Ғ. Сланов атындағы орта мектебінің Қамқоршылық кеңес отырысының Хаттамасы №4 Атырау облысы Қызылқоға ауданы 10. 12. 2018 жыл



Дата06.11.2019
өлшемі30.65 Kb.
Ғ.Сланов атындағы орта мектебінің Қамқоршылық кеңес отырысының

Хаттамасы №4

Атырау облысы

Қызылқоға ауданы 10.12.2018 жыл

Қатысушылар: 9-кеңес мүшесі, 1-мектеп басшысы.

Қатынасқандар: 9- кеңес мүшесі және мектеп басшысы, мектеп психологы, тәрбие ісі орынбасары

Күн тәртібінде:

1.Аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және қорғау, қоғамдағы өмір сүруін қадағалау.

Жауапты: С.Урбисинов

2.Мүмкіндігі шектеулі, қамқорлыққа алынған,аз қамтылған отбасының балаларына жаңа жылдық сыйлықтар ұйымдастыру.

Жауапты: А.Нәсіпқали

3.Әлеуметтік мәртебеге ие оқушылардың ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі

Жауапты: Р.Берниязова
Сөйлеушілер:

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры С.Урбисинов сөз алды. Сөз барысында мектебіміздегі аз қамтылған отбасынан оқушыларды тәрбиелеу, оқытыу, дамыту және қорғау, қоғамдағы өмір сүруін қадағалау жайлы айтты. «Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған, Жақсы жаман болса бала солардан » деп Жүсіп Баласағұн айтқандай ата-ананың бақыты баланың дұрыс адам болып өсуіне байланысты.Ал балалардың өздеріне бақыт сыйлайтын тұлға болып қалыптасуы, ата-аналар сіздерге байланысты. Сондықтан әрбір ата-ана өз бақытын өмірінің жалғасы баласынан іздеу керек. Біздің бірлесіп тәрбиелеп отырған ұл-қыздарымыз болашақта ата-анасының үмітін ақтар,елін сүйер саналы да білімді азамат болады деп сенемін. Әрбір отбасына күннің шуағындай шаттық, жылылығындай мейірімділік, береке, түсіністік пен сыйластық, үлкен бақыт тілеймін деп сөзін аяқтады.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі бойынша орынбасары А.Нәсіпқали сөз алды. Мектебімізде мүмкіндігі шектеулі төрт оқушы бар. Олар Қанатбай Гүлсезім, Келдібай Ақберген, Әбу Альбина, Асқарқызы Гүлзира. Бұл аталған оқушылардың барлығы да аз қамтылған және көп балалы отбасы балалары. Бұл оқушыларға сыйлықтарын дайындап қойдық. Сыныптарында мерекелік іс шара болған кезде береміз.Сыйлықтар өз дәрежесінде жасалған деп сөзін аяқтады.Жарыс сөзге ата-аналар шығып өз ойлары мен бөлісті.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша мектеп психологы Р.Берниязова сөз алып әлеуметтік мәртебеге ие оқушылардың ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі жайлы айтты. ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы №717 бұйрығына сәйкес, Ғ.Сланов орта мектебінде 2017-2018 оқу жылда кәсіпкерлермен келісім шарт жасалып осы негізде білім алушыларды 159 және 163 ерекшеліктер бойынша ыссы тамақпен қамтамасыз етіп келеді. Биылғы 2018-2019 оқу жылында барлығы 110 оқушы ыстық тамақпен қамтылып отыр. Мектеп асханасы таза, оқушылардың күнделікті тамақ ішілуі қадағаланып отырылады. Білім алушылардың тамақтануы, тамақ өнімінің сапасы, тамақ өнімдерінің сақтау мерзімі уақытылы тексеріліп отырады. Білім алушылардың ыстық тамақпен қамтамасыз ету негізінде қайтадан конкурс ұйымдастыру жұмыстары 2019 жылында өткізілетінін және де сол конкурс нәтижесі бойынша Білім беру ұйымдарында тамақтандыру қызметін көрсететін кәсіпкерлер арасында үш жақты меморандум жасау жұмысы іске асырылатындығын қаперлеріңізге беремін,- деді.



Қаулы:

1.Аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және қорғау, қоғамдағы өмір сүруін қадағалау, олардың толық біліммен қамтамасыз етілуі және акция кезінде қамқорлық көрсету үшін жоспарлы жұмыстар жүргізілсін.

2.Аталған мүмкіндігі шектеулі балаларға жаңа жылдық сыйлықтар мектеп есебінен есептеліп берілсін.
3.Мектеп асханасынан берілетін ыстық тамақтың сапасын күнделікті бақылауда ұстау мектеп психологы Р.Берниязоваға міндеттелсін.


Қамқоршылық кеңес төрағасы: Қ.Қосай

Мүшелері: Г.Мусағалиева

Т.Төлешов

Д.Өрбісінов

С.Каденова

Б.Мусиева

М.Есжанова



М.Тасмағанбетов

Қамқоршылық кеңес хатшысы: С.Оралбаева

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет