«Геотехника iі» пәні бойынша курстық жұмыс Тақырыбы


Ғимараттың жер бетіндегі бөлігі туралы мәліметтер



бет2/2
Дата13.02.2020
өлшемі246.88 Kb.
1   2

Ғимараттың жер бетіндегі бөлігі туралы мәліметтер

Темірбетон құралымдарын даярлайтын цех. Ұстындар қимасы 400х600 мм. Ұстындар арақашықтығы 12 м. Темірбетон қаңқадан тұрғызылған А-Б осьтар аралығында жертөле бар. Еденнің деңгейі 0,00 м. Жер бетінің деңгейі 0,6 м


А-А қимасы


0,00 деңгей жоспары



Кіріспе

Жалпы бұл курстық жұмыста бізге берілген тапсырма бойынша ғимараттың негізін бағалай отырып, оған түсетін күштерге, әсерлерге байланысты іргетас орналасу тереңдігін, өлшемдерін тағайындау керек және құрылыстағы ең басты қауіптің бірі іргетес отыруынан сақтау, яғни іргетас отыруын тежеу қажет. Іргетас ғимараттың ең маңызды құралымы болып саналады. Іргетас орналасу орны, сапасы, есептеуі дұрыс болмаса, іргетас орналасқан негіз түскен қысымға қарсы тұра алмаса ғимараттың отыруына, тіпті қирауына алып соғады. Сол себепті де іргетас орналасатын негізді бағалай білу, яғни топырақ механикасы пәнін жетік білу керек.

Геотехника пәнінде топырақтардың физикалық-механикалық қасиеттері, топырақ массивтерінің кернеулі-деформацияланған жағдайын және олардың үймереттерге көрсетілетін қысымын есептеу әдістері қаралады.

Кез-келген ғимараттың бойындағы салмақ пен түрлі жүктер оның іргетасы орнатылған топырақты негіздерге түседі. Яғни іргетасты есептеп жобалау, іргетас орналасатын негізді дұрыс қабылдау дұрыс болу керек, ҚР ҚНжЕ, ҚР ЕЖ және МемСТ сай болу керек.

Бұл пәннің негізін меңгеру қазіргі кездегі азаматтық, өнеркәсіптік, гидротехникалық және транспортық ғимараттар мен имараттардың іргетастарын дұрыс жобалай білуге , олардың беріктігі мен орнықтылығын қамтамасыз етуге және пайдалануға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Берілген тапсырма бойынша қаңқалы ғимарат берілген. Яғни біздің іргетас тұтас іргетас болып табылады. Тұтас іргетас ұстыннан өзіне жүктемені алып негізге береді.

Салынатын ғимарат темірбетон бұйымдарын даярлайтын цех болғандықтан, ғимаратта көпірлі кран қолданылады.




1.Тапсырманы сараптау

Маған берілген нұсқа бойынша Ленгер қаласында орналасқан көпқабатты, қаңқасы жиналмалы темір-бетоннан жасалған Темірбетон құралымдарын даярлайтын цехтың негізі мен іргетасын есептеп жобалау.



Объектіні талдау.Қонақ үйі, 24х12м ұстындар торынан құралған кеңістік қаңқасы жиналмалы темірбетоннан жасалған. Ұстындарының көлденең қимасы 400х600 мм. А-В осьтер арасында жертөле жобаланған. Жертөле еденінің беті -3,2 м тереңдікте. Бірінші қабаттың еденнің беті 0.00 деңгейінде және тегістеу деңгейінен 0,6 м биік.

Ғимарат жоспарда төртбұрышты, жүк көтергіш қабырғасы таңдап алынған ғимараттың көтергіш конструкцияларының биіктігі 37,66 м, ұзындығы 42 м, ені 135 м. Сыртқы қабырға қалыңдығы –51 см, ішкі қабырға қалыңдығы – 38 см.

Тапсырма бойынша құрылыс алаңының геологиялық құрылымын зерттеп, топырақ қабаттарын талдаймыз. Негіздің сенімді және берікті болуын қадағалаймыз. Ғимараттан негізге түсетін жүктемелерді анықтаймыз. Іргетастар мен негіздерді жобалау ғылыми негізде шешуді қажет ететін күрделі есептеугежатады.

Сондықтан мұндай жоба есептеу барысында бірнеше нұсқаулар қарастырылып, олардың техника-экономикалық көрсеткіштерін салыстыру арқылы іргетастардың ең тиімді түрі таңдалып алынады. Осыдан кейін қаланатын ғимараттың іргетастары астындағы негіздері мен қоса есептелініп, олардың табандарының қажетті өлшемдері анықталынады. Есептеу барысында салынатын ғимарат іргетасының шөгуі оның мүмкін болатын шекті мәнінен төмен, іргетастардың негізі орнықты және олардың құрылымдары берік деген тұжырымдардың орындалуын қамтамассыз етеді. Құрылыс салудағы негізгі мақсат - пайдаланылатын топырақтардың сапасын бағалау және олардың физикалық және механикалық қасиеттерінің сипаттамаларын анықтау. Топырақтың ең негізгі физикалық сипаттамалары: топырақтың тығыздығы, топырақ түйіршігінің тығыздығы және топырақтың ылғалдылығы.



Құрылыс алаңының ауа-райы.Құрылыс жүргізілетін аймақ – Ленгер қаласы. Ленгер қаласының және оған іргелес жатқан аудандардың климаты үшін айқын көрінетін құрғақшылық және жоғары дәрежелі континенттілік тән.

Ленгер қаласы ҚР ЕЖ [8] Г қосымшасына сәйкес топырақ тоңдану тереңдігі 160см.

Қар жүктемесі ҚР ҚНжЕ[3] сәйкес Орал қаласы ІV районға жатады. ҚР ҚНжЕ [3] сәйкес Sg=1,8 кПа;

Жел жүктемесі ҚР ҚНжЕ[3] сәйкес Орал қаласы ІІІ районға жатады. ҚР ҚНжЕ [3] сәйкесSg=0,38 кПа;

Орал қаласы және оған іргелес жатқан аумақ оңтүстік қара топырақ шағын аймақтары бар қара топырақты жер қалыптасқан аймақта орналасқан. Оңтүстік қара топырақ арасында карбонаттық, сортаңдау, көгал-қара топырақты, көгалды жерлердің ауқымды алқаптары, сондай-ақ далалық сортаң, көгалдық сортаң жиі кездеседі. Саяжайларды салу және бақша өсіру үшін игерілген аумақ адамның қызмет ету нәтижесінде топырақ беті аздап бұзылған жерге жатады.

Тұжырымдама: Жобаланатын көпқабатты қонақүй қатқаңдық көрсеткішіне байланысты тәжірибелік қатаң ғимаратқа жатады. ҚР ҚНжЕ [2] (4-қосымша) сәйкес, менің таңдап алынған ғимаратымның құрылымына, конструкциясының ерекшелігіне байланысты және ғимаратты тұрғызуға қолданылған материалды ескере отырып шөгу Smax=8 см-ден аспауы керек. Салыстырмалы шөгу 0,002 см аспау керек.
Іргетастар мен негіздерді жобалау үшін нұсқаулар

I. Тапсырманы сараптау.

1. 1. Курылыс аланынын жер бедерін сипаттау. Курылык алаңының ауа

райын талдау. Құрылыс өлкесінде қар жаууынын, жел иесінің,

топырақтардың таңдану тереңдігінің акпараттары (СП РК 2.04-01-

2017, ЕЖ 20.13330.2016).

1.2. Ғимараттың құрылымдарынын жүйелік жұмыс атқаруын сипаттау.

1. 3. Ғимаратты маңыздылығы (жауаптышыгы) бойынша, қатаңдық

көрсеткіштеріне байланысты бағалау (ГОСТ 27751-2014).

іргетастарының отыру мөлшерін шектеу (КРЕДО 5.01-102-2013).

1.4. Жүктемелерді анықтау (ЕЖ 20.13330,2016). Жүктемелер түрлері,

тіркесімдері, жүктемелер бойынша еселіктері (ЕЖ 20.13330.2016).

2. Құрылыс алаңын инженерлік-геологиялық жағдайына байланысты

бағалау (МСТ 25100-2011,).

2.1. Құрылыс алаңының топырактарының физикалық көрсеткіштерін

есептеп бағалау (МСТ 25100-2011, ҚР ЕЖ 5.01-102-2013).

2.2. Құрылыс алаңының топырактарың көрсеткіштері бойынша топтау

(MCT 25100-2011).

2.3. Құрылыс алаңының топырақтарын физика-механикалық

көрсетіштері бойынша негіз болуын бағалау (ҚР ЕЖ 5,01-102-2013).

3. Іргетастардың нұсқаларын сараптау.

4. Іргетастың табанының орналасу деңгейін тағайындау (ҚР ЕЖ 5.01-

102-2013, ЕЖ 20.13330.2016).

5. Іргетастардың табандарының мөлшерлерін есептеу (ҚР ЕЖ 5.01-102.

2013), сонымен қатар іргетастардың табанынан топыраққа таратылатын

қысымдарды шектеу (КРЕДО 5.01-102-2013).

2013).

6. Іргетастардың отыруын есептеу (ҚР ЕЖ 5.01-102-2013).



7. Керек жағдайларда негіздің тұрақтылығын санау (ЕРЕЖЕ 5.01-102-

8. Негіздің құрамында осал топырақ болса, оның жоғарғы бетіне

берілетін қысымды қабылдай алатын қысымымен салыстыру (ЕРЕЖЕ 5.01-

102-2013).

9. Қадалы іргетасты есептеп, жобалау (ҚР ЕЖ 5.01-103-2013).

10. Іргетастарды тұрғызу жұмыстарының ерекшелігі.

11. Жерасты құралымдарды гидрооқшаулау,

12. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі (оларға түсіндірме жазбадағы

мәтінде сілтемелер жасау міндетті).

13. Анықтама жазбадағы мәліметтерді сұлбалармен, суреттермен

дәлелдеу.

14. Сызба беттерін әзірлеу.

15. Курстық жұмысты орындау кезінде Мемстегосту, ккажески)

МЕЖ(МСП) талаптарының орындалуы міндетті .



8



Достарыңызбен бөлісу:
1   2


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет