Ф-об-007/020 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.33 Mb.
бет10/13
Дата25.04.2016
өлшемі2.33 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
: CDO -> 2012-2013
2012-2013 -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті Оқу түрі: : күндізгі Факультет: Гуманитарлық білім
2012-2013 -> Гуманитарлық білім» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы
2012-2013 -> Семинар: «абайдың АҚын шәкірттері»
2012-2013 -> Биология-химия кафедрасы
2012-2013 -> Жұмыс бағдарламасы Пән : Иммунология
2012-2013 -> Бағдарламасы Жетісай 20 ж Құрастырған: Р. А. Кошкаров Кафедра мєжілісінде қаралған
2012-2013 -> «Химия және биология факультеті «Биология және химия» кафедрасы. “Омыртқасыздар зоологиясы” пәні бойынша
2012-2013 -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: Топырақ биологиясы Оқу түрі: күндізгі Факультет: Химия және биология
2012-2013 -> Қарапайымдардың ішінен тұрақты дене пішініне ие емес өкілдері бар класын атаңдар
2012-2013 -> Тестік сауалнама

Бақылау сұрақтары

  1. Тараз қаласының тарихи - географиялық аймағы

  2. Тараз қаласынан Ұлы жібек жолының өтуі

  3. Х-ХІғ Орта Азияны Қарахандықтар әулетінің жаулап алуы

  4. Тараз қаласындағы кесенелер

  5. Армян жазбаларындағы Тараз қаласының аталуы

  6. Тараз қаласындағы археологиялық қазба жұмыстары

Тесттік сауалнама

  1. Тараз саудагерлер қаласы жайлы жазылған ең алғашқы мәлімет қай ғасырда Византиялық жазбаларда кездеседі?

А. ХІғ

Б. Үғ


С. ІҮғ

Д. Хіғ


2. «Тараз-мұсылмандардың түркілер мен сауда жасайтын қала» деп айтқан.

А. Әл-Макдиси

Б. Ибн Хаукал

С. В.В. Бартольд

Д. М.Е. Массон

3. Х-ХІ ғ аяғында Орта Азияны Тараз қаласын астанасы еткен әулет

А. Найман

Б. Қыпшақ

С. Қарахан

Д. Керей


4. Тараз қаласының шығысында 15шақырым жерде қандай кесене салынған.

А. Жошы хан

Б. Айша-бибі, Бабажа-Қатын

С. Қарахан

Д. Ахмет Яссауи

5. Тараз-қаласының гүлдеген кезі.

А. Х-ХҮІғ

Б. Х-ХІІғ

С. Х-ХІІІғ

Д. ХІІІ-ХҮІғ

6. Тараз қаласының құлдырау кезеңі.

А. ХҮғ


Б. ҮІІғ

С. ХІІғ


Д. ҮІІІғ

7. Тараз қаласы екі мың жылдық тойын нешінші жылы тойлады.

А. 2005ж

Б. 2007ж


С. 2002ж

Д. 2001ж


5-апта

19 Сабақтың тақырыбы: Талас және Шу өзені бойындағы қалалар.



Жоспар:

1.Құлан сарайлары.

2.Ақыртас құпиясы.

Консультация

1.Зерттеушілер «Азияға кіретін қақпа» деп атап жүрген ортағасырлық Сарайшық қаласы Жайық өзенінің жағасында орналасқан. Бұл қала туралы Ибн Баттута: «Сарайдан шығып бірнеше күннен соң біз Сарайшық қаласына келдік, мұндағы «шық»- кішкене деген сөз, яғни Сарайшық Кішкене сарай деген мағына білдірген»,-дейді. Еуропадан Азияға кірер жерде орналасқан бұл қала, шын мәнінде қақпа қызметін атқарған. Кезінде осы қала арқылы еуропалық саяхатшылар, елшіліуктер Қазақстанды басып өттіп Манғолияға сапар шеккен және қайтар жолда жалпақ арқылы еуропаға өткен.

Қзіргі кезде жайық өзені шайып бұзылып жатқан Сарайшық қаласындағы археологиялық қазба жұмыстары 1988 жылдан бастап осы уақытқа дейін жалғасып келеді. Қазба жұмыстарын белгілі археолог З.Самашев бастаған экспедиция жүргізуде. Қаланың әртүрлі бөліктерінде кең көлемде жүргізілген қазба жұмыстары барысында ондаған бөлмелер, шаруашылық құрылыстары ашылып жатыр.

2. Орта ғасырлық археологиялық зерттеулердің барысында табылған ескерткіштер Аққыртас құпиясының сырын ашу оған зерттеушілердің көзқарасымен пікірімен толық танысу. Сарайшық қаласында ХІҮ ғ аяғы мен ХҮ ғ басынад теңге шығарылған, қазба кезінде табылған бір кезеңде «Сарайшық қаласында құйылған» деген жазу бар.

Ортағасырлық Сарайшық қаласының даму кезеңі алтын Орданың гүлденген кезеңіне, Қазақ хандығының тарих саханасына кезінде болды. Бұл қала бірнеше ғасырлар бойы Батыс Қазақстандағы мәдени, саяси, сауда орталығы болған қала. Сарайшық қаласына Алтын орданың хандары мен қазақ хандары жерленген. Қазба жұмыстары барысында күйдірілген кесектен салынған кесенелер, құрылыс орыендары ашылып, әртүрлі үлгіде жасалған бояулы, бояусыз ыдыстар табылып жатыр. Сарайшық ХІІІ – ХҮІ ғғ кезінде өмір сүрген қала.
Бақылау сұрақтары.


  1. Құлан сарайлары жайлы зерттеушілердің баламасы.

  2. Құлан сарайларының тарихи-географиялық аймақтары

  3. Ақыртас құпиясы

  4. Құлан сарайларын, Ақыртас құпиясын зерттеген ғалымдар.

  5. Қазба жұмыстары кезіндегі Ақыртастан табылған мешіттер

  6. Ақыртас жобалары.


5-апта

1,0-балл

20 Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның оңтүстігіндегі қалалық мәдениет.



Жоспар:

1.Түркістан Қ.А.Иассауи кесенесі.

2.Тараз Айша-Бибі кесенесі.

Тесттік сауалнама

1.Түркістан қаласының ежелгі атауы.

А. Яссы

Б. Фараб


С. Отырар

Д. Фаверег

2. Түркістан қаласын нешінші ғасырларға жатқызуға болады.

А. Б.з.б. Іғ мен ХІХғ

Б. Б.з.б. ІІғ мен ХҮІІІғ

С. Б.з.б. ҮІІғ мен ХҮІғ

Д. Б.з.б. ІҮғ мен ХІХғ

3. Түркістан қаласының жалпы ауданы.

А. 23,5 гектар

Б. 24,5 гектар

С. 60 гектар

Д. 53,5 гектар

4.Яссы қаласының атағын ХІғ кім әлемге таратты

А. Қожа Ахмет Яссауи

Б. Арыстан баб

С. Әл-Фараби

Д. Ибн-Сина

5. « Түркістан аймағын билеушілердің астанасы» деп атаған.

А. Рузбихан

Б. Махмуд Қашқари

С. Қожа Ахмет Яссауи

Д. Барлығы

6.Яссы қаласы қай ғасырда Қазақтардың қол астына қарады

А. ХҮІғ


Б.ХІІІғ

С. ХҮІІІғ

Д.ХІХғ

7. Қожа Ахмет Яссауи кесенесін кім салдырған.



А. Әмір Темір

Б. Қасымхан

С. Тоғылық Темір

Д Ешқайсысы


6-апта_№21_Сабақтың_тақырыбы_:_Қазақстанның_оңтүстігіндегі_қалалық_мәдениет_.__Жоспар'>6-апта

21 Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның оңтүстігіндегі қалалық мәдениет.



Жоспар:

1.Жеті қабырғаның ар жағындағы қала.

2.Арал түбіндегі қалалар.

Тесттік сауалнама

1.Арал түбінен тас пен күйдірілген кірпіштен салынған кесене қай жылы табылды.

А 2001ж

Б. 2003ж


С. 2005ж

2.Арал түбіндегі кесенені археологтер қай ғасырға жатқызады.

А. ХІҮғ

Б. ХІІІғ


С. ХҮғ

Д. ХҮІІғ


3. Қара терең елді мекенінен солтүстік-батысқа қарай орналасқан Арал-Асар деп аталатын қалашықтың жалпы көлемі.

А. 65,2 ш

Б. 55,5 ш

С. 68,5 ш

Д. 53,5 ш

4.Қай жылдары табылған зираттардың орны мен орта ғасырлық қалалық археологтардың назарын өзіне аударды.

А. 2001ж

Б. 2003ж


С. 2004ж

Д. 2002ж


5. Қаратереңнің өзі болса қай жерден 370 шақырым жерде солтүстік батысқа қарай орналасқан.

А Аралдан

Б. Сығанақтан

С. Арал-Асардан

Д. Қызылордадан

6. Қаратерең қалашығының жалпы ауданы қанша шамасында.

А. 6-га

Б. 5-ке


С. 7-ге

Д. 4-ке


7. Арал қаласында қазба жұмыстары кезінде ұн сақтауға арналған орын-хумданның жанынан дирменнің қанша тасы табылды.

А. 15 тас

Б. 14 тас

6-апта

1,0-балл

22 Сабақтың тақырыбы: Іле өзені аңғарындағы қалалар тарихы.



Жоспар:

1.Орта ғасырлық Аққорған, Алматы қалалары.

2.Мерке,Құлан,Үзкент,Баршынкет қалалары.

Консультация

1.Солтүстік шығыс Жетісу немесе Іле өңірі оңтүстік-батысында Шу-Іле тауларымен және Іле Алатауымен, солтүстік-шығысында Алакөл жағалауына дейін, солтүстігінде – Балқаш көлімен және оңтүстігінде Жоңғар жотасымен шектесіп жатыр. Бұл өңірдің қалалары туралы алғашқы деректерді Ш. Уалихановтан кездестіреміз. Әр жылдарда Іле өңірін Н. Н. Пантусов, Г. В. Фишер, В. В. Бартольд, А. Н. Бернштам, Т. В. Савелева және К. М. Байпаков зерттеген. Іле өңірінің ортағасырлық қалалары Талғар қаласының төңірегінде Іле Алатауы мен Тянь-Шань сілемдерінің солтүстік беткейінде, Іле өзенінің төменгі ағысында Жоңғар тауалды жазығында шоғырланған.

Талғар қаласы Алматы қаласынан 25 км оңтүстік шығыста, Талғар өзенінің оң жағасында орналасқан. Көлемі 300x298x280x302 метр, аумағы 9 – га. Талғар қаласының аймағында Талғар 1, 2, 3, Қайназар, Қызылқайнар, Алатау, Раздолье, Жаңа Алексевка елді мекендері мен қалалары орналасқан.

Іле Алатауы мен Тянь-Шянның солтүстік беткейінде Ақсеңгір, Қастек, Қаскелең, Алматы 1, Алматы 2, Есентай, Түркісіб, Ақсай, Тереңқора, Жақсылық, Молдахмет, Шелек, Киікбай, Саржаз, Кеген, Сүмбе, Басшы, Қарашоқы, Шеңгелді және т. б. Қалалар бар.

Ортағасырлық Сүмбе қаласы Сүмбе ауылының солтүстік шетінде Кетпен жотасының етегінде орналасқан, көлемі 230x140м, биіктігі 5-6 м. Оны қоршаған ордыі ені 10 м, тереңдігі 2- 2,5м. Қалада жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде оның 8-12 ғасырлар кезінде өмір сүргендігі анықталды.

Іле өзенінің төменгі ағысында Көктал 1, 2, Бояулы, Ақтам, Ағашаяқ, Қарамерген, Барысхан қалалары бар.

Жоңғар тауалды жазығында Биже 1, 2, Дүнған, Тамды, Теңлік, Айнабұлақ, Қапал, Арасан, Мешіт, Қызылтаң, Еңбек 1, 2, Жаңалық, Қызылқайың, Қарауылтөбе, Көкирім, Шержетем, Бақалы, Ақмола, Антоновка қалалары бар.

Кең көлемді қазба жүмыстары Антоновка қаласында жүргізілді. Соның нәтижесінде қаланың тарихи-топографиялық құрлымы түсіріліп, будда храмы, «бай адамның үйі», монша жіне басқа құрылыс қалдықтары ашылды. Қазба кезінде табылған заттай деректер бойынша Антоновка қаласының 8-13 ғасырдың басында өмір сүргендігі анықталды.

Осы өңірде төрткүл тәрізді елді мекендер мен қалалар кең таралған. Олардың қатарына Қызылқорған, Ағарту, Лепсі, Теректі, Қарғалы қалалары бар.

Жалпы, Іле өңірінде төрткүл тәрізді қалалар мен елді мекендер кең таралған.

Еліміздің оңтүстік Астанасы Алматы қаласының негізі 1854 жылы Кіші Алматы өзенінің жағасында салынған «Верный» атты орыс бекінісімен байланысты. Сол себепті 2004 жылы қала халықы Алматының 150 жылдық мерекесін атап өтті. Шын мәнінде Алматыға 150 жыл ма?

Қаланың шын жасын анықтау тарихи жазба деректерге көңіл аударсақ Рашид - ад Дин (1274-1318) өзінің «Джами ат таварих» атты еңбегінде Х – ХІІ ғасырлар кезіндегі оқиғаларды суреттей келіп, Оғыз хан өзінің бір сапарында Алмалық облысындағы Алатагқа (шамасы, бұл жерде Алатау – М.Е.) Қазіргі Алмыты қаласының олрнынан ХІІІ ғасырдың үшінші ширегімен – ХІҮ ғасырдың басында соғылған теңгелер шекарашылап учелищесінң жанынан 1979 жылы табылды. Осы теңгелерді зерттеген шығыстанушы – нумизмат Н.В.Настич қазіргі қаланың орнында ХІІІ ғасырда теңге соғатын сарай болуы мүмкін деген болжам жасады. 1990 жылы бетінде таңбасы бар тағы екі теңге табылды. Осы теңгілердің бірінің бетіндегі жазуды Н.В.Настич «Алмату» - қазақша «Алматы» деп деп аударды.

2. Шу және Іле өзендерінің бойында орналасқан қалаларының орналасуы Құлан,Үзкент,Баршынкет және тағыда басқа қалалардың гүлденуі кезеңіндегі қалалар тарихы.

Жалпы қазіргі Алматы қаласы тұрған жерде қола ғасырның, сақ, үйсін кезеңдерінің обалары мен оба қорымдары, елді мекендері белгілі, және олардың бірқатарында археологиялық қазба жұмыстары да жүргізілген.

Ортағасырлық Алмату - Алматы қаласы ортағасырлар кезінде Ұлы Жібек жолының Іле өңірі арқылы өткен Солтүстік тармағының бойында орналасқан ортағасырлық қалалардың бірі болған. Осы қаланың әртүрлі бөліктерінен табылған археологиялық заттарға (ыдыс сынықтары, металдан жасалған затттар, және т.б.) заттарға қарағанда қаладағы тіршілік ҮІІІ ғасырдың соңы – Х ғасыр кезінде-ақ қалыптасып дамыған. Бұл қаланың тез өсіп гүлденуіне Ұлы Жібек жолы мен Іле өңірі арқылы өткен ортағасырлық керуен жолдарының ықпалы зор болған. Х-ХІІІ ғасырлар кезінде қазіргі Алматы қаласы орналасқан жерде бірнеше ортағасырлық қалалар мен елді мекендер болғаны белгілі. Солардың бірі Алматы 1 қалашығы – ол қазіргі қаланың «Таулы қырат» бөлігінің оңтүстік жағында орналасқан. Жобасында төртбұрышты болып келген төбенің көлемі 140х150 м, бұрыштары дүниенің төрт жағына қарай бағытталған, оған солтүстік-батыс жағынан жалғасып жатқан төбенің көлемі 85х40м, оны сыртай жал қоршап жатыр. Қалшықты сырттай қоршаған қамалдың қалыңдығы 2-2,5 м, мұнараларының биіктігі 3 м, қақпа оңтүстік қабырғаның ортасында орналасқан. Қалшық таудан ағатын өзектердің ортасында тұр. Алматы 1 қалашығында жүргізілген шағын көлемді қазба жұмыстарының барысында оның мәдени қабатының қалыңдығы 1,8-2,2 м екендігі белгілі болды. Қалашық ІХ – ХІІІ ғасырлар кезінде өмір сүрген.

Алматы 2 қалащығы Кіші Алматы өзенінің жағасында шекарашылыр учелищесінің жерінде орналасқан, қазіргі күнде ол толық бұзылып үстіне жаңа құрылыстар салынып кеткен. Құрылыс жұмыстаы кезінде қалашықтың орнынан ұстаның көрігі, темір балта, кетпен, түрен, темір қазанның сынығы және 2 құмыра табылды.

Весновка (Есентай – М.Е.) қалашығынң орны Алматы қаласының Бас Батаникалық бағының ішінде орналасқан. Бұзылып кеткен қалашықтың орнынан бояулы, бояусыз ыдыс сынықтары табылды, қала Х – ХІІ ғасырлар кезінде өмір сүрген.

Ремизовка (Әл Фараби – М.Е.) қалащығы Алматы қаласының оңтүстік шетінде, әл Фараби даңғылы мен Ремизовкам ауылына бұрылатын жолдың қиылысында тұрған биік төбенің үстінде орналасқан, көлемі 120х100 м. Шамсы, қалшықтың бірқатар бөлігі осы төңіректен топырақ алу кезінде бұзылған болса керек. Қалашықтың үстінен және бұзылған бөліктерінен табылған сынықтарына қарағанда әл Фараби қалашығы ХІ-ХІІ ғасырлар кезінде өмір сүрген.


Бақылау сұрақтары



  1. Мерке қаласының тарихи- географиялық аймағы.

  2. Қаланың алғаш Ибн Хордадбектің шығармасында айтылуы.

  3. Үзкент қаласының алғаш аталуы.

  4. Рузбиханның жазуы бойынша Үзкент қаласы қайда орналасқан дейді

  5. Құлан қаласының алғаш атаулары

  6. Құлан қаласы Қытай деректемелерінде.

  7. Құлан қаласының орналасқан аумағы

  8. Баршынкент қаласының тарихи- географиялық аумағы.


6-апта

23 Сабақтың тақырыбы: Іле өзені аңғарындағы қалалар мәдениетінің тарихы.



Жоспар:

1.Қара тақтайдағы құдайлар.

2.Отырар ақша қоймасы және күміске толы күмбе.

Тесттік сауалнама

1.Кедер қаласы қай ғасырларға жатқызуға болады.

А. Х-ХІғ

Б. ХІІ-ХІІІғ

С. ХІ-ХІІғ

Д. ХҮ-ХҮІғ

2. Кедер қаласы Құйрық төбе қаласының орнында орналасқан ғалым.

А. Әл-Истахри

Б. Рузбихан

С. Әл- Мукадаси

Д. Ибн Хордадбек

3.Кедер қаласының Салтанат сарайының жалпы көлемі.

А. 157,5 шаршы

Б. 140,5 шаршы

С. 152,5 шаршы

Д. 155,5 шаршы

4. Мойыны бұдырланған құмыралар және құмыра тәріздес сауыт,ернеуі бұрышталып келген хумдар қай ғасырда табылған.

А. ҮІІІғ

Б. ХІІғ

С. ҮІІғ


Д. ІІІғ

5.Қазба жұмыстар кезінде табылған тиындардың беттерінде қандай белгілер салынған.

А. Арыстан,садақ, және «Х» белгісі

Б. Ирелек сызық су белгісі

С адам белгісі

Д. Ешқандай

6. Кедер қаласында мекендейтін адамдар қандай Құдайларға табынған.

А. Нана-Анахита

Б. Ұмай анаға

С. Көк Тәңіріге

Д. Тастарға

7. Құйрық төбе қаласы қазба жұмысы барысында неше тарихи кезеңді басынан өткізгенін анықтады.

А. 3 кезең

Б. 4 кезең

С. 5 кезең

6-апта

1,0-балл

24 Сабақтың тақырыбы: Орталық Қазақстанның орта ғасырлық



қалалары мен елді мекендері, Сауда ақша айналымы.

Жоспар:

1.Орта ғасырдағы қалалық мәдениеттің бастауы.

2.Орта ғасырлық кезеңде ұлы жібек жолы арқылы сауда қатынасы кеңінен дамыған қалалар.

Консультация

1.Орталық Қазақстанның ортағасырлық қалалары мен елді мекендері.

Орталық Қазақстанда 30-ға жуық ортағасырлық қалалар мен елді мекендер белгілі. Оларды зерттеуге Ә.Х. Марғұланның қосқан үлесі зор. 1946 ж. бастап Ә.Х.Марғұлан басқарған Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы орталықта ұзақ жылдар далалық зерттеу жұмыстарын жүргізіп ондаған ортағасырлық қалалар мен елді мекендерді ашып, ғылыми айналымға енгізді. Олардың қатарында Аяққамыр, Ханордасы, Айбас-дарасы, Алаша-хан, Ноғайбек дарасы, Дойбағұл, Басқамыр, Милықұдық және басқа да ортағасырлық қалалар мен елді мекендер бар. Ә.Х. Марғұлан Милықұдық елді мекенде кең көлемде археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп, оның ортағасырлар кезінде ірі металл өңдеу орталығы болғанын анықтады.

1972 ж. С.Жолдасбаев Аяққамыр қаласында шағын көлемде археологиялық қазба жүргізді.

2.Орта ғасырлық кезеңде Орталық Азия мен бүкіл Европа жеріне жол ашатын Ұлы Жібек жолының тарихы мен сондай-ақ Қазақстанның Оңтүстік аймағындағы қалалардың қалыптасып гүлденуіне өзіндік әсерін тигізген Ұлы Жібек жолының салыну тарихы және маңыздылығын анықтау.

1988-1994 ж.ж. аралығында ҒА ТАЭ институтының Жаңақұрылыс экспедициясының Жезқазған тобы Аяққамыр, Шотқора, Басқамыр қалаларында, Жошыордасы елді мекенінде қазба жұмыстарын жүргізіп, осы ескерткіштердің өмір сүрген уақытын анықтайтын заттай деректер алды. Шағын көлемдегі қазба жұмыстары Алаша хан, Ханордасы, Ногербек дорасы, Айбас дорасы, Топырақ қорған, Дойбағұл, Қаратон қалаларында және Аяққамыр, Барақ, Келінтам, Бестам, Болған ана елді мекендерінде жүргізілген.


Бақылау сұрақтары.
1.Орта ғасырда қалаларды қандай жерлерге салу тиімді еді.

2. Қала сыртынан ор қазып неліктен дуалмен қоршайтын болған.

3. Қаланың негізгі үш бөлігін атаңдар.

4. Картадан Жетісудағы қалалардың орналасқан орнын көрсетіңдер,қазір қайда орналасқан.

5. Орта ғасырлардағы қалалардың қазіргі замандағы қалалардан қандай айырмашылығы бар.

6. Қала мен көшпелі малшылар арасында қандай байланыс болды.

7. Дін мен ғылымның қаланың ұлғаюына, мәдениеттің артуына әсері.

8. Қазба жұмыстары кезінде тараз қаласында Х-ХІғғ су құбырлары болғанын қалай білеміз.

9. Тараз қаласында моншаларды неден салған.Моншалардың еденіне не төселген.

10. Қазақстан жерінен 60-тан астам қала болғанын қалай білеміз.

11. Қазақстанның орта ғасырлар кезіндегі солтүстік Қазақстан қалалары,Қала дуалдарының ұзындығы ,биіктігі.

12. Талхиз қаласы тік төрт бұрышты аумағы қанша метр келетін үйлерден құралған дейді.

13. Орта ғасырлық қалаларда қандай теңгелер соғылды.

14. Тараздан шыққан тағы бір сауда жолы Адахкес пен Дех Нуджикес қалалары арқылы Ертіс жағасына қай қағанаттың сарайына баратын болған.

15. Талхизден басталатын теріскей жол Талғар өзенін қуалай жүріп қай шатқал маңынан өтетін болған.

16. Жібек жолының Қазақстан жерін мекендеген тайпалар үшін қандай маңызы болды.

17. Ұлы Жібек жолы керуендерінің басты тауарлары.

18. Ұы Жібек жолының аталу себебі.

19. Ұлы Жібек жолының тарихы.

20.Жібек жолының адамзат тіршілігіне әкелген жаңалығы.


Глоссарий

  1. Хануден

  2. Турфан

  3. Талас жазуы

  4. Цитадель

  5. Шахристан

  6. Бастырма

  7. Жал жиек

  8. Балхи

.

7-апта'>7-апта

25 Сабақтың тақырыбы: Орталық Қазақстанның орта ғасырлық қалалары мен елді мекендері, Сауда ақша айналымы.

Жоспар:

1.Сарарқа қалалар өңірі.

2.Қарасаман, Қарашық, Қасырбас Қужан қалалар тарихы.
Бақылау сұрақтары.
1. Археологиялық қазба жұмысы кезінде Сарарқа қалаларының өңірінде қола дәуірінің өзінде Орталық Қазақстанда жер өңдеушілер малшылар қол өнершілерінің елді мекендері туралы деректер.

2. Атасу,Кент секілді елді мекендер бүкіл Еуразия құрлығындағы метал өндіру орталығы болған туралы қай ғалым, археологтардың еңбектерінде кездеседі.

3. Сарарқа қалаларының археологиялық зерттеулерде Н.П. Рычковтың еңбегі қаншалықты орын алды.

4. Қазақстанның орта ғасырлық қалаларының ішіндегі Сарарқа, Қарасаман,Қарашық,Қасырбас Құжан Қалаларының тарихы.

5. Араб географы Әл-Идриси Сарарқа, Қрарсаман, Қарашық қалалары туралы көзқарасы.


7-апта

1,0-балл

26 Сабақтың тақырыбы: Жайық жағалауындағы ортағасылық қалалар.



Жоспар:

1.Жайықтан Ертіске дейінгі қалалық орталықтар.

2.Азияа кірер қақпа.
Бақылау сұрақтары


  1. Орта ғасырлардағы Қазақстан территориясындағы қалалық мәдениеттің қалыптасуы, гүлденуі және құлдырау деңгейі.

  2. Қазақстан территориясын І-Петр «Азияға кірер қақпа» деп қарастыруының маңызы.

  3. Орта ғасырлық Батыс Қазақстан территориясында орналасқан қалалар.

  4. Батыс Қазақстан жерінде орналасқан қалалардың қоғамдық құрылысы мен қала халқының жағдайы.


7-апта

27 Сабақтың тақырыбы: Жайық жағалауындағы ортағасылық қалалар.



Жоспар:

1.Ертіс жағалауындағы қалалар.

2.Жайық жағалауындағы орта ғасырлық қалалардың табылуы.

Бақылау сұрақтары

1.Зерттеу нәтижесінде археологтар Еділ бойындағы Жаңа Сарай үйлері туралы зерттеушілердің пікірлері.

2. Жайық қалаларында кездесетін ең көп топырақ түрлері мен шаршы үйлер қалай болған.

3. Еділ бойындағы қалаларының үйлер салыну әдісі мен жобасына қарай Жайық қалашығының үй қожалықтарынан қатты өзгешелігі.

4. Жайықтағы үйлердің жобасы шаршы немесе төрт бұрыш пішінді болып сыртқы қабырғалары қалай салынған.

5. Қалалардың салыну барысы кезінде үйді көбінесе екі бөлмелі жасағанда олады бір-бірінен өрмелі-каркас арқылы бөлгенін қалай білеміз.

6. Ертіс бойындағы қалаларға Әл-Идрисидің жазған деректері.

7. 1734ж Ертістегі Ямышев бекінісінде тоқтаған Ф. И. Миллер мұнара туралы қызықты деректері.

8. Әл-Идрисидің қимақтар туралы айтқан пікірі.

9. Ибн-Хордадбек, Қудама, Ташем ибн Бахр « Худуд әл-әлем» кітабы бойынша жазба деректер.

10. Жайық қаласы мен Жайық өзенінің қазіргі кездегі байланыстары.


Тестік сауалнама.
1.Ертіс жағалауы қалалық өмір салтының уақыты.

А. ХІ-ХІҮғ

Б. ХІ-ХІІғ

С. ХІІ-ХІҮғ

Д. ХІ-ХҮғ

2. Ибн-Хордадбек,Қудама, Ташем ибн Бахр «Худуд әл-Әлем» кітабының бізге қай ғасырда жеткен.

А. ҮІІІ-ХІғ

Б. ХІ-ҮІІғ

С. ҮІІІ-Хғ

Д. ҮІ-Хғ

3. Гаганнан әму Дамурияға дейін батысқа қарай қанша күндік жол.

А. 5 кундік

Б. 4 күндік

С.3 күндік

Д. 6күндік

4.Ең ірі қала әскери-әкімшілік сауда және қол өнер орталығы қай ханның астанасы болған.

А. Қарлұқ

Б. Қыпшақ

С. Қимақ

Д. Оғыз


5. Әл-Идрисидің жазғандары бойынша Қимақтардың 8-і Гама өзені аңғарында орналасқан қанша қала болған.

А. 15 қала

Б. 16 қала

С. 14 қала

Д. 18 қала

6. « Мешіт Қабан-Гасун сайы» деп жазылған мунараның алғаш егжей-тегжей сипаттаған тарихшы.

А. С.У. Ремезов

Б. Әл- Идриси

С. Ф.И. Миллер

Д. Тамим ибн Бахр

7. Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша батыс Қазақстан облысында 2001ж аршылған орта ғасырлық қай қала зиратында археологиялық зерттеулер жүргізді.

А. Сарайшық қаласы

Б. Жайық қаласы

С. Орал қаласы

Д. Шаған қаласы

8. Жайық қаласында салыну мерзімі мен жобасы жағынан Жайық моншасына өте жақын келетін моншалар.

А. Отырар-Сайрам

Б. Отырар Сауран

С. Отырар-Қаялық

Д. Отырар- Тараз

9. Алтын Орда қалалары арасынан моншалар қай қалашықтардан ашылып алынды.

А. Бұлғар,Реязань,Сарайшық

Б. Отырар, Жайық, Бұлғар

С. Хорезм,Үргеніш,Астрахан

Д. Бұлғар,Белжаман, Водянск


7-апта

1,0-балл

28 Сабақтың тақырыбы: Республикалық стратегиялық «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша зерттеліп жатқан орта ғасырлық қалалар мен елді мекендер.



Жоспар:

1.«Мәдени мұра» бағдарламасы

2. «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша зерттеліп жатқан орта асырлық қалалар

Консультация

1.003 ж. мәдениет дамуында елеулі болды, халыққа жіберген жылсайынғы үңдеуіңце Президент ел алдында тұрған шұғыл міндеттер ішінде тарихи-мөдени мүрамызды зертгеу және сақтау шараларьш анықтап отыр.

Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының іске асырылу мерзімі деп 2004—2011 ж ж. белгіленіп отыр. Ол тарихи-мәдени мүраны зерттеу, пайдалану мен сақтау ісінде елеулі жетістіктерге жеткізу керек.

Бағдарлама бойынша, зерттеуге, соның ішінде кең ауқымды қазбалар үшінгі архео-логиялық нысандар олардың осыған дейін зерттелуі деңгейін және маңыздылықтарын есептей отыра тандап алывды. Іс жүзінде бүл халықтың генетикалық жадына айырықша келген және маңызды тарихи-мәдени салмағы бар жетекші ескерткіштер. Бүлар Бүкіләлемдік мәдени мүра ескерткіштері қатарына кіретін номинантар қатарында.

Әрине, бағдарлама бойынша зерттеулер кешенді түрде, қазба жұмыстарынан кейін жөне сонымен қатар жобаны даярлау, консервациялау мен қазылған нысандарды қалпына келтіріп, оларды мұражайландыру ба-ғытында жүргізілуі тиіс.

Мұражайландырылған ескерткіштер мемлекетгік жөне халықаралық туристік бағдаршаларға қосылуы тиіс (кей түстары қосылып та жатыр) те, дамып келе жатқан туристік инфрақұрылымның өзіңдік торабына айналуы керек.

Бағдарламаның іске асуы үшін мынандай концептуалды негіздемелер анықталып алынды: бағдарламаны іске асыру барысында мәдени мұра елдегі біртұтастану процесетерінің негізгі себебі, ұлттық және мемлекеттік сана-сезімнің қалыптасуының құрамасы деп есептейтін, сипаттауды қажет етпейтін қағидаға негізделу керек; Қазақстан халқын Отан тарихын сүю, оған сүйіспеншілікпен қарау, оны ықыласпен сақтау рухында тәрбиелеу қажет; археология, сәулет өнер, көне өнер ескерткіштері ұлт рухын сақтайтындықтан олар халықтың қасиетті дүниесі болуы тиісті. Ғылыми зертгеулер мен қазбалар осы қағидаларға негізделіп жүргізілді; Ақсу темір өңдеушілер қонысы, қола дәуірінің қала жүрты Кент, сақ қаласы Шірікрабат, Берел, Мерке түрік ғибадатханасы, Отырар және Қиялық қала жүрттары жайлы жинақталған материал ой-сараптаудан өткізіліп, консервациялау мен мұражайландыруға байланысты ұсыныстар және бағдарламалар жасалыңды. Сонымен қатар Алматы және Шымкент археологиялық ескерткіштеріңде де елеулі жұмыстар атқарылды.

Халықаралық бағдарлама бойынша Отырар қала жұрты мен Тамғалы петроглифтер кешенінде ЮНЕСКО қатысуымен консервациялау жұмыстары жүргізілді. «Көне Отырарды қайта өркендету» жобасы осы Отырар бойынша қабылданған болатын.

Әрине, тарихи-мәдени мұраны тексеру мен есепке алу, тарих және мәдениет ескерткіштерінің Жинағын баспаға даярлау осы Бағдарламаның басты міндеті болып отыр. Жинақ — ескерткіштерді зерттеу мен қорғау жұмыста-рының негізі. Қазірше оның, Шымкент және Жамбыл облыстары бойынша ғана екі томы шығарылды.

Алматы, Қызылорда, Солтүстік-Қазақстан облыстары бойынша Жинақ томдарын даярлауға қызу зерттеулер басталып кетті.

Осыған дейін шығарылған Жинақтарды толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жинаққа қатысты жұмыстар жаңа деңгейде, компьютерлік технологиялар мен ескерткіш орнын нақты жаһандық тұрғыда анықтау жүйелерін пайдалану арқылы жүргізілуде.

Бағдарлама бойынша 2004 ж. іске асырылған жұмыстардың жекелеген қорытындылары жинақтама есепте жариялануда.

1999 ж. әлемдік маңыздағы Алтайдағы Берел обасындағы мәңгі тоң басқан қорғандар мен бейіттерде қазба жұмыстары жалғасқан болатын.

Зайсандағы Шілікті обасыңда жұмыстар жалғасуда. Былтыр онда патшалық қорғаннан «алтын адам» мәйітінің қалдықтары табылған еді. Жетісуда, Қарлық мемлекетінің ортағасырлық орталығы, әлемдік діндердің түйіскен және бірге өмір сүрген жері болған Қиялық қала жұртында өрнек ойылған кірпіштермен қапталған XII—XIII ғғ. бас мешіті мен XI—XII ғғ. мавзолейі ашылған болатын. Бұл Қазақстанның ислам сәулетөнерінің жаңа жарқын ескерткіші.

Зерттелініп жатқан ескерткіштер ішінде елордамыз Астана қаласының маңындағы Бұық қала жүрты да бар. Жоба жұыстары нәтижесіңце онда Астананың көпғасырлық тарихы мен өлкедегі урбанизация бастауы жайлы түсінік бере алатын Археологиялық парк үйымдастырылады.

Алматы маңында жуырда құылған мұажайқорыққа енгізілген Есік обасы мен Талғар қала жұтының (ортағасырлық Тальхир қаласы) зерттелуі жалғастырыдды.

Тальхирдің ортағасырларда шеберлері болат құышын құ алған Орталық Азияның темір өндеу орталықтарының бірі болғандығын айғақтай түсетін жаңа тың мағлұаттар жинақталуда.

Алматы территориясындағы археологиялық қазба жұыстары бұл елде адамдардың ерте тас дәуірінен бастап қоныстанғаны мен X—XI ғғ. ортағасырлық қаланың бөй көтергеніне дейін түсінік береді. Ұы Жібек жолы бойындағы ірі саяси, экономикалық, мәдени және сауда қаласы ретіне Алматы осыдан мың жыл бұынғы уақытта қалыптасқан, ал, XIII ғ. Алматыда жеке теңге соғатын сарайдан бақыр шығарылатын. Бір кереметі, бақырда «теңге Алматы қаласында шығарылған» деген жазу бар, яғни қала XIII ғ. өзінде-ақ Алматы деп аталатын.

Тараз маңындағы Ақыртас кешенінде археологиялық және консервациялық жүмыстар жүргізілуде. Бүл 751 ж. Талас шайқасынан кейін түрік-қарлұтар шақыртқан араб сәулетшілерінін тастан салған Қазақстандағы бірден-бір зәулім сарайы.

Көне Шымкент және Сайрам қала жұтгарында археологиялық зерттеулер етек алды. Археологиялық және тарихи материалдар негізіңце қала жүрттарыңцағы қазбаларды консервациялаудың, мұажайлық кешендерді үйымдастыру мен оларды қазіргі таңдағы қызу жүмыс істеп жатқан Шымкент — Отырар — Түркістан — Сауран туристік бағытына енгізудің ғылыми концепциясы жасалынуда. Арыс өзенінің орта бойында әйгілі Арсу-баникет қаласы мен кейінгі ортағасырлык Қараспаң қаласы деп танылатын Қараспан қала жұртында археологиялық зерттеулер жүргізілді.

Отырар қала жұртында халықаралық ЮНЕСКО — Қазақстан — Жапония қатысқан жоба бойынша жұмыстар аяқталып, мәдени мүра аясындағы «Көне Отырардың қайта өркендеуі» жобасы басталды. Алқаптағы Ал-тынтөбе, Мардан—Күйік, Құрықтөбе ескерткіштерінде археологиялық және консервациялық жұыстар жүргізілуде.

Отырар мен оның маңында орналасқан Арыстан Баб мавзолейіне жылына 100000 турист келеді және оның саны жылдам өсуде.

Отырарда бүкіл ортаазиялық өңірдегі ғы-лыми және консервациялық зерттеулердің орталығын ашу және туризм инфрақүрылымын ұымдастыру концепциясы жасалды.

Түркістан маңынан Қазақстанның ерте ортағасырларындағы ірі орталығы болған Сидақ қала жұты қазылып жатыр.

Ортағасырлық тарихтың, археологияның және сәулетөнердің бірегей ескерткіші — Сауран қала жүртында зерттеу жұыстары басталды. XVI ғ. авторы Васифи суреттеп кеткен, айтулы екі шайқалмалы мүнарасы бар медре-се қазыла бастады. Қаланы сумен қамтамасыз еткен кәріз жүйесі зерттелуде.

Батыс Қазақстанда Жайық өзенінің бойында, Орал қаласының маңында XIV ғ. ортасында бой көтерген Жайық қаласының жұты зерттелуде. Бүл XVII—XVIII ғғ. Орал қаласы-ның негізі болған қала жүрты. Сарайшық пен Жайықтағы қазбалар Үлы Жібек жолының Орал тармағы жайлы мағлұаттар берді.

Маңғыстауда ерте қола дәуірінің қаласы — Тоқсанбай тұағы және сарматтардың ғибадатханасы — Қызыл Үйік ескерткіштері зерттелуде.

Жетісуда көне түріктердің Мерке және Жайсан ғибадатханалары, Сарыарқада қола дәуірінің қаласы Кент, темір өңдірушілердің Атасу тұағы зерттелуде.

Консервациялау мен мұажайландырмақ-сатымен энеолит дәуірінде пайда болған, алғашқы жылқы өсірушілердің тұағы Ботайда қазба жұыстары қайта қолға алынды. Адам тарихындағы елеулі оқиға — жылқыны қолға үйрету процессінің бастапқы аймақтарына Қазақстанның да кіргендігі дәлелденді.

Қазақстанның көне дәуірі жайлы тың мағлұат алу палеолиттік Шоқтас және Қошқорған бірегей ескерткіштеріндегі зерттеулер нәтижесінде мүмкін болады.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде шығарылайын деп жатқан есепті баспаға дайындайудан басқа, Сауран және Қиялық қалалары, Жайық қала жүрты, Акыртас кешені, Ешкіөлмес петроглифтері жайында моногра-фиялар дайындалуда. «Мәдени мұра» бағдарламасына енгізілген әрбір ескерткіш жайында монографиялар, альбомдар, буклеттер даярлау жоспарланып отыр. Туристік бағдаршаларға суреттемелер даярлануда.



1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет