Географиядан облыстық олимпиада



жүктеу 67.42 Kb.
Дата17.04.2016
өлшемі67.42 Kb.
: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> С. Ж. Асфендияров атындағЫ
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Конференция жұмысының бағыттары: Абайтанудың заманауи бағыттары
2015 -> Vіі международная научно-методическая конференция 1 2 октября 2015 г
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Ахмет Жұбанов
2015 -> Келісілді бекітемін
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты КӨне түркі поэзиясындағы дәСТҮр жалғастығЫ
2015 -> Көрсетілетін қызметті берушінің және оның филиалдарының мекенжайлары
ГЕОГРАФИЯДАН ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДА

2014-2015 оқу жылындағы 10-сынып тапсырмалары

Практикалық тур (120 минут)
Тапсырма 1.

Оқушы Оспанов Арман Солтүстік жарты шардың бір өзені бойымен саяхатқа шықты. Өз бағытының соңғы бекетінде ол Сізге хат жазды, хаттың мазмұны бойынша сіз төмендегі жағдайларды білдіңіз:

1. Арман әлемнің бір бөлігіндегі ұзындығы бойынша үшінші орында тұрған және Орал өзенінен аз ғана қысқа өзені бойымен саяхат жасаған.

2. Бұл өзеннің өте көп сағалары бар, бірақ олардың екеуі өзінің көлемі бойынша ерекшеленеді. Бірінші ірі сағаның жағасында өткен ғасырда тұрғындары тастап кеткен әлемдегі бірден-бір «өлі» қала орналасқан. Екінші ірі сағасының жағалауында жылына 3,0 млн кВт сғат энергия өндіретін атом электрстанциясы орналасқан. АЭС орналасқан қаланың атауы электрстанция салынған өзен атауымен аталады

3. Өзен үш елдің аумағы арқылы өтеді. Бірінші ел - әлемнің ең жас парламенттік елі. Екінші ел туралы «АҚШ Орталық барлау басқармасының Анықтамасында» былай айтылған: «1995 жылдан бастап бұл ел президенті елді нарықтық социализм жолымен алып жүрді; қазіргі таңда бұл ел Батыстан және оның ашық нарықтық экономикасынан өзі-өзі алшақтатқан қалыпта қалуда». Үшінші ел әлемдегі барлық елдер ішінде ұялы байланысты пайдаланушылардың ең жоғарғы өсу қарқынына ие. Осы елде жылына 3,0 млн кВт сағат энергия өндіретін атом электрстанциясы орналасқан (бұл елдегі электрэнергиясын өндіру бойынша үшінші көрсеткіш).

4. Арманды белгілі саяхатшы ретінде барлық үш елдің президенті де күтіп алды.

5. Арманның саяхатының соңғы бекеті басты өзенде тұрған, халқының саны 350 000 адамды құрайтын қала болды. Бұл қала- аймақтағы ең көне қалалардың бірі, ол туралы ең алғашқы мәліметтер 862 жылмен берілген. Өткеннің естелігі ретінде Реадов қалалық саябағында 1970 жылы Мәңгілік қорған тұрғызылды, онда Мәңгілік алауы жанып тұр. Сонымен бірге бұл қалада жасанды алмазды синтездеу бойынша ірі кәсіпорын жұмыс істейді.
Арманның қандай елдерде, қай қалаларда болғанын анықтаңыз. Ол қандай өзендер бойымен саяхат жасады? Жауабыңызды бланкке жазыңыз:


  1. Әлемнің бір бөлігінің ұзындығы бойынша үшінші өзені ___________________

  2. Өзеннің бірінші сағасының атауы___________________________

  3. Бірінші сағада орналасқан «Өлі» қала атауы___________________

  4. Бірінші сағада орналасқан қаланы тұрғындарының тастап кету себебі____________

  5. Өзеннің екінші сағасының атауы___________________________

  6. АЭС атауы ____________________________________

  7. АЭС орналасқан қала атауы ______________________________

  8. Бірінші елдің атауы____________________________

  9. Бірінші ел президентінің тегі__________________

  10. Екінші елдің атауы ____________________________

  11. Екінші ел президентінің тегі __________________

  12. Үшінші елдің атауы ___________________________

  13. Үшінші ел президентінің тегі _________________

  14. Саяхаттың соңғы бекетіндегі қала________________

Бағалау өлшемдері:

Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан.



Барлығы: 14 ұпай

Тапсырма 2.

Төменде белгілі бір белгілері бойынша жинақталған елдер тобы берілген.

Осы белгілерді анықтап, Еуразияның барлық 3 талаптарға жауап беретін 3 елін жеке жазып көрсетіңіз. Сіз көрсеткен 3 елдің ішінде қандай 2 ел НАТО құрамына кірмейді?




Елдер

Белгісі

1

Аустралия, Канада, АҚШ, Ұлыбритания,

Норвегия, Нидерланды, Жаңа Зеландия






2

Испания, Марокко, Бутан, Ұлыбритания,

Таиланд, Жапония, Лесото






3

Монғолия, Боливия, Ауғанстан, Замбия,

Непал, Швейцария, Буркина-Фасо






4

1

2

3







Бағалау өлшемдері:

Белгілерді дұрыс анықтағаныңыз үшін 2 ұпайдан – 6 ұпай;

3 елді дұрыс тапқаныңыз үшін әрқайсысына 1 ұпайдан – 3 ұпай;

НАТО құрамына кірмейтін 2 елді анықтағаныңыз үшін әрқайсысына 0,5 ұпайдан – 1 ұпай.



Барлығы: 10 ұпай
Тапсырма 3.

Әңгіме болып отырған арал, ел, тіл, бұғаз және мемлекетті анықтаңыз.

Арал (______) әкімшілік-аумақтық қатынаста королдіктің автономиялық бірлігі болып табылады (_________). Байырғы халқы арал тұрғындарының 80% құрайды және палеоазиаттық тілдердің бірінде сөйлейді (________). Еуропалықтар бұл аралда ең алғаш рет IX ғ. болды. Екінші рет оны ағылшын теңізшісі Мартин Фробишер 1576 ж. ашты. Бұғаз (_____) аралды әлемдегі ең кәрі парламенті бар мемлекеттен (_____) бөліп отыр.
Бағалау өлшемдері:

Әрбір дұрыс жауап үшін 1 ұпайдан.



Барлығы: 5 ұпай

Тапсырма 4.

Бұл шығанақ Еуроодаққа кіретін екі елдің жағалауын шайып жатыр. Шығанақтың оңтүстік жағалауы тиесілі ел- монархиялық мемлекет. Ол әлемнің екі бөлігінде жатыр, өйткені оның құрамына автономиялық қалалар Сеута және Мелилья кіреді. Шығыс жағалауын алып жатқан мемлекет – республика. Бұл әлемдік экономика, ғылым, мәдениет және халықаралық қатынастарда маңызды орын алады, БҰҰ Қауіпсізідік Кеңесінің тұрақты мүшесі, ядролық державалардың бірі. Шығанақтың атауы «матадорлар елі» деп аталатын автономиялық қауымдастық құрамына кіретін провинция атауынан шыққан. Бұл автономиялық қауымдастықтың байырғы халқы- Еуропадағы бірден-бір үндіеуропалық тілдерінде сөйлемейтін халық. Оның тілі оқшауланған. Бұл шығанақтың шығыс жағалауында рекреация және туризм дамыған. Мұнда аймақтың маңызды туристік ауданы қалыптасқан.



Бағалау өлшемдері:

Шығанақтың атауын жазыңыз – 1 ұпай

Шығанақтың физикалық-географиялық ерекшеліктері – 3 ұпай

Туристік-рекреациялық кешеннің қалыптасуына және дамуына қандай себептер әсер етеді? – 3 ұпай

Жағалауда орналасқан туристік орталықтардың мысалын келтіріңіз – 2 ұпай

Барлығы: 9 ұпай

Тапсырма 5.

Кестеде әртүрлі салалар бойынша өндіріс көсбасшылары (компания атауы және сауда маркасы) келтірілген. Кәсіпорындардың орналасқан облысын және қаласын көрсетіп, олардың қандай өнім өндіретіндігін жазыңыз.




п/п

Компания атауы немесе сауда маркасы

Өнім

Орналасқан облыс (қала)

1

«Тұлпар-Тальго»







2

«Сұлтан»







3

«Баян Сұлу»







4

«Химфарм»







5

«Цесна»







6

«СарыарқаАвтоПром»







7

«АрселорМиттал»







8

«Зенит»







9

«АзияАвто»







10

«Рахат»







11

«ФилипМоррис»







12

«Қайнар-АКБ»









Бағалау өлшемдері:

Әрбір дұрыс жауапқа 0,5 ұпайдан



Барлығы: 12 ұпай
ЖАЛПЫ: 50 ұпай

Практикалық тур аяқталды!



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет