Ғылыми жетекші: Сұлтанов Ө. С. «Экономика және бизнес»



Дата18.04.2016
өлшемі76.8 Kb.
М. Қанатұлы, С.Н. Нұрланова

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің студенті, Семей қ.

Ғылыми жетекші: Сұлтанов Ө.С.

«Экономика және бизнес» кафедрасының доценті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ДАМУЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАРЫ
Ауыл шаруашылық инфрақұрылымды агроөнеркәсіп секторынан тыс қарастыруға мүмкін емес. Бұл сектор ескі өндірістік қарым-қатынастың ыдырап, жаңаның қалыптасуына байланысты дағдарыс кезеңін бастан кешірді. Алайда, соңғы жылдары тұрақтанып, қазіргі уақытта жаңа кезеңге аяқ басты. Яғни, бұл кезең әлемдік өндіріс және ауыл шаруашылық өнімдерін сату жүйесіндегі ашық экономикада саланың тиімді дамуын қамтамасыз етпек. Ауыл шаруашылықтың халық шаруашылығының маңызды саласы екені белгілі. Ол тұрғындарды азық-түлік және қайта өндірілетін өнеркәсіп – шикізатпен қамтамасыз етеді.

Елімізде өқндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекелестік қабілеттілігі болу үшін аграрлық саланың тұрақты дамуын қамтамасыз ету қажет. Ауылшаруашылығының тұрақты дамуы саланың өзіне тікелей экономикалық әсер етеді; агроөнеркәсіп кешеніне – жанама, ал АОК – мен байланысты салаларға мультипликативті әсер береді. Президент Н.Ә. назарбаев қазақстан халқына Жолдауныда аталмыш мәселеге ерекше көңіл бөлген болатын. «Ахуалды көтерудің негізгі факторларының бірі агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты және динамикалық дамуы».

Аграрлық реформаның алғашқы жылдарында ауыл шаруашылығында қосымша өнімнің біршама бөлігі дұрыс шаруашылығындағы қосымша өнімнің біршама бөлігі дұрыс ойластырылмаған баға, салық және несиелер жүйесі арқылы экономиканың басқа салалары қайта бөлініп кеткені белгілі. Сондықтан да ауыл шаруашылығы дағдарысқа ұшырады. Әрине, дағдарыстың басқа себептері болады. Мыслаы, ауыл шаруашылығына мемлекеттік демеу қаржыларынң қысқаруы, басқа салалар өнімдері арасындағы баға теңсіздігі, шаруашылықтар ұйымдастыру нысандарын анықтаудағы кемшіліктер т.б. айтуға болады.

Осыған байланысты және ауыл шаруашылығында соңғы жылдары оң өзгерістердің орын ала бастағанын ескере отырып, ауыл шаруашылығы өндірістің даму үрдістері мен проблемаларына талдау жүргізудің қажеттігі туындады.

Ауыл шаруашылығы өндірісін тұрақты дамыту экономиканың басқа салаларына қарағанда өте күрделі және сан қырлы болып табылады. Ол төмендегідей объективті жағдайларға байланысты:


  • ауыл шаруашылығы азық-түлік өнімдерінің негізгі көзі, сондықтан бұл саладағы келеңсіз жағдайлар халықтың өмір сүру деңгейіне әсер етеді. Сонымен бірге ауыл шаруашылық өнімдері ұзақ мақтауға болмайды.

  • Ауыл шаруашылығы өндірісі толығымен адамға тәуелсіз табиғи жағдайларда жүргізіледі, сондықтан ол тұрақсыздыққа бейім болады;

  • Материалдық өндіріс саласы ретіндегі ауыл шаруашылығының ерекшелігі, онда ұдайы өндірістің экономикалық үрдісі биологиялық және тірі организмдермен тығыз байланыста болады.

Айта кететін жағдай, ауыл шаруашылығын және жалпы агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамыту проблемалары теория жүзінде толық зерттелмеген. Алайда, баспасөз беттерінде жарияланған ғылыми еңбектерге сүйене отырып, ауыл шаруашылығы өндірісін тұрақты дамыту ұғымына келесідей анықтама беруге болады: ол сыртқы табиғи жағдайларда, қолжеткен егіншілік деңгейінде және сұранысқа сәйкес келетін, ауа-райының қалыпты жағдаында өндірілген өнімнің деңгейінен минималды ауытқитын, сапалы және шығынды төмен өндіруге мүмкіндік беретін экономикалық жүйені сипаттайды.

Аграрлық өндірісті тұрақты дамыту көп қырлы жұмыс және оның әртүрлі факторлары бар. Оның ішіндегі негізгілері – табиғи, материалдық-техникалық, ғылыми-аграрлық зерттеулерін дамыту деңгейлері және экономикалық факторлар.

Ауыл шаруашылығын тұрақты дамытудың факторлар жүйесі негізгі ең алдымен жер ресурстары құрайды. В. Петти айтқандай, жер бар байлықтың өлшемі. Олтек сапалық қасиеттерімен еркшеленіп қана қоймай, сонымен бірге оның материалдық негізі болып табылады. Жер табиғи ресурс және негізгі өндіріс құралы ретінде басқа да табиғи – биологиялық факторлармен өзара сәйкестікте пайдаланылады. Жерді басқа ресурстарға қарағанда қайта қалпына келтіру қиын, сондықтан оны тиімді пайдалану қажет.

Жоғары өнімділікке тек топырақтың құнарлығын көтеретін ғылыми негізделген шаралар кешенін орындау арқылы және жерді тиімді пайдалану негізінде ғана қол жеткізуге болады. Демек, ауыл шаруашылығы өндірісін тұрақты дамытудың маңызды факторы топырақтың құнарлығын көтеру немесе қайта қалпына келтіру болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында топырақтың құнарлығын көтеру немесе сапалы бидайдың әлемдік өндірушісі ретінде еліміздің эжкономикасы мен ауылды тұрақты дамытудың басты факторларының бірі болып саналады. Сонымен бірге Елбасы топырақ құнарлығынкөтеру мен оны болашақ ұрпақ үшін сақтап қалуға шақырды. Жерді ауылдағы әлеуметтік реформалардың тұрақты экономикалық әлеуеті және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды факторы бретінде қарастыру қажет.

Алайда соңғы онжылдықта жер экстенсивті түрде пайдаланылады, интенсивті технология заман талаптарына жауап бермеді. Еліміздің көптеген жер алаптарында эрозиондық және дефляциялық үрдістердің болуы жер құнарлығының төмендеуі мен ондағы қарашіріктің азаюына әкелді. Соның нәтижесінде соңғы 40-50 жылда дәнді-дақылдар өсіретін топырақ құрамындағы қарашірік көлемі 20-30 пайызға қысқарған зерттеушілердің бағалары бойынша бір жылдағы топырақ құнарлығының төмендеуі қоғамға 200 млн. долларға дейін экономикалық зиян әкеледі.

Қазақстан Республикасының байтақ жерінде әр аймақ өз жер ресурстарының ерекшелігімен сипатталады. Осыған байланысты ауыл шаруашылық дақылдарын аудандастыруға негізделген егіншілік жүйесін енгізіп қана қоймай, сондай-ақ әр өсімдіктің өзіндік биоклиматтық ерекшелігін ескеріп, экономикалық микроаймаққа бейімделе алатын түрлерін дамыту қажет.

Жер ресурстарын тиімді пайдалану қалыптасқан жер қатынастарына байланысты. Жер қатаныстары – жерді иемдену, пайдалану және билік ету жағдайында жер құқығы субъектілері арасындағы қатынастар жиынтығы. Ол көптеген мәселелерді қамтиды: меншік және шаруашылық нысандары, ер рыногы, жер бағасы, жер ресурстарын басқару және т.б.

Жер рыноктық механизмге жалға беру мен алу негізінде енгізілген. Жалға алу негізіндегі жерді пайдалану құқығы жерде өздігінен еркін шаруашылық жүргізуді қамтамасыз етеді. Жерге жалдық қатынастар Қытай Республикасында кең таралған, ол барлық өңделетін жерлердің 96 пайызын құрайды. Ауыл шаруашылық жерлерінің ұжымдық меншікте болғанынан қарамастан жер реформасы жоғары экономикалық нәтиже беріп отыр.

Демек, аграрлық экономиканың дамуына жерге жеке меншік негіз бола алмайды. Ол үшін ең алдымен ауылдың жоғары деңгейдегі материалдық-техникалық базасын құру қажет. Сондай-ақ азық-түлікпен өндіріс құрал-жабдықтарының рыногын дамытып, тауар өндірушілерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуі керек. Сонда ғана елімізде лайықты жер рыногын қалыптастыруға болады.

Ауыл шаруашылығы өндірісін тұрақты дамыту факторларының бірі саланы техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету.

Жаңа аграрлық қатынастардың дамуы оған сай келетін материалдық-техникалық негізді қажет етеді. Оны қалыптастыру үшін ауыл шаруашылығына шетелдік инвестицияны тарту мен «ноу-хау» негізінде прогрессивті технологияны енгізу арқылы құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыру керек.

Қазақстан Республикасының «2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік азық-түлік бағдарламасын» жүзеге асыру барысында республика бойынша лизинг негізінде 2005 жылы 5,95 млрд.теңге ауыл шаруашылық техзникасы алынған. Ауыл шаруашылығына жоғары өнімді, қымбат техниканы алу нәтижесінде соңғы екі жылда ауыл шаруашылығының энергия қамтамасыз етілуі 24 а.к. өсіп, 100 га шаққанда 165 а.к. құраған. 2003-2005 жылдар аралығында сатып алынған тракторлар саны 4 пайызғ, комбайндар саны 3,7 пайызға көбейген. Дегенмен, ауыл шаруашлығындағы техникалық жарақтандыру проблемасы толықтай шешілді деп айтуға болмайды.

Егер қазіргі кезде ауыл шаруашылық машиналарының 80 пайызы тозу мерзімінен өтеді деп есептесек, онда ауыл шаруашылығын қайта жарақтандырудың қагшалықты маңызды екенін түсінуге болады. Сондықтан республикамыздағы ауыл шаруашылығы саласын дамытудың кең мүмкіндігін ескере отырып, ауыл шаруашылығын жарақтандырудың арнайы бағдарламасын қабылдау қажет.

2003-2005 жылдар аралығындағы халықтың нақты табысын талдау ауыл тұрғындарының табыс деңгейінің біршама өскенін көрсетеді. Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің мәлімттері бойынша, 2004 жылы республикадағы өмір сүру минимумынан табыстары төмен халықтың саны 16 пайызды құрады, оның ішінде 24 пайызы ауылдық жерлерде. Бұл көрсеткіш, сәйкесінше 2002 жылы 24,8 пайызды, ауылдық жерлерде 34,7 пайызды құраған болатын. Ауыл еңбеккерлерінің жалғыз табыс көзі жалақы деңгейін көтермей ауыл шаруашылығы экономикасын дамыту мүмкін емес. Сондықтан ең алдымен ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін көтеру үшін жалақы деңгейіне көңіл бөлу қажет.

Аграрлық сала техникалық, агрономиялық, зоотехникалық, ветеринарлық білікті мамандарсыз тұрақты және тиімді дамуы мүмкін емес. Статистика мәліметтері бойынша қазіргі аграрлық салада өте таптшы мамандықтар бойынша шамамен 700-ге жуық мамандар даярлау қажет, оған 800 млн.теңге қаржы бөлінуі тиіс. Осыған орай мемлекеттің азық-түлік бағдарламасында арнайы міндеттер қабылданған болатын. Ол міндеттерді жүзеге асыру барысында көптеген шаралар орындалады. Олардың ішіндегі ең маңыздысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі №300 жарлығы бойынша С. Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университеті Ауыл шаруашылығы министрлігі қарамғынакөшті. Жоғары оқу орындарының білім және ғылым үрдістерін жетілдіру мақсатында келесі шаралар орындалады: университет кафедралары, Ауыл шаруашылығы министрлігі департаментттері мен комитеттеріне бекітіледі; ауыл шаруашылығы министрлігінің ғылыми ұйымдарының студенттер мен сабақ өткізуге ғалымдар шақырылады; университетті жетілдірілген ғылыми құралдар және техникамен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бюджеттен 50,0 млн.теңге қаржы бөлінді.

Ауыл шаруашылығын нарық жағдайында тиімді қызмет ете алатын жоғары білікті мамандар мен қамтамасыз ету үшін конкурстық негізде агроөнеркәсіптік кешені мамандарынан құрылған агралық білім орталықтарын ашу қажет. Ондай орталықтар коммерциялық негізде жұмыс істеп, сала еңбеккерлеріне қолайлы мерзімде сапалы білім беру арқылы жоғары білікті мамандары дайындауға бейімделуі тиіс.

Өркениетті рыноктық шаруашылықтың дамуы жағдайында ауыл шаруашылығының тұрақты дамуының кепілі және ынталандырушысы ретіндегі мемлекеттің реттеуші ролі арта түседі.

Нарықтық қатынастар экономикалық өмірдің барлық салаларында тиімді болуы мүмкін, бірақ рынок заңдары әсер етпейтін сала да кездеседі. Мысалы, нарық ғылым мен ғылыми техникалық прогреске қаржы салымын қамтамасыз ете алмайды, яғни мемлекеттің қолдауынсыз ол мұндай шығындардың оңтайлы және әлеуметтік деңгейде болуына кепілдік бере алмайды.



Бұл жағдай әлеуметтік салағ ғылым және экологиялық салаға қатысты мәселелерді мемлекет деңгейінде шешуді қажет етеді. Демек, мемлекеттік реттеуді әлеуметтік шектеулер мен тұрақты дамуды ынталандыратын қосымша тетік ретінде қарастыратын рыноктық шаруашылыққа негізделген әлеуметтік – экономикалық жүйе ғана тұрақты дами алады. Сонымен қорытындыласақ, аграрлық саланың тұрақты даму себептері жерге жеке меншіктің болуы немесе болмауы емес, ауыл шаруашылғы өндірісінің тиімділігін арттыруға бағытталған шаралар жиынтығын қамтамасыз ету. Ол үшін ең алдымен ауыл еңбеккерлеріне шаруашылық жүргізудің рыноктық әдістерін меңгеруге және ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін қолдануға жағдай жасау. Демек, ауыл шарауашылығы өндірістің, жалпы аграрлық сектордың тұрақты дамуы өзара байланысты факторлар жүйесі болғанда ғана мүмкін болады: жер ресурстарын тиімді пайдалану, өркениетті аграрлы қатынастар, алдыңғы қатарлы материалдық-техникалық негіз, білікті мамандар, ауыл еңбеккерлерінің жақсартуға әлеуметтік-экономикалық жағдайы және мемлекеттік қолдау.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет