Ғаламтордың пайдасы және зияны Николай Аяжан Жақсылыққызы-№125С. Сапарбеков атындағы орта мектебінің 6 «а» сынып оқушысы Асанова Мөлдір Шымырбекқызы--№125С. Сапарбеков атындағы орта мектебінің математика-информатика пәнінің мұғалімі



жүктеу 178.35 Kb.
Дата18.04.2016
өлшемі178.35 Kb.
Ғаламтордың пайдасы және зияны
Николай Аяжан Жақсылыққызы-№125С.Сапарбеков атындағы орта мектебінің 6 «а» сынып оқушысы

Асанова Мөлдір Шымырбекқызы--№125С.Сапарбеков атындағы орта мектебінің математика-информатика пәнінің мұғалімі


Орындаушы: Николай Аяжан Жақсылыққызы

Туған күні, айы, жылы: 31.08.2000 жыл

Сыныбы: 6 «ә»

Мектебі: №125 С.Сапарбеков атындағы орта мектебі

Сүйіп оқитын пәні: Математика, информатика Тұрғылықты мекн-жайы: Қызылорда облысы

Жаңақорған ауданы, Қожанов көшесі н/з



Жұмыстың жетекшісі: Асанова Мөлдір Шымырбекқызы

Туған күні, айы, жылы: 11.05.1985 жыл

Ғылыми дәрежесі: жоғары

Еңбек өтілі: 5 жыл

Санаты: ІІ

Бітірген оқу орны: Қорқыт-Ата атындағы Мемлекеттік университеті

Қызметі: математика-информатика пәнінің мұғалімі

Жұмыс орны: №125С.Сапарбеков атындағы орта мектебі


Мазмұны:


1. Кіріспе ............................................................................................................3 бет

1.1. Бүкіләлемдік өрмек – ғаламтор..................……………………….……4-6 бет

1.2. Білгенге Ғаламтор Ғаламат-ақ.................................................................7-8 бет

2. Негізгі бөлім .................................................................................................9-13 бет

2.1. Айшылық алыс жерлерден,........................................................................

Жылдам хабар алғызды ............................................................................9-10 бет

2.2. Ғаламтор және денсаулық .......................................................................11–13бет
3. Қорытынды ...................................................................................................14 бет

3.1. Ғаламторға тәуелділік ............................................................... ...............14-16

Жетекшінің пікірі..........................................................................................16 бет

Аннотация......................................................................................................17 бет

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...............................................................18 бет



Зерттеу тақырыбы: «Ғаламтордың пайдасы және зияны»

1.Кіріспе

1.1. Бүкіләлемдік өрмек – ғаламтор.

Мақсаты: Бұл әлемде ғаламторды қолданбайтын адам мыңның бірінде ғана болуы мүмкін. Бүкіл дүние жүзіндегі адамдардың 90%-ға жуығы ғаламторды қолданады. Яғни ғаламтордың маңызы зор. Ғаламторсыз адам өмірін елестету өте қиын. Күн өткен сайын адамдар ғаламторға тәуелді болып барады. Осылардың бәрін зерттеу, білу, оны өзімізге, келешек ұрпаққа өнеге ету, бүгінгі біздің ұрпақтың қасиетті борышы екенін түсіндіру.

Міндеті: Мәселені айқындаудың зерттеу жүйесін құру

ІІ.Зерттеу жұмысы туралы тұжырымын білдіру.

ІІІ. Зерттеу нысаны: Тұрмыстық заттар, қолөнер бұйымдар

ІV. Жалпылау кезеңі: Аудандық, мектептегі Ғаламтор желісімен тұрақты

байланыс орната отырып, құнды деректер базасын

жасау. Ғылыми жоба жұмысын жазудың

тезисін дайындау. Жинақталған

материалдарды саралап, сараптау, қорыту.

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев өзінің 2003 жылғы 4 сәуірде Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Біз өз мәдениетіміздің құндылықтарын сақтай отырып, байыппен алға жылжи беретін боламыз» деп, атап көрсеткен болатын.



Ал әлемнің екінші ұстазы атанған Әл-Фараби: «Халық өткен өмір тарихын білмесе, өзінің өмір сүріп жатқан дәуірінің қадірін бағалай алмайды» - деген екен.

Олай болса, біз ғаламторға қаншалықты терең үңілсек, қазіргі жағдайды соғұрлым жақсы түсінетін, білетін боламыз. Сондай қажеттіліктің бірі – ғаламтордан пайдалы ақпараттарды алу, оны өмірде қолдану.



Біздің күнделікті өмірімізге байланысты ақпараттарды алудағы маңызды құрал ол - Ғаламтор. Адамзаттың интелектуальдық өмірі үшін ол аз мағына бермейді. Ғаламтордың ақпараттық қуатты мүмкіншілігін біз әлі тереңірек ұғына қойған жоқпыз Ал ғаламторды қолдану барысында барлық адамдардың өмір сүру аймағында қазір күдік тудырмайды. Өз мүмкіншілігінде ғаламтор философиялық дисциплина және философияның ғылыми жұмыстарын зерттейді. Маған ұсынылған желілік ресурстардың анықталған формасының мүмкіндіктері бір бірімен байланысты. Олардың орталығы ғылыми ресми немесе бейресми сайттары ғылыми және оқыту ұйымдарды болып табылады.

Ғаламтор-интернет қазақ қоғамына енгелі көп болған жоқ. Әлем торласып үлгерді аз уақытта. Кешегі жаңалық жаңалық болмай қалды. Бүгінгі жаңалық та ескіріп үлгереді сол заматта. Дәл қазіргі жаңалығыңыз әлдекімдердің әлдекімдерден естіген әңгімесі болуы мүмкін... Африкадағы әлдебір тайпа көсемінің өлімін, Америкадағы гейлердің шеруін, Ауғандағы әйелдің аянышты халін, Үндістандағы жалаң аяқ кем-кетіктің ауыр тұрмысын, аш-жалаңаш балалар тағдырын дер шағында көресіз де, келесі несі бар екен деп елеңдеп отырғаның. Жақсылық іздеу кемшін, қандай өрт, апат, қанқұйлы іс болды екен деп елегіземіз көбіміз...

Ғаламтор... Тұтасқан әлем. Өрмекшінің торы дерсіз. Енді шынайы сүйіспеншіліктің орнын, жылтыры мол виртуальды махаббат, шынайы аралас-құралас достықтың орнын виртуалды сыйластық басып келеді. Тек көгілдір сағымды ғаламторлардың ішінде сан мен цифрлардың, әлдебір атаулар мен өзіңе үш қайнаса сорпасы қосылмайтын есімдердің жақынысыз...

Ғаламтор... Ескі мен жаңаның, өткен мен болашақтың, қатігездік пен мейірімнің, бар мен жоқтың мидай араласқан ортасы. Өз қасыңдағы оқиғаға, іске, түрлі тағдырға назар салмауыңыз мүмкін, бірақ өзге қиырдағы қилы тағдырға көз моншағыңызды үзесіз. Ең бастысы қандай ақпарат оқысаңыз да, соған сай жауап қалдыруыңызға, пікір білдіруге құқыңыз бар. Сіз саясаттанушы, мәдениеттанушы, болмаса философ яки әлдебір саланың ғалымы болуыңыз шарт емес, көзқарасыңыз өзіңізге, жазыңыз, қалдырыңыз, шамына тиіңіз, сынаңыз, мінеңіз, алғыс айтыңыз – ерік алдыңыздағы компьютердің перне тақтасына басылған саусақтарыңызда. Танысыңыздан ажырап, танымасыңызды жақын тұтатын мезгіл қазір. Иіріміне ессіз үңілген кейбір жандар оның тұтқынына да айналып үлгерген. Жалғыздық пен күйзелістің асау толқындарына жұтылғандар қаншама? Бұйығы, жадау-жүдеу... Бұл да бір өтпелі кезең шығар. Жамандығын айтып тауыса алмайсыз, ал жақсылығы да ұшан-теңіз. Тек соны орнымен пайдалана  білсек, мүмкіндігін барынша ықтиятпен жүзеге асырып, адами қалпымызды нықтап, білімімізді асыруға жұмсасақ. Академиялық кітапханалардың орнын Интернет баса алмайды. Бірақ оның да ғылыми тегеуріні шексіз. Тек аздаған мәдениет керек... Ғаламтор мәдениетін ерте игермеу өзімізге сын. Интернеттің иіртпегіне түсіп, былыққандар мен ылыққандардың қармағын қапқан ұрпақты сауықтыру үшін ұлттық иммунитеттің күші жеткілікті болуы ләзім. Ал оған шамамыз жетпесе мылқау ұрпақ пен соқыр жеткіншек, керең өспірім қаулайды. Қазір сол дәуірдің басы. Болу мен бордай тозудың арасы...

Ғаламтор желісінің пайдасы өте көп. Себебі өмірдің кез-келген саласына қажетті ақпаратты жылдам алуға, басқа қолданушылармен ақпарат алмасу мүмкіндігіне ие боласың. Ақпаратты алу немесе беруде белгілі уақытқа тәуелді болмайсың, керек уақытыңда қарауға, жіберуге болады. Ғаламторда көп уақыт отыру т.б зияны туралы айтсақ ол адамның өзіне байланысты, ол өзіне-өзі кесте қою керек, белгілі бір уақыт мөлшерінде отыру, қажетсіз ақпараттарды қарамау сияқты өзіне шектеу қойған жағдайда адамға зияны аз болады. Әрине кез-келген дүниені шектеусіз пайдаланса оның зияны болады, мысалы тамақтың өзін қалыптан көп ішу, кітапты өте көп уақыт көз алмай оқу, көп ұйықтау т.сс. Сондықтан Ғаламтордың тек жақсы жақтарын пайдаланып керегімізге қолданған жөн!!! Таяқтың екі ұшы болатыны бәрімізге белгілі, дұрыс және бұрыс жақтары да болады.

Ғаламтордың қол жетімділігі:

1.Алысты жақындату
2.Қоғамға (адамға) байланысты мүмкіншіліктерді арттыру.
3.Сана-сезімді жоғарылату.
4.Ізденіс талпынысқа қашықтықтан оқу бағдарламаларына сұранысты арттыру.
5.Қажеттілікті толығымен қанағаттандыру.
6.Дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекелесу.
7.Әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болу.
8.Халықтарға түрлі жолдармен көмек көрсету. (материалдарды және моральді жағынан болсын) Яғни мүгедек адамдарға немесе отбасы ахуалы нашар адамдарға, жетімдер үйіне, денсаулығы нашар науқастарға қаржылай қол ұшын беру.

Білгенге Ғаламтор Ғаламат-ақ !


Өркениет өркен жайған бүгінгі өскелең дәуірдегі өрелі жаңалықтардың бірі, тіпті бірі болғанда бірегейі ғаламтор техникасы. Қазіргі таңда осы техника біздің күллі тұрмыс-тіршілігімізге дендеп енді. Бұл күндері ғылым-техника, мәдени-ағарту, емдеу-денсаулық сақтау, сауда-финанс қатарлы сан алуан қызмет өтеу түрлерінің әрі тез, әрі өнімді, әрі икемді жақсы жүрілуін компьютерсіз, компьютерлер өзара тұтасқан ғаламторсыз көз алдыңызға елестетуіңіз қиын. Әлемді дүр сілкіндірген әлемилену үрдісінің өзі ақпарат технологиясы яғни ғаламтор арқылы жүріліп жатқан ықпалы күшті үлкен құбылыс.

Адам баласы ұзақ уақыт қолданып келген дәстүрлі қарапайым ақпарат тәсілі қазіргі электронды ми жүйесімен басқарылатын қарқыны тез ақпараттанған қоғамға, ғаламтор дүниесіне құшағын айқара ашқалы ол адам баласының ой еңбегімен дене еңбегін барынша жеңілдетіп, электронды тетіктер арқылы айлық алыс жерден қас қағым сәтте ақпарат алатын ғажайып мүмкіндіктерге ие етіп, адамдарды сан қилы әурешіліктерден жеңілдете бастағандығы айдан анық жағдай.

Ғаламтор ــ сіз бен біз үшін айтқанда не қажеттің бәрі табылатын қазыналы қамба. Оның бізге үйретер өнегесі, берер берешегі санап тауысқысыз. Қазіргі дамыған дәуірге дұрыс сәйкескісі келген адамға бұл технология ауадай қажет. Оның қызмет айасы төтенше шексіз. Онда не керектің бәрі бар. Тек тілін толық меңгеріп, ұңғыл-шұңғылын тінтуірмен дұрыс мақсатта ойдағыдай тінте білсеңіз болғаны. Қысқасы әлемді уысына алған ғаламтор біз үшін адамзат ақыл парасатының телегей теңізінен емін-еркін сусындайтын бүкілдей жаңа жүие қалыптастырып берді. Егер сіз ғаламторға шықсаңыз төрткіл дүние ашсаңыз ــ алақаныңызда, жұмсаңыз ــ жұдырығыңызда тұрғандай әлемнің қай қиырында, нендей уақиға болып жатқанынан дер кезінде хабардар болып отырасыз.

Бүгінгі таңда ғаламтор техникасын өз лайығымен дұрыс қолданып, икемді игіліктене білу қабілеті әрбір қоғам мүшесі үшін аса қажетті біліктілік, яғни «сауаттылық» өлшемдерінің біріне айнала бастады. Сондықтан адамдарда ең әуелі компьютерлік сауаттылық, онан соң жалпы ақпараттылық білім, соңында ақпараттық мәдениет мағлұматы болуы қажет.

Қазіргі тұста біз дәстүрлі тәсілмен электронды техника өзара тоғысқан тоғыспалы дәуірде тұрмыз. Байырғы тәсіл өзінің мүмкіндіктерін әлі сақтап қалуға тырысқанымен, жаңа жүие оны тездікпен ығыстырып алға қарай дамып келеді. Ескі жүйе көп ұзамай жаңа жүйеге жол берері анық. Жаңа зат қашанда жеңімпаз болып адамдарды өзіне айрандай ұиытып қызықтыра түсетіні даусыз.

Ғаламтор - тиімді байланыс құралы. Көптеген мәліметтер жинақталған. Балама ақпарат көзін табуға болады. Мысалы: үкіметтік емес сайттар мен үкіметтік сайттар, ақпарат агенттігінің мәліметтері мен тәуелсіз басылым мәліметтері.Толғандырған сауалдарыңның жауабын табасың

Кісі есімдері мен лауазымдарын нақтылайсың. Мысалы, www.government.kz Үкімет сайты, ҚР Парламент мәжіліс депутаттары.Өткен ескі жаңалықтар мұрағатынан мәліметтерді нақтылау. Өзге елдегі мамандармен байланыс жасап, сұрақтар қоюға болады.Түсінбеген сөзді демде аударуға болады. Мысалы: www.sozdik.kz.Электронды пошта қызметі жылдам хабарласуға мүмкіндік береді. Аська, Мейлруагент, мессенджер т.б. Далада, күннің астында азып тозып асық, футбол, волейбол ойнағанша, интернет арқылы әр түрлі қызықты онлайн-ойындар ойнауға болады. Біздің өміріміз күнде бір жаңалықпен толығып отырады. Интернетті сол жаңалықтың ішіндегі ең озығы деуге де болар. Себебі, бір өзіне соншама ақпарды сиғызып, жан-жаққа лезде таратып тұру, әлемнің бір шетіндегі кісіні екіншісімен байланыстыру, керек болса, көзбе-көз әңгімелестіріп, бейнесін көрсету қандай жетістік десеңізші.

Электронды технологияның өмірге біртіндеп енуіне байланысты адамдар айналасындағы заттар мен құбылыстарға және өздеріне жаңаша көзқараспен қарай бастады. Былайғы жерде жаңа ақпараттық технология бәрін де өзгертуі әбден мүмкін. Бұл технология осы ғасырдың тарихын өткендегі ғасырлардан мүлде өзгеше жазбақ, адамзаттың өмір сүру дағдысына, күллі рухани бет бейнесіне де күшті әрі терең әсер етпек. Бұл үрдістен оңды пайдаланбай артта қалған ұлт та, оның келешек ұрпағы да зиян шекпек.

Күнделікті тұрмыста ғаламторды дұрыс мақсатта істете білсеңіз оның пайдасы ұшан-теңіз. Сіз ғаламтор арқылы тексті, хат-хабарды, құжаттарды, фото суреттер мен дыбыс-кескін материалдарды қабылдап алуыңызға не қарсы жағыңызға жолдап беруіңізге; күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл әлем жаңалықтарымен танысып отыруыңызға; кез келген тақырыпқа қатысты материалдар, анықтамалар алуыңызға; алыс аралықтан оқу оқуыңызға, яғни үйде отырып білім игеруіңізге; қызмет түрлерін ұсынуыңызға, тауар сатып алуыңызға не сатуыңызға; электронды жұмсақ бөлшектерді жасап мол кіріс табуыңызға; дос жарандарыңызбен дер кезінде хабарласып қоғамдық өрісіңізді кеңейте түсуіңізге т.б әлі толық байқалып жалпыласа қоймаған ақыл-парасат құндылықтарынан емін-еркін игіліктенуіңізге әбден болады.

Бүгінгі таңда ғаламтор техникасын озық деңгейде меңгергендер өз ақыл-парасаттары арқылы қомақты қаржыны тым қиналмай-ақ тауып алатын болды. Біз ғаламтордың жоғарыдағыдай ғаламат мүмкіндіктерін тұтас ұлтымызды дамытып өркендетуге, ұлттық тіл-жазуымызды, халықтық қасиетімізді, күллі құндылықтарымызды қорғап, сақтап, оны онан ары дамыту үшін қызмет еттіруге құлшыныс жасауымыз қажет. Сол үшін Қазақ тілді ғаламторды тез арада дамытуға барынша күш шығаруымыз керек. Бұны ойланып-толғанып, уақыт ұттырып жүрмей, неғұрлым тез қолға алатын төтенше маңызды жұмыстардың бірі деп қарауымыз тиіс.

Қазір ұзын саны тым көп болмасада аздан молайып, әлсізден күшейіп, қадамын енді ғана қаз-қаз басып келе жатқан үкімет және жекелер иелігіндегі Қазақ тілді торап бекеттерінің, жеке блогтардың арт-артынан ашылып ғаламторға қосылуы халқымыздың өрісін онан ары кеңейтіп, әлемнің әр шалғайындағы қандастарымызды жер жүзіндегі және ұлтымыз өміріндегі сан алуан мазмұндағы рухани білімдерден еркін сусындауына оңтайлы орай жаратып берді.

Бүгінгі дәуірде ғылым-мәдениет деңгейі жоғары ықпалды ұлттар ғаламтордан пайдаланып өзін насихаттау арқылы өзгелерді өзгертіп «әлемилендіріп» жатыр. Біз ешкімді де өзгертіп әлемилендірмей-ақ қойайық. Біздің бар назарымыз бөгенайы бөлекше халықтық қасиетімізді сыртқы әсердің, өзгерісшең өмір дауылының, арынды ақпарат тасқынының кері ықпалынан арашалап қорғап қалуға қаратылғаны жөн.

Қазір ғаламтордың ықпалында тұтас жұмыр жердің ол шетімен бұл шеті «ауылы аралас, қойы қоралас» көрші ауылға ұқсап қалды. Осындай жағдайда ғаламтордың бізге ғылым-білім мен озық өркениетті жеткізетін құптарлық жағының болуымен бірге ұлттық психологиямызға, төл табиғатымызға сай келмейтін теріс әсері де айтып тауысқысыз. Ол біздің күнделікті өмірімізге тек жақсылық қана әкеліп жатқаны жоқ, онда не хикімет жақсылық та, не сұм арамдық та бар. Онда бардың бәрі кіршіксіз өнеге емес. Сол себепті оған сын көзбен қарап, ұнамды жақтарын таным таразысына салып дұрыс пайдалана білгеніміз жөн.

Ғылыми сараптауларда ғаламтор адам баласының өмір сүру дағдысына, тұтас рухани әлеміне ұнамды я ұнамсыз жақтан күшті ықпал ететіні анықталуда. Сондықтан оны пайдаланғысы келген адам ондағы бар болған мүмкіндіктерді тек өз қажеті үшін адасып ағат кетпей, денсаулығына, қызметіне кері әсерін тигізбей дұрыс игіліктене білгені жөн. Егер сіз ақ пен қараны айқын ажырата алмайтын болсаңыз, мағынасыз өмір тұңғиығына балдай батып, судай сіңіп лағып кетеріңізде дау жоқ. Өйткені, ғаламторды пайдаланушының жас ерекшелігі негізіндегі мәдени деңгейі мен талғамы, түсінік-пайымы оны дұрыс я бұрыс жолға салатыны белгілі жағдай.

Бұл күндері араққа, темекіге, есірткіге құмартқан секілді компьютерге құмартушылар яғни «компьютер соқтылар да» пайда болды. Компьютерге, ғаламторға тәуелділік арақ, темекі, есірткі құмарлық сияқты адамды алжастырып, оны сағаттап, тіпті таңды-таңға ұрып қызықтыратын, адам психикасына, денсаулығына кері әсер ететін жаңа дертке айналды. Сол себепті сиқырлы да сырлы көк экранды ашарда мақсатыңыз әрқашан алдын ала айқын болсын, яғни оны еңбек етіп, мағыналы іс қыларға татырлық тұста орынды пайдаланып, одан тыс уақытта жүйкеңізді босқа шалдықтырып, уақытыңызды ұрлап тоздыратын мағынасыз бос мылжың, орынсыз ойындардан аулақ болғаныңыз жөн. Міне мұны тек өзіңіз ғана біліп қоймай, әсіресе, өмірге көзқарасы әлі толық қалыптаса қоймаған жас буынның санасына да мықтап сіңіру сіз бен бізге бұлжымайтын міндет, ағабуындық борыш болуға тиіс.

Егер сіз ғаламторды дұрыс мақсатта пайдалана білмесеңіз онда ол айықпас алапат дертке айналары даусыз. Қазіргі уақытта өте аз сандағы тектеп-тежеуден тысқары қалған жастар, әсіресе жасөспірімдер компьютер мен ғаламтордағы жасанды, ғажайып, қияли әлемге кіріп алып, мынау реал дүниеден мүлде қол үзіп, мәңгүрттенуге қарай бет бұруда. Осындай жасанды, қыяли әлемдегі өмір өсер ұрпақтың дене тұлғасы мен ақымақ, мұралдық жақтарынан ақаусыз өсіп жетілуіне кері әсерін тигізетін орасан зор құбыжық құбылысқа айналды.

Қазір қолы сәл босай қалса, өзінің бүкіл бос уақытын мағынасыз, бұралқы компьютерлік ойындарға сарп етіп, жасанды қыяли әлемге неғүрлым тез еніп кеткісі келіп асығып тұратын, өз еркіне өзі ие бола алмайтын жүике жүиесі нашар аз сандағы тежемсіз адамдар, әсіресе жастар мен өспірімдер арасында компьютер соқтылық ауруына шалдыққандар пайда болды. Сондықтан біз ғаламторды еріккеннің ермегі деп санамай, оны әр адамның жас ерекшелігі мен қызмет қажетіне қарай, өз лайығында, дұрыс әрі тиімді пайдалана білу мәдениетін шынайы қалыптастыруымыз қажет.

Қазір әуелі ішінара іс басында отырған ұлтымыз уәкілдері мен атқа мінер азаматтарымыздың өзі компьютер мен ғаламтордан ойдағыдай игіліктеніп жүргені жоқ. Олардың кей бірінің сауаты мықтағанда компьютерді ашып-жабумен ғана шектелсе, ал кей біреуі бұл техникадан сауатты болғанымен қызмет үстіндегі тұтас бос уақытын қарта ойнаудан я болмаса ғаламторда белгісіз біреумен қысыр кеңес құрып, қажетсіз күлкімен өзін алдап күн өткізуден ары аса алмауда. Егер күнделікті өмірде әрқандай адам компьютер мен ғаламторды өз игілікті ісі үшін ғылыми түрде оңды пайдалана білсе онда ол ғаламдық дамуға бастайтын ғажайып құрал ролін атқардады да, ал керісінше болғанда адамдарды өзіне еліктіріп баурайтын ойыншық құралдың ролін ғана атқаратын болады.

Қысқасы компьютер мен ғаламторды қандай ой-талғамда қалай пайдалану, әр азаматтың өз білім-деңгейіне, еркіне, адамдық арына, кісілік ұстанымына байланысты. Егер пайдаланушы өзін дұрыс арнаға салып тежеп-тектей білмей компьютер мен ғаламтордың жетегіне орынсыз ерік берсе, қажетін алып, қабілетін өсіре алмай, мағынасыз қысыр кеңес, бұралқы ойдың бұйдалауымен өз өмірін өзі ойыншық етіп азып-тозатын, саналы ғұмырын, алтын уақытын құр сандалыспен қор етіп өткізетін, денсаулығынан айырылып айықпас дертке душар болатын болады. Ал дұрыс мақсатта пайдалана білсе компьютер мен ғаламтор адам өмірін әрлендіріп, кісілік құнын жоғарылатып, ғылым төріне жетелейтін ғаламат құрал.

Өнер, білім бар жұрттан,

Тастан сарай салғызған.

Айшылық алыс жерлерден,

Жылдам хабар алғызған, - деп Ыбырай атамыздың айтқанындай қазіргі таңда ғаламтор арқылы әлемдік хат алмасуға да болды.

Қазіргі заманда ғаламторсыз өмірді елестету мүмкін болмай барады. Хат алмасу да ғаламтор арқылы дүниенің тұтқасына айналды. Ғаламтор саяси құрал үшін таптырмас дүние болып шықты. Қазақстандағы ғаламторлың дамуы елді тұтастыруға, ұйыстыруға ықпал етіп отыр.

Жаһандану дәуірі  ҒТР-дің (ғылыми техникалық революция) шырқау шегіне шыққасын, қазір, еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін жұмысы ғаламторсыз жүрмейтін болды. Елуді егделеп, алпысты алқымдап, тіпті, жетпісті желкелеп қалған кісілерді де агенте хат алмасып отырганын көріп қаламыз. Бұл да болса жаңа заман талабы.

Балалар интернетті ақтарып отырып, оларға кіріп кетеді. Егер ата-аналары қадағаламаса, бұл оларға үлкен шығын алып келуі ғажап емес. Бұдан басқа интернеттегі бұзақылар, мәселен, хакерлер балаға шабуыл жасауы мүмкін. Негізінен, қазір бала­лардың көбі кітаптан алшақтап барады. Менің оларға берер кеңесім: компьютермен қатар бір мезгіл кітап оқу да – пайдалы дүние. 

Екіншісі – білім беру компанияларын дамыту. Яғни әрбір ата-ана, ұстаз­дар қауымы балаларға ғаламтордағы кейбір сайттардың зияндылығы туралы айтып отыруы керек.

Ал балаларды қорғау агенттігінің хабарлауынша, балаларымыздың 16 пайызы ресейлік сайттарды тұрақты пайдаланады. Бұл сандарға қарап, әрине, ғаламтордың балалар психологиясына қаншалықты соққы беріп жатқанын көруге болады.

Сон­дықтан әрбір ата-ана, әрбір ұстаз балаларды осындай кері дүниелерден сақтау үшін арнайы шара қолданып, ғаламторды үнемі бақылап отыруы тиіс.

Ғаламтордағы онлайн ойындары атыс-шабыс, тағы басқа қантөгу, жауыздық тақырыбында болады. Осы ойындарды бала ойнап, оның психологиясына қандай жаман әсер беретінін өздерімізде білесіздер. Ұдайы ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдіс-тәсілдері еніп, жаман қылық, тіпті қылмысқа да баратын болады. Қалалы жерде ақша табу үшін компьютерлік ойындарды жарнамалап, оқушы балаларды өздеріне тарта бастап, жаман қылықтарға бағыттайды. Онлайн ойындарынан басқа да өзіміздің ұлттық ойындарымыз бар, соны неге ойнамасқа?Асық ойнау, күрес, қол күресі, волейбол, футбол сияқты көп ойындар бар. Біз бөлмеде тығылып компьютерлік ойынды ойнағанша, далада таза ауа жұтып, көпшілікпен көңіл көтеріп, денемізді шынықтырып, сау болғанымызға не жетсін.

Дегенмен де интернеттің жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтары да барын естен шығармағанымыз жөн. Ғаламторға қосылу үшін әрине бізге компьютер керек. Ал, әр күнін компьютер алдында өткізу денсаулыққа зиян екенін білесіздер ме? Ол адам ағзасына қауіп төндірумен қатар, сананы улаумен шектесетіні белгілі.Компьютер алдында ұзақ отырса адамның көзі, жотасы ауырады және қимыл-қозғалысына,адам психологиясына да әсер етеді. Сезімдік нерв жүйесі ауруларына шалдығады.

Ғаламтор желісіне жүгініп, үйреніп кеткен бала, яғни интернет арқылы хат алысып, сөйлесу-баланың айналасындағы адамдармен бетпе-бет сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу мәдениетінен айырылады. Компьютерден бөлінетін ультра-күлгін сәулесі көзге кері әсер етеді. Ал одан сорақысы- ұлттық, адами қасиеттерге нұқсан келтіретін материалдардың интернет бетінен орын алуы. Қазірде шығарма, эссе жаза алмайтын оқушылар бар. Бұның бәрі көп уақытын кітап оқумен емес, интернетке кіріп түрлі ойындар ойнап, уақытын тиімсіз өткізудің зардабы.

Қорыта келгенде, қай халық болса да, өзінің дамуында қилы-қилы жолдардан өтеді.

Ғаламтордағы болған құбылыстардың терең тылсымына үңілуде адамзат баласы талай - талай ғасырларды артта қалдырып, бай тәжірибелер жинақталады. Ғаламтордағы кұбылыстарыдың өзі кейде адамзат сенгісіз немесе тіпті түсініксіз болып жатады. Ерте заманның өзінде - ақ дүниенің жаралуы табиғаттың түрлі құбылыстары туралы адамның өзіндік көзқарасы, түсінігі, зерттеулері болды. Ғаламторда болып жатқан кейбір азамзат және табиғат құбылыстары тылсым жұмбақ болып көрінеді де, адам санасына елеулі әсер етеді. Қандай да бір құбылысты түсіну үшін адам ғылымды терең зерттеп меңгеруі керек

Ғаламтор - болашаққа бастайды,

Келешекке білім қуған жастарды.

Қадам басып ХХІ ғасырға,

Барлық әлем жаңалығын тастайды – дегендей қазіргі заман талабына сай барлық жастар ғаламторға тәуелді болғандай.

Жастарға арнаған сөзінің бірінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: “Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым мен білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек” деген болатын. Бүгінде ғаламторға тәуелділік атты жаңа дерттің пайда болғаны жасырын емес. The Independent басылымының мәлімдеуінше, адамның ғаламторға тәуелділігі ішімдік, кокаин немесе марихуанаға тәуелділікпен бірдей екен. Негізінен, компьютер тұтынушыларының 5-10 пайызы ғаламторға тәуелді. Ересектерді былай қойғанда, бұл күнде жасөспірімдер мен бүлдіршіндер де ғаламтор атты шексіз әлемге байланып отыр. Өкінішке қарай, елімізде ға­лам­тордан зиян шеккен балалар тура­лы де­рек жоқ. Өйткені ел аумағында ар­на­йы зерттеу жұмыстары жүргізіл­мей­ді екен. Әйткенмен мектеп жасында­ғы балалар әрқилы әлеуметтік желілердің тұрақты «қонағына» айналғалы қа­шан. Тіпті сабақ үстінде ұялы телефон ар­қылы хат алысатын оқушылар да жет­кілікті.

Өзгесін былай қойғанда, ба­ла­лар ғаламтор арқылы бейтаныс жан­­­дармен танысып, «сәбиқұмар» жа­уыз­дардың құрбанына да айналып жүр. Оның үстіне сіз бен біз тұтынатын ға­ламтор әлемі озбырлық пен асқан қа­нішерлікті де кеңінен насихаттайты­ны жасырын емес. Тіпті ғаламтор арқы­лы баланы суицидке итермелейтін жан­дар да бар. Ал ата-ана баланы интернеттен қорғай алмай әлек. Шыны керек, бү­гін­де балалар ғаламтор арқылы та­ра­тылатын түрлі ақпараттан сақтанып отыр­ған жоқ. Бүкіләлемдік желі бала­­лар үшін қауіпті екені де түсінікті жайт.

«Шет елдің ойынына ей, құнықпа!

Кей клубтар айналды ғой «гей клубқа».

Лә иләхә иллалламен ішкі сарай,

Есіктерін мықты етіп сен құлыпта!» деген дұрысырақ па деймін.

Ғаламторға, оның ішінде қоғамдық желілерге тәуелді жастар ғалымдардың соңғы зерттеулері бойынша осы әуестігі нәтижесінде өзіне деген сенімділігін жоғарылатады екен. Психологтар қоғамдық желілер арқылы танысып, тілдесу адамның батылдығына, өзіне беретін бағасына әсер ете алады, ол көрсеткіштерді жақсы жаққа қарай өзгертеді дейді.

Кейінгі кездері күйіп тұрған отбасы мәселесінің бірі – баланың ғаламторға тәуелділігі. Кеңес дәуірінде жеткіншектерге арналған түрлі тегін үйірмелер мен аула клубтарының орнын компьютер клубтары басқалы қашан. Кейбір ата-ана баласының бос уақытында компьютерлік клубтарға баруына рұқсат береді. Дәрігерлер мен психолог мамандардың жан айқайы түптің түбінде баланың «наркомания» сияқты бұл тәуелділіктен де арылуына мезгілдің өте кеш болатынын ескертеді.

Астанадағы психологиялық жәрдем беретін дағдарыс орталығына қиын баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар жиі жүгінеді. Көбі баласының сабаққа барғысы келмейтінін, тіпті, «мектепке кеттім» деп алдап, таңертеңнен кешке дейін қыдырып жүретініне алаңдайды. Зерттей келе, мұндай балалар қара кешке дейін компьютер клубтарында бас алмайтыны белгілі болып отыр.

Мамандардың айтуынша, бала компьютерлік ойындардың қызығына 4-5 жасынан бастап үйренеді. Егер, осы бастан жүгендемесе, бұл есейгенде  құмар ойындарына түбегейлі тәуелділікке апарады. Олай дейтін себебіміз, бұл орталыққа «тәуелділіктен» арылуға жәрдем сұрап келгендердің қатарында жоғары сынып оқушылары, студенттер, тіпті букмекерлік кеңседен қалай құтылудың жолын сұраған атпалдай азаматтар да бар. Яғни, ХХІ ғасырдың «жетістігі» барлық жастағыларды өзіне баурап алған. Бұл өз кезегінде бүлдіршіндердің психологиясына кері әсер етсе, мектеп оқушылары қажетті білімді игеруде артта қалғаны былай тұрсын, тәрбиесі тым төмендейді. Ал ересектер соңында ақшасынан, жұмысынан, тіпті отбасынан да айырылып жатады.

Бұл мәселеге ата-аналардың бей-жай қарамағаны жөн. Компьютер ойнайтын баланың психологиясында көп өзгеріс болады. Бойында іштей қарсылық, көңіл күйінде ауытқушылық, ырықсыздық пен агрессияшылдық билейді. Сондықтан, баласының болашағын ойлайтын ата-аналардың бәрі қауіпті дерттің алдын алған жөн. Баланың бос уақытын тиімді пайдалану үшін ақыл-ойды дамытатын үйірмелер мен білім беру орталықтарына жаздыртқан абзал. Әйтпесе, «батпаңдап кірген аурудан» құтылу қиындық тудырмасына кім кепіл болмақ.



Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы

  2. Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы

  3. www.eycb.coe.int/compass/ru/contents.html.

  4. София: Рукописный журнал Общества ревнителей русской философии Выпуск 2-3, 2001 г. Редактор Б. В. Емельянов.


19




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет