Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар



жүктеу 1.35 Mb.
бет1/8
Дата25.04.2016
өлшемі1.35 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8


Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайларды және

өнеркәсіптік қауіпсіздікті

мемлекеттік бақылау комитетінің

2008 жылғы «20» тамыздағы

№ 33 бұйрығымен

келісілген

Газ және газоконденсат кен орындарын

өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар

1-тарау. Жалпы қағидалар
1. Газ және газоконденсат кен орындарын-газды, газоконденсатты және басқа да қосындыларды тиісті экономикалық көрсеткіштерге сай пайдалану үшінгі кешенді шаралар мен технологиялық үрдістерді қолдану деп түсіну қажет.

2. Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу бекітілген жұмыс жобалары және кен орындарын игеру жоспары бойынша жүргізіледі.

3. Өңдеу жобасының негізгі жағдайларын тиісті газодинамикалық және технико-экономикалық есептермен дәлелдеу қажет.

4. Бекітілген өңдеу жобасының негізгі жағдайын принципті өзгертпейтін, бірақ кен орындары өңдеу жағдайын жақсартатын қосымша және шамалы өзгерістерді жобалаған ұйыммен келіскен кезде (тиісті рәсімдеуді) жасауға болады.

5. Бекітілген өңдеу жобасына түбірлі өзгерістер енгізу қажет болғанда, соңғысы қайта жасалынады (нақтылы өңдеу жобасы) және белгіленген тәртіп бойынша бекітіледі.

6. Өңдеу жобасында газды, конденсатты және сол сияқты қосындыларды шығарудағы барынша мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін, сондай-ақ, кен орнын қорғаудың барлық шараларын ескеру қажет.

7. Өңдеу кезінде жинау, тазарту, тасымалдау объектілерін салу жөніндегі құрылысты бастау және газда, конденсатты және ілеспе қосындыларын пайдалануды көздейтін әдістемелік нұсқау-өңдеу жобаларының негізі болып саналады.

8. Газоконденсат орындарын өңдеу кезінде қат қысымдарын бірқалыпты ұстайтын өңдеу жобасында мынадай мәселелерді, пайдаланылатын және айдауыш ұңғалардың саны мен жүйесін анықтау, сондай-ақ, істеп тұрған қат агенттігіндегі толтыру көлемін, қабаттағы қысымды ұстаудың ұзақтығын және кен орнын өңдеудегі жалпы мерзімді, алынған конденсат пен басқа да технологиялық және техникалық-экономикалық көрсеткіштерді шешкен жөн.



2-тарау. Ұңғыларды бұрғылау

1-параграф. Газ ұңғыларын бұрғылауды ұйымдастыру

жөніндегі жалпы қағидалар
9. Пайдаланылатын ұңғыларды бұрғылау «Мұнай, газ және газоконденсат кен орындарындағы ұңғыларды бұрғылау кезінде жүргізілетін жұмыстардың біріңғай техникалық талабына» сәйкес жүргізіледі.

10. Дәлелденген өнімділігі бар газ және газоконденсат кен орындарында барлау ұңғылардың құрамы, бұл ұңғыларды пайдалануға беру мүмкіндігін есепке алғанда қабылданады.



2-параграф. Ұңғыларды пайдалануға беру
11. Газ және газоконденсат ұңғыларын пайдалануға беру құрамында беруші, қабылдаушы жақтардың өкілетті орган және кен орнын пайдалану мен қорғаудағы өкілетті орган өкілдері бар комиссия жүзеге асырады.

12. Барлау ұңғыларын пайдалануға беру төмендегі мәліметтері көрсетілген тиісті акті бойынша рәсімделінеді:

1) ұңғыны бұрғылауды бастау мен аяқтау мерзімі жөніндегі мәліметтер, ұңғы орналасқан жері мен шартты координаты, ұңғы сағасы құрылымының альтитудасы (ротор үстелі көрсетілген содан бұрғылау кезінде тереңдігін өлшеген фонтан арматурасы астындағы бағана ернемегі); орамалы құбырдың маркасы және қалыңдығы көрсетілген тереңдікке бойлау, орамалы және фонтан құбыры, забой жабдығы, ашу ерекшелігі, цемент сақинасының биіктігі мен жағдайы, оны ашудың сипаты;

2) газ қабаты мен сағасының толық химиялық анализі, конденсаттың фракциялық, топтық және химиялық құрамы, сондай-ақ, егер болса, мұнай жиегі, яғни мұнай;

3) лабораториялық (керн бойынша) кәсіпшілігі мен геофизикалық мәліметтері анықталған газды горизонттың жинағыш ерекшелігі;

4) өнімді горизонттардың тұйықталған суының тығыздылығы мен химиялық құрамы;

5) барлық жүргізілген зерттеу жұмыстарын алынған нақты мәліметтермен бірге қоса хаттау;

6) зерттеу мәліметтерін өңдеу нәтижесі;

7) ұңғыдан су мен құм шықса, онда ұңғы жұмысының ерекшелігі көрсетіледі;

8) пайдаланылатын бағананың герметикасы және құбыр аралық кеңістіктің жағдайы туралы акт.

13. Барлау ұңғысын пайдалануға ұңғының паспорты, геофизикалық материалдар мен керндік материалын, газды, конденсатты (мұнайды) және суды талдау нәтижесі, сондай-ақ, ұңғының іс-жағдайы бірге беріледі.

14. Пайдаланылатын газ ұңғысы колонналары мен саға жабдықтарының герметикалық жағдайы дұрыс болса және игергеннен кейін, сондай-ақ, факельде жанғаннан соң 72 сағат ішінде оны бұрғылаудан кейін пайдалануға беріледі. Қажет болған жағдайда ұңғының факельде жану мерзімі аймақтық органның өкілетті өкілінің келісімі бойынша ұзартуға болады. Бағанааралық қысым болған ерекше жағдайда, аймақтық органның өкілетті өкілі дұрыс қорытынды жасағанда ұңғыны пайдалануға беруге болады.

15. Ұңғыны пайдалануға берерде жұмысты орындаушыға ұсыныс беріледі:

1) фонтан арматурасын орнату, сондай-ақ, ұңғыға фонтан құбырын жіберу;

2) бұрғылау мұнарасын, мұнаралық құрылыстар мен бұрғылау жабдықтарын алып тастау, ұңғы маңайындағы алаңды тегістеп, шұңқырлар мен траншеяларды көміп, қауіпсіз техникасы мен өртке қарсы талаптарда көзделген басқа жұмыстарды атқару.

16. Жоғарыда көрсетілген жұмыстарды орындамайынша, ұңғыларды пайдалануға беруге болмайды.

17. Бұрғыланған ұңғының нақты тереңдігі бұрғылау болғаннан соң, айналдыра оралған колоннаны жібергенше, бұрғылау құбырының ұзындығын болат рулеткамен өлшейді. Оны геологиялық қызметтің өкілі мен бұрғылау шебері актіні жазу арқылы бақылау өлшеуді жүргізеді. Ұңғы тереңдігі каротаж мәліметі бойынша тексеріледі; жасанды забойдың тереңдігі оны игеру алдында анықталынады.

3-тарау. Газ және газоконденсат кен орындарынан кен шығаруға дайындық

1-параграф. Газ және газоконденсат

кен орындары (шоғырлары) жіктемесі
18. Газ және газоконденсат кен орындарының өнімді қабаттарының геологиялық құрылымының күрделілігі жөнінен негізгі екі топқа бөлінеді:

1) күрделі геологиялық құрылымды кен орындары (тектоникалық бұзылымнан бірнеше блоктар мен зоналарға бөлінген, литологиялық құрамы, жинаушы ерекшелігі және басқа да өнімді горизонттың өзгермелі сипаты бар);

2) қарапайым геологиялық құрылымның кен орындары (бұл кен орындарындағы өнімді қаттар литологиялық құрамы салыстырмалы тұрақтылығымен, жинаушы қасиетімен және бүкіл шоғыр алаңы бойынша горизонттары өнімділігімен сипатталады).

19. Горизонттардың (шоғырлар) өнімділік саны бойынша кен орындары бөлінеді:

1) бір қаттылы;

2) көп қаттылы.

20. Кен орындарынан қазба шығару объектілері сан бойынша бөлінеді:

1) біробъектілік, бір шоғыр немесе барлық шоғырлар бір қазу объектісіне бірігеді;

2) көп объектілер, бірнеше қазу объектілері болып бөлінеді.

21. Конденсаттың болуы немесе болмауы бойынша кен орындары бөлінеді:

1) газдық, қысым мен температураның төмендегенінде газдан сұйық көміртегілер шықпайды;

2) газоконденсаттық, қысым мен температураның төмендегенінде газдан сұйық көмірсутегілер шығады.

22. Газоконденсат кен орындары (шоғырлар) газоконденсаттың тұрақты құрамы жөнінен келесі топтарға бөлінеді:

1) 1 топ, құрамында шамалы тұрақты конденсат – 10 см33;

II топ, құрамы шамалы – 10 нан 150 см33;

3) III топ, құрамы жоғары:

III топ, құрамы орташа – 150 ден 300 см33;

IV топ, құрамы жоғары – 300 ден 600 см33;

V топ, құрамы өте жоғары – 600 см33 артатын.

23. Конденсаттың тұрақты құрамына, термодинамикалық сипаты және геологиялық жағдайына байланысты газоконденсат кен орындары қазылады:

1) қат қысымын ұстамай-ақ, (газ кен орны сияқты);

2) қат қысымын ұстай отырып.

24. Қаттағы мұнайдың болуы немесе болмауына байланысты газ және газоконденсат шоғырларын топтарға бөлуге болады:

1) мұнайсыз жиек немесе өндірістік маңызы жоқ мұнайлы жиек шоғыры;

2) өндірістік маңызы бар мұнайлы жиектің шоғыры.

25. Ұңғымалардың шығымы бойынша (барынша ең көп жұмыс шығымы) газ және газоконденсат кен орындарын (шоғырлар, қазу объектілері) келесі топтарға жатқызуға болады:

1) шығымы төмен – сөткесіне 25 мың м3;

2) шығымы шағын – сөткесіне 25-100 мың м3;

3) шығымы орташа – сөткесіне 100- 500 мың м3;

4) шығымы жоғары – сөткесіне 500 – 1000 мың м3;

5) шығымы өте жоғары – сөткесіне 1000 мыңнан аса м3.

26. Қат қысымының бастапқы мөлшері бойынша шоғырлар бөлінеді:

1) қысымы төмен – 60 кг/см2 дейін;

2) қысымы орташа – 60 тан 100 кг/см дейін;

3) қысымы жоғары – 100 ден 300 кг/см2 дейін;

4) қысымы өте жоғары – 300 кг/см2 артық.



2-параграф. Газ және газоконденсат кен орындарын барлау кезінде қойылатын негізгі талаптар
27. Барлау ұйымдары, ведомстволық бағыныштылығына қарамастан, газ және газоконденсат кен орындарын барлаған кезде, газ бен газоконденсат запастарына баға бергенде оның дұрыс дәрежесін, оны қазу немесе тәжірибелік-өндірістік пайдалануға беру үшін және қолданыстағы қағидаға байланысты барлау жұмысын жүргізу кезінде тәжірибелік-өндірістік жобалау мен қолайлы экономикалық көрсеткіштерге байланысты кен және кен орындарын қазу үшін және басқа бастапқы деректерді алуды қамтамасыз етуі қажет.

28. Газ және газоконденсат кен орындарының запасын есептеу көлемді әдіспен немесе тәжірибелік-өндірістік пайдаланудың деректері бойынша қысымы төмендегенде жүргізіледі.

29. Өндірістік игеру және тәжірибелік-өндірістік пайдалануға жататын газ және газоконденсат кен орындарының барланған дәрежесін қолданыстағы нұсқаулар мен қағидалар көздеген запасын есептеу кезіндегі газ бен газоконденсат запасының қатынасына байланысты қанағаттандыру қажет.

30. Газ және газоконденсат кен орындарын (шоғырлар) барлаған және оларды қазуға дайындаған кезде келесі мәліметтерді алуды қамтамасыз ету керек:

1) өндірістік маңызы бар мұнай жиегінің болуы немесе жоғы дәлелденуі;

2) шоғырдың негізгі параметрін алу мақсатымен біренеше ұңғалар бойынша толық сынамалау және зерттеу жүргізілуі;

3) өнімді горизонттардың, соның ішінде қима және алаң бойынша толық сипаттайтын жинауыштың негізгі параметрін анықтау;

4) газ және мұнайдың – газ шоғырлары жапсарының жағдайын анықтау;

5) шоғыр құрамының құрылымдық және геометрикалық сипаттарын анықтау.

31. Газ және газоконденсат кен орындарын барлау кезінде, қойылатын талап-ол барлау мерзімін мейлінше қысқарту, тәжірибелік-өндірістік пайдалануға дайындау үшін тиісті көрсеткішті алу және одан әрі оны қазуға беру мыналарды қамтамасыз етеді:

1) барлау кезеңдері мен қазуды жобалауды қатар жүргізу; бұл іздеу ұңғыларындағы өндірістік газдың ағынын алған соң, іздестіру ұңғыларын терең орналастыру барлау жобасы бойынша немесе болашақта пайдаланылатын ұңғылардың орналасу мүмкіндігін ескере отырып жүргізіледі;

2) оның пайдалану талабына сай келетін ұңғы құрылымын таңдау;

3) көп қатты кен орындарын қазуды есептей отырып, барлау кезеңдерін бөлу;

4) есептеу жолымен газ-судың араласуын анықтау;

5) өндірістік маңызды мұнай жиегі барын дәлелдеу үшін ұңғыларды бұрғылауды жүргізу;

6) тиісті параметрлерді алуды қамтамасыз ететін тәжірибелік-өндірістік пайдалану және газ және газоконденсат кен орындарын қазу үшін ұңғыларды зерттеуде ең ұтымды өндірістік және геологиялық – геофизикалық кешендерді қолдану.



3-параграф. Барлау ұңғыларындағы геологиялық-кәсіптік зерттеулер, бастапқы деректерді алу үшін газ және газоконденсат кен орындарын тәжірибелік-өндірістік пайдалануды жобалау
32. Барлау ұңғылары бойынша жүргізіледі:

1) бүйірлік топырақ қазғыш және геологиялық-геофизикалық зерттеумен алынған литологиялы-стратиграфикалық разрезді керн мен шлам үлгілері бойынша зерттеу;

2) қимада өнімді горизонттарды табу;

3) өнімді горизонттардың негізгі сипатын анықтау: қуатын, коллекторлардың физикалық қасиеттері-кеуектілігін, өтімділігін, сумен байланысын, мұнайды және басқа да кәсіптік-геофизикалық, лабораториялық пен гидродинамикалық зерттеулерді;

4) жапқыштарды зерттеу;

5) сулыгаз бен мұнайлыгаз жапсарының (мұнай-газ шоғырлары) бастапқы жағдайын анықтау;

6) ұңғылардың өнімділігін анықтау.

33. Зерттеу мақсатымен газдың сапасын есептеу және кен орындарын қазуды жобалау үшін жобада көзделген ұңғыларды барлағанда өнімді горизонттардан тұтастай немесе алынған кернді іріктегенде шығарылатын кернмен өнімді қаттардың және олардың түзімділер сыйымдылығының физикалық қасиетінің сипаты толық қамтамасыз етілсін.

34. Барлық барлау ұңғаларында кәсіптік геофизикалық зерттеулер, ұңғы оқпанының қисаюы мен азимутын бірге қоса толық кешенді зерттеулер жүргізіледі.

Каротажсыз ұңғыма жасауға, қисаюы мен азимутын өлшегенде 200 м асыруға тыйым салынады.

35. Барлау ұңғымаларын бұрғылаған кездегі геологиялық-кәсіптік зерттеудің көлемі мен түрлерін барлау және кен орындарын тәжірибелік-өндірістік пайдаланудың жобасына сәйкес бекітілген геологиялы-техникалық наряд белгілейді.

36. Барлық жағдайларда, бағананы цементтегеннен кейін, бағананың сыртындағы цементтің биіктігін, сондай-ақ, цементтің сапасын цемент өлшеуішпен немесе басқа әдіспен анықтау қажет.

37. Әр барлау алаңында арнайы дайындалған сол ұңғылар үшін геотермикалық градиентін анықтауы тиіс.

38. Газбен бірге су ағыны алынған жағдайда, электротермометрдің, резистивиметрдің немесе басқа әдістермен ағынның қайдан шығып жатқанын анықтау керек.

39. Газ шыққан ұңғаларда жүргізіледі:

1) сағалардағы статикалық қысымды өлшеу (манометрлердің үлгілерімен) және қаттағы қысымды анықтау (міндетті түрде тереңдік өлшейтін манометрлермен, ерекше жағдайда есептеумен) анықтау;

2) газ бен конденсаттың ұңғыманың ең аз дегенде 5-7 режимдегі дебитін анықтау;

3) ұңғыманның әртүрлі режимдегі жұмысында сағадағы динамикалық қысымды өлшеу (манометрлердің үлгілерімен) забойдағы қысымды анықтау (тереңдік өлшейтін манометрлермен немесе есептеумен);

4) қысым тұрақтанғандағы қисықты және қысым күшейгендегі қисықты жою;

5) газдың әртүрлі дебитіндегі забойдағы және ұңғы оқпаны бойынша температураны өлшеу;

6) газдың әртүрлі дебитіндегі шығатын судың және қатты қоспалардың сапасы мен құрамын анықтау;

7) газ бен конденсаттың химиялық құрамын анықтау үшін үлгісін алу, конденсаттың түсу жағдайын зерттеу, сондай-ақ, компоненттердегі коррозияның барын (газдағы күкірсутегіні, көмірқышқылын, сұйық фазадағы органикалық қышқылдарды) анықтау;

8) ұңғыдағы дебитті ұлғайту жөніндегі (интенсификациялау) жұмыс қажет болған жағдайда.

40. Су шыққан ұңғаларда (контурлардың және ішкі контурлардың) жүргізіледі:

1) химиялық құрамы тұрақтанғанша суды сорғызу;

2) қат қысымын (тереңдік манометрімен), статикалық деңгейіді өлшеу, индикаторлық қисықты және қысым қалпына келгендегі қисықты жою;

3) химиялық анализ және еріген газдың саны мен құрамын анықтау үшін тереңдегі судың үлгісін алу.

41. Мұнай белгісі бар немесе мұнай берген ұңғыларда мұнай кен орындарын қазу талаптарында көзделген кешенді зерттеулер жүргізіледі.

42. Барлау ұңғылары бойынша зерттеулер жүргізудің жоспары мен мерзімі Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің төтенше жағдайлар және өндірістік қауіпсіздіктің мемлекеттік бақылауы жөніндегі Комитеттің аймақтық бөлімшелерімен келісіледі.
4-параграф. Газ және газоконденсат ұңғыларын игеру және зерттеу
43. Барлау бұрғылауын жүргізген кезде табылған және болашағы бар барлық қаттарды (горизонттар) бөлек байқаудан өткізуді қамтамасыз ету қажет.

44. Газ ұңғыларын игеруді, тек қана тиісті қысымы бар фонтан темір арқауын қойғанда және ұңғылардың лақтырмалы манифольдісін орағанда қажетті үлгілерді алуды, қысымы мен температурасын өлшегенде жүргізуге болады. Фонтанды темір арқауды және манифольд жүйелерін бекіту, сөйтіп, сағалық қысымды біржарым есеге баспақтау қажет.

45. Өнімді қаттар әлсіз цементтелген породалармен немесе ұңғалар жапсар аймағына тақау орнатылса, ұңғыларды игеру үрдісін өте сақ, қаттағы қысымды күрт төмендетпей жүргізу қажет.

46. Забой төңірегіндегі жұмсақ коллектордың бүліну қаупін ең төменгі деңгейге жеткізу үшін немесе жарылған коллектордағы шектес аймақтағы қаттардың флюидасын тарту арқылы, ұңғаларды игеруді екі кезеңмен жүргізу қажет:

1) 1-кезең- шағын депрессиядағы ұңғыларды игеру;

2) II – кезең – ұңғыларды игерудегі жоғарғы қарқын (көп депрессия).

47. Ұңғыларды зерттеу кезінде:

1) қат газының, конденсаттың газдағы құрамын, қаттағы конденсаттың түсу жағдайын, айырылу мүмкіндігі және басқаларын лабораториялық зерттеуден өткізу үшін газ бен конденсаттың үлгілерін алу;

2) газда конденсат болған жағдайда әртүрлі қысымдар мен температуралар кезінде сеператордағы конденсаттың жағдайын зерттеу;

3) ұңғы оқпанындағы және ұңғыға әртүрлі дебиттегі сеператорлардағы газ температурасын анықтау;

4) конденсациялық судың шығу жағдайы мен ұңғылар оқпанындағы және забой төңірегіндегі аймақтағы гидраттың пайда болуын зерттеу;

5) газдың басқа қаттарға өту мүмкіндігін, сондай-ақ, оқпан арасында газдың пайда болуын зерттеу;

6) ашылған қат қуатының нақты жұмыс істеу аралығын және жеке қаттар бойынша дебиттің бөлінуін анықтау;

7) забой төңірегіндегі қат аймағында болатын бүліну себебін табу;

8) ұңғыларға құйылудың интенсивті әдістерді қолданудың тиімділігін зерттеу және қатты ашудағы ең оңтайлы жағдайды табу;

9) сұйық газ ағынының коррозиялық жемірлігін (агрессивность), онымен күресу әдісін таңдау үшін коррозия ерекшелігін зерттеу;

10) оңтайлы дебитті және ұңғыларды пайдалану мен шоғырды (кен орнын) қазу жағдайын бекіту.

48. Зерттелетін ұңғылар сағасында, шлейфте, сеператорда және бұрылыс газ құбырында тиісті қысымға шақталған үлгілі манометр қоюды көздеген және термометр астында қалта жасалғаны жөн.

49. Таужынысы мен сұйықты шығару жиілілігін зерттеу, олардың құмұстағыштағы санын өлшеу жолымен жүргізіледі. Бұл деректерді ұңғылардың әр жұмыс режимінде тіркеу қажет. Әсіресе, пайдаланудың алғашқы күнінде түскен санын өте ұқыптылықпен өлшеген жөн.

50. Забой ұңғыларын әлсін-әлсін өлшеп, оның тазалығын қадағалау қажет.

51. Шыққан құмның санын, дебиттің тұрақтылығын және басқаларын нақты анықтау үшін, кейбір жағдайларда ұңғыларды арнаулы (ұзақ мерзімді) сынақтан өткізеді.

52. Ұңғылардың конденсатқа ұшырауын зерттеу кезінде жылжымалы немесе кәсіптік сепарациялық қондырғы болуы қажет, онымен сұйықтың санын өлшеуге және газ бен конденсаттың үлгісін алуға болады.

53. Өнімді ұңғыларды алғашқы барлағанда газоконденсаттың болуын зерттеу міндетті түрде жүргізілуі тиіс, содан соң тәжірибелік-өндірістік пайдалану және қазу кезінде ол пысықталынады, оған келесі анықтамаларды қосу қажет:

1) сепараторлардан бөлінетін конденсаттың санын, (ішкі және тұрақты), әртүрлі қысым мен температурадағы газдың см3 м3 және оның құрамын;

2) газда ерітінді күйінде қалатын пропан, бутандардың және сұйық көмірсутегінің (С5+жоғар.), сепаратордан шығатын, сепаратордағы температура мен қысымға байланысты санын;

3) қат газы үшін конденсация изотерімдері;

4) конденсацияның барынша қысымы;

5) қат газының құрамы және ондағы сұйық көмірсутегінің (С5+жоғар.) болу әлеуеті;

6) қаттағы газоконденсат жүйесінің фазалық жағдайы;

7) қаттағы конденсация басталуының қысымы;

8) газдың забойдан сағаға жылжу кезіндегі шығатын конденсаттың саны;

9) газ құбырындағы температура мен қысымдағы сүзілген сеператордан шыққан газдың сұйық фазасының саны.

54. Тәжірибелік-өндірістік пайдалану барысында табиғи газдың химиялық құрамын бөлудегі бағаны белгілеу үшін дөңес және зерттелген шоғырдың қанаттарында орналасқан бірнеше ұңғылардан үлгілерді іріктеп алу қажет.

55. Еркін және еріген газдарды - метан және С6 –ға дейінгі гомологтарын қоса, сутегі, азот, гелий, аргон, сондай-ақ, көміртегі газы мен күкіртсутегіні анализден өткізген кезде, мазмұнын анықтау қажет. Міндетті түрде көміртегінің қалыпты және изомерлік құрылысы құрамын анықтау керек.

56. Табиғи газдағы күкіртсутегінің құрамын және СО2 анықтау тікелей ұңғыда көлемі бойынша тиімді құрамын дәлдікпен 0,0001 ден 0,01 % дейін анықталады.

5-параграф. Гидрогеологиялық зерттеулер
57. Барлау кезінде газ және газоконденсат шоғырларының байланысы бар сусақтағыш горизонттарды зерттеу және оның гидрогеологиялық параметрлерін анықтау керек.

58. Өнімді горизонттардың ең маңызды гидрогеологиялық параметрлеріне, гидрогеологиялық зерттеу кезінде анықтауға жататындар:

1) жерасты сулардың статикалық деңгейі, оның алаң бойынша – өзгеру заңдылығы:

2) жеке ұңғылар бойынша индикаторлық сипаттамалары;

3) гидрохимиялық көрсеткіштер-еріген тұздыион жиынтықтары, олардың жиналған көмірсутегімен, су сиғызатын таужынысы мен гидродинамикалық литологофациальды ерекшеліктердің өзара байланысы;

4) жерасты сулар газының қоюлығы және газ құрамы;

5) температуралық сипаттамасы.

59. Ұңғаларды дайындау, белгіленген параметрлерді анықтау үшін тиісті зерттеулерді жүргізу және түсіндіруді ғылыми-зерттеу жобалау институты жасаған гидрогеологиялық зерттеу әдістемесі бойынша жүзеге асырады.

60. Гидрогеологиялық зерттеулердің негізгі объектісі болып сынақ кезінде су шыққан өнімді ұңғылардың сутұтқыш аралығы, контурланған ұңғылар, сондай-ақ, шоғырларды пайдалану кезінде суланған ұңғылар (егер қатқа су тарту жүргізілмесе).

61. Барланған барлық ұңғыларды, ең соңғы сынақтан өткен сутұтқыш аралығын, онда арнайы гидрогеологиялық сынақтар өткізу үшін арнайы шоғырбас тетікпен жабдықтау керек. Ұңғыларды жоюға болмайды.



6-параграф. Геологиялық барлау жұмысының нәтижесі бойынша өндірістік запастарды ҚР ПМК бекітуі
62. Кен орнындағы газ запасы, сондай-ақ, шығарылған газдың деңгейі мемлекеттік сараптамаға және Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар запасы жөніндегі Мемлекеттік комиссиясының бекітілуіне жатады.

63. Геологиялық барлау жұмысының нәтижесі бойынша, пайдаланғаннан кейінгі кеңейтіп бұрғыланған кен орнын алғашқы жобалық құжат бойынша қазу керек (мұнай кен орнын технологиялық схема бойынша қазу және газ кен орнын тәжірибелік-өндірістік жобамен пайдалану) және бұрын бекітілген запас 20 % аса өзгерген жағдайда запасты бекітуге мемлекеттік сараптама жүргізеді.

64. Өндірістік маңызы бар ерітілген газдың, конденсаттың және сондағы болатын компоненттердің шығарылатын запастары және шығару коэффициенттері технологиялық және техникалық-экономикалық есептердің негізінде анықталады, мұнайды шығару коэффициентінің техникалық-экономикалық нұсқасын жасағандағы дәлел, мемлекеттік сараптамаға ұсынылады.

65. Мемлекеттік сараптама, салалық ведомостволардың қорытындысын есептей келе технологиялық, экономикалық және экологиялық талаптарға толық жауап беретін нұсқа бойынша газ шығару коэффициентін бекітеді.

66. Мұнайдың, газдың және газоконденсаттың запасын бекіту тәртібі қағидалармен және нұсқаулармен реттеледі.

7-параграф. Газ және газоконденсат кен орындарын (шоғырлар) тәжірибелі-өндірістік пайдалану
67. Істеп жатқан газ құбырлары аумағында орналасқан газ және газоконденсат кен орындарында барлауды тездету және кен орнын игеру үшін тәжірибелі-өндірістік пайдалану, газ, конденсат және басқа компоненттердің запасы есептелінеді және қазу мен кәсіпшілікті игеру жобаларын жасау үшін жүргізіледі.

68. Газ және газоконденсат кен орындарында тәжірибелі-өндірістік пайдалануды жүргізу үшін бастапқы деректерді алуды қамтамасыз ететін, тәжірибелі-өндірістік пайдалану жобасын жасау үшін саны шамалы қажетті ұңғыларды бұрғылау керек.

Осы ұңғылар бойынша:

1) барлау ұңғылары бойынша геологиялы-өндірістік және геофизикалық жұмыстар толық өткізіледі және өнімді горизонттардың негізгі физикалық-литологиялық сипаттамасы алынады;

2) газ ұңғыларын зерттеу бойынша нұсқаулыққа тиісті барлау ұңғыларын сынау бойынша зерттеудің толық кешенді жұмысы орындалады;

3) газ және газоконденсат құрамбөлігі зерттеледі;

4) өнімді горизонттардың газоконденсаттық сипаты анықталады;

5) өндірістік мұнай жиегінің жоқтығы белгіленеді;

6) газдың, конденсаттың және басқа компоненттердің жедел бағасы жүргізіледі.

69. Газ және газоконденсат кен орындарын тәжірибелі-өндірістік пайдалануға беруге болады, егер:

1) өндірістік мұнай жиегінің жоқтығы анықталса;

2) қат қысымын қолдамай-ақ, қордың таусылуы газоконденсат кен орындарын (шоғырларды) қазу мақсаты дәлелденсе;

3) тәжірибелі-өндірістік пайдалану жобасы жасалынады және бекітіледі;

4) қолданыстағы қағидалар мен нұсқауларға тиісті жұмысты жүргізуге өкілетті органның аумақтық бөлімшесінен жерді айналып өтуі рәсімделеді және рұқсат алынады;

5) кәсіпшілікті игеру жобасы жасалынады және бекітіледі, газды, конденсатты және басқа компоненттерді пайдалануды қамтамасыз ететін қажетті өндірістік және басқа құрылыстар салынады;

6) өндірістік сарқынды суды ағызу мәселесі шешіледі.

70. Газдық және газоконденсаттық кен орындарын (шоғырлар) тәжірибелі-өндірістік пайдалану газдық және газоконденсаттық кен орындарын қазу бірінші кезең болып саналады.

71. Тәжірибелі-өндірістік пайдаланудың мерзімі жобаны жасау сәтіндегі қолданыстағы жобалар-қағидалар және нұсқаулармен анықталады.

72. Кен орындарын тәжірибелі-өндірістік пайдалану, барлауы және пайдаланатын ұңғылармен жүзеге асады. Соңғысының орналасу жерін болашақ қазу кестесін ескере отырып таңдаған жөн.

  1   2   3   4   5   6   7   8


©netref.ru 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет