«Гуманитарлық білім» факультеті «География және қоғамдық пәндер» кафедрасы



жүктеу 1.01 Mb.
бет6/9
Дата25.04.2016
өлшемі1.01 Mb.
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
: CDO -> OBSOJ -> Geo
Geo -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
Geo -> «Мәдениеттану» пәнінен СӨЖ сабақтарының
Geo -> Медициналық география» пәні бойынша 050116-«География» мамандығының 3 курс студенттерінің білімін бақылауға арналған обсөЖ және емтихан тапсырмалары
Geo -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
Geo -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
Geo -> «Табиғатты қорғау және ерекше қорғалатын территориялар»
Geo -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
Geo -> Гуманитарлық білім” факультеті География және қоғамдық пәндер” кафедрасы
Geo -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
Geo -> «Гуманитарлық білім» факультеті «География және қоғамдық пәндер» кафедрасы

Картамен жұмыс.



9-апта. Бағалау балы -4,0
Тақырыбы: Оңтүстік Қиыр Шығыс аймағы.


  1. Қиыр Шығыстың географиялық орны.




  1. Жер бедері.




  1. Геологиялық құрылысы.




  1. Пайдалы қазбалары




  1. Климаты.




  1. Ішкі сулары.




  1. Табиғат ресурстары



  1. Приамурье.




  1. Камчатка.




  1. Сахалин.




  1. Курил аралдары.




  1. Оңтүстік Қиыр Шығыстың географиялық орны.


Үй жұмысы.



10-апта. Бағалау балы -4,0
Тақырыбы: Орта Азияның таулары мен жазықтары.
Жоспары:

  1. Геоморфологиялық аудандастыру схемасы

  2. Ішкі сулары

  3. Топырағы мен өсімдігі.

  4. Жануарлар дүниесі.



1. Географиялық орны. Қазакстан мен Орта Азияның территориясы негізгі ылғал түсіруші мұхиттардан алыста, материктің түкпірінде, қоңыржай климат белдеуінің оңтүстік бөлігінде, Батыс Сібір жазығынан оңтүстікте, Каспий теңізі мен шығыстағы тау жүйесі аралығында орналасқан. Биік жоталар Оңтүстік Азияның муссондарының бұл жаққа өтуіне бөгет болып жол бермейді.Жерорта теңізінің циклондары да Орта Азияға сирек келеді. Бұл ТМД-ның күн сәулесі ең көп түсетін, ыстық әрі құрғақ жерлері. Мұнда ең темен жер — Қарақия ойысы және шыңдары 7000 м асатын ТМД-дағы ең биік — Памир таулары орналасқан.

Жер бедері, геологиялық құрылысы және пайдалы қазбалары. Қазақстан мен Орта Азия территориясының беті кейбір жерлерінде мүжіл-ген таулармен қоса жазық бөлікке және Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа дейін созылып жатқан биік таулы белдеуге кіретін таулы бөлікке бөлінеді.

Жері жазық келетін Батыс Сібір бірте-бірте Қазақстанның қыратты жазықтарына айналады. Бұл жазықтар оңтүстікте Тянь-Шань тауының бөктеріне дейін созылып жатады. Территорияның батысында белесті жазық — Торғай үстірті жатыр. Орталық бөлігінде қатты мүжілген таулар — Қазақтың ұсақ шоқысы көтеріліп тұрады.

Қазақстанның қыратты жазықтарынан оңтүстікке қарай Қарақұм мен Қызылқұм шөлдері бар Тұран ойпаты жалғасып жатыр.

Геологиялық карта бойынша Қазақтың ұсақ шоқыларының құрылымын қарап көрейік. Оны құрайтын тау жыныстарының палеозой дәуірінде қалыптасқанына көз жеткізу қиын емес. Бұл палеозой дәуірінің бүкіл кезеңдерінде шөгіп қатпарланған және метаморфозданған тау жыныстары; оларды көптеген гранитті және басқа да интрузиялар жарып өткен. Мұндай геологиялық құрылым палеозойда вулкан атқылауымен қатар жүріп отырған тау түзілу қозғалысының да жүргенін дәлелдейді.Ол заманнан бері бұл көне таулар күшті бұзылып, ұсақ шоқыларға айналған.

Тұран ойпаты — бүл мезозой және палеозой тұнба жыныстарының аса қалың қабаты басқан ежелгі қатпарлы негізі (фундаменті) бар плита. Мұнда мұнайға, жанар газға, күкіртке және басқа пайдалы қазбаларға бай кен орындары бар. Жазықтың оңтүстігінен оны Копетдаг, Памир-Алай, Тянь-Шань тау жүйелері көмкеріп тұрады. Каледон тау түзілу кезінде Тянь-Шаньнің солтүстік тізбегі көтерілген. Оңтүстік жоталардағы негізгі қатпарлану — герцин қатпарлануы болды. Одан кейін таулар мезозойда сыртқы күштердің әсерінен тегістеліп, аласа тау бұйраттары бар төбелі күштердің әсерінен тегістеліп, аласа тау бұйраттары бар төбелі жазықтарға айналған. Қазіргі кездегі биік Тянь-Шань тауы неоген дәуірінің аяғы мен төрттік дәуірде тектоникалық қозғалыстардың әсерінен пайда болған.

Оңтүстікке қарай орналасқан Памирдің (Памир) таулы қыраты да Копетдаг жотасы сияқты палеогеннің аяғы мен неогеннің басында альпі қыртыстануы кезінде геосинклинальдің орнында пайда болды.

Альпі қатпарлануы бұдан әлдеқайда ежелгі Тянь-Шань ғимараттарын да бұзды. Бір учаскелердің көтеріліп, екіншісінің төмен түсуі сол бойьгнша болды, сөйтіп, тауаралық үлкен қазаншұңқырлары мысалы, Фергана қазаншұңқыры пайда болған. Альпі тау түзілу дәуірінде пайда болған қатпарлы жас тауларға қарағанда Тянь-Шань тауы қатпарлы-жақпарлы, жер бедері формасында да айырма болады: мұнда тегіс, жазық жерлер тістей қырлы-қырлы үшкір шыңдармен ұштасып отырады.Альпі қатпарлануы зонасында мұнымен қоса жерсілкініп тұрады. Соңғы он жылдықтар ішінде бірнеше күшті жер сілкінулер, мәселен Ашхабадта (1948 ж.), Ташкентте (1966 ж.) болды.

Қазақстанда Торғай үстірті ауданында — Соколов-Сарыбай темір кені, Қазақтың ұсақ шоқылы ауданында түсті металдардың, алтынның кен орындары, Жезқазған мен Қоңыратта мыс кен орындары бар.Тянь-Шань мен Памир-Алайда да металдың алуан-алуан кен орындары бар екені белгілі. Жанғыш пайдалы қазба байлықтар қоры: Қарағанды мен Екібастұз бассейндерінде көмір, Батыс Түрікменстан мен Фергана аңғарында мұнай бар.Газ ұзын құбырлар арқылы Бұқара газы Оралға және еліміздің Орталығына беріледі. Қара-Бұғаз-Гол шығанағында тұнба глаубер тұзының орасан мол қоры бар. Фосфориттің, калийдің және ас тұзының кен орындары да көп.

Климаты. Күннің горизонттан жоғары көтеріліп, ж а з д а бұлтты күндер аз болатындықтан жазықтың беті қатты қызады да осыған байланысты онда континентті тропиктік ауа массалары қалыптасады. Қазақстан мен Орта Азияның солтүстігінде шілдедегі орташа температура +25° С жуық, ал қаңтарда —15° С жуық болады. Тұран ойпатының оңтүстігінде шілдедегі

орташа температура +30° С жуық болады, ал қаңтарда —2° С дейін барады. '

ТМД-ғы жерге сіңетін күн радиациясының ең жоғарысы Орта Азияда болады. Батыстан (Жерорта теңізінен) келетін теңіздік ауа бұл жаққа ұдайы емес, көбінесе қыста өтеді. Орта Азияның солтүстік жағы арктикалық және сібірдің континенттік ауа массасының өтуі үшін ашық, жазда ол өте жылы, қыста суық келеді.Бұл жағдайлардың бәрі мұндағы климатты аса континентті етедіЖазықтары мен солтүстік аудандарда жауын-шашын жылына 300 мм дейін, ал оңтүстікте —200 мм азырақ түседі. Тауларда әсіресе оның желге қараған беткейлерінде жауын-шашын мол (1500 мм дейін барады) түседі.

Таулар табиғатының жалпы сипаттамасы. Орта Азияның оңтүстік шетімен Копетдаг, Тянь-Шань, Памир-Алай таулары созылып жатыр.

Елеулі биіктікте ауа батыстан шығысқа қарай бағытта қозғалады. Таулардың ауа жоғары көтерілетін батыс беткейінде жауын-шашын көп түседі (жылына 800 мм астам). Ал шығыс беткейлері мен қазаншұңқырлары, жауын-шашын аз түсетін болғандықтан, құрғақшылықтың зардабын шегеді.

Бұл айырма әсіресе Памирде айқын сезіледі, мұның батыс жағында 1500 мм дейін жауын-шашын түседі де, шығысында —100 мм-ден аз түседі.

Таулардағы климат жағдайы жоғарылаған сайын өзгеріп отырады (биіктік белдеулік). Тауларда әсіресе 300 м асатын биіктікте қыс суық әрі ұзаққа созылады. Биік таулы жерлерден басқа белдеулердің барлығында суықтық жылылықпен алмасып отырады. Жазда температураның төмендеуі 0° С дейін, одан да төмендей түсу жағдайы таудың басына көтерілген сайын байқалады. Биік тауларда жаз салқын әрі қысқа болады.

Орта Азияның тауларында 2000-нан астам мұздықтар бар (Кавказда —1400 жуық); олардың ішіндегі ең үлкені ТМД-ғы Федченко мұздығы, ұзындығы 71 км, ені —2—3 км.

Копетдаг шамамен 500 км созылған. Тауларының биіктігі көбінесе 1000—2000 м шамасында болады. Бұл бірыңғай жота емес, аңғарлармен бөлінген қысқа жоталардың біртұтас жүйесі. Копетдагтың солтүстік беткейі тік, кей жерлері жар-құзды болып келеді, ал оңтүстік жатық .Тегіс ,жала-
ңаш жалды жоталарда көп жылдық қар мен мұздыктар болмайды. Шөгінді тау жыныстары — құмдақ, саз, әктастары басым болады. Тау беткейлерінің кейбір жерлерінде жарықтардан жылы су булары мен газдар шығып жатады. Копетдагта жер сілкіну жиі болып тұрады.Тауларында жаз салқын және жауын-шашын шөлге қарағанда азғана көбірек түседі, сондықтан олардың жалдары мен шыңдары ашық дала болады. Бірақ солтүстік жағындағы жабық жылы бойлама аңғарлары — гүлденген оазистер. Орман мелиорация станциялары таулардың құрғақ беткейлерінде, онда арша мен пісте ағаштарын отырғызады.

Тянь-Шань — Азияның орасан күрделі тау жүйелерінің бірі. ТМД шегінде оның батыс бөлігі жатыр. Көптеген тау тізбектері ендік бағытта созылып жатыр, бірақ батысында олар желпуіш тәрізді болып тарайды. Жоталар, әдетте, пішіні тау-мұздықты альпі рельефіне тән, үшкір шыңды болып,бірақ кейбір биік жоталарының бастары тегіс келеді. Шығыста,
ТМД-ның мемлекеттік шекараларына жақын жерде, Тянь-Шаньның ең биік шыңдары — Жеңіс шыңы (7439 м)Хан Тәңірі шыңы (6995 м) аспанмен таласып тұр. Батысқа қарай таулар аласара береді, кейбір жеке жоталар жазық кеңістіктерге терең еніп жатады.

Көптеген тауаралың ойыстар 3000 м және одан да биігіректе жатыр. Оларды 4000 м асатын таулар қоршап түрады. Осындай биіктікте аңғарларға қарай ағатын өзен суын толықтыратын орасан үлкен мұздықтар жатады. Таулардағы шөптесін өсімдіктер өсетін және мал жайылымы үшін пайда-ланылатын кең жазық немесе аздап белестеніп келетін кеңістіктерді жергілікті халық сырт деп атайды.

Тауларда қар ерудің, қалың жауынның әсерінен қар құламалары — қар көшкіні мен лайсаң тасты тасқындар болып тұрады. Мұндай дүлей апаттарды болдырмау үшін арнайы орындар ұйымдастырылған. Аңғарларда орналасқан қалалар мен селоларды тасқынға қарсы бөгеттер, «қалқандар» жақсы қорғап түрады.

Кейбір тауаралың ойыстарда терең көлдер бар. Мұндай ең тамаша көлдердің бірі — Ыстықкөл. Өзін қоршаған таулардан оған көп өзендер келіп құяды, бірақ одан бірдебір өзен ағып шықпайды. Оның биік шығыс жағасында ұлы орыс саяхатшысы Н. М. Пржевальскийдің моласы мен оған қойылған ескерткіш бар.Таудағы климат биіктікке байланысты жотаның етегіндегі жапырақ шөлден қарлы-мұзды белдеудің суық климатына дейін ауысып отырады. Тау беткейлерінде шөлдер біртіндеп шөлейттермен, ал жоғарыда тау далаларымен алмасады. Батыс Тянь-Шаньның оңтүстік беткейлерінде грек жаңғағының ормандары өседі, ал тастақ беткейлерде арша мен пісте шіліктері алып жатыр.

Солтүстік беткейлерде, шатқалдардағы 1700 м биіктікте, ал одан жоғарырақ оңтүстік беткейлерде де тянь-шянь шыршасы өседі. Бұл бөрік басы тар көлемді, биік, тіп-тік ағаштар өте әдемі. Олардың ұзындығы 60 м, ал діңгегінің диаметрі 2 м дейін жетеді. Құрғақ беткейлерді арша шіліктері алып жатыр. Онда ағаштар әр жерде өседі, сондықтан олар ақшыл, күн сәулесі көп түседі және шайыр иісі аңқиды. Ормандарда сібір елігі, сілеусін; құстардан — шырша торғай және басқалары мекендейді.

2700 м биіктікте әр түрлі шөптесін өсімдіктері бар әдемі субальпі зонасы, сонан кейін аласа шөпті альпі шалғындары басталады. Бұл жазғы жайылым — жайлау. Одан да жоғарыда мәңгі қар мен мұздықтар жатады.



Фергана аңғары. Тянь-Шань жотасынан оңтүстікке қарай 300 км созылған орасан зор тауаралық Ферғана аңғары орналасқан. Оның бойымен Сырдария өзені ағып жатыр. Аңғар табанының тегіс бетінде төбешік құмдар, сондай-ақ тақырлар кездеседі. Тау етегіндегі сүрғылт топырақты лёсті жазықтарда үлкен оазистер орналасңан. Оларда көк майсалы бақтарға оранып тұрған көптеген қалалар мен селолар бар. Бұлар — ірі шаруашылық орталықтары. Фергана аңғарын Орта Азияның інжу-маржаны деп атайды. Ол Тянь-Шань мен Памир-Алайдың аралығындағы шекара болып саналады.

Памир-Алтай — таулы аймақ. Оның құрамына Алтай, Гисар жоталары және Памир кіреді. Таулардың биіктігі 4000 м асады. Мұнда өткір қырлы жалдары, шаншылған үшкір шыңдары, беткейлері тіп-тік жоталары бар мұздықтар және жер бедерінің мұздық формалары көп.

Памир — ТМД-ғы ең биік таулы қырат. Осы бір орасан зор тау торабында Азияның ғаламат тау жүйелері түйіседі. Бұл — биік құзды, алып таулар өлкесі. Оның кейбір биік шыңдары 7000 м асады. Памирдің ең солтүстігіндегі жотасында Ленин шыңы (7134 м), ал Ғылым академиясы жотасында ТМД-ғы ең биік тау шоқтығы — Коммунизм шыңы (7495)

бар, ол — қазіргі замандағы ең ірі мұз басу торабы. Федченко мұздығы да одан алыс емес. Памир таулары граниттен, кристалды тақтатастан және негізінен шөгінді жыныстардан түзілген.

Памир батыс және шығыс бөліктерге апайқын бөлініп тұрады. Батыс Памир үшін терең аңғар-шатқалдармен бөлінген биік құзды жоталар тән. Шатңалдардың тереңдігі кей жерлерінде 2000—3000 м дейін барады. Онда тіпті ыстық күннің өзінде де күңгірт салқын және дымқыл болып тұрады. Мұздықтардың астынан ағып шығатын арыны қатты өзендер сарқырап төмен құлап ағып жатады. Аңғарлар 1700—2500 м биіктікте, ал жоталар 5000 м астам биіктікте жатыр.

Шығыс Памирдің жер беті онша терең тілімденбеген, жоталарының беті жадағай және аңғарларға жайлап түседі.3500—4000 м биіктіктерде тегістелген тау беті басым. Олардың үстінде 6000 м дейінгі абсолют биіктіктегі жоталар көкке өрлеп тұрады.

Шығыс Памирдің климаты суық әрі құрғақ болғандыңтан, биік таулы шөлдердің дамуына жағдай жасайды.

Оның өсімдігі жұтаң, тастақты топырағында мал сүйеініп жейтін жусан, сораң, аласа теріскен бұталары өседі. Теріскенді отын үшін де пайдаланады. Памир тұрғындары — биік таулы жер жағдайында жүк арту үшін таптырмайтын жануар — үй қодасын өсіреді. Қодастың жерге жететін шұбатылған жүні таудың суық беткейіне жатқанда оған төсеніш болады. Қодас тау қияларымен жақсы жүреді, азық талғамайды.



Бақылау сұрақтары.


  1. Өзендері мен көлдері

  2. Қазақтың ұсақ шоқылары.

  3. Бетпақдала.

  4. Маңғышлақ

  5. Үстірт.

  6. Қазақстан мен Орта Азияның табиғат ресурстары.

  7. Тоғайлар.

Пайдаланатын әдебиеттер:



  1. Давыдова, А. И. Каменский. ТМД- нің физикалық географиясы. Алматы 1974ж.

  2. Н.П. Неклюкова, Г.К. Тушинский ТМД- ның физикалық географясы. Алматы 1974ж.

  3. Н.П. Неклюкова Общее землеведение и краеведение. Москва 1981ж.

  4. Н.П. Неклюкова Жалпы жертану. Алматы 1989.

  5. Максаковский В.П. География. Москва 1989ж.

  6. Неклюкова Н.Т. Жалпы жертану. Алматы. 1980.

  7. Пашканг .Г.Н, Любушкина .С.Г. Землеведение и краеведение.Москва 2002.

  8. Готовимся к экзамену по географий. М.2002.

  9. Мильков Ф.Н. Общее землеведение.М.1990.

  10. Неклюкова Н.Т.Общее землеведение.Части 1-3.М.1973.

Глоссарий.
11-апта. Бағалау балы –4,0


  1. Атлас




  1. Аллювий




  1. Антициклон




  1. Атмосфералық фронт




  1. Бора




  1. Вулкандық туф




  1. Үгілу




  1. Габбро




  1. Геологиялық профиль




  1. Геосинклиналь




  1. Глей




  1. Гнейс




  1. Доломит




  1. Жал




  1. Дунит




  1. Тасқын




  1. Өзен еңісі




  1. Тектоникалық көлдер




  1. Вулкандық көлдер




  1. Бөгетті көлдер



Тест .
12-апта. Бағалау балы –4,0
Тақырыбы: Тұран жазығы.
1. Тұран ойпатынан не өндiрiледi.

А) тұз


Б) фосфор

В) көмiр


Г) мұнай

С) темiр
2. Үстiрттiң ең биiк жерi.

А) Мұзбел

Б) Мұзтау

В) Боқтыбай

Г) Бесбақан

С) Ақсоран
3. Қазақстанмен шекаралас емес мемлекет.

А) Украина

Б) Өзбекстан

В) Ресей


Г) Қырғызстан

С) Қытай
4. Батыс Сiбiр жазығының кiшкентай тундралық кемiргiш.

А) Лемминг

Б) Гагара.

В) Тоқылдақ.

Г) Кекiлiк

С) құну.
5. Батыс Сiбiр жазығының орман зонасына қандай топырақ тән.

А) күлгiндi- батпақты, шымтезектi- батпақты

Б) күлгiндi- батпақты, қызыл

В) қара күлгiндi

Г) қызғылт

С) қоңыр
6. Батыс Сiбiр жазығының құмды жерлерiне қандай ормандар тән.

А) қарағай ормандары

Б) қандыағаш

В) самырсынды орман

Г) шыршалы орман

С) балқарағай орман
7. Орта Сiбiрдiң ойпаттары.

А) Вилюй және Таймыр

Б) Алдан және Вилюй

В) Путорана және Лена

Г) Лена және Якутия

С) Таймыр және Алдан


8. Мойынқұмның топырақ жамылғысы.

А) қоңыр


Б) қызыл

В) күлгiн

Г) сұр

С) қара
9. Үстiрттiң топырағы қай бағытта өзгередi.



А) Солтүстiктен оңтүстiкке қарай

Б) Батыстан оңтүстiкке

В) Солтүстiктен батысқа

Г) батыстан шығысқа

С) оңтүстіктен батысқа қарай
10. Оралдың ең биік нүктесі.

А) Народная

Б) Мұзтау

В) Хан тәңірі

Г) Эверест

С) Үлкен Боқтыбай


11. Қызыл құмда шөлейттен қыстауға қандай жануар келеді.

А) ақбөкендер

Б) бұландар

В) арқарлар

Г) елiктер

С) маралдар


12. Қиыр Шығыс ландашафттын жасаушы негізгі жыныстар.

А) даурия балқарағайы мен аян шыршасы

Б) даурия балқарағайы мен емен

В) емен, шырша

Г) терек, самырсын

С) даурия бал∙қарағайы


13.Орта Азияның өзен бассейндері.

А) Арал мен Балқаш

Б) Сырдария мен Зайсан

В) Сасықкөл- Алакөл

Г) Каспий, Арал

С) Арал- Зайсан


14. Қаратал өзені қай таудан басталады.

А) Жоңғар Алатауынан

Б) Терiскей Алатауынан

В) Іле Алатауынан

Г) Күнгей Алатауынан

С) Алтай тауынан


15. Тянь-Шаньда теңiз деңгейiнен 3016 м биiктiкте қандай көл орналасқан.

А) Соңкөл

Б) Ыстықкөл

В) Гасан


Г) Зоркөл

С) Сарез
16. Қызылқұмның орталық бөлiгiнде орналасқан аласа тау Бөкентаудың биiктiгi.

А) 785м

Б) 888м


В) 784м

Г) 755м


С) 810м

17. Оралдың климаты.

А) Әр түрлi

Б) континенттiк

В) Қоңыржай

Г) субтропиктiк

С) тропиктiк


18. Батыс Сiбiр жазығындағы ең үлкен өзен .

А) Ертiс


Б) Есiл

В) Тобыл


Г) Жайық

С) Едiл



19. Рельефi жағынан Орал нешеге бөлiнедi.

А) 3


Б) 4

В) 6


Г) 5

С) 2
20. Үстiрттiң ең биiк жерi қай жерде орналасқан.

А) оңтүстiк бөлiгiнде

Б) солтүстiк бөлiгiнде

В) орталық бөлiгiнде

Г) шығыс бөлiгiнде

С) батыс бөлiгiнде.
21. Орта Сiбiр жазығы Алдан қалқаны қай бассейнiнде орналасқан.

А) Алдан


Б) Лена

В) Ертiс


Г) Тобыл

С) Таймыр


22. Қазақстан территориясында орналасқан Алтайдың бөлiгi.

А) Батыс


Б) Оңтүстiк - батыс

В) Орталық

Г) Шығыс

С) Солтүстiк Шығыс


23. ҚР солтүстiгiндегi ең шеткi облыс.

А) Солтүстiк Қазақстан

Б) Қарағанды

В) Ақтөбе

Г) Ақтау

С) Павлодар


24. ТМД елдерiне қай мемлекеттер кiрмейдi.

А) Литва, Латвия, Эстония

Б) Швейцария, Англия, Франция

В) Бельгия, Швеция, Норвегия

Г) Грузия, Украина, Молдава

С) Өзбекстан, Қазақстан, Ресей



Коллоквиум
13- апта. Бағалау балы- 5,0
Тақырыбы: Сарыарқа (Қазақстанның ұсақ шоқысы.)


  1. Географиялық орны.




  1. Орташа биіктігі.




  1. Геологиялық құрылысы.


4. Пайдалы қазбалары.
5. Климаты.
6. Ішкі сулар проблемалары.
7. Өсімдігі.
8. Жануарлар дүниесі.


  1. Сарыарқаның ең биік таулары.




  1. Ақсораң.




  1. Қарқаралы.




  1. Шыңғыстау.




  1. Ұлытау.




  1. Мұғалжар.




  1. Маңғыстау.




  1. Оңтүстік Қиыр Шығыс аймағы.

  2. Солтүстік Қиыр Шығыс аймағы.





1   2   3   4   5   6   7   8   9


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет