Ғылыми-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде бекітілген Х аттама № 2012 ж. 6М01150 – «Экономика және құқық негіздері»



жүктеу 207.64 Kb.
Дата01.05.2016
өлшемі207.64 Kb.
түріБағдарламасы
: content -> files -> pages -> folder9724
folder9724 -> Программа вступительного экзамена по специальности для поступающих в магистратуру по специальности «6M020400 культурология»
folder9724 -> БАҒдарламасы алматы 2012 Бағдарлама «050419 Музей ісі және ескерткіштерді қорғау»
folder9724 -> БАҒдарламасы алматы 2012 Емтихан тақырыптарының тізімі
folder9724 -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің
folder9724 -> Утверждено на заседании
folder9724 -> «6M070400- бағдарламалық қамтама және есептеуіш техника»
folder9724 -> БАҒдарламасы алматы 2012 Емтихан тақыраптарының тізімі Пән «Математикалық талдау»
folder9724 -> БАҒдарламасы алматы 2012 Емтихан тақырыптарының тізімі «Химиялық физика» пәні
folder9724 -> БАҒдарламасы алматы 2012 Емтихан тақырыптарының тізімі «Химиялық физика» пәні
folder9724 -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің
ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

әл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың

Ғылыми-әдістемелік кеңесінің

мәжілісінде бекітілген

Х аттама №___________

«_____»_________2012 ж.
6М01150 – «Экономика және құқық негіздері»

МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН

КІРІСПЕ ЕМТИХАНЫНЫҢ

БАҒДАРЛАМАСЫ


АЛМАТЫ 2012

Бағдарлама Мемлекеттік жалпы білім беретін стандартқа сәйкес «6М011500 – Экономика және құқық негіздері» мамандығы бойынша құрастырылған. Бағдарлама э.ғ.д., профессор Ж.Я. Әубәкіровамен., э.ғ.к.,профессор Т.С.Сарбасовамен, э.ғ.к., доцент Е.Н. Сидоренкомен, з.ғ.к., доцент Д..А. Турсынқұловамен құрастырылған.


Бағдарлама кафедра мәжілісінде қаралған_____________________________

Хаттама №_______ ____________2012ж.

Экономика кафедрасының меңгерушісі__________________Мұхамедиев Б.М.

ЭжБЖМ әдістемелік бюро мәжілісінде мақұлданған___________

Хаттама №_______ ____________2012ж.

Әдістемелік бюро төрағасы______________Әбен Ә.

ЭжБЖМ Ғылыми кеңесінің мәжілісінде бекітілген

Хаттама №_______ ____________2012ж.

Ғылыми кеңес төрағасы,

ЭжБЖМ деканы ________________________ Ермекбаева Б.Ж.

Ғылыми хатшы _________________________ Смағұлова Г.С.

.


МАЗМҰНЫ


  1. Мамандық бойынша кіріспе емтиханның мақсаттары мен міндеттері

6М01150 – Экономика және құқық негіздері мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған кіріспе емтиханның мақсаты – магистранттарды дайындайтын білім бағдарламасын әрі қарай меңгеру үшін базалық міндетті және профильдік пәндер бойынша сәйкес деңгейін анықтау.

Магистрлік бағдарлама халықаралық еңбек нарығында жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды, өзін-өзі дамыта алатын, әлеуметтік бейімделуге қабілетті жалпы және кәсіби мәдениеті жоғары дәрежелі кәсіби элитаны дайындауға бағытталған.


Оқуға түсушілердің міндеттері:

  • жүйелі білімге ие болу және ғылыми пәннің заманауи жағдайын айқындайтын беталыстарын сыни бағалай білу;

  • білімін тәжірибелік жағдайда қолдана білу;

  • өзінің жеке ғылыми зерттеулерінде қолданылатын әдістерді және техниканы түсіну;

  • микро- және макроэкономикалық терминдерді білу, тәжірибелік жағдайларды шешуде теориялық білімін қолдана білу.

Кіріспе емтиханның түрі – жазбаша-ауызша емтихан. Емтихан тапсырушылар сұрақтарға өздерінің жауаптарын шифрленген түрде емтихан коммисиясымен тексерілетін жауап парақтарына жазады.



  1. Магистратураға түсушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

020200 – Халықаралық қатынастар

030100 – Құқықтану

030400 – Халықаралық құқық

050115 – Экономика және құқық негіздері

050301 – Құқықтану

050304 – Кеден ісі

050600 – Экономика

050700 – Менеджмент

050800 – Есеп және аудит

050900 – Қаржы

051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару

051100 – Маркетинг

051300 – Әлемдік экономика

070100 – Экономикалық теория

070200 – Экономика

070400 – Мемлекеттік және муниципалды басқару

070500 – Маркетинг және коммерция

070600 – Қаржы және несие

070700 – Бухгалтерлік есеп және аудит



070800 – Кәсіпорындағы экономика және басқару

шетелдік ЖОО-ның ұқсас мамандықтары


  1. Білім бағдарламасының пререквизиттері

  1. Экономикалық теория

  2. Мемлекет және құқық теориясы

  3. Құқықтық және экономикалық пәндерді оқытудың әдістемесі



  1. Емтихан тақырыптарының тізімі


«Экономикалық теория» пәні бойынша тақырыптар
1-тақырып. Экономикалық теорияның пәні мен әдісі.

Негізгі мақсаты – әр түрлі теориялар тұрғысынан пәннің анықталуы мен экономикалық теорияның әдіснамасы арасындағы айырмашылықтарды анықтау. Экономикалық теория пәнінің эволюциясы. Микро- және макроэкономикалық анализдің ерекшеліктері. Экономикалық процесстерді зерттеудің әдістері.
2-тақырып. Қоғамдық өндіріс. Экономикадағы таңдау проблемасы.

Негізгі мақсаты – қоғамдық өндірістің және олардың жұмыс істеу механизмінің мәнін ашу. Өндірістің ресурстары мен факторларының классификациясы. Экономикадағы таңдау проблемасы. Өндірістік мүмкіндіктердің қисығы. Аралас экономика, аралас экономиканың әр түрлі модельдері.
3-тақырып. Меншік қатынастары және олардың экономикадағы рөлі.

Негізгі мақсаты – меншік қатынастарының мәнін, олардың формаларының шаруашылық тәжірибеде байқалуын анықтау. Меншік – әлеуметтік-экономикалық жүйенің негізі. Меншіктің формалары.
4-тақырып. Қоғамдық шаруашылықтың формалары. Тауар және ақша.

Негізгі мақсаты – тауарлы шаруашылық мысалында «қоғамдық шаруашылық формасы» түсінігінің мәнін анықтау. Табиғи және тауарлы шаруашылықты салыстыру. Құнның еңбектiк теориясы және шектi пайдалылық теориясының салыстырмалы талдауы. Ақшаның мәні және функциялары.
5-тақырып. Нарық. Нарықтың құрылымы және инфрақұрылымы.

Негізгі мақсаты – шаруашылық координацияның формасы ретіндегі нарық мәнін ашу. Нарықтың негізі және классификациясы. «Нарықтың құлауы». Нарықтық инфрақұрылымның дамуындағы мемелкет.
6-тақырып. Нарықтық механизм және оның элементтері.

Негізгі мақсаты – нарықтық механизмнің жұмыс істеуінің мәнін ашу. Сұраныс заңы. Ұсыныс заңы. Сұраныс пен ұсыныстың икемділігі түсінігі. Жетілмеген бәсекелестік жағдайларындағы баға белгілеу.
7-тақырып. Фирма – нарықтық экономикадағы организация ретінде.

Негізгі мақсаты – бәсекелік экономика жағдайындағы фирманың негізгі құрылымдық буын ретіндегі ерекшелігін анықтау. Кәсіпкерлік өндірістің факторы ретінде. Жеке кәсіпкерлік апиталдың капиталдың айналымы. Негізгі және айналым капиталының қолданылуының тиімділік көрсеткіштері.
8-тақырып. Шығындар және фирманың кірістері.

Негізгі мақсаты – фирманың кірістері мен шығыстарының мәнін ашу. Шығындардың әр түрлі концепциялары. Заманауи жағдайлардағы шығындарды төмендетудің әдістері.
9-тақырып. Өндіріс факторларының нарығы.

Негізгі мақсаты – өндіріс факторларының нарығында бағаның пайда болуының механизмін анықтау. Өндіріс факторларының нарығының ерекшелігі. Сұраныс және ұсыныстың ерекшеліктері. Кемуші шекті өнімділік заңы. Өндірістің масштабының эффектісі.
10-тақырып. Факторлы кірістердің пайда болуы.

Негізгі мақсаты – факторлы кірістердің пайда болу механизмдерін анықтау. Еңбек нарығы. Жұмыс ақысының негізі және формалары. Капитал нарығы. Пайыз факторлы кіріс ретінде. Жер өндіріс факторы ретінде. Рента және ренталық қатынастар. Жер бағасы.
11-тақырып. Ұлттық экономика жүйе ретінде. Қоғамдық ұдайы өндіріс.

Негізгі мақсаты – ұлттық экономиканың жұмыс жасауының біртұтастығы ретіндегі жағдайларын, сонымен қатар макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктерінің жағдайларын анықтау. Кеңейтілген қоғамдық ұдайы өндіріс. Қоғамдық ұдайы өндірістің мәні мен құрылымы.
12-тақырып. Негізгі макроэкономикалық көрcеткіштер.

Негізгі мақсаты – ұлттық шаруашылықтың жұмыс жасауын реттеу мен бағалаудағы макрокөрсеткіштердің рөлін анықтау. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер. Номиналды және нақты шамалар. Есептеу әдістері. Ұлттық шоттар жүйесінің рөлі мен функциялары.
13-тақырып. Экономикалық дамудың циклділігі.

Негізгі мақсаты – жұмыс жасаудың әр түрлі фазаларындағы нарықтық экономиканың циклдік сипатын ашу. Экономикалық циклдің жалпы сипаттамасы. Мемлекетті антикциклдік және антидағдарыстық реттеу.
14-тақырып. Экономикалық өсу.

Негізгі мақсаты – қазіргі заманғы экономикалық өсудің типтерінің, факторларының мәнін ашу. Экономикалық өсудің факторларының классификациясы. Экономикалық өсудің неоклассикалық және неокейнсиандық модельдері.
15-тақырып. Жұмыссыздық және жұмысбастылық проблемалары.

Негізгі мақсаты – нарықтық экономикадағы жұмыссыздықтың себептерін анықтау. Жұмыссыздықтың типтері және түрлері. Жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық салдары. Оукен заңы. Толық жұмысбастылық және жұмыссыздықтың табиғи деңгейі. Жұмысбастылық саласындағы мемлекеттік саясат.
16-тақырып. Инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі

ретінде.

Негізгі мақсаты – макротұрақсыздықтың нәтижесі ретіндегі инфляцияның мәнін ашу. Инфляцияның мәні, себептері, механизмі. Антиинфляциялық саясат.
17-тақырып. Қаржы жүйесі.

Негізгі мақсаты – нарықтық экономиканың эффективті жұмыс жасауының шарты ретіндегі қаржы жүйесінің мәнін ашу. Экономикадағы қаржыңың функциялары. Мемлекеттік бюджет. Құрылу жолдары және қолданылуы.
18- тақырып. Мемлекеттің қазыналық саясаты.

Негізгі мақсаты – мемлекеттік қазыналық саясаттың ерекшеліктерін ашу. Салықтардың мәні және түрлері. Салық жүйесі. Салықтық реттеу. Бюджеттік тапшылық және мемлекеттік қарыз.
19-тақырып. Ақша-несие саясаты.

Негізгі мақсаты – нарықтық экономикагың эффективті жұмыс жасауының шарты ретіндегі ақша-несие жүйесінің ерекшеліктерін ашу. М1, М2, М3 ақшалық агрегаттары. Квази-ақша, олардың ақша жүйесіндегі рөлі. Несиенің мәні мен формалары. Несиелік және банктік жүйелердің құрылымы. Бағалы қағаздар нарығының мәні мен функциялары.
20-тақырып. Әлеуметтік саясат.

Негізгі мақсаты – мемлекеттің әлеуметтік саясатының мәні мен бағыттарын ашу. Кірістер саясаты. Кірістерді бөлу және қайта бөлу. Күн-көріс минимум. Әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамту.
21-тақырып. Әлемдік шаруашылық.

Негізгі мақсаты – қазіргі заманғы әлемдік шаруашылықтың құрылу кезеңдері мен мәнін анықтау. Еңбектің халықаралық бөлінуі. Сыртқы экономикалық қатынастардың формалары.

«Мемлекет және құқық теориясы» пәні

1-тақырып. Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдісі

Мемлекет және құқықтың теориясының әдіснамалық негіздері. Мемлекет және құқықтың жалпы теориясының нысаны – мемлекет және құқықтың пайда болуының, дамуының және жұмыс жасауының негізгі заңдылықтары. Мемлекет және құқықты оқып үйренудегі жалпы гуманистік, әлеуметтік және философиялық көзқарастар.

Мемлекет және құқықты танып білу үдерісінің логикасы. Ғылыми ойлау амалдары. Анализ, синтез, индукция, дедукция, гипотеза.

Мемлекет және құқық теориясының заң ғылымдарының жүйесіндегі орны, рөлі мен атқаратын қызметі. Мемлекет және құқық теориясы курсының жүйесі.


2-тақырып. Мемлекеттің пайда болуы

Алғашқы қоғам. Алғашқы қоғамның иемденуші экономикасына сипаттама. Рулық құрылыс. Рулық құрылыстағы басқару органдары мен тәртіп нормалары. Рулық құрылыстағы қоғамдық билік. Рулық құрылыстың экономикалық негізі. Мемлекеттің пайда болуы. Мемлекет алғашқы таптық қоғамның саяси, құрылымдық, аймақтық ұйымы ретінде.

Мемлекет өндіруші зкономиканы қамтамасыз ететін әлеуметтік институт ретінде. Мемлекеттің пайда болуы туралы негізгі теориялар: материалистік теория, табиғи-құқықтық теория, органикалық теория, зорлық теориясы, психологиялық теория, теологиялық, технократтық, патриахалдық, шарттық және басқа да теориялар.
3-тақырып. Мемлекет туралы түсінік және оның белгілері. Мемлекеттің мәні және қызметтері (функциялары)

Мемлекет анықтамасының әртүрлілігі. Мемлекеттің мәні. Мемлекеттің мәніндегі жалпы әлеуметтік және тапттық сипаттар. Мемлекеттің даму кезеңдері. Әртүрлі халықтардағы мемлекеттілік дамуының әртектілігі. Мемлекет белгілерінің қалыптасуы.

Мемлекет функцияларының түсінігі мен мазмұны. Мемлекеттің әлеуметтік тағайыны, мемлекеттің міндеттері мен функциялары. Мемлекет функцияларының түсінігі және оларды жіктеу. Мемлекет функцияларын жіктеудің әртүрлі амалдары мен негіздері. Қазіргі кезеңдегі мемлекет функцияларының эволюциясы. Мемлекеттің функциясы және мемлекеттік органның функциясы.
4-тақырып. Мемлекет механизмі (тетігі)

Мемлекет механизмінің түсінігі. Мемлекет механизмі және мемлекеттік аппарат. Мемлекеттік аппараттың құрылымы мен жұмыс жасауының негізгі қағидалары: билікті бөлу, интернационализм, демократизм, кәсібилік, мемлекеттің егемендік билікті ңхалыққа қатыстылығы, адам құқығын қорғау, заңдылық және т.б. мемлекеттік аппараттың билікті басып алуына жол бермеуі. Мемлекеттік орган және оның белгілері. Мемлекеттік органның міндеттері, функциялары және құзыреті. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының жүйесі.


5-тақырып. Мемлекеттің нысаны (формасы). Мемлекет және құқық типологиясы

Мемлекет мәнінің, әлеуметтік мұратының және нысанының арақатынасы. Мемлекет нысанының түсінігі. Басқару нысаны, ұлттық-мемлекеттік және әкімшілік-аумақтық құрылым нысаны, мемлекеттің саяси режимі. Басқару нысаны. Монархия. Республика. Мемлекеттің құрылым нысаны. Унитарлық мемлекет. Федерация. Ұлттық-мемлекеттік құрылым. Конфедерациялар. Мемлекеттік-саяси режим.

Мемлекеттің типологиясына негізгі көзқарастар. Ежелгі ғасырлардағы, орта ғасырлардағы, жаңа және жаңаша уақыттағы мемлекет.

Мемлекет типологиясындағы өркениетті көзқарас. Өркениеттің типологиясы және мемлекеттендірудің негіздері.

Құқық типтерінің түсінігі. Құқық типтерінің әлеуметтік экономикалық құрылымымен арақатынасы.
6-тақырып. Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам

Құқықтық мемлекет және оның негізгі сипаты. Құқықтық мемлекеттің мақсаттары, міндеттері және атқаратын қызметі. Құқықтық мемлекетттің әлеуметтік мәні. Құқықтық мемлекеттің саяси негіздері. Құқықтық мемлекеттің экономикасы. Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері.

Биліктің бөлінуі, олардың теңдігі, тепе-теңдiк және тежемелiк механизімін қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасында демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекетті қалыптастырудың теориясы және тәжірибесі.
7-тақырып. Құқықтың түсінігі, мәні және функциялары

Құқықтың пайда болуы. Рулық қауымның мононормалары және олардың құқыққа айналуы. Құқықтың қалыптасуының себептері мен негізгі амалдары. Құқықтың пайда болуының негізгі теориялары: табиғи-құқықтық, теологиялық, нормативистік, марксистік, психологиялық және социологиялық. Қазіргі кездегі құқықтық танымның жалпы сипаттамасы. Объективтік құқық және субъективтік құқық. Құқықтың анықтамасы. Құқық функциясының түсінігі.


8-тақырып. Құқықтың қайнар-көздері

Құқықтың қайнар-көздерінің түсінігі. Құқықтың қайнар-көздері мен құқықтың нысаны.

Нормативтік-құқықтық актілердің түсінігі және жалпы сипаттамасы. Нормативтік-құқықтық актілердің қолдану актілері мен құқықты талқылау актілерінен айырмашылығы. Заңның түсінігі. Заңдардың түрлері. Конституция және оның белгілері. ҚР Президентінің жарлықтары. Президенттің заң күші бар жарлықтары.

Нормативтік-құқықтық актілердің уақыты бойынша, кеңістікте және субъектілер бойынша әрекет етуі. Заңның кері күші. Нормативтік-құқықтық актілердің арасындағы қарама-қайшылықтар және олардың шешілуі.


9-тақырып. Құқық нормалары. Құқық жүйесі

Құқық нормаларының түсінігі. Құқық нормасы – мінез-құлықтың үлгісі, ережесі, өлшемі, көлемі. Құқық нормаларының белгілері: формальді анықтылығы, жалпыға бірдей міндеттілігі, жүйелілігі, әрекет етуінің қат-қабаттылығы, адресаттың кейіптеушіліксізі, мемлекетпен қамтамасыз етілуі, ұсыныстық-міндеттеуші сипаты. Құқықтық нормалардың мемлекетпен байланысы. Құқықтық нормаларды жүзеге асыруды қамтамасыз етуде мемлекеттік мәжбүрлеу мүмкіншілігі.

Құқықтық норманың логикалық құрылымы. Құқық нормасы мен нормативтік-құқықтық актінің бабының арақатынасы. Құқық нормасының түрлері. Құқықтық нормалардың топтастырылуының критериилері: белгілеу тәсілі, заңдық күш, әрекет ету аясы, реттеу пәні, әрекет ету мерзімі.

Құқық жүйесінің түсінігі. Құқық жүйесінің құрылымдық элементтері. Құқық жүйесін құру қағидалары. Құқық жүйесі мен заңдар жүйесі түсініктерінің арақатынасы.


10-тақырып. Құқықтық қатынастар. Құқықты жүзеге асыру

Құқықтық қатынастар – құқық нормасымен реттелген қоғамдық қатынастар. Құқықтық қаныстардың түсінігі, олардың белгілері. Құқықтық қатынастардың құрылымы. Құқықтық қатынастардың субъектілері, құқықтық қатынастардың объектілері, құқықтық қатынастардың мазмұны.

Заңды фактілер құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеру және тоқтатылу негіздері. Заңды фактілердің топтастырылуы.

Құқықты жүзеге асырудың түсінігі, оның нысандары мен әдістері. Құқықты жүзеге асырудың тікелей (жай) нысандары. Құқықты сақтау, орындау және пайдалану. Құқықты қолдану – құқықты жүзеге асырудың күрделі нысаны. Құқықты қолдану субъектілері. Құқықты қолдану актілері. Құқықты қолдану актісінің түсінігі және түрлері.


11-тақырып. Құқық шығармашылық. Заңдарды жүйелеу.

Құқық шығармашылықтың жалпы сипаттамасы. Құқықтың және құқық шығармашылықтың қалыптасуы. Әр түрлі құқықтық жүйелердегі құқық шығармашылық. Құқық шығармашылық үрдіс. Мемлекеттің құқық шығармашылық қызметінің қағидалары. Заң шығару үрдісінің түсінігі және сатылары.

Заң техникасы және оның құқық шығармашылық қызмет үшін маңызы.

Нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеудің түсінігі. Жүйелеудің түрлері. Кодификацияның түрлері: заңдар, кодекстер, заңның негізі, заңдардың жиынтығы. Инкорпорация және оның түрлері. Заңдарды жүйелеудің қазіргі тәсілдері.



12-тақырып. Құқықты талқылау. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет. Құқықтық нигилизм

Нормативтік-құқықтық актілерді талқылаудың түсінігі. Құқықтық нормалардың мазмұнын түсіну және түсіндіру. Талқылаудың түрлері.

Құқықты талқылаудың субъектілері. Құқықты түсіндірудің тәсілдері.

Көлемі бойынша құқықты түсіндіру. Құқықтағы ұқсастық институты. Заң ұқсастығы және құқық ұқсастығы. Ұқсастықты қолданудың шарты мен негізі.

Құқықтық сана – қоғамдық сананың нысаны. Құқықтық сананың құрылымы: құқықтық идеология және құқықтық психология.

Азаматтардың құқықтық санасының деформациясы. Тұлғаның құқықтық санасындағы құқықтық инфантилизм, нигилизм.


13-тақырып. Құқық және мінез-құлық. Құқыққа сай мінез-құлық

Мінез-құлық. Құқыққа сай мінез-құлық. Тұлғаның мінез-құлқының мотивациясы және құқықтық фактор. Еркіндік, сана және олардың тұлғаның құқықтық өмірінде көріну нысандары. Құқықтық мінез-құлықтың түсінігі мен белгілері. Құқыққа сай мінез-құлықтың құрамы: объективтік және субъективтік тұстары. Құқыққа сай мінез-құлықтың ниеті. Құқыққа сай мінез-құлықтың түрлері. Құқыққа сай мінез-құлықтың психологиясы. Құқыққа сай мінез-құлықтың ниетін қалыптастыру факторы ретінде құқықтық құрылғы мен құқықтық мәдениет.


14-тақырып. Құқық бұзушылық және заңды жауаптылық. Заңдылық және құқықтық тәртіп

Құқық бұзушылықтың түсінігі. Құқық бұзушылықтың заңды құрамы. Құқық бұзушылықтың негізгі белгілері. Құқық бұзушылықтың түрлері. Заңды жауаптылық: түсінігі мен негізгі белгілері. Құқық бұзушылық – заңды жауаптылық үшін негіз. Заңды жауаптылықтың түрлері.

Заңдылықтың түсінігі. Заңдылықты қамтамасыз етудегі Конституцияның орны мен рөлі. Конституциялық заңдылық – заңдылық пен құқықтық тәртіптің негізі.

Құқықтық тәртіптің түсінігі. Құқықтық тәртіп пен қоғамдық тәртіп. Заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің кепілдіктері мен әдістері.


15-тақырып. Осы заманның негізгі құқықтық жүйелері

Қоғамның құқықтық жүйесі. Қоғамның құқықтық жүйесінің элементтері және олардың сипаттамалары: заң ғылымы, құқықтық түсініктер, заң техникасы. Заң тәжірибесі. Осы заманның құқықтық жүйелерін топтастыру. Романо-германдық құқықтық жүйе, англо-саксондық құқықтық жүйе, дәстүрлі діни құқықтық жүйелер.



«Экономикалық пәндерді оқытудың әдістемесі» пәні
1-тақырып. Пәндерді оқытудың әдістемесі пәні.

Әдістеме педагогиканың құраушысы ретінде. Дидактика және оның негізгі принциптері. Мектептік педагогиканың ерекшеліктері.


2-тақырып. Оқытудың әдістемесінің ғылыми негіздері.

Әдістеме мен әдістің бірыңғайлығы. Оқу процесі студенттерді оқытудың және тәрбиелеудің бірлігі ретінде. Жоғары мектептің оқытушысына қойылатын талаптар.


3-тақырып. Дәрістерді дайындау әдістемесі.

Оқу процесіндегі дәрістердің рөлі. Дәрістердің классификациясы. Дәріске дайындық: жоспар құру, материал жинау, негізгі және қосымша сұрақтар. Материалды жеткізудің тиімділігі.


4-тақырып. Дәрістерді оқудың әдістемелік ережелері.

Дәрісті оқудың негізгі талаптары. Оқу материалын ауызша жеткізудің негізгі ережелері. Студенттердің дәріс кезінде танымдық ұйымдастыру және басқару.


5-тақырып. Тәжірибелік (семинарлық) сабақтарды дайындау және жүргізу.

Семинар сабағы, мақсаттары және функциялары. Семинар түрлері және оларды жүргізудің әдістері. Семинар кезінде студенттердің жұмыстарын бағалау критерийлері.


6-тақырып. Білім сферасындағы ақпараттық технологиялар.

Заманауи оқу процесіндегі негізгі бағыт ретіндегі оқу процесін ақпараттандыру. Ғаламтордағы сайттармен жұмыс істеуді үйрету. ТСО-ны және интерактивті тақталарды қолдану.


7-тақырып. Іскерлік ойындар.

Оқу процесіндегі іскерлік ойындардың рөлі. Оқу процесіндегі педагог пен студенттің рөлі. Пікірталастар.


8-тақырып. Оқытудың классикалық әдістері және формалары.

Оқытудың субъективті және объективті құраушылары. Оқыту формаларының эволюциясы. Ұйымдық оқытудың заманауи формаларының классмфмкациясының критерийлері.


9-тақырып. ЖОО-да белсенді оқытудың әдіснамасы.

«Педагогикалық технологиялар» түсінігі. Оқытудың белсенді әдістері мен формаларын қолданудың концептуалды негіздері. Белсендіоқытудың принциптері.


10-тақырып. Оқытудың инновациялық әдістері мен формалары.

Оқытудың инновациялық әдістерінің рөлі. Оқытудың инновациялық формалары. Кейс-стадиялар түсінігі.


11-тақырып. Дәріс және оны ұйымдастырудың әдістемелік

Дәрістің жоспарын құру, материал жинау, негізгі және қосымша сұрақтарды белгілеу. Сабақтың жоспарын құру.


12-тақырып. Тренинг сабақтардың сценарийлерін дайындау.

Тренингтің мақсатын анықтау. ТСО қажетті құралдарды таңдау. Тапсырмалар мен жаттығуларды дайындау.


13-тақырып. Студенттердің оқу қызметінің өздігінен ұйымдасуының мәні мен принциптері.

Оқу қызметінің оөдігінен ұйымдасуы және оның принциптері. Студенттердің өздігінен ұйымдасуының әдістері мен формалары. Студенттердің өздігінен ұйымдасуының кезеңденуі.


14-тақырып. Бейнеконференцияларды ұйымдастыру.

Мақсатты және мақсатты аудиторияны анықтау. Коммуникация құралдарын таңдау.


15-тақырып. Сыныптан тыс шараларды дайындау әдістемесі.

Сыныптан тыс шараның мақсатын анықтау. Сыныптан тыс жұмыстардың әдістері мен формалары. Тәрбие құралын таңдау.





  1. Ұсынылғын әдебиеттер тізімі

«Экономикалық теория» пәні

Негізгі:

1. Пиндайк Р., Рубинфельд Д. Микроэкономика. М.: Дело, 2001.



2. Долан Э., Линдсей Д. Рынок. Микроэкономическая модель. С.-П.: Печатный двор, 1992
Қосымша:

  1. Микроэкономика. Практикум. Задачи, тесты, ситуации. С.-П.: Литера плюс, 1994.

  2. Симкина Л., Корнейчук Б. Микроэкономика. С.-П.: Питер, 2002

  3. Нуреев Р.М. Курс микроэкономики. М.: НОРМА, 2001.

  4. Вэриан Х. Микроэкономика. Промежуточный уровень. Современный подход. М.: ЮНИТИ, 1997.

  5. Емцов Р. и др. Микроэкономика. М.: МГУ, 1997.

  6. Гальперин В.М., Игнатьев С.М., Моргунов В.И. Микроэкономика. Т. 1,2, С.-П.: Экономическая школа, 2002.

  7. Цены и ценообразование. Микроэкономика (теория цены). Цены и рыночная конъюнктура. Москва-Харьков-Минск, 1999.

  8. Мухамедиев Б.М. Микроэкономика. Алматы.: Казак университетi, 2001.

  9. Макконелл К., Брю С. Экономикс. М.: Инфра-М, 2002.

  10. Хейне П. Экономический образ мышления. М.: Новости, 1992.

  11. Самуэльсон П. Экономика. Т. 1,2, М.: Финансы и Статистика, 1992.

  12. Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р. Экономика. М.: Дело, 2001.

  13. Мэнкью Г. Макроэкономика.- М.: Изд-во МГУ, 1994.

  14. Агапова Т.А., Серегина С.Ф. Макроэкономика.- М.: ДИС, 1997.

  15. Микро-макроэкономика. Практикум.- СПб.: ЗАО “Литера Плюс”, 1998.

  16. Сакс Д. Макроэкономика: глобальный подход. - М.: МГУ, 1998.

  17. Дорнбуш Р., Фишер С. Макроэкономика. – М.: МГУ, 1997.

  18. Долан Э. Дж. Макроэкономика. - С.-П, 1994.

  19. Лэйард Р. Макроэкономика. Курс лекций для российских читателей. - М.: Джон энд Санз, 1994.

  20. Микро-макроэкономика. Практикум. Задачи, тесты, ситуации. С.-П., 1994.

  21. Борисов Е. Ф., Волков Ф,М. Основы экономической теории. – М.: Высшая школа., 1993.

  22. Под ред. Камаева В. Д. Экономика и бизнес. – М.:МГТУ им. Баумана, 1993

  23. Рыночная экономика / Под ред.Смирнова А.Д., Максимова В.Ф. и др. –М.: Соминтэк., 1992г.

  24. Рыночная экономика: Учебник. Макроэкономика. - М.: НТО “АЛГОН” ВНИИСИ, 1992.

  25. Самуэльсон П. Экономика. - т. 1,2. М.: НТО “АЛГОН” ВНИИСИ, 1992.

  26. Хейне П. Экономический образ мышления. пер. с англ. – М.:Новости, 1992.

  27. Эклунд К. Эффективная экономика. Шведская модель. – М., 1991.

  28. Кенжегузин М.Б. Экономика Казахстана на пути преобразований. –Алматы, 2001.

  29. Австрийская школа в политической экономии. К. Менгер, о. Бем-Баверк, Ф. Визер. –М., 1992.

  30. Хикс Дж. Стоимость и капитал. –М., 1993.

  31. Лившиц А.Я. Введение в рыночную экономику. –М., 1992.

  32. Маршалл А. Принципы экономической науки. Пер. с англ. –М.: рогресс, 1993.

  33. Кейнс Дж. Общая теория занятости, процента и денег. –М., Экономика, 1993, 2000.

  34. Базелер У. и др. Основы экономической теории. –СПб, 2000.

  35. Баймуратов У. Национальная экономическая система. –Алматы, 2000.

  36. Куватов Р. АПК: новые требования, новые подходы. –Алматы, 1989.

  37. Кошанов А. Формирование государственного предпринимательства в РК в условиях смешанной экономики. –Алматы, 2000.

  38. Послание Президента страны Н.А.Назарбаева народу Казахстана «Стратегический план 2020 - казахстанский путь к лидерству», март, 2010.

«Экономикалық пәндерді оқытудың әдістемесі» пәні


  1. Исаева З.А., Мынбаева А.К., Садвакасова З.М. Активные методы и формы обучения в высшей школе//Алматы, 2005.

  2. Сарбасова Т.С., Сарбасова А.К. Экономическое образование и интерактивные методы обучения.//Изд-во «Қазақ университеті», 2005, гл.2.

  3. Сарбасова Т.С. Социально-экономические проблемы сферы образования. //УМЛ, 2006.

  4. Сарбасова Т.С. Методика преподавания экономических дисциплин.// УМЛ.2006.

  5. Гайко О. Концепция образования: идеологический аспект.// Саясат- Policy, 2006, №3

  6. Нуртазина Р.А. Проблемы модернизации сферы образования.// Саясат - Policy, №1.

  7. Надыров М. Роль информации в современном обществе.// Саясат – Policy, 2006, №1.

  8. Касен А. Теории социального применения информационных технологий. // Саясат – Policy, 2006, №6



«Мемлекет және құқық теориясы» пәні
Нормативтік құқықтық актілер

1. 30 тамыз 1995 жылы қабылданған Қазақстан Респуликасының Конституциясы.

2. 4 наурыз 1998 жылы қабылданған Нормативтік құқықтық актілер туралы Қазақстан Респуликасының Заңы.

Негізгі:

1 Сапарғалиев Ғ.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық . – Астана, 2007. – 217 б.

2 Ағдарбеков Т. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық .- Алматы, 2003. – 131 б.

3 Жоламан Қ.Д. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық .- Алматы, 2005.- 205 б.

4 Өзбекұлы С. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық .- Алматы, 2006. – 156 б.

5 Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы.Оқулық .- Алматы, 2008. – 121 б.



Қосымша:

1 2010-2020 жылдарға арналған Қазақстанның құқықтық саясаты тұжырымдамасы.

2 Ағдарбеков Т.А. Мемлекет және құқық теориясының негізгі мәселелері.- Оқулық. - Алматы, 2008. – 189 б.

3 Кенжалиев З.Ж. Көшпелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтық мәдениет: (теориялық мәселелері, тарихи тағылымы). - Алматы: Жеті жарғы, 1997.- 191.

4 Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы, Атамұра. - 2003. – 277 б.

5 Сәбикенов С.Н. Салыстырмалы мемлекеттік құқық. Оқулық. – Алматы, Өркениет. – 2000. – 154 б.

6 Сартаев С.С., Нурпеисов Д.К. Тәуелсіз Қазақстан – егеменді мемлекет. – Алматы, 2004. – 385 б.

7 Сартаев С.С. Біз конституциялық кеңістікте өмір сүреміз. – Алматы, 2010. – 455 б.



«Экономика және құқық негіздерін оқытудың әдістемесі» пәні

Негізгі:

  1. Исаева З.А., Мынбаева А.К., Садвакасова З.М. Активные методы и формы обучения в высшей школе//Алматы, 2005.

  2. Сарбасова Т.С., Сарбасова А.К. Экономическое образование и интерактивные методы обучения.//Изд-во «Қазақ университеті», 2005, гл.2.

  3. Сарбасова Т.С. Социально-экономические проблемы сферы образования. //УМЛ, 2006.

Қосымша:

  1. Сарбасова Т.С. Методика преподавания экономических дисциплин.// УМЛ.2006.

  2. Гайко О. Концепция образования: идеологический аспект.// Саясат- Policy, 2006, №3

  3. Нуртазина Р.А. Проблемы модернизации сферы образования.// Саясат - Policy, №1.

  4. Надыров М. Роль информации в современном обществе.// Саясат – Policy, 2006, №1.

  5. Касен А. Теории социального применения информационных технологий. // Саясат – Policy, 2006, №6




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет