География пәнінен жүргізілетін практикалық жұмыстар «Инновациялық технологиялар мен жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі»



жүктеу 90.45 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі90.45 Kb.
: jobalar -> orleu
orleu -> Серпілтер сезім сұлуы!
orleu -> Өмір қызық өзіңді тануменен, Кемшілікті жоюмен, жануменен Өз-өзін танып әр жан әлем таныр
orleu -> Бақытты бал дәурен Шымкент-2013жыл
orleu -> Рух күші. (поэма) Төкеев Бертай Есмаханұлы
orleu -> Көше бойлап келе жатқан аруға, Байқалғаны нанның жерде жатқаны
orleu -> О, табиғат үлкен сезім бастаған, Өз заңымен келген ылғи аспаған. Адамға тән қасиеттер маған дос, Ғаламға жат қасиеттер қас маған…
orleu -> Cезім күші Көңілім көкте самғады, Сағыныш бойды тербеді. Жарқ еткен сәуле жандағы, Сезім боп маза бермеді
orleu -> Төкеев Бертай Есмаханұлы Қайырымдылық пен қатігездік
orleu -> Шымкент-2012жыл Өмір қызық өзіңді тануменен, Кемшілікті жоюмен, жануменен
orleu -> Бертай Есмаханұлы Төкеев. Тойың тойға ұлассын
География пәнінен жүргізілетін практикалық жұмыстар

«Инновациялық технологиялар мен жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Әлімбетова С.С.
Мектептегі өмірмен байланысып нығайту мақсаттарының бірі сыныптан және мектептен тыс жүргізілетін өлкетану жұмысының сапасына байланыстылығы.

Мектептегі өлкетану жұмысының мазмұны және оны жүргізудің тәсілдері өмір талабына сәйкес түрлі практикалық жұмыстарды шешуде оқушылардың мүмкіндігін арттырады. Ғылым – білімнің әр түрлі тарауларынан ақпарат беріп, практикалық жұмыстарды шешуге араластырып, оқушының дүниетанымын кеңейтіп, өмірге қажетті іскерлікпен қаруландыру. Сонымен қатар, оқушыларға жан-жақты оқу-тәрбие беру міндетін тиімді шешуде географиялық өлкетану үйірмесі де өнімді жұмыс атқарып келеді.

Мектептен алған географиялық білімдерін оқушылар өлкетану жұмысында кеңінен пайдаланып, тереңдетіп отырады. Мысалы, табиғатқа саяхатқа шыққанда түрлі практикалық жұмыстар жасап, өз беттерімен жұмыс істеу дағдыларын кеңейтіп, дамыта түседі. Әр түрлі практикалық жұмыстарды жүргізу арқылы олардың іскерлігі жетіле түседі, теориялық білімдерін іс жүзінде асыруға үйренеді. Мұның өзі географиялық білімін тереңдете түсуіне, географиялық құралдарды пайдалана білуді үйретеді. Ал, кейбір қарапайым құралдарды өздері жасап алуға үйренеді. Біз бұл мақалада, өлкетану жұмысында географиядан жүргізілетін практикалық жұмыстардың кейбір түріне тоқталамыз. Бұлар мектепте жүргізілетін жұмыстардың жалғасы болып табылады. Ал, кейбіреулерін өлке зерттеу кезінде жүргізетін болады. Қалай болғанда да географиялық білімді іс жүзіне, тәжірибеге асыру болып табылады.

Практикалық жұмыстар көп, біз солардың төмендегі бірнеше түрлеріне тоқталамыз.



  1. Табиғатқа саяхатқа шыққанда келген жерінің географиялық адресін білу. (Жергілікті жердің ендігі мен бойлығын анықтау).

  2. Күннің биіктігін өлшеу.

  3. Азимут арқылы жол табу, жан-жақты бағдарлау.

  4. Кез келген заттың биіктігін және қашықтығын арнаулы құралсыз-ақ өлшеу білу.

  5. Қиықтап (засечка) өлшеу арқылы, т.б. өздері бара алмайтын нүктенің қашықтығын өлшеу.

Сондай-ақ, жоғарыда аталған практикалық жұмыстарды шешуде оқушылардың географиядан басқа пәндерден алған білімдерін пайдалануға да тура келеді. Мұның өзі мектепте пәнаралық байланысты күшейтуді талап етеді. Сонымен қатар, өлкетану жұмысында көптеген пәндерден алған білімдері өзара ұштасып отырады.

  1. Келген жерінің географиялық адресін анықтау.

Картадан кез келген нүктенің координатын табуға болады. Бұл туралы 5-сыныпта “Физикалық география курсында” толық өтіледі. Ал, саяхатқа шыққанда келіп тоқтаған жеріміздің адресін радио арқылы хабарлау керек болса қалай хабарласуымыз керек? Ол үшін, ең алдымен, тұрған жеріміздің жергілікті ендігін табу керек. Оны “Темірқазық” жұлдызы арқылы табамыз. Осы жерде “Темірқазық” жұлдызы жайында қосымша мәлімет келтіруге болады. Мысалы, қазақ атаулының күллісіне мәшһүр “Темірқазық” жұлдызы ғылым тілінде Кіші Аюдағы “а” дейтін жұлдыз. Дүние полюсіне жақын (1°-тай) тұрғандықтан оны, көбінесе, “Полярная звезда” деп атайды. Арабша-орысша сөздіктен оның арабша аты Құтыб екенін көреміз. “Темірқазық” аты тіпті ертеден келеді. Махмұд Қашқари 1072-1074 жылдарда шығарған “Диуани луғат ат-түрік” деген кітабынде “Темірқазық” аспанның кіндігі, яғни темір шеге, аспан әлемі сол шегені айналып тұрады, деп жазған.

Сонымен, “Темірқазық” жұлдызының солтүстік жартышарда жақсы көрінетінін оқушылар жақсы біледі. Ол солтүстік полюсте тас төбеден көрінеді, оның биіктігі 90°-қа тең, олай болса солтүстік полюстің ендігі де 90°-қа тең болады. Ал біз тұрған жерде ол горизонт үстінде тұрады, ал экваторда горизонт сызығының жиегінде көрінеді. Яғни “Темірқазық” жұлдызы солтүстікке жүрген сайын биіктей береді, оңтүстікке қарай жүрген сайын төмендей береді. “Темірқазық” жұлдызының көкжиектен биіктігі градус арқылы белгіленеді. Оны эклиметр деп аталатын бұрыш өлшеуіш құрал арқылы өлшейді. Бұл кәдімгі мектеп транспортирінен жасалған қарапайым құрал. Транспортирдің ортасына 0° белгіленіп, оның екі жағына 90°-қа дейін цифрлар қойылады. Транспортирдің табанының қақ ортасынан жіп тартылып оның ұшына жүкше тағылады. Бұл транспортирді тік ұстау үшін қажет. (Эклиметрді солтүстік полюсте, экваторда қалай ұстауды көрсету керек). Солтүстік полюсте транспортирдің жібі 90°-ты көрсетеді, демек бұл солтүстік полюстің ендігі 90°-қа тең деген сөз. Ал, экваторда 0°-қа тең болады. Енді өзіміздің тұрған жердің ендігін табуға кірісеміз.

Кеш түскенде “Темірқазық” жұлдызына қарата транспортирді көздеп тауып аламыз (ол үшін алдын ала эклиметрді (транспортирді) дәл көздеп жаттығу керек. Эклиметрдің жібінің көрсеткен градус мөлшері тұрған жеріміздің ендігі болып шығады. Сөйтіп тұрған жердің ендігін эклиметр арқылы оңай табуға болатынын білдік. Жергілікті ендікті бұдан басқа құрылысы күрделілеу трубкалы эклиметр деп аталатын құралмен де білуге болады. Бірақ жолға алып шығуға өте ыңғайлы және құрылысы өте қарапайым болғандықтан эклиметрдің алғашқы түрін пайдаланған жөн.

Енді тұрған жеріміздің бойлығын табу керек. Ол үшін сыныпта өткен географиялық білімді еске түсірейік. Оқушыларға мынадай сұрақтар қойылады:



    • күн мен түннің ауысуы не себепті болады?

    • жер өз бөлігін неше сағатта толық бір айналып шығады?

    • жер бір сағатта неше градусқа айналады?

    • бір минутта, төрт минутта, отыз минутта неше градусқа айналады?

Жауап: Жер 24 сағаттың ішінде 36°-қа айналады. Бір сағатта неше градусқа айналатынын білу үшін 360°: 24=15°, яғни бір сағатта 15°-қа айналады. Бір минутта бір градустың 1/4-не, яғни 15´-ке айналады. Төрт минутта бір градусқа айналады. 24 сағат =1440 м:360°=4 минут. Отыз минутта -7° 30/-ке айналады. Сөйтіп, жер шары батыстан шығысқа қарай 1°-ты 4 минутта айналып өтеді. Сондықтан біздің тұрған жерімізде талтус (12) болғанда , бізден 1° батыста жатқан жерде төрт минуты кем 12 болады да, бізден 1° шығыста жатқан жерде 12-ден 4 минут кетеді. Бұдан мынадай қорытынды шығарамыз. Жер бетіндегі екі нүктенің арасы 1°-қа тең болса, олардың уақытының айырмасы 4 минутке тең. Жер бетіндегі екі нүктенің арасы 15°-қа тең болса, олардың уақытының айырмасы бір сағатқа тең. Жер шары батыстан шығысқа қарай айналғандықтан, Мәскеудің шығыс жағында жатқан қалалар мен ауылдардың уақыты Мәскеу уақытынан алда болады да, батысында жатқан қалалар мен ауылдардың уақыты артта болады.

Радио арқылы Мәскеу ауқыты 12 деп хабарлағанда 30° шығыс бойлықта декреттік уақыт 12 болады да, күн арқылы белгіленген дәл уақыт 11 болады. Мұның мәнісі 1930 жылы маусымның 16 күні КСРО-да уақыт бір сағат алға жылжиды (сағаттың стрелкасы бір сағат алға жылжыды). Сондықтан дектреттік уақыт бойынша сағат жергілікті уақыттан әр уақыт бір сағат алдан есептелінеді. Сонымен жергілікті уақыт пен декреттік уақыттың айырмасын білдік.

Тағы да мынадай сұрақтар қойылады. Мәскеу уақыты бойынша сағат 12 болғанда 15°, 45°, 60° шығыс бойлықтарда сағат неше болады?

Жауап: 15° ш.б.- сағат 11; 45° ш.б. – сағат 13; 60° ш.б. – сағат 14.

Себебі, әрбір 15 градуста бір сағат айырма жасайды, Мәскеу30° шығыс бойлықта жатыр. (Дәлірек алғанда 37,5° ш.б.) Ал, осы кезде біздің тұрған жерімізде шамамен сағат 15 болады десек, қандай меридианда тұрған болып шығамыз?

75° шығыс бойлық болып шығады. (Мәскеу уақытымен есептегенде). Бұған мынадай қорытынды шығарамыз. Тұрған жеріміздің бойлығын уақыттың айырмашылығы арқылы табады. Демек, Мәскеудің (37,5° ш.б.) не Санкт-Петербургтегі (Ленинградтағы) Пулков меридианының (30° ш.б.) уақытымен өзіміздің тұрған жеріміздің дәл күн уақытын білуіміз керек. Мәскеу уақытын радио арқылы қадағалап білеміз де, оны шын күн уақытына айналдырамыз. Осы екі уақыттың айырмасын табу арқылы жергілікті жердің бойлығын анықтаймыз.

Енді тұрған жердің талтүстегі дәл күн уақытын табу керек. Ол үшін мектеп жанындағы географиялық алаңда жергілікті меридианның бағытын қалай тапқанымызды еске түсірейік. Енді біз тұрған жеріміздің жергілікті меридианың табуға кірісеміз. Өйткені сол тапқан жергілікті меридиан арқылы талтүстегі дәл күн уақытын, яғни күннің горизонттан жоғары ең биікке көтерілген кезін, талтүстегі оңай біле аламыз.

Тұрған жеріміздің жергілікті меридианын оқушыларға бұрыннан таныс, құрылысы өте қарапайым гномон деген құрал арқылы табамыз (гномон-көлеңке арқылы бағытты көрсететін қазық немесе қада). Оқушылардың назарын сағатқа аудармау керек себебі, біздің елімізде күндізгі сағат 12-де түс болып жетпейді (декреттік уақыт бойынша).

Бұдан әрі жетекші, күннің горизонт үстіндегі биіктігінің күн ұзағына өзгеріп отыратындығы туралы оқушылардың біліміне сүйеніп, гномонды қалай бақылау керектігін айтуға тиіс.

Гномон биіктігі 1,5м болатын қада. Қаданы жіп арқылы тіктеп алып жерге қағады да, одан түскен көлеңкеден сәл кішірек етіп айналасына шеңбер сызады. Таңертең қаданың көлеңкесі ұзын болады да, ол сызылған шеңберден шығып кетеді (ОА).

Күн неғұрлым биікке көтерілген сайын, көлеңке де соғұрлым қысқара береді. Көлеңкенің шеті шеңбердің сызығына дәл келетін мезгілді мұқият байқау керек (ОА¹), сол жерге қазықша қағылады. Күн барған сайын биікке көтеріле береді де, қаданың көленкесі шеңбердің ішіне кіреді (ОА²). Бұдан кейін көлеңке қайтадан ұзара бастайды, түс қайтады. Көленкенің шеті шеңбердің сызығына дәл келетін мезгілді тағы да мұқият байқау керек (ОА³). Бұл бізге қажетті екінші байқау болады. Демек, түс кезінде көлеңкенің А¹ және А³ нүктелерінің аралығында бір жерде болғандығы көрінеді. Талтүстегі көлеңкенің бағытын табу үшін А¹ А³ нүктелерінің арасын түзу сызықпен қосып, ол түзу сызықты дәл етіп екіге бөлу керек. Дәл бөлінген нүктеден түзу сызық, не болмаса жіп тарту керек. Сол жіп бойынша ақ сырға боялған рейка қойса да болады. Осы сызық талтүстегі ең қысқа көлеңкенің бағытын көрсетеді. Ол әр уақытта солтүстікке бағытталады. Демек, біздің жергілікті жеріміздің меридианы осы болып шығады, яғни солтүстікті көрсететін бағыт.

Мұны бағыттарды айыру үшін де қолданады.

Онан кейін қол сағатты радиомен белгілеп алып оны бір сағат кейін шегереміз. Сонда біздің сағатымыз 30-меридианның дәл күн уақытын көрсетіп тұрады. Талтүс жақындаған кезде гномон арқылы көлеңкенің жергілікті меридианға жақындап келе жатқанын байқаймыз. Көлеңке жергілікті меридианға тура түскенде бізде талтүстегі уақытты көрсетеді. Дәл осы кезде сағат бойынша уақытты белгілейміз. Уақыт бұл кезде 11 сағат 52 минут көрсетті дейік. Бұл тұрған жеріміздің жергілікті талтүстік күн уақыты. Ал Мәскеу уақытымен белгілеп алған сағат 9-ды көрсетіп тұр, айырма 2 сағат 52 минут. Бұдан мынадай қорытынды жасаймыз. Бізде талтүс Мәскеуге қарағанда 2 сағат 52 минут бұрын болады. Бір сағатта 15º айырма барын, 4 минутта 1° айырма жасайтынын еске алып градустық шаманы табамыз.

(2 сағат х15º=30º; 52 м: 4=13 градустық шама 43º.) Сонда біздің тұрған жеріміз 30º меридианда жатқан Мәскеуден 43º шығыста жатқанын білеміз. 30º+43º=73º шығыс бойлық, яғни біз 73º ш.б. тұрмыз.

Сонымен жергілікті жердің бойлығын табу үшін Мәскеудің дәл уақытымен жергілікті дәл уақытын біліп, оның арасындағы айырманы табамыз. Ол үшін кәдімгі сағатпен гномон қажет болды.

Жергілікті дәл уақытты, қолдан оңай жасап алатын күн сағаты арқылы білген анағұрлым жеңіл болады. Күн сағатын пайдалағанда гномон арқылы талтүстік көлеңкені қадағалап жатпай-ақ, кез келген уақытты пайдалана беруге болады.

Енді күн сағатының құрылысына тоқтайық. Экваториалды күн сағаты, көлемі 30 см х 20 см болатын кішкене екі тақтаны ақ сырмен бояп алып екі топса арқылы бірімен-бірін бекітеді. Беткі жағына диаметрі 25 см болатын шеңбер сызылады да оны 24 бөлікке бөліп сағаттың циферблатын жасайды. Қақ ортасына ұзындығы 20-25 см-дей таяқша орнатады (бұл гномонтаяқша). Таяқша Темірқазық жұлдызына қаратылып орнатылады да, 12 цифры солтүстік бағытқа қарсы жазылады. Цифрларға таяқшадан түскен көлеңке бағдарша есебінде болады да, көлеңкенің көрсеткен уақыты жергілікті уақыт болып табылады. Циферблатты тақтайшаның бетін 90º-тан жергілікті жердің ендігін көрсететін бұрышты алып тастағандағы шама градусымен орнату керек. Сағат биіктігі бір метр таяққа орнатылады. Күн сағатының екінші түрі горизонталды күн сағаты.

Енді күн сағаты арқылы кез келген уақыт бойынша жергілікті жердің бойлығын оңай табуға болады. Радио арқылы қол сағатты дұрыстап алып оны бір сағат кейінге шегереміз. Күн сағатының көрсеткен уақытына қарап, біздің қолымыздағы сағат пен күн сағатының уақытының бірдей емес екенін байқаймыз. Екеуінің арасындағы айырманы табамыз да оны 15-ке көбейтеміз, не төртке бөлеміз. Сөйтіп, тұрған жеріміздің Мәскеуден градус бойынша қанша қашықтықта жатқанын табамыз. Егер тұрған жеріміз Мәскеуден шығыста жатса оған Мәскеу меридианын қосамыз, ал батыста жатса Мәскеудің меридианынан тапқан градус шаманы алып тастаймыз. Мысалы, уақытымен күн сағаты 11 болғанда (декреттік уақыты 12 болғанда) біздің тұрған жерімізде күн сағаты 1 сағат 30 минутты көрсетті дейік. Тұрған жеріміздің бойлығын табу керек. Уақыттың айырмасы 2 сағат 30 минут. Бір сағатта 15º айырма барын білеміз, Мәскеуден қашықтық градустық шама 37,5º градус. (2 сағат х 15º=30º; 30:4=7,5.) Біз Мәскеуден шығыста жатырмыз, олай болса, Мәскеудің бойлығына қосамыз. Сонда 75ºшығыс бойлықта тұрған болып шығамыз.

Мұндай жұмыстар жүргізу арқылы оқушылыр сыныпта географиялық координат бойынша өткен практикалық жұмыстарды бекіте түседі және алған білімдерін іс жүзінде пайдалануға үйренеді. Осы әдістер арқылы әркім өзінің келген жерінің жергілікті географиялық координаттарын тауып алуға болады.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Ұ.Ә.Есназарова. Қазақстанның физикалық географиясын оқыту. Әдістемелік құрал. Алматы – 2004.

2. Ә.Бейсенова, Қ.Карпеков. Қазақстанның физикалық географиясы. Оқулық 8 – сынып. Алматы «Атамұра» 2004.

3. Т.М.Бенькович, Д.Л Бенькович. Опорные Конспекты в обучении географии России. Москва. «Просвещение» 1997.



4. А.В Егорина, Ю.К Зинченко, Е.С Зинченко. Физическая география Восточного Казахстана.Альфа- ПРЕСС Усть Каменогорск 2002.

5. И.В Душина, Е.А.Таможняя, В.Б Пятунин. Методика и технология обучения географии в школе. АСТ «Астрель» Москва 2002.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет