«Ғажайыптар уақыты» республикалық интернет-байқауды қашықтықтан өткізу ережесі Жалпы ережелер «Рухани жаңғыру»



Дата18.12.2019
өлшемі75 Kb.
«Ғажайыптар уақыты» республикалық интернет-байқауды қашықтықтан өткізу ережесі

1. Жалпы ережелер
1. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде мектепке дейінгі, жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында «Ғажайыптар уақыты» республикалық интернет-байқауын (бұдан әрі – Байқау) қашықтықтан өткізу ережелері оның мақсатын, міндеттерін және өткізу тәртібін анықтайды.

2. Байқаудың мақсаты: шығармашыл тұлғаны, оның ойлау жасампаздығы мен сонылығын дамыту.

3. Міндеттері:

балалардың көркем шығармашылығын насихаттау;

білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;

баланы бейнелі ойлауға дамытуға ықпал ету.

4. Байқауды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК өткізеді.

5. Байқауды ұйымдастырушылар әділ-қазылар алқасы мен ұйымдастыру комитетінің құрамын қалыптастырады.


2. Байқауды өткізу мерзімі және тәртібі
6. Байқау жұмыстары 2019 жылғы 20 қыркүйектен 12 қарашаға дейін gajaiyp2019@mail.ru электрондық поштаға қабылданады. Байқауға 2019 жылғы 12 қарашадан кейін түскен және Ережеге сәйкес келмеген байқау материалдары қарастырылмайды.

Байқау қорытындысы, жеңімпаздар дипломдары, жеңімпаздардың педагогтеріне алғыс хаттар, қатысушыларға сертификаттар 2019 жылғы 19 қарашада www.ziyatker.org сайтына орналастырылады.



7. Байқауға қабылданған жұмыстар қайтарылмайды. Ұйымдастырушылар авторды көрсете отырып, жұмысты БАҚ-та жариялауға құқылы.

Анықтама телефондары: 8 (7172) 64 27 22 «Ғажайыптар уақыты» байқауы).

8. Байқауға қатысу үшін 1500 (бір мың бес жүз) теңге төлемақы төленеді.

Төлемақы:

1) барлық банк немесе Қазпошта бөлімшелерінде келесі реквизиттер арқылы жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК (резидент - 19).


БИН 990140004733

ИИКKZ918560000005068448

БИК KCJBKZКX

КНП 859


Кбе 16

АО БанкЦентрКредит

Төлемақы аталуы: «Ғажайыптар уақыты» байқауы.

Қатысушының аты-жөнін, тегін толықтай көрсету қажет (жіберуші – Резидент:19).

2) Kaspi.kz арқылы жүргізіледі: 1) Kaspi.kz тіркелу; 2) «Платеж» бөлімі 3) «Образование»; 4) «Школы»; 5) «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования»; 6) қатысушы туралы мәлімет енгізу және төлем сомасын көрсету; 7) төлем түрін көрсету (Kaspi gold, Kaspi депозит, Kaspi кошелек, Kредитная карта); 8) төлем жасау.

9. Байқауға қатысу үшін gajaiyp2019@mail.ru электронды поштаcына келесі құжаттарды жіберу қажет:

1) 1-қосымшаға сәйкес өтінімді;

2) сканерден өткізілген төлемақы құжаты (түбіртек немесе төлем тапсырмасы);

3) байқауға қатысатын жұмыс.
3. Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар
10. Байқауға мектепке дейінгі, жалпы орта және қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 5-17 жастағы білім алушылары қатыса алады:

мектепке дейінгі жас санаты: 5-6 жас;

кіші жас санаты: 7-10 жас;

орта жас санаты: 11-14 жас;

жоғары жас санаты: 15-17 жас.

11. Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі.



1. «Қызықты сәттен естелік» эссе байқауы.

Байқау жұмыстарын бағалау өлшемдері:

Times New Roman - шрифтінде, А4 форматында, 14 шрифт өлшемі, интервал - 1, барлық жолдар - 2 см). Ұсынылған жұмыстың көлемі 1 баспа беттен аспауы тиіс.

Байқау материалдарын бағалау өлшемдері:

1) конкурс тақырыбына және номинациясына сәйкестігі;

2) тақырыптың дәйектілігі мен толықтығы;

3) қатысушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестігі;

4) авторлық мәтінді және жазбаша мәдениетін жүйелі түрде көрсетуі.



2. «Табиғат сұлулығы» суреттер байқауы.

Байқауға кез келген материалда (ватман, картон, кенеп және т.б.) және түрлі сурет салу техникаларында (майлы бояулар, акварель, гуашь, қалам, түрлі-түсті қаламдар және т.б.) орындалған суреттердің фотолары қабылданады.

Байқау жұмыстарын бағалау өлшемдері:

1) конкурс тақырыбына және номинациясына сәйкестігі;

2) қатысушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестігі;

3) суреттердің эстетикалық талаптарға сай болуы;

4) жұмысты ресімдеу сапасы.

12. Байқауға қатысушы бір немесе бірнеше номинацияларда қатыса алады. Қатысушыдан әр номинацияға бір ғана жұмыс қабылданады. Әр жұмысқа ретінде жеке төлемақы төленеді.

13. Басқа адамдардың және интернеттен алынған материалдарды пайдалануға қатаң тыйым салынады. Байқау жұмысы бұған дейін интернетте жарияланбаған болуы тиіс.
4. Байқауды қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау
14. Байқау қорытындысы бойынша әділ қазы мүшелері жеңімпаздарды анықтайды.

15. Байқау жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежедегі дипломдармен, байқау жеңімпаздарының жетекшілері алғыс хаттармен марапатталады, барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Байқау жеңімпаздарына дипломдардың, олардың жетекшілеріне алғыс хаттардың және қатысушыларға сертификаттардың электронды нұсқалары www.ziyatker.org сайтында мына сілтеме https://www.ziyatker.org/respublik-distan-internet-konkurs бойынша автоматты түрде жүктеу мүмкіндігімен орналастырылады.
Анықтама телефондары: 8(7172) 64 27 22 «Ғажайыптар уақыты!» байқауы).

Қосымша


Байқауға қатысушы туралы мәлімет


Қатысушының аты-жөні

жжасы

Ммекенжайы

Білім беру ұйымының аталуы, сыныбы, курсы

Байқаудың аталуы, номинациясы тақырыбы

Байланыс мәліметтері (ұялы телефоны, эл. поштасы)

Жетекшісінің толық аты-жөні, жұмыс орны, лауазымы

Жетекшісінің байланыс мәліметтері (ұялы телефоны, эл. поштасы)

1


22

33

4

5

6



7


8


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет