Германияға бару сапары туралы есеп 2007 жылғы 9-16 желтоқсан аралығында «Орта Азия елдерінде құқықтық және сот реформасын қолдау»



жүктеу 92.1 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі92.1 Kb.
: site -> supcourtkaz.nsf -> 36b782079737d452c6256d89002456d9
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасы жоғАРҒы сотының кітапханасы судья кітабы астана 2005 Сот жүйесінің қызметкерлеріне арналған тәжірибелік оқу құралы ретінде Қазақстан Республикасының
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасаған, тәртiптiк жауаптылыққа тартылған тұлғалардың есебiн жүргiзу жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қылмыстар туралы өтініштер мен хабарларды, қылмыстық істерді, олардың тергелуі және сотта қарастырылу нәтижелерін бірыңғай кәртішкелік есепке алу негізінде жүргізу туралы Нұсқаулықтың бекітілуі жөнінде
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Кеден заңнамасы нормаларын бұзуға байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау практикасынашол у о
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қамауға алу, үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасы конституциялық кеңесінің Қосымша қаулысы астана қаласы 25-тамыз, 2004-жыл Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «Қазақстан Республикасы Конституциясы 52-бабының 3 және 5-тармақтарын ресми түсіндіру
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының жергілікті соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қылмыстық іс алдын ала тергеу орындарына негізсіз қайтарылғандықтан сот қаулысы бұзылды
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Егемен Қазақстан №108 2008-04-12 Алимент әке болмайды, бірақ
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының Заңы «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы»


Германияға бару сапары туралы есеп

2007 жылғы 9-16 желтоқсан аралығында «Орта Азия елдерінде құқықтық және сот реформасын қолдау» жобасы шегінде техникалық ынтымақтастық жөніндегі (ГТЦ) Германия қоғамының шақыруы бойынша Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан өкілдерінің Германия Федеративтік Республикасына ақпараттық сапары болды.

Сапар барысында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы А.Ж.Құрықбаев, Халықаралық байланыс және Хаттама бөлімінің меңгерушісі Г.Т.Қуанова, Жоғарғы Сот Төрағасының кеңесшісі А.Б.Қасенова және делегацияның басқа да мүшелері Германиядағы заңгерлерді оқыту жүйесімен танысты.

Сапар бағдарламасына сәйкес Берлиндегі ГТЦ бюросының кеңсесінде Герд Магер мырзамен дидактиканың негізгі мәселелері туралы әңгіме болды. Оқыту процесіне ғылыми көзқарастың негіздері, оқып жатқандардың дәлелдемесі мәселелері, оқыту шарттары, оқытушы кандидатурасының маңызы, оны аудиторияның қабылдауы, сабақты жоспарлау, оқытудың жекелеген нысандарының ерекшеліктері қозғалды. Осы тренинг педогогикалық білімі жоқ оқытушылар үшін неғұрлым тиімді пайдаланылуы мүмкін.

Делегация мүшелері Тиргартен учаскелік сотының сот талқылауында, Вустраудағы Неміс сот академиясы мекемесінің тыңдаушыларымен болған сабаққа қатысты. Қазақстан Жоғарғы соты өкілдерінің бастамасы бойынша академия директоры Дагмар Миттлер ханыммен кездесу болды, ол Германиядағы соттар мен прокурорлардың біліктілігін арттыру жүйесі туралы жалпы ақпарат және сұрақтарға жауап берді.

Сот академиясына барған кезде Ресей Әділсот академиясы мен Прокурор қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты оқытушыларының Ресейдегі құқықтық жүйесі мәселелері бойынша лекция курсы болып өтті.


Академия соттылық пен прокурорлардың барлық саласындағы соттардың біліктілігін арттыру функциясын қамтамасыз ететін өңірлік басқару ұйымы болып табылады. (Германиядағы федералдық қызметте 500-ден астам судьядан, жер деңгейінде шамамен 20500 судьядан құралған). Академия федерация мен федералдық жерлер арасында әкімшілік келісім жасау жолымен Трир қаласында орналасқан орнымен 1973 жылы құрылған. Жаңа жерлер қосылғаннан кейін және Вустрау қаласындағы екінші отырыстың орнын айқындай отырып, Академия кеңейтілгеннен кейін жаңа «Германияның академиялық судьялары туралы Әкімшілік келісім» жасалды, ол 1993 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді. Осы келісім оқу бағдарламаларын қалыптастыруға қатысу ресімдерін, шығыстарды қаржыландыруды, Академия басшылығын тағайындауды айқындайды. Біліктілігін арттыру бағдарламасы бағдарламалық конференцияда бекітіледі, онда бір даусы бар Федералдық Әділет министрлігі мен әділеттің әрбір жер басқармасы ұсынылады. Германиялық судьялар (және прокурорлар) одағының, мемлекеттік қызметшілер кәсіподағының, заңгерлер одағының, сондай-ақ Академия директорының кеңесу даусы бар.

Біліктілігін арттыру бағдарламасы күнтізбелік бір жылға жасалады. Онда сабақтың саны, тақырыбы, ұзақтығы көзделеді, оны іске асыруды жер әділет басқармасының қайсысы өзіне алатыны айқындалады. Тақырыпты айқындауда тұрақты үрдіс көзделеді, соған сәйкес сабақтың 45% заң мамандандырылған тақырыптарына беріледі (олардың 1/10 – азаматтық құқық, 4/10- қылмыстық құқық, 2/10- арнаулы заң); сабақтың 30% - пәнаралық тақырып бойынша, 25% - әлеуметтік құзырет мәселелеріне бөлінген: келіссөз жүргізу әдістемесі, соттардың жұмыстарын ұйымдастыру, персоналға және менеджментке басшылық жасау. Бұл неғұрлым аз ауқымды қатысушыларға арналған тәрбиелік семинарлар деп аталады. Осындай тренингтер өткізуге арнайы оқытушылар тартылады, олар неғұрлым қымбат тұратындар деп есептеледі. Мәселен, Академияға барған кезде делегация мүшелері комуникативті сапаны дамыту жөніндегі сабаққа қатысты, онда тараптарды бітімгерлікке келтіру тәсілдері, келіссөз стратегиясы, куәілардан жауап алу әдістемесі, сот талқылауындағы ұрыс-жанжал жағдайларын реттеу тәсілдері талқыланды.

Оқыту бағдарламасына ұтқырлық, инновация мен импровизация пайдалану мүмкіндігін беру үшін жыл сайын қазан айында ұзақтығы 2 апта болатын «Күзгі академия» өткізіледі. Оның тақырыбы ашық күйінде қалады және әр жылдың маусым айында ғана анықталады.

Іс-шараларды қаржыландыруды бағдарламада белгіленген федералдық жерлер кезек-кезек жзеге асырады. Мекемеге және жұртшылықпен жұмысқа басшылық жасауүшін Академия басшысы тағайындалады. Әкімшілік келісімде директор қызметінде болу ұзақтығы белгеленбеген, бірақ әдетте ол 3 жылды құрайды. Трир және Вустрау қалаларындағы мекемелерде әкімшілік басшылары және 30 аспайтын қызметкерлер бар.

Әрбір оқу жылы ішінде Академияда оқудан шамамен 5 мың судьялар мен прокурорлар өтеді. Оқу ниеті бойынша жүргізіледі, әдетте судьялар үшін оқу кезеңділігі 4 жылда 1 рет. Оқу бадарламасы (оқу жоспары) мүдделі тұлғаларға алдын-ала жіберіледі, олар өздерін қызықтыратын тақырыбына өтініш беруге құқылы. Сол және басқа да пәндердің талап етілу дәрежесі алдағы жылға арналған бағдарламаларды қалыптастырған кездегі өлшемдердің бірі болады.

Академиядан басқа судьялардың біліктілігін арттыру федералды жерлердің оқу орталықтарының күшімен де қамтамасыз етіледі.
Берлин Федералдық жерінің Жоғары Соты қабырғасында Берлин-Брандербург заң кадрының аттестацилау жөніндегі бөлімнің референті Марианнэ Фойгт ханыммен, учаскелік сот судьясы Оливером Эльцер мырзамен, Берлин Жоғары Сотының тағылымдамадан өтушілермен жұмыс жөніндегі бөлім меңгерушісімен, осы соттың судьясымен, сондай-ақ осы соттың судьясы Берлин Жоғары сотының баспасөз хатшысы Катрин Елена Шенберг ханыммен кездесу болып өтті. Берлин Федералды жер судьялары жүйесінің өкілдері Германияда заңгерлерді оқытуды ұйымдастыру, тағылымдамадан өту, судьялыққа кандидаттарды іріктеу, оларды қызметке тағайындау рәсімдері туралы ақпарат берді.
Германияда заңгерлерді әзірлеу екі кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезең ұзақтығы 4 жылдан 5 жылға дейін университетте оқытуды білдіреді. Негізгі іріктеу өлшемі баға болып табылатын орта мектепті бітіруі туралы аттестатының болуы түсу шарты болып табылады. Заңгерлер әзірлеу жөніндегі барлық оқу орындары іс жүзінде мемлекеттік болып табылады және тегін білім беріледі. Оқу бағдарламасы өзіне мынадай міндетті пәндерді қамтиды: азаматтық, қылмыстық, көпшілік құқық пен процесс, социология, философия және құқық тарихы. Әрбір студент тереңдетіп оқу үшін бейімді пәнді таңдап алуға құқылы. Үш айлық практика, риторика, коммуникативтік дағдыны дамыту жөніндегі шағын топтардағы семинарлар көзделген. Оқу барысында әрбір 1,5-2 жылда Жоғары оқу орындарында студенттердің іріктеуге арналған емтихандар көзделген. Барлық емтихандарда тапсырма ретінде істі талқылау қажеттігі енгізілген.

Оқудың аяқталуы бойынша ауызша және жазбаша нысанда емтихандар тапсырады, оларды Жоғарғы оқу орны емес, тиісті жердің мемлекеттік емтихан комиссиясы қабылдайды. Комиссия құрамында ЖОО профессорлары, соттардың, әділет органдарының, прокуратуралардың өкілдері және басқа да практикалық қызметкерлер жұмыс істейді. Өзін емтихан тапсыруға дайынмын деп есептейтін студенттер комиссияға өтініш беріп, оған ЖОО аралық емтихандарды тапсырғаны туралы құжаттарды қоса береді. Үміткерлер 2 апта ішінде әрқайсысының ұзақтығы 5 сағат болатын 7 емтихан тапсырады. Емтихандар жасырын өткізіледі, құқықтың түрлі салалары бойынша практикалық тапсырмалардың жазбаша шешімін білдіреді. Жазбаша емтиханнан кейін 3 емтихан алушысы бар 5 адамдық топтан тұратын ұзақтығы 5 сағат болатын ауызша емтихан тапсырады. Үміткерлер емтиханға 1 сағат қалғанда берілетін тақырып бойынша ауызша тұсау кесерге дайындалады. Осы кезеңде шамамен 30% үміткер іріктеп алынады. Мемлекеттік емтиханды 1 рет қана қайта тапсыруға жол беріледі. Емтиханнан өте алмаған тұлғалар заң практикасына жіберілмейді.

Германияда әділет және медицинаға қатысты «бакалавриат-магистратура» жобасы бойынша біртұтас оқу стандарттарын тарату идеясына қолдау көрсетілмейтінін атап өткен жөн.

Мемлекеттік емтиханды тапсырған соң практикалық сабақ көзделген. Практика орнын үміткерлер өз еркімен таңдайды. Мысалы, жоғары жер соттары 1-4 апталық семинар өткізеді, онда 200 орынға шамамен 600 үміткер қатысады. Ол практикалық білімге құқық алуы мүмкін тұлғаларды іріктеуге мүмкіндік береді. Ірітеу кезінде артықшылық емтихандардың неғұрлым жоғары нәтижелерін алған тұлғаларға беріледі, бас тартқан жағдайдағы ерекше қатал шарттар құру секілді (бұл жерде мүгедектігі не ата-ана немесе балалар күтімі бойынша, әскерге кетуіне және т.б. байланысты дәлелді себептер бойынша оқу мерзімінің ұзақтығы назарға алынады) өлшемдер ескеріледі. Басқа да тепе-тең жағдайларда тағылымдамадан өту өтініш берген сәттен бастап кезек бойынша жүзеге асырылады. Үміткерлердің көпшілігі 1 жыл күтеді. Орын алған соң олар айына 700 евро мөлшеріндегі мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз етіледі. Соттағы 4 айлық тағылымдамадан өту барысында нақты судьяға бекітілген үміткерлер семинарларға барады, 3 жазбаша жұмыс орындайды. Соның қорытындысы бойынша судьядан және семинарға қатысуынан баға алады. Осы бағалар екінші емтихан өткізген кезде назарға алынуы мүмкін.

Үміткерлер соттағы тағылымдамадан кейін 3,5 ай ішінде прокуратурада, кейін осынша мерзімде мемлекеттік әкімшілік органдарда жұмыс істейді, онда олар азаматтармен қарым-қатынас жасау дағдысын үйренеді. Соңында әлемдегі кез-келген адвокаттан 9 айлық тағылымдамадан өтеді.

Осылайша, заңгер 20 айдан кейін 2 апта ішінде ұзақтығы 5 сағат болатын 7 бақылау жұмысын жазуы керек. Жұмыс істі талдауды білдіреді, оның азаматтық құқық бойынша - 2, қылмыстық құқық бойынша - 2, әкімшілік құқық бойынша 2, емтиханнан өтушінің таңдауы бойынша – 1 нақты істі талдайды. Кейбір жерлерде еңбек немесе әлеуметтік құқық енгізіледі. Тапсырма судьяның, прокурордың немесе адвокаттың функциясын орындаумен қорытындылануы және мейілінше жоғары деңгейде күрделі болуы мүмкін. Тағылымдамадан өтуші германияның нормативтік ұйғарымдарын ғана емес, сонымен қатар Еуропа Одағының кез-келген елдерінің де заңнамалық нормалары мен сот практикасын білуі керек.

Тұлға 7 емтиханның кемдегенде 4-еуінен сүрінбеуі тиіс. Егер жазбаша емтихан тапсырылған болса, тұлға ауызша емтиханды 4 ай күтеді. Осы уақытта заң мамандығы бойынша тағылымдамадан өтуі жалғаса береді. Ауызша емтихан таңдалған тақырып бойынша тұсау кесер түрінде өтеді, бұл ретте, емтихан алушылар кез-келген бағытта сұрақтар қоюы мүмкін. Тұтастай алғанда, емтиханды үміткерлердің 75% ғана тапсырады. Қалған бөлігі қайта 4 айлық оқудан өтіп, 7 емтиханды қайта тапсырады. Емтиханнан өтпегендердің заңгер мамандығы бойынша жұмыс істеуіне немесе ЖОО қайта оқуға құқығы жоқ.

Емтихандардан кейін тұлғалар таңдаған мамандығы бойынша жұмысқа қабылдау туралы өтініш жазады. Бұл ретте, шамамен 70-80% адвокаттықты таңдайды.

Судья қызметіне өтініш берген жағдайда тұлға әңгімелесуге шақырылады. Бұл ретте, емтихандардың нәтижелері ғана емес, әлеуметтік жарамдылығының: әлеуметтік саладағы жұмыс тәжірибесінің болуына, саяси партиялар алдындағы міндеттемелерінің болуына, жек сапасына аса мән беріледі. Орташа алғанда, 1 орынға 4 үміткер тіркеледі. Жоғары жер сотының төрағасы, жердің мемлекеттік прокуроры, Әділет министрлігінің өкілі үміткерлермен бір сағаттық әңгіме жүргізеді. Саны 10-нан 20-ға дейін болатын үміткерлер ұсынған материалдар зерделенеді. Оны жұмысқа алу немесе алудан бас тарту туралы қорытынды Судьялар кеңесінің отырысына жіберіледі, кеңес оны мақұлдайды немесе онымен келіспеуі мүмкін. Кейін материалдар судьялардан, адвокаттардан және прокурорлардан тұратын арнайы Комитетке жіберіледі. Комитет құрамы сайланбалы және судьяларды Сайлау туралы заңға сәйкес қалыптастырылады. Берлинде Комитетті Парламент сайлайды, әрбір жерің өз Комитеті болады, олардың құрылымында өзгешеліктер болуы мүмкін.

Комитеттің учаскелік соттардың судьяларына қатысты шешіміне Әділет министрі, Жоғары соттардың судьяларына қатысты шешіміне Бургомистр қол қояды.

Судьялар 3-5 жылға сынақ мерзімімен тағайындалады, соның ішінде олар қызметінен босатылуы да мүмкін. Жоғары тұрған сотқа өту туралы өтініш өмір бойы тағайындалғаннан кейін ғана беріледі, содан кейін тағы да келісу және тағайындау рәсімдері өткізіледі.

Кеңес пен Комитеттің әрекеттері әкімшілік сотта (бәсекелестік талап арыз) даулануы мүмкін. Осындай дауларды іріктеу өлшемдерінің сақталуын тексеру жолымен сол жердің соты қарайды. Талап арыздан бас тарту туралы немесе қайта іріктеу туралы шешім қабылдануы мүмкін.
Іс шаралардың қорытындысы бойынша оған қатысушылар тәуелсіз және әділсоттың қажетті шарты ретінде сот кадрларының кәсіби даярлығы мен жоғары біліктілігі мәселелерінің өзектілігін атап өтті. Тиргартен учаскелік сотының судьясы, ГТЦ өкілі Вольфрам Эберхард мырза осы бағыттағы Қазақстанның күш-жігерін, соның ішінде Жоғарғы Соттың оқу бағдарламасын үйлестірушінің қызметін атап өтіп, соның ішінде Орта Азия өңірінің басқа да мемлекеттерімен тәжірибе алмасу саласында бұдан әрі де ынтымақтастыққа үміт артатынын атап өтті.
Неміс тарабы Қазақстанның заң білімінің және біліктілікті арттырудың қазіргі заманғы үрдістеріне жауап беретін интерактивті оқытуды, жаңа практикалық және әдістемелік дағдыларды енгізу жөніндегі ниетін атап өтті. Студенттер мен судьялыққа үміткерлерді заңгерлікке даярлығы мәселелеріне де Жоғарғы Соттың неғұрлым кең қатысу мүмкіндігі көзделіп отыр. Тұтастай алғанда, студенттерді оқыту судьяларды оқытушылыққа тарта отырып, істерді талқылау әдістемелерін зерделеумен неғұрлым практикалық бағыт алуы тиіс.
1. Заңгерлік емтихан мен судья қызметіне арналған емтиханды ұйымдастыру саласындағы Германия тәжірибесі Қазақстандағы осыған ұқсас рәсімдерді құқықтық регламенттеуді талқылаған кезде пайдаланылуы мүмкін.

2. ГТЦ және Неміс Сот Академиясы жаттықтырушыларын шақыра отырып, ГТЦ жобасы шегінде судьялар мен Әділсот институты оқытушыларына арналған оқыту әдістемесі мәселелері бойынша семинарды, сондай-ақ судьялар мен магистранттарға арналған коммуникативті семинарды өткізу мүмкіндігін талқылау ұсынылып отыр.

3. ГТЦ-мен бірлескен жұмыс жоспарына оқытудың жекелеген бағдарламалары бойынша ГФР Сот Академиясына республика судьяларының біліктілігін арттыру енгізілсін.
Қосымша:
1. Неміс Сот Академиясын ұйымдастыру, оның құрылымы мен қызметі туралы тұсау кесер материалдары.

2. Академияның оқу жоспары және оқу бағдарламасы.

3. Берлин Федералды жері Жоғары сотының ұйымдастырылуы және оның қызметі туралы материалдар.

4. Заңгерлердің Жоғары сотта тағылымдамадан өтуінің типтік бағдарламасы.








©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет