Ф-об-001/033 Қазқстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі



жүктеу 0.72 Mb.
бет8/15
Дата25.04.2016
өлшемі0.72 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Жылдарга “Кургак учук-iv” программасы
2013 -> Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
2013 -> Создание информационной системы движения ценных бумаг на примере атф банка
2013 -> 1 Геологическая часть
2013 -> Оригинал: Политическая деятельность Урус-хана и его место в истории казахской государственности // Отан тарихы (Отечественная история). 2006, №1, стр. 89-95
2013 -> «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет стандарты
2013 -> I тарау. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
2013 -> Жалпы білім деңгейіне мемлекеттік талап оқушылардың оқу кезеңін бітіру кезіндегі алатын білімі мен біліктіліктерінің қажетті минимум деңгейін анықтайды
2013 -> Мазмұны кіріспе
2013 -> АҚПараттық хат құрметті әріптестер!
Ф-ОБ-001/033

Шешімі: «Ұлыма хат» эссесінде жазушының өзіне тән ерекшелігін көруімізге болады. Әрине, ол шешімінде жатыр. «...Келесі хатымда қазақтың өзіндік төл тарихы, қазақ жыраулары жайында айтпақпын. Оған дейін аман-есен болайық. кездескенше күн жақсы, балам!»- дейді.

Міне, біз жоғары да сөз еткен «Ұлыма хат» эссесінің сюжеттік-композициялық желісі арқылы, жазушы бойындағы ерекше қасиетін

айқындадық. Жазушы мұнда өз ойын әрбір хатында психо-философиялық, психо-педагогикалық ой-толғанысымен жеткізіп отыр.

«...Жазушының шеберлік даралығын айқындайтын қасиет шығармадағы көркемдік ойлау жүйесінің дұрыс жолға қойылуы мен кейіпкердің рухани жан дүниесін ашудағы көркемдік тәсілдердің орнын тауып қолдана білуі болса керекті...» [24, 232 ]. Мәселен, Н.Келімбетов «Ұлыма хат» эссесінде осы қағиданы берік ұстанып, дұрыс қолдана білген. Ол жайлы эссесінің бірінші хатында-ақ айқын көрініс тапқанын көруімізге болады.

Ұлым менің!

«...Әкемнің маған берген тәрбиесін, мен саған толық бере алмаған шығармын. Кейде ол кісі маған бала бүркітті баулап жүрген саятшы секілді көрінетін. Мені қасынан тастамайтын. Жеміс ағаштарынның жас көшеттерін отырғызып жатса да, қырға шығып шөп шапса да, арық қазып, көпір салып жатса да ұдайы мен әкемнің қалай кетпен шауып, қалай орақ орысып, қалай балға соғып жатқанын көріп өстім.

Ұлым менің!

Осы айтқандарымның бәрін мықтап ойланып, тереңнен пайымдауыңды қалар едім. Өйткені әкемнің маған айтқан ақылын мен саған айтқым келіп тұрады. Сау-саламат бол, құлыным...».

Немат Келімбетов «Ұлыма хат» эссесінде қаһарманның ішкі жан дүниесінің әсемдігін ашуда, әкенің бойындағы қасиеттерді өмірдің бірыңғай күнгей бетіне шығара бермейді. Қаһарман бірде қуанса, бірде налиды,

Ф-ОБ-001/033

ренжиді. Кейде жаны өте жәбірленіп, шарасыннан асып төгілетіні де бар. Ал кейде тіпті тым жұқарып, өте жүдеп отыратын кездері де болады. Немат аға осы күйлердің сырын ашып, сол арқылы қаһарманының ішкі әлемінің әдемілігін көрсете білген.

Енді жазушы стиліне келсек, өзіндік қолтаңбасы, тілдік ерекшелігіне тоқталсақ.

Өнер тарландарын бір-бірнен әсте шатастырмайсың. Әр қайсысы өзінше сөйлейді, өзінше толғайды, өзінше нақыштайды.

Өнердің қай саласында болсын шынайы суреткер өзіндік өрнегі мен, нақышымен көрінеді. Ақын-жазушы тек өзіндік қолтаңбасымен, даралық суреткерлігімен, өз стилімен айқындалады. Онсыз өнер иесі жоқ. Көркем шығрма кілтінің бірі тіл құнары. Н.Келімбетовтің жазушылығы мен ғалымдығы ұдайы желдеп демеп отырады. Тақырыбына орай тіл құнарын іздеп, сөзді қонымды қолдану – оны ұдайғы әдеті сияқты көрінеді.

Майталман шебер Нематтың қалам қарымы кез-келген туындысынан аңыздап тұрады. Теңіз дәмі тамшыдан. Жазушы тілінің шұрайлылығы, қанатты қиялының ұшқырлығы, мұхиттай ойының шалқарлығы мен көркем естелігі сөз саптауынан ә дегеннен-ақ таныс. Зергердің әсем өрілген зеріндей қас шебердің қалам ұшынан төгілген күндегі сөз әманда сан қатпарлы астарына тереңірек үңілдірері анық.

Н.Келімбетовтің «Ұлыма хат» эссесін Әзілхан Нұршайықовтың пікірімен қорытсақ: «...Ұлыма хат» эссесінде автор оқырманын Қорқыт атаның даналық ойдан туған өсиет-уағыздарымен таныстырады. Орта ғасыр ғұламалары, сөз зергерлері Әбу Әли Ибн-Сина, Әбу Райхан әл-Бируни, Әбу Наср әл-Фараби, Махмұт Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Ясауи, Бабыр, Хайдар Дулати жайында деректі хикаяттар айтып береді.

Түйіндеп айтқанда, Н.Келімбетов өз оқырманын сақтар мен ғұндар дәуірінен бастап, Қазақ хандығы құрылған кезеңге дейінгі ұлтымыздың

Ф-ОБ-001/033

рухани тарихы – ежелгі әдеби жәдігерліктерімен таныстырады.

Аса қадірлі оқырман қауым тарихи танымдық мәліметтерімен мол, ежелгі ата-бабаларымыздың қасиетті шежіресінен сыр шертетін ғажайып туындының сізге ұнайтынына кәміл сенемін.

Әманда солай болсын. Әумин![14, 6 ].

1.3.«Үміт үзгім келмейді» хикаят-монологындағы көтерілген проблемалар: (бақыт, шындық, арман, ар-ождан, ғұмыр, уақыт, үрей, сенім, мақсат, адамгершілік).

Әрине, тақырып, проблематикасыз, жанрсыз ешқандай көркем туынды жоқ. Солар шығарма ұйытқысы, шығарманың стильдік элементтерінің қызығы, діңгегі, жаны, өзегі. Соның ішінде ең бастысы әсіресе, шығармада көтерілген проблематлар. Проблематика тек форманы ғана емес, форманы тудырушы жанрды да айқындайды. Енді жазушының «Үміт үзгім келмейді» хикаят-монологындағы көтерген проблемалаға тоқталсақ:



Бақыт – адамдар үшін арман жетегіне жеткен сәті болып табылатыны хақ. Хикаят-монологта «бақыт» дегеннің өзі не деп автор соған жауап іздейді. Автор «бақыт» дегеннің өзі қалай пайда болады? – деген күдік ойда сап ете түсті дейді. Бақыт адамның ойлаған арманына жету шығар. Бірақ адамда арман көп қой. Соның бәріне қолы жеткен адам ғана бақытты ма? Әйтсе де, адамның арманы, сірә, тіршілікте таусыла қоймас. Сонда қалай, жер бетінде бақытты жан жоқ па? Бар, әрине. Көп. Әйтпесе неге біреулерді бақытты, біреулерді бақытсыз дейміз? Мүмкін бақыт дегеніміз өзгермейтін, тұрақты, қатып қалған нәрсе емес шығар. Бүгін бақыттың дәмін татқан кісі, күні ертең-ақ қайғыға уланып қалуы ықтимал емес пе? Міне, осылай сұраумен жауаптың соңында жүрген автордың «бақыт» атты проблемасына қандай жауап қататынын мына үзіндіден қарастырып көрдік.

«...Сөйтіп, мен бақыттымын ба, жоқ па? Арманына жеткен адам бақытты десек, мен шынында да, бақытты шығармын. Оқыдым. Өзім қалаған


Ф-ОБ-001/033

мамандыққа ие бодым. Қызметім де жаман емес. Тату-тәтті отбасы құрдым. Жап-жақсы пәтер алдым. Бірақ мен тек осыларды армандадым ба? Жоқ, әрине. Арманым көп. Мүмкін, бір кезде бүкіл арманымның бәрі түп-түгел орындалар. Ол үшін күресу қажет. Ал күресу үшін ертеңгі операциядан тірі шығу керек.

Меніңше, бақыт дегеніміз қара бастың қамы емес. Басқаларға қырауар қуаныш, зор шаттық сыйлаған жандар ғана бақытты. Ал, мен өзгелер үшін не істедім? Бәрін тек өзім үшін істеп жүрген сияқтымын ғой. [14, 17 ]. Осы үзіндідіні психологиялық тұрғыдан қарағанда, Н.Келімбетов «бақыт» деген

проблеманы, тек арманға жеткен шың емес, «бақыт» жалғыз бастың қамы емес, басқаларға қуаныш, шаттық сыйлаған жандар ғана бақытты. Сонда ғана біз «бақыт» не екенін сезінеміз. Бізде осыған қосылмақпыз.

Шындық – құрамында ешқандай бөтен қоспасы жоқ тап-таза, саф алтын сияқты емес пе? Бірақ таза алтынды адамдар сол күйінде ешқандай да қолданбайды ғой. Адамның әйтеуір бір кәдесіне асыру үшін саф алтынға бақа

металдардан там-тұмдап болса да міндетті түрде қосады. Сонда ғана алтын құрыштай шынығып, сапасы жақсарып, беріктігі бұрынғыдан арта түседі. Бірақ бұл енді қанша берік деп мақтасақ та таза алтынның өзі емес қой.

Дәл осы сияқты шын сөзге де кей-кейде бірер шым-шым жалған дерек қосып жіберсе, онда шындықтың адамға беретін эмоциялық ләззаты, рахаты, күш-қуаты адамға беретін бұрынғысынан еселеп арта түседі емес пе? Мұндай сөздің құрамында қоспасы, яғни өтірігі бар екенің анық қанық біле тұрып-ақ рахаттанасың. Одан ләззат аласың. Мәселен саған біреу: «Ай қабақ, алтын қыз көрдім», - десе сенесің бе? Бұл өтірік қой. Кірпігі алтын адам бола ма, сірә? Бірақ дарынды ақын сұлу қыздың бейнесін аспандағы айға, күнге, жұлдыздарға қиыстыра теңеп, жүрек тебірентерлік жыр жолдарын оқып жатқан сәтте: ешкімге зияны жоқ, қайта ләззаты мол мұндай алдамшы сезімдерге өзіміздің де іштей сенгіміз келіп тұрады. Көне заманның бір




1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет