Ф-об-001/033 Қазқстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі



жүктеу 0.72 Mb.
бет3/15
Дата25.04.2016
өлшемі0.72 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Жылдарга “Кургак учук-iv” программасы
2013 -> Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
2013 -> Создание информационной системы движения ценных бумаг на примере атф банка
2013 -> 1 Геологическая часть
2013 -> Оригинал: Политическая деятельность Урус-хана и его место в истории казахской государственности // Отан тарихы (Отечественная история). 2006, №1, стр. 89-95
2013 -> «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет стандарты
2013 -> I тарау. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
2013 -> Жалпы білім деңгейіне мемлекеттік талап оқушылардың оқу кезеңін бітіру кезіндегі алатын білімі мен біліктіліктерінің қажетті минимум деңгейін анықтайды
2013 -> Мазмұны кіріспе
2013 -> АҚПараттық хат құрметті әріптестер!
Ф-ОБ-001/033
Әдебиет атты киелі әлемге жазушының араласқан кезеңі әр түрлі аталғанымен, ол - өз заманының перзенті, яғни «суреткер - өз заманының ұлы, өз дәуірінің үні. Ол өзі өмір сүріп отырған мезгіл мен мекендегі қандай құбылысқа болсын енжар, бейтарап қарай алмайды. Оны бәрі тебірентеді, ол бәріне араласады. Ендеше оның қаламынан туған шығармалар да бір емес,

бірнеше тақырыпқа жазылады, бір емес бірнеше проблемаға құрылады». [16,106 ].

Тақырып дегеннен шығады, тақырып пен идея диалектикалық бірлікте, яғни филосифиялық категория екені белгілі. Сондай-ақ тақырыптың үлкен-кішісі, жақсы не жаманы жоқ деп жатамыз. Дегенмен әр дәуірдің өз көркем шындығы бар. Жаңа заманға тән өзіндік эстетикалық идеалы болатыны тағы бар. Мәселен, кешегі Кеңес үкіметінің тұсындағы, тіпті, бүгінге дейін де, алдыңғы қатарда тұрған келелі мәселенің бірі де, осы тақырып болғаны мәлім. Жұмысшы табы, коллективтендіру, тың игеру, өндіріс т.б. күн тәртібінде тұрған тақырыптар туралы жазылса, сол мықты шығарма ең қажет керекті туынды деген көзқарас қалыпасты. Алайда, сол тақырыптың тасасында талай тағдырлар көмескі тартып, көрінсе де екінші планға ығыстырылды емес пе?

Десек те, қарама-қайшылықсыз өмір жоқ. Ендеше сол қарама-қайшылықтан туындап жатқан өмірлік тартыстар, тіпті жеке адам психологиясында болып жатқан ала сапыран, сезімдік күйлер, көре білер, сезе білер суреткерге дайын тақырып емес пе. Олай болса, мәселе тек тақырыпта ғана емес екен. Сол тақырыпты талғай білер талантта бір сөзбен айтқанда сол өмірлік шындықты творчестволықпен игерудегі жазушы танымында, ұсынар идеялық мұратында екен. Ендеше Н.Келімбетовтің әдеби шығармашылығының ерекшелігі неде? Н.Келімбетовті өзге әріптестерінен даралап тұрған қандай қасиет, танымны ең жоғарғы сатысы болып табылатын интеллекті, қабілет-қарымы қандай? Деген заңды сұрақ туады.

Ф-ОБ-001/033

Ендеше сол тегеурінді топтың төл баласы Н.Келімбетов туындыларының ішінде ерекше тоқталуды қажет ететін бітім болмысы бөлек дүниесі «Үміт үзгім келмейді» хикаят – монологы. Біріншіден, «Үміт үзгім келмейді»Немат Келімбетовті талантты жазушы ретінде танытып, атағын шығарса, екіншіден «Үміт үзгім келмейді» хикаят – монологын мақтауға да, мақтануға да тұратын кесек дүние. Асыра мадақтап, қызыл сөздің көрігін қыздырудан

аулақпыз. Десек те, мұндай шығармалар қазақ прозасында саусақпен санарлық екені анық. Оның себебі, біздің ойымызша Н.Келімбетов басынан өткен қиыншылықты тақырып тосындығы болса, соған орай көркемдік ізденістің авторлық таныммен шебер қиюласуында жатса керек.

Көркем шығарма арқылы адам жанының небір тылсым сырлары шертіледі, өмір құпиялары ақтарылады. Шығармада суреттелініп отырған замандағы тірлік пен күреске, қарым қатынас пен күрделі қайшылықтарға, әлеуметтік өмірдің өзіне сырттай болса да араласып, соған куә боласың. Себебі, «адам - әдебиеттің жүрегі, адам өмірлік бейнелеуі - әдебиеттің түбегейлі мақсаты...» [15,194 ].

Ал көркемдік концепция термині бүкіл творчествоға да, белгілі бір жанрда жазылған шығармаға да сондай-ақ шығарма шоқтығын асырып тұрған сапалық ерекшелік - сипаттарға да қатысты айтылып жүргенін ескерсек [11,73 ]. жазушы шығармаларының бұл қағидаларға қай тұрғыдан да толыққанды жауап беретіні шындық.

«Үміт үзгім келмейді» хикая – монологында шымырлық пен шеберлік сияқты жанр талабына тән қасиеттер бірден көзге шалынады. Автор бас кейіпкері – Ержан арқылы адам санасындағы үздіксіз жүріп жатқан процесті, үрей мен қорқынышты, өмір мен өлім арасындағы арпалысты, жан толғанысын көркемдікпен кестелей білген.

Шіркін-ай, адамның қасында басы аман, бауыры бүтін боп, ауырмай-сырқамай айдарынан жел есіп жүргеніне не жетсін! Алайда, ғұмырында бір Ф-ОБ-001/033

рет те қатты ауырып көрмеген ойда жоқта оқ жыландай орап алған науқас

қыспағынан жаны жарға таянбаған, үрейлі ажалдың өзімен бетпе-бет кездеспеген адам өміріндегі көп жәйттерді терең түсіне де, сезіне де алмайтын шығар. Ондай жандар мына аз күндік өмірдің шынайы қадір-қасиетін, шексіз құндылығын, баға жетпес ләззатын ешқашан пайымдай алмайтыны хақ. Жазушы бұл хикаяттың басты қаһарманы Ержан жұлын-омыртқасына жасалған аса күрледі нейрохирургиялық операциядан кейін

ақырет азабын шегіп, күні-түні ажалмен арпалысып жатқан күйінде бейнелеген. Жазушы Ержан мен Гауһарды монологты түрде сөйлетіп, Ержанның сырқаты қауіпті сырқат екенін көрсетеді. Жазушы мұны былайша береді: «...Бұдан кейінгі оқиғаның бәрі өзіңе жақсы мәлім ғой Гауһар. Есіңде ме осы профессормен алғаш әңгімелескеніміз? Қасымда сен бар едің ғой.


  • Доктор, айтыңызшы, операция аяғыма жасалама? – деп сұрадым мен.

  • Жоқ.

  • Енді қалай? Менің аяғым ғой ауратын, доктор.

  • Жоқ. Гәп аяғыңызда емес жігітім.

  • Енді неде?

  • Омыртқада. Дәлірек айтсақ жұлында жатыр.

Сосын мені белаурыма дейін шешіндіріп, етпетімен төсекке жатқызды. Сөйтті де қасыма келіп, отырып, арқама қолын салды. Сосын көк желкеден бастап, құйымшақтың тұсына дейін созылып жатқан омыртқа сүйектің үстінен алақанымен бір сипап өтті де:

-Міне, осы ұп-ұзын қаңқа сүйек омыртқа деп аталады, - деді. – Мұның өзін бүкіл организмді тіреп тұрған ұстын деуге де болады. Сол омыртқа ұстынның іші қуыс кеуек. Бірақ омыртқаның іші бос емес. Омыртқаның ішінде ұзыннан-ұзақ түсіп жұлын жатыр. Жұлын да ми. Ол бас сүйектің ішіне орналасқан орталық мидың жалғасы. Ұқтың ба? Сол жұлын сан миллиардтаған жіп-жіңішке талшықтардан құралған. Әрбір осындай талшық


Ф-ОБ-001/033

нервтің жіңішкелігі адам шашынан он мың есе жіңішке. Бірақ осы қылдай талшықтын әрқайсысы адам өмірінде орасан зор қызмет атқарады. Солардың

бірі сәл науқасқа шалдықса адамның көзі жұмылмай қалады, екіншісі нашарласа мына сіз тәрізді аяқтан қала бастайды, тағысын тағылар. Сіздің омыртқаңыздың ішіне кішкене ісік- ет өсіп шыққан. Сол ісік әлгі талшық – нервтің бірін басып, оның өз қызметін атқаруына бөгет болып тұр. Сондықтан қатерлі ісікті алып тастау керек.

- Қалай аласыз? – деппін мен сасқалақтап.

- Қалай дейтіні бар ма?! Омыртқаны кесіп ашамызда, алып тастаймыз...

Профессор одан әрі не айтып, не қойғанын естіген де, тындағам да жоқ. «Омыртқаны кесіп ашамыз» дегенде-ақ аз бойым қаза боп кетті...» [14 ,21-22 ].

Міне , бұл сырқат сиректе болса, өмірде кездеседі екен. Оны медицинада нейропотологиялық ауру десе, әдебиеттануда адам ішіндегі адам деген тәсілді жазушы тігісін жатқыза пайдалана білген. Шығарма сюжетін берудегі суреткер шеберлігі сондай, хикаят-монологты оқып отырып, көз алдында өтіп жатқан кинолента куәгердей кейіпкермен бірге қуанасың, бірге қайғырасын, тіпті қорқасың да.

«...Өмірлік материалды көп білу, көрген білгенін көңілге тоқып, өмір құбылыстарын зерделеп ұғып, жадында сақтап, оны көркем шындыққа, өнер туындысына, көркем шығармаға суреткерлікпен айналдыра білу – жазушы бақыты...» [2,89 ].

1.1. «Үміт үзгім келмейді», хикаят-монологының сюжеттік- композициялық желісі:

Тұтастай алғанда Немат Келімбетовтің жазушылық талантының құдырет күші ең алдымен оның повестерінен айқын танылады.



«Үміт үзгім келмейді» повесть-монолог 1981 жылы жазылған. Негізгі тақырыбы – адамның өмірге деген шексіз құштарлығы.


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет