Ғылыми кітапхана



жүктеу 85.1 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі85.1 Kb.
: rus -> images -> resursy -> Biblukaz
Biblukaz -> Тараз 2015 Құрастырушыдан / От составителя
Biblukaz -> Ақпараттық-библиографиялық қызмет секторы Мұхаммед Хайдар Дулати – әйгілі тарихшы, қоғам қайраткері, ғалым және әдебиетші
Biblukaz -> Библиографический указатель «Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы»
Biblukaz -> Ақпараттық-библиографиялық қызмет секторы Ел жүрегі Астана
Biblukaz -> Құрастырушыдан От составителя
Biblukaz -> М. Х. Дулати атындағЫ

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНА


«Бір ел –бір кітап» республикалық акция

Алтайдан ұшқан ақиық



Оралхан Бөкей шығармашылығына арналған

библиографиялық көрсеткіш

Тараз -2012

Құрастырушыдан

Еліміздің оқу мәдениетін дамыту,  жастардың бойына патриоттық сезімді баулу, ұлттық идеологияны дамыту, жастарды қазақ жазушыларының шығармаларын оқуға  баулу мақсатындағы ҚР Мәдениет министрлігі мен Ұлттық академиялық кітапханасының бастамасымен 2007 жылдан бері қолға алынып, жүзеге асып келе жатқан «Бір ел-бір кітап» акциясы – керемет жаңалық, жаңа үрдіс болып қалыптасты.


«Бір ел-бір кітап» акциясы аясында ел болып оқуға  жыл сайынғы кітап таңдау жұмысы оңайға соқпайды. Себебі әр жазушының шығармасы таңдауға лайық, әрбір шығарма оқырмандарды ойландыратын, толғандыратын тәрбиелік мәні бар, адам тағдырлары мен тарихи оқиғаларды бейнелейді.

Ұлы Абайдың “Қара сөздерінен” бастау алып, Мұхтардың “Қилы заманына”, Мағжанның “Жан сөзіне”, Жұбанның «Мен-қазақпын»,  Жүсіпбектің “Ақбілегіне” жалғасқан бір ел болып, қауымдасып кітап оқуда “Енді кімнің кезегі?” деп елеңдеп отырған ел оқырмандарының сауалына құрамында Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты ақын апамыз  Ф. Оңғарсынова  бастаған  Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, белгілі қаламгер, Халықаралық Кафка сыйлығының лауреаты Ә.Тарази, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, философия ғылымдарының докторы, профессор Ғ. Есім, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары Е. Шаймерденұлы, Қазақ Ұлттық өнер университеті Ақпараттық-кітапхана орталығының директоры Р. Бердіғалиева, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығының директоры, жазушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Жұртбай, жазушы, көрнекті ғалым Қ. Салғараұлы, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының бас директоры Ж. Шаймұханбетова, ақын, «Жансусар» жас ақын-жазушылар клубының мүшесі Азамат Есалы бар «Бір ел – бір кітап» акциясын ұйымдастыру комитеті мүшелерінің алтыншы отырысының шешімі “Оралхан Бөкей!” деп жауап беріпті.

Енді еліміз болып Оралханның әңгімелерін оқитын жыл келді.  Жалпы айтқанда, ұйымдастыру комитеті мүшелері әлемнің бірнеше тілдеріне аударылған, әр түрлі жастағы және әр түрлі ұлт өкілдері оқырмандарының қызыға оқитын, оларды туған жерге деген сүйіспеншілікке баулитын Оралхан Бөкейдің повестері мен әңгімелерін ұсынды.
Сіздерге ұсынылып отырған библиографиялық көрсеткішке Ғылыми кітапхананың кітап қорында бар О. Бөкейдің шығармалары мен жазушының шығармашылығына арналған мақалалар тізімі жинақталған. Жазушының ғұмырбаяны, өз шығармалары мен мерзімдік басылым беттеріндегі мақалалар тізімі әліпбилік ретпен берілген.

Көрсеткіш жыл бойы «Бір ел –бір кітап» акциясы аясында жаңа мақалалармен толықтырылады.


    
Құрастырған: Жангушикова О.Ж.


ҒҰМЫРБАЯН




Көрінуші ең көнелердің көзіндей,
Жазғандарың -қара өлеңнің сөзіндей,
Асқақ едің, атақты едің,
Нар едің -
Туған өлкең -өр Алтайдың өзіндей


(С.Тұрғынбеков)

Оралхан Бөкеев 1943 жылы 28 қыркүйекте Катон-Қарағай ауданына қарасты Шыңғыстай ауылында туған. 1961 жылы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Шыңғыстай орта мектебін бітірген соң аға пионер вожатый және Алтай совхозында тракторист болып төрт жылдай жұмыс істеген. 1963 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекетік ұлттық университетіне сырттай оқуға түседі де, оны 1969 жылы тәмамдап шығады. 1965-1968 жылдар аралығында Большенарым аудандық "Еңбек туы" газетінде корректор, аудармашы, редактордың орынбасары және облыстық "Коммунизм туы" газетінде әдеби қызметкер болған. 1968 жылы республикалық "Лениншіл жас" газетінің шақыруы бойынша Алматыға келеді, осы газетте мәдениет және ғылым, әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі болып істеді, ал 1974-1983 жылдарда "Жұлдыз" журналы проза бөлімінің меңгерушісі әрі редколлегия мүшесі болған. Өмірінің соңғы күніне дейін "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторлық қызметін атқарады.

   Оралхан - жазушылыққа өзін бала кезінен дайындаған адам. Жиырма жасына дейін ел деген, Өр Алтай деген құнарлы да қыз - табиғат өңірдің уызынан қанып ішкен ол, өз санасында сандаған повестер мен сарытап сағыныштарға толы әңгімелердің негізін қалап үлгерген екен. Алтайда жатып асқақ та өршіл дауысымен алты алашты елең еткізген өренді, Алматыдағы қазақ жұртының қаламының желігі бар жастарын құтпан айғыр секілді үйіріне қуып тығатын Шерхан Мұртаза сынды аймүйіз ағасы аяқ- қолын жерге тигізбей астанаға алғызған. Сөйтіп… Қазақтың шоқ жұлдыздарының қатарына мұрты жаңа ғана тебіндеп келе жатқан, жүрісі де, тұрысы да кербез, жұмбақ, өр де астам, басына сынық түймедей сөз асырмайтын түз тағысы - Кербұғы келіп қосылған….

  Оралханды өз биігіне шығарған, "Бөкеев - нағыз талант" дегізген шығармасы - "Мұзтау" повесі. Міне, дәл осы шығармасынан бастап Оралхан Бөкеев қоғаммен, оның кереғарлығымен, адамзатқа қасірет әкелетін сойқанды іс - әрекеттермен тайталасқа түседі. Бөкеевтің мәңгіге бітпес айтысы басталады. Міне, осы "Мұзтаудан" басталған қоғам кереғарлығымен Бөкеевтің жекпе - жегі оның қалған ғұмырындағы шығармаларының лейтмотивіне айналғаны рас.
О.Бөкеевтің шығармашылық жолы 1970 жылдан басталады. О.Бөкеев әдебиетке өз өрнегімен келген жазушы. Ол алғашқы әңгіме повестерінен-ақ оқушысын бірден баурап әкетіп еді. Жазушының ой мен сезімді қатар өрген шығармалары бірде тұңғиық ойға жетелесе, бірде өршілдікке тарта беретін.

 О.Бөкеев әу бастан - әдебиеттің киелі босағасын аттаған күннен бері өз заманын, сол заманда ғұмыр кешіп жатқан қарапайым еңбек адамдарын шығармаларына арқау еткен жазушы. Оралханның кейіпкерлері- өзіміз күнделікті көріп, араласып жүрген замандастарымыз. "Жетім бота", "Мынау аппақ дүние" повестерін, ондағы Тасжан, Нұрлан, Луйза бейнелері поэзия тілімен өрнектелген деуге болады. "Бәрі де майдан" повесіндегі Ақан мен Құмырай- адалдық пен арамдықтың, қарапайымдылық пен қатыгездіктің бітіспес күресін көрсететін типтік бейнелер.

 Оралханның қазақ әдебиетінде салып кеткен өзіндік жолы бар. Жазушы Алтайды, еңбектің сан түрлі саласында ерліктің үлгісін көрсетіп жүрген адамдарын тек өзіне ғана сыйымды, ғажап пейілмен сүйе білді. Олардың сан - салалы, қилы-қилы тағдырларын өзінің үлкенді -кішілі шығармаларына өзек етті. Жазушының қандай да бір шығармасын қолымызға алып, парақтай бастасақ оның әр бетінен ауыл иісі, ауыл тұрмысы аңқып тұрады.

  Асқар Алтайдың кербез табиғатын, тамылжыған сұлулығын Оралхан Бөкейдей сүйіп, жырлаған жазушы әзірге жоқ. Ол - табиғаттың асқақ жыршысына айналған табиғи тума талант.

  Оралхан кейіпкерлерінің тағы бір ерекшелігі - олар арманшыл, қиялшыл болумен бірге ойшыл, мұңшыл, жан-дүниелерінде сағынышқа толы аңсау, ынтығу, күрсініс пен өкініш, шексіз ынтызарлық, жұмбақты сыр жатады. Олармен бірге белгісіз бір сағынышқа толы мұңға беріліп кеткеніңді өзің де байқамай қаласың.

  Оралхан Ұлы Отан соғысы жылдары дүниеге келген ұрпақтың өкілі. Сол бір алапат-сойқанды көзімен көрмесе де анасының құрсағында жатып, тылдағы ауыр еңбектен қабырғасы қайысып, күрсіне-күңірене жүріп күн кешкен қамкөңіл жандармен бірге тыныстап, бірге қиналып дүниеге келген бұл ұрпақтың да жанына соғыс салған жара аз болған жоқ. Осы соғыс тақырыбына жазушы "Бәрі де майдан" повесін арнады. Бұл повесть - тақырыбының сонылығымен де, кейіпкерлерінің тосын тағдырымен де ерекше шығарма.

  Жалпы, әдебиетімізде соғыс кезіндегі қара жұмыста болғандар еңбегі туралы жазылған шығармалар жоқтың қасы. Көбіне тікелей соғысқа қатысқандарға қарағанда осы бір белгісіз ерліктің иелері еленіп - ескеріле бермейді. Осынау еңбекте ерлік көрсеткен мыңдаған адамдардың тіршілігі қан майдан қаһармандарының тасасында қалып келгені белгілі. Сол олқылықтың орнын толтырған, ерліктің бағасы біреу ғана екенін, мейлі ол майданда жасалсын, мейлі ол тылда көрсетілсін, ашып, айғақтаған бұл повестің тағылымы мол, тәрбиесі толайым. Жақсылыққа ізгілікке деген ұмтылыста жүрген, ұлы сенімді серік еткен Ақан, Алма сынды кейіпкерлер әр жүрекке жол табады. Олардың көрген қиыншылықтары, тартқан азаптары жігерлерін шыңдап, қажыр - қайраттарын арттыра түсуі көңілге қонады.
Шығармалары
1.Бөкей,О.
Өз отыңды өшірме
 [Мәтін]: роман / О. Бөкей.- Алматы: Өнер, 2010.- 384бет.- (Қазақтың 100 романы).

2.Бөкей,О.


Атау кере
 [Электронный ресурс]: Аудио кітап / О. Бөкей; Оқыған С.Әбілұлы.- Алматы: Жазушы, 2011.- CD.

3.Бөкей, О.


Алтай хикаялары  [Мәтін]: Әңгімелер мен повестер / О. Бөкей.- Алматы: Шәкірт, 2007.- 176 бет.
Мерзімдік басылым беттерінен

Конец формы


Ахметбекұлы, К.

Алтайдан айналып ұшқан ақиық: Оралхан Бөкей-60 / К. Ахметбекұлы // Жас алаш.- 2003.- 2 қазан.
Ахметжан, Т.

Қазақ прозасының Мұзтауы/ Т. Ахметжан // Қазақ әдебиеті.- 2003.-5-11желтоқсан.
Бектасова, Г.

Алтайдағы жұрт айтады/ Г. Бектасова // Егемен Қазақстан.- 2003.- 16 қазан.
Елубай, О.

Мұзтаудың мұзбалағы /Оралхан Бөкейдің 60жылдық мерейтойы/ О Елубай // Егемен Қазақстан.- 2003.- 11қазан.
Есдәлулет, Ұ.

Бабыр, Тәж-махал және ... Оралхан Бөкей/ Ұ. Есдәлулет // Қазақ әдебиеті.- 2001.- 26 қазан.- Б.8.
Есенжолұлы, А.

Оралхан Бөкей есімі ардақталды/ А. Есенжолұлы // Астана хабары.- 2006.- №159.-19 қыркүйек.
Жұмағалиева, Ж.

Сабақ сапасы-ізденісте [Мәтін] / Ж. Жұмағалиева // Қазақстан мектебі: республикалық ғылыми-педагогикалық журнал.- Алматы, 2012.- №1.- Б.37-41.
Жұртбай, Т.

Ұраным - Алаш! [Мәтін]: "Сөзі де - ақ, өзі де - ақ..." (Міржақып Дулатов) / Т. Жұртбай // Жұлдыз: Қазақстан жазушыларының әдеби-әлеуметтік журналы.- 2010.- №11.- Б.186-200.
Исабеков, Д.

Өмір деген ертегі/ Д. Исабеков // Егемен Қазақстан.- 2003.- 4қазан.
Кузембаева, М.Б.

Оралхан Бөкейдің "Тортай мінер Ақ боз ат" әңгімесі (сабақ үлгісі) [Мәтін] / М.Б. Кузембаева // Хабаршысы = Вестник: ғылыми-педагогикалық журнал.- Тараз, 2011.- №6.- Б.80-82.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитеті.

Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы XII республикалық байқауын өткізудің Ережесі [Мәтін] // Ана тілі.- 2010.- №20.-20-26 мамыр.- Б.4.
Қаңтарбаев, Ә.

Өр Алтайдың ойында, Оралханның тойында/ Ә. Қаңтарбаев // Қазақ әдебиеті.- 2003.- 24-30қазан.


Құрбанқұлова, М.

Оралхан Бөкей шығармаларындағы кейіптеулер [Мәтін] / М. Құрбанқұлова // Жас Ғалым: ІІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының еңбектері.- Тараз, 2009.- Т.6.- Б.234.- ISBN 9965-780-75-7.- (Гуманитарлық ғылымдар: Филология ( тіл және әдебиет): қазақ, орыс, ағылшын, неміс, француз).
Қыдыр, Е.

Жүзінде бір мұн жататын...: Осыдан жеті жыл бұрын Делиде оралхан Бөкей көз жұмды / Е Қыдыр // Егемен Қазақстан.- 2000.- 17 мамыр.
Нұржекеұлы, Б.

Орны бөлек Оралхан/ Б. Нұржекеұлы // Жас алаш.- 2003.- 4 қараша.
Сахариева, Н.

Оралхан Бөкей шығармаларын оқыту: Озық тәжірибе, ортақ әдіс / Н. Сахариева // Қаз.тілі мен әдебиеті.- 2000.- №4.- Б.14.
Сәулебаева, Ұ.

Өр Алтайдың талантты түлегі [Мәтін]: О.Бөкейдің "Қайдасың, қасқа құлыным?" повесі таңдалды. "Бір ел - бір кітап" акциясы / Ұ. Сәулебаева // Ақ жол: Қоғамдық-саяси газет.- 2012.- №42(17559).-17 сәуір, сейсенбі.- Б.4.

Нафинал, Л.

Жизнь коротка, но память вечна: О творчестве российского писателя Анатолия Иванова и казахского писателя Оралхана Бокея / Л. Нафинал // Известия.- 2008.- №39.-5 марта.- С.12.






©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет