Ф-об-007/017 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет3/5
Дата02.05.2016
өлшемі0.82 Mb.
1   2   3   4   5

5. Бақылау сұрақтары:

1. Дискотеканы басқарудың негізгі принциптеріне қандай принциптер жатады?

2. Музыкалық тынығу жұмыстарына қандай іс-шаралар жатады?

3. Жастар демалысын қалай жақсы, мазмұнды, қызықты етіп өткізуге болады?

№ 4 сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Дискобағдарламалар құрудың әдістемесі

Тақырыптық бағдарламаның, би репертуарының көркемдік–идеялық мазмұнының сапалы деңгейіне қойылатын талаптар.


2. Сабақтың жоспары:

1. Тақырыптық бағдарламаларды ұйымдастыру.

2. Би репертуарына қойылатын талаптар.

3.Би репертуарының көркемдік-идеялық мазмұнын ашу



3. Сабақтың мақсаты:

Тақырыптық бағдарламаларды ұйымдастыру арқылы би репертуарының көркемдік-идеялық мазмұнын ашу



4. Теориялық мәліметтер:

Жастардың ұйымдастырушылық, тәрбие және насихат жұмыстарының қажетті білім мен дағды алуына жәрдемдесу-олардың белсенділігін арттыру болып саналады.

Кез-келген халықтың өзіне тән ұлттық мәдениеті ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи ерекшеліктері болады. Ел қиялында туып, өрбіп отыратын аңыз-әңгімелер, жыр-дастандар сол халықтың әдеби, мәдени мұрасы ретінде ауыздан–ауызға беріліп отырады. Тақырыптық бағдарламалар бүгінгі өмір деңгейіне сай терең мазмұнда, көркемдік педагогикалық талапты қанағаттандырарлықтай дәрежеде және оқушылардың жас ерекшеліктеріне, аспапта ойнау мүмкіндіктеріне сәйкес болуға тиіс. Демек, жетекші оркестрде ойналатын әрбір репертуарға творчестволық тұрғыдан келіп, оның идеялық-эстетикалық мәнін көркемдік ерекшелігін дұрыс ашып таныта білгенде ғана оқушылардың музыканы терең сезініп, дұрыс түсіне білу қабілетін ескергені жөн.

Халық музыкасы ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып қала отырып, оның таңдаулы үлгілері өскелең ұрпақты тәрбиелеудің таптырмас құрамы болып табылады. Оқушылармен өткізілетін музыкалық іс-шараларды ұйымдастыру жұмыстары балалардың білімділігіне байланысты. Арнайы дағдыны талап етпесе де, олардың музыканы білуге деген ықыласы болу керек. Бұл салаға лекция-концерт, көпшілікпен бірге театрға, музыкалық киноларға бару, музыкалық кештерді ұйымдастыру, жүргізу, карнавалдар, конкурстар, байқауларды өткізу жатады.

Әр өнер адамзаттың қайғы–қасіретін, ойын, сезімін, неше түрлі–бүгінгі, кешегі, тарихи немесе фантастикалық оқиғаларды адамдарға өзіне тән құралдарымен, амал–тәсілдерімен жеткізуге тырысады және әр өнер шартты болып келеді. Соның ішінде хореография–сөзсіз өнер. Би репертуары - ой мен мазмұнды музыкалық-хореография бейне арқылы ашатын сахналық өнердің бір түрі.Оның қайнар көзі– халық билерінде. Хореографиялық (би) мектептердегі ең басты сабақ – классикалық би. Латын тілінен алғанда классикалық–үлгілі деген сөзді білдіреді. Классикалық дегенге біз ұлттық және дүниежүзілік мәдениеттің бағалы асыл мұрасын, әдебиет пен өнердің үлгілі, атақты танымал шығармаларын жатқызамыз.

Хореографияның негізгі элементтері халықтық музыкалық би шығармашылығымен тікелей байланыста туған. Вокалдық–аспаптық ансамбльдердің негізгі міндеті электро музыкалық аспаптарда ойнаудың, ансамбльдік әнңің вокальдық техникасын, практикалық дағдысын игеру, көркем репертуарды іріктеп алу принципті қазіргі асапатармен дыбыс күшейткіш аппаратураның барлық әсерлілік–орындаушылық құралдарын салалы түрде түсіне пайдалануды үйрету. Вокальдық–аспаптық ансамбльдердің аспаптары тура партитураларды творчестволық пен құру теориясы мен практикасы туралы эстрадалық вокальдық–аспапты жанрдың тембрлік-регистрлік ерекшеліктер, техникалық мүмкіндіктері туралы, «микрфолдық» ән айту және алуан түрлі электронды дыбыстардың өзіне тән ән айту және алуан түрлі электронды дыбыстардың өзіне тән ерекшеліктерін білу туралы қажетті мәліметтер беріледі.


5. Бақылау сұрақтары:

1. Дискобағдарламаларды қалай құруға болады?

2. Тақырыптық бағдарламалдарды қалай ұйымдастыруға болады?

3. Тақырыптық бағдарламалардың адам өмірінде алатын орны қандай?

4. Тақырыптық бағдарламаларды ұйымдастыру арқылы бидің көркемдік-идеялық мазмұнын қалай

ашуға болады?

5. Тақырыптық бағдарламаларға қойылатын талаптар қандай?

№ 5 сабақ



1. Сабақтың тақырыбы: Дискотеканы техникамен жабдықтау.

Дискотекадағы музыка, икемділік және хореография



2. Сабақтың жоспары:

1. Дискотеканың өнер түрлерінің ішінде алатын орны.

2. Дискотекадағы музыка.

3. Хореографияның өнерде алатын орны.



3. Сабақтың мақсаты:

Дискотекадағы икемділікті бимен байланыстыра остырып, тынығу жұмыстарын ұйымдастыру



4. Теориялық мәліметтер:

Музыкалық тынығу жұмысын ұйымдастырушы ретінде мұғалім өзінің педагогтық шеберлігін арттырып, барлық жағынан үлгі болуға міндетті. Ол дайындықты ұйымдастырудың барлық мәселелерін шешуге, оның жоспарын жасауға, музыкалық шығармамен жұмыс істеудің мазмұны мен әдістерін, жеке-дара формаларын, тәсілдері мен әдістерін құралдарын динамикалық келісімділігін және т.б. мұқият ойластыруға тиіс. Мәдениеттің өзекті мәселелерінің бірі-өнер. Өнер адамзаттың көркем қажеттіліктерін қанағаттандырады. Өнер жеке тұлғаның ғана емес, қоғам өмірінде маңызды роль атқарады. Өнер құндылықтар мен нормаларды, білімдер мен мән–мағыналарды орнықтырады, адамның мінез–құлқын қалыптастырады. Сондықтан да, қоғам өмірінде реттеу құралдары, дін, саясат өнерді өз мақсаттарында қызмет еттіруге талпындырады. Қоғам өмірінің бетбұрыс кезеңдерінде өнерге деген сұраныс өсе түседі. Бұл-өнердің руханилықпен, мәдениетпен тығыз байланыстылығын көрсетеді. Өнер бір-бірімен тығыз байланысты және тарихи кезеңнің көркем мәдениеттің жалпы заңдылықтарына бағынышты өнер түрлерінің жүйесі ретінде орын алады.

Музыкалық білім беру тек мектептегі музыка сабағымен шектеліп қана қоймайды. Жасөспірімдердің эстетикалық, көркемдік қабілеттерін қалыптастыру, музыкалық танымдарын дамыту үшін көптеген өткізілетін музыкалық жұмыстардың түрлерін, формаларын, бұрынғы сарыннан, бұрынғы түрден өзгерте отырып, жастардың музыкаға, өнерге деген сүйіспеншілігін, икемділігін, қасиетін дамыту керек.Өнердің қай түрімен болсын, қуанышпен, ризашылықпен, ықыласу керек. Мектептерде, мектеп сыртындағы орталықтарда, аспаптың үйірмелер, клубтар, әншілік мектептер, би үйірмелері, спорттық үйірмелер ұйымдастырылған.

Мәдени тынығу жұмыстарын ұйымдастыру-оқушылардың ой-өрісін жетілдіруді, мәдениеттілігін, адамгершілік қасиетін дамытуды, қоғамға, Отанға, жанұяға деген сыйластық, сүйіспеншілігін қалыптастыруды мақсат етеді.

Оқушылардың музыкалық тынығу жұмысы өмірдің бір бөлшегі тәрізді адамдардың сана сезіміне әсер ете алады,бала жүрегіне жол тауып, ізгілік нұрын себумен бірге адамның бойында адамгершілік қасиеттерін оятып, сол арқылы оқушылардың рухани мәдениетін қалыптастырады.

Міне, бүгінгі зерттеу жұмысымызда музыканың мәдени өмірдегі алатын орнын, оқушылардың музыкалық тынығу жұмысын ұйымдастыруда музыкалық жанрлар жүйесінің маңызын, театр және кино өнері, концерттік қойылымның музыкалық-эстетикалық тәрбиедегі әсерін, мектептегі музыкалық тынығу жұмыстарының кең тараған түрлері: мерекелік кештер, әдеби-музыкалық қойылымдарды ұйымдастыру және оны өткізудің жолдарын қарастырдық.

Оқушылармен жүргізілетін музыкалық тынығу жұмыстарын ұйымдастыру барысында балалар өз беттерімен ізденуге, шығармашылық қабілеттерін танытуға мүмкіндік алады. Өнерпаздық, білімпаздық қасиеттері ұшталады, арман, қиялдарына қанат бітеді. Кештерді өткізуге дайындықтық өзі оқушылардың сана–сезіміне, мінез-құлқына әсер етіп, оларды ойлы іске жұмылдырары анық. Музыкалық тынығу барысындағы ұжымдық жұмыс құштарлық пен қуаныш сыйлап балалар арасында болатын кейбір келіспеушілік жайттарынан арылуға мүмкіндік береді және ол үшін ұтқыр қиялды әдіс-тәсілдер табу керек деген қорытынды жасап отырмын.

Әр өнер адамзаттың кайғы-қасіретін, ойын, сезімін, неше түрлі-бүгінгі, кешегі, тарихи немесе фантастикалық оқиғаларды адамдарға өзіне тән құралдарымен, амал-тәсілдерімен жеткізуге тырысады және әр өнер шартты болып келеді. Соның ішінде, музыкалық театр-опера, әсіресе балет-ең шарттысы. Неліктен? Өйткені, тіпті операда кейіпкерлер жай сөздердің орнына ән айтқандарымен ерекше. Сол себепті олардың әндерінің арқауы сөз болады. Хореографияда болса-бәрі де басқаша. Ол-сөзсіз өнер. Оның негізі-би. Хореография-ой мен мазмұнды музыкалық-хореографиялық бейне арқылы ашатын сахналық өнердің бір түрі. Оның қайнар көзі-халық билерінде.

Хореографияның негізгі элементтері халықтың музыкалық-би шығармашылығымен тікелей байланыста туған. Ән-би аралас комедиялық ойын-сауықтар құдіретті фарстар кең етек жайды. Діни мазмұнды билер үлкен тойларда да орындалды. Олар, көбінесе ас табақтары ауысқанда қонақтарға ермек үшін көрсетілетін. Ақырындап билер өзінің діни маңызынан алшақтай бастады. Адамдар мейрам күндері биледі, көп ұзамай тұрмысты билер пайда болды. Францияда тұрмыстық билерді-бранли деп атайды. Оны ән немесе волынканың сүймелдеуімен орындады. Бранлиді кезбе актерлер халық арасына тарата бастады. Қалаларда ашық аспан аясында жөрмеңкелер, мейрамдар өтіп тұратын. Онда би-пантомималық сахналар жиі көрсетілетін. Бай ақсүйектер халықтық ойын-сауық түрлерін өздеріне негіздеді. Әдемі дамалар мен серілер өзіндік хороводтар жүргізетін. Атақты ақсүйектер бас киіммен билейтін. Әйелдердің қолында әдемі орамалдар мен веерлер болды. Балдарда өте ақырын павана, аллеманда, сарайлық бранль биленетін. Кейінірек ырғақты, сырғымалы минуэт пен гавот, жига, бурре сынды тез биленетін билер шықты.
5. Бақылау сұрақтары:

1. Дискотеканы техникамен жабдықтау дегеніміз не?

2. Хореография дегеніміз не?

3. Дискотекадағы икемділікті хореографиямен қалай байланыстыруға болады?

№ 6 сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Мектептегі вокальды–аспапты ансамбль

Эстрадалық вокалды-аспапты музыканың дамуының негізгі кезеңдері.


2. Сабақтың жоспары:

  1. 20 жылдардағы вокалды-аспапты шығармашылықтың әлеуметтік аспектілері мен

музыкалық стильдері.

  1. Вокалды – аспапты ансамбльдердің көркемдік ерекшеліктері

  2. Жаңа жанрдағы жетекші музыкантар мен орындаушылар.

3. Сабақтың мақсаты:

20 жылдардағы вокалды-аспапты шығармашылықты дәріптеу



4. Теориялық мәліметтер:

Қазіргі кездегі телевизияның, радионың, киноның, электрдегі машиналардың барған сайын дами түсуі музыкалық сол жағынан өсе тусуін ғана емес, сонымен бірге музыка өнерінің барлық сан алуан стильдері мен жанрларымен, басқа халықтардың фолкьлорымен композиторлардың және алуан түрлі мектептермен көркем бағыттардың орындаушыларының творчествосымен танысуға мүмкіндік береді. Өте қысқа уақытта музыка өнері саласындағы аса жаңа эксперименттер мен сәтті жаңалықтар тек мамандардың шағын ортасының ғана есем, сонымен бірге халық тыңдаушысы қауымының да игілігіне айналады. Қазіргі өнердің таңдаулы неғұрлым қызықты құбылыстары түрлі ұлттық топырақтан нәр алып, сол халықтың музыкалық тілінің өзіне тән өрнегінен өз бояуын тауып, жаңа әуезбен байып отырады. Эстрадалық музыка жанры барлық жаңалыққа бәрінен бейім тұратыны белгілі. Қазіргі замани рухына сай келетін әсерлілік құралдарын іздестірудің үздіксіз процесі нақ осында барынша айқын байқалады. Эстрадалық музыканың жастардың эстетикалық талғамын қалыптастыруда маңызды рол атқаратынын мойындаған жөн.

Эстрадалық музыкаға да, оның алдындағы жанрлар – үрмелі аспаптар оркестарлеріне арналған музыка, тұрмыстық романс және лирикалық әндер сияқты ұлттық белгілер қажет. Ұлттық белгілер музыкалық толып жатқан әсерлілік құралдарында - әуендер, ырғақта, гармонияда және т.б. көрілуі мүмкін.

Ауыз екі тіл секілді, музыка өнерінің тілі де уақыт өтуімен байланысты өзгеріске ұшырап отырады. Ой мен сезімнің жиынтығын қазіргі заманғы суреткер өткеннің ұзақ- солар ырғағы мен бере алмайды. Ол форманың жасқалығын айтпақ ойдың айқындылығын, тұжырымдылығы мен нақтылығын талап етеді. Міне, сондықтан да қазір шағын музыкалық формалар үлкен табысқа жетіп отыр.

Қазіргі эстардалық музыка, сан алуан болғанына қарамастан, үш негізгі бағытқа ие болып отыр. Олар: таза фольклорлық қазіргі заманғы және фольклорлық қазіргі заманғы стильдегі бағыттар.

Фольклорлық бағыт–репертуары халық әуендері мен аспаптық шығармалардан тұратын солистер мен ансамбльдің алынған аспаптары, тиісінше халықтық болып келеді. Қазіргі эстрадалық музыка - қазіргі заманғы композиторлардың әндері мен пьессалары. Ал бұл бағыттағы ансамбль мен оркестрлердің аспаптарының құрамында да, музыкалық белгілер басым болады. Бұл жағдай осы бағыттың өкілдеріне жұртшылққа тез танылатын әрі дәл сондай тез ұмытатын, айшықты көркемдік жағынан тартымды шығармалар жасауға көмектеседі.

Фольклорлық қазіргі заманғы стиль бағыты, музыкалық терналді өзінше біріктірумен сипатталады. Эстардалық музыка стилінің тақырыптық мазмұнының және көркемдік әсер құралдарының сарқылмас қоры бар. Қазақстан да, Орта Азия республикаларында сияқты профессионалдық музыка өнері, оның ішінде эстарда да бірқатар обьективті тарихи себептерге байланысты сабақтан кейінгі жиындарда ғана белсенді дами бастады.

Біздің республикамызда Мемлекеттік республикалық «Гүлдер» жастар –эстардалық ансамбльі, «Дос-Мұқасан», «Айгүл» вокальдық-аспаптық ансамбльдері, «Серпер», «Алматы әуендері» және т.б. сияқты фольклорлық қазіргі заманғы стильдегі өзіндік бет-бейнесі қалыптасқан ұжымдар өз репертуарын жасаған кезде бұл ансамбльдер қазақ халық музыкасының бой әуені мен ырғағын табысты пайдаланып, ұлттық пластика дәстүрлерін творчестволық ой-елігінен өткізіп отырады.

20 жылдардан бастап ондаған жылдар бойы Джаз стилі қажеттілікті қанағаттандырды. Мұның бәрі жас ырғақтық, әуендік және гормониялық құрылымдар мен вокальдық жаңа мәнерімен электронды аспаптардың елумен үйлесімді 60 жылдардың басында қазіргі заманғы көпшілікке танымал музыканың пайда болуына негіз болды. Біздің елімізде, олардың бір түрі ретінде, вокальды аспаптық ансамбльдер пайда болды.

Қазіргі ырғақтар, жалпы би әуені, барлық воальды аспаптық ансамбльдердің стильдік қолтаңбаларына тән. Алайда түрлі ән және фольклор дәстүрлеріне байланысты түрлі елдер мен аймақтардың вокальдық ансамбльдері, рок және поп топтары орындаған музыканың екпін-әуен негізі бір-біріне ұқсамайтын кейде тіпті күрт ерекшеленетін болып шықты.


5. Бақылау сұрақтары:

  1. 20 жылдардағы вокалды-аспапты шығармашылықтың әлеуметтік аспектілері мен

музыкалық стильдері қалай дамыды?

  1. Вокалды–аспапты ансамбльдердің көркемдік ерекшеліктері қандай?

  2. Жаңа жанрдағы жетекші музыкантар мен орындаушылар вокалды-аспапты ансамбльдерді

қалай ұйымдастырады?

4. Мектептегі вокальды–аспапты ансамбльді қалай ұйымдастыруға болады?

5. Эстрадалық вокалды-аспапты музыканың дамуының негізгі кезеңдері қандай?

№ 7 сабақ



1. Сабақтың тақырыбы: Кеңестік вокалды-аспапты ансамбльдердің шығармашылығы

60-жылдардағы екінші жартысындағы кеңестік эстраданың орындаушылығы.


2. Сабақтың жоспары:

1. 60-жылдардың екінші жартысындағы кеңестік эстраданың орпидауимглары,

2. Поющие гитары ВАА-ның жауапшылығы,

3. «Песняры”, “Ариель” шығармашылығында ұлттық фольклорды пайдалану.

4. Эстрадалық әндердің кеңестік танымал орындаушылары.

3. Сабақтың мақсаты:
4. Теориялық мәліметтер:

Вокальдық–аспаптық ансамбльдердегі тәрбие процесінің өн бойында студенттердің музыкалық- эстетикалық ой-өрісін кеңейту шығарманың мазмұны мен сипатын сын көзбен бағалай білуді көркемдік талғам мен музыканы қабылдай білу мәдениет қалыптастыру .

Көптеген вокальдық-аспаптық ансамбльдер стилінің қалыптасуына совет әндері, ал кейбір ансамбльдерде фольклор үлкен роль атқарады 60-жылдардағы таңдаулы ұжымда–«Пеняры» (Белоруссия), «Сомоцветы» (Москва), «Ариэль» (Свердловськ), «Ялла» (Өзбекстан), «Гунем» (Түрікменстан), «Орера» (Грузия), «Гая» (Азербаижан), (Досмұқасан», «Арай», «Яшлык», «Айгул» (Қазақстан) және т.б фольклордың қазіргі заманғы әннің және фольклороктың арсеналынан мұқият іріктеліп алынған құралдың табиғи ұжымдасуына құрылған біртұтас музыкалық-оброзды жүйе пайда болды .Өзінің алғашқы қадамынан-ақ бұл вокальдық–аспаптық ансамбльдер фольклорға батыл ден қойды. Бұл ұжымдар өз халқының ән- аспаптық мұрасына құрметпен қарап, ұлттық асыл қазынадан ансамбльдің орындаушылық стиліне мейлінше табиғи үндестік әуендерді ғана іріктеп алып отырды. Өздерінің музыкалық өңдеулерінде олар өз халық әндерінің ладтық және гармониялық құрылысын сақтауға және сонымен бірге оларға эстрадалық сипат беруг ұмтылады.

Халық әндерін өңдеуге бет бұрып, сәтті интерпретация үлгілерін берген алғашқылардың бірі белорустің «Песняры» вокальдық–аспаптық ансамбльі болды. Оның фольклорды өңдеуге халықтың ән әуенімен симфонизімнің қазіргі тәсілдері, дамыған полифония және рокмузыкаға тән композиялық тәсілдерден шығатын созылмалы остинатты үн налымды біріктірілген. Вокальды партиялар динамикалық және колористикалық реңктердің қарама-қарсыласымен баурап алып, мінсіз дауысымен, гармониялық күрделілігі мен шаттыққа бөлейді.Өңдеулердің сезімдік образдылығы көп көңілінен шықты.

Вокалдық–аспаптық ансамбльдердің негізгі міндеті электр музыкалық аспаптарда ойнаудың, ансамбльдік әнңің вокальдық техникасын, практикалық дағдысын игеру, көркем репертурды іріктеп алу принциптіқазіргі асапатармен дыбыс күшейткіш аппаратураның барлық әсерлілік –орындаушылық құралдарын салалы түрде түсіне пайдалануды үйрету. Вокальдық–аспаптық ансамбльдердің аспаптары тура партитураларды творчестволық пен құру теориясы мен практикасы туралы эстрадалық вокальдық –аспапты жанрдың тембрлік-регистрлік ерекшеліктер, техникалық мүмкіндіктері туралы, «микрфолдық» ән айту және алуан түрлі электронды дыбыстардың өзіне тән ән айту және алуан түрлі электронды дыбыстардың өзіне тән ерекшеліктерін білу туралы қажетті мәліметтер беріледі.

Қазақстандағы «Яшлык» фольклорлық ұйғыр ансамбльінің халық әндерін өңдеуі сүйсіндіреді .Бұл ансамбльді тыңдап отырып, ұйғыр халық әндері динамикалық өңдеулер мен электрлі аспаптар үшін баяғыда «бағдарламаланғанба» деп ойлайсың. Орындаушы мен электргитаралар мен синтезаторларға көңіл әзілге толы, лирикалық әндерді ұлттық дауыспен айтып үйретіп қойғандай. «Милыктың» фольклормен тығыз тасуы ұйғыр аспаптарын (раваи, тамбур, най, дап) пайдалануынан да аңғарылады. Бұл аспаптар гитаралармен соқпалы аспаптардың арасында ешбір жоғалмайтын ансамбль үніне шығыс әріп береді.

Вокальдық–аспаптық ансамбльдегі кез-келген жаңалық тез арада жұртшылықтың игілігіне айналатыны аян. Халық әндерінің табысқа жетуі оған өңдегіш эпигондардың назарын аударды. Олар неғұрлым оңай жолды таңдады. Кеңінен танымал әндерді алып, әуенді қазіргі заманғы ырғаққа тез жетіп жатыр.

1982 жылы Н.Тілендиевтің жеткешілік етуімен қазақ фольклорлық- этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің құрылуы қазақ халқының музыка мұарсын кеңінен, жан-жақты пайдалануға көңіл қойғанын тағы да дәлелдеп берді. Орекстрде түрлі музыкалық аспаптардың дыбысы жарасымды үйлесім табуы дыбыс күшейткіш арқылы сәтті түрлі аспаптардың оркестрде пайдалауныа мүмкіндік туды. Осының бәрі бұрын халық оркестрлерінде пайдаланылған аспаптардың жаңа колористік мүмкіндіктерін ашып берді. Қазақ халқының аспаптық творчествосы бірегей халық аспаптарымен музыкалық шығармаларын пайдалану ғана емес, сонымен бірге халық аспаптарының орындаушылық мәнерінің өзіндік ерекшелектерін сақтау арқылы да көзін тапты.


5. Бақылау сұрақтары:

1. Кеңестік вокалды-аспапты ансамбльдердің шығармашылығы қалай қалыптасты?

2. 60-жылдардың екінші жартысындағы кеңестік эстраданың даму қалай болды?

3. «Песняры”, “Ариель” шығармашылығында ұлттық фольклорды пайдалану қай бағытта жүрді?

5. Эстрадалық әндердің кеңестік танымал орындаушылары кім дер, аттарын атаңыз.

№ 8 сабақ



1. Сабақтың тақырыбы: Қазіргі зонг-опера вокалды-аспапты ансамбльдердің көңіл көтеруші шоу бағдарламалары

Шет елдегі саяси тақырыпқа бірінші болып құрылған эстрада әндерінің рок операсы.

Кеңестік зонг-опералық шығармашылық
2. Сабақтың жоспары:

1. Қазіргі кездегі рок музыкасының бағыттары.

2.Опера, балет,концерттердің жаңа бағыттары.

3. Сабақтың мақсаты:

Қазіргі кездегі рок музыкасының бағыттарымен таныстыру



4. Теориялық мәліметтер:

Қазіргі кездегі рок музыканың бағыттары сан алуан. Атап айтар болсақ: хард-рок, поп-рок, арт-рок, поп-рэп, диско, фанк, фьюжн, фольк-джаз т.б.

Рок музыка стилінің кейбір бағыттары оның музыканың басқа түрлерімен сабақтасуынан пайда болып, әрі қарай дами бастады. Ағылшынның «Gream», Американың «Chicago » топтарын алатын болсақ, олардың шығармаларындағы рок пен джаздың үйлесімділік тапқаны соншалық, қай стильдегі орындаушылар екенін ажырата алмайсың. Кейінгі кезде джаз музыка өнерінің балгілі қайраткерлері М.Дэвис, Э. Фитцджеральд, Дж. Смит, Д. Брубек те рок музыкаға бет бұрып, осы стильдегі шығармаларды орындады.

Сондай-ақ, рок-музыканың әсері байыпты музыканы да, оны жазушы композиторды да шет қалдырған жоқ. Ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан опера, балет, симфония, концерт формаларынан да көрініс тапты. Оның мысалы ретінде « Иисус-Христос-суперзвезда» - рок операсын, « Волосы » - рок мюзиклін, Бернстайнның рок - мессасын, Қазақстандық А. Серкебаевтың «Маугли» рок-балетін т.б. алуға болады.

Қорыта келе айтпағымыз, рок-музыка стилі қазір шарықтау шегіне жетті. Әрі қарай қалай дамитынын заман ағымы көрсетеді. Дәл қазіргі 2004 жылы, жұрт құлағы таза, үнді, табиғи дыбысты іздей бастағандай...
5. Бақылау сұрақтары:

1. Қазіргі кездегі рок музыкасының бағыттары қандай?

2. Опера, балет,концерттердің жаңа бағыттарын атаңыз.

3. Қазіргі зонг-опера вокалды-аспапты ансамбльдердің көңіл көтеруші шоу бағдарламалары қалай

ұйымдастырылады?

4. Шет елдегі саяси тақырыпқа бірінші болып құрылған эстрада әндерінің рок операсы қандай

бағытта құрылған?

5. Кеңестік зонг-опералық шығармашылық дегеніміз не?

№ 9 сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Мектептегі вокалды-аспаптық ансамбльдерді ұйымдастыру және оқу тәрбиелеу жұмыстары

Мектептегі вокалды-аспапты ансамбльдерді ұйымдастыру және оқу тәрбиелеу жұмыстарында оқу және аспаптармен қамтамасыз ету жағдайлары.



2. Сабақтың жоспары:

  1. Оқу процесін аспаптармен қамтамасыз ету жағдайлары.

  2. Оқу жоспары және бағдарлама.

3. Сабақтың мақсаты:

Мектептегі вокалды-аспаптық ансамбльдерді ұйымдастыру



4. Теориялық мәліметтер:

Мектептегі вокальді-аспапты ансамбльдерді ұйымдастыру, музыкалық-эстетикалық тәрбие берудің толық құндылығы оқу процесінің мазмұны мен ұйымдастырулына тікелей байланысты екені белгілі. Олар бірқатар жолын педагогикалық және дидактикалық талаптарға сай келуі тиіс. Атап айтқанда бүкіл оқу процесінің нысаналы жүргізілуі, оның жүйелілігі, түсініктілігі, көрнекілігі, өмір мен байланыстылығы, оқыту мен тәрбиедегі сабақтастығы, әрбір адамды терең құрметтей отырып, ұжымның барлық мүшелеріне қойылатын талаптардың бірлігі, творчестволық ізденіс, өзін-өзі көрсету үшін оңтайлы жағдайлар жасау және ұжымның, оның жетекшісінің талаптарына міндетті түрде бағыну, жоғары тәртіптілік.

Ансамбльде орындау дағдыларын қалыптастыру жолдарын түсіну – тәсілдер мен әдістерді дұрыс таңдауға, қажетті техниканы игеруге бастар жол. Ансамбльдік орындау- күрделі қызмет, өйткені онда білім жатады. Ал творчество көркемөнер міндеттерін шешу жолдарын ой-елегін өткізуден, жаңа оңтайлы әдістерді табудан, ең бастысы инициатива көрсетуден, халық музыкасы негізінде жатқан бай қазыналы пайдалану арқылы өзін-өзі көрсетудің неғұрлым жақсы формаларын әрбір қатысушының өз бетімен ізденуінен көрінеді.

Жоғарыда аталған тәрбие міндеттерін шешу едәуір дәрежеде вокальдық-аспаптық ансамбль қызметінің мазмұнына репертуар саясаты мәселесінің дұрыс шешуіне байланысты.

Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарының вокальдық-аспаптық ансамбльдері мен оқушы жастарды біріктірген ансамбльдердің репертуарына талдау жасау репертуар саясатының көптеген ансамбльдерге тән мынадай бірқатар оңды тенденцияларын көрсетіп берді.


  1. Көкейтесті тақырыптарды игеруге, қатысушылардың адамгершілік және эстетикалық мұраттарға көзқарасын бейнелеуге ұмтылуы

  2. Вокальдық- аспаптық ансамбль мүшелерінің творчестволық және қоғамдық белсенділігі, жергілікті тақырыптарға шығармалар тудырып, орындауға ұмтылыс.

  3. Музыкалық білімге құлшыныс; музыкалық сауат негіздерін игеруден кәсіптік мектепте білім алуды жалғастыра беруге дейін ұмытылыс.

  4. Көптеген вокальдық-аспаптық ансамбльдердің халық әндерін орындауға зейін қойды.

Вокальдық-аспаптық ансамбльдің музыка өнеріндегі алатын орны мен ролін анықтап, вокальдық - аспаптық жанрдың көркемдік атқару бағыты мен стилін ашуы, вокальдық және аспаптық топтардың жеке-жеке ансамбльдік орындау дағдыларына ие болуы үшін жүйелі жұмыс жүргізеді. Бұл орайда оқу - тәрбие шараларын ұйымдастыру мен өткізудің көпқырлы және маңызды мәселелерін шешіп, оқу-тәрбие жұмысының мазмұны мен формаларын нақтылайды, ансамбльде творчестволық және еңбек тәртібін нығайтады.

Вокальдық – аспаптық ансамбль сабақтарында қатысушының қаншалықты дәрежеде эмоциялық жағынан баурағанын, оның ой-пікірі, қиялы, есте сақтауы қалай қалыптасып, дамып отырғанын білу маңызды.

Тіпті концерт кезінде орындау сапасы шығарманы игеру, оған көзқарас дәрежесінің толық «обьективті» көрсеткіші сияқты.

Бұл орайда оқу–тәрбие шараларын ұйымдастыру мен өткізудің көпқырлы және маңызды мәселелерін шешіп, мазмұны мен формаларын нақтылайды. Ансамбльде творчестволық және еңбек тәртібін нығайтады. Вокалдық–аспаптық ансамбль сабақтарында оқушының қаншалықты дәрежеде эмоциялық жағынан баурағанын, оның ой –пікірі, қиялы, есте сақтауы қалай қалыптасып, дамып отырғанын білу маңызды. Әсерлілік құралдарының қатарында қазіргі заманғы дыбыстық техника да бар екенін атап өткеніміз орынды.

Ансамбльде орындау дағдыларын қалыптастыру жолдарын түсіну – тәсілдер мен әдістерді дұрыс таңдауға қажетті техниканы игеруге бастар жол. Ансамбльдік орындау - күрделі қызмет, өйткені онда білім жатады. Ал творчество көркемөнер міндеттерін шешу жолдарын ой елегінен өткізуден жаңа оңтайлы әдістерді табудан, ең бастысы – инициатияға көрсетуден, халық музыкасы негізінде жатқан бай қазыналы пайдалану арқылы өзін-өзі көрсетудің неғұрлым жақсы формаларын әрбір қатысушының өз бетімен іздестіруінен көрінеді.


Каталог: CDO -> Sillabus -> BOS
BOS -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
BOS -> Хор жүргізу” пәні бойынша 5В010600-“Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен
BOS -> Лекция:: 18 сағат Семинар: 16 сағат СӨЖ: 11 сағат Барлық сағат саны: 45 сағат
BOS -> Лекция:: 34 сағат Семинар: 34 сағат СӨЖ: 22 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
BOS -> Лекция: 18 Семинар: 16 СӨЖ: 11 Барлық сағат саны: 45
BOS -> Лекция: 30 сағат. Семинар: 30 сағат. СӨЖ: 30 сағат. Барлық сағат саны: 90 сағат
BOS -> Лекция:: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат. СӨЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
BOS -> Лекция:: 34 сағат Семинар: 34 сағат СӨЖ: 22 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
BOS -> 2. Практикалық сабақты өткізу уақыты және орны
BOS -> Лекция 30. СӨЖ. 30. ОбсөЖ. 30 Барлық сағат саны. 90 с. Емтихан. 6-семестр. Ағымдағы бақылау саны: кредит бойынш


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет