Ғарышкерлер күні Мақсаты



жүктеу 19.08 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі19.08 Kb.
Ғарышкерлер күні
Мақсаты: Балаларға ғарыш әлемі жайлы түсінік беру, ғарыш әлемі және оның

құпия сырларына деген қызығушылықтарын қалыптастыру. Ғарышкерлерге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу. Өз ойларын толық жеткізіп, әңгімелеу дағдыларын пысықтау. Балаларды батылдыққа , адамгершілікке,ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу.



Көрнекіліктер: суреттер, слайд.

Шаттық шеңбері: 
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты,
Жарқырайды қаламыз
Жайнай түссін даламыз
Қайырлы таң қонақтар,
Қайырлы күн достарым!

- Балалар айтыңдаршы біз қайда өмір сүреміз?

Біз нені басып жүрміз?

Ал жоғарыда біздің үстімізде не бар? (аспан, ғарыш)


- Балалар, сендер түнгі аспанды көрдіңдер ме? Сендерге ұнай ма? Маған да ұнайды. Түнгі аспан әдемі, сиқырлы сияқты.

Қалай ойлайсыңдар жұлдыз деген не?

Олар неменеге ұқсайды?

Дұрыс, балалар, біз жұлдыздарға қарағанда олар кішкентай ұсақ болып көрінеді. Өйткені олар өте биік жоғарыда орналасқан. Жарайсыңдар! Ал енді солардың арасында ең үлкен жұлдыз бар, ол қалай аталады? (Күн) Күн ол үлкен, жарқырап тұрған, ыстық шар. Ал ғарышта біз қандай заттарды кездестіруіміз мүмкін?


Спутниктер, кометалар, астероидтар мен метеориттер (суреттер көрсетіледі). Ал ғарышқа кімдер ұшады? Дұрыс, ғарышкерлер. Ең бірінші болып ғарышқа зерттеуге ұшқан ресейлік ғарышкер екен.

Ол кім екен? (Ю. Гагарин)

Ал әйел адамдардан В. Терешкова, кейін Қазақстаннан да ғарышкерлер ұшты.

Олар: Т. Әубәкіров, Т. Мұсабаев.

Ерасыл: Әубәкіров ағаның даңқы көкке самғаған,
Тоқтар аға Гагарин салған жолды жалғаған,
Тоқтар ағам - жан ағам бұрыннан да ер еді,
Менің батыр ағадан аумай қалғым келеді.

Бекнұр: Тоқтар ұшты ғарышқа


Талғат болды ғарышта
Таңқалдырып қазағым
Тағы ұшса ғой Марсқа.

- Балалар қалай ойлайсыңдар ғарышкерлер қандай болулары керек?



  • Ал айтыңдаршы, зымырандар қайдан ұшады?

  • Ал ғарышқа немен ұшуға болады екен?

Балалар, кәне, тексерейікші сендер ғарышқа ұшу үшін дайынсыңдар ма? (балалардың бұлшық еттерін тексереді) Жарайсыңдар балалар, енді біз қазір шынығып алайық.
Солға қадам, оңға қадам
Алға қадам
Артқа қадам
Секіреміз бір рет
Отырамыз
Түзу тұрамыз
Роботтар сынды. (денелерін босатады)`

.

Дидактикалық ойын: «Суретті құрастыр»

  Балалар,біз бүгін не туралы әңгімелестік?

- Кімдер туралы білдік?

-  Сендерге не ұнады?
Бәрі хормен:  Аспан,аспан,арайлым

                      Саған жиі қараймын



                      Сені көзбен шоламын.

                      Мен ғарышкер боламын.


©netref.ru 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет