Ғылыми техникалық кітапхана анықтама библиографиялық және Әдістемелік бөлім білім және ғылым



жүктеу 0.62 Mb.
бет1/4
Дата24.04.2016
өлшемі0.62 Mb.
  1   2   3   4
: ntb -> doc
doc -> Қалыптасқан қазақстан- 2050 стратегиясы нұрлан темірбеков, Д. Серікбаев атындағы ШҚмту ректоры, профессор. Айқын да жарқын бағдарлама
doc -> Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан -2050 стратегиясы
doc -> «ҚАЗақстан-2050» стратегиясы
doc -> Исаак ньютон
doc -> Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан -2050 стратегиясы
doc -> -
doc -> Мазмұны: «НҰр отан» партиясы Доктринасының жобасы талқылануда
doc -> Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан- 2050 стратегиясы
doc -> «ҚАЗақстан-2050» стратегиясы стратегия «Казахстан-2050»
doc -> Қызылорда, 2013 ж. Дүниежүзілік көрме 2017
ҚОРҚЫТ АТА атындағы

ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



ҒЫЛЫМИ - ТЕХНИКАЛЫҚ КІТАПХАНА

АНЫҚТАМА - БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ

және ӘДІСТЕМЕЛІК БӨЛІМ

Білім және ғылым

жаңалықтары

Тақырыптық іріктелім

ЖЕЛТОҚСАН

(17- шығарылым )

2013жыл

Мазмұны:
Қызылорда облысының ғылымы, білімі және мәдениеті


1

Н. Дәуренбеков, Әлем әдебиетінің жауһары-«Шаһнама»: Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық-драма театрында республикалық жыр-дастан орындаушыларының фестивалі болып өтті// Сыр бойы.-2013.-7 желтоқсан.- 1 б.

3

2

Ж. Оралбаева, Бір туар дарын, дара тұлға: әдебиеттанушы-ғалым Мырзабек Дүйсеновтің 85 жылдығына арналады//Сыр бойы.-2013.-7 желтоқсан.- 1б.

4

3

Б. Токтаганов, Вчера в Кызылорде во Дворце студентов прошла республиканская научно- практическая конференщия, посвященная 85-летию известного литературоведа-ученого Мырзабека Дуйсенова //Кызылординские Вести.-2013.-7 декабря.-С. 3

5

4

Г.Жалғасова, Мәңгілік өмірді өнерден іздеген: Бүкіләлемдік философия күніне арналған іс-шара //Сыр бойы.-2013.-7 желтоқсан.-11б.

6

5

Ж. Оралбаева, Сыр елі мұрасын зерделеген: этнограф, өлкетанушы Тынышбек Дайрабайдың шығармашылық қызметіне арналған конференция//Сыр бойы.-2013.- 10 желтоқсан.- 2 б.

8

6

Г.Жалғасова, Дәстүрлі жырдың алтын арқауы: Сыр бойының жыршы-термешісі Алмас Алматов туралы //Сыр бойы.-2013.-16 желтоқсан .- 3 б.

9

7

Ә. Үмбет, Сыр жыраулары «Шаһнаманы» Сарыарқа төрінде шалқытты//Сыр бойы.-2013.-19 желтоқсан.-1 б.

11

8

Ж. Оралбаева, Құпияға толы сыр қойнауы: «Ежелгі және ортағасырлық Сыр өркениеттері» атты халықаралық тәжірибелік конференция//Сыр бойы.- 2013.- 21 желтоқсан.- 5 б.

13

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ қызметкерлері баспасөз беттерінде

9

Г.Талапбекова, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың эконмика және менеджмент кафедрасының меңгерушісі, Экономикалық тұрғыдан сенім артатын серпінді бағдарлама: сауалнамаға пікір //Халық.-2013.- 5 желтоқсан.-5 б.

14

10

Б.Кәрібозұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Сыр мәдениетінің қабырғалы қайраткері: этнограф Тынышбек Дайрабай //Сыр бойы.-2013.-7 желтоқсан.- 9 б

15

11

Б Әпенов, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-ң аға ғылыми қызметкері, Дін діңгегі – иманда//Сыр бойы.-2013.-10 желтоқсан.-2 б.

20

12

Қ. Құдайбергенов экономика ғылымдарының кандидаты: Салымшылар санасын сілкінткен сауал//Халық.-2013.-12 желтоқсан.- 4 б.

22

13

Қ.Бисенов,профессор, Жүзі жарқын, кеудесі кең болмыс: кәсіби жоғары деңгейлі маман Мұхатдам Серікбаев туралы //Сыр бойы.-2013.-19 желтоқсан. -3 б.

23

14

Қ. Омаров, Зарқұм:зобалаң-нәубеттің ең алғашқы құрбандарының бірі Зарқұм Қуанышұлы туралы дерек //Сыр бойы.- 2013.- 21 желтоқсан.- 10 б.

26

15

Б.Омар,Қорқыт Ата атындағы ҚМУ студенті, Еңбекпен ел көгерер: «Әйелдер – еліміздің ырысы, еңбектегі – тынысы» атты облыстық еңбекші әйелдердің форумы жайлы //Сыр бойы.- 2013.- 24 желтоқсан.- 3 б.

30

16

Ж.Әбенова, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-ң ғылыми-техникалық кітапхана-сының директоры, Ой толғақ, немесе ұрпақ қамы үшін не істеуге болады?//Сыр түлегі.- 2013.- №9, қараша-желтоқсан.- 3 б.

31

17

Р.Доспаева Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-ң ғылыми-техникалық кітапханасы-ның бөлім меңгерушісі, Кітапханадағы бір түн//Сыр түлегі. 2013.- №9, қараша-желтоқсан.- 5,7 б.

33

ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА – ЭКСПО-2017

18

А. Енсеген, Солнечная энергия: плюсы без минусов: о проекте, разработанный под ру­ководством профессора КГУ имени Коркыта Ата Ляззат Аруовой //Кызылординские Вести.- 2013.- 16 декабря.- С.4

36

Қызылорда облысының ғылымы, білімі және мәдениеті
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.

ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІНІҢ ЖАУҺАРЫ - «ШАҺНАМА»

Түркі өркениеті мен Оғыз мәдениетінің мәртебесіне айналған «Шаһнама» – қазақ халқының әдеби мұрасына қосылған құнды тәбәрік.

Сенбі күні Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық-драма театрында республикалық жыр-дастан орындаушылардың «Шаһнама» – Оғыз мәдениетінің жауһары» атты фестивалі болып өтті.

Жыраулар сайысын облыс әкімі Қырымбек Көшербаев өзінің құттықтау сөзімен ашып берді.

– «Сыр елі – жыр елінде» бүгіннен бастап «Шаһнаманың» музыкалық-эпикалық жаңа ғұмыры басталды. Ұлт мақтанышына айналған ұлы шығарма жырауларымыздың орындауында 48 дискіде 1000 дана болып шығарылып, мәдени мұрамызға қосылған тағы бір құнды дүние болмақ. Бұл бүкіл түркі халықтарына ортақ мәдени мұралардың кеңінен зерттелуіне тың серпін болары сөзсіз. Ежелгі өркениет ордасы – Сыр өлкесінде «Шаһнама» дастан - эпопеясының қайта жаңғырып, халқымен қайта табысқан күні баршаңызға құтты болсын! – деген аймақ басшысы, Тәуелсіздік күні қарсаңында елордасы Астанада «Шаһнаманың» ұлықталатынын айтты.

Атақты Фирдоуси жырлаған, тамыры бір түркі мәдениетіне ортақ қазына «Шаһнама» дастаны түркі халықтарының тарихын зерттеуде құнды әдеби еңбек болып табылады. Осы ұлы шығарманы қазақ тілінде сөйлеткен ақын Тұрмағамбет пен оған ұсыныс жасаған мемлекет және қоғам қайраткері, ұлт мәдениетінің жанашыры Темірбек Жүргеновтің Сыр перзенттері екені – зор мақтаныш.

Облыс әкімінің ұйытқы болуымен ұлы мұраның аудиоэнциклопедиялық антологиясын шығару идеясының авторы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жырау Алмас Алматов фестивальға келген жырауларды таныстырып өтті.

- «Шаһнама» – құдіретіңнің құндағы,

Шырай көрік салтанатың Сырдағы.

Тұңғыш рет «Шаһнаманы» мақамдап,

Сүлейлердің ұрпақтары жырлады – деп, еліміздің әр аймағынан келген, жыршылар Сардарбек Қожағұлов, Амандық Көмеков, Аманкелді Сәнкібаев, Бисенбек Төлеубаев, Сыр елінен Бидас Рүстембеков бастаған Құрманбек Бекпейісов, Майра Сәрсенбаева, Серік Жақсығұлов, Шолпан Бәйімбетова сынды жыраулармен қатар жас буын өнерпаздар да жырдан шашу шашты.

Сыр сүлейі, жыр жампозы Тұрмағамбет Ізтілеуұлының 34911 жолдан тұратын Шығыстың жеті алыбының бірі саналған Фирдоусидің «Шаһнамасы» еліміздің танымал 22 жыршыларының әдемі мақам-саздары арқылы орындалып, бүгінгі ұрпаққа баға жетпес тарту жасалды.

//Сыр бойы.-2013.-7 желтоқсан.- 1 б.
3

Жұмагүл ОРАЛБАЕВА

БІРТУАР ДАРЫН, ДАРА ТҰЛҒА

Кеше әдебиеттанушы-ғалым Мырзабек Дүйсеновтің 85 жылдығына орай Студенттер сарайында «Мырзабек Дүйсенов және қазақ әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Оны облыс әкімінің орынбасары Ақмарал Әлназарова қысқаша сөз сөйлеп ашты.

– Сыр өңірінен қазақ әдебиетінің небір тарландары шыққан,– деді ол. – Әбілда Тәжібаев, Асқар Тоқмағанбетов, Зейнолла Шүкіров, Қалтай Мұхамеджанов сынды ғалым-жазушылар қатарына Мырзабек Дүйсеновті де жатқызуға болады. Аса көрнекті ғалым қазақтың әдебиеттану ғылымына зор үлес қосты, жазушылықты да қатар алып жүрді. Оның қаламынан туған «Ана махаббаты», «Ант», «Меймандар», «Гүлжан сүйеді», «Үміт» және басқа туындылары кезінде өз оқырмандарынан жақсы баға алды. Қырық жыл бойы күнделік жазған бірден-бір қаламгер ретінде де оның есімі көпшілік арасында құрметпен аталады.

Облыс әкімінің орынбасары өз сөзінде филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзабек Дүйсеновті келер ұрпақ есінде мәңгі қалдыру мақсатында қаладағы №15 мектеп-гимназияға оның есімін беру жайында ұсыныстың жоғарыға жіберілгенін мәлімдеді.

Ғылыми-тәжірибелік конференцияда баяндама жасаған филология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚҰУ-дың профессоры Тұрсынбек Кәкішов ғалымның жеке тұлғасы, адамгершілік қасиеттері мен азаматтығын сөз етсе, филология ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ҰУ-дың профессоры Серік Негимов М.Дүйсеновтің ғылыми мұрасына, оның мәні мен маңызына жан-жақты тоқталды.

Өз қатарластарынан оза шауып, алғаш кандидаттық диссертация қорғаған Мырзабек Дүйсенов ғылымға ерте араласты. Ол қазақ-кеңес әдебиеті тарихының очеркін және қазақ әдебиеті тарихын жазуға белсене қатысқан әдебиеттанушы ғалым. Бірнеше әңгімелер жинағы, оннан астам повестің авторы болған қаламгердің ғылыми-танымдық эсселері мен зерттеу еңбектерінің өзі бір төбе.

Баяндамашылар Мырзабектің күнделігі іздесе таптырмайтын тамаша дүние екеніне тоқталды. Уақыт өте келе бұл күнделіктің шұқшия қарап, салыстыра тексеретін дерек-мағлұматтар қорына айналатыны сөзсіз. Оның күнделігі өзінің жанды сипаты, шыншыл баяндалуы, ажарлы жеткізілуі жағынан әдебиет тарихы үшін, мәдени өміріміз үшін таптырмайтын дүние болары хақ.

Конференцияға қатысқан ғалымдар біртуар тұлғаның ғылыми мұрасы, хикаяттарының көркемдік ерекшеліктерімен қоса ғалымның азаматтық, ұлтжандылық, адамгершілік қасиеттеріне тоқталды, өмір жолдарынан естеліктер айтты. Конференцияға қатысушыларға Мырзабек Дүйсенов жайында жазылған «Бекзат болмыс» атты кітап таратылды.

//Сыр бойы.-2013.-7 желтоқсан.- 1 б.

4

Болатбек ТОКТАГАНОВ,


Вчера в Кызылорде во Дворце студентов прошла республиканская научно- практическая конференщия, посвященная 85-ле тию известного литературоведа-ученого Мырзабека Дуйсенова.

Со вступительным словом передучастниками конференции выступила заместитель акима области Акмарал Альназарова:

- На древней земле Сыра родились многие литературные таланты, в частности, Абдилда Тажибаев, Аскар Токмагамбетов, Зейнулла Шукуров, Калтай Мухамеджанов, и в их ряду по праву стоит имя Мырзабека Дуйсенова, который показал себя не только исследователем казахской литературы, но и незаурядным писателем, чей литературный талант привлек внимание тысяч читателей. Произведения М. Дуйсенова «Любовь матери», «Клятва», «Надежда», другие романы и повести получили высокую оценку известных писателей и поэтов Средней Азии. В течение полувека наш земляк успешно трудился на литературном поприще, каждый раз радуя читателей высоко- художественными произведениями.

Было отмечено, что имя Мырзабека Дуйсенова отньне будет носить городская школа-гимназия № 15.

Участники конференции—доктор филологических наук, профессор Казахского национального университета им. Аль-Фараби Турсынбек Кокишев, доктор филологических наук, профессор Евразийского университета Серик Негимов — рассказали об особенностях литературного творчесгва М. Дуйсенова, его незаурядном писательском таланге, который привлек внимание многих людей.

Выступившие на конференции казахстанские ученые-литературоведы отметили, что произведения Мырзабека Дуйсенова интересны и всегда актуальны, привлекая внимание исследователей его таланта, а также широкого круга читателей.

Участникам конференции была роздана книга «Бекзат болмыс», которая рассказывает о литературном творчестве Мырзабека Дүйсенова.

//Кызылординские Вести.-2013.-7 декабря.-С. 3


5
Гүлжазира ЖАЛҒАСОВА



МӘҢГІЛІК ӨМІРДІ ӨНЕРДЕН ІЗДЕГЕН

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Философия және мәдениеттану» кафедрасы «Қорқыт. Мәңгілік өмір» тақырыбында университет білім алушыларымен Бүкіләлемдік философия күніне арнап іс-шара өткізді.

Жыл сайын қараша айының үшінші бейсенбісі Философия күні ретінде ЮНЕСКО-ға мүше 80-нен астам елде аталады. Басты мақсат философияны академикке, білім алушыға, көпшілік қауымға, философиялық ойлауға, сыни көзқарас пен пікірталасқа жаңа мүмкіндіктер ашуға ұмтылатын барлық адамға бірдей әрі жақын ету болып отыр.

Университетте өткен іс-шарада түркі халқының ортақ бабасы – Қорқыт атаның философиялық мұрасын білім алушылар арасында тереңдете насихаттау, Қорқыт дәуірін білу арқылы орта ғасырдағы өз тарихымызға нақты ғылыми философиялық көзқарас қалыптастыруға баса мән берілді.

Басқосуға қатысқан университет профессорлары мен оқытушылары тақырыптың өзектілігіне, өміршеңдігіне тоқталды. Философия және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі Оңғар Бермаханов шараны ұйымдастырудағы көздеген мақсаты туралы айтты. Қазақстан егемендік алғаннан кейінгі өтпелі дәуірде өзінің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін, саяси билігін әлемдік либералдық, демократиялық талаптарға сай қалыптастырып, бірақ алғашында еліміз бен мемлекетіміздің саяси-практикалық саласына баса назар аударуға мәжбүр болды. Осылай болғандықтан да Елбасы Н.Назарбаев аталған бағытты өзі жүргізіп отырған сындарлы саясатының негізі ретінде белгілеп, басымдық беріп отырды. Алайда, біз өтпелі дәуірден шығып қалыптасқан мемлекетке айналдық, болашақта жан-жақты дамуға мүмкіндік жасай алатын қуатты саяси-әлеуметтік құрылымға қол жеткіздік. Ендігі кезекте біздің дамыған мемлекеттердің қатарына қосылып, сапалы адами дамуымыз үшін рухани түрде қалыптасуымызға баса назар аударуымыз қажет. Отарлау саясаты кезеңінде біздің қазақ халқы көптеген құндылықтарынан көз жазып қалған. Тарихи сабақтастыққа, ұлттық құндылықтарымызға негізделген төл мәдениетімізге, рухани қазыналарымызға айтарлықтай соққы беріліп, әлсіреген. Оның ішінде орны толмас салалар да бар. Тарихи себептерге біздің өткен көшпенді шаруашылығымыз, жазу өнерінің тым кеш пайда болуы, бір ғасырдың ішіндегі салтымызды жойып жібере жаздаған тар жол-тайғақ кешулерді қосуға болар еді. Мұның өзі барлығын қосқанда өткен тарихымызды объективті зерттеп, бірізділікпен шынайы құрастыруға мүмкіндік бермеді, тарихымыз көпе көрнеу бұрмаланды. Осыған орай кеңестік-сталиндік идеологияның «жаңа адам жасау» жолындағы біздің тарихымызға тигізген зор апатын ерекше атауға болады. Қазіргі тәуелсіздік кезеңінде тарихымызға қайта оралу, алыс-жақын шет елдердегі шашырап жүрген тарихымызды жинақтап өткен өміріміздің объективті картинасын қайта қалпына келтіру жұмыстары ұлттық дамуымыздың кезекті алғышарты болмақ. Осы тұрғыдан алғанда Қорқыт

6

бабаның өмірі мен дәуірі, оның тарихи тағдырлары, біздің жаңа тәуелсіз тарихымыздағы алар орнын философиялық ой елегінен өткізіп белгілеу ерекше өзектілікке ие деп есептейміз.



Философия күніне орай университет студенттері арасында эссе жазуға конкурс жарияланған болатын. Осы күні сайыс қорытындыланып, жүлдегерлер марапатталды. «Қорқыт атаның өмір концепциясы», «Ажалмен арпалысқан адам», «Қорқыт. Мәңгілік өмір» тақырыптарын көтерген Сұлтанжан Жетесби, Салтанат Бақбергенова, Жансая Оңғар, Лаура Алпысбай, Ғалия Асан, Жанар Жүсіпованың шеберліктері арнайы сыйлықтарға лайық деп танылды. Көркемдік шеберлігі, шешендік өнері, философиялық мазмұны қабысқан эсселер шәкірттердің мәңгілік өмірді өнерден іздеген тұлғаның философиясын түсінгенін айғақтайды.

//Сыр бойы.-2013.-7 желтоқсан.- 11 б.

7
Жұмагүл ОРАЛБАЕВА,

СЫР ЕЛІ МҰРАСЫН ЗЕРДЕЛЕГЕН

Аптаның алғашқы күні Студенттер сарайында этнограф, өлкетанушы Тынышбек Дайрабайдың шығармашылық қызметіне арналған «Сыр өңірінің рухани әлемі: зерттелуі және келешегі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Конференция жұмысына облыс әкімінің орынбасары Ақмарал Әлназарова қатысты. Жетпіс деген асқаралы белесті бағындырып отырған өлкетанушы, жазушы Тынышбек Дайрабайға облыс әкімінің Құрмет грамотасын салтанатпен тапсырған әкім орынбасары мерейтой иесіне денсаулық, сәттілік, шығармашылық табыс тіледі.

– Өзінің еңбек жолын шағын автоклуб меңгерушілігінен бастаған Тынышбек ағаның өмірі көпке – үлгі, жастарға – өнеге,– деді облыс әкімінің орынбасары. – Аудандық, облыстық газеттерде шыңдалған журналистің қаламынан туған туындылар 11 жеке кітапқа топтастырылып, 19 жинаққа енген, 700-ден астам мақалалары республиканың түрлі басылымдарында жарық көрген. Оқырман ол кісіні Сыр еліндегі батырлар өмірі мен батырлық дәстүр, сүлейлер мен билер жайындағы құнды зерттеулері үшін де құрмет тұтады.

Ғылыми-тәжірибелік конференцияда тарих ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық ҒА-ның корреспондент мүшесі Берекет Кәрібаев, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың «Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми-зерттеу институтының директоры, профессор Бағдат Кәрібозұлы, Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Жандарбек Зікірия және басқа баяндамашылар Сыр мәдениетінің қабырғалы қайраткері Тынышбай Дайрабайдың журналистік шеберлігін, ғылыми-зерттеу еңбектерін саралап, оның азаматтығы мен туған жерін, елін сүйетін патриоттығына тоқталды. Қаламгердің Сыр өңірі тарихына қатысты жазған дүниелері өз алдына бір төбе екендігіне, өлкетанудың ұлт тарихындағы алатын орны мен маңызын ашып көрсететін мақалаларының өзектілігіне шолу жасалды.

Сыр бойында өмір сүрген сөз зергерлерінің шығармаларын жинау, зерттеу – Т.Дайрабай шығармашылығының ерекше қыры. 200 томдық «Сырдария» кітапханасының 22 томы ХІХ-ХХ ғасырда өмір сүрген Сыр сүлейлеріне арналса, осының 4 томының тұтас материалы Тынышбектің жазба қорынан алынған болатын. Бұл оның сырбойылық ақын-жыраулардың, сүлейлердің мұрасын көздің қарашығындай сақтауға жанашырлықпен атсалысқанын көрсетеді. Сонымен қатар ол Сыр еліндегі тарихи тұлғалардың өмір деректерін жинау мен зерттеу, кітап етіп жарыққа шығару ісінде де белсенді жұмыс атқарып келеді. Оның әр еңбегі дәйектілігімен, ғылыми сипаттылығымен ерекшеленеді.

Конференция барысында сөз алған Тынышбек Дайрабай кіндік қаны тамған жерде өзіне көрсетілген зор құрметке ризалық білдіріп, көпшілікке алдағы жоспарлары жайында әңгімеледі. Ғылыми-танымдық шараға келген тыңдармандардың сұрақтарына шын ықыласымен жауап берді.

//Сыр бойы.-2013.- 10 желтоқсан.- 2 б.

8

Гүлжазира ЖАЛҒАСОВА


ДӘСТҮРЛІ ЖЫРДЫҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Сахнаға Алмас Алматов бастаған Сыр бойынан келген жыршы-термешілер шыққанда, көрермен ерекше ықылас білдіріп жататынына талай рет куә болдық. Қазақ даласындағы жыраулық дәстүрдің бірден-бір қайнарынан сусындаған шәкірттер Алмас ұстазына жыр бастатқызып, өздері Нұртуған, Тұрмағамбет, Нартайдың мақамдарын төгілткенде көрермен залындағы рухы асқақтаған ағайын "әп, бәрекелді”, "әу де” деп, дем беруден жалыққан емес. Осындайда тарихи баянын сонау түркі дүниесінен алатын саф өнер оны тірнектеп жинаушылар мен тыңдаушылар барда ешқайда жоғалып кетпейтініне көзің жете түседі.

Алмас ағаның әкесі Нұрмақан қарияның қонақжай шаңырағы ел сыйлаған ақсақалдар мен есті әңгіменің кеніндей құймақұлақтар түсетін үй еді. Ол ескіше оқыған ғұламалар, молдалар мен мақсұмдардың сөзін тыңдап, қолына су құйған, кебісін қойып, батасын алған. Нәби, Сыдық жыраулардан кейін Машарап, Орақ, Шамшат, Әбдірәлі сияқты көшелі кісілердің көмейінен төгілген күміс жырға қанықты. «Қозы Көрпеш – Баян сұлуды» жаттаудан басталған құштарлық келе-келе Шораяқтың Омарының, Балқы Базардың жырларын түгелдей жадқа тоқуға ынталандырды.

Жеті атасынан жыраулық үзілмеген Кете Жүсіптің баласы Мұзарап жырауды көрді. Арабша, парсышаға сауатты жырау Машарап Әлиев өзі сияқты талапты балаларға киелі өнердің қыр-сырын үйретті. Сонау Жиенбай жыраудан бастау алған жыр бұлағының адуынды арнасы Көшенейді үлгі тұтты.

Жыр керуеннің көшбасшысы Алмас Алматовты қалың қазаққа, сырбойылықтарға таныстырып жату артық. Оның сахнаға шығып, терме-жырларды төгілтуі жыршылық дәстүрді жоғалтпау үшін жасап жүрген жанкешті еңбегінің бір парасы ғана. Ол жырауларды арнайы оқытып, кәсіби білім берудің, дәстүрлі мектептерді негізге ала отырып, тәрбиелеудің бастауында тұр.

"Жүз жыраудың Отаны” атанған Қармақшы топырағында туып-өскендіктен, мұғалімнің де, тракторшының да, егінші мен малшының да қолына домбыра алып, тамағын кенеп жыр бастағанын көзіміз көріп өсті. Бала көңілімізге бұл қалыпты құбылыс сияқты болып көрінетін. Сөйтсек олардың көкірегінде жыр бұлағы буырқанып жатқанымен, таланттарын ғылыми тұрғыда ұштай алмаған екен. Негізгі кәсіптері жыршылық өнермен әуесқойлық деңгейде ғана айналысуға мүмкіндік беріпті.

Алмас Алматов Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде 1998 жылдан бастап мемлекеттік стандартқа сай «Дәстүрлі музыкалық өнер» атты мамандықтың енгізілуіне, арнайы кафедраның ашылуына ұйтқы болып, жеті атасынан жыраулық үзілмеген сырбойылық талантты жастардың талабын ұштады. Алғашқы жырды атасы мен әкесінен естіген небір қыз-жігіттер жүрек қалауымен таңдаған мамандығы бойынша жоғары білім алып, бүгінде дәстүрлі өнердің

9

шаңырағына уық болып тігілді. Олар Сыр сүлейлерінен қалған мол мұраны тірнектеп жинаған ғалымдардың ізін жалғады. Асыл қазынаның сабақты жібіне дейін шашау шығармай жинауға атсалысты. Диплом жұмыстарына жыраулық өнердің зерттелмей жатқан тұстарын арқау етіп, кем-кетігін толтырды.



Он бес жыл ішінде дәстүрлі музыкалық өнер кафедрасы шәкірттерді дәстүрлі күй, дәстүрлі ән, дәстүрлі жырдың тұнығына бойлатты. Қазақтың ауыз әдебиетін фольклоршылар бойлай зерттегенмен, даңғайыр жыршылар жырлаған дастандар мен қиссалар, жырларды түгендеуде есеміз кеткен тұстар баршылық. Ізіне өзіндік мектеп тастап кеткен атақты жыраулардың мақамдары бүгінгі жас жыршылардың аузында жүргенімен, өз дауыстарының сақталмағаны жыраулық өнердің бір бүйірін қоңылтақсытып тұрады. Бірақ қолда барды ұқсатуда, жыраулардың кейінгі буынынан, балаларынан жазылып алынған жырларды мәңгілік мұраға айналдыруда Алмас Алматов сіңірген еңбек өлшеусіз.

Алмас жыраудың шәкірттерімен шетелдерге барып қазақ жырының құдіретін танытып жүруінің өзі бір бөлек әңгіме. Сырттағы көрермен айтылып жатқан жырдың не туралы екенін түсінбесе де, ішкі қуатын, мақамның әралуандылығын аса құрметтейді. Өздерінің ежелгі мәдениетін сақтап қала алмаған еуропалықтар жыраулық дәстүрді жоғары бағалайды.

Шәкірттерін жыраулық өнердің шырқау биігіне қанаттандырған Алмас Алматов "Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер”, "Мәдениет қайраткері”, "Білім беру ісінің үздігі” деген атақтарға ие болған. Қазір Қазақ ұлттық өнер университетінің дәстүрлі өнер факультеті, дәстүрлі ән-жыр кафедрасының профессоры.

Жыр керуені небір асыл қазынаны алдағы күндерге жеткізу үшін ертеңге бет алып барады. Сол керуеннің басында Алмас Алматовтай азаматтардың болуы дәстүрлі өнердің өміршеңдігіне кепіл.

//Сыр бойы.-2013.-16 желтоқсан .-

10



  1   2   3   4


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет