Филология ғылымдарының кандидаты



жүктеу 42.65 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі42.65 Kb.
: books -> files
files -> ТҮркі және иран халықтары ертегілеріндегі мифологиялық кейіпкерлер түркістан-2007 Редакциялық алқа
files -> Становление европейской науки
files -> Балуан баба аннотация халқымыздың даңқты перзенті, «Қазақ даласының батыры»
files -> Ббк қ Редакция алқасы
А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №2-3, 2010


Ө.Оралбаев

филология ғылымдарының кандидаты


Қазақ поэзиясында тәуелсіздіктің жырлануы
В данной статье анализируются и научно-исследовательскими методами рассматриваются истина времени, духовно-творческая связь и взаимодействие между временем и писателем в произведениях известных поэтов страны, переданные ими в творческой форме – на языке поэзии, описание реалий современности и общества, своеобразность и пути тематического, художественного, идейного, содержательного поиска, достижения и успехи в многолетнем творчестве на основе стихов и поэм.
This article analyses truth of times, spiritual and artistic connection and inter-action between a writer and times in the works of famous poets of our country by scientific methods. All these aspects have been shown in artistic form by these poets – in the language of poetry.
Қазақ халқының сан ғасырлық арманы мен мұраты ел егемендігі, азаттық пен тәуелсіздік болды. Осы жолда ғасырлар бойы күресті, шайқасты, жан алысып, жан беріскен кезеңдерді бастан кешті. Қандай қиындық, қайғы-қасырет көрсе де өзінің ежелгі арманынан айныған жоқ.

Осы арман мен мақсат бүгінгі күнге дейін қазақ сөз өнеріне мәңгілік мұрат, өлмес дәстүр болып жетті. Өзінің кемел туындыларымен кеңес әдебиетінің алдыңғы қатарында болған қазақ поэзиясы қай кезеңде де ата-баба арманының аңсарын бір сәтке де ұмытқан жоқ. «Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген» деп сонау 1960-шы жылдары, кеңестік құрсаудың шідерлі шеңгелі кезінде шынжырды бұзардай болып «Мен – қазақпын» деген ұлттық реңдегі рухты дастан туғызған Жұбан Молдағалиев шығармасының арғы арқауында Азаттық жырлары, бергі арқауында Бостандыққа ұмтылған ұлт мүддесі жатты. Бір парадокс, үш жүз жылға жуық кезеңдегі ұлт-азаттық күресінің бәрінде де қазақ поэзиясы қашанда қаһармандық пен қайсарлық танытып келді. Он алтыншы жылғы азаттық күресі мен кешегі қызыл қырғын кезіндегі қолдан ұйымдастырылған геноцид, қанды қырғын, зәбірлі зұлмат кезінде де қазақ жыры қаһармандықтың үлгі-өнегесін көрсете алды.

Осы қаһармандық-азаматтық үрдіс пен дәстүр соғыстан аман-есен оралған толқынның белді өкілдері Әбу Сәрсенбаев пен Дихан Әбілевтің, Қасым Аманжолов пен Жұбан Молдағалиевтің, Хамит Ерғалиев пен Мұзафар Әлімбаевтың, Жұмағали Сайын мен Сырбай Мәуленовтің, Халижан Бекқожин мен Сағынғали Сейітовтің, т.б. қаламгерлеріміздің өлең-жырларында өзіндік өрнек тапты. Жыраулық дәстүрден бері қарай жолын үзбеген ерлік жырлары кешегі Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарында да Қасым Аманжолов пен Абдолла Жұмағалиевтің, Далабай Жазықбаев пен Баубек Бұлқышевтің шығармашылығында барынша жарқырап көрінді.

Ақынның заман алдындағы жауапкершілігі оның шығармаларында жан-жақты көрініп жатуы ләзім. Сондықтан да ақынның әрбір өлеңі, мейлі ол таза лирикалық тонда болсын, мейлі ол азаматтық пафосты болсын, мейлі ол

сүйген жар мен сүйікті ата-анаға арналсын, онда азаматтық жауапкершілік реңі көрініп тұруы шарт. Сонда ғана ол ақын жауапкершілігін сезіндіріп, сол арқылы оқырманын қапысыз иландырып, сендіріп тұрмақ. Замана тынысы осы ретте ақындар Нұрлан Оразалин, Күләш Ахметова поэзиясының негізгі жаны десек, жырларының өзегі ойлы да отты, сазды да салиқалы, сезімтал да сергек жырларға кенде емес.

Ежелден адамзаттың өмір сүруінің қайшылықсыз болмайтынын ақын анық біледі. Тек ол әр пенде мұны өзінің жеке өмірінің қайғы-қасыреті деп қабылдаса, ақын оны үлкен, адамзаттық-қоғамдық, замандық масштабта алып қарайды. Сондықтан да ол – ақын. Ақынның көкірек көзі басқаларға қарағанда ұялы, көңіл көзі басқаларға қарағанда тереңірек. Заманның кескін-келбетін, оның шырқыраған шындығын жырлауда ақын қаламынан туған сандаған сарабдал жырлар осы сөзімізге айғақ деген пікірдеміз. Нұрлан Оразалин өлеңдерінде тәуелсіздік тақырыбы кең масштабта, үлкен ауқымда көрінеді. Мысалы, «Таңдамалы туындылар» жинағының бірінші томындағы «Тәңірім нұрын төккенде», Үнім менің алаңдарда адасты», «Түсін мен…», «Жолдан, шаңнан іздедім», «Ақындар», «Аспан туралы жыр», «Жерік түндер», «Жастық одасы», «Мазасыздық», «Республика жыры», «Жігер жыры», «Ынтымақ жыры», екінші томындағы «Күрес жыры», «Бетпе-бет», «Қозғалыс», «Жетінші құрлық», «Жаңа алаңда жарам бар жазылмаған», «Талбесік», «Ашық сөз», «Ақын болу хақтың ісі», «Қызуқандылық», «Тамыз оқиғасы», «Сенім», «Кетті қайда…», «Азаттық жыры», үшінші томындағы Шыңғыс Айтматов «Ғарыш мінезді жырлар» деп өте дәл әрі үлкен суреткерлікпен әділ бағасын берген жырлар легі – Нұрлан Оразалиннің туған еліміздің үлкен ақыны, қалыптасқан суреткері екенін көрсететін туындылар.

Ал кезінде нәзік те нақышты, сергек те сезімтал жырларымен көрінген Күләш Ахметова поэзиясы кейінгі кезеңдерде үлкен азаматтық пафос пен қаламгерлік қайраткерлікке ұласты. Оның соңғы жылдары жарық көрген «Құт», «Бақ» атты жыр кітаптарында тәуелсіздік тақырыбы кеңінен ашыла түсті. Ақын қазіргі заманды, бабаларымыз ғасырлап күткен еркіндік пен теңдікті, азаттықты барынша қуана жырлап, оның мәңгілік болуын бүкіл жан-дүниесімен тілейді, мінажат етеді. Оның жырларындағы тәуелсіздік рухы нәзік сезіммен көмкеріліп, бірақ қайсар да өр көңілмен өріледі.
Сондықтан да Күләш ақын:

Орындалып ақыры шықты ойдағы,

Алыс жолда көтерген жүк пайдалы.

Біздің күрес біткен жоқ бүгінгімен,

Біздің күрес біткен жоқ,

Бітпейді әлі.

Аруақтар да қалмағай мақұл көрмей,

Жер-ананың тәніне зақым келмей.

Ұлы үлестен



Ұлы күш

Ұрпағыма,

Ұлы еншісін алатын ақыл бергей!-

деп тебіренсе, тәуелсіздік туының құламауын тілеген ақынның адал да алғаусыз көңілін жазбай тануға болады. Мұндай жырлардың бәсі биік, бағасы үлкен, маңызы зор болуы да дау туғызбаса керек.


Әдебиеттер


  1. Оразалин Н. 3 томдық таңдамалы туындылары. Алматы: Жазушы, 2006.

  2. Жиырмасыншы ғасыр жырлайды. Антология /құрастырған. С.Абдрахманов. Алматы: Раритет, 2007, -520 б.

  3. Тәжібаев Ә. Уақыт және қаламгер. Әдеби жинақ. Алматы: Жазушы, 1973. 263 б.

  4. Ахметова К. Құт. Алматы: Дәуір, 2005. -143 бет.

  5. Жолдасбеков М. Сөзді ұғатын кез келді. Астана: Күлтегін, 2007. -352 б.




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет