Ғылыми жетекші: Темиргалиева А. С. «Менеджмент және маркетинг»



Дата25.04.2016
өлшемі65.87 Kb.
М. Қанатұлы, С.Н. Нұрланова

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің студенті, Семей қ.

Ғылыми жетекші: Темиргалиева А.С.

«Менеджмент және маркетинг» кафедрасының аға оқытушысы.
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДА ӨНЕРКӘСІПТІҢ ДАМУЫН БАСҚАРУ
Мемлекеттің экономикалық құрылымының дамуы нарықтың заңдарына сәйкес өтеді. Семей қаласының өнеркәсібінің құрылуы экономикалық база негізінде қалыптасты. Совет Одағы кезеңінде – қаланың өнеркәсіп құрылымы қалыптасып, ол КСРО жеңіл және тағам өнеркәсібінің орталығы болып танылған. Мұнда Совет Одағындағы көлемі бойынша үшінші ет комбинаты орналасқан, ал «Большевичка» фирмасының көйлектері Совет мемлекетінің азаматтарына ғана мәлім емес. Бірақта әскери-өнеркәсіп кешеніне бағытталған нарықтық жағдайға көшу кезінде өнеркәсіп қабілетсіз болып қалды. Семей нарықтық экономиканың қатал болмысын бірінші болып сынады. Қаланың өнеркәсібі біржақты салалық даму бағыты кәсіпорындардың өнімдерін қысқа мерзімде бәсекелестік қатарынан шығарып тастады. Көпшілік қолданатын импорттық валға объективті түрде қарсы тұру қиынға соқты.

Сол қиындықтарға қарамастан қала дамып және түрленіп келе жатыр. Бұрынғы совет индустриясының мақтанышы өзінің экономикасын қайта құрып жатыр. Бүгінде аймақтың экономикасы дағдарыстан өтіп, жағдай тұрақтанып және экономикалық өсу тенденциясы пайда болды.

Семей қаласы Қазақстанның оңтүстік және шығыс аймақтарын Ресеймен байланыстыратын ірі теміржол торабы болып табылады.

Қала территориясында 42,7 млрд тенге жалпы өндіріс көлемімен, облыстың өнеркәсіп өндірісінің 10,4 % құрайтын 257 өнеркәсіп кәсіпорындары қызмет етеді.

Қазір жеке меншік формасы бар қаланың өнеркәсібі көтерілуде. Импорт өнімдерінің орнын басатын өнімдерді шығаратын шағын және орта кәсіпорындар пайда болды. Мұнда біріккен өндіріс құрауға және инвестицияны тарту мүмкіндіктері мол.

Республикамызда Семейдің «Мирас» фирмасының көйлектері, Семей былғары-тері комбинатының тондары (Өскемен қаласының «Азия-авто» зауытының Қазақстан көліктеріне қаптама шығаратыны жоспарланып отыр), «Восток нан комбинаты» өнімдері, әсіресе торттары қаланың визиттік карточкасы ретінде, Семей арақ-шараптары көпшілікке мәлім. Экспортке Семей ұнын шығаруда. Семей жиһазы да жетістіктерін көрсетуде. Қалада қазіргі жұмсақ және корпустық жиһаз шығаратын бірнеше фирмалар бар.

«Казполиграф» ЖШС орау өнімдері Ресей, Азербайджан, Белорусь мемлекеттерінде жоғары жетістікпен экспортталады. Ресей нарығын «Роза» фирмасының аяқ киімі, әсіресе пима өнімдері жаулап алуда. «Юнис» фирмасының шұлықтары Қытай көрмесінде үлкен назар аудартты. Семейдің машина құрылыс зауытының шынжыр табан ауыр көлігі мен Бронетанктік зауыттың өнімдері Қазақстан және басқа да алыс шет елдерге мәлім. Нарық сегментінде «Гамма-Холдинг» аудио- және видеокассеталар шығаратын компаниясы елеулі орын алуда. Оның AVC маркілі өнімі сатушыларға мәлім. Семейде өзінің шыны зауыты жұмыс істеуде.

Семей қаласының «Қазақстан-Салют» республикамыздың мықты фирмасы болып табылады, Семей фейерверктері Қазақстанның көптеген қалаларымен қоса Астана қаласының аспанын жарқыратады. Қазіргі кезде фирма жоғары көтеріліп Астананың сауық көтеру бағы үшін тарихи аңдардың қозғаушы бейне өнімдерін шығаруда.



Статистикалық мәліметтерге сәйкес Семей қаласында 242 кәсіпорыны өнеркәсіптік өндіріспен, 1530 шағын және орта бизнеспен және 8 кәсіпорын қосалқы өнеркәсіппен айналысады. Негізінен көптеген мекемелер жеке меншік болып табылады, «Семей машина жасау зауыты» АҚ 90 % - мемлекетте, ал «Бронетанкілік ремонт заыты» РМК, коммуналдық кәсіпорындар жылу және сумен қамтамасыз ететін мекемелер мемлекеттік болып табылады.
Кесте 1 – 2004-2007 жж. аралығындағы өнеркәсіп өнімдерінің негізгі түрлерінің көлемі (млн тенге)


Өнеркәсіп

2004ж

2005ж

2006ж

2007ж

% ауытқуы

Кен өндіру өнеркәсібі

2883,7

2604,1

2484,1

3837,5

133

Өңдеп шығару өнеркәсібі

16280,6

21010,7

26462

34552,3

2 есе

Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу

3316,7

3247,5

3994,5

5583,1

168

Ет және ет өнімдері өндірісі

98,9

184,9

905,3

1096,2

11 есе

Сүт өнімдер өндірісі

83,7

97,0

141,9

137,8

164,5

Тоқыма бұйым өндірісі

241

219,8

380,9

517,6

2,14есе

Тері, былғары өнімдер өндірісі

959

928,5

957

986

102,8

Қағаз және картон өндірісі

1301,8

2114,5

2020,8

2156,4

165,6

Химиялық өнеркәсіп

533,7

553,8

549,8

458,7

85,9

Түсті металл өндірісі

3147,3

3445,1

4409,1

7964,5

2,5 есе

машина және жабдықтар өндірісі

347,1

435,2

295

247,6

71,3

Кестеде 2004-2007 жылдар аралығындағы (жұмыс, қызмет көрсету) өнімдер көлемінің мәліметтері берілген. Кестеде талдау кезінде өнеркәсіп салаларының (денежном выражении) едәуір өсу қарқыны жоғарылағаны көрсетіліп отыр, соның ішінде

- 33% кен өндіру өнеркәсібінің өнімінің өсуі,

- 11 есе ет және ет өнімдері өндірісі өсті,

- 200 % - өңдеп шығару өнеркәсібінің көлемі өсті.

Химиялық өндіріс көлемі 14,1%, машина және жабдықтар өндірісі 28,7% төмендеді.

Өнеркәсіп кәсіпорындарын үш негізгі салаларға бөлуге болады: кен өндіру, өңдеп шығару және электроэнергия, газ және суды өндіру және бөлу.

Кен өндіру өнеркәсібі "Каражыра" көмір «Қаражыра ЛТД» ЖШС кен орнымен көрсетуге болады. Көмір баланстық қорлары аймақтағы халықты көмірмен тұрақты қамтамасыз етеді.

Өңдеп шығару өнеркәсібі сала бойынша көрсетілген:

1. Қалада Машина жасау және металл өңдеумен «Семей машина құрылыс зауыты» АҚ, «Бронетанкілік ремонт зауыты» РМК, «Казахкабель» ЖШС, «Ибраев+К» ӨК, «УПП КОС» ЖШС, «Тәжірибелі-эксперименттік зауыты» «Семдортехника» ЖШС айналысады. Бұл кәсіпорындардың өнімдері: темір шынжырлы ауыр көлік, кабельдер мен сымдар, металл торлары, өзен кемелер құрылысы және жөндеу, тегістейтін шеңберлер, жол белгілері және басқа да металл жұмыстары. Сонымен қатар әскери техника және вагондарды жөндеу жүргізіледі.

2. Құрылыс индустриясындағы кәсіпорындар толық жергілікті шикізаттармен жұмыс істейді, бұл «Семей цемен зауыты» ЖШС, «Силикат» ЖШС, «Асбест-цемент бұйымдар Семей зауыты» ЖШС және «ПОСЖБ» ЖШС. Кәсіпорындардың өнімдері: әртүрлі маркілі цемент, әк тас, құм, қиыршық тас, силикат кірпіші, әк, тротуар тақтасы, шифер, төбе жапқыш, бетон және бетон бұйымдары.

3. Ағаш және ағаш бұйымдарын өңдеумен «Жана-Семей шпал зауыты» айналысады, ол сіңдірілген шпал, телеграфтық бағаналар, көпірлік қырлы бөрене, теміржол торабын қардан қорғайтын аққала шығарады.

4. целлюлозды қағаз өнеркәсібіне «Казполиграф» ЖШС жатады,қазіргі жабдықтармен гофрокартон, гофроыдыс және орау материалдарын шығарады.

5. Тоқыма, тігін өнеркәсібі тері, былғары, аяқ киім өндіретін «Семей тері-былғары комбинаты» ЖШС, «Роза» ЖШС, «Фирма Мирас» ЖШС, «ZAVA ST» ЖШС, «Икар» ЖШС, №35 ДГП «Енбек-Өскемен» филиалы және «Мұрагер» ЖШС. Олар тері тон бұйымдар, былғары түрлерін, жуылған жүн, киіз, жүннен басылған және былғары аяқ киімдерін, тігін бұйымдарын, көрпе-жастық шығарады.

6. Тағам өнеркәсібіне «Восток нан комбинаты» ЖШС, «№4 нан зауыты» ЖШС, «Компания Принцип» ЖШС, «Семей ет консерві комбинаты» ЖШС жатады. Кәсіпорындардың өнімдеріне: кондитерлік, нан-тоқаш, макарон, шұжық өнімдері, балмұздақ, сыра, арақ-шарап, спирт, алкогольсіз өнімдер жатады.

7. Ұн өндіріс өнеркәсібі және малға азық-жем шығарумен «Шығыс Қазақстандық ұн тартатын құрама жем комбинаты» АҚ және «Семей құрама жем комбинаты» айналысады.



8. Металлургия өнеркәсібіне алтын шығаратын «Андас Алтын» ЖШС, «Данк» ЖШС, ФИК «Алел» АҚ, «Жерек» ЖШС жатады. Өнім нәтижесі – Доре қорытпасындағы алтын болып табылады.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет