«геодезия» пәні ОҚУ-Әдістемелік кешені



жүктеу 0.79 Mb.
бет1/5
Дата25.04.2016
өлшемі0.79 Mb.
  1   2   3   4   5
: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының Шәкәрім атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


СМК Құжат 3 деңгейлі

ПОӘК

ПОӘК 042-18-14.1. 10 / 03-2013


ОӘҚ

«Геодезия» пәні бойынша оқытшыға арналған оқу-әдістемелік кешен


02.09.2013ж

№ 1 басылым









«ГЕОДЕЗИЯ»

пәні ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


5В072900 «Құрылыс» мамандығына арналған

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ



Семей

2013


Алғы сөз

1. ӘЗІРЛЕГЕН

Құрастырған –Тлебалдина А.Х. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, «Геодезия және картография» кафедрасының аға оқытушысы

«_01__» __09___2013 ж. № _1_


2. ТАЛҚЫЛАНҒАН

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Геодезия және картография» кафедрасының отырысында


Хаттама «_02_» __09___ 2013 жылғы, № _1_
Каф. меңгерушісі ____________ Күдеринова Н.А.

3. МАҚҰЛДАНҒАН

«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» факультетінің оқу-әдістемелік бюросы отырысында
Хаттама «_11_» __09___ 2013 жылғы, № _1_
Төрайым ____________ Бекбаева Р.С.

4. БЕКІТІЛГЕН

Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында келісіліп, баспаға ұсынылды
Хаттама «_18_» __09___ 2013 жылғы, № _1_

ОӘК төрайымы________________Искакова Г.К.



Мазмұны


1

Дәріс сабақтар

2

Зертханалық сабақтар

3

Тәжірибелік сабақтар

4

Курстық жұмыс

5

Студенттің өздік жұмысы



  1. ДӘРІС САБАҚТАР

1 дәріс. Тригонометриялық нивелирлеу әдістері және мәні.



Дәрістің мазмұны:

Тригонометриялық нивелирлеудің өсімшелерін анықтау. Қолданылатын аспаптар. Тригонометриялық нивелирлеу тәсілі. Нивелирлік белгілер. Желілі құрылыстарды трассалау.

ІІІ және ІV класты нивелирлеу жүргізу. Нивелирлік торлар мен жүрістерге қойылатын талаптар. Нивелирлеу дәлдігі. Нивелирлеудің әдістері және қолданылатын аспаптар. Электронды нивелирлер.
Тригонометриялық нивелирлеу әдісін рельефі тым өзгермелі жерлерде, көбіне таулы жерлерде нивелирлеу жұмысын жүргізгенде қолдану ыңғайлы. Бұл әдіспен нивелирлеуде жер бетіндегі нүктелердің өзара биіктіктерін анықтау үшін теодолит аспабы немесе тахеометр аспабы қолданылады.

Тригонометриялық нивелирлеу әдісінің мәні мынадай: жердің бетінде А және В нүктелері берілсін, осы нүктелердің арасындағы өзара биіктікті анықтау керек (һ=ВС). Ол үшін А нүктесіне теодолитті қойып, оны жұмыс қалпына келтіреді. Содан кейін аспап биіктігін і рулеткамен өлшейді. Ал В нүктесіне биіктігі белгілі v=ВМ қаданы немесе рейканы орналастырады.




Теодолиттің көру дүрбісін М нүктесіне көздеп, вертикаль бұрышты өлшейді. А және В нүктелерінің арасындағы горизонталь қашықтық d=AC=ON. Онда суретте көрсетілгенге байланысты MN биіктігін есептеп табуға болады. MN=h/=d*tgv. Енді суретте көрсетілген МС сызығының екі жағында l+h, яғни айтқанда i+d*tgv=l+h, бұдан толық өзара биіктікті анықтауға болады.

h =d*tgv+i-l

мұнда, d-горизонталь арақашықтық; v-көлбеу бұрыш; і-аспаптың биіктігі; l-көздеу биіктігі, d*tgv көбейтіндісін электрондық калькулятормен немесе арнаулы өзара биіктік таблицасы арқылы есептейді.

Өлшеу кезінде есептеу жұмыстарының көлемін азайту үшін рельефі бірыңғай өзгермелі тең шамаға (i=l) көздейді, онда келесі түрде болады:

h=d*tgv

Өзара биіктікті көлбеу ұзындықтар D (d=D*cos2v) арқылы анықтағанда, формуламыз келесі түрге енеді:

h=1/2D*sin2v

Егерде d>300 м болса, онда өзара биіктікті Жердің қисықтығы және рефракция құбылысы ескерілетін түзетпе беру арқылы анықтайды.



h=d*tgv+i-l+f

мұнда, f=0.42*d/R, R-Жердің радиусы.

Тригонометриялық нивелирлеу теодолиттер Т30, 2Т30, Т15, Т15К, Т5, Т5К, ТО5 (МЕСТ 10529-79) мен тахеометрлер ТЭ, ТД, ТН, ТВ (МЕСТ 10812-74) және шет елдік тахеометрлер Дальта 010, Дальта 020 және т.б. арқылы орындалады.

Топографиялық пландар мен карталарды, сондай-ақ инженерлік жобалауда және құрылыс остерін жобадан жерге шығарғанда жер бетіндегі нүктелердің биіктігін білу қажет.

Геометриялық нивелирлеу- өзара биіктік горизонталь көздеу сәулесі арқылы анықталады және нивелир аспабының көмегімен орындалады.

Геометриялық нивелирлеуде бір нүктенің екінші нүктеге байланысты өзара биіктігін горизонталь көздеу сәулесімен және сол нүктелерде вертикаль орналасқан рейкалардың көмегімен анықтайды.

Анықталған биіктіктер мен берілген бастапқы нүктенің биіктігі арқылы қалған нүктелердің биіктігі анықталады. Геометриялық нивелирлеудің екі әдісі бар: ортаға қою және алға қарай нивелирлеу.

Қазіргі таңда өлшемдерді алуда ыңғайлы электронды нивелирлер жиі қолданылуда. Өлшем жасау үшін, арнай рейкаға аспапты бағыттап, клавиша басса болғаны, нивелир нүктелердің арасындағы өзара биіктікті есептеп, қашықтықты өлшейді. Өлшеу нәтижесі экранда көрсетіліп, аспаптың жадысында сақталады. Бұндай электронды нивелирлерлер арнайы программалармен жабдықталған. Мысалы, өзара биіктіктерді, белгілерді және горизонталь қашықтықты болмысқа шығару; алдыңғы нүктелердің шамасын және өзара биіктіктерін есептеу; объектінің биіктігін анықтау; нивелирлеу жұмыстары.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

Тригонометриялық нивелирлеудің мәні?

Түсіріс кезіндегі теодолиттік-биіктік жүрістің ерекшеліктері?

Электронды нивелирлердің жұмыс атқару принциптері?
Ұсынылатын әдебиет:

1. Пентаев Т.П., Атымтаев Б.Б. Инженерлік геодезия - Алматы, 2003 ж.

2. Михелев Д.Ш., Инженерная геодезия, учебник, М.:2008

2 дәріс. Квадраттар бойынша нивелирлеу



Дәрістің мазмұны:

Далалық нивелирлеу өлшемдерін өңдеу. Нүктелердің биіктіктерін анықтау. Квадрат бойынша нивелирлеудің планын салу, ситуацияны түсіру және планда горизонтальдарды жүргізу тәсілдері. Қиысқтарды бөлу.

Жердің бетін нивелирлеу рельефі аз өзгермелі жерлерде, құрылыс салатын алаңның ірі масштабты топографиялық планын алу үшін қолданылады. Жердің бетін нивелирлеудің екі әдісі бар: квадратпен және магистральды.

Квадратпен нивелирлеуді ашық жерлерде, рельефтің күрделілігіне байланысты, теодолит пен лентаның көмегімен қабырғалары 10,20,30,40 және 50 м квадрат торларға бөлуден бастайды. Квадраттардың төбелерін қазықпен бекітеді. Квадрат торларды бөлумен қатар жердің ситуациясы түсіріледі. Квадраттардың төбелерін нивелирлеу құрылыс алаңына байланысты. Кішігірім алаңдарды нивелирлеу нивелирді бір-ақ рет қойып, жүргізіледі. Бұл жағдайда нивелирді алаңның ортасына қояды, оны жұмыс қалпына әкеліп, осы станциядан кезегімен квадраттың төбелеріне рейканы қойып, оның қара жағымен санақ алады.


Реперден квадраттардың бір төбесіне биіктікті беру үшін нивелирлеуді ортаға қою әдісімен орындап, репер мен квадрат төбесіндегі орналасқан рейкалардың екі жағынан санақтар алады. Осыдан кейін квадраттың төбесінің биіктік мәнін есептеп анықтайды. Анықталған биіктік мәні мен сол нүктедегі рейканың санағы арқылы аспаптың горизонты (АГ) есептеледі, АГ арқылы квадраттың барлық төбелерінің биіктігі анықталады.

Құрылыс алаңы аумақты территорияны алып жатса, онда тұйық нивелир жүрісі жүргізіледі. Бұл жағдайда кейбір квадраттың төбелері байланыс нүктелері болады. Нивелирлеудің нәтижесіне байланыс нүктелерінің биіктіктері станциялардағы АГ және квадраттың төбелерінің барлық биіктіктері есептелінеді.

Қабырғалары 100 м квадрат торларында әр квадрат бөлек нивелирленеді. Бұл жағдайда нивелир квадраттың ортасына орналастырылады. Квадрат төбелерінде орналасқан рейкалардан алынған санақтар квадрат торының схемасына жазылады.


Снақтарды тексеру квадраттың қарама-қарсы төбелеріндегі санақтардың қосындысының теңдігі, оның айырмашылығы 5 мм-ден аспауы керек. Содан кейін квадраттың қабырғалары арқылы өзара биіктіктерді есептейді, сыртқы периметрі арқылы, сондай-ақ створмен олардың мәндерін үйлестіреді де, квадраттардың барлық төбелерінің биіктіктерін есептейді. Құрылыс салынған территорияларда жердің бетін нивелирлеу магистральды сызықтармен және оның көлденеңдіктерімен жүргізіледі. Ол үшін магистральды сызықтарға перпендикуляр орналасқан көлденеңдіктер бөлініп, тең бөлікпен нүктелер белгіленеді.

Оларды түсіру біріктірілген теодолиттік және нивелирлік жүрістер арқылы орындалады. Жер бетінің рельефіне және планның масштабына байланысты көлденеңдіктің аралығы 10 м-ден 50м-ге дейін алынады. Өзара биіктіктерді үйлестіру және биіктіктерді есептеу геометриялық нивелирлеу нәтижесін өңдегендей жүргізіледі.

Квадраттардың биіктіктері анықталғаннан кейін жер бетінің топографиялық планы жасалынады. Ол үшін квадраттың әр төбесіне метрдің жүзден бір бөлігімен (0,01м) биіктік мәндері жазылып, абрис бойынша планға ситуация түсіріледі және горизонталь жүргізіледі. Магистральды нивелирлеумен топографиялық планды жасау жоғарғы айтылған әдістермен жүргізіледі.

Жер бетінің табиғи жағдайы құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін барлық кездерде қолайлы бола бермейді, яғни жер бетін салынатын құрылыстық түріне, пайдалануына байланысты өзгертуіне тура келеді. Осындай мақсатпен жүргізілген жұмысты жер бетін тегістеу деп атаймыз. Көп жағдайда жер бетін тегістеу жобасы құрылыстың бас жобасының құрамдас бөлігі болып келеді. Жер бетін түсіру жобасын жасаудың негізі болып 1:500-1:5000 масштабтағы топографиялық пландар саналады.

Сызықтық құрылыстардың ізденіс жұмыстарының өз ерекшеліктері бар, оларды орындаудың мақсаты жобалау кезінде құрылыстың трассасының қолайлы жағдайын анықтау болып табылады.

Трасса дегеніміз- жобалайтын сызықтық құрылыстың осі, ол картаға, планға, фотопланға координаталарымен түсірледі және жердің бетінде бекітіледі. Трасса күрделі кеңсітік сызығы болып табылады, планда түзулер әртүрлі қисықтармен жанасады. Трасса жазықтық, алқаптық, суайырықтық, беткейлік, және көлденең-суайрықтық болып бөлінеді.

Трассаның жағдайын анықтау сызықтық құрылыстың өндірістік мүмкіншілігін және қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз ететін техникалық талапты қанағаттандыру арқылы болады.

Трассаны жерге бекіткеннен кейін құрылыс мекемесіне акт бойынша тапсырады. Сөйтіп, ізденістің барлық кезеңдерінде негізгі инженерлік-геодезиялық жұмыстың кешені трассалау болып табылады. Трассалаудың екі түрі бар: камеральдық және далалық трассалу.

Камеральдық трассалу топографиялық карталарда орындалады, олардың масштабы жобалау сатысына байланысты.

Далалық трассалауда трассаның соңғы таңдалған вариантын жерге шығарады. Далалық трассалуда келесі жұмыстар жүргізіледі:


  1. трассаның басты нүктелерін жердің бетінде анықтау және бекіту

  2. трассаның бойымен пикетерді белгілеу және ситуацияны түсіру

  3. трассаның бұрылыс бұрыштарын өлшеу

  4. айналманың басты нүктелерінің пикеттік орнын анықтау

  5. түзу мен қисықтар ведомосін есептеу.

Трассаны жерде бекіткеннен кейін, оны пикеттерге бөледі. Пикет (ПК) деп горизонталь ұзындығы 100м жер бетіндегі қашықтықты айтады. Әр пикеттің басы мен соңын тегістелініп кесілген ағаш қазықшаларымен жердің бетімен бірдейлетіп бекітеді. Қазықшалардан 20-25 см алшақ, алыстан көрінетін ұзын қарауыл тақтайшалар орнатылады, бұл тақтайшаларға пикеттің реттік нөмерлері жазылады. Мысалы, ПК42 (немесе ПК4/2)деген пикеттің нөмірі 42, трассаның басынан 4200м жүргізілген. Сонымен қатар, әр пикеттің ішінде қазықшамен бекітіп, қарауыл тақтайшамен белгіленген плюстік нүктелер орнатылады. Қарауыл тақтайшаларда артқы пикеттің нөмірі және нүктеге дейінгі қашықтық жазылады.

Мысалы, ПК18+52, яғни айтқанда плюстік нүкте ПК18 бен ПК19 –дың арасында, ПК18-ден 52 м қашықтықта орналасқан.

Жолдың ыңғайлы трассасы –тура сызық болып табылады. Бірақта жердің әртүрлі жағдайына байланысты, аралық пункттермен өту кезінде және шеткі пункттердің аралығы тым қашық болғанда, екі тура бағыттағы трасса сызықтары сүйір бұрышпен қосылады. Осы екі түзудің қосылысқан жерінде, жол қозғалысы бірқалыпты және қауіпсіз болуы үшін тура сызықтар қисықпен жанастырылады. Жол практикасында қисықтың екі түрі қолданылады: Шеңберлі және өткінші қисықтар.

Соның ішінде жиі қолданылатын және қарапайым түріне жататын шеңберлі қисықтар.

Жолда шеңберлі қисықты салу үшін, оның элементтерін және басты нүктелерін білу қажет. Қисықтарды пикетке бөлу үшін, алдымен басты нүктелерінің пикеттік орнын анықтау керек. Басты нүктелерінің пикеттік орнын бұрылыс бұрыш төбелерінен (ББТ) қисықтың элементтерін пайдаланып табады.

Қисықтың негізгі нүктелерінде ағаштан жасалған бағандармен бекітеді, ал бағандарға бөлшек түрінде- алымына нүктенің атын, ал бөліміне пикеттік орнын жазады. Егер ББТ болса, онда қосымша бұрылыс бұрышының мәні жазылады.

Түзу және қисықтар ведомосі арнаулы таблицамен безендіріледі. Онда трассаны жерге салғандағы жасалатын өлшеу нәтижелері кіргізіледі.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

Нөлдік жұмыс нүктесін қалай анықтайды?

Жер бетіндегі бөлу жұмысының қандай кезеңдері бар?

Жоба биіктігін жерге шығарғанда қолданылатын аспап?

Трассаның элементтері?
Ұсынылатын әдебиет:

1. Пентаев Т.П., Атымтаев Б.Б. Инженерлік геодезия - Алматы, 2003 ж.

2. Михелев Д.Ш., Инженерная геодезия, учебник, М.:2008
3 дәріс. Тахеометрлік түсіріс.

Дәрістің мазмұны:


  1. Тахеометрлік түсірістің мәні және оның қолдану аясы. Тахеометрлік түсіріс кезінде қолданылатын аспатар туралы жалпы түсінік. Тахеометрлік түсіріс планын өңдеу.

Тахеометрлік түсіріс – топографиялық түсірістің бір түрі. Бұл түсірістің нәтижесінде ситуация мен рельеф бейнелегне план алынады. «Тахеометрия» сөзі греу тілінен аударғанда «тез өлшеймін» деген мағынаны береді. Бұл түсірісте жер бетіндегі әр нүктенің пландық және биіктік орнын көру дүрбісін рейкаға бір рет қана қаратып анықтайды, мұнда бір мезетте арақашықтықты, горизонталь бұрыштарды және вертикаль бұрыштарды немесе өзара биіктікті өлшеп алады. Ос себептен өлшеуге кететін уақыт азайып, өлшеу жылдамдығы артады. Тахеометрлік түсірістің аспаптарына теодолиттермен қатар, тахеометр деп аталатын арнаулы аспаптар жатады.

Тахеометрлік түсірістер кішігірім жердің ірі масштабты планын алу үшін қолданылады. Құрылыс салынған жерлерді, жол ізденістерінде трасса бойын түсіргенде және т.б. бұл түсірісті қолдану тиімді.

Тахеометрлік түсірісте өзара биіктікті анықтау үшін тригонометриялық нивелирлеу әдісі қолданылады.

Тригонометриялық нивелирлеуде өзара биіктіктің формуласы

h=d*tgv+i-l+f

ал егер рельефтің өзгерісі бірқалыпты болса, жердің қисықтығы және рефракция ескерілмесе (d<300м) f=0 және көздеу биіктігі l мен аспап биіктігінің і шамасын теңестірсе, яғни айтқанда i=l онда



h=d*tgv

тахеометрлік түсірісте арақашықтық жіптік қашықтық өлшеуішпен өлшенеді, оның анықтау формуласы



D=Cn+c

Егер көздеу өсі горизонтпен v бұрышын құраса, онда оның анықтау формуласы d=D*cos2v



h=1/2D*sin2v

Горизонталь арақашықтықтың d және өзара биіктіктің h шамалары тахеометрлік таблицалардың көмегімен немесе калькулятор арқылы есептеледі.

Номограммалық тахеометр аспабын ТН қолданғанда өзара биіктік пен горизонталь қашықтық тікелей вертикаль рейкамен және дүпбінің ішіндегі номограммамен анықталады.

Тахеометрлік түсірістің ізденіс кезіндегі негізгі түсіру масштабтары: 1:500, 1:1000 және 1:2000. Бұл масштабтар қызметіне, жобалау кезеңіне, сондай-ақ рельефтің және ситуацияның өзгеруіне байланысты таңдалынады.

Тахеометрлік түсірісті орындау үшін келесі аспаптар қолданылады: теодолиттер Т15, Т15К(компенсаторлы), Т30, 2Т30, 2Т30П;

тахеометрлер: номограммалық: ТН, DALTHA-010, DALTHA-020; электрондық: - Та-3, Та-5, RECOTA, RETA, ТС-307, ТРК-110;

тахеометрлік және нивелирлік рейкалар; тахеометрлік қадалар; жер өлшейтін ленталар мен рулеткалар.

Тахеометрлік түсірістің пландық-биіктік негіздері. Пландық – биіктік негіздері немесе түсіру нүктелері арқылы жер бетінің рельефі мен ситуациясы толық түсіріледі, бұл негіздер екі әдіспен құралады:

1. Теодолиттік жүріс арқылы, мұнда лентамен немесе жарық қашықтық өлшеуішпен ұзындықтар, ал геометриялық нивелирлеумен биіктік анықталады.

2. Тахеометриялық жүріс арқылы - жіптік қашықтық өлшеуішпен ұзындықтар, тригонометриялық нивелирлеу әдісімен биіктік анықталады.

Анағұрлым үлкен территорияны алатын объектілерді жобалағанда түсіру негіздерін бірінші әдіспен, ал кішігірім территорияны жобалағанда түсіру негіздерін екінші әдіспен құрайды. Тахеометр түсірісінің түсіру негіздері ретінде пайдаланылатындар құрылыс трассасы, тұйық полигон, ықшам триангуляция торлары және аспалы жүрістер.

Түсіріс негіздерінің түрлерін таңдау жобалау кезеңіне, жердің рельефіне, көріну жағдайына, түсірістің аумағына және масштабына байланысты болады.

Түсіру нүктелері әрқашанда көруге ыңғайлы биік жерлерде орналасқаны дұрыс. Түсіру нүктелерінің арақашықтығы 350 м-ден көп, 50м-ден аз болмауы керек.

Түсіру негіздері сызықтық құрылыстың трассасы ретінде келесі жағдайларда: су ағызғыштарды жобалау үшін трасса бойын түсіргенде, күрделі жерлерді трассалағанда, кіші жасанды құрылыстарды және бір деңгейдегі жолдардың түйіспелері мен жанаспаларын жобалағанда, пайдаланатын жерлерге су арықтарын және каналдарын жүргізгенде және т.б қолданылады.

Егер объектілер үлкен аумақты болса, онда түсіру негіздері ретінде тұйық полигон түрін қолданады.

Ықшам триангуляция торлары арқылы құралатын түсіру негіздері лентамен тікелей өлшеуге болмайтын ойлы-қырлы және таулы жерлерді түсіргенде қолданылады.

Трассаға немесе тұйық полигонның қабырғасына көлденең орналасқан ені аз, созылып жатқан жерді түсіргенде аспалы жүріс арқылы түсіру негіздерін құрады.

Барлық түсіру негіздерінің нүктелерін станция деп атайды.

Тахеометрлік түсірістің далалық өлшеулерінің нәтижелерін өңдеу келесі кезеңдерге бөлінеді:

1. Өзара биіктіктің шамаларын үйлестіру және түсіру нүктелерінің (станциялардың) биіктіктерін есептеу.

2. Түсіру нүктелеріндегі рейкалық нүктелердің биіктігін есептеу.

3. Тахеометрлік түсірістің планын (топографиялық планды) жасау.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

Тахеометрлік түсірісте қандай аспаптар қолданылады?

Тахеометрлік түсіріс кезінде станцияда қандай жұмыстар атқарылады?

Автоматтандырылған тахеометрлік түсірістің ерекшелігі неде?

Ұсынылатын әдебиет:

1. Пентаев Т.П., Атымтаев Б.Б. Инженерлік геодезия - Алматы, 2003 ж.

2. Михелев Д.Ш., Инженерная геодезия, учебник, М.:2008
4 дәріс. Мензулалық түсіріс.

Дәрістің мазмұны:

Түсірістің мәні. Мензулалық түсірісте қолданылатын аспатар. Кипрегельді тексеру. Аспап биіктігі мен белгі биіктігін анықтау. Тура және жанама қиылысуды графикалық тұрғыдан шешу жолы. Мензулалық түсірістегі геодезиялық торлар туралы түсінік. Ситуацияны және рельефті түсіру.
Мензулалық түсіріс – мензула мен кипрегель аспаптарымен орындалады. Мензулалық түсірістің құндылығы – түсіріс кезінде жер бетінің бейнесін сызба түрінде алуға болады және оны түсірілген жердің элементтерімен және контурларымен тікелей салыстыруға болады. Мензулалық түсіріс – топографиялық түсірістің түріне жатады. Мензула Жердің планын жасайтын тақтадан тұрады. Кипрегель-жер бетіндегі нүктелерді көздеп, арақашықтықпен өзара биіктікті анықтайтын геодезиялық аспап.


Мензулалық түсіріс- бұрыш сызатын түсіріске жатады, оның тахеометрлік түсірістен айырмашылығы, мұнда горизонталь бұрыштар өлшенбейды, олар өлшеу станциясында тікелей қағазға салынады; топографиялық план өлшеу кезінде тікелей қарындашпен жасалынады.

Горизонталь бұрыш АВС-ны планға салу үшін мензуланы В нүктесіне орналасытырады, ал А және С нүктелеріне рейканы немесе қаданы қояды. Кипрегельдің көру дүрбісін А нүктесіне көздеп, дүрбіге бекітілген кипрегель сызығы бойымен көздеу сызығын параллель ba сызығын сызады. Содан кейін көздеу дүрбісін С нүктесіне қаратып, bc бағытын сызады. Екі сызықтың қиылысқан нүктесінде бұрышын алады. Бұл бұрыш АВС бұрышының мензула тақтасының жазықтығындағы проекциясы. Проекция горизонталь болуы үшін мензуланың беті горизонталь жазықтық болуы керек, ал b нүктесі жер бетіндегі В нүктесімен бір тіктеуіш сызықта болады. В нүктесінен А және С нүктелеріне дейінгі арақашықтықты жіптік қашықтық өлшеуішпен өлшеп, оның шамаларымен нүктелердің бағытталған сәулелері арқылы масштабпен салып, мензула жазықтығында А және С нүктелерінің а және с проекциясын алады. Сондай-ақ тригонометриялық нивелирлеу әдісімен А және В нүктелерінің өзара биіктігін және нүктелердің биіктігін анықтауға болады. Алынған нәтижелер арқылы тікелей өлшеу кезінде жердің рельефін горизонтальмен сызып көрсетеді.

Мензулалық түсірістің құндылығы: оның көрнектілігі; жасалған планды түсірілген жермен тікелей салыстыруға болады; өлшеу кезінде планға тікелей горизонталь жүргізіледі. Мензулалық түсірістің тахеометрлік түсіріспен салыстырғандағы кемшілігі: өлшеу құрылғылары үлкен; өлшеу ауа райына байланысты; өлшеу жұмыстарының автоматтандыру дәрежесі төмен.

Мензулалық түсіріс кішігірім жерлерді түсіргенде қолданылады.

Мензулалық түсірісте қолданылатын аспаптардың құрамына мензула және кипрегель кіреді.

Мензула мензула тақтасынан (планшет) және оның қондырғысынан тұрады. Қондырғы бұранда арқылы штативке бекітіледі. Қондырғы үш көтеру бұрандасынан, бекіту және туралау бұрандаларынан тұрады.

Масштабы 1:2000 және одан ірі масштабты түсірісті планшетаны нүктеге цнтрлеу үшін центрлеуіш қолданылады. Мензуланың жеңілдендірілген және универсальды түрлері бар. Қазіргі уақытта мензулалық түсірісте номограммалы кипрегель жиі қолданылады.

Кипрегель КН көру дүрбісінен, колонкадан және бағытты сызатын сызғыштан тұрады. Негізгі сызғыштан басқа планшетаның орнынан жылжытпай нүктелерді түсіретін қосымша сызғыш бар. Колонкада цилиндрлік деңгейлеуіш бекітілген, ол арқылы мензула тақтасын горизонталь қалыпқа келтіреді. Негізгі сызғышта масштабтық сызғыш бекітілген. Көру дүрбісінің оптикалық жүйесі тура бейнелі және иіліп орналасқан окулярмен жабдықталған. Көру дүрбісінің бекіту мен туралау бұрандалары өстің бойында колонканың жоғары жағында орналасқан.

Вертикаль дөңгелекте цилиндрлік деңгейлеуіш және оның келтіру бұрандасы орналасқан. Вертикаль дөңгелектің лимбасында 0°-тан 50°-қа дейін сағат тілінің бағытымен және оған қарама-қарсы бағытта бір градустық бөлікпен санақтар жазылған. Санақтардың сағат тілімен бағыттағы мәндері «плюс» таңбасымен, ал қарама-қарсы бағыт «минус» таңбасымен белгіленген. Санақ бөлігінің бағасы - 5´. Нөлдік орын (НО) және көлбеу бұрыштардың анықтау формуласы

НО= (ДО-ДС)/2, v=ДО-НО

v=(ДО+ДС)/2, v=ДС+НО

Горизонталь ұзындықтар (арақашықтықтар) және өзара биіктіктер номограмма арқылы анықталады. Ол номограммалар көрі дүрбісінің өрісінде қисықтар түрінде орналасқан. ss қисығы- негізгі қисық, горизонталь арақашықтық қисығы dd, оның коэффициенті К= 100, өзара биіктікті анықтайтын қисық hh, коэффициенті K=10,20 және 100, бұл мәндер қисықтың үстінде жазылады. Мензуланың құрамына арнаулы рейка кіреді, горизонталь арақашықтықты және өзара биіктікті анықтау үшін негізгі қисықты рейканың нөл мәніне әкеледі, осыдан кейін өзара биіктіктің қисығына дейін рейкадан санақ алып, оны қисықта көрсетілген коэффициентке көбейтіп, өзара биіктіктің шамасын анықтайды. Арақашықтық қисығына дейін санақ алып, оны коэффициентіне көбейтіп, арақашықтықтың шамасын табады.

Мензуланы жұмысқа әзірлеу. Мензуланы жұмысқа әзірлеу үш сатыдан тұрады:мензуланы центрлеу, мензула тақтасын горизонталь жазықтыққа келтіру және оны бағыттау.

Мензуланы центрлеудің мәні түсіру планшетінде көрсетілген нүкте жер бетіндегі сол нүктенің үстінде тұруы керек. Центрлеудің мүмкіндік қатесі масштабтың дәлдігінің жарты шамасынан аспауы керек. Осыған байланысты 1:2000 және одан ірі масштабты түсірісте мензуланы центрлеу центрлеуіш айыр арқылы орындалады. Ұсақ масштабты түсірістерде центрлеу көзбен жасалады.

Мензула тақтасын горизонталь жазықтыққа келтіру кипрегель сызғышында орналасқан деңгейлеуіш арқылы орындалады. Ол үшін сызғышты екі көтеру бұрандасының бағытымен орналастырып, екі бұранданың көмегімен деңгейлеуіштің көпіршігін ортаға алып келеді. Содан кейін сызғышты алғашқы бағытқа перпендикуляр орналастырып, үшінші көтеру бұрандасымен деңгейлеуіштің көпіршігін ортаға әкеледі. Бұдан кейін деңгейлеуіштің көпіршігі сызғыштың кез келген бағытында ортаға келіп тұруы керек.

Мензуланы бағыттау деп түсіру планшетінде сызылған сызықтың жер бетіндегі сол сызыққа параллель болатындай етіп мензула тақтасын орналастыруды айтады. Мензуланы жуықтап бағыттау буссольмен жасалады.



  1   2   3   4   5


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет