Ф-об-001/033 Қазқстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі



жүктеу 0.72 Mb.
бет15/15
Дата25.04.2016
өлшемі0.72 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Жылдарга “Кургак учук-iv” программасы
2013 -> Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
2013 -> Создание информационной системы движения ценных бумаг на примере атф банка
2013 -> 1 Геологическая часть
2013 -> Оригинал: Политическая деятельность Урус-хана и его место в истории казахской государственности // Отан тарихы (Отечественная история). 2006, №1, стр. 89-95
2013 -> «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет стандарты
2013 -> I тарау. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
2013 -> Жалпы білім деңгейіне мемлекеттік талап оқушылардың оқу кезеңін бітіру кезіндегі алатын білімі мен біліктіліктерінің қажетті минимум деңгейін анықтайды
2013 -> Мазмұны кіріспе
2013 -> АҚПараттық хат құрметті әріптестер!
Ф-ОБ-001/033

дауыс шығармай, іштей егіліп, елжіреп, үн-түнсіз, аузымнан шыққан демім от болып жыладым.

Бір сәтте туған-туысқаным, жора-жолдасым құдды осы Бәкір сияқты боп елестеп кетті» [14, 131].

Автор,Бәкірді қара жүнді қарғаға теңеп, мысық тілеулес жан екенін танытады.


    1. Нұрлыбек пен Алма, Райымбек, Василий, Дастан, Қайсар бейнелері.

«Үміт үзгім келмейді» хикаят-монологындағы Ержанның достары: Нұрлыбекпен Алма, Рйымбек, Василий, Қайсар сияқты кейіпкерлерінің - характері айқын, эстетиклық талғаммен сұрыпталған типтік бейне тұрғысынан қарауға болатын жинақтық мәніне ие оқшау тұлғалар.

Н.Келімбетов хикаят-монологында өмір жатыр, өмірдің қатпар-қатпар қойнаулары жатыр, сол өмір қозғалысындағы адам тағдырлары жатыр. Адам тағдырлары арқылы уақыт бедерін сезінесің заман ағымын көресің десек, осы жайт басты кейіпкер Ержаның достары бойында ап-айқын көрініс тапқан.



Нұрлыбек пен Алма бейнесі.

Нұрлыбек-ұзын бойлы, маңдайы кере қарыс, бұйра шашты, қара торы келген жігіт.

Алма- ауызға үріп салғандай, күлімдеген ақ құба келіншек.

«...Нұрлыбек пен Алма біздің әжептеуір қамығып қалған көңілімізге жел беріп, рухтандырып кетті. Солар келердің алдында ғана өзім көштен қалған күшіктей елегізе бастаған едім. Досымды көргенде жан -жүйкем босап, әлдекімдерді іздеп сұраған жүрегім орнына түскендей болды.

Нұрлыбек пен Алманың біздің бұдан кейінгі өмірімізде алған орны айрықша болды. Тегінде осындай достары бар жандар, өздерін бақытты санаса болатын шығар. Бұлардың бізге деген ыстық ықыласын, мінсіз

Ф-ОБ-001/033

көмегін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес еді». [14, 137 ].

Міне, автор мұнда образ жасаудың бір түрі кейіпкерлердің болмыс бітімін монологты түрде суреттеп отыр. Н.Келімбетовтің көркемдік әлемінде, суреттеу тәсілінде - монологты түрде ойын дәл айту, кейіпкер әрекетіне сай

психологиялық түзілістерді, нанымды, тақырыпен беру жағы шынайы шеберліктін нысанасы болса керек.

«...Нұрлыбек досым дегенде қоң етіп ойын беруден тайынбайтын жігіт екенін бұрыннан да білетінмін. Бірақ сол күнгі сөзі мені сел соққан балықтай есенгіретіп тастады. Ол ойындағысын білтелеп жатпай-ақ турасын айтып салады.



  • Ер басына күн туғанда қараспасаң, онда біздің адамдығымыз қайда? Ертең менің де осындай күйге ұшырап қалмасыма кім кепіл! Мен өстіп жатсам, сен қарап қалмайтын шығарсың, Ержан? Демек, анау-мынау сөзді қой. Бүгінен бастап, екі отбасы мойын серік болып, тіршілік жасайық. Сен өзіңе-өзің келгенше Гауһар жаныңда болсын. Жұмысқа әзірше шықпай-ақ қойсын.

Біз Алма екеуміз бірдей айлық аламыз ғой. Өзімізге бір адамның жалақысыда жетіп артылады.Біреуіміздің айлық ақшамызды айлық алған сайын өздеріңе әкеп беріп тұрамыз. Ең бастысы қорықпа. Біз бармыз ғой. Керек жарақтың бәрінде бізге айта беріңдер. Өле жегенше бөле жейік.

Нұрлыбек пен Алма осылай деп кетті. Сөздерінде тұрды. Көмегін аяған жоқ». [14 138 ].

Мұнда, ең бастысы Ержан мен Гауһарға – осы екі асыл жанның рухани көмегін көрсете білгені. Осы үзіндіден Ержан мен Гауһардың өмірге шынайылық көзқарасын, үміт артқан достары Нұрлыбек пен Алманың характерлерін сомдауы айқын көрініс тапқан.

Досына қарап адамның қандай екенін білесің! – деп жатамыз ғой. Сол рас іспетті. «...Рас, біз әлі таршылыққа ұшырап қойған жоқ едік. Бірінші


Ф-ОБ-001/033

топтағы мүгедек ретінде маған жап-жақсы зейнетақы тағайындапты. Оның үстіне менің бұрынғы жұмыс орным да азды көпті көмек беріп тұратын.

Әйтсе де, Нұрлыбек пен Алма біздің жер болған көңілімізді көкке көтеріп жібергендей еді» [14, 137 ].

Мұнда автор Нұрлыбек пен Алма көңілдері ақ, достық сезімі пәк жандар ретінде бейнесін жасаған.

Адамның ішкі тұңғиық тереңін, адам психологиясының көзге ілінбес нәзік қалтарыстарын, адамға тән құштарлықтың жан түсінбес қиын құпиясын жарқ еткізіп зергерлік образ жасаудың тағы бір тамаша тәсілі - озғын үлгісі.

«...Әрбір минутты қаз-қалпында жадымда сақталып қалған өмір көріністері де аз емес. Әсіресе, Нұрлыбек пен Алманың туған күніне әкелген

сыйлығын өле-өлгенше ұмыта алмаспын. Осы екеуі келсе-ақ біздің үйге жан кіргендей, тіпті балаларға дейін мәре-сәре боп қалады.

Нұрлыбек ақ матаға оралған ауыр нәрсені әрең көтеріп, есіктен кіріп келе жатты. Бұл не? Қасқағымдай сәтте ойымды ойға, санамды санға жүгірттім. Бірақ еш нәрсеге ұқсата алмадым. Нұрлыбек әкелген затты құндақтаулы баладай мәпелей құшақтаған күйінде мен жатқан бөлмеге кірді де, мұны қайда қоям бір сәтке аңырайып тұрып қалды. Сосын қолындағы ұйықтап қалған бөбегін оятып алам ба деп жасқанған анадай әкелген аялап қана столдың үстіне апарып қоя салды.

Менің сабырсызданып жатқанымды сезген. Алмаға әлгі бұйымды орап қойған шүберекті сыпырып алды. Мәссаған! Мынау жазатын машина ғой! Бұл менің өңім түгілі, түсіме де кірген емес. Тап қазір бізге ең зәрлі нәрсе. Егер Нұрлыбек қазір өзім мініп жүретін жеңіл машина сыйласа да бүйтіп қуанбас едім. Өйткені бізгеде ең керегі осындай машинка еді». [14, 162 ].

Мұндағы терең философиялық терең ойға құрылған оралымдар, реалистік өмір шындығы, реалистік өмір шындығын дәл көрсететін деталь,

Ф-ОБ-001/033

штрихтер, уақыт психологиясы өзгерткен характерлер арқылы жан-жақты суреттелді.

«...Мен Нұрлыбек пен Алманың маған деген шексіз сенімін, адамгершілігін ақтай аламын. Отан алдындағы борышымды азды-көпті өтеп шығам. Оқырман қауымның кәдесіне асатындай дүние жасай алсам, ел қатарлы азаматтық борышымды өтегенім емес пе?» [14, 163].

Н.Келімбетов Нұрлыбек пен Алманың ішкі дүниесінің әсемдігін ашуда, осы кейіпкерлер бойындағы бірнеше ішкі әлемнің әдемілігін көрсете білген.

Сонымен қатар, Нұрлыбек пен Алманың бойындағы авторлық баяндаумен кейіпкер монологы үйлесім тауып жатады.



Райымбек бейнесі.

Хикаят-монологта Райымбек бейнесін автор өте тиімді ете көрсете білген. Райыбек Ержан достарының бірі.

«...Сол күнгі оқиғалар қазірде көз алдымда тұр. Маған айтып, Райымбек дейтін досына телефон соқтырдың. Мұндай трубканы құлағына мен тосып тұрушы едім ғой. Райымбек! – дедің сен телефон трубкасына сен ауызыңды тақап – менің отырғанымды көргің келе ме? Онда тез жет! Он минуттан артық күтуге уақытым жоқ», - деп қарқылдап күлдің» [14,182].

Мұнда автор достарының ішіндегі қадірлісі Райымбекті шақырып, өз көңілімен бөлісіп халін суреттемекші.

«...Шынында да, арада он-он бес минут өтпей-ақ өкпесін қолына салып Райымбек жетті. Бар пәрменінше жүгірсе керек. Бізден екі кварталдай жерде тұратын. Алқынып, біразға дейін ентігін баса алмай абыржыды.

Аяқтарыңды еденге салбыратып қойып, биік кереует үстінде сенің кәдімгідей еңсеңді көтеріп отырғаныңды көргенде, ол қуанғанан сасқалақтап қалды. Мұндайда не істеу керек екен дегендей оқшарлана біраз тұрды. Сосын үн-түнсіз жаныңа келіп сені қапсыра құшақтап, бетіңнен сүйіп жатты...».


Ф-ОБ-001/033

Автор Райымбек образын жасауда, оның бойындағы бүкіл игі-жақсылық істерін Гауһардың монологты түрде сыр шертуі арқылы ап-анық суреттеп берген.

«...Мен қонаққа дастарқан жасау үшін ас үйге шығып кеттім. Қайтып келсем екеуің құдды суретке түсіп жатқан кісілердей иық тіресіп, бір-біріңе бастарыңды тосып, бір нүктеден көзеріңді алмай, кірпік қақпай, мелшейіп отырсыңдар. Мені күлдіру үшін Райымбектің жасағаны ғой. Ол өзінің

үстіндегі бар киімін шешіп алып, оны саған кигізіп қойыпты, ал өзі сенің тозығы жеткен, тулаққа айналғандай көзге тұрпайы көрінетін әлгі ескі, іріп кеткен киімдерді киіп алыпты. Райымбек киім-кешек әкеп бер деп өзіне ұсынған ақшаны алмай, сенің ескі-құсқыңды «теберік» деп, күле-күле киіп кеткен еді. Кешке жақын үлкен бір бума нәрсені әрен көтеріп келді. Бәрі киім екен, «дүкенде киім қалдырдың ба?» - деп күлдің сен, әсіресе көздің жауын

алатын жып-жылтыр былғары туфлиді көргенде досынды өлердей мазақ қылдың:

- Мұндай сәнді туфлиді киіп көшеге шығуға жарайтын бір пар аяқты да сол дүкенен сатып алмадың ба? – деп күлдің» [14,184 ].

Досы үшін жанын құрбан қылушы әзір осы бір ақ көңіл жігіт Ержан дегенде ішкен асын жерге қоятын іспетті.

Жазушының өз кейіпкерінің қимылын жеке-дара алмай оның сөйлеген сөзімен ұштастыра суреттеп, оған өзінің авторлық көзқарасын эстетикалық бағасын білдіріп еді, бұл кейіпкердің кім екенін, қандай мінез-құлықтың адамы екенін тасқа таңбалағандай біліпте алдық.

Василий бейнесі. Ержаның қызметтес досы. Василий Жуков Ержан қысылып жатқанда жанын қоярға жер таппай, ол үшін қолдан келер барлық көмегін жасайды.

Операциядан кейін Ержаның аузына лимон суын тамызу керек болады. Профессор солай дейді. Гауһар қанша шарқ ұрып, жан салып іздесе де лимон


Ф-ОБ-001/033

таппайды. Ерте көктем болатын-ды. Бұл кезде сауда орындарында да лимон азайып, тапшы болып қалды. Не керек, екі дана лимонды әлгі Василий тауып келді. Сондағы Гауһардың қуанышы шексіз болады. Зәрлі кезде бір тамшы судың өзі ауру адамның тағдырын шешеді деген рас қой. Оның үстіне профессор: «Қалайда болса лимон табыңыз, қышқытым сусынды қажет етіп жатыр» деген еді.

Сол лимон, шынында да, Ержанға шипа болды. Аузына су алмай қойған еді, содан кейін су ішетін болып қалды.

«...Қалада атымен жоқ лимонды Василийдің қайдан тапқанын естіп білдім. Ол анау-мынауға мойын бұрмай, тура тауға қарай тартып кеткен екен, қаланың сыртындағы ботаникалық тәжірибе станциясына барып, директорына жолығыпты, бар жағдайды бүкпесіз айтыпты оған. Тәжірибе үшін өсіріп, күн сайын бақылап отырған бір түп лимон ағашының басында

былтырғыдан не бәрі төрт дана, лимон жемісі қалған екен. Директор әрі-бері ойланып отырып, ақыры соның екі данасын қолымен үзіп әперіпті». [14,178 ].

Автор, Василийдің сол жақсылығын еш бүкпезсіз, оның даралық қасиеті арқылы бейнені сомдап берген.

Дастан бейнесі. Дастан – мығым денелі, кең жауырынды, ойлы көздері адамға мейірім ұшқынын ыстық көрінетін сары жігіт көптің бірі емес еді, әдебиет дүниесінің ну орманында жалғыз өзі адасып, у жеген бурыл бөрідей аласұрып жатқанда, тар жерде осы жігіт Ержанға қол ұшын берді. Жоқ! Қол ұшын берді деу әбес шығар. «Дастан менің бүкіл өмірімнің ағысын мүлде басқаша арнаға салып жіберді. Сол сәттен бастап, Әдебиет өмірінің күнделікті тіршілік-тынысына етене араласып кеттім». Жалпы менің қаламымды ұштап берген сол Дастан шығар дейді.

«...Нұрлыбек оған менің хал-жағдайымды айтса керек. Өйткені бәрін айтқызбай-ақ біліп тұр. Шайдан кейін Дастан қасыма жақынырақ кеп отырды да, жастығымның астындағы қалың дәптерімді сұрап алды. Бұл дәптерде


Ф-ОБ-001/033

менің аурухана өмірімнен жазылған шағын әңгімем бар еді. Соны көз жүгіртіп оқып шықты да, таңырқаған кісідей сәл жоғары көтеріп, маған қарады.

  • Мынаны өзіңіз жаздыңыз ба?

  • Жоқ. Гауһар ғой, - деппін сасқалақтап.

Ол мырс етіп күлді де:

  • Жоқ. Мені дұрыс түсінбедіңіз. Мына әңгіменің авторы сіз бе?- дегенім ғой.

  • Әрине, - дедім неге сұрап тұрғанында жөнді ұқпай». [14,151]. Дастан әңгімені іштей ой таразысына салып, өлшеп жатқандай нықтап-нықтап сейлей бастады.

  • Тіліңіз шұрайлы екен. Қып-қысқа әңгімеде қаншама қанатты сөздер, жанды суреттер, ұтымды ойлар бар десеңізші. Сіздің қолыңыздан көп нәрсе келетін сияқты. Бірақ кейбір олқылықтары оза байқалып тұр. Әңгімеңіз

композициялық құрлысы жағынан қатты ақсап жатыр. Оған өкінбеңіз. Көш жүре түзеледі емес пе? – деді ол маған ойлы көздерімен қарап».[14, 152].

Әдебиеттегі адам обарзын жасаудың жолдары мен тәсілдері көп және әр алуан. Жалғыз-ақ жазушы шын мәніндегі шебер, зергер болуы шарт, сонда ол әрбір амал адам образын ашуға қызмет етеді. Жоғарыдағы үзіндіге зер салсақ, жазушы Дастанның интеллект жан екенін байыптап берген. Сонымен қатар сыншы екені көрініп тұр.

Дастан көркем әдебиеттер шығаратын баспаның білдей директоры. Дастанның қаламы жүйрік жазушы, дарынды аудармашы. Дастан Ержанға аударма жұмысымен айналысуды үгіттейді.

«...Біз сізге жұмыс береміз. Аударыңыз. Бір жағынан бұл басыңызға материалдық көмек болады. Екінші жағынан, аударма дегеніңіз таптырмайтын мектеп қой – деді.

Осы бір сары жігіт менің көңіліме жел беріп, өзімді рухтандырып

Ф-ОБ-001/033

жіберген еді» [14, 152 ].

Осылайша, Дастан арқылы үйінде науқас күйінде жатып, аудармашылық жұмыспен айналысады. Аударма жұмыстары оң бағаланады. Өзінің ауруханада бастап жазған қалың дәптердегі әңгімесін арықарай қаламын ұштай түсуге, осы Дастан деген жігіт рухани көмек береді.

Шеберлік қырларының шексіздігі қаламгердің шығармашылығының қуатына дәлелді. Бір ғана мазмұн беретін, бір шығармадан бір шығармаға ауысып жүретін аты бөлек, заты бір кейіпкерлермен бір тақырыптың өзінде әр түрлі қырынан келетін, әр шығармада даралық сипат танытын типтік

характерлер жасаудың айырмасы жер мен көктей, Н.Келімбетов шығармашылығының даралық қасиетінде, міне осы тұстан іздейміз.



Қайсар бейнесі. Ержаның басына түскен таудай тауқыметті сездірмей, бойына қалқандай қадалып алып, сал-сүйегін сырқыратқан ауыр дерттің азабын азды-көпті жеңілдетіп жүрген қандай сиқырлы күш деп ойлайсың? Ол күш – Ержанның достары емес пе? Бұған инедей шүбә жоқ.

Қайсар Ержанмен ауруханада бір палатада емделіп жатқан жігіт. Ол ауруханадағы нейрохирургия бөлімшесінің кенжесі. Жасы жиырмағы енді ғана жеткен осы бір бүлдіршіндей, сүйкімді жігітке дәрігерлердің өздері де айрықша жан ашырлық сезіммен елжіреп, мейірлене қарайтын сияқты. Қайсар иба сақтап, үлкендердің сөзіне онша араласа бермейді. Көбнесе үлкендердің сөзіне құлақ түріп, сәл күлімсірей қараған күйінде үн-түнсіз жата береді.

Бұл жігіт әлі бет пердесі жыртылмаған баладай ұяң. Сырт көзге ол жасқаншақ та болып көрінеді. Өйткені оның өн бойында жау жүрек жандардың бейнесіне тән бірде-бір айбатты келбет те, сом дене де, найзадай өткір көзқарас та жоқ. Қойдай жуас, қозыдан момақан, өзіміз күнде көріп жүрген мыңдаған боз балалардың бірі. Бірақ Қайсар мыңдардың бірі емес. Ерекше жаратылған жан.

Ф-ОБ-001/033

Қайсар бұл ауруханаға өте ауыр халде түсті. Қайсар жүк таситын машинамен келе жатып, көлігінің тежегіші істен шыққанын сезді. Бірақ абыржымайды. Көпірден өтіп ойпатқа жеткенде екпіні басылып, машинаның өзі тоқтар деп ойлайды. Бірақ көпірдің үстінде жас бала ойнап жүргенін кенеттен көзі шалып қалғанда арқасы мұздап қоя береді. Не істеу керек?! Көпірге дейін таяқ тастамдай жер қалды, көзді ашып-жұмғанша ағып өте шығатын қып-қысқа уақыт ішінде ол бәрін ойланыпта, толғаныпта, бір шешімге белбуып та үлгеруі керек еді.

Қазір ол екінің бірін істеуге мәжбір. Не машина оңға қарай, яғни түпсіз терең шыңырауға қарай кілт бұрып жіберіп, өзі өлуі керек. Немесе көпірдің үстінде жүрген бір топ балдырғанды қызыл жоса қан қылып жаншып өтуі тиіс. Басқа лажы жоқ.

Қайсардың бар есінде қалғаны – машинаны терең сайға кілт бұрып жібергені. Тірі қалам деп ойлаған жоқ еді. Кездейсоқ өлмей қалыпты.

Ауруханаға шала-жансар күйінде әкелген екен. Әйтеуір, осы Ержан жатқан палатада есін жинап, көзін ашыпты. Бел омыртқасы сынып кетіпті.

Демек, ол енді ешқашан өз аяғымен жер басып жүре алмайды. Мәңгілік мүгедек.

«...Қайсар десе өзі де қайсар екен. Бір аяғы көрде, бір аяғы жерде жатса да ұнжұрғасын бір түсірмей, тас-түйін боп берік жатыр». Төзімділікті менен үйреніңдер «дегендей күлімсіреп қалды. Қайысар да емес, ол ойысар да емес». [14, 118 ].

Қайсар – тағдырдың жазғаны болар деп төсекте әрекетсіз жатқан жан емес. Мұның әрбір минуты өмір үшін күреске толы. Мұндайда көп қабатты аурухана үйінен өзін-өзі тастап өліп кетуі түк те емес. Ең қиыны - өзіңді күні-түні шыр көбелек айналдыратын өмірге тізгін бермей тағдырға мойынсынбай қоюы шығар. Бірақ, Қайсар ешқашан да өмір сүру үшін үміт отын үзбейді.

Жазушы, Қайсар бейнесін жасауда, оның бойындағы өмірлік тынысын


Ф-ОБ-001/033

таныртарлық заттық детальдарды дәл тауып кейіпкер табиғатын, болмыс-бітімін түгелдей реалды түрде образын суретті сөзбен сомдап берген.

Н.Келімбетов «Үміт үзгім келмейді» хикаят-монологындағы образдар жүйесін жоғарыда түгелдей қарастырып шықтық.

Автор жасаған әрбір бейнесін оқығанда, суретті сөзіне толқымай, тебіренбей оқу мүмкін емес. Ал оқырманды толқыту, тебіренту, яғни баурап алу, тек шебер суреткердің ғана қолынан келетін мықтылық. Сонда оқырман неге толқып, неге тебіренеді? – деген заңды сұрақ туады. Оқырман жазушы жасаған адамның көңіл-күйі, тағдыры, болмыс-бітімі, кәдімгідей

жанды суреттерше толқып тебіренеді. Әлгі, «Үміт үзгім келмейді» хикаят-монологындағы образдарда адамның сезімі, ойы, арманы, қиялы, көл-көсір философиясы, психологиясы, физиологиясы барлығы бірдей ұштасып көрініс тапқан. Бұл жазушыға тән ерекше шеберлік пен суреткерлік қасиет.



Ф-ОБ-001/033

ІІІ.Қортынды.

Әрбір жазушы өзінше бір әлем, өзінше бір құбылыс. Әдебиет әлемінде тосын тақырыппен, өзгеге ұқсамайтын тіл шеберлігімен келген Немат Келімбетов шығармаларының алар орны ерекше.Адамның өмірге деген құштарлығын танытып үміт үзбеуге, тарихтың жандануына өз үлесін қоса білген белді жазушы. Адам психологиясының аласапыран құбылыстарын майдан қыл суырғандай жеткізе білетін сырбаз жазушының әрбір әдеби мұрасын көзбен емес көңілмен оқу керек. Жазушының қарымды, тіл өрнегі, көтерген тақырып аясы жөнінде жоғарыда талдадық. Көкірегі ояу, ойлы оқырманға ой салары анық.

Немат Келімбетов өзінше бөлек, соқпақ өрнегі өзгеше. Өмір жырын шертуге оның үні сазды, әсерлі суреткерлік бояуы анық. Ол салған өмір өрнегі жеке шығармашылығының жетістіктен ары асып, ұлттық өнердің әлемдік аренада тайталасар талантты шығармалар деп қарауға болатын құбылыс. Немат ағаның кез-келген көркем әдеби мұрасы оқырманына көп білгізеді.Оқырманына мұншама азап шектіретін шығарма жазу тек айтулы шебердің қолынан келетін болса, Немат Келімбетовті де, сол қатардан көре аласыз.

Он тоғызыншы ғасырда туып, жиырмасыншы ғасырдың басында дүниеден өткен әдебиет әлемінде өлмес өрнек қалдырғандардың бірі Джек Лондон 1899 жылы жазған «Жазушының тіршілік философиясы туралы» деген шағын еңбегінде даралыққа жеткен жазушылар туралы айта кеп:

«Олардың дарынсыздардың айырмашылығы не нәрсені де тірліктің қайнар көзін тікелей көсіп алуы, бөтеннің қолынан өткен, өзгенің ойынан ешқашан дүниеге әуестенбеуі, сөз саптауы. «Өз қолынан, өз жанынан шыққан дүниеге өзіндік мөрін, авторлық құқықтан да маңыздырақ, құнды қолтаңбасын басқанды жөн көрген. Тіршілікпен оның дәстүр-ғұрыптарынан (басқаша айтқанда, адамзат мәдениеті мен танымына) өзіндік тіршілік

Ф-ОБ-001/033

философиясын құру үшін керекті материал ала білген» деп кейінге

қалдырған кенеулі сөзі Немат ағаға дөп келеді. Әдебиеттегі тіл әсемдігін, жазу техникасын, стиль мәнісін әлемдік деңгейге алда жеткізе білетін Немат Келімбетов өз философиясына негізделген, әдебиет сүйер қауым үшін өмірлік мәні жоғары шығармалар жазды. Қайсарлық пен табандылықтың арқасында өзіндік тіршілік философиясын түбегейлі қалыптастырған оның қолы айқын даралыққа жеткен. Оның әдеби мұраларын оқығанда сіздің де ой алмауыңыз, ұшқын алмауыңыз мүмкін емес деген сенімдеміз.



Ф-ОБ-001/033

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Алпысбаев.Қ. «Көркем мәтінді талдау әдістері» Алматы, «Қазақ университеті», 2004 ж..

2. Алпысбаев. Қ.«Көркем шығармаларды талдау жолдары» Алматы, Мектеп, 1905 ж.

3. Асылбекұлы. С. «Қазіргі қазақ повесттеріндегі заман шындығы» (1970-1989 ж.ж.) ф.ғ.к ғылыми дәрежеін алу үшін дайындалған диссертатцияның авторефераты. Алматы, 1997ж.

4. Ақшолақов. Т. «Көркем шығармаға талдау жасау» Алматы, «Мектеп» 1983 ж.

5. «Әдеби шығармашылық» Құрастырған Жанаев А. Шымкент,«R Diar», 2002 ж.

6. Дәдебаев. Ж. «Қазіргі қазақ әдебиеті» Алматы, «Қазақ университеті» 2002 ж.

7.Жұмабаев. М «Шығармалары» ІІІ том. Алматы, «Білім», 1996 ж

8.Жұртбай. Т «Көркем кеңістік пен уақыт және тарихи дәлел» Алматы, «Комплекс», 2002 ж.

9. Елеукенов. Ш. «Замандас парасаты» Алматы, «Жазушы», 1977 ж.

10.Есенбеков. Т «Әдеби талдауға кіріспе» ҚарМУ, 1991 ж.

11..Елубай.С.«Ғаламтор сайты»Алматы,2007 ж.

12. Елубай С “Қайғыдан бақыт жасаған” Егемен Қазақстан, 13 мамыр, 2008ж.

13. Елубай С “Қайғыдан бақыт жасаған” Егемен Қазақстан, 14 мамыр, 2008ж.

14.Келімбетов. Н.«Үміт үзгім келмейлі» Алматы,« Ратирет», 2005ж

15.Қаратаев .М. «Таңдамалы шығармалар» Алматы, 1974 ж , ІІІ-том

Ф-ОБ-001/033

16 Қабдолов . З.«Арна»Алматы,« Жазушы», 1988 ж

17.Қабдолов.З. «Сөз өнері»Алматы, «Санат», 2007 ж.

18.«Қазақ әдебиетнің энциклопедиясы». Алматы,«Жазушы» 1989ж.

19. Қарлығаш Зарқанқызы «Қазақ әдебиетінің тереңдеткен ғалым» Алматы, 2007ж.

20. Қирабаев. С.«Шындық және шығармашылық» 1981 ж.

21. Н.Ғабдуллин. Н. «Уақыт сыры» Алматы, «Жазушы» 1981 ж.

22.Майтанов. Б. «Қазақ прозасындағы замандас бейнесі» Алматы, «Ғылым», 1982 ж.

23.Нұрпейісов. Ә.«Тектілік». Егемен Қазақстан, 17 сәуір, 2007 ж .

24.Піралиева. Г. «Көркем прозадағы психологизмнің кейбір мәселелері». (Түс көру, вивералды ишараттар заттық әлем) Алматы, «Алаш»,2003 ж.

25.Ыбырайымов. Б. «Көркемдік көкжиегі» Алматы,«Жазушы», 1981 ж.







1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет