Филология ғылымдарының докторы, профессор Қ



Pdf көрінісі
бет1/12
Дата04.11.2019
өлшемі5.06 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY
MÁDENIET JÁNE SPORT MINISTRLİGİ 
JAŃA EMLE
oqý-ádіstemelіk qural
Nur-Sultan
2019
SHAISULTAN SHAIAHMETOV ATYNDAǴY «TİL-QAZYNA» 
ULTTYQ ǴYLYMI-PRAKTIKALYQ ORTALYǴY
TİL SAIASATY KOMITETİ

Қазақстан Республикасы 
Мәдениет және спорт министрлігі 
Тіл саясаты комитеті
Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» 
ұлттық ғылыми-практикалық орталығы
Жалпы редакциясын басқарған:
филология ғылымдарының докторы, профессор Қ.Күдеринова
Жауапты шығарушылар: 
филология ғылымдарының кандидаты А.Сейітбекова
филология ғылымдарының кандидаты С.Омарова
Пікір жазғандар:
филология ғылымдарының докторы, профессор Т.Аяпова
филология ғылымдарының кандидаты, доцент Қ.Сарекенова
Авторлары:
Қ.Күдеринова  –  ф.ғ.д.,  профессор,  Ш.
Қапантайқызы
  –  п.ғ.д.,  профессор,  С.Сапина  – 
ф.ғ.к,  Ж.Ағабекова  –  ф.ғ.к,  ассос.,  профессор,  З.Базарбаева  –  ф.ғ.д.,  профессор,  А.Фазылжа-
нова  –  ф.ғ.к,  А.Жаңабекова  –  ф.ғ.д,  Ж.Жұмабаева  –  ф.ғ.к,  А.Сейітбекова  –  ф.ғ.к,  Г.Мамыр-
бек – ф.ғ.к, А.Хабиева – ф.ғ.к, С.Кенжемұратова – ф.ғ.к,  Л.Еспекова – ф.ғ.к, Б.Ысқақова – ф.ғ.к, 
Б.Момынова – ф.ғ.д,    Қ.Қалыбаева – ф.ғ.д, Қ.Рысберген – ф.ғ.д., профессор, А.Алдашева – ф.ғ.д., 
профессор, Н.Әміржанова – ф.ғ.к, Қ.Есенова – ф.ғ.д, А.Әмірбекова – ф.ғ.к, А.Балабеков – ф.ғ.м, 
Д.Оспанова – ф.ғ.м, М.Бақытқызы, Е.Шынатай 
Жаңа емле. Оқу-әдістемелік құрал. – Нұр-Сұлтан, 2019. – 117 б.
Оқу-әдістемелік құралда жаңа әліпби мен емле ережелері бойынша дайындалған практика-
лық сабақтар және дәріс тезистері қамтылған. 
Бұл оқу құралы жаңа емлені меңгертетін оқытушыларға, әдіскерлерге арналған.
©   Ш.Шаяхметов атындағы 
       «Тіл-Қазына» ұлттық 
       ғылыми-практикалық орталығы

3
АЛҒЫ СӨЗ
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық 
мақаласында: «Латын әліпбиіне көшу ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және 
жаһандық әлемімен ықпалдасуға, ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық 
санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады», – деген болатын. Содан бері елімізде латын 
әліпбиіне көшуге байланысты ауқымды ісшаралар атқарылып, жаңа әліпбимен жазуға бет-
бұрыс жасалды, жаңа емле ережесін ел асыға күтті. 
ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл 
білімі институты әзірлеген «Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің  ережелерінің жо-
басын» ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов 
атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық-ғылыми практикалық орталығы (бұдан әрі –«Тіл-Қазына» 
орталығы)  ғылыми  орта  мен  жаппай  көпшіліктің  талқысына  салды,  түзету,  толықтыру, 
стандарттау жұмыстарын жүргізді, еліміздің түкпір-түкпіріне насихаттады. 
«Тіл-Қазына»  орталығының  атқарған  қыруар  жұмыстарының  нәтижесінде  көпшілік           
қауым жаңа жазудан хабардар болды. 14 қараша күні өткізілген жалпыхалықтық диктант-
та жұртшылық өз тілінің жаңа жазуымен бетпе-бет ұшырасты. Жазу реформасының мәнін 
түсінді. 2018 жылдың 6 желтоқсанында  қазақ жазуын латынға көшіруге байланысты Ұлт-
тық  комиссия  отырысында  «Жаңа  әліпби  негізіндегі  қазақ  тілі  емлесінің  ережелерінің           
жобасы» тыңдалып, мақұлданды. 
Емле ережелері – жазба тілдің орфографиялық нормаларын ұсынатын және тұрақтан-
дыратын, жаңа жазу мәдениетін қалыптастыратын ортологиялық еңбектердің ғылыми не-
гіздері мен басты қағидаттарын айқындайтын негізгі құжат. Қазақ жазуының бүгіні мен 
болашағы  үшін атқарылып жатқан шаралардың мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру-
дағы рөлі айрықша. Сондықтан алдымен республика көлемінде жаңа графикамен жазылған 
жазба тіліміздің жүйесін, емле нормаларының ғылыми негізін түсінген, таныған және оны 
өзгеге түсіндіре алатын білікті мамандар даярлау жұмыстары қолға алынуда. Осыған бай-
ланысты  «Тіл-Қазына»  орталығының  емле  ережелерін  ересектерге,  жаппай  көпшілікке 
түсіндіре алатын, меңгерте алатын білікті тренер мамандарды даярлауға арналған «Жаңа 
емле» атты оқу-әдістемелік құралын ұсынып отыр. 
Оқу-әдістемелік  құралды  әзірлеуге  еліміздің  білікті  тілтанушы,  әдіскер  мамандары           
қатысты. Құралда қазақ жазуын латын графикасына көшірудің мақсаты, жаңа қазақ әліпбиі 
таңдалуының қысқаша тарихы, жаңа қазақ әліпбиінің графикасы мен құрамы, бірге және 
бөлек, дефиспен, бас әріппен  жазылатын сөздердің,  тұрақты тіркестердің емлесі, шеттіл-
дік сөздердің орфографиялануы және орфоэпиясы туралы дәріс тезистері мен практика-
лық тапсырмалар жинағы берілді. Мұндай тақырыптар бойынша жүйеленген тезистер мен 
тапсырмалар жаңа әліпби мен емлеге қатысты  базалық білімдер мен дағдылар қалыптас-
тыратыны анық. 
Жаңа жазуды меңгеру барысында әрбір адамның алдында, ең алдымен, барынша жылдам 
әрі сауатты жазу және қарқынды оқу дағдысын қалыптастыру қажеттілігі туындайтыны 
белгілі. Сол себепті жаңа емлеге сәйкес түзілген тапсырмалар жүйесі, негізінен, жазылым 
және оқылым  дағдыларын  меңгертуге бағытталады.  Жазылым  тапсырмалары  қолдағды 
қалыптастыра  отырып,  емле  ережелерін  меңгертуге  көмектессе,  оқылым  тапсырмалары 
көздағды қалыптастыру арқылы қармап оқуға баулиды. Сонымен қатар оқылым тапсырма-
лары орфоэпия заңдылықтарын меңгерту мақсатын көздейді. Оқу-әдістемелік құралдағы 
тапсырмаларда таным әрекетінің деңгейіне сай, өз ішінде, емле ережесінің ғылыми негіз-
дерін білу, түсіну жаттығулары (есте сақтаңыз, анықтаңыз, астын сызыңыз, көшіріңіз, мән 
беріңіз, табыңыз т.б.),  қолдану мен талдау деңгейіндегі жаттығулар (жаңа қазақ жазуымен 
жазыңыз, орнына қойыңыз, бағандарға бөліңіз, топтастырыңыз, қатесін түзетіңіз, дұрыс-
тығын  тексеріңіз,  талдау  жасаңыз,  талқылаңыз,  түсіндіріңіз,  себебін  айтыңыз  т.б.)  және 

4
жинақтау,  бағалау  деңгейіндегі  жаттығулар  (жалғастырыңыз,  құраңыз,  құрастырыңыз, 
уәжділігін дәлелдеңіз т.б.) қамтылады. Тапсырмаларды жеке, жұппен және топпен орындау-
ға болады. 
Қазақ  жазуын  латынграфикалы  жаңа  әліпбиге  көшіру  мақсатындағы  тілтанымдық                
реформаның  сәтті  жүзеге  асуы  үйренушілердің  жаңа  әліпбимен  жылдам  жазу  және  оқу 
дағдыларын қалыптастыру мақсатымен тығыз байланысты.  Сондықтан ұсынылып отыр-
ған құрал мұндай алғашқы шаралардың тиімді жүзеге асырылуына,  жаңа әліпби мен емле 
ережелерін қалың жұртшылыққа меңгертуге арналған курс тренерлерін дайындауға, жаңа 
жазу  дағдыларын  өз  бетінше  игеруге  көмекші  болады.  Жинақ  материалдары  бойынша 
курстан өткен немесе ондағы тезистермен өзбетінше танысып, тапсырмаларды орындап 
шыққан тыңдаушы төмендегідей білім-біліктілігін арттырады:
- қазақ жазуының латын әліпбиіне өту шешімінің тарихи негіздемесі, жазудың ұлттық 
бірегейлікті, бұқаралық сананы қалыптастырудағы қызметі мен маңызы, тілдің жазба түрі 
мен ауызша түрінің айырмашылығы туралы іргелі, қолданбалы білім алады; 
-  жазу  мәдениеті  мен  емле  сауаты  мамандардың  жоғары  біліктілігінің  көрсеткіші                           
болатыны, қазақ тілінде жаңа графикамен жазу және ісқағаздарды жаңа әліпбимен жүргізу 
мемлекеттік тілдің мәртебесін бекітетіні және қазақтілді тұлғаның беделін арттыратыны 
туралы идеялармен қаруланады; 
-  жаңа  қазақ  әліпбиінің  графикасы  мен  құрамы  және  әріп-фонема  арақатынасы,  жаңа 
қазақ  әліпбиі  таңдалуының  қысқаша  тарихы,  қазіргі  айтылым  нормалары  мен  жазудың 
арақатынасы туралы жаңа білім алады;
- қазақ тілі емле ережелерінің басты және қосалқы ғылыми ұстанымдары, қазақ емлесін-
дегі дәстүр мен жаңашылдық, қазақ тілі емлесіндегі жаңалықтардың лингвистикалық не-
гіздері туралы білімдерін арттырады;
- қазақ тілі емлесіндегі дәстүрлі жазу мен жаңалықтардың, емледегі босаң нормалардың 
әрқайсысының ғылыми негіздері айқындалып, жаттығу, сұрақ-жауап, тапсырмалар түрін-
де меңгеріледі, тест, емтихан арқылы тексеріледі;
-  жаңа  емле  ережесіндегі  негізгі  нормалармен  танысады,  емлесі  қиын  сөздердің  емле 
уәжін меңгереді, оны ересек аудиторияға жеткізудің әдіс-тәсілдерін жинақтайды, тақырып 
бойынша сабақ беріп үйренеді;
- тақырыптарды жеңіл әрі тез үйретудің әдіс-тәсілдерін меңгереді;
- жаңа әліпбимен жылдам оқуға, сауатты жазуға машықтанып шығады.
Құрметті  әріптестер!  Жаңа  әліпбиіміз  бен  оның  емле  ережелерін  меңгеруде  көмекші 
құрал болады деген сенімдеміз.

5
1
QAZAQ JAZÝYN LATYN GRAFIKASYNA KÓSHİRÝDİŃ 
MAQSATY
ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА КӨШУДІҢ СТРАТЕГИЯСЫ, 
ҰЛТ БОЛАШАҒЫ ҮШІН МӘНІ
Қазақ жазуын латын графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру арқылы реформалау  
Қазақстан  тәуелсіздік  алған  ХХ  ғасырдың  90-жылдарынан  бері  көтерілген  идея  болды. 
Мұны  алғаш  академик-ғалым,  филология  ғылымдарының  докторы,  профессор  Әбдуәли 
Туғанбайұлы Қайдар айтты. Тілтанушылардың бұл мәселені алғаш болып қоғам алдына 
тартуының басты себебі әліпби реформасының ең алдымен тілдің болашағы үшін қажеттілі-
гінен туындады. Қазақ жазуы бір ғасырда бірнеше рет әліпби ауыстырды: 1929 жылы араб 
графикасынан латынға, 1940 жылы латыннан кирилге көшті, ХХІ ғасырда кирилден қайта 
жаңа латынға ауысып жатыр. Осы жазулардың барлығында қазақ жазуы дыбыстық-әріптік 
жазу сипатын сақтады, яғни бұл жазу бойынша «бір дыбысты бір әріппен» таңбалау прин-
ципі негізіндегі әліпби тиімді болып саналады. Алайда кирилл графикасындағы 42 әріптің 
болуы  қазақ  тіліндегі  төл  28  дыбыстың  таңбасынан  бөлек  шеттілдік  сөздерге  арналған             
14  таңбаның  артықтығымен  ерекшеленді.  Бұл  –  шеттілдік  сөздердің  жазуда  ұлттық  тіл 
жүйе сі бойынша игерілу тетіктерінің тоқтап қалуына әкеп соқты, себебі осы әріптер орыс 
сөздерінің қазақ мәтіндерінде орыс орфография лық ережелеріне сәйкес жазылуына қыз-
мет ету үшін әдейі әліпбиге енгізілді, сол сияқты шеттілдік сөздер айтылуында да қазақша-
ланбайтын болды. Сөйтіп, 70 жылдан астам уақыт бойы және Кеңестік құрылыс құлап, ел 
тәуелсіздік алғаннан кейін де бұл процес тер инерция күшімен тоқтаған жоқ. Бүгінгі күнге 
дейін әсіресе ғылыми сананы қалыптас тыратын қазақ тілінің лексикалық қабатында тер-
миндік сипаттағы сөздер негізінен орыс тілінің заңдылығымен оқылып, жазылады. Мұн-
дай  үдеріс  тілдің  бірте-бірте  калькаланып  өзіндік  ерекше  сипатынан  айырылуына  әкеп 
соқтырады. Тілдің сырт әсерді игеру құралдары мен тетіктерінің «тот басып» тоқырауы-
на, сол тілде сөйлейтін ұлт өкілдерінің жалқаулығына, соңында тілдік нигилизмге ұрын-
дырады. Осы құбылыстарды түсінген ғалымдар әліпби реформасының қажеттілігін алға 
тартты.  Сөйтіп,  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Болашаққа 
бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында жаңа әліпбиге көшуге саяси 
шешім шығарылды. Бұл қазақ мемлекетінің стратегиялық дамуы үшін аса маңызды қадам 
болып саналады. Себебі тіл тәуелсіздігін қамтамасыз ететін жаңа әліпби тілдің ішкі имму-
нитеттік ресурстарын қайта қалпына келтіреді, сөйтіп ұлттық тілдің шеттілдік әсерді иге-
руінің жазудағы тетіктері қалпына келген тіл ұлттық сананы қалыптас тырып нығайтушы 
әмбебап құрал ретіндегі қызметін толық атқара бастайды. Ұлттық сана – ұлттық бірегей-
ліктің негізі, ұлттық бірегейлік – унитарлы мемлекеттің өзегі, мемлекеттің өміршеңдігінің 
маңыз ды параметрі. Демек жаңа әліпби реформасы – мемлекеттің стратегия лық дамуы-
ның аса маңызды үдерісі.
Сонымен латын графикасына көшудің стартегиясы мынадай болмақ:
- қазақ тіліне шет тілінен орыс орфографиясы бойынша енген сөздердің жазудағы тұр-
паты  өзгереді;  олар  бұрын  түпнұсқа  принципі  негізінде  таңбаланса,  енді  түпнұсқа  және 
фонетикалық принциптердің үйлесімі негізінде таңбаланады, яғни ұлттық жазу жүйесіне 
сәйкес игеріледі;
- егер ғылыми сананы қалыптастыратын ғылыми стильдегі мәтіндерде кеңінен қолда-

6
нылатын терминдік сөздердің дені тек орыс орфографиясы бойынша жазылатын сөздер-
ден құралса, латыннегізді әліпбиде олар қазақ тілінің орфографиялық ережелеріне сәйкес 
жазылатын болады. Бұл ғылыми сананың ұлттық өзегінің күшеюіне септігін тигізеді;
- бұған дейін негізі донор тіл орыс тілі болса, жаһандану үдерісінің әсерімен бірте-бірте 
осы рөлге ағылшын тілі де орнығатыны ақиқат, олай болса жаңа әліпби негізіндегі емле 
ережелерінде ағылшын тілінен енген сөздерді игерудің тетіктері қалыптастырылады;
- кирилнегізді әліпби бойынша қалыптасқан емле ережелеріндегі бүгінге дейін толық 
немесе дұрыс кодификацияланбаған кейбір тілдік бірліктердің орфограммалары реттеледі;
- жаңа әліпбимен берілген қазақ мәтіндерінің халықаралық жазба кеңістігіндегі таны-
малдылығы, тартымдылығы арта түседі, себебі латын жаһанияттың әліпбиіне әрі «сапа» 
концептісінің репрезентантына айналып отыр.
Ұлттық сана – барлық элементтері (саяси сана, құқықтық сана, тарихи сана, эстетикалық 
сана, тілдік сана т.б.) ұлттық тілде қалыптасқан белгілі бір ұлттық-этникалық қауымдас-
тықтың рухани даму деңгейін, ерекшеліктері мен мазмұнын сипаттайтын дүния уи және діни, 
әлеуметтік, экономикалық, ахлақтық т.б. көзқарастардың жиынтығы. Ал ұлт көзқараста-
рының жиынтығы жазу арқылы қалыптасады, жүйеленеді, жинақталады, ұрпақтан-ұрпақ-
қа  жеткізіледі.  Сондықтан  да  ұлттық  сананы  қалыптастырудағы  жазудың  рөлі  ерекше. 
Мұны тарихтың мысалынан анық көруге болады, әдетте ұлттық жазу жүйесі ерте дамыған 
мемлекеттер халықаралық қауымдастықта экономикалық, әлеуметтік дамуы жағынан да 
жетекші орынды иеленген.
Сондықтан қазақ жазуын латын графикасына көшіруді, ең алдымен, ұлттық бірегейлікті 
қалыптастыру тұрғысынан қарастыру керек. Көптеген халық үшін жазу ұлттық мәде ниет 
пен бірегейлікті танытатын маңызды элементтің бірі екенін тарих дәлелдеді. Бірқатар ел-
дің,  соның  ішінде,  Түркияның  тәжірибесі  көрсеткендей,  жазуды  ауыстыру  бірегейліктің 
қалыптасуына шешуші себеп болды. Сондықтан жаңа ұлттық әліпбиге негізделген жаңа 
графика ескіліктің кері әсері мен кеңестік отаршылдық салдарынан етек жайған «бодан-
дық сана» стереотиптерінен арылуға, тәуелсіз елдің «бостан санасының», заманауи жаңаша 
ойлау жүйесінің қалыптасуына мықты түрткіжайт болары сөзсіз.
Кеңестік тоталитарлық саясаттың салдарынан қазақ тілін тұтынушылардың санасында 
кирилл әліпбиіне негізделген қазіргі қазақ жазуында орыс тілінен енген кірме сөздерді еш 
өзгеріссіз қабылдау және өзіндік айтылым нормасына бейім демеу сияқты теріс стереотип-
тердің қалыптасуына себеп болды. Бұл қазақ орфографиясы мен орфоэпиясын «қосамжар-
лық» дағдарысына, сондай-ақ қазақ сөйленісіндегі үндесім қағидасының бұзылуына, яғни 
тек сөзде не сөз тіркесінде ғана емес, бүтін сөйлем құрамында ғасырлар бойы тілдік сөй-
леністің эстетикалық дыбысталу категориясын қалыптастырған дыбыстық үндесім, син-
гармонизм заңдылығының бұзылуына әкеп соқтырды. 
Профессор  Нұргелді  Уәли:  «Қазақ  орфографиясы  да  сиям  егіздері  сияқты  қосамжар                 
орфография болып шықты. Қазақ мәтіндерінде қазақша жазылатын сөздер мен бөтен тіл-
дің бөркін киген сөздер аралас-құралас жүр», – деген болатын. Осылайша, өзге тілден енген 
кірме сөздердің ұлттық мәнеріне бейімделудің тілдік тетігі (механизмі) көптеген жылдар 
бойы  сыртқы  тілдік  емес  факторлардың  күші  арқылы  тежеліп  отырды.  Жаңа  графикаға 
көшу жобасы осы стереотип мәселесін шешіп, өзге тілден енген кірме сөздердің тілге бейім-
делу тетігін өз күшіне енгізуі тиіс. Оның нәтижесі қазақ әдеби жазба тілінің ұлттық негізде 
дамып, мәдениетінің қайта өркендеуіне септігін тигізеді. 

7
Ауызша тіл мен жазба тіл ұғымдары  
Жазу-сызу  білетін  адам  мен  қара  танымайтын  адамның  ойлауы  мен  сөйлеуінен  өзге-
шелік бірден байқалады. Адам кішкентай кезінен отбасы, үй ішінде, ауыл, аула айналасы, 
қоғамдық орындарда (көлік, дүкен, асхана т.б.) ауызекі тілді меңгеріп, ал теледидар, радио, 
мәдени  орындардағы  сөйленістерден  әдеби  тілде  сөйлеуді  аздап  естіп  өседі.  Ал  мектеп-
ке барып, сауатын ашқаннан кейін жазуды пайдаланып, біреуге жеткізетін ойын хат, қол-
хат арқылы немесе іштегі ойын сөйлем, мәтін (шығарма, әңгіме) құрау арқылы білдіреді. 
2-сынып тан бастап жазба тіл жүйесін меңгере бастайды. 
Бала 7-8 сыныпқа келгенге дейінгі белгілі авторлардың көркем шығармаларын оқып, 
мазмұндап, ойды көркемдеп жеткізетін құралдарды қалай пайдалануды зердесіне тоқып, 
санасына елес түрінде сіңіргеннен кейін енді өзі осы елесті пайдаланып, белгілі бір мотиві 
бар ойын сыртқа көркемдеп жеткізу дәрежесіне жетеді (шығарма түрінде). Сондықтан 6-7-8 
сыныпта  еркін  тақырыптағы  шығармашылықтың  жоғары  деңгейі  көрінеді.  Оқушылар 
сезіміне әсер еткен кез келген құбылысты көркемдеп, әсірелеп жеткізуге төселе бастай-
ды (көркем әдебиет стилі). Жас кезеңде балалардың көркемдік сезімін ояту негізгі мақсат                
саналады.  9-11  сынып  бағдарламасы  шығарманың  авторы,  кейіпкері,  оқиғасының  өту 
дәуіріне талдау жасауға ауысады. Бала енді сезіміне әсер еткен мотивті әсірелеп жеткізуді 
емес, оның себебін іздеуге шығады. Сөйтіп, шығармасында салқынқандылық, саналы ой 
көріне бастайды (публицистикалық стиль). Бала мектепті осы үрдісте аяқтайды да, кейін 
ЖОО-да лекция, семинар есебінен өз мамандығының терминологиясымен танысып, жеке 
салаға маманданады (ғылыми стиль). Ал жұмысқа орналасқанда қызмет бабындағы ресми 
сөйлеу, ресми ісқағаздар стилін меңгереді. Сонда тіл ауызша және жазба болып бөлінеді. 
Ауызша тіл ауызекі сөйлеу тілі (отбасы, аула т.б.), бейтарап әдеби тіл (БАҚ тілі, шешен-
дік сөз, дәріс, жиналыс), ресми тілі (мектеп бағдарламасы, ғылыми конференция, жина-
лыс сөзі т.б.) бөлінеді. Жазба тіл жазба ауызекі тіл (хат, қолхат, интернет тілі) және жазба 
әдеби тілге (көркемсөз, шаршысөз, ғылыми сөз, іскери сөз стилі) ажырайды. Сонымен тіл-
ді меңгеру деген ауызекі сөйлеу тілінен жазба әдеби тілге қарай (әсіресе ғылыми, ресми 
ісқағаздары) қиындай түседі. Ол, ең алдымен, жазу жүйесінің күрделілігінен шығады. 
Қазіргі айтылым нормалары мен жазудың арақатынасы
Қазақ  тілі  өзге  де  түркі  тілдері  тәрізді  жалғамалы  тілдердің  қатарына  жатады.  Сон-
дықтан да әртүрлі лексика-грамматикалық амалдардың барлығы дерлік сөз тудырушы, сөз 
түрлендіруші қосымшалар, сөздердің тіркесуі мен бірігуі арқылы жасалады. Сөздің түрлі 
қосымшалармен түрлену барысында түбір мен қосымшаның жігінде, ырғақты сөз топта-
ры компоненттерінің аралығында әртүрлі дыбыстық құбылыстар пайда болады. Әсіресе 
түбірдің қосымшалардағы дыбысқа, керісінше, қосымшалардағы дыбыстардың түбірге ти-
гізер әсер-ықпалы ерекше болады. Алайда жазу тәжірибесінде дыбыстық құбылыстардың 
бәрі бірдей ескеріле бермейді. Тілдік жүйеге, оның дыбыстық құрылым жүйесіне орфогра-
фияның  сәйкес  болуы  қажет.  Сонда  ғана  тілдің  жазбаша  және  ауызша  түрлері  бір-біріне 
кереғар болмайды. Алайда мұндай талап тілдің жазбаша және ауызша түрінің айырмасын 
мүлдем жойып, ерекшелігін елемеу деген сөз емес. Жазба тіл ауызша тілдің хатқа түскен 
жай ғана көшірмесі емес. Ауызша сөйлеу интонация, сөздердің ерекше мәнермен айтылуы, 
ой  екпіні,  эмфазалық  құбылыс  т.б.  толып  жатқан  дыбыс  заңдылықтары  болады.  Олар-
дың бәрін бірдей жазуда таңбалау мүмкін емес. Тіл тарихында ондай жазу болған да емес. 
Бернард Шоудың «Иә деп айтудың елу түрлі, жоқ деп айтудың бес жүз түрлі тәсілі бар, ал 
оларды жазудың амалы біреу-ақ» деген сөзі осы орайда айтылған. Қой, түн, жаз тәрізді сөз-

8
дердің айтылуы мен жазылуында айырма жоққа тән. Бірақ тілімізде көптеген сөздердің  
айтылуы мен жазылуы бір-бірімен сәйкес келе бермейді. Тілдік қарым-қатынасқа түскенде 
тіл бірліктері сөз ағымында білгілі бір орфоэпиялық заңдылыққа орай бір-бірімен ұласа 
айтылып, бір-біріне ықпал жасап, әртүрлі фонетикалық өзгеріске ұшырайды. Ал осындай 
жүйені  елемей,  тілдік  дыбыстарды  әріптер  түрінде  өзгертпей  айтсақ,  сөздің  дыбысталу-
дағы тұтастығы,  үндесімі мен үйлесімі бұзылады. Сөйлеуде дыбыстардың бір-біріне әсер 
етіп, ықпалын тигізіп, ұласа айтылуы – мәнді фонетикалық құбылыс. Бірақ аса маңызды 
бола тұра, бұл құбылыстың бәрі бірдей жазуда еленбейді. Өйткені жазу – «жүгіртіп» оқуға 
жеңіл, қабылдауға қолайлы болуы қажет. Жазудың мақсаты сөздің айтылуы мен дыбыста-
луын дәлме-дәл көшіру емес. Жазу қандайда болмасын белгілі бір ойды, сезімді хабарлай-
ды. Егер қоралы ат, төреге ерсең, тоналарсың дегендерді айтылуынша жазсақ [қоралат] 
па, [қоралы ат] па, [төрөгөрсөң, тоналарсың] әлде [төре көрсең, тон аларсың»] ба? ақпа-
ратты  қабылдауды  күрделендіре  түсер  еді  де,  артық  энергия  жұмсауға  тура  келеді.  Сон-
дай-ақ (бірғанатты гөрдү) дегенді  адресат «бір ғана атты көрді», «бір қанатты көрді» деп, 
әртүрлі ұғынуы мүмкін. Сондықтан сөз ішіндегі, тіркес шеніндегі дыбыстардың бір-біріне 
тигізер позициялық, комбинаторлық әсер-ықпалын ескермей, дыбыстардың фонематика-
лық мәнін сақтап жазу мәтінді қиындықсыз, кедергісіз оқуға мүмкіндік береді. Сондықтан 
жазба тілдің өз заңдылығы бар. Ол – орфография. Ауызша тілдің өз заңдылығы бар. Ол – ор-
фоэпия. Бүгіндегі мәселе осы ауызша тіл мен жазба тілдің екі басқа жүйе екенін танымау-
дан, не мойындамаудан туып отыр. Тілдің бар заңдылығы тек орфография деп қана түсіну 
мәселені одан сайын қиындатты. Орфоэ пия мүлде қалыс қалды. Тіпті қазақ тілінде орфоэ-
пия жоқ, қалай жазылса, солай оқылады дегенге салып, ауызша тілдің сазы бұзылғанын 
көрмейтін дәрежеге жеттік. Жастар тілінде жазба тілдің дыбыстық бірліктерінен бастап, 
лексика-грамматикалық ерекшеліктерді бір етіп жіберген қолданыстар көбейді. Қазіргі қа-
зақ тілінің орфоэпиялық сөздігі 2005 жылы соңғы нормаларын көрсетсе де, бұл еңбек пай-
даланылмайды.

9
2
JAŃA QAZAQ ÁLİPBIİNİŃ FONOLOGIALYQ NEGİZDERİ 
ӘЛІПБИ, ГРАФИКА, ОРФОГРАФИЯ
Әліпби.  Әліпби  дегеніміз  –  белгілі  бір  жазуда  қолданылатын,  белгіленген  тәртіппен 
орналасқан әріптердің жиынтығы. Н. Уәлидің анықтауынша, әліпби дегеніміз белгілі бір 
фонемалардың жазудағы өкілі болып табылатын әріптердің жай ғана жиынтығы емес, со-
нымен қатар сол әріптерден түзілген жазуда оқудың кілті болып табылады. Әліпбидің құра-
мындағы әріптер арқылы оның ұлттық сипаты көрінеді. Кирилл графикасына негізделген 
әліпбидің құрамында төл сөздерді таңбалайтын әріптермен бірге шеттілдік сөздерді таңба-
лайтын әріптер (ф, ц, ь, ъ, э) жазуда қатар жұмсалды. Ал қазақ тілінің фонологиялық жүйе-
сінде тоғыз дауысты а, ә, ы, і, е, о, ө, ұ, ү және он жеті дауыссыз б, г, д, ж, з, и, к, л, м, н, ң, п, р, с, 
т, у, ш фонема бар. Бұдан төл сөздерді таңбалайтын әріптермен қатар шеттілдік сөздерді 
таңбалайтын әріптердің де жазуда қатар қолданылғанын көруге болады. Қазіргі латын гра-
фикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиінде  32 әріп бар: a, á, b, d, е, f, g, ǵ, h, і, ι, j, k, l, m, n, ń, 
о, ó, р, q, r, s, t, u, ú, v, у, ý, z, sh, ch. 
Зерттеушілердің  пікірінше,  әліпбидегі  әріптердің  саны  фонемалардың  санына  тәуелді 
болуы керек. Нақты айтқанда жазу теориясы бойынша белгілі бір тілдегі фонемалардың 
саны мен әліпбидегі әріптердің саны тең болуы керек, яғни бір әріп бір фонеманы таңба-
лауы  тиіс.  Бірақ  ешбір  ұлттың  жазуында  фонемалардың  саны  мен  әліпбидегі  әріптердің 
саны тең келе бермейді. Мысалы, ағылшын тілінде 46 фонема және жиырма алты әріп бар. 
Ал кирил графикасына негізделген қазақ әліпбиінде әріп пен фонемалардың арасында ал-
шақтық барын көруге болады. Жазу типологиясы бойынша әріптердің саны фонемалар-
дың аздау болуы керек. 
Орфография (гректің орфос – дұрыс, түзу және графия – жазу деген сөздерден алынған)  
– жазба тілде пайдаланылатын біркелкі жазудың тарихи қалыптасқан жүйесі. Біркелкі жазу-
ды қамтамасыз ететін ережелер жүйесін жасайтын және зерттейтін тіл білімінің саласы. Ор-
фография тiлдiң белгiлi бiр даму кезеңiндегi жазба тiлдiң нормаларын айқындайды, оның 
негiзгi бөлiмi дыбыстарды /фонемаларды/ әрiппен белгiлеу мәселесiмен айналысады. Ды-
быс пен әрiп бiр-бiрiмен тығыз байланысты. Себебi дыбыс ауызша тiлдiң материалы, әрiп 
– жазба тiлдiң материалы. Жазуды белгiлi бiр жүйеге салып отыру үшiн орфография үлкен 
қызмет атқарады. Сонымен қатар орфография фонемаларды әріппен таңбалауды, сөздерді, 
оның бөлшектерін бірге, бөлек немесе дефис арқылы жазуды, бас әріптердің қолданылуын, 
тасымал тәртібін белгілейді. Нақты айтқанда, орфография жазба мәтіннің белгілі бір стан-
дарт құрылыммен ұйымдасуына, ортақ жазу тәртібін құруға, сөздерді дифференциялауға 
көмектеседі (сөздерді бірге/бөлек/ дефис арқылы жазу, кіші/бас әріп). Жаңа латыннегізді 
әліпбидің қабылдануымен орфографияда да біраз өзгеріс болатыны белгілі. Мысалы, шет-
тілдік сөздердің орфографиясында, біріккен сөздердің орфографиясында және т.б.  
Графика. Жазба тілдің ережелері мен заңдылықтарын тіл білімінің графика және ор-
фографиясы қарастырады. Графика жазу және оған қатысты мәселелерді қарастыра оты-
рып, әріп пен дыбыстың арақатынасын да қамтиды. Графика – тіл дыбыстарын жазуда таң-
балайтын шартты белгілер жиынтығы. С.Мырзабековтың айтуынша, графика белгілі бір 
жазуға қатысты барлық амалдың жиынтығы, әріп пен дыбыстың арақатынасы, сол әріп 
таңбаларды жетілдірудің жайы. 
Графика  ұғымы  фонемдік  жазумен  байланысты  қолданылады.  Мұндай  жазуда  әліпби, 
графика  және  орфография  сияқты  ұғымдар  орайласып  жатады.  Графема  –  тілдің  графи-
калық жүйесіндегі ең кіші бірлік. Дыбыстық тіл мен жазба тілдің ең шағын тұлғалары –                

10
фонема мен әріптің арасындағы күрделі қатынас жазу теориясында графема деген жаңа бір 
ғылыми ұғымның пайда болуына себеп болды. Графема дегеніміз таңбалаушы (фонема) 
мен таңбаланушының (әріптің) бірлігі болып табылады. 
Жазба тілдің жалпы графикалық және графемдік ерекшеліктері бар. Жалпы графикалық 
ерекшелікке  мәтіннің  парақ  бетіне  орналасуы,  азатжол,  көз  тынысы,  (үлкен  ашық  жол), 
қаріп түрлері (майлы, ашық, көлбеу әріп), үздікті жазу, асты сызылған жазу, қаріп түсі жа-
тады. Графикалық ерекшелікке сол жазба тілдің қолданып отырған графикасы, әріп саны, 
әріп тіркесі, әріп диакритикасы, тыныс белгілер жатады. Графемдік ерекшелікке әліпбидегі 
әріп мәндері, графеманың мазмұн межесі мен тұрпат межесі, тілдің фонологиялық құрылы-
мының графемаларға сәйкес келуі, бір әріптің бір не бірнеше фонеманы, бір не бірнеше фо-
неманың бір графемаға сәйкес жазба тілдің оқылу және жазылу жүйесі жатады.
Түркі тілдерінің латыннегізді әліпби тәжірибелері
Түрік  әліпбиі.  Латын  графикасы  негізіндегі  түрік  әліпбиі  1928  жылғы  1  қарашада 
№1353 «Түрік әріптерін қабылдау және қолдану туралы заңымен» енгізілді. Түрік тілінде                                         
8 дауысты, 21 дауыссыз дыбыс бар. Әліпбиде 29 әріп, алтауы жасанды таңбалармен беріл-
ген: ç, ğ, ı, ö, ş, ü. Кірме сөздердегі «а» дыбысының созылыңқы немесе жіңішкертіп айтылатын 
тұстарында a, u, ı әріптерін жіңішкерту үшін ^ таңбасын қолданады. Түрік тілінің емлесі-
не келер болсақ, 90 жыл ішінде емле анықтағышы осы кезге дейін 27 рет түзетіліп жарық 
көрген. Түркияда «Емле ережесін әзірлеу, жазу және жариялау» Түркия Республикасы Ата 
заңының 134-бабы бойынша 1932 жылы құрылған Түрік тілі қоғамының құзыреттілігіне 
берілген. Түрік тілі емле ережелерінің тіл дамуындағы әртүрлі факторларға байланысты 
қазақ тілі ережелерімен ұқсас тұстары да, өзіндік айырмашылықтары да бар. Түрік емлесі 
негізінен  тарихи-дәстүрлі  принципке  сүйенеді.  Алайда  ережелер  ішінде  морфологиялық 
та,  фонематикалық  та,  фонетикалық,  түпнұсқа  бойынша  жазу  принциптері  де  кездеседі. 
Негізгі ережелерін салыстырып, мысалдар келтірер болсақ, бірге жазылатын сөздер атау-
ға айналған және тұтасып бір мағынаны беретін сөздер бірігіп жазылады: akkuyruk (шай), 
altınbaş (қауын); koçboynuzu (қошқармүйіз). Ал şeker pancarı (қант қызылшасы), dağ elması 
(тау алмасы), аrap sabunu (араб сабыны), el sabunu (иіс сабын) сияқты күрделену барысында 
ешбірінің немесе екінші сыңарының мағынасы өзгеріске ұшырамаған күрделі сөздер бөлек 
жазылады. Бұл біздің тіліміздегі алма ағашы, қант қызылшасы, қол сағат, қабырға сағаты 
сынды сөздердің жазылу ережелерімен сәйкес келеді.
Жалпы түркі халықтарының латын графикасындағы әліпбиге көшу кезеңінде және емле 
әзірлеу барысында қиындық тудырған ең басты екі мәселенің бірі кірме сөздердің (шет-
тілдің сөздердің) жазылуы болса, екіншісі – күрделі сөздердің жазылуы. Түрік халқы жаңа 
әліпбиге көшкен кезде араб әліпбиіне үйренген қоғам қарсылығы болса да, ол тілге біздің 
тіліміздегідей  орыс  тілі  әсері  болмаған  еді.  Сондықтан  да  шеттілдік  сөздерді  жазғанда, 
біздің қоғамдағыдай «ю-ды, я-ны қалай жазамыз?» деген дау болмады. Десек те, 1925-30 
жылдары араб-парсы текті сөздерден арылып, түріктену мақсатында бірінші латын әліпбиі-
не көшсе, ондағы екінші мақсат түрік тілінде еркін қолданысқа еніп кеткен терминдерінің 
баламаларын табу және оларды жаппай қолданысқа енгізу болатын. Ол үшін ескі, тарихи 
шығармалармен жұмыс істелді. Ал қолданыстағы батыс тілдерінен енген сөздер түрікше 
айтылуы және түрік тілі сөздерінің тұлғаларына сәйкес игерілді. Оны мына мысалдардан 
көруге болады: bilardo (бильярд), festival (фестиваль), manevra (манёвр), milyar (миллиард), 
simetri (симметрия), morfem (морфема).
Қазақ тілінің жаңа емле жобасында дефис арқылы жазылатын уеб-сайт, экс-министр сөз-
дерінің түрік тіліндегі көрінісі басқаша. Яғни олар экс сөзінің «ескі» деген түрікше балама-
сын қолданатын болса, екінші «уеб» сөзімен келетін сөздерді жазуда түпнұсқаға сүйенеді: 
eski bakan, web sitesi. Ал жалқы есімдердің жазылуына келер болсақ, түрік тілінде араб, пар-
сы, грек, орыс тілдеріндегі кісі айтылуы бойынша жазылады. Латынтекті жалқы есімдердің 
бір тобы классикалық латын әліпбиіндегі кейбір әріптердің түрік әліпбиінде жоқтығына 

11
қарамастан,  түпнұсқасына  сәйкес  жазылады.  Мысалы,  Molière,  Shakespeare;  Rio  de  Janeiro. 
Ал бұрыннан қалыптасқан жалқы есімдер түрікше дыбысталуына сай жазылады: Şarlken, 
Atina, Londra, Lüksemburg т.б. Бұл әдіс түрік тілінде тарихи принцип негізінде сақталып тұр 
десек те, қазіргі түрік тілшілерінің пікірінше, мұндай екіұштылыққа жол бермеген жөн. 
Әзербайжан әліпбиі. 1991 жылы Тәуелсіздік алған Әзербайжан халқының латын графи-
касына көшудің қажеттілігі мынадай сипатта болды:
- латын жазуымен өркендеп өсіп жатқан Түрік мемлекетінің мәдениетіне, экономикасы-
ның дамуына бет бұру керек деген сияқты көзқарастар күшейді;
- әзербайжан тілінің өз ішінде де диалектілік тармақтар мен айырмашылығы бір-бірінен 
алшақ сөйленістердің болуы жалпыға ортақ басым әдеби тілдің қалыптасуына кедергі жа-
сады. Ал бұл өз кезегінде жазуды реформалау үшін қажетті алғышарттың бірі еді;
-  1991  жылы  25  желтоқсанда  Әзербайжан  Республикасының  Президенті  А.Муталибов 
«Латын  графикасы  негізіндегі  әзірбайжан  әліпбиін  қалпына  келтіру  туралы»  Заңға  қол 
қоя ды. Бұл Заң бойынша Әзербайжанда 1940 жылға дейін қолданылған 32 әріптен тұра-
тын латын графикасындағы әліпби азын-аулақ өзгерістермен қалпына келтіруді ұйғарды. 
Әзербайжан тілінің жаңа әліпбиінде 32 әріп және бір апостроф бар. 9 дауысты және 26 
дауыссыз дыбыс бар. 
Дауысты дыбыстар: a, u, o, ı, ə, e, ö, ü, i
Дауыссыз дыбыстар: b, c, d, g, ğ, j, q, l, m, n, r, v, y, z, p, ç, t, k, x, h, ş, k`, f, x`, s.
Әзербайжан ғалымдары латын әліпбиіне көшудегі артықшылықтарын былай деп көрсетеді:
- латын графикасы әзербайжан тілінің дыбыстық қорындағы фонемаларды белгілейді, 
ал орыс графикалы жазу әзербайжан тілінде жоқ, бірақ орыс тілінен енген сөздердегі бөтен 
фонемаларды да таңбалайды;
- латын графикасына көшкен кезде түркітілдес басқа халықтар да латын әліпбиін қабыл-
даған болатын, сондықтан түркі әлеміне ортақ жазу ортақ ақпарат алмасуға қолайлы болды;
- графемалық жүйесі ықшам әрі қолайлы болғандықтан, әзербайжан тілінен сауат ашу 
процесі жеңілдеді;
- жастар мен сауда адамдары латын әліпбиін тез үйреніп алып, оның таралуын қолдап 
отырды;
- латын әліпбиіне ауысу көптеген орыстілді әзербайжандықтардың ана тілін үйренуін 
тездетті;
- көршілес мемлекет Түркияның ресми әрі коммерциялық телеарналары Әзербайжан-
да  еркін  көрсетілетіндіктен,  латын  графикасы  негізіндегі  бейнеақпарат  легі  әліпбидің 
игеріліп, қолданылуына оң әсерін тигізді.
1991-2001 жылдар аралығында мынадай шаралар жүзеге асырылды:
- 90-жылдардың басынан 2001 жылға дейін республиканың баспа жұмыстары екі әліпби-
де (кирилл және әзербайжан) қатар жүрді;
- ең бірінші орта білім беретін мектептің бірінші сыныбы мен басқа сыныптары латын 
графикасында білім алды;
- 5-6 жылдың ішінде барлық ісқағаздары кезең-кезеңімен жаңа әліпбиге көшірілді;
- осы аралықта барлық мемлекеттік мекемелер латын жазуына көшірілді.
  Сөйтіп,  латын  графикасына  көшу  кезеңінің  соңында  Әзербайжан  Республикасының  
Президенті Г. Әлиев 2001 жылдың 18 маусымында «Мемлекеттік әзірбайжан тілін қолда-
нуды  жетілдіру  туралы»  Жарлық  шығарады.  Процестің  аяқталғанының  белгісі  ретінде                           
Республика Президентінің 2001 жылдың 9 тамызындағы «Әзербайжан тілі мен әзірбайжан 
әліпбиінің күнін өткізу туралы» Жарлық қабылдайды.
Өзбек әліпбиі. Тәуелсіздік алғаннан кейін, елдің толыққанды дамуын және жаһандық 
ақпараттық  жүйеге  қол  жеткізудің  қолайлы  жағдайларын  ескере  отырып,  1993  жылдың 
2 қыркүйегінде Өзбекстан Республикасының Президенті «Латын әліпбиін енгізу туралы» 
Заңға қол қойып, 31 әріптен тұратын әліпбиді бекітеді: A a, B b, C c, D d, E e, F f, G g, H h, I 
i, J j, K k, L l, M m, N n, O o, Pp, Q q, R r, S s, T t, U u, V v, X x, Y y, Z z, Ç ç, Ğ ğ, Ɉ ɉ, Ñ ñ, Ö ö, Ş ş. Қа-
былданған бұл әліпби екі жылдан кейін қайта қаралып, 1995 жылдың 6 мамырында жаңа 

12
Жарлық шығады. Жарлықта Ç ç, Ş ş, Ğ ğ, Ö ö, Ñ ñ, Ɉ ɉ әріптерінің орнына Ch ch, Sh sh, Gʻ gʻ, Oʻ 
oʻ, Ng ng, J j әріптері енгізіледі. Қабылданған өзбек әліпбиі диграфтық және апострофтық 
жүйеге негізделген. Екі дыбыстың таңбасы апостроф белгісі арқылы берілген: O’o’, G’g’. Ал 
өзбек тіліндегі ң, ч, ш таңбалары үшін қосар диграфтар алынған: Ng ng, SH sh, Ch ch. Кирилл 
жазуындағы Ёё әрпі Yo yo, Юю әрпі Yu yu, Яя әрпі – Ya ya тіркесімдері арқылы берілді. Ал ки-
рилл әліпбиіндегі э әрпі латынның e әрпіне алмастырылды. Цц әрпі сөздің ішіндегі орнына 
қарай ts тіркесімімен және Ss әрпімен алмастырылды. 
Қарақалпақ әліпбиі. 1993 жылы латын графикасына негізделген Өзбек әліпбиінің жо-
басы бекітілгеннен кейін, 1994 жылдың ақпан айында қарақалпақ елінде латын әліпбиіне 
негізделген әліпби жобасы бекітілді. Бұл әліпбидің жоба түрік тілінің әліпбиіне ұқсас келді. 
Аа, Ää, Bb, Dd, Ee, Ff, Gg, Ğğ, Hh, Xx, Ιι, İi, Jj, Kk, Qq, Ll, Mm, Nn, Ňň, Oo, Öö, Pp, Rr, Ss, Şş, Tt, Uu, 
Üü, Vv, Ww, Yy, Zz. 
Алайда  бұл  жоба  1995  жылы  қайта  қаралып,  әліпби  жобадан  диакритикалық  таңба-
лар алынып тасталды. Диакритикалық таңбалардың орнына диграфтар мен апострофтар 
алынды. Аталған әліпби жобасы былайша көрініс тапты: Аа, Aʽaʽ, Bb, Dd, Ee, Ff, Gg, Gʽgʽ, Hh, Xx, 
Ιι, İi, Jj, Kk, Qq, Ll, Mm, Nn, Nʽnʽ, Oo, Oʽoʽ, Pp, Rr, Ss, Tt, Uu, Uʽuʽ, Vv, Ww, Yy, Zz, Sh, sh. 
Қарақалпақ  тілін  зерттеушілердің  пікірінше,  әріптің  жанында  апострофтың  қойылуы 
сөзді тануды қиындатып, олардың аражігін алшақтатып жіберген. Сөздің тұрпаты бұзылып, 
компьютермен басқанда сөздердің арасы бір интервалдан тұрды және әріп пен апостроф-
тың  арасына  да  бір  интервал  қойылды.  Апострофтың  әріптің  жанында  қойылуы  жазуда 
үлкен қиындық тудырды. Нәтижесінде Жоғары кеңесте тілші мамандардың, көпшіліктің 
пікірі есепке алынып, емле ережелеріне біраз өзгерістер енгізіледі. 
1. 2009 жылдың 8 қазанында бекітілген емле ережелері бойынша сөз басында келетін 
дауысты о, ө, е дыбыстары wo, wó, ye қосар әріппен емес, бұрынғы дәстүрлі норманы сақтап 
жеке таңбамен /о/, /ó/, /е/ берілетін болды.
2. Қарақалпақ тіліне тән (A’a’, O’o’, Ι’i’, U’u’, G’g’, N’n’) дыбыстарды таңбалайтын апостроф 
белігісі алынып, әріптің үстіне акут белгісі қойылып өзгертілді: Áá, Óó, Úú, Íι, Ńń, Ǵǵ.
3. Қазіргі таңдағы қысаң дауысты Ι’i’ дыбыстың апострофы алынып тасталып, /Íι/түрін-
де таңбаланды. Яғни бас әрпі /Í/ акутпен таңбаланса, кіші әрпі /ι/акутсыз таңбаланды. Сон-
да қазіргі қарақалпақ әліпбиі төмендегідей болды: Аа, Áá, Bb, Dd, Ee, Ff, Gg, Ǵǵ, Hh, Xx, Íι, Ιі, Jj, 
Kk, Qq, Ll, Mm, Nn, Ńń, Oo, Óó, Pp, Rr, Ss, Tt, Uu, Úú, Vv, Ww, Yy, Zz, Sh sh, Cc, Ch ch.
Осымен байланысты төмендегідей жеке әріптердің емлесі бекітілді:
-  /е/  әрпі  кірме  сөздерде  дара  е  түрінде  жазылды.  Мысалы,  ekonomika,  elektr,  estetika, 
estrada, ekran.
- қарақалпақ тілінде /u/ әрпі usta, ultaraq, bulaq сияқты төл сөздер мен universitet, jurnal, 
galstuk сияқты кірме сөздерде келеді.
- /i/ әрпі төл сөздерде /ıy/, /iy/ түрінде ажыратылып жазылды: tıy, sıy, qıyın, kiyim, kiyik
Кірме сөздерде бір әріппен таңбаланды: institut, cirkul,continent, chempion, prezident, predikat.
- /w/ әрпі де /uw/, /úw/, /ıw/, /iw/түрінде ажыратылып жазылды: suw, quwraq. Сөздің 
алғашқы буынында /uw/, /úw/, кейінгі буындарда /ıw/, /iw/қосар әріптері келген. Мыса-
лы, jazıw, basqarıw. Ал дауыстылардан кейін және сөз басында жеке /w/ әрпі жазылды: wáj, 
wade, qawın, sawda, altaw.  
Сөз ішінде қатар келетін дауыстылардың емлесі төмендегідей берілген:
- ia: diagnoz, material, pianino;
- io: radio, biologia, million;
- ai: mozaika, novokain, Ukraina;
- oi: alkaloid, ellipsoid;
- ea, eo: teatr, okean, laureate, teorema, video;
- ae, oe: aerobus, aerodrom, poema, poeziya;
- oa: oazis, kinoaktyor;
- ie: klient, dieta;
- iu: notarius, presidium;
- ao: kakao;

13
- ee: reestr, teleekran;
- oo: kinooperator, kooperaciya.
Әліпбидегі әріп пен фонема қатынасы 
Дыбыс, фонема және әріп үшеуі үш түрлі. Фонема (грек сөзінен phōnēmа – дыбыс, дауыс) 
дегеніміз – қазіргі теориялық тіл білімінің негізгі ұғымдарының бірі. Ал оның дыбыстан 
айырмашылығы неде? Сөз ағымында әртүрлі дыбыстар айтылады, олардың айтылу түрі 
көп, шегі жоқ, бірақ олар орайласып, бір дыбыс типін құрайды, оны біз фонема дейміз. Со-
нымен фонемаға мынадай анықтама беруге болады: тілдің ең шағын функционалды бірлігі, 
сөз мағынасы мен сөз тұлғасын ажырататын және оның құрамында болатын дыбыс типі. 
Фонемалар мағына айқындау жағынан жұп-жұбымен қосарланып, бір-біріне қарама-қарсы 
қойылады, сонда оның негізгі қасиеті, ерекшелігі анықталады. 
Егер бір позицияда, бір дыбыстың орнына басқасы жүрмей, сөздің мағынасын өзгертіп 
жіберсе, бұл дыбыстар екі фонеманың көрінісі ретінде танылады. Осындай қасиет [а] мен 
[y] дауысты дыбыстарының арасында байқалады: qar деген сөзде [a] дыбысын [y] ауыстыр-
са, qyr деген жаңа сөз пайда болады. Кез келген нақтылы бір фонеманы әркім өз бетінше 
өзгертіп, басқаша жасай алмайды. Өйткені ол белгілі артикуляциялық орында пайда болу 
сапасы ғасырлар бойы қалыптасқан табиғи, тұрақты нәрсе. Алайда фонемалар бір-бірінен 
тек жасалым-айтылым ерекшеліктерімен ғана ажыратылмайды, олар морфемалар мен сөз-
дерді белгілей отырып, сигнификативтік (мағына ажыратушы) қызмет атқарады. Мысалы, 
qal мен mal сөздері тек бірінші дауыссыздар арқылы ажыратылып тұрса, qal мен qol деген 
сөздерде мағынаны екінші дауыстылар айырып тұр.
Әріп – фонеманың таңбасы. Адам екінші біреуге өзінің ойын жазу арқылы да білдіреді. 
Мұндайда өз ойын түсіндіру үшін, жеке фонемаларға арналып алынған әріптік таңбалар 
арқылы  қағаз  бетіне  түсіріп,  сөз,  сөйлем  құрайды.  Яғни  фонема  көзге  көріну  үшін  оны 
таңбалайды. Әріп фонеманың таңбасы болғанымен, оның тілдегі дыбыстардың санымен 
бірдей болуы шарт емес. Әдетте барлық дамыған тілдерде әріптердің саны дыбыстардан 
кем болу керек. Қазақ тілінде керісінше болған. Мысалы, дамыған француз және ағылшын 
тілдерінде 35, 44 фонема бар. Бұл фонемалар 26 латын әрпімен беріледі. Сондықтан ла-
тын графикасына көшудің практикалық мәні зор. Оқушыға 26 латын әріптерін жаттауға 42             
кирилл әріптерінен гөрі оңайырақ болады. 32 әріппен жазуы қиын болмайды. 
Жазу сөйлеу дыбыстары арқылы таңбалануымен берілетіні белгілі. Дегенмен, әріптер ды-
быстарға дәлме-дәл сәйкес келуі мүмкін емес. Жазу үшін ең маңыздысы ойдың мазмұнын 
сақтау  болып  табылады.  Сондықтан  жазудың  бірінші  нұсқалары  сөздің  дыбыстық  жағын 
мүлдем көрсете алмады. Жазу тарихын еске түсірсек, ол сызбадан басталып, кейін ғана даму 
үдерісіне байланысты, адам сөйлеудің жазбаша түрін дыбыспен байланыстыруға ыңғайлы 
екендігін түсінді, себебі бұл жағдайда көп мәлімет беруге және хабар жеткізуге болады.
Жазуда дыбыстардың барлық түрінің берілуінің дәлдігі талап етілмейді, тек типтік ды-
быстарды  (фонемаларды)  беру  өте  маңызды.  Жазбаша  және  ауызша  сөйлеу  формалары 
арасындағы нақты арақатынас емле ережелер арқылы және ұлттық әліпби негізінде бел-
гіленеді. Сөйлеу тілі ұлттық жазудың бірлігін сақтауға бағытталған.
Әріп,  дыбыс  мен  фонеманың  дұрыс  ажыратылуы  тек  сөйлеу  тілі  мен  жазу  теориясын 
зерттегеннен  кейін  ғана  мүмкін  болды.  Мұндай  зерттеулер  жақында  ғана  пайда  болды.                
Қазақ  тілінің  материалында  қалыптасқан  фонема  теориясы  лингвистикалық  заңдарды 
дұрыс бағалауға және әріптердің фонемалық мәндерін ескеруге мүмкіндік берді.
Барлық тілдерде ортақ бірнеше әмбебап ережелер бар: әліпбидегі әр таңбаның өзіндік 
мағынасы  болуы  керек  және  ол  басқа  таңбалардан  ерекшеленуі  тиіс,  әліпбиде  қосымша 
әріптер болмауы керек, олардың функциялары басқа таңбалармен қайталанбау керек, ұлт-
тық емле тілдің табиғатына сәйкес болуы керек және басқа тілдердің ережелерін өз тіліне 
бейімдемеу керек.

14
3
JAŃA QAZAQ ÁLİPBIİNİŃ GRAFIKASY MEN QURAMY
ЖАҢА ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІ ТАҢДАЛУЫНЫҢ ҚЫСҚАША ТАРИХЫ
Ұлт көшбасшысы – Елбасы 2017 жылы сәуір айында жарияланған «Болашаққа бағдар: 
рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында жаңа қазақ әліпбиіне кезең-кезеңімен 
көшу бойынша нақты шешімдерін көрсетіп, латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиінің 
біртұтас стандартты үлгісін әзірлеуді тапсырды. Содан кейін тілтанушы ғалымдар мен IT 
мамандарының арасында жаңа қазақ әліпбиінің бірқатар жобалары әзірленді. Нәтижесінде 
Елбасына жаңа әліпбидің үш нұсқасы ұсынылды. 
2017 жылы қыркүйек айында әзірленген алғашқы әліпбиде қазақ тілінің төл дыбыстары 
диграфпен таңбалармен берілді.
Диграфты таңбалар: әе – ә, oe - ө, gh - ғ, ng - ң, ch - ч, sh - ш, zh – ж.
Диграфпен таңбаланған сөздер: жәдігөй (7 таңба) – zhaedigoej (10 таңба), жәшік (5 таңба) 
– zhaeshik (8 таңба), жаңғақ (6 таңба) – zhangghaq (9 таңба), мүшәйра (8 таңба) – mueshaejra 
(10 таңба). 
2017 жылы 27 қазанда әзірленген келесі әліпбиде қазақтың төл дыбыстары апостроф-
пен таңбаланды.
Апострофты таңбалар: а᾿, o᾿, i᾿, y᾿, u᾿, g᾿, n᾿, s᾿, c᾿. 
Апострофты  таңбалар  арқылы  әзірленген  әліпби  QWERTY-пернетақтаcының  26  әрпі-
не  бейімделген  болатын.  Тілтанушылар  апострофтардың  көзшалымға  және  қолдағдыға                 
қолайсыздығы жайында мақалалар жариялап, дәйекті пікірлерін білдірді. Қазақ тілі өзінің 
тұрпаты жағынан агглютинативті тілдерге жатады, яғни түбір сөзге жұрнақтар мен жалғау-
лар  үндесіміне  сәйкес  жалғанады.  Апостроф  белгілері  әріптер  арасында  босаралық  қал-
дырып, тұтас мәтінді екі есеге ұзартып, мәтінді теру мен оқу барысында белгілі бір қиын-
дықтар тудырды. Мысалы: 
S’oq ag’as’; qon’yr ai’y’; s’an’sorg’ys’; ko’zboi’ay’s’ylyq; jaso’spirim; M.A’y’ezov atyndag’y A’debi’et 
ja’ne O’ner i’nsti’ty’ty. 
Жалпы қазақ тілінің төл дыбыстарын алмастырған диграфтар мен апострофтар жазу-
дың үнемділігіне қайшы келді және қазақ әліпбиінің ұлттық ерекшелігін көрсетпеді. Осы-
лайша бұл жоба қайта түзетуге жіберілді.
ҚР БҒМ А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғалымдары ұлттық әліпби-
дің негізгі критерийлерін белгіледі: 
- «бір дыбыс – бір таңба» ұстанымына орай әрбір таңбаның бір ғана оқылым үлгісі болуы 
қажет;
- диакритикалық таңбалар да мейлінше аз болуы қажет және олар қазақ тілінің фоноло-
гиялық жүйесін толық көрсетуі керек;
- әліпбиде диграфтар, триграфтар болмауы керек, себебі олар жазуды үнемдеу принципі-
не қарсы шығады;
- латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің ұлттық бейнесі болуы керек;
- латын графикасына негізделген әліпби жаңа сөздерді, мәтіндерді оңай оқуға, жазуға, 
ұғуға ыңғайлы болуы тиіс.
2018 жылы 20 ақпанда жаңа қазақ әліпбиінің нақты нұсқасы бекітілді. Бұл әліпбиде диа-
критикалық акут белгілері пайдаланылды: á (ә), ó (ө), ú (ү), ǵ (ғ), ń (ң), ý (у) және екі диграф 
sh (ш), ch (ч).

15
Дауысты дыбыстар:
a (a), á (ә), e (е), o (о), ó (ө), y (ы), i (і), u (ұ), ú (ү)
Дауыссыз дыбыстар: б (б), g (г), ǵ (ғ), d (д), j (ж), z (з), ı (й), k (к), q (қ), l (л), m (м), n (н), ń 
(ң), p (п), r (р), s (с), t (т), ý (у), sh (ш), ch (ч). 
Жаңа қазақ әліпбиінің тәртібі мен құрамы
Жаңа қазақ әліпбиі 32 таңбадан тұрады. Оның ішінде ә, ө, ү әріптері акут арқылы беріл-
ген: á, ó, ú. Ал дауыссыз дыбыстардың ішінде мына әріптер акутпен берілген: g – ǵ, n – ń, 
у – ý.
Жаңа қазақ әліпбиінің тәртібі осы күнгі ағылшын әліпбиінің тәртібіне сәйкес жасалған. 
Оның себебі әліпби тәртібінің қосалқы қызметі – цифр қызметін атқару. А-ға 1 саны, В-ға   2 
саны, С-ға 3 саны сәйкес келеді. Бірақ қазақ әліпбиінің бұдан бір ерекшелігі – А-дан кейін Ә 
таңбасының тұруы. Сондықтан біздің цифрлар ағылшын әрпінің ретін сақтағанмен, өзіндік 
ерекшелігіне ие. А әрпіне 1 саны, Ә әрпіне 2 саны сәйкес келеді. Ал қосар әріптер әліпбидің 
соңғы жағында тұрады: sh, ch. Яғни жеке дара әріптер оқылғаннан кейін, таныс әріптерді 
қосақтау арқылы меңгеріледі. Жаңа қазақ әліпбиінің кемшілігі – с әрпі әліпбиде жоқ, бірақ 
ch қосар әріпте кездеседі. Әліпбиде 32-әріп болып тіркелген.
Әліпбидегі әріптер атауы мен дыбысталуы
Жаңа қазақ әліпбиіндегі әріптердің атауы дауыстылар негізгі реңкімен дыбысталады. 
Ал дауыссыздар жуан қысаң езулікті тіркейді. Яғни, b [by], d [dy], f [fу], g [gi], ǵ [ǵy], m [my], 
n [ny], р [рy], q [qy], t [ty], һ [hy], s [sy], v [vу], z [zy], sh [shy], ch [chу]. Бірақ k және g әріптері 
жіңішке i дауыстысын қосып, [ki], [ǵy] деп дыбысталады. Бұдан басқа әріптердің алдынан 
келіп дыбысталатын әріптер бар. Олар: l [yl], r [yr], уń [уń],  i [iι], ý [uý]. 
Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі

Әріптер
Әріптердің 
дыбысталуы

Әріптер
Әріптердің 
дыбысталуы
1
Аа
[а]
17
Ńń
[yń]
2
Áá
[á]
18
Оо
[о]
3
Bb
[by]
19
Óó
[ó]
4
Dd
[dy]
20
Рр
[рy]
5
Ее
[е]
21
Qq
[qy]
6
Ff
[fу]
22
Rr
[yr]
7
Gg
[gi]
23
Ss
[sy]
8
Ǵǵ
[ǵy]
24
Тt
[ty]

16
9
Hh
[hy]
25
Uu
[u]
10
Ii
[i]
26
Úú
[ú]
11

[iι]
27
Vv
[vу]
12
Jj
[jy]
28
Yy
[y]
13
Kk
[ki]
29
Ýý
[uý]
14
Ll
[yl]
30
Zz
[zy]
15
Mm
[my]
31
Sh sh
[shy]
16
Nn
[ny]
32
Ch ch
[chу]
Дауысты дыбыстарды таңбалайтын әріптер:
A [а]
Á [ә]
Е [е]
Y [ы]
І [і]
О [о]
О́ [ө]
U [ұ]
Ú [ү]
Дауыссыз дыбыстарды таңбалайтын әріптер:
Bb 
[by]
Dd 
[dy]
Ff 
[fy]
Gg 
[gi]
Ǵǵ 
[ǵy]
Hh 
[hy]
Iι 
[iι]
Jj  
[jy]
Kk 
[ki]
Ll 
[yl]
Mm 
[my]
Nn 
[ny]
Ńń 
[yń ]
Рр  
[py]
Qq 
[qy]
Rr 
[yr]
Ss 
[sy]
Тt 
[ty]
Vv 
[vy]
Ýý 
[uý]
Zz 
[zy]
Sh sh 
[shy]
Ch ch 
[chy]
1-tapsyrma. Jańa álіpbımen jazyńyz.
Кирилл
Латын
Бір мысал /сөз шенінде келу заңдылығы бойынша
СӨЗ БАСЫНДА СӨЗ ОРТАСЫНДА СӨЗ СОҢЫНДА
Ә
Ғ
Х
И
Ң
Ө
Қ
Ү
У
Ш
Ч

17
2-tapsyrma. Berіlgen sózderdі kóshirip oqyńyz.
Arba, baılyq, dáýlet, gúl, ǵasyr, hat, jospar, kúmis, qujat, qadam, maqtanysh, mórtańba, dastarqan, 
tabıǵat, kelisim, shańyraq, báıterek.
3-tapsyrma. Tómendegі mátіndі kóshіrіp jazyńyz.
Til – halyqtyń altyn dińgegi. Ár halyq aldymen óziniń týǵan tilin bilýi kerek. Óıtkeni halyqtyń 
danalyǵy, jyrlary, shejiresi sol halyqtyń tilinde jazylady. Til – qaı ultta bolsa da qasterli, qudiretti 
uǵym. Ol ár adamnyń boıyna ana sútimen birge enip, qalyptasady. Til – halyqtyń jany, tutastaı keskin-
kelbeti, bolmysy. Ár halyqtyń, ulttyń qurmet tutar óz ana tili bar. Meniń ana tilim – qasıetti qazaq 
tili. Qazaq tili – túrki tilderiniń ishindegi eń taza ári baı til. Qazaq tili – Qazaqstan Respýblıkasynyń 
memlekettik tili. Ana tili – jan dúnıemizdiń aınasy, ósip-ónip túrlene beretin, máńgi qulamaıtyn 
báıteregi.
4-tapsyrma. Toptyq jumys. Óleń joldaryn oqyp, jańa álіpbımen jazyńyz.
Úsh bаqytym
 Muqаǵаlı Mаqаtаev
1-топ
2-топ
3-топ
Eń bіrіnshі bаqytym – Hаlqym 
menіń,
Soǵаn  berem  oıymnyń  аltyn 
kenіn.
Ol bаr bolsа, men bаrmyn, qor 
bolmаımyn,
Qymbаttyrаq 
аltynnаn 
nаrqym menіń.
Аl  ekіnshі  bаqytym  –  Tіlіm 
menіń,
Tаs 
júrektі 
tіlіmmen 
tіlіmdedіm.
Keı-keıde  dúnıeden  túńіlsem 
de,
Qаsıettі tіlіmnen túńіlmedіm.
Bаqytym bаr úshіnshі – Otаn 
degen,
Qudаı  degen  kіm  dese,  Otаn 
der em!
...Oty  sóngen  jаlǵаndа  jаn 
bаrsyń bа?
Oılаnbаı-аq  kel-dаǵy  ot  аl 
menen...
                          

18
4
QAZAQ TİLİ EMLE EREJESİNİŃ JOBASY
Орфографиялық ереже. 
Орфографиялық нормалардың жазба тілді реттеудегі 
қызметі мен маңызы. 
Қазақ тілі емлесінің жаңа ережелері: құрылымы, жаңалығы
1. Емле (орфографиялық ереже) дегеніміз не? Орфографиялық норма дегеніміз не? Жаз-
ба тілді реттеудің маңызы қандай? 
Емле дегеніміз – ауызша сөзді (сөздер мен грамматикалық формаларды) хатқа түсіру-
дің бірізді тәсілдерін анықтайтын ережелер жүйесі. Бүгінгі емле ережелері қазақ тілінің 
ортологиялық лексикографиялық еңбектері (сөздіктер) мен құралдарын (анықтағыштар) 
әзірлеудің  базалық  көзі  болып  табылады.  Осы  ереже  бойынша  оқушылар  мен  талапкер-
лерге арналған барлық оқулық, оқу құралдарының мәтіндері әзірленеді. Орфографиялық 
ереже дегеніміз – дұрыс жазу үлгісінің (орфограммалардың) таңдалу шарттары көрсетіл-
ген нұсқаулық. Таңдалу шарттарына сөздің белгілі бір жағдайда қалай жазылу керектігін 
анықтайтын фонетикалық, сөзжасамдық, морфологиялық, синтаксистік және мағыналық 
ерекшеліктер жатады.
Орфографиялық норманы түсіну үшін, алдымен, жалпы тілдік норма ұғымын анықтап 
алу керек. Тілдік норманы әртүрлі анықтап жүр: тіл иелмендерінің сөзінде үнемі қайтала-
нып отыратын жалпыға ортақ қолданыс; оқулық, сөздік не анықтағышта тіркелген тілдік 
бірліктің қолданылуына қатысты тәртіп, нұсқау, ереже. Осы кезде және осы тілдік ұжымда 
объективті  түрде  қызмет  ететін  тіл  заңдылықтары  және  олардың  тілдік  материалдағы 
көрінісі. Сонымен орфографиялық норма дегеніміз – осы уақытта және осы тілдік ұжымда 
өмір сүретін оның әрбір мүшесі үшін міндетті болып табылатын жазбаша сөздің тілдік бір-
ліктері және оларды қолдану заңдылықтары. Мұндағы міндетті деп отырған бірліктер әде-
би тіл аясындағы жалғыз нұсқа немесе жарыспалы нұсқа болуы да әбден мүмкін.
Орфографиялық ережелер мен нормалардың жазбаша тілдік кеңістікті реттеудегі маңы-
зы зор. Жазу тілдік қауымдастықтың ресми қатынастағы ғана емес, бейресми қатынастағы 
да  қоғамдық  өмірінің  барлық  саласын  ұйымдастырады,  жүйелейді,  реттейді.  Сондықтан 
әдеби  тілдің  жазбаша  формасының  кодификациялануы,  нормалануы  аса  маңызды  және 
осы нормалардың кеңінен насихатталуы, танымал болуы аса маңызды. 
2. Қазақ тілі емлесінің жаңа ережелері: құрылымы, жаңалығы
Құрылымы: 
І Әріптер емлесі
Дауысты дыбыс әріптерінің емлесі 
Дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесі 
ı, ý әріптерінің емлесі 
ІІ Түбір сөздер емлесі. Қосымшалардың жалғануы
Түбір сөздер емлесі 
Қосымшалардың жалғануы 
ІІІ Бөлек жазылатын сөздер емлесі 
IV Бірге жазылатын сөздер емлесі 
V Дефиспен жазылатын сөздер емлесі 

19
VІ Бас әріп емлесі. Қосымшалардың жалғануы 
Жалқы есімдер емлесі 
Жер бедері, аспан денелері атауларының емлесі 
Күрделі атаулар емлесі 
VІІ Қысқарған сөздер емлесі 
VIIІ Шеттілдік сөздер емлесі 
ІХ Сөздердің тасымалдануы 
Жаңалығы:

 Ю, Я әріптерінің төл сөздердегі және шеттілдік сөздердегі қызметінің жігі ажыратылып 
(И, У әріптері тақырыбында және шеттелдік сөздер тарауында) берілді;

 И, У әріптерінің функциясы дұрыс ашылды;

 Ь және Ъ белгісімен келген сөздерді стандартты жолмен таңбалау әдісі анықталды;

 бірге, бөлек (шылау емес), дефиспен (қос сөз емес) жазылатын сөздер: жазу теориясы 
терминдерінің жүйесімен берілді;

 дефис емлесі таратылды;

 бас әріп емлесі жүйеленді;

 бірге-бөлек тұлғаланатын сөздер емлесі реттелді, жүйеленді, орфограммалары толық 
қамтылды; 

 шеттілдік сөздер мен кірме сөздер аражігі анық көрсетілді («өзім-өзге»)

 тұңғыш рет шеттілдік сөздер игеріліп жазылды, «өзгеден» «өзім» концептісіне қарай 
ойысты;

 шеттілдік сөзді жазуда игерудің жаңа механизмі анықталды.
Ұлттық жазуға бетбұрыс жасалды.
Қазақ тілі емле ережелерінің басты және қосалқы ұстанымдары  
Орфографияның үнемдеу заңдылығы әлемдегі тілдердің негізгі принциптерінің бірі бо-
лып табылады. Қазақ тілінде жазудың үнемдеу принципін алғаш рет қолданған және оның 
тиімділігін  негіздеген  –  қазақ  тіл  білімінің  негізін  қалаушы  А.  Байтұрсынұлы.  Ол  қазақ 
тілінің көптеген дыбыстарын шектеулі ғана әріптермен таңбалады. 
Әдетте тілдердің алғашқы дыбыстық жазуы фонетикалық принципке негізделеді. Бұл 
грек және латын тілдерінің алғашқы жазуы болған. Дегенмен тіл дамыған сайын сөйлеу 
тілі өзгереді, ал жазу сол бойынша қалады. Ауызша және жазбаша сөйлеудің екі формасы 
арасындағы  алшақтық  артып,  дыбыс  пен  жазудың  арасындағы  қарым-қатынас  өзгереді. 
Жазба сөз бен ауызша сөз бір-біріне сәйкес келіп, норма дәрежесіне көтерілсе, бұл фонети-
калық жазу болып табылады. Фонетикалық жазу әріп пен дыбысты белгілеу арасындағы 
сәйкестікке негізделген. Бұндай жазуда айтылған дыбыстар барынша нақты және дәл жет-
кізіледі. 
Дәстүрлі-тарихи  принцип  басым  болып  табылатын  жазуларда  жазба  сөз  бен  ауызша 
сөздің арасында үлкен айырмашылық болады. Себебі жазу көптеген ғасырлар бойы өзгер-
мейді, ал тілдің фонетикалық жүйесі дамиды, жаңа фонемалар пайда болады. Бұл принцип 
негізінен француз және ағылшын тілдеріне тән. Қазақ тілі үшін бұл қосалқы принцип бо-
лып табылады.
Қазақ тілінің басты – фонематикалық принципі бойынша дыбыстардың тек негізгі реңкі 
таңбаланады. Мысалы, з (z) әрпі сөздегі позицияға байланысты үш түрлі нұсқада айтылға-
нымен, жазуда негізгі тұрпатын сақтайды: с (s), ш (sh), ж (j). Жазылуда – қазса // qazsa, 
айтылуда – [қасса // qassa]; жазуда – көз жасы // kóz jasy, айтылуда – [көжжасы // kójjasy].
С (s) әрпі ш (sh) дауыссызының алдында өзгеріп, сол дыбыс түрінде айтылады: қосшы // 

20
qosshy деп жазылады, [қошшы // qoshshy] деп айтылады, басшы // basshy деп жазылады, 
[башшы // bashshy] деп айтылады.
Н  (n)  әрпі  сөздегі  позицияға  байланысты  м  (m)  және  ң  (ń)  дауыссыздарына  айнала-
ды: сенбейді // senbeɪdi деп жазылады, [сембейді // sembeɪdi] деп айтылады, көнбейді // 
kónbeɪdi  деп  жазылады  [көмбейді-kómbeɪdi]  деп  айтылады,  түнгі  //  túngi  деп  жазылады, 
[түңгі // túńgi] деп айтылады. 
K (к) және қ (q) әріптері сөздегі қоршаған дыбыстарға байланысты айтылуында өзгеріп 
тұрады: көк орамал // kók oramal деп жазылады, [көгорамал // kógoramal] деп айтылады, ақ 
ала // aq ala деп жазылады, [ағала // aǵala] деп айтылады.
A (а), i (і), ы (y), е (е), о (о), ө (ó) дауысты дыбыстары позицияға байланысты өзгеріп 
тұрады: а→ә, і→ү, ы→ұ, е→ө, е→йе, о→уо, ө→уө: шай // shаɩ деп жазылады, [шәй // sháɩ] деп 
айтылады, жүзім // júzim деп жазылады, [жүзүм // júzúm] деп айтылады; құлын // qulyn 
деп жазылады, [құлұн // qulun] деп айтылады; көйлек // kóılek деп жазылады, [көйлөк // 
kóılók] деп айтылады; емле // emle деп жазылады, [йемле // ıemle] деп айтылады.
1-tapsyrma. Toptyq jumys. Ár top óz kestesі boıynsha aqparat beredі.
Топ  Сұрақтар
1
Орфографиялық принцип дегеніміз не? Мысал келтіріңіздер.
2
Негізгі принцип түрлерін атап, мысал келтіріңіздер.
3
Қосалқы принцип түрлерін атап, мысал келтіріңіздер.
2-tapsyrma. Berіlgen sózderdі jazylym zańdylyǵyna sáıkestendіrіp, jazylý prınsıpterіn anyqtańyz.
Бұлдұрұқ, бүлүндүр, құйқұлжұған, жауұн, бүлдүргөн, бүрмөлө, бүркөнүп, орұндұқ, сүйөк-
төр, түйөлөр.  
3-tapsyrma. Úlgіboıynsha tómende berіlgen sózderdі taldańyz.
Cөзшең, жұмысшы, қобызшы, жаңғалақ, жаңғыру.
Úlgi: «Búgin» sózine orfografıalyq taldaý 
1. Jazylýy – búgin, aıtylýy – [búgún]
2. Búgin sózi fonematıkalyq prınsıpke baǵynady. 
3. Kirikken sóz: bul – kún 

21
5
TÓL JÁNE KİRME SÓZDER EMLESİ
ПОЗИЦИЯ ТАЛҒАЙТЫН ӘРІПТЕР (Ә, Ү, Ө, Ұ, О; Б, Д) МЕН ОЛАРҒА 
ҚОСЫМШАЛАРДЫҢ ЖАЛҒАНУЫ
Ә әрпі. Қазіргі қазақ тілінде ә дыбысы жеке фонема болып саналады. Зерттеушілердің 
бір тобы ә фонемасын түркі тілдеріне араб, парсы сөздері арқылы енген десе, екінші тобы 
оны төл дыбыстар қатарына жатқызып келеді. Қазіргі таңда бірқатар түркі, нақтылап айт-
қанда, татар, ноғай, башқұрт, әзербайжан, ұйғыр тілдерінде ә жеке фонема ретінде таңба-
ланады. Ал өзбек, түрік, түркімен, қырғыз тілдерінде ә дыбысының естілімі болғанымен, 
арнайы әріппен таңбаланбайды. Қазақ тілінде ә дыбысы төл сөздерде тек басқы буындар-
да  кездеседі,  ал  соңғы  буында  тек  араб,  парсы  сөздерінде  қолданылады:  куә,  күнә,  шүбә, 
сірә, жүдә, іңкәр, күмән, зәмзәм т.б. 1941 жылы шыққан «Қазақ тілінің орыс графикасына 
негізделген жаңа алфавиті мен орфографиясы» атты ережелер жинағында тек үш сөз ғана 
ә әрпімен жазылған: сірә, мә, кә. Басқа сөздердің барлығы жуан а дыбысы арқылы күна, 
куа, күман т.б. түрінде таңбаланған болатын. Ал 1960 жылдардан бастап соңғы буындағы 
а дыбысы ә әрпімен жазыла бастады. Мәселен, 1960, 1963, 1978, 1988 жылдары шыққан 
«Орфографиялық сөздіктерде» куә, күнә, күмән, кінә, шүбә, мәрмәр, іңкәр түрінде беріліп, қо-
сымшалар бірыңғай жуан тұрпатта ғана жалғанды. Ал 2005, 2007, 2013 жылдары шыққан 
«Орфографиялық сөздіктерде» қосымшалардың жіңішке түрі жалғана бастады: куәсі, куәсі-
на, куәсінан; күнәлі, күнәлілігі, күнәлілік, күнәсі, күнәсіз, күнәсіна, күнәсінан; шүбәлі, шүбәлілік, 
шүбәсі, шүбәсіз, шүбәсіздік, шүбәсіна; іңкәрі, іңкәріна, іңкәрінан. Қазіргі таңдағы ұсынылып 
отырған жаңа емле ережесінде: «Соңғы буынында á әрпі жазылатын түбір сөздерге ашық 
дауыстылармен  келетін  қосымшалар  ғана  жуан  жалғанады:  kúnásinа,  kúnásinаn,  kýásinа, 
kýásinаn,  kúnáǵa,  kúnádan,  kinálaý,  shúbálaný,  kýáǵa,  kýádan,  kúmánǵa,  kúmándaný»  деп  көр-
сетілген. Соңғы буын жіңішке (ә) болып тұрса да, неге қосымшалар бірізділікпен тек қана 
жіңішке жалғана алмайды? Мұның басты себебін ғалымдар сөздің қосымшасыз жеке өзін 
алғанда, соңғы буындағы дауысты фонема өзінің негізгі ренкінде жұмсалмайтындығымен 
түсіндіреді. Ғалымдардың тұжырымынша, сөз соңындағы дауысты а (таңбалануы ә) бірін-
ші буындағы тіл алды дауыстыларының әсерінен жіңішкеріп, қосымша реңке ие болады. 
Сол үшін де ә әрпі ә фонемасын таңбалап қана қоймай, кей позицияда а фонемасын да біл-
діретін қосалқы қызмет атқарады (Н.Уәлиев, А.Алдашева). Сөз аяғы жіңішке ә әрпімен таң-
баланып тұрғанымен, жуан түрдегі қосымшаларды талғауының басты себебі міне, осы.

  ЕРЕЖЕ
Дауысты дыбыстарды таңбалайтын әріптер: a, á, о, о́, у, і, u, ú, е.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет