ҒАА, ҚҰжаттарды жариялау және ғылыми пайдалану бөлімі туралы ереже



жүктеу 43.82 Kb.
Дата17.04.2016
өлшемі43.82 Kb.
: akimsemey -> upload
upload -> БАҒдарламасы семей қаласы, 2010 жыл мазмұны паспорт
upload -> Шешіміне 3-қосымша Семей қаласыының елді мекен бойынша жер салығының түзетілген базалық коэффициенттік ставкалары
upload -> Сборник очерков, статей усть-каменогорск 2004 Редакционная коллегия: А. А. Аубакиров Т. А. Черных
upload -> «Қосалқы шаруашылық туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты жалпы ережелер
upload -> «Лизингке техника алу үшін анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты жалпы ережелер
upload -> «Мал басының бар-жоғы туралы мәлімет» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты жалпы ережелер
upload -> ДСҰ-ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі жариялаған 2010-жылғы маусым ның 1-30 аралығындағы хабарламалар тізімі
upload -> Городские производство Республика Казахстан
upload -> 2011 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының жұмыс жоспары кіріспе 2011 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының жұмысы «Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын жинақтау, сақтау
upload -> Шығыс Қазақстан облысыныңмұрағаттар және құжаттама басқармасы Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 23 2012 жылға Шығыс Қазақстан облысы мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік мұрағаты»
Шығыс Қазақстан облысының Бекітемін

мемлекеттік мұрағаты Шығыс Қазақстан облысы

мемлекеттік мұрағатының

директоры

_________________ О.Г. Полякова

«___» _____________ 2008 жыл




ҒАА, ҚҰЖАТТАРДЫ ЖАРИЯЛАУ ЖӘНЕ

ҒЫЛЫМИ ПАЙДАЛАНУ БӨЛІМІ ТУРАЛЫ

ЕРЕЖЕ


  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

1. ҒАА, құжаттарды жариялау және ғылыми пайдалану бөлімі1 Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.2

2. Бөлім өз жұмысында Қазақстан Республикасының конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры туралы ережені, Қазақстан Республикасының мұрағат ісі мен құжаттау бойынша басқа заңдық және нормативтік актілерін, облыс мемлекеттік мұрағаты туралы ережені, облыс мұрағаттар және құжаттама басқармасы мен облыс мемлекеттік мұрағатының бұйрықтарын, осы ережені басшылыққа алады.

3. Бөлім өз жұмысын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің және Шығыс Қазақстан облысы мұрағаттар және құжаттама басқармасының мақсатты кешенді бағдарламалары мен кеңестерінің негізінде жасалған облыс мемлекеттік мұрағатының жылдық жоспарына сәйкес жүзеге асырады; өз жұмысы туралы облыс мемлекеттік мұрағатының директоры алдында есеп береді.

4. Бөлімнің штаттық санының шегін Шығыс Қазақстан облысы мұрағаттар және құжаттама басқармасы бекітеді.


  1. БӨЛІМНІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ,

ФУНКЦИЯСЫ МЕН ҚҰҚЫҚТАРЫ


  1. Бөлімнің негізгі міндеттері болып табылады:

_________________


бұдан былай бөлім

бұдан былай мемлекеттік мұрағат

1) ғылыми-анықтамалық аппарат жүйесін дамыту және жетілдіру: мұрағат анықтамалықтарының кешенін жасау (мұрағат тізімдемелері, каталогтар, жолкөрсеткілер, көрсеткілер, құжаттарға шолулар және т.б,), автоматтандырылған ақпараттық іздеу жүйесі;

2) мұрағат құжаттарын жан-жақты пайдалануды және жариялауды ұйымдастыру;

3) ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстарды жүргізу, ҒАА, құжаттарды жариялау және ғылыми пайдалану саласындағы жұмыстардың озық тәжірибесін қорытындылау және тарату; оларды ары қарай дамыту және жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

2. Негізгі міндеттеріне сәйкес бөлім келесі функцияларды іске асырады:

1) құжаттарға ғылыми-анықтамалық аппарат жасау және жетілдіру бойынша жұмысты жүргізеді (мұрағат тізімдемелері, каталогтар, жалкөрсеткілер, көрсеткілер, құжаттарға шолу, құжаттардың құрамы мен мазмұны туралы анықтамалық және т.б.);

2) заңды және жеке тұлғаларға мұрағаттың оқу залында пайдалануға болатын құжаттарды зерттеуге береді;

3) пленка және электрондық тасымалдаушылардағы жеке бас текті құжаттарды тізімдемелеу бойынша жұмыстарды жүргізеді;

4) фотоқұжатты көрмелер, радиохабарлар, мұрағат құжаттары бойынша мақалалар әзірлеуді ұйымдастырады;

5) мүдделі ұйымдарды, мекемелерді бастамалы ақпараттандырады, мұрағат құжаттары бойынша экскурсиялар, лекциялар, мектеп сабақтарын өткізеді;

6) жоғары оқу орындарының тарих факультеттерінің студенттеріне мұрағат практикасын өткізуді ұйымдастырады;

7) өзекті сұрақта бойынша өз бетінше және басқа мұрағат және ғылыми мекемелермен бірлесе отырып, жолкөрсеткілер, мұрағат құжаттарының құрамы мен мазмұны туралы басқа да анықтамалықтар әзірлейді және басып шығарады;

8) мұрағаттанудың, археографияның өзекті проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстарды өткізеді;

9) ҒАА, құжаттары жариялау және ғылыми пайдалану саласындағы жұмыстардың озық тәжірибесін қорытындылайды және таратады;

10) құжаттарды ғылыми пайдалану формаларын талдайды және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді;

11) еңбекті ғылыми ұйымдастыруды ендіру жолымен жұмыс тиімділігі мен сапасын арттыру бойынша ісшараларды жүзеге асырады;

12) бөлімнің жұмыс бағытына қатысты сұрақтар бойынша облыс мемлекеттік мұрағатының жұмыс жоспарына ұсыныстар әзірлейді;

13) бөлім қызметкерлерінің іскерлік біліктілігін арттыру бойынша сабақтар ұйымдастырады және өткізеді;

14) облыс мемлекеттік мұрағатының филиалдарының ҒАА, құжаттарды жариялауын және ғылыми пайдалануын жетілдіру сұрақтарына әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді.

3. Өзінің негізгі міндеттерін орындау және өзінің функцияларын жүзеге асыру мақсатында бөлім келесі құқықтарға ие:

1) облыс мемлекеттік мұрағаты басшыларына бөлім жұмысын ұйымдастыруды жақсарту туралы ұсыныс жасауға;

2) облыс мемлекеттік мұрағаты филиалдарына бөлімнің жұмыс бағытына қатысты сұрақтар бойынша кеңестер беруге.


  1. БӨЛІМ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

1. Бөлімді облыс мемлекеттік мұрағатының директорына тікелей бағынатын бөлім басшысы басқарады. Азаматтық қызметке тағайындау немесе конкурс тәртібімен қабылданады. Лаузымынан облыс мемлекеттік мұрағаты директорының бұйрығымен босатылады.

2. Бөлім басшысы бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды және оған өзіне жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға жеке жауапкершілік жүктеледі.

3. Осы мақсаттарда бөлім басшысы:

1) бөлімнің ғылыми, әдістемелік және өндірістік іс-әрекетін ұйымдастырады;

2) бөлім жұмысының жоспарын жасайды, оны облыс мемлекеттік мұрағатының директорына тапсырады және оның орындалуы туралы есеп жасайды;

3) бөлім қызметкерлеріне нұсқаулар береді, олардың арасында міндеттерді бөледі, өз жұмыс учаскелеріндегі міндеттерді орындауға бөлім қызметкерлерінің жауапкершілік деңгейін анықтайды;

4) бөлімдегі компьютерлердің және басқа оргтехниканың жағдайын қадағалайды және оларға жауап береді, өрт қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауға жауап береді;

5) бөлім қызметкерлері азаматтық қызметшілер болып табылады. Бөлім қызметкерлерінің міндеттері аясы бөлім басшысы жасаған облыс мемлекеттік мұрағаты директоры бекіткен лауазымдық нұсқаулықтармен анықталады.
3. БӨЛІМДІ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ЖОЮ
Бөлімді қайта құру және жою Шығыс Қазақстан облысы мұрағаттар және құжаттама басқармасының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
ҒАА, құжаттарды жариялау

және ғылыми пайдалану



бөлімінің басшысы Л.П. Рифель



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет