
Тақырып 2. Адам бас қаңқасын бейнелеу. Адам бас қаңқасын (череп) түрлі қалыптарда бейнелеу:
Тапсырма 2: Адамның бас қаңқасының сүйек жүйесіне толық талдау жасап бейнелеу.
Тақырып 3. Гипсті модельдерді анатомиялық бейнелеу.
Гипсті басты анатомиялық бейнелеу (Экорше)
Тапсырма 3:Натурадан гипсті бастың толық сүйек-бұлшықеттер жүйесін талдап бейнелеу.
Тақырып 4. Гипсті торсты бейнелеу(Экорше)
Тапсырма 4: Натурадан гипсті торстың толық сүйек -бұлшықеттер жүйесін талдап бейнелеу. Академиялық қойылымды жалғастыру. Адам денесінің анатомиялық кескінін бейнелеу. Түрлі бұрылыс қалыптағы адам қаңқасын бейнелеу. Түрлі бұрылыс қалыптағы адамды анатомиялық бейнелеу.

Адам денесінің жеке мүшелерін анатомиясын білу; олардың қимыл-қозғалыс кезеңдегі өзгеріс ерекшелігін білу; көз алдына модель болмаған кезде де бейнені суретке салып, мүсіндеу, көркем бейнелеуге баулу.

1,5




Пластическалық анатомия

ПД/КВ

PA 5303

5

0/5/0/5/5

9

 

Пререквизиттері: анатомия негізінде адам денесін құрастыру туралы түсінік беру қажет. Станокты пластика. Кеңістікте дене бөліктерінің орналасуы және адам денесін бірқалыпты немесе қозғалыста салу.

Курстың мақсаты Пласти-калық анатомияның мақсаты-келешек көркемсурет мұғалімдерін кәсіпкерлік, саналы біліммен қаруландырып, нақты бейнелерді шынайы білімділікпен оқу -методикалық жоспарлы, арнайы пәндерде /сурет, мүсін, көркем сурет/ қолданумен қатар, іске асыру. Пластикалық анатомияны зерттеудің талабы адам денесінің жеке мүшелерін зерттеу, олардың қимыл-қозғалыс кезеңдегі өзгеріс ерекшелігіне назар аудару, көз алдына модель болмаған кезде де бейнені суретке салып, мүсіндеу, көркем бейнелеуге баулу.
Пән мазмұны: Түргеліп тұрған ер кісінің мүсіндік этюді. Дененің өзінің өзіндік ерешелігін табу. Портрет /көлемді жапсыру Каркас - діңгекті дайындау. Балшықты бекітіп, жалпы түбі көлемді белгілеу. Кеңістіктегі байланысты ескеріп, бас, мойын және дене қатынастарын табу. Анатомиялық құрылымына анализ жасау. Портреттік ерекшелігін ашу. Жұмысты тиянақтау, барлық бөліктерді жалпы біртұтастыққа бағындыру. Бас сүйекті мүсін-деу. Балшықтан нақты өлшемде, методикалық ретті сақтай отырып бас сүйекті мүсіндеу. Аяқтың басы. Гипс моделіне қарап аяқ басының нақты өлшемдегі нұсқасын балшықтан тапсыру, аяқ басының құрылымының жеке бөліктерінің байланысының бірлігін ашу. Қолдың басы. Қол басының анатомиялық құрылымына қарап, өлшем қатынастарын сақтай отырып, жұмысты аяқтау. Көлемді гипс моделіне кеңістікте портрет жапсыру /Вольтер, Қайрақшы/ Модельдің нақты өлшем сақтан, методикалық ретімен жұмысты орындау. Каркас - діңгекке балшықты есіріп жапсыру арқылы бас, мойын, дене бөліктерін орнату. Бұл үш бөліктің кеңістікте орналасуын, қимыл - қозғалысын анатомиялық құрылымын табу. Анатомиялық жіктеу.

Пластикалық анатомияны зерттеудің талабы адам денесінің жеке мүшелерін зерттеу, олардың қимыл-қозғалыс кезеңдегі өзгеріс ерекшелігіне назар аудару, көз алдына модель болмаған кезде де бейнені суретке салып, мүсіндеу, көркем бейнелеуге баулу.

1,5

МММ 1.20 Сурет (8 кредит)

Сурет

ПД/КВ

Ris4304

8

0/8/0/8/8

7,8

 

Пререквизиттер: курсты оқып меңгеру үшін студент сурет салудағы композицияның негізгі заңдылықтарын (орналастыру, перспектива, пропорция, тоналдық қатынас), жарық заңдылықтарын, білуі қажет.

Жоғарғы оқу орындарындағы оқу процесінің негізі болып табылады. Әдістемелік тапсырма көркем-бейнені қабылдауын тереңдете дамыту. Натураға қарап құрастыру заңдылықтары мен зат формасын реалистік негізде талдау, геометриялық денелерді, өсімдіктердің суреті мен мәдени-тұрмыстық заттардың суретін салу енгізілген. 1. Адам бейнесі. Интерьердегі адамның портреті.
2. Адамның жоғарғы және төменгі дене мүшелерін әр түрлі қозғалыста суреттеу
3. Гипсті анатомиялық дене
4. Киіммен тұрған адам денесін бейнелеу

Студент тек бейнелейтін тапсырманың сыртқы жұмыр бітімдігін көрсетіп қана қоймай оның ішкі негізін түсініп, бейнеге мінездеме беріп портреттік ұқсастығын көрсетуді үйренеді.
Заттың кеңістікте тұрғызу әдісін, көлемді пішіндердің конструктивті тұрғызу заңдылықтарын, пластиканы меңгеру қажет.

3,6




Оқу суреті

ПД/КВ

UR 4304

8

0/8/0/8/8

7,8

 

Пререквизиттер: курсты оқып меңгеру үшін студент перспектива заңдылықтарын, композицияның негізгі заңдылықтарын (орналастыру, перспектива, пропорция, тоналдық қатынас), жарық заңдылықтарын, бейнелеу өнерін оқыту әдістерін білуі қажет.

Мақсаты - студентті кәсіпқой шығармашылық қызметке дайындау. Міндеті - студенттерге эстетикалық талғамдарын қалыптастыру теориялық, практикалық қабілеттерін дамыту композициялық-шығармашылық безендіру шеберлігін арттырады. Оқу суреті сабағы студенттердің көркемдік таным, эстетикалық талғамын қалыптастыруда маңызды роль атқарады. Суреті меңгермей живопистен графикадан, қол өнерден және мүсіннен мықты маман дайындау мүмкін емес. Сондықтан сурет өнері жеке суретшінің шығармашылығында, оның әлемді, қоршаған ортаны білуінде арнайы пән болып қала бермек. Суретті меңгеру студентке екі жолдың көмегімен келеді: теориялық және практикалық білімдердің негізінде, яғни перспективалық композициялық заңдылықтарды меңгеруімен қатар жарық-көлеңке, пластикалық анатомия, материалдық технологиялық жасалуы жолдарын терең білу т.с.с. осы білімдерді практика жүзінде қолдана білгенде ғана, студенттің түсінігі мен кабілеті дамып, ақыл ойын арттыру арқылы сурет салу мүмкіншілігі артады. Бұл сабата студент адам денесінің анатомиясы, портрет және бір фигуралы сюжетті композиция, жалаңаш адам денесінің бейнесі салынған суреттерді аудиторияда безендіру жолдары қарастырылады.

Студент тек бейнелейтін тапсырманың сыртқы жұмыр бітімдігін көрсетіп қана қоймай оның ішкі негізін түсініп, бейнеге мінездеме беріп ұқсастығын көрсетуді үйренеді.
Заттың кеңістікте тұрғызу әдісін, көлемді пішіндердің конструктивті тұрғызу заңдылықтарын, пластиканы меңгеру қажет.

3,6

МММ 1.21 Мүсін (8 кредит)

Мүсін

ПД/КВ

Sku 3(4)305

8

0/8/0/8/8

6,7

 

Пререквизиттері: анатомия негізінде адам денесін құрастыру туралы түсінік беру қажет. Скелет негізінде фигураның пластикалық байланысын зерттеу. Кеңістікте дене бөліктерінің орналасуы және адам денесін бірқалыпты немесе қозғалыста салу.

Курстың мақсаты Студенттер сәнді барельеф, горельеф, көлемді мүсін жасау арқылы қажетті білім жиынтығын алады. Пластикалық анатомия адам денесінің құрылымын зерттеу арқылы су-ретшілердің практикалық біліміне негіз болып, олардың талабы қанағаттандырады.
Пән мазмұны: Мүсін. Мүсін өнерінің спецификалық ерекшелігі. Мүсін түрлері, монументалды, сәнді, көлемді, барельеф, горельеф. Классикалық модельді өсімдік өрнегінің бедері. Балшықты тақтай бетіне жапсыру. Плита бетін тегістеу. Плитаның нақты өлшемін табу. Өрнектің біртұтастығын бұзбай жеке бөліктерінің орналасуын, үйлесімділігін табу. Өрнектің үш-көлемді жалпы көлемін жапсыру. Жұмысты аяқтау. Геометриялық денелердің барельефі /куб, квадрат үстіндегі призма, шар/
40+40 өлшемдегі тақтай үстіне ретімен плитаны жапсыру, сурет түсіру;
балшықты көлемнің қатынасын тауып барельеф тәсілінде жұмысты орындау.
Портрет. Барельеф. Студенттер 4 адамнан бөлініп бір-бірінің барельеф портретін орындауы тиіс; плитаны жасау, оған профильдік суретті салу 40*30 см. өлшемде бас және мойынды енгізіп, көлемді жапсыру, адамның мінездемесін, пішінін аудармай орындау.Бір фигуралы композиция. 20-25 см. өлшемінде пластиллиннен денесінің композициялық шешімін табу.

Пластикалық, тұтас адам денесінің құрылысы, скелетті құрайтын сүйектер, мускулатуралар аттары, оның пластикалық мәні туралы түсінік беру.

5




Монументті пластика

ПД/КВ

MP 3(4)305

8

0/8/0/8/8

6,7

 

Пререквизиттері: анатомия негізінде адам денесін құрастыру туралы түсінік беру қажет. Станокты пластика. Кеңістікте дене бөліктерінің орналасуы және адам денесін бірқалыпты немесе қозғалыста салу.

Курстың мақсаты Монументті пластиканың мақсаты-келешек көркемсурет мұғалімдерін кәсіпкерлік, саналы біліммен қаруландырып, нақты бейнелерді шынайы білімділікпен оқу -методикалық жоспарлы, арнайы пәндерде /сурет, мүсін, көркем сурет/ қолданумен қатар, іске асыру. Пластикалық анатомияны зерттеудің талабы адам денесінің жеке мүшелерін зерттеу, олардың қимыл-қозғалыс кезеңдегі өзгеріс ерекшелігіне назар аудару, көз алдына модель болмаған кезде де бейнені суретке салып, мүсіндеу, көркем бейнелеуге баулу.
Пән мазмұны: Түргеліп тұрған ер кісінің мүсіндік этюді. Дененің өзінің өзіндік ерешелігін табу. Портрет /көлемді жапсыру Каркас - діңгекті дайындау. Балшықты бекітіп, жалпы түбі көлемді белгілеу. Кеңістіктегі байланысты ескеріп, бас, мойын және дене қатынастарын табу. Анатомиялық құрылымына анализ жасау. Портреттік ерекшелігін ашу. Жұмысты тиянақтау, барлық бөліктерді жалпы біртұтастыққа бағындыру. Бас сүйекті мүсін-деу. Балшықтан нақты өлшемде, методикалық ретті сақтай отырып бас сүйекті мүсіндеу. Аяқтың басы. Гипс моделіне қарап аяқ басының нақты өлшемдегі нұсқасын балшықтан тапсыру, аяқ басының құрылымының жеке бөліктерінің байланысының бірлігін ашу. Қолдың басы. Қол басының анатомиялық құрылымына қарап, өлшем қатынастарын сақтай отырып, жұмысты аяқтау. Көлемді гипс моделіне кеңістікте портрет жапсыру /Вольтер, Қайрақшы/ Модельдің нақты өлшем сақтан, методикалық ретімен жұмысты орындау. Каркас - діңгекке балшықты есіріп жапсыру арқылы бас, мойын, дене бөліктерін орнату. Бұл үш бөліктің кеңістікте орналасуын, қимыл - қозғалысын анатомиялық құрылымын табу. Анатомиялық жіктеу.

Монументті пластиканың зерттеудің талабы адам денесінің жеке мүшелерін зерттеу, олардың қимыл-қозғалыс кезеңдегі өзгеріс ерекшелігіне назар аудару, көз алдына модель болмаған кезде де бейнені суретке салып, мүсіндеу, көркем бейнелеуге баулу.

5


  1   2   3   4


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет