Ф со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі



жүктеу 381.05 Kb.
Дата01.05.2016
өлшемі381.05 Kb.
: arm -> upload -> umk
umk -> Әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
umk -> Дәрістердің тірек конспектісі
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> БАҒдарламасы (Syllabus) pkya 2204 «Кәсіби қазақ тілі»
umk -> Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» пәні бойынша 5В107000– «Бейнелеу өнері және сызу мамандығының студенттеріне арналған пәнді зерттеу әдістемесі арналған тапсырма
umk -> Лекционный комплекс
umk -> 1 Пәннің мақсаты мен міндеттері, және оқу үрдісінде алатын орны Пәннің мақсаты
umk -> ЖҰмыс бағдарламасы қазақ журналистикасының тарихы 5В050400 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы

Ф СО ПГУ 7.18.4/19

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

География кафедрасы


СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН

ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Әлем географиясына кіріспе



Павлодар, 2013 ж.




Пән бағдарламасын бекіту парағы (Syllabus)





Форма

Ф СО ПГУ 7.18.4/19



БЕКІТЕМІН

ХТжЖФ деканы

_______ Қ.Қ. Ахметов

«___»_____________20 ж.

Құрастырушы: аға-оқытушы Ерубаева Л.Ж._______________
География және туризм кафедрасы
ПӘН БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)
Әлем географиясына кіріспе пәні бойынша
5В060900-География мамандығының студенттері үшін
Бағдарлама «____» ___________20 ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасы негізінде құрастырылды
«___» __________ 20 ж. Хаттама № __ кафедра мәжілісінде ұсынылды
Кафедра меңгерушісі____________________ Д.Д. Есімова

Химиялық технология және жаратылыстану факультетінің оқу-

әдістемелік кеңесімен мақұлданды
«___» ________20 ж. Хаттама № _______
ОӘК төрайымы__________________Ю.М. Каниболоцкая
КЕЛІСІЛДІ

ОӘҚ бастығы__________________ Е.Н. Жуманкулова «____»_______201__ж.


1. Оқу пәнінің паспорты
Жалпы жертану

Пән таңдау компоненті



Кредиттер саны мен оқу мерзімі

Барлығы – 3 кредит

Курс: 1

Семестр: 2



Аудиториялық сабақтар, барлығы – 45 сағат

Дәріс - 22,5 сағат

Тәжірибелік /семинар сабақтары – 22,5 сағат

СӨЖ – 90 сағат

Соның ішінде СОӨЖ – 22,5 сағат

Жалпы еңбексыйымдылығы - 135 сағат



Бақылау формасы

Емтихан – 2семестр


Пререквизиттер: мектептегі география курсы, экология және тұрақты даму, жалпы жертану.

Постреквизиттер: ландшафттану, материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы.

2. Оқытушы жөнінде ақпарат:


География магистрі, аға оқытушы

Ерубаева Ләззат Жанибековна


География және туризм кафедрасы

Тел. (ішкі 1277)

Қабылдау уақыты: жұма – 1000-ден 1200-ге дейін, ауд. № 313а



3. Пәннің мақсаты мен міндеттері
Пәнді оқытудың мақсаты - студенттерде, географияны көп ғылымдарға бағыт берген ғылым ретінде, географиялық қабықта және биосферада өтіп жатқан үрдістердің өзара байланысын зерттейтін ғылым ретінде түсінік қалыптастыру.

Пәнді оқытудың міндеттері:

  • географиялық ғылымдардың теориялық негізін зерттеу;

  • терминдер мен ұғымдардың анықтамалары;

  • географиялық қабықта өтіп жатқан үрдістер мен құбылыстардың механизмімен танысу;

  • географиялық қабықтың құрлысы және оның өзара байланысы туралы толық мәлімет алу;

  • қайтымды табиғи ресурстарды пайдаланудағы мәселелерді қарастыру және географиялық орта өзгеруіне адамның әсерін қарастыру;

  • биоәртүрлілікті сақтау жолдарын анықтау, қоршаған орта сапасы және тұрақты дамуы.

4. Біліктілік, дағды, икемділік және құзыреттіліктерге арналған талаптар

Студент білу керек:

  • қоршаған ортаны қорғау және қалпына келтіру мәселелерін.

Студент істей білу керек:

  • географиялық қабықта өтіп жатқан үрдістердің өзара байланысын білімді түсіндіре білу;

  • оны құрастырушы бөліктердің өзара байланысын білімді түсіндіре білу;

  • берілген жүйеде болып жатқан үрдістердің маңызын түсіну;

  • жалпы теориялық сұрақтарды терең түсіну;

  • ғылыми кітапхананы қолдана алуды;

  • алынған мәліметтерді дәріс материалдарына және семинар сабақтарына қосымша ретінде дұрыс қолдана алуды;

  • аналитикалық ойлаудың дағдысын дамыту;;

  • ғылыми баяндамамен бұқаралық шыққан уақытта диалог жүргізе алу және дискуссия барысында өз көзқарасын білдіре алуды.

5. Пәннің тақырыптық жоспары

р/с

Тақырыптың атауы


Сабақ түрлері бойынша аудиториялық сағаттар саны

СӨЖ

Дәріс

Тәж.

Зертх.

Жалпы


соның ішінде СОӨЖ

1

Географияға кіріспе

2

2

-

8

2

2

Географияның негізгі даму кезеңдері: ежелгі халықтардың географиялық танымдылығы

2

2

-

8

2

3

Жердің формасы және қозғалысы

2

2

-

8


2

4

Географиялық қабықтың пайда болуы және дамуы

2

2

-

8


2

5

Атмосфера ұғымы

2

2

-

8

2

6

Гидросфера ұғымы

2

2

-

8

2

7

Биосфераның өзекті жүйе ретінде ұғымы

2

2

-

8

2

8

Табиғи-территориялық кешендер

2

2

-

8

2

9

Жердің жануар әлемі және өсімдік жамылғысы таралуының зоналдылығы

2

2




8

2

10

Адам және оны қоршаған орта

2

2




9

2

11

Тұрақты даму концепциясы

2,5

2,5




9

2,5




БАРЛЫҒЫ:

22,5

22,5

-

90

22,5




Пән бойынша барлығы

135




6. Дәріс сабақтарының мазмұны


1 Тақырып Географияға кіріспе

Жоспар

  1. Ғарыш және ғаламшарлар жүйелері құрылымындағы ортақ қасиеттері мен айырмашылықтары, энергия көздері, қозғалу мен даму заңдылықтары.

  2. Күн жүйесіндегі Жер планетасының алатын орны.

  3. Жер планетасы құрылымындағы ерекшеліктер, қоршаған кеңістікпен қарым-қатынаста болуы, ішкі құрылымы туралы мәліметтер.

  4. Планетаға дейінгі материядан Жер мен Күн жүйесінің пайда болуы туралы гипотезалар. Ыстық және суық бұлттар, заттардың гетерогендік және гомогендік құрамы.

Ғарыш және ғаламшарлар жүйелері құрылымындағы ортақ қасиеттері мен айырмашылықтары, энергия көздері, қозғалу мен даму заңдылықтары. Күн жүйесіндегі Жер планетасының алатын орны. Жер планетасы құрылымындағы ерекшеліктер, қоршаған кеңістікпен қарым-қатынаста болуы, ішкі құрылымы туралы мәліметтер. Оның пайда болуы мен дамуын нақтылы мәліметтер арқылы дәлелдеу. Жердің гравитациялық, магниттік және басқа өрістері. Планетаға дейінгі материядан Жер мен Күн жүйесінің пайда болуы туралы гипотезалар. Ыстық және суық бұлттар, заттардың гетерогендік және гомогендік құрамы. Күн мен планеталардың бір уақытта және әртүрлі уақытта пайда болуы. Шағын аспан денелері туралы мәліметтер.

Жер қыртысы пайда болуының бастамасы – планетаның тас денесінің қалыптасу: бастапқы кезеңдегі ерекшелігі, еруі немесе ырғақты күйде болу мүмкіншілігі, толығымен қатаю уақыты, қатты қыртыстың пайда болуы, жер қыртысы құрамының әртүрлі болу себептері. Метаморфизм мәселелері, әртүрлі жастағы тау жыныстарының сақталуы, алғашқы күйі туралы мәліметтер, жаңару жолдары. Эффузивті, интрузивті және шөгінді тау жыныстарының таралу аймақтары мен құрамының өзгеруінің жалпы ерекшеліктері.

Жер планетасының эволюциялық дамуы – массасы мен көлемінің сақталу, сығылу немесе керісінше ұлғаюы, планетаның дамуы. Тектоникалық қозғалыс түрлері. Болжауды мәліметтерге сүйене дәлелдеу, гипотеза салдары.

Газ қабықшасының пайда болуы, планетаның әртүрлі даму кезеңдерінде атмосфера құрамының өзгеруі, осы өзгерістерді дәлелдеу және оның салдары. Жер қойнауы дегазациясы. Ауа құрамының және оның жекелеген компонеттерінің өзгеруінің қоршаған ортаға тигізер әсері, литосфера мен гидросферамен байланысы.

Сулардың пайда болуы: теңіз, жер беті және жер асты сулары; тұзды және тұшы сулардың, гидратацияға ұшыраған тау жыныстарындағы ювенильді сулар, дегазация сулары; Дүниежүзілік мұхит сулары, мұхиттардың пайда болу уақыты. Мұздану мәселелері.

Жердің жер бедері, Жердің даму тарихында құрлықтар мен мұхиттардың таралу ерекшеліктері; мегарельефтің негізгі пішіндері мен ерекшеліктері; өзгеру себептері, рифтогенез.

Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)
2 Тақырып Географияның негізгі даму кезеңдері: ежелгі халықтардың географиялық танымдылығы

Жоспар


  1. Географиялық ғылымдар жүйесі.

  2. Жалпы жертану физикалық географияның бір бөлігі ретінде: мақсаты, мәні, ғылыми және қолданбалы мақсатта алатын орны.

  3. Географиялық қабықша түсінігі.

  4. Негізгі идеялардың даму тарихы: сипаттау, түсініктеме беру және болжау кезеңдері. Физикалық географиялық маңызды мәселелері.

  5. Географияның даму кезеңдері.

Географиялық ғылымдар жүйесі. Жалпы жертану физикалық географияның бір бөлігі ретінде: мақсаты, мәні, ғылыми және қолданбалы мақсатта алатын орны. Географиялық қабықша түсінігі. Негізгі идеялардың даму тарихы: сипаттау, түсініктеме беру және болжау кезеңдері. Физикалық географиялық маңызды мәселелері. Географияның даму кезеңдері. Алғашқы халықтардың географиялық орналасуы туралы мәліметтер. Көне қоғамдық құрылыс географиясы. Орта ғасырлар. Ұлы географиялық ашылымдар кезеңі. ХVII-XIX ғғ. Ресей мен Батыс Еуропадағы география. Қазіргі отандық және шетелдік географиялық мектептердің пайда болуы мен қалыптасуы. Кеңес өкіметі кезеңіндегі географияның даму бағыты (1917-1991 жж.). Университеттердегі географиялық мектептер. Д.Н. Анучин, А.И.Войеков, В.В. Докучаев, Л.С. Берг, Н.А. Солнцев, Ю.Г. Саушкин, ХХ ғ. шетелдік география.

Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)

3 Тақырып Жердің формасы және қозғалысы

Жоспар

  1. Географиялық қабықтың пайда болуы, маңызы, ерекшелігі, дамуы.

  2. Өткен және қазіргі кезеңдегі зат айналымы.

  3. Жер мен Ғарыш кеңістігіндегі зат айналымының эволюциясы мен оның тұйық еместігін дәлелдеу, реконструкция әдістері, реконструкция бағыттары.

  4. Табиғи құбылыстар мен үрдістердің ритмикалық өзгерістері, олардың зоналылық ерекшеліктері, географиялық қабықшаның біртұтастығы.

  5. Қоршаған табиғи ортада адамның алатын орны. Антропогендік мәселелер

  6. Ландшафттық сфера.

Географиялық қабықтың пайда болуы, маңызы, ерекшелігі, дамуы. Өткен және қазіргі кезеңдегі зат айналымы. Жер мен Ғарыш кеңістігіндегі зат айналымының эволюциясы мен оның тұйық еместігін дәлелдеу, реконструкция әдістері, реконструкция бағыттары. Табиғи құбылыстар мен үрдістердің ритмикалық өзгерістері, олардың зоналылық ерекшеліктері, географиялық қабықшаның біртұтастығы.

Қоршаған табиғи ортада адамның алатын орны. Антропогендік мәселелер. Географиялық қабықшаға тигізер әсері, оның себеп-салдары. Физикалық географиядағы ізденіс әдістері. Физикалық географиядағы жалпы және пән аралық әдістер: салыстырмалы, аналог әдістері, жүйелеу, математикалық, геохимиялық, геофизикалық. Физикалық географиядағы салыстырмалы – сипаттау, экспедициялық, картографиялық, аэроғарыштық, палеогеографиялық т.б.

Географиялық қабықша түсінігі. Физикалық-географиялық қабықша, эпигеосфера, жер құрылымының қабықшалары, оның төменгі және жоғарғы шекаралары. Ландшафттық сфера. Географиялық қабықшаның сапалық ерекшеліктері мен негізгі заңдылықтары: біртұтастығы, заттардың әртүрлі агрегаттық күйде болуы, екі энергия көздерінің болуы (эндогенді және экзогенді), зоналылығы, ырғақтылығы.



Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)

4 Тақырып Географиялық қабықтың пайда болуы және дамуы


  1. Заттық құрамы, көлемі және литосфераның, атмосфераның, биосфераның негізгі бөліктері.

  2. Олардың пайда болуы, негізгі қасиеттері мен ерекшеліктері.

  3. Географиялық қабықшада заттар мен энергияның таралуы.

  4. Географиялық қабықшаның тік бағыттағы және ландшафттық (көлденең) бағыттағы құрылымы.

Заттық құрамы, көлемі және литосфераның, атмосфераның, биосфераның негізгі бөліктері. Олардың пайда болуы, негізгі қасиеттері мен ерекшеліктері. Географиялық қабықшада заттар мен энергияның таралуы. Географиялық қабықшаның тік бағыттағы және ландшафттық (көлденең) бағыттағы құрылымы.

Географиялық қабықшаның ландшафттық құрылымы. Географиялық құрылымдардың ұйымдасуының әртүрлі деңгейлері. Географиялық қабықшаның дамуы мен динамикалық ерекшелігі. Географиялық қабықшаның құрамдас бөліктері және компонент аралық зат алмасуы. Компонент аралық айналымдар. Географиялық қабықшаның құрамдас өліктерінің бір-бірімен байланысы. Құрылым аралық зат пен энергия айналымы. Айналымдар – географиялық қабықшаның динамикалық күйі мен оның тұтастығының негізгі көрсеткіші.

Даму – қозғалыстың ең жоғарғы сатысы, бір сапалық күйден екіншісіне ауысуы. Географиялық қабықшаның даму формасы. Эндогенді және экзогенді күштердің бір-біріне әсері. Географиялық қабықшаның дамуындағы негізгі кезеңдер: геологиялық кезеңге дейінгі, биологиялық кезеңге дейінгі, биологиялық, антропогендік. Жер беті табиғатының даму заңдылықтары: циклдық, ырғақты формалар, өзгері бағыты т.с.с.

Әдебиеттер тізімі: (1, 2, 4.)

5 Тақырып Атмосфера ұғымы

1 Атмосфераның құрамы және маңызы

2 Атмосфераның құрылысы
Атмосфера — Жер шарының ауа қабығы, ол салмақ күшіне байланысты ғаламшармен бірге айналып, қозғалысқа түседі. Жалпы массасы 5-1015 т шамасында болатын атмосфера түрлі газдардан, су тамшылары мен шаң-тозаңнан тұрады. Атмосфераның төменгі бөлігі Жер бетімен шектесіп жатыр. Ал жоғары шекарасы ретінде соңғы ғылыми деректер бойынша 1000 км биіктік алынады, бұдан әрі қарай ауа өте сиреген күйде болады.

Шамамен 100 км-ге дейінгі биіктік аралығында ауа құрамы мынадай газдардан: азот — 78%, оттек — 21%, инертті газдар — 1%-ға жуық (оның 0,93%-ы аргон), көмірқышқыл газынан — 0,03%-ы тұрады. Ауа құрамындағы криптон, ксенон, неон, гелий және сутек газдары өте аз мөлшерде болады. Атмосфераның төменгі қабатында ауа құрамы салыстырмалы түрде тұрақты болады, тек өнеркәсіпті аудандар мен ірі қалалар үстінде көмірқышқыл газының үлесі он есеге дейін артуы мүмкін. Лас ауаның құрамында бөгде қосылыстар да кездеседі. Шамамен 200—1000 км биіктікте ауа құрамында оттек басым, ол ультра- күлгін сәулелер әсерінен атомдарға ыдыраған күйінде болады. 1000 км-ден биікте сиреген атмосфера негізінен гелий мен сутектен турады, сутек зарядталған атомдар күйінде таралған.

Атмосфера құрамындағы әрбір газдың атқаратын қызметі бар. Азот нәруызды (белок) заттар мен нуклеин қышқылдарының құрамына енеді, ал оның қосылыстары өсімдіктерді Минepaлды қорекпен қамтамасыз етеді. Оттексіз тірі организмдердің тыныс алуы мүмкін емес, сондай-ақ жану мен тотығу процестері де жүрмейді. Жасыл өсімдіктер көмірқышқыл газын пайдаланып, органикалық заттар түзеді. Атмосфера газдары тау жыныстарының химиялық үгілуіне қатысады. Ал шамамен 25—30 км биіктіктегі озон қабаты Күннен келетін ультра-күлгін сәулелерді ұстап қалу арқылы тірі организмдерді бұл сәулелердің зиянды әсерінен қорғайды. Ауа құрамындағы жай көзге көрінбейтін су булары белгілі жағдайда су тамшылары түрінде бөлініп шығып (конденсациялану), олардың тұтасуынан бұлттар қалыптасады. Атмосфераның құрылысы. Биіктеген сайын ауаның физикалық қасиеттері (температурасы, тығыздығы, қысымы және т.б.) өзгереді, сондықтан атмосфераны тропосфера, стратосфера, жзосфера, термосфера, экзосфера деп аталатын қабаттарға бөледі.
Әдебиеттер тізімі: (1,2, 3, 4.)
6 Тақырып Гидросфера ұғымы

1 Гидросфера ұғымы

2 Гидросфера құрлысы және онық маңызы


Гидросфера (гр. һуdor — су, spһаіrа — шар) — 1) жер ғаламшарының су қабығы немесе құрлықтағы (тереңдегі, топырақтағы, жер бетіндегі), мұхиттағы және атмосферадағы, яғни жер шарындағы барлық сулардың жиынтығы. Оны мұхиттар мен теңіздердің суы, құрлық сулары — өзендер, көлдер, бөгендер, мұздықтар, сондай-ақ литосфераның жоғарғы бөлігіне сіңетін жер асты суы, атмосферадағы ылғал құрайды. Гидросфера жер бетінің шамамен 71%-ын алып жатыр. Гидросфераның шамамен 94%-ын мұхиттар мен теңіздер құраса, 4%-ы жер асты суларының, шамамен 2%-мұздықтар мен қарлардың (негізінен Арктика, Антарктида мен Гренландия), 0,4%-құрлықтардағы жер үсті суларының (өзен, көл, батпақ) үлесіне тиеді. Оның жалпы көлемі 1370,3 млн км3, бұл планета көлемінің 1/800 бөлігін ғана құрайды. Шөгінді (тұнба) таужыныстардың басым көпшілігі Гидросфера мен литосфераның жапсарында қалыптасады. [1] Аздаған мөлшердегі су атмосфера мен тірі ағзаларда шоғырланған. Су массаларының барлық нысандары су айналымы барысында бір түрден екінші түрге өтеді;

2) жердің теңіз, мұхит, көл, өзен, мұздықтар мен жер асты суларынан тұратын қабығы, солардың жиынтығы. Гидросфераның орташа қалындығы 3,8 км-ге жетеді. Мұхиттың ең терең тұсы 11 км-ден асады (Тұнық мұхиттағы Мариан ойысы — 11022 м).


Әдебиеттер тізімі: (1,2, 3, 4.)
7 Тақырып Биосфераның өзекті жүйе ретінде ұғымы

1. Биосфераның пайда болуы

2. Биосферадағы тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар

3. Биосфера және адамзат


Биосфера (гр. биос—тіршілік, өмір, гр. сфера — шар) — бұл ұғым биология ғылымына XIX ғасырда ене бастады. Ол кездерде бұл сөзбен тек жер жүзіндегі жануарлар дүниесі ғана аталатын. Кейінгі кездерде биосфера геологиялық мағынада да қолданылады.

Биосфера — тірі азғалар өмір сүретін жер қабаты. Жер бетінен 10—15 км биікке көтерілгенге дейінгі және 2— 3 км құрғақтан немесе мұхиттардың 10 км түбіне дейінгі жерде азғалар тіршілік етеді. Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Аустрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И. Вернадский болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 %-дан – 50% -ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады.

Биосфера бірден пайда болған жоқ. Ол өте көне заманнан бері қарай күні бүгінге дейін біртіндеп дамып келеді. Биосфераның ертеден бері қарай құралып келе жатқанын дәлелдейтін палеонтологиялық материалдар қарапайым тірі ағзалардың қалдықтары жер қыртысының әрбір қабаттарынан табылады. Осы қабаттарға сүйене отырып, ғалымдар биосфераның негізгі пайда болу жолдарын анықтады. Биосфераның ең бірінші заманы Архей деп аталады. Бұл кезде биосфера қандай жағдайда дамығаны және қандай тірі азғалар болғаны туралы ешқандай деректер жоқ. Протерозой эрасы – биосфераның екінші дәуірі боп есептеледі. Бұл заман 700 млн жыл бойына созылған. Протерозойда тірі ағзаның қарапайым түрлері тіршілік еткен. Олардың сол дәуірде тасқа жабысқан қалдықтары әртүрлі тау жыныстарынан қазіргі кезде де байқалады. Биосфераның Палеозой эрасы немесе ертедегі тіршілік кезеңі. Бұл дәуір шамамен алғанда бұдан 570 млн жыл бұрын басталып, 300 млн жылға созылған. Бұл эра кембрий, ордовик, силур, девон, карбон және пермь дәуірлері болып бірнешеге бөлінеді.

Кембрий дәуірінде барлық өсімдіктер теңіз суларына өскен. Олар көк жасыл балдырлар болатын.

Силур кезеңінде өсімдіктер құрлыққа біртіндеп шыға бастап, дами түсті.

Девонның аяқ кезінде бұлардан басқа қырықбуындылар, плаундар және папоротниктер қаулап өсе бастады. Өсімдіктер құрлыққа шыққаннан кейін фотосинтездің ықпалымен атмосфералық ауаның химиялық құрамы өзгеріп, құрлық жануарларының дамуына жағдай туды, өйткені фотосинтез процесі арқылы ауада оттегі көбейе түсті.

Тас көмір дәуірі (карбон) жылы және ылғалды болды. Мұның өзі құрлық өсімдіктерінің қаулап өсуіне мүмкіншілік жасады. Әсіресе сәнді орман ағаштарының көлемі үлкен аймақтарды қамтыды. Бұл дәуірдегі өсімдіктер негізінен плаундар, қырықбуындар және папоротниктер болды. Бұлар псилофиттен таралып, тас көмір дәуірінің басында солардың орнын түгелімен басты.

Пермь дәуірінің бас кезіндегі өсімдіктерде тас көмір дәуіріндегі өсімдіктерге ұқсас көптеген белгілер болды. Бірақ пермь дәуірінің ортасында жер бетіндегі өсімдіктерге кенет өзгеріс кірді. Ағаш тәрізді плаундар, каламиттер, папоротниктер мүлдем жойылып кетті. Бұлардың орнына жалаңаш тұқымды өсімдіктердің тұқымынан өсіп шыққан қылқандылар, цикада тәрізділер және шикгалар өсе бастады.


Мезозой эрасы немесе орта тіршілік кезеңі бұдан 135 млн жыл бұрын басталып, 115 млн жылдан астам уақытқа дейін созылған. Үш дәуірге бөледі: триас, юра, бор.

Триаста тау құрылу процестері баяуланды. Бұл эраның құрлық өсімдіктері біркелкі болды.

Юра дәуірі жылы болды. Теңіз жағалауларындағы ормандарда папоротник, қырықбуындылар,жалаңаш тұқымдылар – гинасомер, қылқан жапырақтылар қаулап өсіп, дами түсті.

Мезозой эрасындағы, әсіресе соңғы кезінде – бор дәуірінде, қазіргі флора қалыптасыдан бұрын, жер бетіндегі органикалық тіршілікке үлкен өзгеріс енді. Осы кезде теңіз сулары азайып, құрғақ жерлер көбейе бастады. Бор дәуірінің аяғында Шығыс Азия мен Америкадағы Анд аймақтары жоғары көтеріле түсті. Бор дәуірінде климат кенет өзгеріп кеткен. Профессор М.И. Голенкин бұл өзгеріс жерге түсетін күн сәулесінің интенсивті болуымен байланысты деп жорамалдайды.


Әдебиеттер тізімі: (1,2, 3, 4.)
8 Тақырып Табиғи-территориялық кешендер

1. ТТК-нің дамуы

2. Геожүйе ұғымы

3. Географиялық аудандастыру ұғымы

Кешенді әдістеменің география тарихында үлкен орын бар. Та-биғат туралы біртұтас кешенді ұғымдарды қалыптастырған В.Докучаев, Л.С.Берг, А.И.Войейков т.б. Әсіресе бул әдістемені қолдануда Докучаев мектебінің мәні зор. Сонымен бірге табиғат -қоғам өзара байланысын зерттеуде кешенді әдістемені қолданушылар - Н.Н.Баранский мен Ю.Г.Саушкин.

Жүйелік әдістеме ғылымда 40-жылдардың аяғынан бастап дами бастады. Оның негізін жасаушы Л.Берталанфи, ол мынандай анықтама берді: «Жүйе дегеніміз - өзара байланысқан компоненттер кешені». Жүйе теориясындағы негізгі ұғымдарға: біртұтастьщ, құрылым, қызмет ету, өзін - өзі реттеу, беріктік тағы басқалар жатады.

Геожүйелік концепция туралы бірнеше көзқарастар бар В.Б.Сочава, А.Г.Исаченко және басқалары жүйе ретінде табиғат жүйелерін түсінеді. Кейде бул терминді жер бетінде қалыптасқан кез келген табиғат кешен ушін қолдануға болады деген пікірлер айтылады. (В.М.Гохман, А.А.Минц, В.С.Преображенский).

Геожүйелерді сипаттайтын түсініктер екі топқа бөлінеді:

1) оның ішкі құрылымын сипаттайтын түсініктер («компонент», «байланыс», «арақатынас», «орта», «біртұтастық», «құрылым»,«ұйымдасу»);

2) оның қызметіне байланысты түсініктер: «функция», «беріктік», «тепе-теңдік», «реттеу», «кері байланыс» тағы басқалар.

Геожүйенің элементі - дегеніміз оның ең кіші құрамдас бөлігі не-месе басқаша айтқанда - оның бөліну шегі. Ол геожүйе атомы.

Ал, геожүйенің біртұтастығы - оның ішкі бірлігі, автономия-лығы, қоршаған орта жағдайларынан белгілі бір тәуелділігі.

Кейбір ғалымдар біртутастық дегеніміздің өзі жүйе, яғни бул екі түсінікті бөлек қарауға болмайды деген пікір айтады.

Ал біртұтастық геожүйенің құрылымы арқылы анықталады. Құрылым дегеніміз - жүйенің ұйымдасуының құрылысы және ішкі формасы. Геожүйеге қатысты алғанда құрылым оның ішкі компонен-ттерінің және жекелеген қурылымдық бөліктерінің өзара байланысын көрсетеді.

Геожүйе құрылымы сыртқы әсерлерге тұрақтылығы арқылы сипатталады. Ол инварианттылық қасиетіне байланысты. Бұл түсінікматематика мен физикада да қолданылады. Табиғи геожүйелерде ин-варианттық қасиеттер литогендік негіздің климатпен байланысы арқылы қалыптасады.
Геожүйенің динамикасы дегеніміз - қурылымды қайта қуруға әкеліп соқпайтын барлық өзгерістер (Мысалы: қумды қайраңдарға өсімдік шығуы немесе кесілген орманның қайта қалпына келуі тағы басқа). Динамикадан геожүйенің өмір сүруін айыра білу шарт, оларға тәуліктік, айлық немесе жылдық ырғақтар тән (Мысалы, топырақтың жібуі немесе тоң қатуы тағы басқа).

Географияның жаратылыстық және әлеуметтік-экономикалық ғылымдардың жүйесінде орналасуы - оның теорияларында әр түрлі концепциялардың қолданылуына себебін тигізеді жэне бүл концеп-циялардың әсерлі уақыт өткен сайын өзгеріп отырады.


Әдебиеттер тізімі: (1,2, 3, 4.)
9 Тақырып Жердің жануар әлемі және өсімдік жамылғысы таралуының зоналдылығы

1. Жердің жануар әлемі және өсімдік жамылғысы таралуының зоналдылығы

2. Қазақстан өсімдіктері жамылғысының қалыптасуы

3. Қазақстан жануарлар әлемінің қалыптасуы


Қазақстан өсімдіктері жамылғысының қалыптаса бастауы аумағының негізгі бөлігін су басып жатқан кезден, бор дәуірінің аяғы мен палеоген дәуірінің бас кезінен басталады. Палеогенде бүкіл Тұран ойпатын теңіз басып жатқан. Ол Торғай бұғазы арқылы Батыс Сібір теңізімен жалғасқан. Теңіз Қазақстанға қараған құрлықты екіге бөлген. Торғай бұғазынан шығыста Алтай, Сарыарқа аймақтарында, негізінен жалпақ жапырақтылары мен мәңгі жасыл қылқан жапырақты өсімдік түрлері (ангара флорасы) тараған. Ал Торғай бұғазынан батысқа қарай (Мұғалжар, Жалпы Сырт, Жем үстірті) мәңгі жасыл субтропиктік түрлер (полтава флорасы) дамыған.

Жануарлар дүниесінің дамуы жағынан Қазақстан палеоарктикалық-зоогеографиялық облысқа кіреді. Ондағы жануарлар дүниесінің пайда болуы мен қалыптасуы өсімдік жамылғысының даму тарихымен ұқсас. Палеоген дәуірінде Қазақстанды тропиктік және субтропиктік жануарлар мекендеген. Олар Үндістан және Африка жануарларының түрлерімен ұқсас болған. Ал мұз басу дәуірінде жылы климатқа бейім жануарлардың кей түрлері қырылып, біразы жылы жаққа қоныс аударған. Олардың кейбір түрлері Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аймақта (Жетісу Алатауы, Іле Алатауы, Ұзынқара (Кетпен) жотасы) сақталып қалып, мұз басу дәуірінен кейін қайтадан дамып өскен. Қарақұйрық, жолбарыс, қабан, марал, бұғы, аққұтан, қызылқұтан сияқты жануарлар түрлері осы топқа жатады.



Әдебиеттер тізімі: (1,2, 3, 4.)
10 Тақырып Адам және оны қоршаған орта

  1. Адамның, қоғамның, материалдық мәдениеттерің негізгі даму кезеңдері.

  2. Адамның пайда болуы мен дамуы.

  3. Географиялық орта түсінігі және оның географиялық қабықшаға тигізетін әсері. Ноосфера. Табиғи ортаны қорғау мен тиімді пайдалану мәселелері.

  4. Ғаламдық географиялық үрдістерді басқару негіздері.

  5. Физикалық-географиялық болжау. Қайтымды байланыстар

Адамның, қоғамның, материалдық мәдениеттерің негізгі даму кезеңдері. Адамның пайда болуы мен дамуы. Саналы адамның пайда болу және оның табиғатқа әсері. Географиялық орта түсінігі және оның географиялық қабықшаға тигізетін әсері. Ноосфера. Табиғи ортаны қорғау мен тиімді пайдалану мәселелері. Ғаламдық географиялық үрдістерді басқару негіздері. Физикалық-географиялық болжау. Қайтымды байланыстар. Ландшафттық сфераға адамның тигізетін әсері.

Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)

11 Тақырып Тұрақты даму концепциясы

1. Кіріспе. Тұрақты даму концепциясы

2. «ХХІ ғасырдың күн тәртібінің» негізгі бағыттары

3. Экологияны дұрыс қорғай білейік


Адамзат қоғамының алдында тұрған экологиялық мәселелер оның дамуының барлық тарихи кезеңдерінде орын алып отырды. Бірақ, өндірістік қоғам мен демографиялық жарылыс кезеңінде адамзаттың табиғатқа теріс әсерінің нәтижелері ғаламдық сипатқа ие болды. Экологиялық мәселенің мәні – табиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұзбай, миллиардтаған адамдарды жерде қоныстандыру және олардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Қазіргі Жердегі тіршілік адам қызметінің сипатына тәуелді.

Қазіргі кезең адамның ерекше биосфералығқ қызметі – биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды – тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана-сезімі, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс.

1987жылы БҰҰ-ның Дүниежүзілік қоршаған орта мен даму комиссиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты есебінде «қоршаған орта үшін қауіпсіз, жолда экономикалық дәуірге» аяқ басуға шақырды. Алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды.

«Тұрақты даму» дегенде қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму деп түсіну керек. «Біз ата-бабаларымыздың Жерін мұраға алған жоқпыз. Біз оны өзіміздің балаларымыздан қарызға алдық» (БҰҰ материалынан).

1992жылдың маусым айында Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму бойынша өткен конференциясы «Тұрақты даму» концепциясын және «ХХІ ғасырдың күн тәртібіне» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған. Оның нәтижесі төмендегі кестеде көрсетілген.

Сонымен қатар конференцияда Мәлімдеме мен екі концепция

- климаттың өзгеруінің алдын алу, ормандарды қорғау мен биологиялық алуантүрлілікті сақтау мәселелері бойынша қабылданды.

Бұл мәселелерді кешенді ғылыми тұрғыдан шешуге болады. Бұл үшін экология, экономика және әлуметтік дамудың барлық негізгі топтарын біртұтас кешен түрінде қарастыру қажет.

БҰҰ-ның конференциясы барлық елдердің үкіметтерін тұрақты дамудың ұлттық концепциялар

Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған «Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға көшу концепциясы» бекітілді. Республиканың экологиялық саясаты оның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.



7. Тәжірибелік сабақтардың мазмұны, 22,5 сағат




ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ



Тақырып атауы

Мазмұны

Әдістемелік нұсқаулар

1

2

3

4

1

Географияның негізгі даму кезеңдері: ежелгі халықтардың географиялық танымдылығы.

Антика кезіндегі география. Орта ғасырлардағы география. Ұлы географиялық ашулар кезеңі. Орыс теңізшілері және жолды жүрушілер.

Тапсырмалар:

  1. Жоспар бойынша берілген сұрақтарды зерттеп, жауаптарын дәптерге жазу.

  2. Әр кезеңдегі географиялық зерттеулерге ауызша салыстырмалы сипаттама беру.

  3. Ұлы географиялық ашулар кезінде жаңа жерлерді ашқан зерттеушілер туралы реферат даярлау .

Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)


Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті, дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен толықтырған студенттің жауаптары бағаланады).

2

Жердің формасы және қозғалысы

Жер беті. Жердің негізгі формалары. Гипсометриялық қиманың және географиялық қисықты құрастыру. Жер бетінің глобустағы және карталардағы бейнесі. Глобус – жер шарының моделі. Географиялық карталардың масштаб бойынша, территориялық қамтуы, мазмұны бойынша жіктелуі. Географиялық координаталар. Бейнелеу тәсілдері. Картографиялық проекциялар. Жергілікті жердің жоспары.

Географиялық объектілердің және құбылыстардың бейнелену тәсілдері. Географиялық карталардың оқылуы. Шартты белгілері. Карталардың легендалары.



Тапсырмалар:

  1. Жоспар бойынша берілген сұрақтарды зерттеп, жауаптарын дәптерге жазу.

  2. Жердің ішкі құрылысының сызба нұсқасын дәатерге сызу

  3. Ғаламшарларды пішініне байланысты жіктеп, дәптерге жазу.




Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті, дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен толықтырған студенттің жауаптары бағаланады).

3

Географиялық қабықтың пайда болуы және дамуы

Географиялық қабық. Географиялық қабық құрлысы.

Географиялық қабықтағы зат айналымы.



Тапсырмалар:

  1. Жоспар бойынша берілген сұрақтарды зерттеп, жауаптарын дәптерге жазу.

2 Жер ғаламшарының орбита және өз осі бойынша айналуының сызбасын салу

Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)


Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті, дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен толықтырған студенттің жауаптары бағаланады).

4

Атмосфера ұғымы.

Жел. Желдің пайда болу себептері. Үнемі соғатын желдер, муссондар, бриздар. Румб желінің бағыты және кңүш өлшемі. Румбтар. Желдер Жел өрнегін құрастыру.

Тапсырмалар:

1. Жоспар бойынша берілген сұрақтарды зерттеп, жауаптарын дәптерге жазу.



  1. Атмосфераның құрылысын сипаттау, құрамына кіретін заттардың мөлшерін диаграмма түрінде көрсету.

Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)


Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті, дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен толықтырған студенттің жауаптары бағаланады).

5

Гидросфера ұғымы

Дүниежүзілік мұхит. Дүниежүзілік мұхит түбінің жер бедері. Түпкі шөгінділер. Температура және мұхит суының тұздылығы. Мұхиттағы су қозғалысы. Мұхиттар мен теңіздердің өсімдіктер және жануар әлемі.

Өзендер, өзен бөліктері. Өзен жүйесі. Су жинау бассейні. Өзеннің көлденең қимасы.

Тапсырмалар:

1. Гидросфераның құрылымы

2. Дүниежүзілік мұхиттың бөліктері мен оның тік құрылысы

Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)


Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті, дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен толықтырған студенттің жауаптары бағаланады).

6

Биосфераның өзекті жүйе ретінде ұғымы

В.И. Вернадскийдің биосфера туралы ғылымы

Тапсырмалар:

1 В.И. Вернадскийдің биосфера туралы зерттеулерін оқып, ауызша айтып беру

2 Биосфераның негізгі бөліктері



Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)


Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті, дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен толықтырған студенттің жауаптары бағаланады).

7

Табиғи-территориялық кешендер

Жалпы географиялық заңдылықтар.Биосфера, ландшафт ұғымдары. Ландшафттың негізгі компоненттері.

Тапсырмалар:

1 Ландшафтың негізгі құраушы компоненттеріне сипаттама беріп дәптерге қысқаша жазу

2 ТТК ұғымын, анықтамасын дәптерге конспект ретінде жазып, ауызша мазмұндау



Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)


Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті, дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен толықтырған студенттің жауаптары бағаланады).

8

Жердің жануар әлемі және өсімдік жамылғысы таралуының зоналдылығы

Географиялық зоналдылық. Негізгі табиғат зоналары. Жер шарындағы табиғат зоналарының таралу заңдылықтары. Биіктік белдеулілік.

Тапсырмалар:

1 Зоналдылық заңдылығының негізгі қағидалары

2 Азоналдылық заңдылығының негізгі қағидалары

3 Биіктік белдеуліліктің ерекшеліктері

Әдебиеттер тізімі: (1, 3, 4.)


Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті, дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен толықтырған студенттің жауаптары бағаланады).

9

Адам және оны қоршаған орта

Табиғаттың адам өмірі үшін және шаруашылығы үшін маңызы. Табиғатты қорғау ұйымының халықаралық ынтымақтастығы.

Тапсырмалар: Жоспар бойынша берілген сұрақтарды зерттеп, жауаптарын дәптерге жазу



Әдебиеттер тізімі: (1, 2, 4.)


Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті, дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен толықтырған студенттің жауаптары бағаланады).

10

Тұрақты даму концепциясы

Терминнің шығу тегі. Негізгі жағдавйлар. Тұрақты даму концепциясын Қазақстанда жүзеге асыру.

Тапсырмалар:

1 Тұрақты даму концепциясын Қазақстанда жүзеге асырудың алғышарттарын анықтау

Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)


Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті, дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен толықтырған студенттің жауаптары бағаланады).

игаторлық, белсенді, сылбыр сақтандыруру

8. Өзіндік жұмыстарға арналған тапсырмалар

1,2 тақырып. Кіріспе. Ғарыш пен Жер

1. Жалпы жертанудың зерттеу объектісі, мақсаттары мен міндеттері.

2. Планетаға дейінгі материядан Жер мен Күн жүйесінің пайда болуы туралы гипотезалар.

3. «Географиялық ғылымның даму тарихы».

4. Географиялық ғылымның алғашқы жиналуы;

5. Ежелгі Грекия мен Римдегі география (б.з.7ғ-нан-б.з. 4ғ.-на дейін);

6. Христиан-догматикалық геогафия және алғашқы ортағасырлық ойлар. Орыс географиясының басы (5ғ-11ғ. дейін)

7. Ортағасырлардағы географиялық ойлардың дамуы;

8. Ұлы географиялық ашулар кезеңі;

9. Жер бетін зерттеу және 18ғ-ғы географиялық білімнің дамуы;

10. Географиялық зерттеулер және 19ғ. аяғы мен 20ғ. географияның жағдайы.

3,4 тақырып. Жер планетасы физикалық географияның зерттеу нысаны ретінде.


  1. Географиялық қабық пен оның заңдылықтары туралы ұғым.

  2. Құрлықтардың жер бедері.

  3. Географиялық атауларды (номенклатураны) жатқа айту.

5 тақырып. Атмосфера.

1. Атмосфераның циркуляциясы.

2. Жел.

3. Географиялық қабықтың қалыптасу қабықтары.



4. Ауа массалары мен басым желдер.

5. Жауын-шашынның таралуы.

6. Жартышарлар картасы бйынша онградустық белдеулерде құрлық пен су қандай үлесін алып жатқанын пайызбен есептеп, диаграмма құрастыру.

Күн радиациясы мен температуралық режим

1. Географиялық қабықтың қалыптасуының ғарыштық факторлары.

2. Радиациялық баланс картасын зерттеп, радиациялық баланстың ендікке қатысты, мұхит пен құрлықтың әсеріне байланысты таралу заңдылықтарын анықтау.

Атмосферадағы су. Атмосфералық қысым және жел. Ауа массалары және атмосфералық шептер. Атмосфераның жалпылама айналымы.


  1. Ауа массалары мен басым желдер.

  2. Ауа массалары мен басым желдер.

  3. Географиялық қабықтың қалыптасуының планетарлық факторлары.

  4. Орташа жылдық бұлттылық картасын талдап, оларды таралу заңдылықтарын анықтау (климаттық картамен жұмыс істеу).

Ауа райы және климат.

  1. Климаттың жіктелуі мен олардың сипаттамалары.

  2. Атмосфера, оның құрылысы мен құрылымы.

  3. Төмендегі кесте бойынша «желдер кестесін» салу. 1-кесте (кестемен жұмыс істеу)

Гидросфера және жердің су айналымы

  1. Сулардың пайда болуы: теңіз, жер беті және жер асты сулары.

  2. Гидросфера және табиғи сулардың қасиеттері.

  3. Үлкен және кіші су айналым.

  4. Кесте түрінде климаттық белдеулердің сипаттамасын құрастыру.2-кесте (кескін картамен жұмыс)

Дүниежүзілік мұхиттың құрылымы

  1. Судың әлемдік айналудың сызба-нұсқасын құрастыру. Дүние жүзілік мұхит теңіздерінің жіктелуін құрастыру.

  2. Қай теңіздер шеткі, жероталық (құрлықішілік және құрлық аралық) және арал аралық болып табылады?

  3. Тұздылыққа байланысты судың қатаю температурасы мен ең жоғарға тығыздық температурасын көрсететін біріктірілген графикті салып, оған жазбаша түрде анализ жасау.3-кесте (кескін картамен жұмыс)

  4. Дүние жүзілік мұхит теңіздерінің жіктелуін құрастыру. Қай теңіздер шеткі, жерорталық (құрлықішілік және құрлық аралық) және арал аралық болып табылады?

Құрлық сулары

  1. Құрлық сулары

  2. Жер асты сулары

  3. Өзендер

  4. Көлдер

  5. Батпақтар мен су қоймалар атауларын көрсету

6 тақырып. Литосфера жайлы жалпылама мәліметтер. Жердің (жер қыртысының) бедері жайлы түсінік. Бедер қалыптасу.

  1. Төменгі белдеулерде орналасқан биік таулардағы жер бедерінің тік белдеулігін көрсететін сызба нұсқасын жасау:

А) экваторлық; ә) тропиктік; б) қоңыржай; в) поляр ендіктері.

  1. Қар сызықтарының шекаралары кестеде келтірілген. Жер бедерінің тік белдеулілігінің себептерін түсіндіру. 4-кестеде берілген

Морфоқұрылым. Морфомүсін.

  1. Таулы облыстардың орналасуындағы заңдылықтар.

  2. Жер қыртысының қазіргі қозғалыстары.

  3. Кесте бойынша кескін картаға шартты белгілер мен сандармен ең ұзын карстық үңгірлерді салу. 5-кесте.

Құрлықтағы ағынды сулар әрекетінен қалыптасқан бедер пішіні. Тау массасының еруіне және бұзылуына байланысты қалыптасқан бедер типтері. 1. Территорияның климаттық ерекшеліктеріне байланысты қалыптасқан бедер типтері. 2. Дүниежүзілік мұхитқа тән бедер типтері.

3.Жылжымалы, карсты, суфоозифті жер бедері.

4. Полюстік облыстардың жер бедері.

5. Материктік мұздану облыстарының жер бедері.

6. Шөлдердің жер бедері.

7. Кескін картаға штрихтармен шөлдерді салу.

8. Қосымша әдебиеттерді қолданып, шартты белгілермен тасты, құмды және сазды шөлдерді салу.

7 тақырып. Биосфера


  1. Биологиялық айналым мен оның мәні.

  2. Топырақ пен тау жыныстарының түзілуіндегі ағзалардың ролін анықтау.

8 тақырып. Географиялық орта және қоғам

  1. Ғылыми-техникалық революция және қазіргі ландшафттар.

  2. Ноосфера


9 СОӨЖ кеңес кестесі (СОӨЖ-сы СӨЖ-ның 25% құрайды)




Сабақ түрі

дүйсенбі

сейсенбі

сәрсенбі

бейсенбі

жұма

сенбі

1.

Дәріс сабақтарының сұрақтары бойынша кеңес беру













12.35

13.25





2.

Семинар сабақтары бойынша кеңес







12.35

13.25











3.

СӨЖ бойынша кеңес
















12.35

13.25


4.

Тест тапсырмаларының сұрақтары бойынша кеңес

12.35

13.25


















11. Студенттердің білімдерін тексеру кестесі

Дәріс және тәжірибелік (семинар, зертханалық) сабақтар 0-100 баллмен бағаланады



Пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесі




Жұмыс түрі

Тапсырма тақырыбы, мақсаты және мазмұны

Ұсынылған әдебиет

Орындау ұзақтығы

Бақылау формасы

Тапсыру уақыты

1

2

3

4

5

6

7

1

Реферат

Планетаға дейінгі материядан Жер мен Күн жүйесінің пайда болуы туралы гипотезалар.




2 жұма



2-ші жұма

2

Картамен жұмыс

Географиялық атауларды (номенклатураны) жатқа айту.

Атлас мира

Семестр бойы




семестр бойы

3

Аралық бақылау

Жоспар бойынша алғашқы 4 тақырып







коллоквиум

8-ші жұма

4

Реферат

Ішкі сулар. Дүниежүзілік мұхиттың құрылымы




2 жұма




9-шы жұма

5

Реферат

Ноосфера




2 жұма




14-ші жұма

6

Аралық бақылау

Жоспар бойынша 5-8 тақырыптар







коллоквиум

15-ші жұма

Ескерту:

1. Реферат СӨЖ тапсырмаларында берілген тақырыпқа сай жазылуы тиіс.

12. Студенттердің білімін бағалау критериилері


Пәнді оқуту жыл бойы алған білімдері бойынша, тестілеу формасындағы емтиханмен аяқталады. Бағдарламада берілген барлық тапсырмаларды орындау, емтиханға жіберудің міндетті критерииі болып табылады.

Әр тапсырма 0-100 баллмен бағаланады.



14. Әдебиеттер тізімі

Негізгі


  1. С.Ә. Әбілмәжінова Жалпы жертану. Алматы 2012 ж.

  2. Савцова Т.М. Общее землеведение. Москва: Академия, 2011 г.

  3. Құсайнов С.А. Жалпы геоморфология: оқулық. Алматы: Дәуір, 2012. -365 б.

  4. Достай Ж.Д. Жалпы гидрология. Алматы: Қарасай, 2011. – 278 б.

  5. Мильков Ф.Н. Общее землеведение. Москва: Высшая школа 1990 г.

Қосымша

  1. Галант Т.Г., Гурвич Е.М. Практические занятия по землеведению и краеведению. Москва: Просвешение, 1988 г.

  2. Григорьев А.А., Кондратьев К.Я. Космическое землеведение. Москва: Наука, 1985 г.

  3. Брукс С. География Земли. Москва: РОСМЭН, 2000г.

  4. Неклюкова Н.П. Задания для лабароторных работ по общему землеведению. Москва: Просвещение, 1969 г.




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет