Г. жарқынова «Арай» балабақшасының тәрбиешісі, Заводской кенті, Степногорск қаласы. Қыс қызығы



жүктеу 34.95 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі34.95 Kb.
:
Г.ЖАРҚЫНОВА

«Арай» балабақшасының

тәрбиешісі,

Заводской кенті,

Степногорск қаласы.


Қыс қызығы «Екі Аяз»

Білім беру саласы: Қатынас, Денсаулық

Мақсаты: Бүлдіршіндердің қысқы ойын туралы түсініктерін бекіте отырып ойлау және есте сақтау қабілеттерін, жан – жақты дамыту. Жұмбақтар, өлеңдер, тақпақтар арқылы сөз байлығын арттыру. Қоршаған ортаға сүйіспеншілігін, бірлікке тәрбиелеу.

Алдын – ала жүргізетін жұмыс: «Екі Аяз» ертегісін оқып беру, талдау, мазмұнын түсіндіру.

Құрал – жабдық: шыршалар, шана (2), ойыншықтар (үлкен аю, үлкен қоян, аңдар), екі шығыршық, күректер (әр балаға).

Әдіс – тәсілдері: Ғажайып сәт, сұрақ – жауап, жұмбақтар, көркем сөздер (қыс туралы)

Балалар серуенге шығады, шеңберге тұрады.

Тәрбиеші:

Балалар айналаға қараңдаршы, қазір жылдың қай мезгілі?


  • Қыс

Тәрбиеші: Қыс мезгілінің басқа мезгілдерден айырмашылығы қандай?

Тәрбиеші: Қыс мезгілі несімен қызықты?

Тәрбиеші: Балалар біз бүгін серуенді ерекше көңілді өткіземіз.

Айғай шумен Екі Аяз келе жатады.



Тәрбиеші: Кім екен шулап келе жатқан? Қандай ертегіден келді?

Балалардың жауабы: «Екі аяз ертегісінен»
Тәрбиеші: Кешіріңіздер, сіздер қай жақтан келіп қалдыңыздар?
Екі аяз (бір дауыспен): Сәлеметсіздер ме балалар! Біз орман жақтан келе жатырмыз. Кездескен адамдарды, балаларды қатырайық деп, тондырайық деп шықтық.
Тәрбиеші: Тоқтай тұрыңдар аяздар! Біз балалармен «Қыс қызығы» атты ойынға жиналып келдік. Бізге қосылып, біздің қонағымыз болыңыз!
Екі аяз (бір дауыспен): Жоқ біз қазір бәрін қатырып тастаймыз (екі аяз бір-бірімен сыбырласып тұрады)
Екі аяз (бір дауыспен): Жарайды, біз қатырмаймыз, егер сендер біздің тапсырмаларымызды орындасаңдар.


Тәрбиеші: Жақсы орындаймыз, солай ғой балалар?
Балалар: Иә, орындаймыз!
Қызыл Аяз: Жұмбақ жасырамыз.


  1. Суда батпайды,

Отқа жанбайды (мұз)

2) Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тонады (Қар)


  1. Қыста әйнекке біреу,

Өрнек салып жүреді (Аяз)

  1. Қанаты жоқ ұшады,

Аяғы жоқ желеді

Аузы жоқ ұлиды (Боран)


Қызыл Аяз: Қап, балалар жұмбақты шешті! (бастарын сипап)

Көк аяздың тапсырмасы: Тақпақ айтып беріңдер.



Қыс
Аппақ күміс бар әлем,

Зымыраймыз шанамен,

Тоғайлар тоң киеді,

Аяз беттен сүйеді.

Жиналып ап бар бала,

Тұрғызамыз аққала.



Сырғанақ
Біз тебеміз сырғанақ,

Таудан төмен сырғанап.

Бір шанада екеміз,

Құламайды екенміз.



Аққала
Қар жауғанда топ бала

Соқтық келіп аққала.

Мұрны сәбіз үп-үшкір,

Көзі көмір қап – қара

Көме шелек басында

Сыпырғышы қолында

Мұзайдында ойнауға

Келгендей ақ ол мында.


Қаңтар
Лебіз мұздай ызғарлы,

Алып келді қыс қарды.

Қысқа түндер ұзарды,

Ұзақ күндер қысқарды.

Аяз сүйіп қарсы алған,

Жердің аппақ тұлғасы.

Қыстың айы – қаңтардан

Басталады жыл басы.


Көк аяз: Олар тағы да тапсырманы орындап қойды, мен оларды қатырғым келіп тұр еді.
Қызыл аяз: Өлең айтып беріңдер, біздің көлілімізді көтеріңдер!

Ән «Қыс қызығы»


Екі аяз (бір дауыспен): Жарайды бәрін орындап бердіңдер


Тәрбиеші: Екі аяз сендер біздің балалармен сайысасыңдар ма?
Екі аяз (бір дауыспен): Сайыса көрейік!
Тәрбиеші: Ендеше екі топқа бөлінесіздер! Бірінші топ қызыл аяз тобы болады, екінші топ көк аяз тобы болады.

  1. Бірінші сайыс «Кім шапшаң» (аю, қоян ойыншықтарын шанамен шыршаны айналып артқа оралып келу

  2. Екінші сайыс «Кім жылдам шыршаға аңдарды жинайды»

  3. Үшінші сайыс «Екі шеңберге кім тез қар түйіршіктерін жинайды»

Барлық балалар екі аязбен шеңберге тұрып, биялай ойының ойнайды.
Екі аяз: Біз қызықты ойнадық балалар, шапшаң екенсіздер! Біздің көңілімізді көтердіңдер!Біз өте қуаныштымыз! Ешкімді қатырмаймыз балалар! Кетер алдында сендерге біз тәтті сыйлықтар бергіміз келеді (балаларға кәмпиттер таратылады) Сау болыңыздар балалар!
Балалар: Сау болыңыз екі аяз!!!

Балалар топқа оралады.

Тәрбиеші: Балалар, сендерге Қыс қызығы ұнады ма?

(Балалардың жауаптары)



Тәрбиеші: Ендеше өз көңіл – күйлеріңізді смайлик арқылы белгілейік. (балалар тақтайшаға арнайы смайликтермен белгілейді)



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет