Г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев Әлем әдебиеті г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев



жүктеу 4.21 Mb.
бет9/48
Дата01.04.2016
өлшемі4.21 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   48
: CDO -> BOOKS
BOOKS -> Европа Америка Австралия Литературно-библиографический справочник
BOOKS -> 100 великих спортсменов
BOOKS -> 100 великих художников
BOOKS -> Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әбу абдулла мұхаммед ибн исмайл ибн ибраһим ибн әл-муғира әл-бұхари сахих әл-бұхари
BOOKS -> Нұрғали Қадырбаев шығарма арқауы – шындық
BOOKS -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
BOOKS -> Шыңғыс айтматов таулар қҰЛАҒанда
BOOKS -> Кемел ойдың алыбы
BOOKS -> Мазмұндамалар жинағЫ Құрастырған: Исмадиярова Гүлшахар Бердиярқызы Алматы 2012

Бердах

(1827-1900)
Қарақалпақ жазушысы Бердах (Бердімұрат Қарғабайұлы) 1827 жылы, Арал теңізінің онтүстік жағалауында Аққала ауылында, кедей балықшының отбасында дүниеге келген. Оның әке - шешесі, ол тіпті кішкентай кезінде - ақ қайтыс болып кеткен еді. Алдымен ауыл мектебінде содан соң Қарақұм медресесінде оқыды. Ол түркмен, қарақалпақ, хорезм, өзбек және қазақ тілдерінде ән айтып, жыр жырлады. Ол халық дастандары «Көроғлыны», «Алпамысты», «Тахир мен Зухраны», «Ашик Кериб пен Шахсанамды» жатқа білді.

Оның туындылары «Халыққа», «Көрінген болды», «Бұлбұл», «Қарамайды», «Хужин», «Шетіре», «Харезм», «Ерназар бай» қарақалпақ халқының сүйікті туындыларына айналды.

Бердахтың көптеген өлеңдері мен дастандарында қарақалпақ халқының XVIII - XIX ғасырлардағы әлеуметтік өмірі бейнеленген. Демократ ақын ретінде Бердах өз заманындағы оқиғалар мен қоғамдық қатынастарды маңдай алды көзқарас тұрғысынан бағалады, туындыларында теңдік, адамгершілік, отансүйгіштік идеяларын насихаттады, кедейлерге қорған болып, хандар мен патшаларға қарсы көтерілген батырларды жырлады. Өзінің дүниетанымы мен қоғамдық-саяси көзқарастары бойынша ол өз замандастарынан едәуір алға озып кеткен еді.

Бердахтың бүкіл шығармашылығы арқылы езілген халық ахуалы туралы тақырып өтіп жатады. «Ешқашан да болған жоқ», «Салық», «Осы жылқы», «Менің өмірім» және т.б. өлеңдерінде ол еңбек адамының ауыр өмірін, қанаушылардың озбырлығын көрсетті. Алайда ол риясыз қасіретшіл болып қала бермейді.

Біз сіздермен елдің қамы үшін өмір сүріп өтуіміз тиіс бұл дүниеден.

«Маған керек» өлеңінде ақын «Жарқын заман» «Батыл жігіттер» керектігі жайлы айтады.

Мәселен, езілген жоқшылықтан еңсесі түскен халық үшін мейірім мен әділеттілікті іздеу жолында өзінің ақындық туындыларында үлкен философиялық қорытындыларды жасайды. Ол «Әділ патша» туралы идеяданда жоғары көтерді. Алайда өз заманының перзенті болғандықтан, ол (сол замандағы қарақалпақтардың қоғамдық экономикалық жағдайынан) халықты бостандыққа шығарудың жолын көрмеді және көруді де мүмкін емес деді. Ол әлеуметтік теңсіздікке қарсы стихиялық қарсылық көзқараста болды. Бердах халықтың өз бақытымен еркіндігі үшін күресінің әділдігіне және де түбінде бақытты заманның болатынына сенді («Маған қажет», «Халыққа», Амангелді», «Есуас патша және т.б).

Бердах – ақын - ауқаттылар билігін қаһарына масқаралаушы, халық үшін талай бақыт іздеуші үлкен азаматтың ерліктің адамы, білімдар прогрессивті ойшыл шежіреші, өз заманының жанашыршысы, үлкен гуманист әрі интерноцалист сөздің талантты суреткері.

Ақынның азаматтық батылдығы оның туындыларын өшпестей етті.

Лайықты адамның – көңлі кең

Лайықты адамдардың көңлі – ағып жатқан өзен.

Олардың жандары таза, таза олардың қолдары

Жүректері олардың халқына деген махаббатқа толы.

Бердахтың шығармашыл маңызының маңызы қарақалпақ халқының ұлттық мәдениетінің шегінен асып кетеді. Оның туындыларында жарияланатын әділеттілік адамгершілік, әлеуметтік теңсіздікке, деспотизм мен тиранияға қарсы күрес идеясы барлық озық ойлы адамдардың жүректерінде өз жаңғырығын табады.



Лев Николаевич Толстой

(1828-1910)
Лев Николаевич Толстой Ясная Полянада граф отдасында дүниеге келген. Оның әкесі 1812 жылы соғысқа қатысқан. Онвң туыстық жағынан А.С.Пушкинмен байланысты болды. Ол ауыл балалары үшін 20 мектеп ашып олар үшін «Букварь» және «Кавказ тұтқыны», «Отан», «Хаджи Мурад» көптеген тілдерге аударды.

Өзінің «Соғыс пен Бейбітшілік» және «Анна Каренина» романымен Лев Толстой орыс әдебиетін бүкіл дүниежүзіне әйгіледі. Оның туындылары - әңгімелері «Балалық шақ», «Балдәурен шақ», «Жастық шақ», Севастополь әңгімелері» (1885), «Екі гусар» (1856), «Альберт» (1858) және «Казактар» (1852) атты әңгімелері, «Люцерн» (1857) әңгімесі, «Соғыс пен Бейбітшілік» роман эпопеясы «Анна Каренина» (1873-1877) және «Тірілу» (1899) романдары , «Ағартушылық жемістері» (1890) комедиясы, «Қараңғылықтың билігі» (1888) көптеген тілдерге аударылды.

Толстойдың әдеби қызметі оның өміршіл трилогиясыннан басталады («Балалық шақ», «Балдәурен шақ» және «Жастық шақ» әңгімелері). Бұлармен ол1851жыл мен 1856 жылдар аралығында алты жыл бойы жұмыс істеді.

Оның соғыс туралы әсіресе «Севастополь әңгімелері» құжаттық негізге ие. Өзінің құрылуы бойынша олар кейде очерк жанрына жақындай түседі. Олар өзіне құжаттық репортаж бен сюжеттік әңгімені біріктірді. «Соволтополь әңгімелері» жазушының «Соғыс пен Бейбітшілік» эпопеясын жасап шығу жолындағы оның шығармашылық кезеңдерінің бірі болды.

«Шапқыншылық» әңгімесінде екі образ – шынайы батылдылықтың иесі болып табылатын капитан Хлоповтың образы мен жалған батылдылықтың көрінісі болып табылатын поручик Розенхрон тық образы бір - біріне қарама - қарсы тұрады. «Орманды кесуде» Толстой «шапқыншылықта» бастау алған тақырыпты дамыта түседі. Бұл әңгіме едәуір дәрежеде шынайы батылдықты бойына жинақтаған солдаттарды, көп жағдайларды жалған батылдыққа бөленген офисерлерге қарам - қарсы қоюға негізделген.

1856 жыл – жас жазушының әдеби және қоғамдық қызметінің дамуының елеулі шегі. Бұл жылы. Толстой сонау Кавказда ойластырған бір қатар туындыларын дәлірек айтқанда «Орыс помещигінің романын» аяқтап шығады. Романның бір қатар тарауларын түпкілікті өңдеп болған соң, ол сол туындыларды «Помещик таңы» аяқталмаған ойдың үзіндісі деген жалпылама атаумен шығарады.

«Полещик таңынан» басқа, 1856 жылы Толстой «Бұрқасын» атты әңгімесімен «Екі гусар» повесін жазды. 1856 жылы «Делдалдың жазбалары» атты. әңгімесінің толық мәтіні басылып шықты.

50-ші жылдардың екінші жартысында Толстой эстетика мәселелеріне айрықша қызығушылық танытты. Оның назарына екі мәселе ілікті олар өнердің қоғамдық өмірдегі орны туралы және онердің шындыққа қатысы туралы Люцер (1857) әңгімесі мен «Альберт» повесі (1857 - 1858) тегінде өнер жайлы көркем трактаттар болып табылады.

1860 жылдың шілдесінде Толстой шетелге кетеді онда ол 9 айдан астам уақыт ішінде Герда болады. Толстойдың шетелдің сапарындағы ең елеулі оқиға – оның Герценмен танысуы болды.

Толстойдың педагогикалық қызметі 1859 жылдан бастап 3 жылға созылды. «Ясная Поляна» туралы 1867-1863 жылдары басылып шықты. Ал барлығы он екі кітапша шыққан болатын оның алғашқы кітабы 1862 жылы ақпанда жарыққа шықты. Толстойдың «Халыққа білім беру» туралы атты мақаласында халықтың жанды мүдделерімен қажеттіліктерін елемейтін мемелекеттік педагогиканы өткір сынға алды.

Толстойдың 60-шы жылдардың басында жазған туындыларының ішіндегі ең елеулісі – «Қазақтар» повесі болып табылады.

«Қазақтардағы негізгі тақырып – еңбек адамның рухани дүниесін мадақтау және артықшылықтарға ие сославиелердің рухани дүниесін әшкерелеу. Толстой еңбек өмірін көркейту суреттеуге, соның негізгі қалыптасатын қарапайым адамдардың психалогиясына сүйенді. Қазақтар – еркін тәуелсіз, өзіндік қадір - қасиетті дамыған адамдар, және де бұл оларды басыбайлы шаруалардан ерекшеленіп тұрды.

«Соғыс пен Бейбітшілік» - орыстың ұлттың эканомиясында бейнеленген оқиғалардың ортасында – тарихи район – эпопея ретіндегі «Соғыс пен Бейбітшіліктің» негізгі сюжеті – 1812 жылғы Отан соғысы тұрды. Ақсүйек жағдайдағы Граф Кирил Безухов пен Суворавтың үзеңгілесі қарт Князь Николай Балионскидің бейнесі типтерінде Толстой Екатериналық ақсүйектер ғасырының екі келбетін тарихи тұрғыдан дұрыс көрсете білген. Толстойдың тарапынан Екатеринаның ақсүйектерде айыптаған нәрсе Екатеринаның төрінен кері шыққан сүйіктісі, бір кездерде желөкпе әрі сымбатты жігіт болған некесіз туған Пьердің әкесі қарт граф Безуховтың обрызында берілген.

«Соғыс пен Бейбітшілікте» мәскеулікке дворияндық қоғамының барлық топтары келтірілген. Толстой Мәскеудің ақсүйектерін де кеңінен суреттеген Анатаев Наташаға бақытсыздық алып келсе, Долохов Николай Ростовқа бақытсыздық алып келді. Өз кезегінде Ростовтардың отбасына, тән өркениеттік бастама сүйуші әрі шын берілген Сонияның өмірін мағынасыздыққа айналдыра отырып оның өзінің құрбаны етеді.

Наташа өзінің бойына сезім мен пәктік нәзіктік пен талапшылдықты қуанышпен мұңды, біріктірген махаббаттың көрінісі. Бұл жерде Толстой үшін ең бастысы Наташа өзінің декабрист жарының соңынан сібірге кетуге тиіс болады.

«Анна Каренина» романы 1873-1877жж жазылған. Анна романда бақытты іздеуші әрі оны беруші ретінде пайда болады. Алайда оның жолында зұлымдықтың белсенді күштері тұрады. Түптің түбінде Анна солардың ықпалымен өледі. Сондықтан Аннаның тағдыры терең драматизмге толы. Бүкіл романда драматизмге толы. Аннаның басынан кешіріп кешіріп жатқан аналық және сүйеуші әйел сезімдерін Толстой теңдей етіп көрсетеді. Оның екі ұлы сезімі – махаббаты мен аналық сезімі ол үшін біріктейтін сезімдер алып қала береді.

Толстойдың 90-шы жылдардағы негізгі көркем еңбегі «Тірілу» романы болды. Бұл романның сюжеті шынайы болған сот ісінің негізінде пайда болды. Кезінде өзі болып айналдырып алған қыздың қайғылы жағдайына кінәлі ақсүйек жігіттің сотта оның тағдырын алқа би ретінде шешуге тиіс болған жағдайлардың таң қаларлықтай тоғысуында Толстой үшін әлеуметтік әділетсіздігіне құрылған өмірдің бүкіл қиынсыздығында көрінеді. Қаһарманның санасындағы бет бұрыстары кейін Нехлюдовтың басынан өткен жағдай соңында қарапайым ақиқаттың жарығын сезе бастайтын «Толстойшыл» тәубеге келгенмырза туралы әңгімемен еске түсіре бастайды. Наташа Маслованың рухани ояну хикаясы Толтой үшін көркемдік тұрғыдан анағұрлым елеулі әрі мүлдем жаңа болып табылады.

Көркемдік көзқарас тұрғысынан алып қарағанда Толстойдың өмірінің соңғы жылдарындағы ең зор және түсініктері оның дүниеден өткеннен кейін жарияланған. «Хадшимұрат» повесімен «Тірі өлім» драммасы болды.

Өмірінің соңғы жылдарын Толстой Ясная Полянада үздіксіз рухани қасіретпен өткізді. Өзінің өмір сүру салты өзінің көзқарастарына сәйкестендіруге тырысып және полещиктік үй жайдық тұрмысынан жаңа шеге отырып 1910 жылдық 28 Қазанында Ясная Польянадан жасырын түрде шығып кетедіде жолда суықтан қайтыс болады.

Жюль Верн

(1828-1905)
Нант қаласында дүниеге келген адвакадтың баласы білім бойынша заңгер. Жюль Вернді тектен - тек жазушы ғалым деп атамайды. Ол Әлемдік әдебиетте ғылыммен фонтастиканың негізгі қалаушы ретінде көрнекті орын алды.

Фонтастикалық және шым - шытырманға толы туындылардың авторы француз жазушысы Жюль Верн өзінің «Әуе шарында өткізілген бес атты» атты романының арқасында танымал болды.

Өз өмірінде ол 65 ғылыми фонтастикалық сондай - ақ сотиралық романдар жазды.

«Капитан Граюттың балалары құпияға толы арасы 15 жасар капитан» атты туындылары оқырмандардың сүйіп оқитын туындылары болып табылады.

15 жасар капитан «Туындысы балалардың сүйікті кітабы болып табылады және де ол мектеп оқулықтарында лайықты орын алып жатыр».

Мектеп қабырғасында жас жеткіншек Жюль өзінің мыңдаған құрдастары секілді Даниэль Дефоның өлмес туындысы «Робензон крузоны» тебіреніскен қайта - қайта оқып шықты. Фенимор купердың романдарын том - томымен «Жұтып жіберіп» отырды. Өзінің шығармашылығында Жюль Верн өз балалық шағының құштарлықтарына адал болып қала береді. Сондықтан оның туындыларынан осынау тамаша туындылардың тақырыптары мен обрздарының жаңғырықтарын байқауға болады.

Жюль Верн жайғана жазушы емес терең білімді бола отырып ол өз романдарында белгілі бір жаңалықтарды алдын - ала болжап отырған. Бұл жерде Жюль Верннің қалауымен су астында сексен мың шақырым қашықтықты жүзіп өткен тамаша сүңгір қайық «Наутулисті» айта кетсек те жеткілікті.

Оның болжамы 1879 жылы жазылған «Бегумның 500 миллионы» романында айқын көрсетілген. Оның басты қаһарманы – бүкіл әлемді билеп ұмытылған басқаны емес әскери зауотта білдіретін қорқынышты «Құрым қаланы құрушы ғаламның залымы». Ол көп мөлшерде бүтіндей бір қалаға бір мезетте өртпен өлім себетін оны барлық жағынан да сөнбес жалындаған өртпен қамти алатын «Бұрын соңды болмаған қуатты снаридтарды дайындайды Шюльге бүкіл адамгершілік мейрімділік атаулыны жек көреді» алайда түптің түбінде романда ол масқара болып күйрейді.

Оның «Капитан Гранттың балалары», «Құпия арал» «15 жасар капитан» атты романдары оқырмандардың бірнеше буынының сүйікті кітаптары болып табылады. Оның кітаптарының бірі Иван Федорович крузинш тернеге орналады. Оның есімімен 1803-1806 жылдарда жер шарын айналған орыстың алғашқы экспедициясына байланысты жалапы орыс ғалымдарымен зерьтеушілеріне Жюль Верннің картотекасында да оның туындыларында да үлкен орын бөлінген.

«Капитан Гранттың балалары» – бұл оңтүстік Амириканың Австралияның, Жаңа Зиландияның флорасымен фаунасы айшықты бояуларымен бейнеленген географиялық район. Алайда жазушы осы жерлердің өсімдік және жануарлар әлемімен ғана шектеліп қалмайды. Ол отаршылардың қол астына өткен осы осы елдердің жергілікті тұрғындары қандай жағдайға тап болғандықтарын мәнерлі түрде көрсетеді.

Өз отанында ағылшындардың үстемдік еткендігіне наразы болған Грантының мұхитты аралдарында еркін шатландық отарды құру үшін саз жақтың аралдарын зерттеп шығуға бел буады. Осы себебтің капитан апатқа ұшырағаннан кейін, Лондондағы адмиралистіктің лордтары өршіл шатландықты іздестіруге немесе жіберуден бас тартады, сондықтан бұл іске оның отан досы Гленерван тәуекелге бел буып кірісіп кетеді.

«Капитан гранттының балалары» романының оқырмандары, Гленерван мен оның серіктері капитан грантының қарастырған құпия аттарының құпиясын қалай атуға тырысып жатқандығының қыбыр етпестен бақылайды.

Жюль Верн сондай - ақ география және географиялық зерттеулер тарихы еңбектердің авторы. Оның шығармашылығы біздің ғаламшарымызбен Ғарыштық құпияларын ашатын ғылым романтикасына толы. Оның қаһарманы – қарабасының қамын ойлаудан ада, гуманист, кейде озбырлықпен ұлттық езгіге қарсы күресуші ғалым демакрат ірі республикашыл Ж.Верн утопиялық социалистермен және 1871 жылғы Париж коммунасы қайраткерлерімен байланыста болды. Кейінірек ол ғылымның жетістіктерін байлардың мүддесіне пайдалануға қарсы шықты.
Генрик Ибсен

(1828-1906)
Норвегияда, Шиен қаласында дүниеге келді. Кедейленген коммерсанттың ұлы. Ол 8 жасқа келгенде әкесі қайтыс болып, Генрик өмірдің қйыншылықтарын өте ерте сезінді. Ол гимназияда оқып жүрген кезінде, барлығының арасында өзінің өткір ақыл - ойымен ерекшеленді. Кейінірек ол дәріханада жұмыс істеп жүрген кезінде әдеби туындыларды үзбей оқыды.

Өзінің шығармашылғын ол өлеңдерден бастады. Оның «Каталина» (1850 жылы атты алғашқы драммасы 20 жасар жазушыға даңқ алып келді. «Иван кеші», «Хельгеленнің соғысытары» мен өзге де туындылары әлемннің көптеген тілдеріне аударылған. Оның шығармашылығының ең гүлденген шағы «Пер Пент», «Жастар одағы», «Көлеңкелер» секілді туындыларға тап келеді, мұнда өз заманының философиялық рухын жинақтаған.

Жазушы өз қаһармандарының дүниетанымын өз шығармаларында шеберлікпен бейнелей білді.

Оның туындылары – «Каталина» (алғашқы драмма 1848), «Иван түні» (пьеса 1853) «Эстраттан шыққан Фру Ингер», (Пьеса 1854), «Салхаугедағы той» (пьеса 1855) «Хельгеленнің соғыстары» (пьеса 1857), «Махаббат комедиясы» (драмма 1862), «Таң үшін күрес» (драмма 1863), «Бранд» (драма 1865),«Қуыршақ үй» (драмма 1879), «Халық жауы», (драмма 1882), «Елестер», (пьеса 1881), «Жабайы үйрек» (пьеса 1900), «Біз өлі кезімізде оянамыз» (пьеса 1899).

«Каталина» пьессасында Ибсен тарихпен аз есептесті. Рим сенатына қарсы шыққан шынайы бүлікші Каталина (б.ә.д. ІІ ғасыр) өзінің қара басының мансаптарын басшылыққа алды, Римнің диктаторы болуға тырысты.

Жеті пьессасының: «Иван түні» (1853) «Эстраттан шыққан Фру Ингер» (1854), «Салхаугедағы той» (1855), «Олаф Лилиенкранс» (1856) «Хельгелен соғыстары» (1857) «Махаббат комедиясы» тарихи сипатқа ие («Эстараттан шыққан Фру Ингер», «Таң үшін күрес») (1864), немесе скандинавиялық аңыздарға негізделген

Осы тұрғыдан алғанда әсресе «Эстроттан шыққан Фру Ингер» тарихи драмасы ерекще болып табылады. Оқиға ХҮIғ да Норвег халқының дат билігіне қарсы күресі кезеңінде болған. Орасан үлкен жерлердің иесі кербез де, өктем Фру Ингер Норвегияның азаттығы үшін күреске басшылық жасай алатын еді, ол тіпті жас қыз кезінда осыған ант берген, алайда ол бұл антына берік болмады. Ол заңсыз туған баласының өмірі мен жарқын болашағы үшін күресуді жөн көрді және осыған бола ол өз отанының жауларымен бірқатар ымырластық келісімдерге келді. Өз баласына жол ашып беруді ойлап, ол үйіне жолшыбай кетіп бара жатып қонған, тақтың тағы да бір үміткері болып табылатын жас жігітті өлтіреді. Алайда, өлтірілген жігіт оның өз баласы болып шығады, себебі ол балалық шағынан бері көрмеген еді.

Бірінші кезеңнің ең әйгілі әрі ерекше болып табылатын «Жауынгерлер Хельгеландта» атты пьессасы бүтіндей әйгілі, «Вольсунгілер туралы салалар» материалына негізделген .

Ибсеннің шығармашылығының бірінші кезеңіндегі оның ең елеулі пеьсасы – «Тақ үшін күрес» атты пьессасында Шекспирдің ықпалы сезіліп турады.

Ибсеннің шығармашылығының екінші кезеңін (1864-1884) реалистік деп есептеу керек. Бұл кезеңде Ибсен сегіз драма жазды. Олар: «Бранд» (1865), «Пер Гюнт» (1866) , «Жастар одағы» (1869), «Кесарь мен галилеялық» (1873), «Қоғам қайраткерлері» (1877), «Қуыршақ үй» (1879), «Елес» (1881) және «Халық жау» (1882).

«Пер Гюнт» драмалық дастаны - әртүрлі сарындар мен жанрларды -драмаландырылған халық ертегісін, әлеуметтік – сатиралық комедияны, саяси фарс пен философиялық драманы біріктіретін өте күрделі пьесса. Оның қаһарманы – туған ауылында көп бәлені жасаған, мақтаншақ әрі қиялшыл, байлық пен даңқ жайлы армандайтын көңілді, жеңіл мінезді ауыл баласы. Пер Гюнт Брендтке тікелей қарама - қарсы кейіпкер. Бұл жеке басының рахаты үшін өмір сүретін өзінен өзге ешкімді артық көрмейтін өзімшіл жан.

Ибсен шығармашылығының үшінші кезеңі (1884-1900) сегіз пьессаны қамтиды, олар - «Жабайы үйрек» (1884), «Росмерсхольми» (1886), «Теңізден келген әйел» (1888), «Тедда Габлер» (1890), «Сольнес құрылысшы» (1892), «Кішкентай Эйольф» (1894), «Йун Габриэль Боркман» (1896) және «Біз өлі кезімізде оянамыз» (1899).



Марк Твен

(1835-1910)
Марк Твен (Шын аты – Самуэл Ленгхорн Клеменс) - Американ жазушысы. Миссури штатында дүниеге келген. Балалық шағы Миссисипи жағалауындағы Ханнибал қалашығында өтті. Әкесі қайтыс болғаннан кейін оның өмірі жоқшылыта өтті.

Ол өз қызметін журналист ретінде бастады. «Энтерпрайз» газетінде оның сатиралық және әзіл - сықақ әңгімелері жиі пайда бола бастайды. Содан соң ол Еуропа мен Кіші Азияны саяхаттап аралайды. Өзінің алған әсерлерін ол бірқатар шығармаларында бейнелеген.

1861-1865 жылдардағы азаматтық соғыс басталысымен Миссисипи мен кеме жүзу тоқтайды. Осының себебінен Марк Твен Батысқа, алтын мен күмістің кеніштері табылған Невада жеріне барады. Мұнда ол қомақты байлыққа ие болуды үміттеніп, біршама уақыт бойы старатель болып жұмыс істеді, содан соң журналистикамен шұғылдана бастады.

Журналистика саласында ол жаңадан пайда болған адам емес еді. Оның алғашқы мақалалары, очерктері мен фельетондары ол әріп теруші және боцман болып жұмыс істеп жүрген кезінде жазылған болатын. «Энтерпрайз» газетінде қызмет ете жүріп Марк Твен қысқа уақыттың ішінде әйгілі сықақшыға айналады. Марк Твеннің алғашқы әңгімелері – бұл, негізінен сықақ туындылар. Фольклорлық сюжеттегі «Калаверастағы атпен шабушы әйгілі бақа» атты әңгімесінен өзге, олардың қатарына «Теннессидегі журналистика», «Мен ауыл шаруашылық газетін қалай редакцияладым», «Мак Вильямс және Круп», «Сағат» және т.б. жатады. Онда таңғажайып оқиғалар сипатталды, қызықты оқиғалар мен анекдоттар айтылған.

«Ашық ауыздар шетелде» - қарама - қайшы туынды. Бір жағынан онда американ шығармаларының сатиралық образдары сомдалған, олардың топастығы мен діни көлгірлігі масқараланады. Екінші жағынан кітапта еуропалық тәртіптерге немқұрайлы қарау, мәдиниеттің ұлы ескерткіштеріне күмәнді көзқараспен қарау сезіліп тұрады.

Сықақ әңгімелермен қатар ертедегі Твенде өзге сатиралық сипаттағы әңгімелер кездеседі. Құрама Штаттардағы нәсілдік келіспеушілікті өткір сатирамен түйреген. «Гольдсмиттің досы тағыда жат елде» («Қытайлықтың хаты» 1870) әңгімесі болып табылады. Әңгіме ақкөңіл қытайлық А.Сунхидің, жұмыс пен бостандыққа малдан Америкаға қалай келгендігін баяндайтын хат формасында жазылған.

Мак Твеннің ең көлемді туындысы - «Гекльберри Финнің басынан кешкен оқиғалары» (1885). Мұнда жазушы Американың өткенін бейнелеуге, «Таом Сойердің басынан кешкенін оқиғаларында» әдемі етіп сипатталған өз балалық шағына тағыда мойын бұрады. Алайда «Том Сойермен» салыстырғанда өткеннің тақырыбы енді басқаша үнмен шыға бастады.

«Гекльберри Финнің басынан кешкен оқиғаларында» орталық образ Гек Финнің образы болып табылады, әңгіме міне соның атынан жүргізіледі. Том Сойердің образы мұнда екінші дәрежедегі рөлді атқарады.

80-ші 90-шы жылдары Марк Твен «Миссисипидегі өмір» атты очерктері кітабын (1883), «Американдық үміткер» (1892), «Кеуек бас Уилсон» (1894) романдары мен тарихи тақырыптағы - «Ханзада мен қайыршы» (1882), «Король Артур сарайындағы янкилер» (1889) «Жанна дАрк» (1896) романдарын жазып шығады. Осы кітаптардың ішінде ең көп қызығушылықты туғызатын ол тарихи романдар болып табылады.

«Ханзада мен қайыршы» - бұл гуманизм мен демократия үрдістері толып жатқан кітап. Қыңыр мінезді ерке өскен Уэльстін ханзада кездейсоқ емес жағдайда халықтың қалың ортасына түсіп қалып, барлық қиын сынықтардан өтеді. Жазушы оны өзінің жеке ауыр тәжрибиесінде өмірді түсінуге және қолданып жүрген заңдардың қаталдығы мен әділетсіздігіне көз жеткізуге мәжбүрлейді.

Бірқатар туындыларында Марк Твен дінді батыл сынға алады. Шіркеудің адамгершілікке жат рөлін ол «Кароль Артурдің сарайындағы янкилер» романында анық көрсетті. Бұл тақырыпты ол Вольтерлік рухта жазылған - «Кішкентай Бесси құдіретті күшке көмектесуі тиіс» (1909) атты шағын әңгімесінде дамыта түседі. Твенді Вольтер секілді өмірдегі зұлымдық мәселесі алаңдатады. Оның әңгімесінің қаһарманы кішкентай қыз Бесси өз анасына - қайғы-қасірет неге мұншалықты көп? Бұл неліктен осылайша болады? деп сұрақ қояды.

«Өмірдеректе» көптеген беттер өткен өмір, балалық шақ пен жастық шақ туралы естеліктер болып табылады. Бірақ мұнымен қатар кітапта өз заманының көкейтесті мәселелеріне арналған бүтіндей тараулар мен бөлімдер бар. Жазушы Амариканың бастарында тәждері жоқ, өз байлықтарын қанды жолмен жинаған билеушілері - Рокфеллердің, Кларктің, Гугентеймнің ашық портреттерінің галереясын жасайды.



Эмил Золя

(1804-1902)
Әйгілі Француз жазушысы Эмиль Золя Парижде инжинердің отбасында туған. Оның әкесі итальяндық, ал анасы - фрацуз қызы болды. Золя алдымен колледжде, содан соң лицейде оқыды.

1864 жылы Золя, «Нинон ертегілері» атты новеллалар жинағын жариялады. Золяның ертектегі бір бөлігі өмір деркетен болып табылатын «Клодтың тәубесі» (1865), «Өлген қыздың өсиеті» (1866), «Марсель құпиялары» (1867) секілді романдары өзіндік еркешеліктерден кенделеу болып келеді. Алайда Золя ертектегі туындыларына тән романтизмге эпигондықпен еліктеуден бірте - бірте арыла бастайды.

Золяның шығармашылық мұрасы алуан түрлі. Ол әңгімелердің бірнеше жинақтарынан әдеби - сыни және публицистикалық мақалалар жинағынан бірнеше драмалық туындылардан тұрады (әсіресе оның «Рабурденнің мұрагерлері» атты пэссасы көпшілікке мәлім) деген мен мұнда маңызы мен көлемі бойынша романдар алып жатыр.

«Терезза Ракен» романының алғы сөзінде Золя өзінің «жазушы натуралистер тобына» жататындығы туралы мәлімдейді де өз әдісін айқындайды. Натурализм теориясын Золя «Тәжірибиелік роман», «Романист - натуралистер», «Театрдағы натурализм» атты еңбектерінде негізделген.

1868 жылдың соңында Золя екінші империя туралы романдар сериясын жазуды бастады. Негізгі ой түкпілікті түрде тұлғаның, отбасының, қоғамдағы әлеуметік топтардың, ал қоғамның өзінің тарихта дамуының динамикасын ашып көрсету иедясымен біріктірілген 20 романнан тұратын «Ругон - Маккары» сериясында қалыптасты.

«Ругон - Маккар» - күрделі және көп көріністегі эпопея. Оны құрайтын романдарда жетекші тақырыптарды ерекшелеуге, негізгі бағыттарды олар эпопеяның бүкіл мазмұнын қамтамаса да белгілеп алуға болады. Бұл - буржуазияның бейнесі («Ругонов мансабы», «Олжа», «Париждің құрсағы», «Қаспақ», «Ақша» және т.б.), халықтың өмірі («Тұзақ» «Жерминаль», «Жер»), креликалыққа қарсы тақырып («Плассонның жаулап алынуы», «Аббат Меруеннің теріс қылығы» және т.б.), өнер мен шығармашылық («Шығармашылық»).

«Жерминал» романының негізгі ойы өмірді мұқият зерттеудің нәтижесінде қалыптасты. Жұмысшылар бұл романда олардың өмір сүруін айқындайтын ең басты нәрседе - еңбекте бейнеленген. Кеншілердің тұрмысы да шынай етіп көрсетілген, алайда бұл толық мәнді болып табылмайды. Адам төзгісіз жағдайларға қарамастан адами қасиет шаруалар – Жанеде, Франсуагеде, Фуане қарияда сақталған. Кейінірек алғаш рет «Жерде» бейнеленген шаруа жан. «Талқандау» романында бүкіл ұлттық дұрыс ниеттегі күштерінің көрінісіне, Золяның оң идеадарын білдірушіге айналады.

«Үш қала» романдарын жаңа циклы келешекке қарай ұмтылған. Алайда әлеуметтік зұлымдықты жоққа шығару және гуманиттік идеалды тұжырымдау мұнда шынайы өмірдің өзін талдаудан келіп туындайды. Трилогияның қаһарман - зиялы адам.

Пьер Фроман христиан дінін ғылыми сараптамадан өткізеді де оның түп негізінде надан тобырды қанау, «Кереметтерді» дөрекі түрде саудаға салу («Лурд»), Ватиканда пайдакүнемдіктің, пәлеқорлық пен оңай олжаға құмарлықтың үстемдік құруы («Рим») жатқандығын анықтайды. Дін өлген. Тура жол тек ғылым мен еңбекте («Париж»)- деп сенеді Пьер Фроман.

Пьер Фроман христиан дінін ғылыми сараптамадан өткізеді де оның түп негізінде надан тобырды қанау, «Кереметтерді» дөрекі түрде саудаға салу («Лурд»), Ватиканда пайдакүнемдіктің, пәлеқорлық пен оңай олжаға құмарлықтың үстемдік құруы («Рим») жатқандығын анықтайды. Дін өлген. Тура жол тек ғылым мен еңбекте («Париж») – деп сенеді Пьер Фроман.

Болашақта ақыл парасат пен еңбектің салтанат құратындығы туралы өзінің арманын аяқталмай қалған әлеуметтік утопиясы – «Төрт Евангели тетралогиясында» нақтылы түрде көрсетті. Тетралогиясының қаһармандары Пьер Фроманның балалары – матвей, Лука, марк, Ионанн – бейне біржаңа апосталдар секілді отбасына («Жемістілік»), қалаға («Еңбек ұлтқа»), («Ақиқат»), адамзатқа («Әділеттілік») жаңару алып келеді. Бұл цикл – халыққа жолданған өзіндік бір ағартушылық «Іжіл».

Жазушыға франко - прусс соғысымен және Париж коммунасы мен байланысты оқиғалардың орасан зор ықпалы болды. Франко - пруес соғысындағы оқиғалар «Талқандау» (1892) романында да, міне сондай –ақ Мопассанның, «Күлшесімен» бірге «Медан кейстері» (1880) жинағына енген «Диірменді қоршау» атты атақты новелласында көрінісін тапқан. Бұл новеллада ол қайсар патриоттары - диіменші Марлье ағайды, оның қызы Франсуазаны, жас жігіт Доминикті ерекше зор сүйіспеншілікпен көрсетті.




1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   48


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет