Ғылыми кітапхана



жүктеу 361.85 Kb.
бет1/3
Дата18.04.2016
өлшемі361.85 Kb.
  1   2   3
: rus -> all.doc -> biblukaz
all.doc -> Өмірбаяны байбатша Ә. Б
all.doc -> Ғылыми кітапхана Көркем әдебиет секторы «Бір ел – бір кітап» акциясы
biblukaz -> Ғылыми кітапхана Ақпараттық-библиографиялық қызмет секторы
all.doc -> Анықтамалық- библиографиялық ЖҰмыс
all.doc -> Қазақстан республикасының білім туралы заңЫ
biblukaz -> Ғылыми кітапхана Ақпараттық-библиографиялық қызмет секторы Әшімжан Сүлейменұлы Ахметов
biblukaz -> Бюллетень (2013 жылдың шілде-қыркүйек айларында келіп түскен кітаптар тізімі) Тараз 2013


М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

Ғылыми кітапхана

Ақпараттық-библиографиялық қызмет секторы

Әдебиеттерден және мерзімді басылымдардан құрастырылған

библиографиялық тізім
Тараз 2013


Ежелгі және қазіргі Тараз

Қазақстанның көне қалаларының бірі - Тараз. Көне қаланың өзіндік тарихы, тағдыры бар. Қызық-қилы кезеңдерде өсіп-өркендеген даму жолдарының да шежіре - сырлары мол. Ең негізгісі, ірі сауда орны, әрі мәдени - рухани орталық болғаны да көпке мәлім. Көне Тараз туралы алғашқы тарихи деректер гректің елшісі - Земрах, Қытай жиһанкезі -Сюан Цзян жазбаларында кездеседі. Одан бері де В. Бартольд, А.Н. Бернштам, М. Қашқари, М.Х. Дулати, П.П. Лерхтан, М.Е. Массон, Л.Н. Гумилев, Т.Н. Сеничева т.б. еңбектерінде кең көлемде сөз болады. Бұл еңбектерде Тараз тарихы, ел-жерге қатысты деректер,алыс-жақын елдермен байланысты әңгімеленеді. Көне Тараздағы мәдени-сәулет ескерткіштері, қыстақ-кенттер, мешіт-медреселер, сауда-саттық орындары, қолөнершілер шеберханалары, күшті қорғаныс қамалдары, мұнаралы күмбездер, күнмен таласқан сұлу да зәулім мешіт пен теңге соғатын сарайлар, қыштан жасалған құмыра, ою өрнегі мол ыдыс-аяқтар т.т. сыр-сипаттары да шырайлы шаһардың тағдыры мен тағылымынан көп жайтарды, мол дәйек-деректерді алға тартады.

Тараз қаласының тарихы мен тамыры тереңде. Рим бір күнде салынбағанын ескерсек, "...жаннаттың қақпасындай жап-жасыл шаһардың тарихы ұлан-ғайыр" (Ә. Кекілбайұлы). Тараз қаласын 751 жылы - арабтар, 766 жылы - қарлұқтар жаулап алады. IX ғасыр соңында саминидтерге бағынышты болады. X-XI ғғ. Караханидтер басып алған тұста Тараз жаңа мемлекеттің бір бөлігінің астанасы болады. Алайда, Тараз XIII ғ. аяғында моңғол империясының, кейіннен Темір мемлекетінің орталығына айналады. Көне қала Хорезмшах, Мұхамед әскерінің талқандауына, моңғол шапқыншылығының зобалаң зардаптарына да душар болады. Ежелгі Тараз көне кезеңдерде Түргеш, Қарлұқ, Қараханид мемлекеттерінің орталығы болған. Осы жерден әлемнің көптеген елдеріне -

Қытайға, Иран мен Византияға, Орта Азияға шығатын кең арналы даңғыл жолдар, келелі келешекке үміт-сенім артқан қазақ халқының да асыл мұраттары бастау алады.

Тараздың тарихи мекен, көне қала екендігін археологиялық қазбалар, мәдени-рухани ескерткіштер, құжаттық дерек көздері де айғақтай түседі. Олардың қатарында Қарахан (XI ғ.), Бабаджы қатын (XI ғ.), Айшабибі (XII ғ.), Дәуітбек (XIII ғ.), Тектұрмас (XIII ғ.), Шамансұр кесенелері, Нәмбетбай (XIX ғ.), Әбдіқадыр бай (XX ғ.), мешіттері, Тараз моншасы (XI-XII ғ.ғ.), Юнус моншасы т.т. сияқты сәулет өнерінің көп ғасырлық тарихы, асқақ даңқы әсем айшықты мәдениет ескерткіштері де бар. Көне қаладағы мұндай тарихи әрі әдеби-мәдени жәдігерлер бұл күнде ерекше құрмет қамқорлықты, қолдауды қажетсінетіні де анық. Алғашқы қалпына келтіру, сол үлгі-жобаны сақтау қиынның қиыны, әрине. Алайда, мемлекеттік қамқорлық, жанашыр көзқарас, нақты көмектің қажеттіліп сезіледі.

Бұлардан басқа Таразға таяу тұста: Толыкент-Адахкент, Оққум дех Нуджикес, Шелжі, Жаңа Талас, Берукет, Кенжек т.т. үлкенді - кішілі қалалардың болғанын да әдеби-тарихи деректер ақиқатқа айналдырып отыр. Ежелгі Тараздың мәдениет куәләрі: Сақ, үйсін заманындағы ер адам, Шығыс базары, Орта ғасырлық сәулет өнері үлгілері, Әулие ата тұсындағы ақшалар, зоростризм дінінің табыттары, Көне түркі бар оюлы тастар, қасқыр басты қола күпшек, халықтық медицина сырлары, көкеністерді суландыратын қыш құбыр, әр алуан көлемдегі құмыралар, шырағдан т.т. болып табылады. Бұл секілді материалдық мәдениет үлгілері бір кезде қолөнер-зергерлік кәсіптерінің дамығанын көрсетеді. Егіншілік алқап сауда жолының бойында тұруы қаланың гүлденіп - дамуына үлкен әсер еткен.Тараз - ежелгі қала, үлкен руханият орталығы. Ірі сауда-саттық орны болған. Тараз тарихы бай, жері құнарлы, табиғаты көркем қала. Фирдауси: "Тараздың садағындай қиылған қас" ("Шахнаме") десе, Баккулық Абд ар-Рашиддың жағрафиялық шығармасында: "Тараздың ауасы таза, суы мөлдір, жері құнарлы, нағыз бейішті еске түсіреді. Ал, тұрғындары жарқын жүзді, кең пейіл, әйелдері мен еркектерінің жүздері қандай сұлу", - деп тебірене жазады. Араб саяхатшысы, ғалым Максиди: "Қаланың аймағында 200-ден астам қалалар мен қыстақ-кенттер орналасқан. Ал, қала ішінде сауда жасап тұрған жүңгіршектер, іші қайнаған базар, оның бір жағында мешіті, медреселері, қолөнершілердің шеберханалары, абыр-сабыр, ары-бері жүрген адамдардан кезің талады", - деп таңданысын, қызығушылығын білдіреді. Сонымен, Тараз сырттан келген адамдардың назарын бай тарихымен, көркем табиғатымен, қонақжай халқымен, әдеби-мәдени мұраларымен баурап, ұлт руханиятының ғажайып ғаламаттарымен де назар аудартқан айшықты да әсем қала болған.

Бұл жазбалардан Тараз қаласының өткен тарихы, гүлденген кезеңі, тұрғындар мен олардың тыныс-тіршіліктері терең танылады. Ең негізгісі, көне қаланың бай тарихы мен даму белестері, құнарлы өлке мен құтты мекенге айналған жұлдызды сәттері мен адам еңбегінің жемісті жетістіктері, келелі келешегі де айқын аңғарылады.

Көне Тараздың тарихы мен тағдыры, сыры мен сымбаты ұлы Моғол империясының негізін қалаған Темір әулетінің ұрпағы З.М. Бабырдың ғұмырнамалық еңбегінде ("Бабырнама"), "Моғолдарда Ианги Тараз деп аталатын қала бар" деп жазған қайраткер - тарихшы М.Х. Дулатидың басты туындысында. В.М. Массонның "Страна тысячи городов", "Прошлое Казахстана в источниках и материалах", "Страны и народы. Восточная и Центральная Азия", "История народов Восточной и Центральной Азии", танымал тарихшылар К. Байпақов пен А.Нұржановтың "Ұлы жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан", шығыстанушы ғалым Ә. Дербісәлиевтің "Қазақ даласының жұлдыздары" т.т. зерттеу кітаптарында кең орын алады.

Қазақстанның егемен ел болуы – қоғамды әлеуметтік және руханият салаларына зор өзгеріс, ілгері даму, серпілістер берді. Бұл өзгерістер еліміздің жер-жерінде ерен еңбек, еселі табыс түрінде кең өрісті қолдау тапты. Мұның мысал-деректері көп. Айталық, ауыл елдің жағдайын жақсарту, жұмыспен қамтамасыз ету ісінде - жамбылдықтар Алпысбай Жұмаханов, Тофик Әшіров, Ералы Дадабаев, қордайлықтар Александр Заноха, Қуанар Төкішев, Мұратбай Жолдасбаев, "АРАС" жекеменшік асыл тұқымды жылқы зауытының иесі Мақсұт Несіпбаев, жуалылық Баймұқан Нұрбеков, байзақтық Тілеубай Абақанов, таластық Керімбай Оязбеков, сарысулық Бердібек Иманбеков, шулық Бимағамбет Сәрсенбаев, меркіліктер Дүйсехан Садыров, Доғдырбай Шағырбаев, Марат Отарбаев т.б. ауыл шаруашылық басшылары өнімді еңбектерімен, үлгі-өнегелік -қырларымен көп құрметіне бөленіп келеді.

Көне шаһар Тараздың кешегісі мен бүгінін - тарихшы-ойшыл М.Х. Дулати, ақын-айтыскер Ж. Жабаев, қоғам қайраткері Т. Рысқұлов, халық қаһарманы Б. Момышұлы т.б. еңселі ескерткіштері, көкпен " таласқан биік бейне тұлғалары асқақтатып-ақ тұр. Олар орын алған биік те еңселі, тұғырлы тұлғалары кеше мен бүгінді байланыстырып, бүгінгі ұрпақты бірлік пен берекеге бастап тұрғандай әсер береді.

Тараз топырағынан шыққан ақын-жазушылар, журналист-ғалымдар, Б. Момышұлы, Ш. Мұртаза, А. Бекбосынов, Г. Адамбаева, Б. Әбілдәұлы, Ш. Смаханұлы, Р. Ниязбек, К. Ахметова, К. Баялиев, Е. Мүтәліп, Ә. Қалдыбайұлы, Н. Қашағанұлы, А. Көпжасарова, А. Көбесов, К. Нәрібаев, Ж. Дәдебаев, С. Жұмабек, М. Қойгелдиев, Т. Омарбеков, Р. Тұрысбек, Е. Сағат, 3. Шілдебайұлы, М. Үмбетаев, С. Томанов, Ж. Сәтібеков, Л. Сайлаубек және тағы басқалардың талантты қолтаңба, дарынды туындылары қалың оқырманның рухани көкжиектерін байытып келе жатқан тұлғалар.

Қазақстан спортында Ж. Үшкемпіров, С. Қонақбаев, Б. Жұмаділов, Е. Ыбрайымов т.б. табанды ізденіс, жоғары жетістіктерімен даңқ тұғырына көтерілгенін, ел мұраты мен көк байрағын асқақтата түскенін қалың жұртшылық жылы еске алады.

Тараз-мәдениет бесігі, өнер қонған жер. Айталық, К. Әзірбаев, Ш. Қалдаяқов атындағы дәстүрлі ән байқауы, "Мальта" халықаралық ән фестивалінің лауреаты Тахмина Әшімбекова, Жамбыл облыстық қазақ драма театрының танымал әртістері - Г. Қыпшақбаева, Ж. Әлімбеков, А. Сәтібеков т.б. әртістер өнерлері кім-кімді де бейтарап қалдырмайды. Белгілі ақын-айтыскерлер А. Бетбаев, М. Тазабеков, А. Тұрсынбаева, Ш. Айдаров, С. Қалиев, Б. Шошбаев т.б. халқымыздың өрісті өнері - айтыс жанрын кең көлемде дамытып, әр қырын насихаттап, рухани-эстетикалық қуат-күшін көпшілікке жүйелі жеткізіп келеді. Олар айтыс өнері арқылы Көне Тараздың бай тарихын, байтақ өлкесін, ерен енбек үлгілерін әр қырынан толықтырып, аялап та, жырлап та келеді.

Тараз қаласы 1856 жылы -Әулие ата, 1936 жылы - Мирзоян, 1938 жылы - Жамбыл деп аталды. Президенттің жарлығымен 1997 жылдың 8 қаңтарында қалаға ежелгі аты - Тараз берілді.Қазіргі Тараз - сымдай тартылған даңғыл жолдарымен, көк жасылды тал, теректерімен қатар түзеген зәулім үйлерімен, гүлді алаңға бөленген алтын аймақ.

Тараз қаласы бұл күнде қоғамдық-әлеуметтік жағдайы жақсарған, адамдары - жарқын, жері - байтақ, ауасы - таза, суы - мөлдір, жасыл желек жамылған құнарлы өлке, құтты мекен.

Жалпы, ежелгі Тараздың кешегісі мен бүгіні - өткен тарихымен де, келелі келешегімен де, үлгі өнегелік, ғибраттық тағылымымен де айырықша маңызды болып табылады.

Елбасы айтқандай "Тараз - рухани байлығымыздың алтын діңгегі". Ұлт тарихының кешегісі мен келешегінің көркем шежіресі. Ал, халық шежіресіне құрметпен қараған жарасады.

Жамбыл облысының территориясы Бетпақ-даласынан Тянь-Шаньға дейін Шудан Қаратауға дейін созылады. Облыстың әкімшілік орталығы Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан Тараз қаласы болып есептеледі. Тараз қаласы республиканың ежелгі қалаларының бірі болғандығын б.э.д. 1 ғасырдың ортасындағы қытай жазбаларынан көруге болады. Туристерге ұсынылатын Сәулет ескерткіштерін көруге болады. Барлығы Алматы-Самара жолында немесе Тараз қаласының маңайында орналасқан.

Айша бибі және Бабаджа Хатун кесенелері. Айша бибі ауылының орталығында Тараз қаласынан 12км қашықтықта орналасқан. Асфальтпен төселген жолмен автомобильді көлікпен жүреміз. Автокөлікті тұрақтандыру үшін тұрақтар бар.

Қарахана және Дауытбек кесенелері. Тараз қаласының ортасында орналасқан. Тұраққа орын бөлінген.

Тектұрмас кесенесі. Тараз қаласанда орналасқан. Автокөлік үшін жақсы асфальтталған жолмен тұрақ бар.

  Хал-Юнус шығыс моншасы. Қарахан кесенесінен алыс емес, Тараз қаласының ортасында орналасқан. Автокөлік үшін жақсы асфальтталған жолмен тұрақ бар.  


Мавзолей Айша биби – ХІ-ХІІ ғ.ғ. орта ғасыр сәулет ескерткіштерінің бірі.

Біздің күнге кесененің тек батыс бөлшегі сақталған. Қазір кесене толығымен жаңартылған. Аумақ жақсы орналастырылған. Қараханидтер сәулет ескерткіштері ішінен Орта Азия және Қазақстан аумағында сәулет-құрылыс мәдениетінде бұл ескерткіш кереметі болып саналады. 60 түрлі ою-өрнектері бар эпиграфикалық белдеумен жасалған.

Ескерткіш туристтерді тек қана ерекше сәулетімен ғана емес, сонымен қатар сұлу Айша-бибі мен батыр Қарахан арасындағы шексіз махаббаты туралы аңыз да қызықтырады.

 Айша әйгілі шығыс ақылшысы Зеңгі бабаның қызы болып келеді. Аңыз бойынша Айша өзінің ғашығы Қараханға бара жатқан жолында жыланның шаққанынан қайтыс болған.


Бабаджа Хатун кесенесі

Айша бибі мазары жанында орналасқан. Бұл кесене де XI- XIIғ.ғ. сәулет ескерткіші болып саналады. Кесене ерекше қарапайымдылығымен бағаланады. Соңғы жаңартылуы 2002 жылы болған. Эпиграфикалық жазба бойынша ол жерде жерленген әйел адамның атын оқып білген.Аңыз бойынша ол әйел Айшаның қамқоршысы болған. Ол Айшаны сапар кезінде қасында болған. Айша қайтыс болған соң оның мазары үстінде жағылып тұрған алауды ұстап тұрды. Бұл екі кесене сәулет ескерткіші ретінде және қажылық дәстүрін өткізетін мұсылманның қасиетті жерлері болып есептеледі.


ХІ ғ. Карахан және ХІІІ ғ. Дауытбека кесенелер комплексі

ХІ ғ. Карахан (Әулие-Ата) ортағасырда пайда болған Тараз қаласының аймағында мәдени-мемориальды комплексқа кіреді. Алғашқы құрылыс қарахандықтар дәуірінде ХІ ғ. басталды. 1905-1906 ж.ж. кесенесі құрылды. Құрылыста алғашқы жоспарлау және сәулет өнеоінің принциптері сақталды. Ортағасырдағы кесененің кірпіші қолданылады. Ортағасырдағы мәдени сәулеттің типтік образы монументалды порталды-куполды қамалды құрайды.

 

Дауытбек кесенесі (Шамансурдың)

Қарахан кесенесімен бірге мемориалды-культті комплекске кіреді. Дәстүрлі порталды-куполды формысында ХІІІ ғ. ірі саяси басшының қабірінің үстінен салынған. Кесененің ортасында араб тілімен қашалған жазуы бар тасты ескерткіш орналасқан. Жазу жерленгеннің адамның аты мен өлген уақытын хабар етеді. Екі кесененің де территориясы да барлық жағынана жабдықталған.


ХІХ ғ. Кали-Юнус шығыс моншасы
ХІХ ғ. Әулие Ата қаласының тұрғынымен құрылған монша. Салуда сәулет композицияның принциптері және ортағасырдағы шығыс моншалар жылыту жүйелері қолданылды. Бұл көптеген туристердің қызығушылығын оятады. ХХ ғ. елуінші жылдарына дейін монша істе болған. Қазіргі уақытта ол қалпына қайта келтіріліп, сәулет ескерткішіне айналдырылған. Монша туристік орынға айналған еді. Территориясы барлық жағынан жабдықталған.
VIII-IХ ғ.ғ. Ақыртас сарайлық комплексі

Жамбыл облысының, және Қазақстан территориясында қызықты және құпиялы орындардың бірі. Ақыртас тарихы 130 жыл зерттеліп және ұазірде зерттеледі. лет, но он продолжает удивлять. Қазіргі уақытта комплекс территориясында ҚР ҰАҒ археология этнографиясы институтымен басқарылған археологиялық қазбалар жүргізілуде. Бұдан ірі «Мәдени мұра» республикалық бағдарламасы аясында музейлік комплексті құру жоспарланды. Археологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынған соңғы мәліметтер бойынша Ақыртасты Ұлы Жібек жолындағы ортағасыр қаласы Қасрибаспен теңестіреді. Ғалымдардың көпшілігі ойларынша Ақыртас 1714-1715 жж. араб қолбасшысы Күтейбі бұйрығымен салынған еді. Туристерді салуда қолданылған тасты блоктар, салынудың ерекшелігі, көлемі таңдандырады. Сарай комплексінің фундаменті тереңдігі 4 м құрайды. Аңыздардың түрлі варианттары құрылыстың салынуын және аяқталмаған себебін білдіреді.


Тектурмас Х-ХIV ғғ. Сәулет комплексі 

Бұл ежелгі діни орындарының бірі. VII-XІғғ. Ислам дінінің келуіне дейін комплекс құрыла бастаған болатын. Кесене ислам кезеңінде салынып, 1935 ж. жойылды. Қазіргі уақытта оны орнында ортағасыр типімен жаңа кесене қалпына келтірілді. Кесененің жанында қазақ батыры Мамбеттің моласы бар. был разрушен. Комплекс территориясы барлық жағынан жабдықталған. Кесене орнатылған таудың үстінен төменде жатқан Тараз қаласына сұлу көріністі көруге болады.



Ғылыми кітапхана қорындағы әдебиеттер тізімі
63.3(5Қаз)

Ә20 Әбділдаұлы, Б.

Талас-Тараз [Мәтін]: тарихи-деректі роман / Б. Әбділдаұлы.- Алматы: Санат, 1998.- 288б.- (Қазақстан тарихы: зерттеулер, құжаттар).
63.3(5Каз-4Жам)

Ә20 Әбілдаұлы, Б.

Талас. Айша Бибі. Қарахан [Текст]: Оқу құралы / Б. Әбілдаұлы.- Алматы: Санат, 2002.- 264б.
63.3(5Каз)

Ә20 Әбілдаұлы, Б.

Талас-Тараз [Текст]: Тарихи-деректі роман / Б. Әбілдаұлы.- Алматы: Санат, 1998.- 288б.
63.3(5Каз)

Б18 Байпақов, К.М.

Ұлы Жібек жолы және Тараз=Великий шелковый путь=Great Silk road and Taraz [Мәтін] / К.М. Байпақов, К. Байбосынов.- Тараз: Рысбаева және Ко.- 62б.
63.3(5Каз)722

Б70 Боздақтар: Жамбыл облысы [Мәтін]. V т.: Отан қорғау жолында құрбан болған боздақтарға ескерткіш кітап / Ред. Ж.Ж.Сатибеков.- Тараз, 2001.- 500б.- (Книга памяти).
63.3(5Каз)722

Б70 Боздақтар: Жамбыл облысы [Мәтін]. VI т.: Отан қорғау жолында құрбан болған боздақтарға ескерткіш кітап / Ред. Ж.Ж.Сатибеков.- Тараз, 2002.- 558б.- (Книга памяти).
63.3(5Қаз)722

Б70 Боздақтар: Жамбыл облысы [Мәтін]. Т.2: 1941-45 ж.ҰОС жеңісінің 50 жылдығына арналады / Бас ред. Ә.Нысанбаев.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2000.- 408б.
63.3(5Қаз)722

Б70 Боздақтар: Жамбыл облысы [Мәтін]. Т.2"а": 1941-45 ж.ҰОС жеңісінің 50 жылдығына арналады / Ред. Ж.Ж.Сәтібеков.- Тараз: Рысбаева және К, 2001.- 407б.
63.3(5Қаз)722

Б70 Боздақтар: Жамбыл облысы [Мәтін]. Т.3: 1941-45 ж. ҰОС жеңісінің 55 жылдығына арналады / Бас ред. Ә.Нысанбаев.- Таразы: Сенім, 2000.- 436б.
63.3(5Қаз)722

Б70 Боздақтар: Жамбыл облысы [Мәтін]. Т.4: 1941-45 ж.ҰОС жеңісінің 50 жылдығына арналады / Ред. Ж.Ж.Сәтібеков.- Тараз: Рысбаева және К, 2000.- 485б.
87.3(5Қаз)

Д33 Дербісалиев, Ә.

Қазақ даласының жұлдыздары [Мәтін]: Тарихи-филологиялық зерттеу / Ә. Дербісалиев.- Алматы: Рауан, 1995.- 240б.
86.38

Д33 Дербісәлі, Ә.

Ежелгі Тараз және Ислам жәдігерліктері [Мәтін]: 2008 жылы маусымда Таразда өткен ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары / Ә. Дербісәлі.- Алматы: Атамұра, 2009.- 64 бет.
63.3(5Каз)722.78

Д64 Достанбаев, Т.Ш.

Жамбылдық кеңес одағының батырлары [Мәтін] = Жамбылцы - герои Советского союза / Т.Ш. Достанбаев.- Тараз: Тараз университеті, 2010.- 139б.
63.3(5Каз-4Жам)я6

Е33 Ежелгі Тараз тарихынын бастауы [Текст].- Тараз: ТарГУ, 2002.- 176б.- (Таразға 2000 жыл).
66.3(5Қаз)

Ж25 Жамбыл облысында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу [Мәтін].- Тараз: Lenim, 2011.- 56бет.
Қаз2

К69 Копжасарова, А.

Талбесігім-Таразым [Мәтін]: Таңдамалы өлеңдер жинағы / А. Копжасарова.- Тараз: Сенім, 2001.- 368б.
63.3(5Каз-4Жам)

К69 Көне және қазіргі Тараз: тарихы және әлеуметтік-экономикалық дамуының болашағы [Мәтін]: Тараз қ. 2000 жыл.арн. Респ.ғылыми-практ.конференц. материалдары (4-5 сәуір, 2002ж.).- Тараз: ТарМУ, 2002.- 348б.- (Тараз-2000).
92.0

Қ18 Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштер жиынтығы: Жамбыл облысы [Мәтін]. Т.2 / Бас ред. кеңес: К.М.Байпақов және т.б.- Алматы: РМК "ММЕ ҒЗЖИ", 2002.- 364б.
63.3(5Каз-4Жам)

М46 Мырзахметұлы, М.

Көне Тараз [Мәтін] / М. Мырзахметұлы, И. Жеменей, А. Әбдуалиев.- Алматы: Санат, 2002.- 216б.
63.3(5Каз-4Жам)

М91 Мырзахметұлы, М.

Түркістан Тараз арасы... [Мәтін] / М. Мырзахметұлы.- Астана: Білге, 2002.- 432б.
Қаз2

С31 Сейталин, Ә.М.

Тараз толғаулары [Мәтін]: Өлеңдер, дастандар / Ә.М. Сейталин.- Тараз: Сенім. 2000.- 100б.
85.16я6

С87 Сутулов, В.А.

Қазақстан табиғаты.Жамбыл облысы [Мәтін] / В.А. Сутулов.- Алматы: Эффект, 2005.- 288с.
63.3(5Каз-4Жам)я2

Т21 Тараз.Жамбыл облысы [Мәтін]: энциклопедия / Бас ред.Б.Ғ.Аяған.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2003.- 576с.
92:63.3(5Қаз-4Жам)

Т21 Тараз-ғасырлар куәсі [Мәтін]: Анытамалық-библиографиялық көрсеткіш / Ред.Ф.М.Мырзаханова.- Алматы, 2002.- 64б.
63.3(5Каз-4Жам)я2

Т21 Тараз.Жамбыл облысы [Мәтін]: энциклопедия / Бас ред.Б.Ғ.Аяған.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2003.- 576с.
63.3(5Каз-4Жам)

Т21 Тараз: Мыңжылдықтар және өркениеттер сұхбаты [Мәтін]: Тараз қаласын. 2000 жыл. арн. халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары (26-27 қыркүйек, 2002 жыл) / Ред. Л.Ә.Байсерке, С.Р.Ибатуллин.- Тараз: ТарМУ, 2002.- 364б.- (Тараз-2000).
84(5Қаз-Қаз)5

Т21 Тараздың жас таланттары [Мәтін] / Ред. Қ.Иембердиев.- Тараз: Салық тәртібі, 2005.- 192б.

Ғылыми кітапхана қорындағы мерзімді басылымдардан
Ақсақалов, Қ.

Ұлттың рухани бейнесі-мәдениетте/ Қ. Ақсақалов // Егемен Қазақстан.- 2009.- №19-22.-23 қаңтар.-
Ахмет, Б.

Ұлы Жібек жолының алтын арқауы сабақталады/ Б. Ахмет // Ақ жол.- 2008.- №79-81.-24мамыр.- Б.1.
Әбдиев, Е.

Ата-бабамыздың киелі жері туристік мекенге айналар күн таяу [Мәтін]: Мәдени мұра / Е. Әбдиев // Айқын.- 2010.- №141.-5тамыз.- Б.24.
Әбдиев,Е.

Таяу жылдары арман қалаға айналамыз[ Мәтін]: [қала әкімі Б.Орынбековпен сұхбат] / Е.Әбдиев // Жамбыл –Тараз.-2011.-№26.- 29маусым.-Б.4-5
Әйменов, Т.

Тараз қаласы бойынша жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер телімдерінің бөлінуі туралы ақпарат [Мәтін]: Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін бөлу / Т. Әйменов // Жамбыл -Тараз.- 2011.-

№48, -1желтоқсан.- Б.13.


Әлібай, С.

Ежелгі Тараз: айшықталған еңбек / С. Әлібай. // Ақ жол.- 2009.- №112-114.-20маусым.- Б.6.
Әлібай, С.

Сенімді нығайтып, ширықтыратын құжат/ С. Әлібай. // Ақ жол.- 2009.- №45-46.-14наурыз.- Б.1.
Әлімжан, Қ.

Жамбыл еліне де, жеріне де тәнті болдық/ Қ. Әлімжан // Ақ жол.- 2009.- №97-98.-30мамыр.- Б.1.
Әлімжанова, Ғ.

Жәдігерлер –тарихтың көзі [Мәтін]: [Облыстық тарихи -өлкетану музейіне -80жыл] /Ғ.Әлімжанова// Ақ жол.- 2011.-№100-101.-14 маусым.-Б.3
Әлиев, Е. Жоғары рух қана ұлтты алға жетелейді /Е. Әлиев //Жамбыл –Тараз-2007.№2.-10 қаңтар. -2б.

Баққараұлы, Ә.

Аңыз қала, арман қала [Мәтін]: (Бірер жылдар Тараз келбеті өзгереді)/ Ә.Баққараұлы // Ақ жол.-2011.-№100-101.- 14 маусым.- Б.1
Бақтияр

Бас қаланың бас жоспары [Мәтін]: Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды // Ар-Ай.- 2010.- №4.- Б.1.
Бекен, М.

Әулиеата-Тараз қаласының тарихы/ М. Бекен // Қазақстан тарихы.- 2009.- №5.- Б.79-83.
Бектасова, Г.

Шағын қалалардың күні туатын шақ алыс емес/ Г. Бектасова // Түркістан.- 2007.- №48.-29қараша.
Бозымбаев, К.

Жасампаз Жамбыл жерінде [[Мәтін]: / К. Бозымбаев // Ақ жол.-2011.- №154-155.-8 қыркүйек.-Б.1-2
Дәуренбеков, К.

Бектөбе - орта ғасыр қаласы/ К. Дәуренбеков // Ақ жол.- 2008.- №46-48.- Б.5.
Досалы, Е.

Имандылық ордасы - елдің олжасы [Мәтін] / Е. Досалы // Ар-Ай.- 2010.- №40.-7қазан.- Б.1-2.
Досалы, Е.

Таразға тағзым [Мәтін] / Е. Досалы // Арай.- 2009.- №43.-22қазан.- Б.7.
Досалы, Е.

"Тарихи мұра - тарихи зерденің оқулығы...": ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мемлекет "Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи-мәдени қорық мұражайының дир. Тәкен Молдақыновпен сұхбат / Е. Досалы // Парасат.- 2009.- №10.-Б.20.-22.

Есаман, Х.

Тараз түні [Мәтін]: / Х.Есаман // Жамбыл Тараз.- 2011.- №19. -12 мамыр. – Б.7
Есаман, Х.

Ұлттығымыздың ұлы бөлшегі [Мәтін]: Мәдениет / Х. Есаман // Жамбыл Тараз.- 2011.- №16.-20сәуір.- Б.7.
Жанасыл, Ш.

Тұмарлы Таразды енді көресіз ... [Мәтін]: Келбет / Ш. Жанасыл // Жамбыл Тараз.- 2011.- №18.-7 мамыр.- Б.4-5.
Жаңбыршы, А.

Республикалық жарыс жалауы Таразда көтерілді [Мәтін]: Спорт әлемі / А. Жаңбыршы // Ақ жол.- 2011.- №63-64.-19 сәуір.- Б.6.
Жол картасының орындалу барысы туралы мәлімет// Жамбыл Тараз.- 2009.- №44.-5маусым.- Б.4.
Жүніс, Ә.

Гүлдене бер, аяулы мекенім менің!/ Ә. Жүніс // Ақ жол.- 2008.- 12тамыз.-Б.-4.
Жұмабек, С.

Ежелгі Тараз түлеп, түрлене бермек: "Тараз-2000" қоры іске кірісті / Сапарәлиев Жұмабек // Ақ жол.- 2002.- 19 ақпан.- Б.2.
Исахметұлы, Ж.

Бәйдібек би тамырлары [Мәтін]: / Ж. Исахметұлы // Жамбыл Тараз.- 2011.- №19. -12 мамыр. – Б.8-9
Кемелов, Қ.

Тараздың эколгиясы қайтсе жақсарады?/ Қ. Кемелов // Ақ жол.- 2008.- №172-173.-18қазан.- Б.3.

  1   2   3


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет