Ф. пк-пу 3-дп-04 1 переиздание документации смк каргу 01. 02. 2011 г



жүктеу 189.38 Kb.
Дата01.05.2016
өлшемі189.38 Kb.
: files -> Kollegialnye organy -> Academic council
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
Academic council -> Ж. Ғылыми кеңестің шешімі (Хаттама №13) Бакалавриаттың 5B041900 – «Мұражай ісі»
Academic council -> Хаттама №6 Е. А. Бөкетов атындағы Қарму студенттерінің академиялық ұтқырлығы: жағдайы мен келешегі
Academic council -> Ж. Ғылыми кеңестің шешімі (Хаттама №15)

Ф.ПК-ПУ-4.2.3-ДП-04

1 переиздание документации СМК КарГУ 01.02.2011 г.

Страница из



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды

Мемлекеттік университеті
Е.А. Бөкетов атындағы

ҚарМУ-дың

Ғылыми кеңесі мәжілісінің

26.11.2012 ж.

7 хаттамасы

Төраға – Е.Қ. Көбеев


Ғалым хатшы – А.Т. Мустояпова

Қатысқандар: Ғылыми кеңестің 55 мүшесінен 45 адам


(қатысу парағы қоса беріледі)
Күн тәртібі:
1. Кәсіби көркем-сурет, әлеуметтік-педагогикалық, дене мәдениеті және спорт факультеттері мамандықтарын өзін-өзі аттестаттау қорытындылары туралы.
2. Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың мемлекеттік аттестаттауға дайындығы туралы.
3. Әр түрлі мәселелер.
Ғылыми кеңестің мәжілісін төраға з.ғ.д., профессор Е.Қ. Көбеев ашты. Төраға күн тәртібін жариялап, жұмыс тәртібін анықтаған соң Ғылыми кеңес жұмысқа кірісті.

Дәстүр бойынша Ғылыми кеңес төрағасы мерейтой иелерін құттықтап, игі тілектер жолдады.

Ғылыми кеңестің күн тәртібіне көше отырып, Кеңес төрағасы з.ғ.д., профессор Е.Қ. Көбеев оқу ісі жөніндегі проректор п.ғ.д., профессор С.Т. Каргинге сөз берді.
1. Кәсіби көркем-сурет, әлеуметтік-педагогикалық, дене мәдениеті және спорт факультеттері мамандықтарын өзін-өзі аттестаттау қорытындылары туралы (анықтама қоса беріледі).
Сұрақтар мен баяндамалар:

Нүсүпбеков Б.Р., физика-техникалық факультетінің деканы: профессорлық-оқытушы құрамының ғылыми қызметін қаржыландыруға, мысалы, республикалық «Үздік оқытушы» конкурсының жеңімпаздарын енгізе аламыз ба?

Жұмашев Р.М.: жоқ, деп ойлаймын, себебі, «Үздік оқытушы» конкурсы - бұл оқытушылардың қызметін мадақтау және белсендендіру мүмкіндігі болып табылады. Ең алдымен, бұнда біліктілікті жетілдіру мақсатымен шетелдік әріптестерінің әдістерін үйрену үшін шетелдік іссапарлар қарастырылады. Мирлан Мейрамбекович, жуынатын кабиналардың жағдайы қандай?

Иманбеков М.М., әлеуметтік-педагогикалық факультетінің деканы: оларды орнату келесі күнтізбелік жылға жоспарланған. Бұл бекітілген жоспарға сәйкес болып табылады.

Омаров Х.Б., ғылыми жұмыс жөніндегі проректор: жоғары рейтингті журналдардың сапасына талдау жасау, жарияланған мақалалар саны жағынан біздің алға жылжығанымызды көрсетті. Импакт-факторы жоғары журналдармен ынтымқатастық жасауға бар күшімізді салу керек. Жоғары оқу орнының рейтингтерін шығарған кезде Thomson Reuters және РИНЦ журналдарындағы жарияланған мақалалар саны маңызды емес, осы журналдардың рейтингілері маңызды болып табылады. Осылайша, импакт-факторы 0,25 және одан жоғары журналдардағы жарияланымдар есепке алынады.

Жұмашев Р.М.: 28 қарашада Thomson Reuters агенттігі авторлар үшін on-line үйретуші семинар өтікзетін болады. Әріптестерімді осы шараға белсене қатысуға шақырамын. Шаруашылық шарттық тақырыптар сану туралы тоқтала кетейін. Гуманитарлық мамандықтар бұл мәселені әлеуметтік жұмыстар бойынша тендерлерге белсенді қатыса отырып шеше алады. Бағдарламаларды әзірлеп, дайындаңыздар, өз өнімдерімізді жылжытайық, мысалы, балалардың бос уақытын ұйымдастыру, жазғы лагерлер, аула және фитнес клубтарын ұйымдастыру бойынша жұмыс жасауға болады.
«Кәсіби-көркем сурет, әлеуметтік-педагогикалық, дене мәдениеті және спорт факультеттері мамандықтарын өзін өзі аттестаттау қорытындылары туралы» мәселе бойынша шешімдер

1. «Білім туралы» Заңды, білім беру саласындағы мемлекеттік нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа ала отырып, 5В010100 (050101), 6М010100 (6N0101) – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие беру, 5В010200 (050102), 6М010200 (6N0102) – Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, 5В010300 (050103), 6М010300 (6N0103) – Педагогика және психология, 5В010500 (050105), 6М010500 (6N0105) – Дефектология, 5В012300, 6М012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, 5В090500 (050905), 6М090500 (6N0905) – Әлеуметтік жұмыс, 5В090600 (050906) – Мәдени-тынығу жұмысы, 5В010700 (050107) – Бейнелеу өнері және сызу, 5В012000 (050120), 6М012000 – Кәсіптік оқыту, 5В042100 (050421) – Дизайн, 5В042200 – Баспа ісі, 5В071300, 6М071300 – Көлік, көліктік техникасы және технологиялары, 5В090100 (050901) – Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану, 5В091000 (050418) – Кітапхана ісі, 5В010800 (050108),010800 – Дене мәдениеті және спорт, 5В010400 (050104), 6М010400 – Бастапқы әскери дайындық мамандықтары бойынша Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың білім беру қызметі мемлекеттік міндетті білім беру стандарттарының талаптарына, лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес деп танылсын.

2. Өзін өзі аттестаттау қорытындыларын ескере отырып, 5В010100 (050101), 6М010100 (6N0101) – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие беру, 5В010200 (050102), 6М010200 (6N0102) – Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, 5В010300 (050103), 6М010300 (6N0103) – Педагогика және психология, 5В010500 (050105), 6М010500 (6N0105) – Дефектология, 5В012300, 6М012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, 5В090500 (050905), 6М090500 (6N0905) – Әлеуметтік жұмыс, 5В090600 (050906) – Мәдени-тынығу жұмысы, 5В010700 (050107) – Бейнелеу өнері және сызу, 5В012000 (050120), 6М012000 – Кәсіптік оқыту, 5В042100 (050421) – Дизайн, 5В042200 – Баспа ісі, 5В071300, 6М071300 – Көлік, көліктік техникасы және технологиялары, 5В090100 (050901) – Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану, 5В091000 (050418) – Кітапхана ісі, 5В010800 (050108),010800 – Дене мәдениеті және спорт, 5В010400 (050104), 6М010400 – Бастапқы әскери дайындық мамандықтары аттестатталсын.

Ректор: Университеттің білім беру, шаруашылық, аржылық қызметін тексерген комиссия 51 адамнан құрылды. Университетте бұл үдерістен шет қалған ешкім жоқ шығар. Естеріңізде болса, 6 көшпелі мәжілісте біз барлық 14 факультетті тексеру нәтижелерімен танысқан болатынбыз, бүгінде біз университеттік комиссияның жарты жылдан аса істеген жұмысын қорытындылап отырмыз.
Ғылыми кеңес төрағасы ғылыми бірінші проректор, т.ғ.д., профессор Жумашев Рымбек Муратұлына сөз берді.
2. Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың мемлекеттік аттестаттауға дайындығы туралы (анықтама қоса беріледі).
Сұрақтар мен баяндамалар:

Ректор: 3 жылдан аса уақыттағы құжаттар мен іс ережелерін тексеру бойынша үлкен жұмыс жасалды. Комиссияның барлық тұжырымдары болмыспен сәйкес келеді. Нәтижелер – ең талғампаз көзқарасты қанағаттандырады. Біз мемлекеттік аттестацияға дайынбыз. Ғылыми кеңес мүшелері атынан өзін-өзі аттестаттау үдерісін жүзеге асырғандарға, және әрине университеттің кафедраларында, деканаттарында, бөлімшелерінде толық көлемді тексеріске дайындалғандарға ерекше алғыс айтамын.

Университеттің мәртебесі тек оқу үдерісін дамытып және жетілдіріп қоймай, ғылыми қызметті де жүзеге асыруға міндеттейді. Шешімді талап ететін міндеттер көп. Біздің басымдықтарымыз ендірмелік қызмет және жоғары рейтингтік журналдардағы жарияланымдар болып табылады.


Заң және филология факультеттерінің декандары Ғ.З. Қожахметов және М.І.Әбдуов, профессорлар А.С. Масалимов, Г.И. Исина өз баяндамаларында есептік кезеңде университет қызметінің көптеген өлшемдер бойынша жақсарғандығын атап өтті. Жоғары рейтингті журналдардағы жарияланымдар санының ұлғаюы, біздің ғалымдардың еңбектеріне дәйексөз индексінің артуы, оқытушылардың көптеген білім беру және ғылыми бағдарламалар мен стажировкаларға қатысуы, студенттерді академиялық ұтқырлық бағдарламаларына тарту арқылы халықаралық ынтымақтастықтың кеңеюі, университеттің материалдық базасының, оның ішінде ҚарМУ жатақханаларында жағдайдың жақсаруы мәселелері ерекше атап өтілді.

Мәселені талқылауды аяқтай отырып, ректор, әріптестерін мемлекеттік аттестаттауға дайындық аясындағы күрделі әрі міндетті кезең – өзін-өзі аттестаттау рәсімінің аяқталуымен құттықтады. Ол оқу ісі жөніндегі проректор С.Т. Каргинге құжаттар пакетін әзірлеп, мерзімінде Білім және ғылым министрлігіне жіберуді тапсырды.


«Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың мемлекеттік

аттестаттауға дайындығы туралы» мәселе бойынша шешімдер


  1. Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың білім беру қызметі Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамаға және лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес деп есептелсін.




  1. Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-да мамандарды даярлау мемлекеттік білім беру стандрттарына және біліктілік талаптарға сәйкес деп есептелсін.




  1. Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ мемлекеттік аттестаттаудан өтуге дайын деп есептелсін.




  1. Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың өзін-өзі аттестаттау материалдары Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетіне жіберілсін.

Жауаптылар: бірінші проректор,

оқу ісі жөніндегі проректор.

Мерзімі: 20 қаңтар 2013 ж.
3. Әр түрлі мәселелер.
1. Қ.С. Тебенова, Н.Ш. Ахметова, Л.С. Заркенованың «Мүмкіндігі шектеуі балаларға математиканы оқыту әдістемесі» атты оқулығын баспаға ұсыну туралы.

Қаулы етті:

Қ.С. Тебенова, Н.Ш. Ахметова, Л.С. Заркенованың «Мүмкіндігі шектеуі балаларға математиканы оқыту әдістемесі» атты оқулығы баспаға ұсынылсын.


2. Г.С. Ақыбаева, Л.Н. Сеитованың «Повышение роли торгово-промышленной палаты в регулировании предпринимательской деятельности» атты монографиясын баспаға ұсыну туралы

Қаулы етті:

Г.С. Ақыбаева, Л.Н. Сеитованың «Повышение роли торгово-промышленной палаты в регулировании предпринимательской деятельности» атты монографиясы баспаға ұсынылсын.


3. Университет ғалымдарын Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы мүше-корреспондентіне сайлау туралы конкурсқа қатысуға ұсыну туралы.
Тыңдалды: ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Х.Б. Омаров, ол Ғылыми Кеңес мүшелерін Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым Академиясының мүше-корреспонденті атағына ізденушілердің негізгі жетістіктерімен таныстырып өтті.

1. Көбеев Еркін Қиноятұлы – заң ғылымдарының докторы, профессор, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры.

Профессор Е.Қ. Көбеевтың ғылыми қызығушылығы саласына Қазақстан Республикасы Конституциясы теорияларын зерттеу кіреді. Осы бағытта Е.Қ. Көбеев ғылыми мектеп құрған, ол 2 заң ғылымдарының докторы мен 8 заң ғылымдарының кандидатын дайындап шығарды.

220 ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектің, оның ішінде 7 монографияның авторы болып табылады.

2006 жылы Е.Қ. Көбеев құқық саласында «Қазақстан Республикасының жыл профессоры» атағына ие болды.

Е.Қ. Көбеев ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен (2000ж.), Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасымен (2004 ж.), «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен (2004 ж. наурыз), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005 ж.) және «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 жыл) мерейтойлық медальдарымен, А. Байтұрсынов атындағы Алтын медальмен (2012 ж.) марапатталған.

Е.Қ. Көбеевтың сіңірген еңбегі «Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген қызметкері» (2005 ж.) атағымен және Қазақстан Республикасының «Құрмет» Орденімен (2011 ж.) аталып өтті.

2. Кәріпбаев Байжол Ысқақұлы- философия ғылымдарының докторы, профессор, философия және психология факультетінің философия және мәдениет теориясы кафедрасының меңгерушісі.

Б.Ы. Кәріпбаевтың ғылыми қызығушылығы әлеуметтік-философиялық «кеңістікті» зерттеу мәселелерімен байланысты. Ол 2 монография, 4 оқу құралы мен Франция, Польша, Чехия, Болгария, Ресей мен Қазақстанда жарыққа шыққан 70-тен астам мақаланың авторы болып табылады.

2010 жылы Б.Ы. Кәріпбаев «ҚР ЖОО үздік оқытушысы» грантының иегері атанды, Қарағанды облысы Әкімінің Құрмет грамотасымен, 2011 жылы «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медальмен, 2012 жылы А. Байтұрсынов атындағы медальмен, «Ғылым мен білім саласының құрметті қайраткері» құрмет белгісімен марапатталған. Осы жылы Ресей Жаратылыстану Академиясының мүше-корреспонденті болды.


3. Мейрамов Ғабит Ғабдоллаұлымедицина ғылымдарының докторы, биология-география факультетінің зоология кафедрасының профессоры.

Зерттеулерінің бағыты: адам ағзасында пайда болатын химиялық қосылыстар тудыратын диабеттің даму механзимдерін және оның алдын алуды зерттеу болып табылады. 4 ғылым кандидатын (3 биология ғылымдарының және 1 медицина ғылымдарының) және 1 биология ғылымдарының докторын даярлап шығарды.

АҚШ, ГФР, Канада, Жапония, Англия, Франция, Италия, Австралия, Швеция, Дания, Голландия, Австрия, Финляндия, Мексика елдерінің жоғары рейтингті журналдарында басылып шыққан 70 ғылыми еңбектің, оның ішінде 41-і DIABETES” (АҚШ), “ACTA DIABETOLOGICA”(ГФР-Италия), “TRANSPLANTATI ON PROCEEDINGS” (Англия, АҚШ) және т.б. сияқты журналдарда басылып шыққан.

Америка диабетология қауымдастығының шақырылған мүшесі (АҚШ), Сидней Университеті Альфред ханзаданың Корольдік Госпиталінің Эндокринологиялық ғылыми орталығы мен ғылыми орталығының құрметті мүшесі. Ғылыми қызметінің нәтижесі бойынша «Құрмет белгісі» орденімен (КСРО, 1986) және “Gold Medal Freedom” (АҚШ, 2006) медальімен марапатталған. Гейдельбергтегі Бүкіләлемдік конгрестегі (1989 ж.) және диабетологтардың 15-ші Бүкіләлемдік Конгресінде (Кобе қ. Жапония, 1994) баяндамалары сыйақыға ие болды.

Бірнеше рет неміс, австралия, америка, жапондық және австриялық ғылыми және академиялық ұйымдар мен фирмалар, ҚР БҒМ (2008) тарапынан берілген гранттарға ие болды. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің ұсынысы бойынша, ҚР үкімет төрағасы Қ. Тоқаев (30.06.2000) бекіткен «Диабет» (2000-2003) мемлекеттік бағдарламасын әзірледі.

2011 ж. «Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың жыл адамы»; 2006 ж. ҚР «Ғылымға қосқан үлесі үшін» мемлекеттік стипендиясымен марапатталды, ал 2008 ж. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ие болды.


4. Мирза Наталья Викторовна – педагогика ғылымдарының докторы, доцент, әлеуметтік-педагогикалық факультетінің мектепке дейінгі және психологиялық-педагогикалық даяындық теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі.

Ғылыми зерттеу бағыты: жаңа білім беру технологиялары арқылы болашақ педагогтардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.

162 еңбектің, оның іщінде 3 монография, 2 оқу құралы, 3 оқу-әдістемелік құрал, импакт-факторлы журналдардағы (Ресей) 2 мақала, БҒСҚК журналдарында басылған 17 мақаланың авторы болып табылады. Оның бірқатар мақалалары Чехия, Польша, Болгария, Украина, Россия, Түркия сияқты елдердің жоғары рейтингті журналдарында басылып шыққан. Зяиткерлік меншік нысанына 10 авторлық куәлігі бар.

Педагогика ғылымдарының кандидаты және докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияларға оппонент болды. Педагогика бойынша бірнеше диссертациялық жұмысқа сын-пікір берген. Магистерлік диссертациялар мен дипломдық жұмыстарға жеткшілік етеді. М.В. Мирза 3 педагогика ғылымының магистрін даярлап шығарды.

Дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылым стипендия иегері болып табылады. 2009 жылы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағы берілді. 2010 жылдан бастап Ресей Жаратылыстану академиясының мүше-корреспонденті болып табылады.
Қаулы етті:

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы мүше-коореспонденттігіне сайлау туралы конкурсқа қатысуға университеттің келесі ғалымдары ұсынылсын:

1. Көбеева Еркін Қиноятұлы, заң ғылымдарының докторы, профессор,

2. Мейрамов Ғабита Ғабдоллаұлы, медицина ғылымдарының докторы, профессор,

3. Кәріпбаев Байжола Ысқақұлы, философия ғылымдарының докторы, профессор,

4. Мирза Наталья Владимировна, педагогика ғылымдарының докторы.


4. Университеттің үздік оқытушыларына, студенттеріне атаулы сыйақылар мен Ғылыми кеңестің сыйақыларын тағайындау және сыйақы мөлшерін бекіту туралы.
Тыңдалды: ғалым хатшы, ол Ғылыми кеңес мүшелерін факультеттің ұсыныстары мен атаулы сыйақыларды тағайындау туралы конкурстық комиссияның шешімімен таныстырып өтті.

Қаулы етті:

1. Университеттің келесі үздік оқытушыларына, студенттеріне атаулы сыйақылар мен Ғылыми кеңестің сыйақылары тағайындалсын:






Факультет/сыйақы

Оқытушы

Студент

1

2

3

4

1

Физико-техникалық факультет/ профессор К.М.Арынғазин сыйақысы

Ф-м.ғ.к., жалпы және теориялық физика кафедрасының доценті Мүсенова Элмира Куанарқызы

Бейсенбек Ануар

3 курс



2

Математика және ақпараттық технологиялар факультеті / профессор Т.Г. Мұстафин атындағы сыйақы

Ф-м.ғ.к., профессор Т.Г. Мұстафин атындағы алгебра, математикалық логика және геометрия кафедрасының меңгерушісі Жетпісов Қабылда Жетпісұлы


Мұкышева Махаббат

4 курс


3

Кәсіби көркем-сурет факультеті /профессор С.К. Досмағамбетов атындағы сыйақы

П.ғ.к., дизайн кафедрасының профессоры Золотарева Лариса Романовна


Тебенова Алуа 2 курс


4

Заң факультеті/ М.Т. Имашев атындағы сыйақы

Қылмыстық іс-жүргізу және криминлаистика кафедрасының доценті Сухотерин Владимир Егорович

Жансеитов Мақсат

4 курс


5

Экономика факультеті/ К.К. Қаракесов атындағы сыйақы

Э.ғ.к., экономика және халықаралық бизенс кафедрасының доценті Дәрібеков Серік Сағатбекұлы

Омарғалиев Нұрсұлтан

4 курс


6

Әлеуметтік-педагогикалық факультеті/ Т.К. Камзабаев атындағы сыйақы

П.ғ.к., педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі кафедрасының доценті Одинцова Светлана Анатольевна

Мұхаметжанова Айдана

4 курс



7

Филология факультеті/ профессор А.Н. Тэн атындағы сыйақы

Ф.ғ.к., қазақ тіл білімі кафедрасының доценті Жуынтаева Зәмзәгүл Нағашыбайқызы

Жакулаев Әділ 4 курс


8

Шетел тілдер факультеті/

ҚармУ Ғылыми кеңесінің сыйақысы



Ф.ғ.д., ағылшын тілі теориясы кафедрасының профессоры Исина Гаухар Иликешевна

Еділбаев Ербол

3 курс



9

Философия-психология факультеті/ профессор Т.Ы. Әбжанов атындағы сыйақы

Пс.ғ.к., психология кафедрасының меңгерушісі Капбасова Гүлзада Байырбалдықызы

Базилова Гаухар

2 курс


10

Химия факультеті/ О.Ш. Құрманалиев атындағы сыйақы

Х.ғ.к., бейорганикалық және техникалық химия кафедрасының доценті Дюсекеева Алмагүл Тарбайқызы

Жортарова Еркеназ

3 курс


11

Тарих факультеті /Қ.Ж. Жуасов атындағы сыйақы

Т.ғ.к., бүкіләлем тарихы және халықаралық қатынастар кафедрасының доценті Досова Бибігүл Аралбайқызы

Мұратова Мадина

3 курс





12

Дене мәдениеті және спорт факультеті / екі дүркін Олимпиада чемпионы В.Муравьев атындағы сыйақы

Дене тәрбиесі және спорттық медицина теориясы мен әдістемесі кафедрасының доценті Малай Людмила Юрьевна

Рахметов Арман

3 курс





13

Биология-география факультеті/ профессор П.С. Кравицкая атындағы сыйақы

Б.к.ғ., физиология кафедрасының доценті Қыстаубаева Зәуре Темкешқызы

Карибаева Махаббат

4 курс




2. Сыйақы мөлшері оқытушыларға 45 000 (қырық бес мың) теңге, студенттерге 20 000 (жиырма мың теңге) көлемінде бекітілсін.


5. Университет оқытушылары мен қызметкерлеріне «Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың еңбегі сіңген қызметкері» атағын беру туралы.
Тыңдалды: ғалым хатшы, Кеңес мүшелерін «Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің еңбек сіңірген қызметкері» атағын беруге ректорат тарапынан ұсынылған кандидатуралармен таныстырып өтті.
1. Акишев Ғабдолла Акишивич ф-м.ғ.д., математикалық талдау және дифференциалдық теңдеулер кафедрасының профессоры.

Ғ.А. Акишевтың ҚарМУ-дағы ғылыми-педагогикалық жұмыс стажы 32 жылды құрайды. Оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі (1986-1960 жж.), доцент, профессор лауазымдарында қызмет етті. 137 ғылыми еңбек пен оқу-әдістемелік еңбектердің авторы болып табылады (ҚР, Ресей, Армения, Украина, Болгария).

Ғ.А. Акишевтың еңбектерінің арасында жоғары рейтингтік журналдардағы 2 мақаласы бар (РИНЦ): «Известия высших учебных заведений. Математика» (2009 ж.), «Сибирские электронные математические известия» (2010 ж.).

Ғ.А. Акишев жемісті еңбек үшін Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасымен, университет ректорының Құрмет грамотасымен, «Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ 40 жыл» Мерейтойлық медалімен марапатталған.


2. Рамашов Нурмамбек Рамашевич, п.ғ.к., дене мәдениеті және спорт факультетінің деканы.

Н.Р. Рамашовтың ҚарМУ-дағы ғылыми-педагогикалық стажы 27 жылды құрайды. Ол аға оқытушы, ҚарПИ тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры (1990-1992жж.), кафедра меңгерушісі (1992-1995жж.), факультет деканы (1995-1996жж. 1999 жылдан қазіргі кезге дейін) қызметтерін атқарды.

Н.Р. Рамашов 40 ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектің авторы болып табылады (ҚР, Ресей, Чех Республикасы).

Н.Р. Рамашов Қазақстан Республикасы спорт саласының Құрметті қайраткері болып табылады (2004 ж.).

Н.Р. Рамашов көпжылдық адал еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» (1994ж.), Қарағанды облысының әкімінің Құрмет грамотасымен, университет ректорының Құрмет гармотасымен, алғыс хаттарымен (2005 ж.), «Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ 40 жыл» Мерейтойлық медалімен марапатталған.
3. Кағазбаев Жаңбырбай Ахметұлы, ағылшын тілін оқыту әдістемесі кафедрасының доценті.

Ж.А. Қағазбаевтың ҚарМУ-дағы ғылыми-педагогикалық жұмыс стажы 29 жылды құрайды. Ол оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі (14 жыл: 1983-1987, 1993-1995, 1999-2007 жж.), доцент лауазымдарында қызмет етті.

30-дан ғылыми еңбектер мен оқу-әдістемелік еңбектердің (ҚР, Ресей, Чех Республикасы, АҚШ), оның ішінде 2 оқулық, 4 оқу құралы, 2 электрондық оқулықтың және сөздіктің авторы болып табылады

2004 жылы Ж.А. Қағазбаевқа Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ доценті академиялық дәржесі берілді.

2008 жылы «Ағылшын тілі мұғалімдерінің ортаазиялық қауымдастығының» гранты иегері атанды.

Ж.А. Қағазбаев көпжылдық адал еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» (2000 ж.), университет ректорының алғыс хаттарымен, Құрмет грамоталармен, «Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ 40 жыл» Мерейтойлық медалімен марапатталған.


4. Ешкеев Айбат Рафхатович, ф-м.ғ.д., алгебра, математикалық логика және геометрия кафедрасының профессоры.

А.Р. Ешкеевтың ҚарМУ-дағы ғылыми-педагогикалық еңбек стажы 26 жылды құрайды. Ол аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, доцент, деканның орынбасары (2003-2009 жж.), профессор қызметтерін атқарды.


А.Р. Ешкеев 80-нен астам ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектің (ҚР, Ресей, Чех Республикасы, АҚШ), оның ішінде 2 оқу құралының авторы болып табылады.

А.Р. Ешкеев көпжылдық адал еңбегі үшін университет ректорының алғыс хаттарымен, грамоталарымен, «Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ 40 жыл» Мерейтойлық медалімен марапатталған.


5. Жазибекова Раиса Кобесқызы, кеңесінің іс жүргізушісі.

Р.К. Жазибекованың ҚарМУ-дағы еңбек стажы 33 жылды (жалпы стажы 43 жыл) құрайды. Университетте жұмыс істеген уақытта ол маркстик-лениндік философия аға лаборанты, оқу-әдістемелік басқармасының әдіскері, жалпы бөлім бастығы, кеңсе меңгерушісі, іс жүргізуші қызметтерін атқарды.

Р.К. Жазибекова көпжылдық адал еңбегі және университеттің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс хаттармен, «Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ 40 жыл» Мерейтойлық медалімен марапатталған.
6. Тоқсамбаева Айтбану Жүнүсқызы, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың санаторий-профилакторийнің бас дәрігері.

А.Ж. Тоқсамбаеваның ҚарМУ-дағы еңбек стажы 25 жылды (жалпы стажы -40 жыл) құрайды. Университетте жұмыс істеген уақытта ол ординатор-дәрігер, санаторий-профилакторийдің дәрігері қызметтерін атқарды.

А.Ж. Тоқсамбаева алғыс хаттармен, Құрмет грамоталармен, «Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ 40 жыл» Мерейтойлық медалімен марапатталған.
Қаулы етті:

- «Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің еңбек сіңірген қызметкері» атағы ф-м.ғ.д., математикалық талдау және дифференциалдық теңдеулер кафедрасының профессоры Акишев Ғабдолла Акишевичке берілсін;

- «Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің еңбек сіңірген қызметкері» атағы п.ғ.к., дене мәдениеті және спорт факультетінің деканы Рамашов Нұрмамбек Рамашевичке берілсін;

- «Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің еңбек сіңірген қызметкері» атағы ағылшын тілін оқыту әдістемесі кафедрасының доценті Қағазбаев Жаңбырбай Ахметұлына берілсін;

- «Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің еңбек сіңірген қызметкері» атағы ф-м.ғ.д., алгебра, математикалық логика және геометрия кафедрасының профессоры Ешкеев Айбат Рафхатұлына берілсін;

- «Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің еңбек сіңірген қызметкері» атағы кеңесінің іс жүргізушісі Жазибеков Раиса Көбесқызына берілсін;

- «Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің еңбек сіңірген қызметкері» атағы Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың санаторий-профилакторийнің бас дәрігері Тоқсамбаева Айтбану Жүнүсқызына берілсін.
6. РМК «Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті қызметкерлерінің еңбекақысын төлеу, материалдық ынталандыру, сыйақы және басқа да ақы төлеу шарттары туралы Ережені» бекіту туралы

Қаулы етті:

РМК «Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті қызметкерлерінің еңбекақысын төлеу, материалдық ынталандыру, сыйақы және басқа да ақы төлеу шарттары туралы Ереже» бекітілсін.


7. Н.Х. Ибраевтың «Методы исследования наноматериалов» оқу-әдістемелік құралын баспаға ұсыну туралы.

Постановили:

Н.Х. Ибраевтың «Методы исследования наноматериалов» оқу-әдістемелік құралы баспаға ұсынылсын.


Ғылыми кеңес төрағасы Е.Қ. Көбеев



Ғалым хатшы А.Т. Мустояпова



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет