География, 7 нұсқа Жеңіл металдар



жүктеу 102.96 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі102.96 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
География, 7 нұсқа

1. Жеңіл металдар:

A) Алтын, күміс, платина. B) Вольфрам, молибден. C) Титан, магний.

D) Мыс, марыш. E) Никель, қалайы.

2. Ірі қара өсіру жағдайы:

A) Құнарлы көк шөпті жайылым. B) Мол жауын-шашын. C) Құрғақ климат.

D) Құрғақ жем-шөп. E) Өзен, көлі бар аудан.

3. Ең ірі қорғасын-мырыш комбинаты:

A) Қарағанды. B) Текелі. C) Шымкент. D) Тараз. E) Өскемен.



4. Қай экономикалық аудан Каспий теңізінің жағалауында орналасқан?

A) Орталық. B) Батыс. C) Шығыс. D) Оңтүстік. E) Солтүстік.



5. Ең ірі қала агломерация:

A) Алматы. B) Қарағанды. C) Шымкент. D) Тараз. E) Өскемен.



6. Ең соңғы ашылған материк:

A) Америка. B) Аустралия. C) Африка. D) Азия. E) Антарктида.



7. Дүние жүзінде теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан жер:

A) Каспий маңы ойпаты. B) Амазонка ойпаты. C) Өлі теңіз.

D) Арал теңізі. E) Эйр көлі.

8. Аса ірі шөлдер орналасқан климаттық белдеу:

A) Тропиктік. B) Экваторлық. C) Қоңыржай. D) Субтропиктік. E) Субэкваторлық.



9. Исландияда мұз басу дәуірінен бері сақталған жануар:

A) Бұға. B) Марал. C) Қоян. D) Қабан. E) Қойөгіз.



10. Таулы өлкеде биіктеген сайын температураның жоғарылауын ... дейді:

A) Тәуліктік амплитуда. B) Температура инверсиясы.

C) Ауаның жылуы. D) Ауаның қозғалуы. E) Антициклон.

11. Қазақстандағы ауданы жағынан үшінші көл:

A) Алакөл. B) Зайсан. C) Балқаш. D)Теңіз. E) Селеті.



12. Солтүстік Американың Ұлы көлдер жүйесіне жатпайтын көл:

A) Жоғарғы көл. B) Эри.C) Үлкен Аю. D) Гурон. E) Онтарио.



13. Оңтүстік Американың табиғатын зерттеп, алғашқы геологиялық картасын жасаған неміс географ-ғалымы:

A) А. Воейков. B) Н. Вавилов. C) Г. Гудзон. D) А. Гумбольдт. Е) Ф. Дрейк.



14. Әлемде неше нәсіл?

A) 3. B) 5. C) 7. D) 9. E) 10.



15. Ежелгі мұхит:

A) Тынық. B) Атлант. C) Оңтүстік. D) Үнді. E) Ньяса.



16. Қазақстан батыстан шығысқа дейін ... созылып жатыр:

A) 1700 км. B) 3000 км. C) 6000 км. D) 12000 км. E) 15000 км.



17 Қай эрада Қазақстан жері тегіс аймаққа айналған?

A) Архей. B) Протерезой. C) Мезозой. D) Кайнозой. E) Палеозой.



18. Ебінұр көлінің ойысы мен Алакөл қазаншұңқырын қосатын өлке:

A) Торғай ойысы. B) Қарақия. C) Шалқар-Теңіз. D) Жоңғар Қақпасы. Е) Іле аңғары.



19. Цунами толқындарының пайда болу себебі:

A) Жер сілкінісі. B) Температураның әсері. C) Қысымның әсері.

D) Толысу. E) Ағыстар.

20. Дүние жүзіндегі ең биік ағаш:

А) Емен. B) Секвойя. C) Пальма. D) Эвкалипт. E) Сексеуіл.



21. Шөптесін өсімдіктерге бай табиғат зонасы:

A) Шөлейт. B) Шөп. C) Дала. D) Орманды дала. E) Орман.



22. Орман шаруашылығы дамыған таулы өлке:

A) Жоңғар Алатауы. B) Тянь-Шань. C) Сауыр. D). Алтай. E) Мұғалжар.



23. Қазақстан Ғылым Академиясы құрылған жыл:

A) 1932 ж. B) 1936 ж. C) 1939 ж. D) 1941 ж. E) 1946 ж.



24. Халық ең көп қоныстанған аудан:

A) Солтүстік. B) Шығыс. C) Орталық. D) Оңтүстік. E) ) Батыс.



25. Технологиялық процесс бойынша өзара байланысты, түрлі салаларды бір кәсіпорынға, комбинатқа шоғырландыру:

A) Құрамдастыру. B) Технопарк. C) Агломерация. D) Мегаполис. E) Өніркәсіп.



26. Қай кезең «Ұлы географиялық ашулар заманы» деп аталған?

A) Х-ХІІ ғғ. B) ХІІ-ХV ғғ. C) XV-XVII ғғ. D) XVI-XVIII ғғ. E) XVI-XIX ғғ.



27. Азимут есептелінеді:

A) 00-1800. B) 00-3000. C) 00-3600. D) 900-2700. E) 4500-3150.



28. Жер бетіндегі нүктенің бастапқы меридианнан градус есебімен алынған қашықтығы:

A) Географиялық ендік. B) Градус торы. C) Географиялық бойлық.

D) Параллель. E) Экватор.

29. Жердің ішкі құрылысы:

A) Литосфера. B) Литосфера және мантия. C) Мантия және тау жынысы.

D) Литосфера және ядро. E) Жер қыртысы, мантия және ядро.

30. Үстірттердің биіктігі:

A) 100 м төмен. B) 100-200 м. C) 200 м. D) 200-500 м. E) ) 500 м астам.



География, 8 нұсқа

1. Ферроқорытпа зауыты орналасқан қалалар:

A) Алматы, Теміртау. B) Павлодар, Өскемен. C) Балқаш, Жесқазған.

D) Ақтөбе, Ақсу. E) Қарағанды, Қостанай.

2. Күріш өсіретін аудан:

A) Сырдария, Іле, Қаратал өзендері бойында. B) Солтүстікте.

C) Шығыста, Ертіс өзенінің арнасы. D) Орталықта. E) Сырдария, Арыс өзен.

3. Географиялық орнымен, табиғат жағдайымен, еңбек қорымен ерекшеленетін территория:

A) Табиғат зонасы. B) Облыс. C) Экономикалық аудан.

D) Табиғат ауданы. E) Экономикалық жағдай.

4. Шығыс Қазақстанның ірі СЭС:

A) Шардара, Шүлбі. B) Қапшағай, Өскемен. C) Шүлбі, Бұқтырма.

D) Шардара, Қапшағай. E) Қапшағай, Бұқтырма.

5. Шардара СЭС қай өзенде орналасқан?

A) Іле. B) Шу. C) Сырдария. D) Талас. E) Қаратал.



6. Жердің геологиялық жасы (млрд.ж.):

A) 2. B) 5. C) 7. D) 1. E) 1,5.



7. Жер шарындағы ең биік нүкте қай тауда орналасқан?

A) Альпі. B) Гималай. C) Анды. D) Кордильер. E) Саян.



8. Ең биік, ұсақ мұз түйіршіктерінен тұратын бұлт:

A) Қатпарлы. B) Будақ. C) Шарбы. D) Қабат бұлт. E) Тұман.



9. Дала зонасының топырағы:

A) Қоңыр. B) Қара топырақ. C) Сары топырақ. D) Ферралит. E) Сұр.



10. Қазақстанға Ебінұр көлінен соғатын жел:

A) Шілік. B) Қордай. C) Ебі. D) Сайқан. E) Қарабас.



11. Ең үлкен тұйық көл:

A) Арал. B) Зайсан. C) Балқаш. D) Каспий. E) Теңіз.



12. Ірі мұзды тектоникалық көлдер қай материкте орналасқан?

A) Солтүстік Америка. B) Еуразия.C) Антарктида.

D) Оңтүстік Америка. E) Аустралия.

13. Ең суы мол өзен:

A) Ніл. B) Амазонка. C) Еділ. D) Конго. Е) Лена.



14. Сүрегі өте берік, испан тілінде «балта сынар» деген ағаш:

A) Орхидея. B) Бальса. C) Сейба. D) Гевея. E) Кебрачо.



15. Аралдары көп мұхит:

A) Тынық. B) Атлант. C) Үнді. D) Солтүстік Мұзды. E) Оңтүстік.



16. Қазақстан Республикасының аумағы:

A) 2717,3 мың км2. B) 2724,9 мың км2. C) 1700,00 мың км2.

D) 3000,00 мың км2. E) 6467,9 мың км2.

17 Қазақстанның ежелгі платформасы:

A) Батыс Сібір жазығы. B) Шығыс Еуропа жазығы. C) Жоңғар Алатауы.

D) Алтай тауы. E) Тұран ойпаты.

18. Қазақстан жеріне оңтүстік-батыс бөлігі кіретін биік таулы өлке:

A) Сауыр. B) Тарбағатай. C) Тянь-Шань. D) Алтай. Е) Жоңғар Алатауы.



19. Мұхиттардағы ең терең шұңғыма:

A) Курил-Камчатка науасы. B) Кермедек шұңғымасы. C) Пуэрто-Рико шұңғымасы. D) Мариан шұңғымасы. E) Ломоносов жотасы.



20. Аляска жерін зерттеген орыс саяхатшысы:

A) Г. Гудзон. B) В. Беринг. C) Р. Амундсен. D) Д. Кабот. E) А. Маккензи



21. Шоқ-шоқ ормандар кездеседі:

A) Орманды дала. B) Орман. C) Дала. D) Шөлейт. E) Шөл.



22. Қазақстанның шығысындағы аса ірі тау жүйесі:

A) Алтай. B) Тянь-Шань. C) Сауыр. D) Тарбағатай. E) Жоңғар Алатауы.



23. Қазақстанды 5 экономикалық ауданға бөлген ғалым:

A) Б. Двоскин B) Қ. Сәтпаев. C) Н. Баранский. D) К. Ахметова. E) С. Ердәулетов.



24. Қазақстанда қанша ұлт бар?

A) 110. B) 120. C) 130. D) 140. E) ) 150.



25. Қазақстан өнеркәсібінің құрамында басым:

A) Өндіруші салалар. B) Өндеуші салалар. C) Салалар.

D) Индустриялық. E) Қызмет көрсету.

26. 1492 жылы бірінші глобус жасаған ғалым:

A) Тараган. B) Эратосфен. C) Бехайм. D) Армстронг. E) Птолемей.



27. Мектептен солтүстік-шығыста орналасқан көлден оқушылар қай бағытпен қайтады?

A) Оңтүстік. B) Солтүстік. C) Оңтүстік-шығыс. D) Оңтүстік-батыс.

E) Солтүстік-батыс.

28. Географиялық координаталар - ол:

A) Параллель, меридиандар. B) Градус торы. C) Ендік, бойлық.

D) Горизонтальдар. E) Азимут.

29. Қазіргі кезде мұздардың қарқынды еруіне не әсер етеді?

A) Ағыстар. B) Тұздылық. C) Атмосфера мен гидросфераның ластануы.

D) Құрлық сулары. E) Жылы желдер.

30. Теңіз табаны болған ойпат:

A) Каспий маңы ойпаты. B) Месопотамия ойпаты. C) Ла-Плата ойпаты.

D) Ұлы Қытай ойпаты. E) Үнді-Ганг ойпаты.

География, 9 нұсқа

1. Еуразиядағы ең кішкентай климаттық белдеу:

A) Арктикалық. B) Қоныржай. C) Тропиктік. D) Субтропиктік. E) Экваторлық.



2. Герман тіл тобына жатады:

A) Молдавандар. B) Албандар. C) Гректер. D) Норвегтер. E) Поляктар.



3. Жердің ішкі құрылысы:

A) Литосфера және мантия. B) Мантия және тау жынысы. C) Жер қыртысы, мантия, ядро. D) Тау жынысы және мантия. E) Атмосфера, мантия және ядро.



4. Шөлді жерлерде желдің әсерінен құм төбелер орақ немесе жарты ай пішінде болып келеді:

A) Жары. B) Құмды жаға. C) Дюна. D) Бархандар. E) Ойыс.



5. Көлемі жағынан екінші орындағы материк:

A) Еуразия. B) Солтүстік Америка. C) Аустралия. D) Африка.

E) Оңтүстік Америка.

6. Қандай ауа массасы мұхиттық, континенттік түрлерге бөлінбейді:

A) Тропиктік. B) Экваторлық. C) Субэкваторлық. D) Қоңыржай. E) Арктикалық.



7. Жер бетінде өлшеген қашықтықты қағазға түсірерде қанша рет кішірейтілгендігін көрсететін бөлшек:

A) Азимут. B) Пропорция. C) Масштаб. D) Қашықтық таспа. E) Жоспарға түсіру.



8. «Талтүстік» шеңбер:

A) Меридиан. B) Параллель. C) Экватор. D) Горизонтальдар. E) Бергштрих



9. Климат құрушы факторға жатпайды:

A) Тау жынысының жасы. B) Географиялық ендік. C) Мұхиттардың ықпалы

D) Жер бедері. E) Күн радиациясы.

10. Еуразия климатына әсерін тигізетін ағыс:

A) Лабрадор. B) Батыс желі. C)Солтүстік Атлант ағысы. D) Куросио.

E) Канар ағысы.

11. Тау жасалу үрдістері кезінде пайда болған көлдер түрі:

А) Бөген көлдер. B) Жанартаулық. C) Тектоникалық. D) Қарасулар.

E) Қалдық көлдер.

12. Еуразияға батыстан, Атлант мұхитынан келетін ауа массасы:

A) Атланттық. B) Теңіздік қоңыржай. C) Арктикалық. D) Тропиктік. Е) Қоныржай.



13. Қазақстанның ең лайлы өзені:

A) Іле. B) Жайық. C) Сырдария.D) Ертіс.E) Есіл.



14. Ең аласа халық (адамдар):

A) Нилоттар. B) Пигмейлер. C) Папуастар. D) Химилер. E) Эфиоптар.



15. Дүние жүзінде қанша тәуелсіз ел бар?

A) 100. B) 150 C) 200. D) 250. E) 300.



16. Қазақстан жер бедерінің неше пайызы биік таулар?

A) 25%. B) 9%. C) 10%. D) 12%. E) 15%.



17 Ежелгі, мүжілген аласа таулы өлке:

A) Сарыарқа. B) Маңғыстау. C)Мұғалжар. D) Жалпы сырт. E)Үстірт.



18. Жердің тірі организмдер мекендеген және олардың әсерінен өзгерген қабығы:

A) Тропосфера. B) Стратосфера. C) Атмосфера. D) Биосфера.

E) Географиялық қабық.

19. Атакама шөліне тән өсімдік:

A) Мимоза. B) Жусан. C) Ломас. D) Кактус. Е) Кебрачо.



20. Эрозиямен күресу шаралары:

A) Қар тоқтату. B) Ағаш отырғызу. C) Жыраларды бекіту.

D) Жерді көлденең жырту. E) Бәрі дұрыс.

21. Солтүстік Қазақстан жазығының оңтүстігінде аласа таулы өлке:

A) Маңғыстау. B) Сарыарқа. C) Мұғалжар. D) Жалпы сырт. E) Бетпақдала.



22. Табиғат нысандарының жеке бөліктерін шаруашылыққа шектеп қорғауға алынған аймақ:

A) Ұлттық бақтар. B) Табиғат ескерткіші. C) Қорық. D) Қорықшалар. E) Бақтар.



23. Еңбекке тартылған әрі еңбек етуді қалайтын адамдар:

A) Өндіріс сферасының жұмысшылары. B) Өндіріс емес сфераның жұмысшылары. C) Экономикалық белсенді халық. D) Еңбек қоры. Е) Шетел жұмысшылары.



24. Экономиканың даму жолы: өңделетін жер көлемін ұлғайту, жаңа жерлерді, мал басын өсіру, жұмыскерлер санын көбейту:

A) Экстенсивті. B) Интенсивті. C) Сандық. D) Экономикалық. E) Индустриялдық.



25. Ірі алюминий зауыты:

A) Павлодар. B) Қостанай. C) Қарағанды. D) Ақсу. Е) Өскемен.



26. БҰҰ-ы Қазақстанды қай топтағы елдерқатарына жатқызады?

A) Дамушы елдер. B) Орта дамыған елдер.C) Жоғары дамыған.

D) Мешеу елдер. Е) Жаңа индустриялдық елдер.

27. Тұңғыш салынған мұнай құбыры:

A) Атырау-Ор. B) Өзен-Атырау. C) Ақтау-Самар.

D) Бұхар-Орал. E) Доссор-Ракуша.

28. Шығыс Қазақстанның ірі көлдері :

A) Балқаш, Алакөл. B) Зайсан, Марқакөл. C) Теңіз, Алакөл. D) Сілеті, Балқаш.

E) Балқаш, Сасықкөл.

29. Дайын өнім жасайтын материалдарды … материал дейді:

A) Химиялық B) Сапалы C) Аралас

D) Конструкциялық E) Техникалық.

30. Қазақстанның жер қорының көлемі:

A) 272 млн.га. B) 224,2 млн.га. C) 17 млн.га. D) 36 млн.га. E) 25 млн.га.



География, 10 нұсқа

1. Еуразиядағы Солтүстік Мұзды мұхит алабының өзені:

A) Обь. B) Дунай. C) Сена. D) Үнді. E) Амур.



2. Солтүстік жарты шарда күннің тас төбеден түсетін кезі:

A) Жазғы күн тоқырау. B) Қысқы күн тоқырау. C) Күзгі күн теңелуі.

D) Көктемгі күн теңелуі . E) Полярлық күн.

3. Жер қыртысының қалың жері:

A) Мұхит түбінде. B) Жазықтарда. C) Таулардың астында.

D) Платформада. E) Тақталарда.

4. Материктердің су асты жиегі:

A) Су асты жазығы. B) Материктік беткей. C) Материктік қайраң.

D) Мұхит шарасы. E) Су асты жотасы.

5. Африканы алғаш рет айналып, Үндістанға баратын теңіз жолын ашқан жүзуші:

A) Ф. Магеллан. B) Д. Ливингстон. C) Васко да Гама. D) Д. Кук. E) Х. Колумб.



6. Жыл бойы ыстық және ылғалды ауа массасы:

A) Тропиктік. B) Экваторлық. C) Субтропиктік. D) Субэкваторлық . E) Қоныржай.



7. Өзара параллель екі қатар сызықтан тұратын масштаб:

A) Атаулы. B) Ұсақ. C) Ірі. D) Сызықтық. E) Сан.



8. Полюстерден бірдей қашықтықта орналасқан параллель:

A) Солтүстік полярлық шеңбері. B) Экватор. C) Оңтүстік полярлық шеңбері.

D) Оңтүстік тропик. E) Солтүстік тропик.

9. Еуразияның дамыған елдер тобына жатпайды:

A) Германия. B) Франция. C) Жапония. D) Италия. E) Лаос.



10. Суық ағыстардың ең қуаттысы:

A) Батыс желдері. B) Гольфстрим. C) Перуан. D) Куросио. E) Лабрадор.



11. Бұл су - сарқыраманың атауы үндістер тілінде «гүрілдеуік су»:

А) Ниагара. B) Риббон. C) Анхель. D) Иосемит. E) Йеллоустон.



12. Қазақстанға Орта Азия мен Иран аймағынан келетін ауа массасы:

A) Теңіздік қоңыржай. B) Қоңыржай. C) Тропиктік. D) Арктикалық. Е) Экваторлық.



13. Суармалы егіншілік дамыған, күріштен мол өнім алатын өзен аңғары:

A) Ертіс. B) Сырдария Жайық. C) Іле. D) Жем. E) Ертіс.



14. Африканың ең дамыған мемлекеті:

A) Намиб. B) Мозамбик. C) Ливия. D) Алжир. E) ОАР.



15. Қай жылы Қазақ АКСР құрылды?

A) 11991 ж. 21 желтоқсан. B) 1920 ж. 26 тамыз C) 1989 ж. 25 қазан.

D) 1990 ж. 16 желтоқсан. E) 1992 ж. 2 наурыз.

16. Республиканың қай бөлігі таулы аймақтар?

A) Шығыс және оңтүстік - шығыс. B) Солтүстік.

C) Солтүстік - шығыс. D) Оңтүстік. E) Оңтүстік - батыс.

17 Сарыарқаның ең биік нүктесі:

A) Мұзтау. B) Азутау. C) Ұлытау. D) Ақсораң. E)Көкшетау.



18. Сельвас- бұл:

A) Саванна. B) Дала. C) Шөл. D) Экваторлық орман. E) Шөлейт.



19. Ориноко ойпатының саваннасы:

A) Гилея. B) Льянос. C) Сельва. D) Пампа. Е) Кампос.



20. Қазақстанның табиғат зоналарының қалыптасуына әсер ететін факторлар:

A) Жылу мен ылғалдың арақатынасы. B) Атмосфера циркуляциясы.

C) Жер бедері. D) Күн радиациясы. E) Өсімдік, жануарлар.

21. Сарыарқаның жер бедері:

A) Төмен жазық. B) Қыратты жазық. C) Биік таулар. D) Аласа таулар. E) Үстірт.



22. Қазақстанда неше табиғат ескерткіші бар?

A) 10. B) 9. C) 5. D) 26. E) 17.



23. 1999 жылы болған халық санағы бойынша халықтың саны:

A) 14 млн. B) 15 млн. C) 14,8 млн. D) 16 млн. Е) 14,9 млн.



24. Шаруашылықта өнім өндіруді және дақылдардың өнімділігін арттыру жолы - … :

A) Инновациялық . B) Технологиялық. C) Сандық.

D) Интенсивтендіру. E) Экстенсивтендіру.

25. Батыс Қазақстандағы ферроқорытпа зауыты:

A) Атырау. B) Ақтау. C) Орал. D) Алға. Е) Ақтөбе.



26. Қазақстанның жер көлемі:

A) 2724,9 мың км2. B) 2724,8 мың км2.C) 2723,9 мың км2.

D) 2725,8 мың км2. Е) 2780 мың км2.

27. Қазақстан жерінен өтетін қуатты газ магистралі:

A) Атырау - Атырау. B) Атырау - Орал. C) Бұхар - Орал.

D) Доссор- Ракуша. E) Өзен - Самара.

28. Қазақстанның ірі су қоймасы :

A) Бұқтырма. B) Шүлбі. C) Өскемен. D) Самарқан. E) Кеңгір.



29. Қара (темір) металдардың сапасын арттыру үшін қолданатын металдар:

A) Марганец, хром, никель. B) Пластмасса, талшық.



C) Болат, шойын. D) Алюминий, титан. E) Қола, латунь.

30. Ауыл шаруашылық жерінің басым бөлігін құрайды:

A) Жайылым. B) Егістік. C) Шабындық. D) Пар. E) Орман.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет