Ғалымның тарих мектебі сөз басы әйгілі Себастьян Бранд «Дүниедегінің бәрі де өткінші, бәрі де тозады, тек ғылым ғана мәңгілік, бәрінен де озады»



жүктеу 118.43 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі118.43 Kb.
: images -> stories -> downloads
downloads -> Ғылыми кеңесшісі: тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қр білім және ғылым министрлігінің Р
downloads -> Боранбаева бақтылы сансызбайқызы ғұмар Қараштың өмірі мен қоғамдық саяси қызметі
downloads -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий
downloads -> Педагогиканы ң жалп ы негіздер І
downloads -> Исатай Кенжалиев
downloads -> Хайдаров есқайрат ерболатұлы XX ғасырдың басындағы қазақ ұлттық-демократиялық жастар қозғалысы: тарих және тағылым
downloads -> Әож 94(574. 1): 332 021(043) Қолжазба құқығында
downloads -> ҚҰлмалиева с. С. Материктер мен мұхиттар физикалық географиясы Студенттердің өздік жұмыстары
ҒАЛЫМНЫҢ ТАРИХ МЕКТЕБІ
СӨЗ БАСЫ
Әйгілі Себастьян Бранд «Дүниедегінің бәрі де өткінші, бәрі де тозады, тек ғылым ғана мәңгілік, бәрінен де озады» деп, ғылымның мәнін аша түседі. Ал қазақта «ғалымның хаты өлмейді» дейтін аталы сөз бар. Ұлағатты ұстаз, белгілі ғалым, талантты тарихшы болу бір басқа да - өзінің тұтас ғылыми мектебін қалыптастыру кез-келген дегдардың пешенесіне жазылмайтын бақ һәм тағдыр. Кезінде өзін іскер, ғалым һәм нағыз ұйымдастырушы ретінде танытқан атақты Гегель университеттің ректоры бола жүріп, өзінің философиялық жүйесін сәтті аяқтап шыққан болатұғын. Сол Гегель: «Бастағанды аяғына дейін жеткізбейтін мінезділерде шынайылық жоқ. Мінез танытпайтындар мәселенің мәнін жете тани алмайтындар» дей отырып, «Білім мен білік кімге де болса жайдан-жай беріле салмайды. Кімде-кім білімді, білікті болғысы келсе, оған өз әрекетімен, өз күшімен, өз қажыр-қайратымен ғана жетеді» деп тұжырымдағанды.
БІЛІМГЕ ІҢКӘРЛІК
Біздің бүгінгі кейіпкеріміз – «Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген қайраткері», «Парасат» орденінің иегері, республика ғылымына өзіндік үлес қосып жүрген белгілі ғалымдардың бірі, көрнекті тарихшы, Халықаралық жоғарғы мектеп академиясының және Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Тұяқбай Зейітұлы Рысбеков 1947 жылы шілде айының 25-жұлдызында бұрынғы Әулиеата аймағының Талас ауданындағы Ақкөл ауылында дүниеге келген.

Ата қазақтың адамның бойына біткен жақсы қасиеттерді туған жер топырағымен байланыстыруы бекерден-бекер болмаса керек. Өйткені, болашақ академик туған өлкеде – алты алашқа белгілі азаматтар шоғыры М.Жолдасбеков, К.Ахметова, М.А.Асаубеков, Ж.Дәдебаев, О.Жайлауов, З.Жаңабаев, А.Көбесов, Қ.С.Қаражан, Т.К.Көкеев, К.Құлажанов, Ж.Күлекеев, Б.С.Құралбаев, Ш.Омаров, А.Сатыбалдин, М.Төлепберген, Р.С.Тұрысбек, Ш.Смаханұлы және т.б. дүниеге келуіне назар аударған жөн.

Болашақ ұстаз-ғалымның дарындылығын туған жер топырағымен байланыстырсақ, ал оның еңбекқорлығы мен табандылығын, қарапайымдылығы мен әділеттілігін, бірінші кезекте, оның ата-анасы Зейіт және Дәнеқыз Рысбековтермен байланыструымыз қажет.

Тұяқбай Зейітұлы орталау мектепті үздік бітірген соң Жамбыл қаласындағы Абай атындағы педагогикалық училищеге 1961 жылы оқуға түседі. Жас өркеннің азамат болып қалыптасуына тәрбие берген ұстазы Халық ағарту ісінің үздігі Майра Ыбыраева (курс жетекшісі) зор ықпал етті. Ғылымдағы алғашқы жазбалары ҚазМУ-да оқыған жылдары жарық көрсе де, қаламының ұшталып, жүйелі мақала жазуға машықтануына осы ұстазының ұсынысымен «Мұғалім» атты қабырға газетінің редакторы болғаны әсер етті.

Ал, ең адғашқы ғылымға қатысты терең ой тудырып, жас жеткіншекті дүр сілкіндірген педагогикалық училищеде, 3 курста, кезіндегі осы училище түлектері, көрнекті ғылым қайраткерлері Төлеген Тәжібаев және Мәулен Балақаевпен болған кездесудегі сұхбат еді. Осы кездесуден соң Тұяқбай Зейітұлы бұл өмірдегі өз мақсатын анық сезіне бастады. Жас маманның үлкен еңбек жолы 1965 жылы Жамбыл педагогикалық училищесін үздік бітіргеннен кейін ауылдық мектепте басталды.

Болашақ академиктің бойындағы білімге деген іңкәрлік оны алдағы биік белестерге жетеледі. Сөйтіп ол 1966 жылы еліміздегі негізгі білім ордаларының бірі – С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, тарих факультетінің студенті болды. Университетте оқыған кезең Тұяқбай Зейітұлының болашағы ғылым және білім саласымен тығыз байланыста болатынын айқындай түсті. Бұл жолы да білімге белін бекем буған студенттің жас ғалым ретінде қалыптасуында ұстаздарының орны ерекше еді.

Оның ішінде, Отандық тарих ғылымының белгілі марғасқалары Бекежан Сүлейменұлы Сүлейменов, Манаш Қабашұлы Қозыбаев, Кеңес Нұрпейісұлы Нұрпейісов, Дина Исабайқызы Дулатова, Сәкен Мамажанұлы Кенжебаев, Халел Арғынбайұлы Арғынбаев секілді ғалымдардың ұстаздық қамқорлығы өз алдына бір мектеп. Осыдан соң студенттік кезден ақ Тұяқбай Зейітұлының ғылыми мақалалар жариялап, этнографиялық экспедицияларға қатысуын заңдылық ретінде қарауға болады.

Университетті ойдағыдай тәмамдаған соң үлкен ғылымға деген жолдың келесі сатысын Т.З.Рысбеков тікелей өз мамандығы бойынша тағы да ұстаздық қызметтен бастады. 1971 жылы ол мемлекеттік реттеу комиссиясының жолдамасымен А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтына келді. Содан бері бұл кісінің ғылыми-ұстаздық және басшылық жан-жақты қызметі аталмыш оқу орны – еліміздегі жоғарғы білім саласындағы қара шаңырақтың бірі М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетімен тығыз байланысты.

Осы университетте өткен 40 жылғы қызметі барысында Тұяқбай Зейітұлының ұстаздық дарыны мен ғылыми-ізденушілік қасиеттері толығымен ашылды. Республикаға танымал жоғарғы оқу орнындағы қызметін қарапайым оқытушыдан бастап, өзінің тынымсыз да қажырлы еңбегінің арқасында жоғарғы мектептегі барлық қызмет сатыларынан абыроймен өтіп, университет ректоры дәрежесіне жетіп, оны жаңа дәуірдегі жаңа жетістіктерге жетелеуде.
ҒЫЛЫМҒА ҚҰШТАРЛЫҚ
Тұяқбай Зейітұлы сонау 70-ші жылдардың басында институт қабырғасында өзінің ұстаздық жұмысын бастағаннан-ақ, тиянақты да жүйелі ғылыми жұмыстарымен осы бағыттағы жетістіктері арқылы талантты жас ізденушілердің алдыңғы қатарына суырылып шықты. Екі жылға толмайтын уақыт аралығында жас ғалымның қаламынан шыққан ғылыми жұмыстар, облыстық және қалалық баспасөзді айтпағанда, бес ірі одақтық және республикалық ғылыми журналдар мен жинақтарда жарық көрді. Көп ұзамай жас ізденушіге аспирантураға жолдама берілген болатын. 1973 жылы ол өзі түлеп ұшқан ҚазМУ-ға қайта оралып, аспирантураға қабылданып, 1977 жылы белгілі тарихшы Дина Исабайқызы Дулатованың ғылыми жетекшілігімен «Қазақстандағы жергілікті кеңестердің ауыл мен селодағы мәдени-ағарту жұмыстарды басқарудағы қызметі (1933-1940 жж.)» атты тақырыпта диссертация қорғап, 1978 жылы тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ие болды. Т.З.Рысбековтың сан қырлы талантының бірі оның сұңғыла тарихшылығы екені даусыз. Кәсіби тарихшы ретінде өткен ғасырдың 70-ші жылдары көпшілікке таныла бастаған Тұяқбай Зейітұлы өзінің басты зерттеу нысаны ретінде республикамыздың қоғамдық-саяси өмірі мәселелерін, олардың қатарында ең алдымен жергілікті кеңестердің қалыптасу, даму және нақтылы қызмет тарихын таңдап алды. Оның кадидаттық диссертациясы КСРо-ның Ұл Отан соғысына дейінгі кезеңдегі Қазақстанның жергілікті кеңестерінің ауыл мәдениетін өркендету үшін жүргізген сан салалы қызметін зерттеуге арналды.

Сол және кейінгі уақытта жан-жақты зерттеліп Т.З.Рысбековтың диссертацияларында орын алған проблема – ол Қазақстандағы жергілікті Кеңестердің қызметі мен дамуының толық қамтылған тарихы еді. Тұяқбай Зейітұлы қандай да тарихи сала мен құбылысты зерттемесін олардың арасында өзектілерін аңғара білетін ғалым.

1979 жылы доцент атағына ие болған ғалымды институт басшылығы сол кез үшін жауапты Кеңестер Одағы тарихы кафедрасын басқаруға қойды. Осы кафедраға 10 жылдай жетекшілік етіп, 1988 жылы жеке отау тіккен тарих факультетінің деканы қызметіне жоғарылатылды. 1990 жылы «Социализмнің дамуы мен нығаюы кезеңіндегі Қазақстан Кеңестері (1938-1960 жж.)» деген докторлық диссертациясын сәтті қорғап шықты. Бұл диссертациялар кезінде жеке-жеке көлемді монографиялар түрінде жарияланды.

1917 жылғы Қазан төңкерісі «барлық билік кеңестерге берілсін» («Вся власть Совета!») деген ұран астында жеңіске жеткені белгілі. Осыдан кейінгі жылдары Кеңес Одағында, оның ішінде Қазақстанда орнығып, нығайған билік жүйесі «Кеңес өкіметі» («Советская власть») деген атауға ие болды. КСРО өмір сүрген жылдары ондағы билік жүйесі немесе Кеңес өкіметінің атауы біраз өзгерістерге ұшырады. Ол жүйе алғашында жұмысшы, солдат және шаруа депутаттарының кеңестері деп аталса, 1936 жылғы КСРО Конституциясына сәйкес ол жүйе Еңбекшілер депутаттары кеңестері деп өзгертілді, ал 1977 жылғы КСРО конституциясы бойынша елдегі билік жүйесі Халық депутаттары Кеңестері болып аталатын болды. 1991 жылы КСРО-ның тарих сахнасынан кетуіне байланысты Орталық Кеңес өкіметі және оның жер-жердегі органдары құлады.

1917-1991 жылдар аралығында «Кеңес өкіметі» аталған билік органдары елімізде коммунистік партия жетекшілігімен қалыптасып, нығайған әкімшіл-әміршіл тоталитарлық мемлекеттің көз алдайтын «демократиялық» бет-пердесіне айналды. Бүкіл КСРО-да оның құрамдас бөлігі Қазақстан сияқты ұлттық республикаларда, 1917 жылдан кейінгі 73 жыл мерзімде еліміздің қол жеткен табыстары да, сол жылдары халқымыз бастан кешкен қайғы-қасіреттер де (жаппай ашаршылық, саяси қуғын-сүргін, ана тілімізідің ауыр халге душар болуы, т.б. зұлматтар) көпшіліктің санасында Кеңестердің іс-әрекеттерімен тығыз байланысты деген ұғым қалыптасты. Осы айтылған жәйттар Кеңестер тарихын зерттеудің қаншалықты қиын да күрделі болғандығын көрсетсе керек.

Тұяқбай Зейітұлы Рысбеков осы тақырыпты зерттеуге саналы түрде барып, айтарлықтай ғылыми нәтижелерге қол жеткізді.

Егер 1986 жылға дейін Т.З.Рысбеков ғылыми жұртшылыққа негізінен Қазақстанның Кеңестік кезең тарихының білікті маманы ретінде белгілі болса, одан кейінгі уақытта оның зерттеген тақырыптарының аясы айтарлықтай кеңейді.

Профессор Т.Рысбеков өзінің үлкенді-кішілі әріптестерімен бірге тәуелсіз Қазақстанның тәуелсіз тарихын зерделеп, оны насихаттау ісіне белсенділікпен ат салысуда. Ол әсіресе Қазақстанның батыс өңірінің арғы-бергі тарихының бұрмаланған мәселелерін өмір шындығына сай зерттеуде, өткеніміздің «ақтаңдақ» беттерін толтыруда жемісті еңбек етуде. Бұған оның соңғы жылдары жарық көрген «Өскен өлке тарихы», «Қазақстан тарихы», «Бөкей Орда тарихы», «Менің Қазақстаным», «Тарихпен тілдесу», «Батыс Қазақстан облысының тарихы» т.б. зерттеу еңбектері мен оқулықтары дәлел бола алады.



Тек тәуелсіздік жылдарында ғана төл тарихымызды жан-жақты саралауға тарихшы-қауым білек сыбана кірісті. Осы лектің ішінде Отандық тарих ғылымында өзіндік айшықты қолтаңбасы бар, ұзақ жылдардан бері өз халқының төл тарихын мұрағат құжаттары мен өлкедегі археологиялық, этнографиялық, статистикалық, картографиялық, фольклорлық деректер негізінде тиянақты зерттеп жүрген тарих ғылымдарының докторы, профессор Тұяқбай Рысбековтың орны оқшау, шоқтығы биік. Бір көргеннен-ақ ол кісінің табиғатынан салмақты, көп сөзге жоқ, киім киісі жинақы, жүріс-тұрысы ширақ, зор интеллектуалдық ойдың иесі, нағыз еңбектің адамы екендігі аңғарылып тұрады. Бұл адам әдеттегі таптаурын жолмен түп-түзу келе жатқан көптің бірі емес, көптен оқшаулау, өз беті өзінде, тек өз соқпағымен ғана жүретін, мінезі біртоға, батыл, ішкі принципі мықты, мығым кісі екендігі. Тегінде, Т.Рысбеков бала күнінен қатал тәртіпке тәрбиеленген, тәртіп бар жерде еңбек бар. Ол кісінің адам атаулыны шын мәніндегі биікке жетелейтін, шын мәнінде адамға құрмет пен бедел әкелетін шынайы еңбекке тәрбиеленген жан екендігі көзге ұрып тұрады. Мерзімдік баспасөз құралдарында толассыз, бұрқырап жарияланып жататын сан алуан тақырыптардағы тарихи зерттеулерінен байқайтынымыз: Тұяқбай Зейітұлының қол қусырып отыратын кезі сирек екендігі, әрқашан ол кісіні еңбек, еңбек тек қана еңбек, іс-әрекет, қимыл қарекет үстінде көретіндігіміз.
ҒЫЛЫМ ӨРІНДЕ
Осы және бойындағы басқа қасиеттердің бәрі Тұяқбай Зейітұлының өз ортасынан дараланып тұратын зиялылығын айшықтайды. Және оның осындай өзгеше бөлек бітімін өз ортасы да әбден мойындап болған. Осыдан шыға отырып, белгілі ғалымның көп қырлы қасиетіне қысқаша шолу жасайық.

1. Тарихшы-ғалым. Академик Т.Рысбеков ғылыми кемел шағында. Ғалымның зерттеулерінің ішінде әр кезеңде тарихи сахнада көрінген тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметіне көңіл бөлініп отырады. Осы тұрғыда оның Отандық және Өлке тарихынан ойып орын алған Сырым Датұлы, Махамбет Өтемісұлы, Исатай Тайманұлы, Жәңгір хан Бөкейұлы, Жанша Досмұхамедұлы, Мұхамед Салық Бабажанов және тағы басқа белгілі тұлғалар жөніндегі толымды тұжырымдары тарихқа зейін аударған оқырманның назарына қосымша ой салады. Бұл жөнінде ғалым былай дейді: «Тарихқа деген шын мәніндегі объективті диалектикалық және ғылыми көзқарас тарих дамуына ықпал еткен жеке тұлғаларға да шын баға беру деген сөз». Ел тарихын әйгілі тұлғалар арқылы тану мүмкіндігі – тәуелсіздік жемістерінің бірі. Сондықтан да ұлтты ұйымдастыратын, ұлттық сананы оятатын және отансүйгіштікке тәрбиелейтін ірі тарихи тұлғаларды ұлықтау аса қажет.

2. Өлке тарихының көшбасшысы. Әділін айту керек, кешегі кеңес кезеңінде жазылған тарих ресми идеологияға тәуелді болды. Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін, Отан тарихындағы «ақтаңдақтарды» ашуға республикаға белгілі ғалымдармен қатар жергілікті тарихшылар да араласа бастады. Бұл бостандық желінің есуі тарих ғылымында зерттеуге «тыйым» салынған тарихи оқиғаларды жаңа деректерге сүйеніп, мазмұнын ашуға мүмкіндік туғызды. Дер кезінде осы бір игілікті істің басында академик Тұяқбай Зейітұлы тұрды. Өлке тарихының көшбасшысы ретінде шәкірттеріне ұсынған тақырыптардың да өлке тарихына арналуы да кездейсоқ емес еді. Бұл көрнекті өлкетанушы ретінде танылған ғылым қайраткерінің болашақ өзіндік тарихи мектебін қалыптастырудың алғашқы баспалдақтары еді. Өлке тарихының білгірі ретіндегі Тұяқбай Зейітұлының ұстанымдарының ішінде байқайтынымыз ол – «Отан тарихы өлке тарихынан бастау алады» деген ғылыми және тәрбиелі мағынасы бар қағида. Осы тұрғыда ғалымның өлке тарихын зерттеуге деген құштарлығы айқындала түседі.

Тұяқбай Зейітұлының өлке тарихына арналған еңбектерінде тың ойлар, тосын көзқарастар, толымды тұжырымдар жетіп артылады. Ғалымның қалам қарымының қуаты, көтерген тарихи мәселелерінің сонылығы және өлке тарихының ақтаңдақ беттерін асқан мұқиятпен қайта саралауы, автордың ирудициясы мен білімге негізделген терең парасаты, сондай-ақ ғылыми тілінің жатықтығы жалпақ жұрттың назарын бірден өзіне аударады.



3. Ұлағатты ұстаз. Тұяқбай Зейітұлы – ірі ғалым ғана емес, ұлағатты ұстаз да. Ол тарих ғылымының жоғары маманданған бірнеше буынын тәрбиелеуге ерен үлес қосты, ғылымның осы саласында өзінің тұтас бір мектебін қалыптастырды, мыңдаған шәкірттер даярлаумен қатар, көптеген ізденушілерге ғылыми жетекші (ғылыми кеңесші) болып келеді. Академик Тұяқбай Зейітұлының жетекшілігімен 2 ғылым докторы, 20 ғылым кандидаты, 15 магистр дайындалды. Шындығында Т.Рысбеков Қазақ тарихындағы көп ешкімнің тісі тие қоймаған соны алқабы Кіші жүз тарихын шәкірттерімен бірге зерттеуде зор еңбек сіңірді, күш-жігерін сарқа пайдаланды. Бұған дейін бірде-бір ғалым дәл осы мәселемен нақ осылай шұғылданбаған еді.

«Жаратылған пенденің өмірде өзіне лайықталған орны болады, соны адаспай дөп табу – бақыттың бастауы» дейді даналық. Тұяқбай Зейітұлы өмірден өз орнын жазбай тапқан адам ғана емес, көп азаматтың өмірден өз орнын табуына қол ұшын беріп, ақыл-кеңесін, көмегін аямаған абзал жан. Оның ғылымға шынайы берілген өнегесінен, кісілік ірілігі мен даралығынан шәкірттерінің үйренері өте көп. Өзі тәрбиелеп, ғылымның бесігінде тербеген шәкірттерінің бірі, бүгінгі таңда М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің аға ғылыми қызметкері Жаңабек Жақсығалиевтің пайымдауынша, олардың ұстазы «тура да әділ, жағымпаздық пен жалған сөйлеуді салтқа айналдырғандарды сын садағына ілетін, соған қарамастан адамға жанашырлығы мол, әрбір мәселені терең ойланып, асықпай шешетін сабырлы да байсалды жан».



4. Батыс Қазақстандағы тарих мектебінің негізін салушы. Тұяқбай Зейітұлы - өлке тарихында өзіндік айшықты қолтаңбасы бар өлкетанушы ғана емес, өмірлік белсенді позициясы бар ғалым. Ұзақ жылдардан бері еліміздің тарихы мен мәдениетіне, ғылымы мен ағарту саласына сүбелі үлес қосып келе жатқан білікті маман, зерделі зерттеуші, ұлағатты ұстаз Тұяқбай Зейітұлының қаламынан 300-дің үстінде ғылыми мақалалар мен таным-тағылымдық мән-маңызы зор еңбектер және ондаған іргелі зерттеулер жарық көрді. Университеттің сан-салалы қыруар жұмыстарымен қатар осы жылдары тарихшы-ғалым Отандық тарих ғылымын дамыту мәселелері бойынша қарқынды жұмыс істеді: осы кісінің бастамашылдығымен және тікелей қатысуымен Орал қаласында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті жанынан «Отан тарихы» мамандығы бойынша 1999 жылдан кандидаттық, ал 2005 жылдан бастап докторлық диссертациялар қорғалатын Диссертациялық Кеңес ашылды. Бұл кеңестің ашылуы орталықтан шалғай жатқан алыс өңір болып есептелетін аймақта ғылыми мектептің қалыптасуына және дамуына зор мүмкіндік берді. Осы кеңесте тарихшы-ғалымның 20-лаған аспиаранттары кандидаттық, бірнеше аға ғылыми қызметкерлері докторлық диссертацияларын сәтті қорғады. Бұл Диссертациялық Кеңес тек қана ізденушілерге үлкен ғылымға жолдама беретін орын ретінде ғана емес, сонымен бірге уақыт өте келе еліміздің әр аймағынының және шет елдердің белгілі тарихшы ғалымдары тұрақты бас қосып, пікір алмасып, ой бөлісетін жер ретінде де белгілі болды. Мұның тағы бір маңызды жағы біздің тарихшы студенттеріміздің республикаға танымал ірі ғалымдармен жиі кездесіп тұруы еді. Академик Т.З.Рысбеков негізін қалаған тарих мектебінің ғылыми ізденістегі айқындалған негізгі бағыттары төмендегідей:

- XVIII-XIX ғасырдағы Кіші жүз тарихы, оның ішінде Әбілқайыр хан, Батырұлы Қайып хан тұсындағы қоғамдық-саяси өмір;

- Кіші жүздегі ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы, оның ішінде Сырым Датұлы, Исатай-Махамбет, Есет Көтібарұлы басқарған көтерілістердің тарихын саралау, зерделеу, жаңа қалыптасқан тұжырымдамаға бейімдеу мәселелері;

- Бөкей Ордасының саяси, экономикалық, мәдени, рухани дамуы;

- Батыс Қазақстандағы ХХ ғасырдың басындағы ұлттық Күнбатыс Алаш Орда зиялылары мен революциялық қозғалысқа қатынасушы тарихи тұлғалардың қоғамдық-саяси қызметтері (Жаһанша Досмұхамедов, Ғұмар Қараш);

- Батыс Қазақстандағы ХХ ғасырдағы қала және ауыл халқының этнодемографиялық даму жағдайы;

- Ақжайық өңірінің өлкетану тарихы мәселелері;

- ХІХ ғасырдағы Орал облысы мен Бөкей Ордасындағы сауда-саттық және кәсіпкерлік;

- Кеңестік кезеңдегі Қазақстандағы ислам дініне қатысты жүргізілген мемлекеттік саясат;

- Қазақстандағы экологиялық қозғалыстар, Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары.



ТҮЙІН
Таланты мен танымы, ұғымы мен білімі, жалпы ой-санасы, ақыл парасаты осындай арналардан қоректенген тарихшы-ғалымның рухани дамуы, ағартушы қайраткер ретінде өсуі одан әрі жалғасатындығына біздің күмәніміз жоқ. Ол ректор кезінде М.Өтемісов атындағы БҚМУ кеңінен танымалдылыққа ие болды. Батыс Қазақстан аймағының ірі мәдени-ғылыми орталығана айналды. Тарихшы-ғалым ретінде де, ағартушы қайраткер ретінде де аянбай еңбек етіп келе жатқан атпал азаматты асыра мақтау біздің басты мақсатымызға жатпайды. Шынның жүзі қашанда өткір. Т.З.Рысбековтың ғылыми әлемін түйсікшіл жұрт ұғар, ғазиз ұстазына адал шәкірт бола білгендер немесе білмекке құштар өрен-өскіндер әлі талай таразылай һәм салмақтай жатар.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет