Государственное учреждение «национальный банк республики казахстан»



жүктеу 105.6 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі105.6 Kb.
: cont
cont -> Психологические труды
cont -> Психологическая подготовка спортсменов. Инновационные технологии Словарь используемых терминов
cont -> Өлкетану әдебиеттері бөлімі Отдел краеведческой литературы Қазақ өлеңінің жырдариясы
cont -> Өткен сенбіде үйде демалып жатқанымда, есіктің сыртынан тықыр естілді. Іле қоңырау шырылдады. Сұрамастан аша салдым. Екі балаң жігіт тұр екен. «Аға, жарапазан ғой» деді де, домбыраны қағып-қағып жіберіп, әнге басты
cont -> Сводный график по защите магистерских диссертаций научного и педагогического и профильного направлений 2010 г. 14. 06. 2010 г
cont -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің


Жоба

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ





РЕСПУБЛИКАНСКОЕ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ


«НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»

_________________________________________________________________________________________________________________


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ

201_ жылғы ______________

______________ 201_ года

№ __


Алматы қ.

г. Алматы


Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе аумағына әкелінетін вексель қағазының қорғаныш дәрежелеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ вексель қағазына қойылатын техникалық талаптарды бекіту туралы







«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе аумағына әкелінетін вексель қағазының қорғаныш дәрежелеріне қойылатын талаптар, сондай-ақ вексель қағазына қойылатын техникалық талаптар бекітілсін.

2. «Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе аумағына әкелінетін вексель қағазының қорғаныш дәрежелеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ вексель қағазына техникалық талаптарды белгілейтін қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 237 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7957 тіркелген,


2012 жылғы 7 қарашада «Егемен Қазақстан» газетінде № 729-734 (27806) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Төлем жүйелерін дамыту және басқару департаменті (Мұсаев Р.Н.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.

6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Ұлттық Банк

Төрағасы Д. Ақышев

Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкі Басқармасының

201__ жылғы ____________

№ ___ қаулысымен

бекітілген


Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе аумағына әкелінетін вексель қағазының қорғаныш дәрежелеріне қойылатын талаптар, сондай-ақ вексель қағазына қойылатын техникалық талаптар


  1. Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе аумағына әкелінетін вексель қағазының қорғаныш дәрежелеріне қойылатын талаптар, сондай-ақ вексель қағазына қойылатын техникалық талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе аумағына әкелінетін вексель қағазының қорғаныш дәрежелеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ вексель қағазына қойылатын техникалық талаптарды белгілейді.

2. Талаптарда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) бет және сырт жағындағы түсті бейнелер – түсі солғын бояулармен басылған жұқа сызықтардан құралған тор (бір-бірімен қиылысқан екі-үш гильошир торлар) түрінде салынған сурет. Негізгі түс тұйықталған, жеткілікті ашық жер қалдыру және элементтер арасында байланыс болу үшін қажет. Қалыңдықтары біркелкі негізгі түс сызықтарынан құралған сурет ою-өрнек сипатында берілген;

2) гильошир элементтерi – вексель қағазын көркем безендiруде айшықты құрал қызметiн атқаратын және ашық түсте – күңгiрт немесе күңгiрт түсте – ашық етiп салынған эллипс түрiндегi және басқа нысандағы тұтас сызықтар болып келетiн жiңiшке тор iспеттес ою-өрнек немесе белдеулер түрiнде орындалған орнықты қорғаныш элементтерi. Ою-өрнек иректермен айналдыра көмкеріледі және әлдеқайда күрделі тұйықталған бірнеше қисық сызықтар салу жолымен жасалады, ал белдеулер алаңдағы белгiлi бiр жерді алып тұратын тұйықталған қисық сызықтардан құралады;

3) иристік басу – бір нысандағы екі түсті басу, алынған бейнелерде бір түс екінші түске жалғаса ауысады;

4) микромәтiн – сөздердiң арасына ашық жер қалдырылмай жазылған, әрiптердiң биiктiгi 0,2 - 0,3 миллиметрден аспайтын жолдар, ол қандай да бiр суреттi көмкерiп тұратын немесе жиектің өзі ретінде қолданылатын, сондай-ақ негiзгi түс түрiнде құрастырылатын жиек элементтерiнiң ортасына орналастырылады;

5) нөмірлеу – ультракүлгін жарықпен сәулеленетін қара түсті бояумен жоғары сапалы басу тәсілімен басып шығару;

6) штрихті сурет – белгiлi бiр бөлiктерiн қарайтуға болмайтын нәзiк штрихтер арасы барынша жақын етiп салынған сурет.

3. Вексель қағазын Қазақстан Республикасының аумағында шығару немесе әкелу Талаптарда белгіленген полиграфиялық қорғаныш нысанынан тұратын вексель қағазының қорғаныш дәрежелеріне қойылатын талаптарға және физикалық-химиялық қорғаныш нысанынан тұратын вексель қағазына қойылатын техникалық талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

4. Вексель қағазының (вексель бланкісінің) полиграфиялық қорғаныш нысаны мынадай қорғаныш дәрежелерінен тұрады: 

1) гильошир элементтері;

2) бет және сырт жағындағы түсті бейнелер;

3) штрихті сурет;

4) микромәтін;

5) иристік басу;

6) нөмірлеу.

5. Физикалық-химиялық қорғаныш нысаны вексель қағазына қойылатын мынадай техникалық талаптардан тұрады:

1) қағаздың ұзын торлы немесе дөңгелек торлы сутамғы белгiсi; 

2) қағаздағы көзбен көріп байқауға болатын арнайы талшықтар; 

3) қағаздағы спектрдің ультракүлгін аймағында көзбен көріп байқауға болатын арнайы талшықтар;

4) қорғаныш (пластик, магниттi, металл қосылған) жiптердiң болуы

5) индикаторлық қоспалардың болуы; 

6) вексель қағазы жарық түскен кезде сәулеленiп тұрмауға тиiс. 



Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының

«Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе аумағына әкелінетін вексель қағазының қорғаныш дәрежелеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ вексель қағазына қойылатын техникалық талаптарды бекіту туралы» қаулысының жобасына түсіндірме жазба

р/с



Нормативтік құқықтық актінің жобасы туралы мәліметтер тізбесі

Әзірлеуші бөлімшенің ақпараты

1.

Әзірлеуші бөлімше

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем жүйелерін дамыту және басқару департаменті

2.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау қажеттігіне негіздеме


Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленді.

3.

Нормативтік құқықтық актінің жобасына қысқаша сипаттама


Жоба жаңа редакцияда әзірленді және құжаттың атауын өзгерту бөлігінде редакциялық түзетулерді көздейді.

4.

Нормативтік құқықтық актінің жобасы Ұлттық Банк орталық аппаратының мүдделі бөлімшелерімен, сондай-ақ Ұлттық Банктің филиалдарымен және/немесе өзге де мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер

Жоба Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен, Қолма-қол ақша айналысы департаментімен келісілді.

5.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын қаржы ұйымдарымен, өзге де мүдделі заңды тұлғалармен келісу туралы мәліметтер

Талат етілмейді.

6.

Сараптама кеңесінің және Ұлттық Банк аккредиттеген (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілері үшін) жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің қарауына жіберу туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің 2016 жылғы «11» қаңтардағы № 12 хаттамасы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2016 жылғы «8» қаңтардағы №76 сараптамалық қорытындысы.

«Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ 2015 жылғы «22» желтоқсандағы № 2/02/4465 сараптамалық қорытындысы.




7

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу үшін Сарапшыға жіберу туралы мәліметтер

Талап етілмейді.

8

Нормативтік құқықтық актінің (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілері үшін) қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының төмендеуін және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп айырысулардың нәтижелері

Нормативтік құқықтық актінің қолданысқа енгізілуіне байланысты шығындар жоқ.

9

Өзге де мәліметтер

Жоқ.

Төлем жүйелерін дамыту және

басқару департаментінің директоры Р. Мұсаев


Орынд. Мамағұлова Ж.Ж.

Тел. 8 ( 727) 2704 -591 (1023)
«Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе аумағына әкелінетін вексель қағазының қорғаныш дәрежелеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ вексель қағазына техникалық талаптарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысының жобасына

КЕЛІСУ ПАРАҒЫ


р/с





Бөлімшенің атауы

Лауазымы


Тегі, аты, әкесінің аты


Қолы



Қол қойған күні

1

Басшылық

Басқарма мүшесі / Төрағасының орынбасары

Д.Ғалиева







2

Басшылық

Басқарма мүшесі / Төрағасының орынбасары

О.Смоляков







3

Басшылық

Басқарма мүшесі / Төрағасының орынбасары

Ғ. Пірматов







4

Басшылық

Басқарма мүшесі / Төрағасының орынбасары

А. Ахметов







5

Құқықтық қамтамасыз ету департаменті

Департамент Директоры

Н. Досмұхамбетов







6

Төлем жүйелерін дамыту және басқару департаменті

Департамент Директоры

Р. Мусаев







7

Қолма-қол ақша айналысы департаменті

Департамент Директордың м.а.

А.Балахметов













©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет