Физика ғылымына саяхат



Дата30.04.2016
өлшемі77.92 Kb.
түріСабақ
ФИЗИКА ҒЫЛЫМЫНА САЯХАТ
Сугурбаев Сагимбай Сахипулы

АОБСТ «Шағала» шипажайы жанындағы

орта мектептің физика пәні мұғалімі
Сабақ мақсаты:

а) Білімділік: оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін түрлі әдіс-тәсілдер арқылы тексере отырып бағалау.

ә) Дамытушылық: оқушылардың физикалық шамалар мен формуланың жазылуын есте сақтау қабілетін дамыту, теориялық білімдерін жүйелеуге үйрету.

б)Тәрбиелік: оқушыларды ойын түрлері арқылы тапқырлыққа, шапшаңдыққа, топпен жұмыс жасауға, физика ғылымында есімдері белгілі тұлғаларды жадыларында сақтауға тәрбиелеу.



Сабақ түрі: саяхат сабағы.

Сабақ әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, есептер шығару, ойын түрлері, тест тапсырмалары т.б.

Сабақ көрнекілігі: сабақ картасы, сұрақ жазылған сандар, ғаламшарлар суреті, формулалар жазатын плакат, нөмірлі асық, житондар т.б.

Сабақ байланысы: математика, бейнелеу, география, әдебиет, күнделікті өмір.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру.

2. Оқушыларды тексеру.

3. Саяхат. Кемеге отырғызу.

Мұғалім сөзі: тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Құрметті саяхатшы жолаушылар! Кемеге отырғызу басталды. Ақтау портынан «Жайық» кемесі өз жұмысын бастап саяхатқа жүріп кетті. Сәт сапар, саяхатшылар!

Саяхатшылардың тоқтайтын аялдамалары:

I.Тарихи аялдама. «Кім сенің танысың?».

1. Күш туралы ұғым берген кім?

2. Физиканы ғылымға енгізген кім?

3. Инерция туралы түсінік берген кім?

4. Физика сөзінің ғылыми мағынасын ашқан қай елдің, кім деген ғалымы?

5. Гелиоцентрлік жүйені құрған қай ғалым?

6. Физика сөзін орыс тіліне аударған қай елдің кім деген ғалымы?

7. Гук қандай байланысты ашты?

8. Ғарышқа үш рет ұшқан қазақ ғарышкері.

9. Геоцентрлік жүйені жасаған кімдер? (Жүйе дұрыс болды ма?).



II.Анықтамалар аялдамасы.

Анықтама білмесек,

Алға басу мүмкін бе?

Сан сырлы сандарды

Таңдап ал да сайрай бер.

1. Деформацияның анықтамасын айтыңыз.

2. Жол дегеніміз не?

3. Күшке анықтама беріңіз.

4. Механикалық қозғалыс дегеніміз не?

5. Жылдамдыққа анықтама беріңіз.

6. Ауырлық күшінің анықтамасын айтыңыз.

7. Салмақ анықтамасын айтыңыз.

8. Бірқалыпты қозғалысқа анықтама беріңіз.

9. Диффузия деген не?

10. Гук заңының анықтамасын (Ғ = -кх) айтыңыз.

III. Белгілеулер аялдамасы.

Физикада шаманы,

Белгілеу бар маңызды.

Белгілеуді үйренбей,

Жазылмайды формула.

Деңгейлік тапсырма түрінде үш бұрыш ойыны арқылы сұралады. Физикалық шама белгілеулері оқушыларға таратылып беріп ортаға үш оқушы шығады. Қолдарындағы бар белгілеулерді таныстырады.



IV. Формулалар аялдамасы.

Формуланы білмесең,

Есепті сен ойға алма.

Формуланы жаттасаң,

Есептен сен қиналма.

Тақтаға шығып плакатқа формулалар жазу. Көп нүктенің орнына формуланы толықтырып жазу жұмыстары жүргізеді.



V. Есептер аялдамасы немесе «Кім жүйрік?». Оқушыларға карточкалар арқылы есептер шығарту.

№1.


Массасы 2 кг денеге ай бетінде әрекет ететін ауырлық күшін табыңыздар.

Бер.: m = 2 кг Шешуі:

qай = 1,6 н F = mq

кг F = 2кг · 1,6 н = 3,2H

кг

Т/к: F-? Жауабы: F = 3,2H


№2.

Дененің қандай да бір нүктесіне әрекет ететін екі күштің шамасы модулі бойынша 5Н және 8Н. Неліктен олардың тең әрекетті күші 13Н немесе 3Н болуы мүмкін екенін түсіндіріп бер.

Бер.: Ғ1 = 5Н Шешуі:

Ғ2 = 8Н ҒR1 = Ғ1 + Ғ2 ҒR1 = 5Н + 8Н = 13Н

Т/к: ҒR1-? ҒR2-? ҒR2 = Ғ2 – Ғ1 ҒR2 = 8Н – 5Н = 3Н

Жауабы: ҒR1 = 13Н; ҒR2 = 3Н.

№3.

Массасы 50кг дене 200Н күштің әрекетінен жазық жерде бір қалыпта қозғалып келеді. Үйкеліс коэффициенті неге тең?


Бер.: m = 50кг Шешуі:

Ғ = 200Н Ғ = μ · N N = mg

Т/к: μ-? μ = Ғ = Ғ

N mg


μ = 200Н = 200 = 0,4

50кг · 10н 500

кг

Жауабы: μ = 0,4-ке тең.


№4.

Ауланған киттердің ең үлкендерінің біреуінің массасы 150 т болған. Сондай китке әсер ететін ауырлық күші қандай?

Бер.: m = 150т = 150000кг Шешуі:

q = 10н Ғ =m·g

кг

Т/к: Ғ-? Ғ = 150000кг · 10н = 1500000н = 1500кН



кг

Жауабы: Ғ = 1500кН.


№5.

Автомобильдің тарту күші 1000Н, оның қозғалысына кедергі жасаушы күш 700Н. Осы күштерге тең әсерлі күшті табыңыздар.

Бер.: Ғ2 = 1000Н Шешуі:

Ғ1 = 700Н ҒR = Ғ2 - Ғ1

Т/к: ҒR-? ҒR = 1000Н – 700Н = 300Н

Жауабы: ҒR = 300Н-ға тең.


№6.

Массасы 3 кг, ал көлемі 200см³ металдың тығыздығы қандай?

Бер.: m = 3кг Шешуі:

V = 200м³ = 0,0002м³ ρ = m

V

Т/к: ρ-? ρ = 3кг = 15000кг/м³ = 1,5 · 10 кг/м³



0,0002м³

Жауабы: ρ = 1,5 · 10 кг/м³.


№7.

Адамның салмағы 800Н. Оның массасы қандай?

Бер.: ρ = 800Н Шешуі:

q = 10н ρ = mq

кг m = ρ

q

Т/к: m-? m = 800Н = 80кг



10н

кг

Жауабы: ρ = 80кг-тең.



№8.

Ұшақ 950 км/сағ. жылдамдықпен ұшып барады. Ол 6 сағ. ішінде қанша жол жүреді?

Бер.: U = 950 км/сағ. Шешуі:

t = 6 сағ. S=Ut

Т/к: S-? S = 950км/сағ · 6 сағ = 5700км

Жауабы: S = 5700км.


VI. Өлшем бірліктер аялдамасы немесе «Кім зерек оқушы».

Мұғалім оқушыларға үлестірме парақтарға жазылған өлшем бірліктерді көрсетіп отырады.



VII. Құрал-жабдықтар аялдамасы немесе «Қай ғаламшарды ұнатасың?»

1. Меркурий – уақыт өлшейтін құрал қалай аталады?

2. Шолпан – күшті немен өлшейміз?

3. Жер – масса не арқылы өлшенеді?

4. Марс – жылдамдықты өлшейтін құралдың атаңыз.

5. Юпитер – көлемді қандай құралмен өлшейміз?

6. Сатурн – ұзындықты немен өлшейміз?

7. Уран – температура не арқылы өлшенеді?

8. Нептун – тығыздықты қандай құрал көмегімен өлшейміз?

9. Плутон – Жердің Күнді айналуын және Жердің өз осінен айналуын нелер арқылы өлшейміз?


VIII. Тест аялдамасы

1. Астрономия нені зерттейді?

а) табиғатты

в) ауа-райын

с) аспан денелерін

д) зат құрылысын

2. “Физика” кімнің сөзі?

а) неміс


в) грек

с) француз

д) латын

3. Затты құрайтын ең ұсақ бөлшек қалай аталады?

а) молекула

в) электрон

с) ядро

д) атом


4. Күн жүйесінің құрамында қанша планета бар?

а) 5 (бес)

в) 9 (тоғыз)

с) 7 (жеті)

д) 3 (үш)

5. Жер нешінші ғаламшар?

а) 5 (бесінші)

в) 3 (үшінші)

с) 2 (екінші)

д) 4 (төртінші)

6. Физикалық шаманы өлшеу деген не?

а) оны осы шаманың өлшеу бірлігі етіп алынған біртекті шамамен салыстыру

в) оны кез-келген өлшеуіш құралымен салыстыру

с) таразымен салыстыру

д) формула арқылы анықтау

7. Дене деп:

а) кеңістікте белгілі пішіні болмайтын жеке тұрған нәрсе

в) нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсе

с) кеңістікте белгілі пішіні және нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсе

д) дененің сапалық тектілігінсипаттайтын материя түрін

8. Механикалық қозғалыс деп:

а) дененің басқа денелермен салыстырғанда уақыт өтуіне қарай орнының өзгеруі

в) денені құрайтын бөлшектердің бір-бірімен соқтығысуы

с) денені құрайтын бөлшектердің бей-берекет қозғалысы

д) жауаптар арасында дұрысы жоқ

9. Санақ жүйесі дегеніміз:

а) санақ денесі

в) координат жүйесі

с) уақыт өлшейтін құрал

д) санақ денесімен байланысқан координата жүйесі мен сағат

10. Аспан денелерінің пайда болуын және дамуын зерттейтін астрономия бөлімі қалай аталады?

а) космонавтика

в) космогония

с) космология

д) космогелиос

11. Дененің орын ауыстыруы дегеніміз:

а) дене артында қалған із

в) қозғалыстағы дененің бастапқы орнымен соңғы орнын қосатын бағытталған кесінді

с) қозғалыстағы дене траекториясы

д) уақыт ішінде жүрген арақашықтық


12. Көкөністерді, балықты және басқа азық-түлікті тұздау қандай құбылысқа негізделген?

а) диффузге

в) жылулық

с) механикалық

д) кристаллдану

13. Дене өзінің көлемін және пішінін сақтайды, сонда бұл дене құралған зат қандай күйде болады?

а) қатты

в) газ


с) сұйық

д) дұрыс жауап жоқ

14. Серпімді дененің узаруы мен оған түсірілген күштің арасындағы байланысты ашқан қай ғалым?

а) Ньютон

в) Гук

с) Аристотель



д) Галилей

15. “Инерция” ұғымы туралы мағлұмат берген қай ғалым ата?

а) Ломоносов

в) Ньютон

с) Галилей

д) Гук
Қорытындылау. Мұғалім оқушылардың саяхатын қорытындылап,сабақтан алған әсерлері туралы қорытынды сөзін айтады. Оқушылармен ой бөлісіп, сабақты бекітеді.



Бағалау. Саяхатшылар жинаған житондар саны арқылы бағаланады.

1-орынға «Жүйрік», 2-орынға «Алғыр», 3-орынға «Зерек» саяхатшы деген номинациялар беріледі.
Каталог: 2014
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Спорттық ойын волейбол ойынға қосылған допты жоғарыдан немесе төменнен қабылдау
2014 -> Ауыл шаруашылық ғылымдары
2014 -> Марина Мелексетян мюмзик и сварог
2014 -> Эй бир боорум! Менден бир нече насыйкат сурадың. Сен бир жоокер болгонуң үчүн, аскердик мисалдар менен айтылган сегиз чакан аңгеме аркылуу бир нече акыйкатты напсим менен бирге уккун
2014 -> Отчет о выполнении мероприятий по повышению эффективности
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Абай Құнанбайұлы "Әсемпаз болма әрнеге"өлеңі
2014 -> ӘӨЖ 821. 0 Абайтану тарихына қЫСҚаша шолу өнербаева А. А.
2014 -> Сабақ : «Абайды білмек парыз ойлы жасқа»


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет