“Гуманитарлық білім” факультеті



жүктеу 2.08 Mb.
бет6/11
Дата02.05.2016
өлшемі2.08 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
: CDO -> Sillabus
Sillabus -> Лекция : 15 сағат обсөЖ : 15 сағат Барлық сағат саны : 45 сағат Қорытынды бақылау : емтихан, 4 семестр
Sillabus -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Sillabus -> Хор жүргізу” пәні бойынша 5В010600-“Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен
Sillabus -> Арнайы семинар: “Абайдың ақын шәкірттері” пәні бойынша
Sillabus -> Лекция:: 18 сағат Семинар: 16 сағат СӨЖ: 11 сағат Барлық сағат саны: 45 сағат
Sillabus -> Лекция:: 34 сағат Семинар: 34 сағат СӨЖ: 22 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Sillabus -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Sillabus -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Sillabus -> Лекция: 18 Семинар: 16 СӨЖ: 11 Барлық сағат саны: 45
Sillabus -> Лекция : 30 сағат обсөЖ : 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат Аралық бақылау саны 2 60 балл

ХV – ХІІғғ. психологиялық ой пікірлердің дамуы


(1 сағат)

Жоспар:

1. Асан Қайғы (ХV)

2. Өтебойдақ Тілеуқабылұлы
Пайдаланылатын әдебиеттер

а) негізгі

Негізгі:

1. Әл-Фараби. Философиялық тракттар. Алматы, “Ғылым”, 1973.

2. Әл-фараби. Саяси этникалық тракттар, Алматы, “Ғылым”, 1975.

3. Баласағұни Жүсіп. “Құдатғу біліктегі тәлім-тәрбие мәселелері”. //Жалын, - 1974. - №1

4. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі, Алматы, “Санат”, 1995.

5. Жарықбаев Қ. Махамбет Өтемісұлы жастар тәрбиесі туралы. Алматы, 1976.

6. Қазақтың тәлім тәрбиелік ой-пікір антологиясы. І том, Алматы. “Рауан”, 1994.

7. Аймауытов Ж. Психология Алматы, “Рауан”, 1995.

8. Торайғыров С. Произведения в 2-х т. Алма-Ата, 1967.

9. Абдуллина О.А Общепедагогическая подгогтовка учителя. – М.:

Қосымша:

10. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы, “Рауан” 1993.

11. Семья өміріндегі әдеп және психология И.В.Гребенников Алматы “Мектеп” 1986 ж.

12. Қазақ отбасы. Халел Арғынбаев Алматы “Қайнар”. 1996 ж.

13. Қ.Жарықбаев Қазақ психологиясының тарихы. Алматы “Қазақстан” 1996 ж.
Лекция мәтіні:

1. XV — XVII ғасырлар — қазақ халкының өз алдына дербес хандық күрып, тайпалар бірлестігі мен феодалдық мемлекеттің нығая бастаған дәуірі еді. Осы кезден бастап, қазақтың өзіне тән мәдениетінің езіндік беті де айқындала бастайды. Ол, әсіресе, халықтың тілінен, әдебиетінен айқын сезіледі. Мәселен, кейбір жазба ескерткіштердің де осы кезде таза қазақ тілінде жазылуы соның айғағы (Қадырғали Қосынұлының «Жылнамалар жинағы» т. т.)-

Қазақтың кең өлкесі сол бір кездерде жасақ пен жортуылдың шаңына булыққан еді. Өзбек, Ноғайлы хандықтары ыдырағаннан кейін қазақ хандығы өз алдына жекё бөлініп шығады. Бұдан кейінгі кезеңдерде де кең байтақ қазақ даласы үлкен майданның орталығына айналды, халқымыз жоңғарлар шабуылына тойтарыс беріп жатты. Зерттеушілердің айтуынша, (X. Сүйіншәлиев, М. Мағауин т. б.) қазақ мәдениетінің біраз тоқырап, тіпті қол жеткен кейбір табыстарының өзінен де айырылып қалуына осы айтылған қиян-кескі соғыстар, жойқын шабуылдар мен жортуылдар себеп болған.

Орыстың ұлы сыншысы В. Г. Белинский әрбір халықтың қаншалықты кенже дамығанымен өзіне тән поэзиясы болады; онда сол халықтың салт-санасы бейнеленеді деген еді. Соған орай, XV — XVII ғасырларда өмір сүрген қазақ ақын, жырау-ларының поэзиясын да ғасырлар сынына сыр бермей, біздің сәулетті заманымызға жеткен асыл шығармалар ретінде, Белинскийдің айтқанындай, халқымыздың сол ерте замандағы салт-санасын, ой-өрісін, мінез-құлқын көрсететін тамаша дерек-тер, қызғылықты мағлүматтар ретінде қарастырған үтымды, ейткені жыраулар толғауларынан адам жанының небір нәзік сырлары, халық басынан еткен мүң-мүқтаж, қайғы-қасірет, қуаныш-сүйініш, ел көкейіндегі арман-тілек әр қырынан көрініс тауып отырды.

2. АСАН ҚАЙҒЫ ХV)

Осы кезең ақын, жырауларының ішінде өзінің терең толғаныстарымен жұртшылықка кең танылғаны — Асан Қайғы". Оны қазақ даласының ұлы ойшылы, халқымыздың қоғамдық саяси, әлеуметтік ой-пікірлерінің көш бастаушыларының бірі десек артық бола қоймас. Қазақ халқының өз алдына дербес ел болу үшін бас құрай бастаған кезеңінде Асан Қайғы сынды ойшыл түлғаның дүниеге келуі де заңды еді. Зерттеушілер Асан Қайғы Алтын орданың ыдырау дәуірінде өмір сүрген, Жәнібек, Керей хандардың айналасында болған дейді20. Бір кездегі ғұлама ғалымымыз Ш. Уәлиханов оны көшпенді ноғай — қазақ ұлысының ұлы философы»21 деген еді. Академик М. Әуезов Асан Қайғыны «халык мұңын арман етіп алысты меңзеген... өзі үшін емес елі, жұрты үшін іздеген Асан ел қамқоры»22 деді.

Қазақ аңыздарында Асан — күтты қоныс, жақсы жайлау іздеп дүние кезген жиһангер, халқының сол кездегі хал-ахуалы мен келешегін тебірене сөз еткен жырау. М. Әуезов айткандай, Асан халық тілегінің жоқшысы. Асан қайғысы о дүниені, ақырет жаиын оилағаннан туған қаиғы емес, оның мәні оүкіл қазақ жұртының ортақ мүңымен байланысып жатыр.

Асан Қайғы қазақ қоғамынық прогресі үшін барша жұрт-ты бай, кедей деп бөлмей адамгершілікке баулудың аса қажет екендігін айтады. Ол адамдардың мінез-күлкының жақсаруын қоғамда қажетті ең негізгі фактор деп санайды. Адам бірі мен бірі тату, бейбіт өмір сүріп, өз мүқтаждарын толық қанағаттан-дыру үшін әрекет етуі тиіс, бұл үшін ол өзінің жеке басын үнемі жетілдіріп отыруды ойластыруы қажет. Оның ойынша адамның мінез-құлқы жаксы болуы үшін ол айналасындағыларға аяныш

білдіруі, қамқорлық жасауы тиіс. Адам әрқашанда әділ, қанағатшыл, кішіпейіл, ұстамды болып, басқаларға нүқсан келтірмейтіндей дәрежеде тәрбиеленсш. Өзіне қажетті игіліктерді жасау арқылы ғана адамның қолы бақытқа жетеді, сонда ғана оның басына бақ қонады. Әрине, Асан Қайғы адамдардың салт-санасы қоғамдық әлеуметтік зұлымдықтардан туындайтынын біршама аңғара алғанымен олармен күресудің жолдарын қоғамның таптарға бөлінгендігін анық үға алмады.

Асан Қайғы туралы деректердің барлығында да оны Жәнібек хандығы тұсында емір сүрген, сол хандыққа караған қазақ елінің жоғын жокгаған ойшыл жырау ретінде көрсетеді. Зерттеушілердің (Ш. Уәлиханов, Г. Потанин, Қ. Халидов, С. Сейфуллин, С. Мұқанов, Б. Кенжебаев, М. Бяткин, Ә. Мар-ғүлан, Ә. Тәжібаев, М. Әуезов, М. Фетисов, X. Сүйіншәлиев, М. Мағауин, т. б.) айтуынша Асан Қайғы толғауларында негізі-нен мемлекетгік, елдік мәселелер, қоғамдық ойлар қозғалып, кең даланың сүлу табиғаты, жер байлығы, жан-жануары, география-лық жағдайы, тұрмыс тіршілігі сөз болады. Асан Қайғы толғау-ларын оқьш отырғанымызда, біз оны көбінде хан айналасынан көреміз («Ай, хан, мен айтпасам білмейсің, айтқаныма көнбей-сің... Өзіңнен басқа хан жоктай, өзеуреп неге сейлейсің»). Бірақ осыған орай, оны ханның шашбауын көтерген, сарай жырауы деуге болмайды. Ол қашан да ханға жағынбай, жарамсақтанбай тура сөйлеген адам сияқты. Осы жайтты оның толғаулары жақсы аңғартады. Біздіңше, Асан Қайғы барша жұрттың, барлық көшпенді қазақ халқының мүң-зарын білдіруші, жоқтаушысы. Оның есіміне жалғанған «Қайғы» сөзі халықпен байланысының

белгісі іспеттес.

Заман құбылысын, қоғам шындығын, байлық пен кедей-лікгің шығу тегін теңсіздік пен әділетеіздіктің шын сырын үға алмағанымен де оның нағыз туманист ойшыл-жырау екендігіне шүбә келтіруге болмайды.

Оның адам түгіл құрт-қүмырсқа, жан-жануарға дейін жаны ашып, аяушылық білдіруі осы айтқанымызды дәлелдей түссе керек. («Қүйрығы жоқ, жалы жоқ құлан қайтып күн көрер, аяғы жоқ, қолы жоқ жьшан кайтып күн көрер?!»).

Жырау толғауларында адам және оның қасиеттері, өмір сүрудің мақсаты, тіршіліктің қызығы іспеттес философиялық мәнді тұжырымдар жиі үшырайды. Ел үшін еңіреген ерлерді дұрыс тани алмай, кімнің дос, кімнің қас екенін ажырата алмай-тын кездеріміз де болады деп тебіренеді жырау («Ауылдағы жамандар, ер қадірін не білсін... Көшсе қона білмеген, қонса көше білмеген, айтқанына көнбеген, жұрт қадірін не білсін!»). Жырау халқымыздың жас үрпағын адамгершілік қасиет-терге баулып, оларды кішіпейіл, көпшіл болуға, қарапайым да қайырымды болуға, әрі істі кеңесіп істеуге, асып-саспауға, достың көңілін қалдырмауға, өтірік айтпауға, қандай жағдайда да адамға адамгершілік қасиеттің (кешірімді болу, ерегіспеуі, үсак-түйек нәрсеге бола босқа қырқыспау т. б.) ауа-дай қажет екендігін, мұн-сыз өмір сүрудің мазмұнсыздығын, сайып келгенде, барша жұртты бірлікке, татулыққа көпшіл болуға шақырып, бір жеңнен қод бір жағадан бас шығарған жаідайда ғана ауызбТрлпі күшті, кез-келгенге жем болмайтын ілгері ел болатынымызды еске салады. Қай заманда да халқымыз терең ойлап, тебірене сөйлеуге ерекше мән берген. Мұны ұрпақ тәрбиесіндегі негізгі мәселе деп үққан. Бұған Асан Қайғы да ерекше мән берген сияқты.

Жырау түсінігінде севдің де сөзі бар, айтылып сол жерде қалатын сөз бар да, ауыздаң шыға сала ел аузына ілігіп, ұрпақ-тан-ұрпаққа мұра боп сакталып, талай ғасырлар жасайтын сөз бар. Соңғысы мақал-мәтел түрінде кездесе ме, әлде даналық афоризм түрінде кездесе ме, немесе түтас толғау түрінде кез­десе ме, әйтеуір көзделген нысанаға дөп тиіп, жүрекке қозғау салып, іске түрткі болып, аддмды белсенді тіршілікке меңзейді. Тек шындық пен әділеттілікті, халыктың мүң-зарын, арман-тіле-гін білдіре алса ғана сөз қүңды болады. Адамдардың күнделікті қарым-қатынасына, коңіл күйіне, жан дүниесіне орайлас сөйлей білу бұл үлкен өнер деп ой тастайды ақылгей жырау. Мәселен:

Таза мінсіз асыл сөз

Ой түбінде жатады...

Ой түбінде жаткан сөз

Шер тодкытса шығады,— дейді. Асан Қайғының кайтпас, қажырлы қайраты бәрінен бұрын өзінен кейінгі ұрпақ мүддесіне арнйлды. Сондықтан да халқымыз Асан Қайғы айтгы деген аталы сөздерді әркез қастерлеп еске түтады. Халық даналығының заңды мирасқоры Асан толғауларының тәрбиелік мәні зор.

2. ӨТЕБОЙДАҚ ТІЛЕУҚАБЫЛҰЛЫ

Жан (психика) құбылыстары туралы әр кезде өмір сүрген қазақ ойшылдары, ақын-жыраулар мен ғұлама-ойщылдардың шығармаларында көшпенді ата-бабаларымыздың жан дүниесі әр қырынан сөз болған.

Мәселен, ортағасырлық ғұлама ғалым Өтейбойдақ Тілеу-қабылұлының (1388-1483) жан туралы пайымдаулары ерекше назар аудартады. Оның басты еңбегі «Шипагерлік баянда» көп-теген психологиялық үғымдар (түйсік ойлау, сөйлеу, қиял, дағды т.б.) туралы кьізықты мағлүматтар бар. Ол өзінен бұрын өмір сүрген ұлы ғұламалардың (әл-Фараби, Жүсіп Баласағүни т.б.) жан туралы түсініктеріне сүйене келіп, бүткіл тіршіліктің басқарушы, реттеушісі жүрек дейді. Сөйте тұра жаң құбылыс-тарын басқаруда мидың атқаратын рөлін де жоққа шығармайды. Оның адам есіне, ойлауына байланысты айтқандары ғыльши тұрғыдан дәйекті де нанымды.

Ғұлама есті — корген, естіген нәрсені жадта еақтау үшін аса қажет дейді. Адам тез аңғарғыш, байқағыш жәңе есте кал-дырғыш болуы тиіс («...тез, шапшаң, жеткілікті аңғарып, ойға қонымды, кеңілге толымды, өте наньшды, бүге-шүгесіне дейін ойда сақтау»). Автор есті дамыту үшін көптеген тгіу-тас, жер-су және жан-жануарлардың аттарын жаттап алудың қажет-тілігіне үлкен мән береді. Адамның есте сақтау кабідетінің ойда-ғыдай дамуына негіз болатын касиеттің бірі - зерделілік пен зейінділік. Оның пікірінше, саналы іс-әрекет зейінсіз іске аспай-ды. Осы еңбекте зейін көбіжсе «мәңгілік аңғарым» деген үғым мағынасында беріліп, оның адамның мақсатты қызығуына байланысты қалыптасатыны біраз соз болады.

Ойлау процесінде сезім мүшелері арқылы затты, іс-әре-кетті жан-жағынан қара, колыңмен ұстап көр, бір-бірімен салыс-тыр, одан соң барып толған, өйткені толғану саралаіібаса, ойлау дараланбайды дей келе, ойлаудың сойлеу қызметіне байланысты екендігін баса айтады. Ойдың сөз арқылы бейнеленуіңің арқасын-да адам өзінен бұрынғылардың ілім-білімдерін есіне сақтап калады, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырады. Айтар ойымызды шижамалап («жазбаша» деген үғым Қ.Ж.) қағазға түсіргшде ғана оны түгелдей есте сақтай аламыз. Ойды басқа адамға жеткізу үшін оны сараптап, толғана талдау Қажет. Айтар ойыңды алдымен өзің түсініц ал, алдамшы сезімге беріліп, үстірт ойлау — үлкш қателік, жақсылап түсіну үшін көзбеи көріп, құлақпея естіп, қолмея ұстай білу қажет.

Ғұлама-ғалым сөз саптау, сөйлеу мәнгріж де ерекше мән берген. Оның пайымдауышпа, жүмсақ, байыпты, сыпайылықпен сөйлеу кімге де болса жарасымды қасиет («Жақсы сөйлемелік (сөй-леу) жанға шырай бермек»). Сөйлеу әдебі дегеніміз ойды бүкпей ашық айту, яғни сй жинақтылығы, оның мазмұнды болуымен байланысты.

Бала түйсігінің дұрыс қалыптасуы үшін сезім мүшелерін таза ұстап, оның түрлі сырқаттарын дер кезінде емдеп отырған абзал.

Баланың өң мен түсті, тәтті мен ащыны дұрыс ажырата алуын, алыс-жақыннан келетін дыбыстарды дәл естуін ата-ана-лар мүкият қадағалауы тиіс, мұның өзі әр затты жан-жақты түйсініп, оның сыр-сипатын түсіне білуге жәрдем етеді.

Ғалым мінезге батырлық пен батылдықгы, қайсарлық пен әділдікті жатқызады. Ешнәрсеге қызықпайтын енжар адамның ешкімге шапағаты болмайтындығын айта отырып, ондайларды барынша шенеп-мінейді. Адам өмірге келген соң, белсенді өмір сүруге, «сегіз қырлы, бір сырлы» болуға үмтылуы тиіс дейтін тұжырым аталмыш еңбекте кеңінен«орын алған.
Бақылау сұрақтары:

1. “Әрбір халықтың қаншалықты кенже дамығанымен өзіне тән поэзиясы”, - болады деген кім, ойды толықтырыңыз?

2. Асан қайғы еңбектерінің желісі?

3. Жыраудың халқымыздың жас ұрпағына айтқан өсиеттерінің мәнін ашып түсіндіріңіз?

4. Асан Қайғының қайтпас, қажырлы қайраты кімдерге арналған?
7 лекция

ХVІІІ – ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы психологиялық толғаныстар.

(1 сағат)

Жоспары:

1. Ақтамберді жырау (1685-1708)

2. Ұлы билер (Төле, Қазыбек, Әйтеке) тағылымдары

3. Бұхар жырау

Пайдаланылатын әдебиеттер

Негізгі:

1. Әл-Фараби. Философиялық тракттар. Алматы, “Ғылым”, 1973.

2. Әл-фараби. Саяси этникалық тракттар, Алматы, “Ғылым”, 1975.

3. Баласағұни Жүсіп. “Құдатғу біліктегі тәлім-тәрбие мәселелері”. //Жалын, - 1974. - №1

4. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі, Алматы, “Санат”, 1995.

5. Жарықбаев Қ. Махамбет Өтемісұлы жастар тәрбиесі туралы. Алматы, 1976.

6. Қазақтың тәлім тәрбиелік ой-пікір антологиясы. І том, Алматы. “Рауан”, 1994.

7. Аймауытов Ж. Психология Алматы, “Рауан”, 1995.

8. Торайғыров С. Произведения в 2-х т. Алма-Ата, 1967.

9. Абдуллина О.А Общепедагогическая подгогтовка учителя. – М.:

Қосымша:

10. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы, “Рауан” 1993.

11. Семья өміріндегі әдеп және психология И.В.Гребенников Алматы “Мектеп” 1986 ж.

12. Қазақ отбасы. Халел Арғынбаев Алматы “Қайнар”. 1996 ж.

13. Қ.Жарықбаев Қазақ психологиясының тарихы. Алматы “Қазақстан” 1996 ж.
Лекция мәтіні:

1. XVIII ғасыр халқымыздың тарихына үлкен із қалдырған кезең болды. Халқымыз ел-жұрт, ата-қонысынан айрылып, қат-ты күйзеліске түседі. Бұл жөнінде Ш. Уәлиханов кезінде былай деп жазған еді: «Әрқайсысы әр тараптан жортуыл жасаған жоңғарлар, Еділ қалмақтары, Жайық казактары және башқұрт-тар қазақ ұлыстарының үйпа-түйпасын шығарып, малын айдап, жанын байлап әкете берді. Қакаған қыс, жүт, ашаршылық, олар-дың халін тіпті ауырлата түсті». Осы жайсыз кезең қазақ тари-хында «алқа көл сүлама, ақтабан шүбырынды» деп аталынды. 1728—1730 жылдары халқымыз қайтадан күшін жинап, басқын-шыларға аяусыз соққы береді де, бұрынғы жауға кеткш жерлері-нің біразын қайтарып алады.

Осындай ауыр кезенде халқымыздың Россия мемлекеті-нің қол астына кіруі, олардың өмірлік мүдделері үшін зор маңыз-ды прогрестік құбылыс еді. Мұның өзі қазақ даласының ғасыр-лар бойғы азиялық томаға-түйықтан арыла бастауына, оның шаруашылығы мен мәдениетінің өркендей түсуіне себепкер болды.

Осы кезеңдерде өмір сүрген ақын-жырауларда жеңістер мен жеңілістерді, таршылық пея баршылықты жалпы жұртпен бірге кешіп, не болса да халықпен бірге көрді. «Ел басына күн туса, ер етігімен су кешер», дегендей ол кезде атқа мінуге жара- ған әрбір қазак баласы сыртқы жауларға қарсы күресте кір жуып, кіндік кескен жері мен туған халқы үшін шыбын жанын пида етуді өзінің негізгі мақсаты деп түсінді. Сондықтан да болар көпшілік ақын-жыраулар (Ақтамберді, Бүқар, Шал т. б.) шығармаларының негізгі тақырыбы да елін жаудан қорғаған ерен ерлер, халық батырлары болды. Осы кезеңде өмір сүрген ақын-жыраулар толғауларынан да халқымыздың мінез-құлық ерекше-ліктері, ұлттық мінез бітістері, мүдде-мақсаты, ой-санасы, бола-шаққа көзқарасы жақсы аңғарылады.

Ақтамберді жырау (1685-1708)

Қалмақ—ойрат басқыншыларымен күрес дәуірінде қазақ қолының басында жүрген, халқымыздың көрнекті ақын-жырау-ларының бірі, әрі батыр, әрі жорық жыршысы Актамберді Сарыұлы (1675—1768) да жастайынан ата намысынан гөрі бүкіл ел, халық мүддесін көбірек ойлап, толғанған ардагерлердің бірі. Өзі жөнінде бірде ойшыл ақын былай дейді: Жакынға қылман зорлықты! Дүшпаннан көргеи қорлығым, Сары бу болды жүректе, Он жетіде кұрсанып Қылыш ілдім білекке. Жауға карай аттандым, Жеткіз деп кұдай тілекке! Ақындық даңқымен қатар палуандық, батырлық даңқы қатар шыққан Актамберді жырау творчествосындағы басты мотив — жастарды ерлікке, батырлыққа баулу, оларды дүшпан-нан именбеуге, жауды жапырақша жапыратын шабуылға жігер-лшдіру. Жыраудың өз басында жастар өнеге алатын қасиет көп. Мына төмендегі жолдарда ол өзінің батырлық түлғасын көрсету арқылы, әрбір қазақ жасы дәл осындай болу керек дегда идеяны айтқысы келеді. Енді сөзді қарт жыраудың өзіне берейік: Жауға шаптым ту байлап, Шепті бұздым аңғайлап, Дүшпаннан көргея қорлықтан, Жалынды жүрек қан кайнап, Ел-жұртты корғайлап, Өлімге жүрміз бас байлап...

Жуылмай кастың қанымен, Намысқа тигш кір кетпес. Ауыр жеңілістерді, дүркірей қашқан босқыншылыкты көзімен көріп, ойрат басқыншыларына қарсы күресті үйымдас-тырушылардың алдыңғы сапында жүріп, елге ұйытқы болған Ақтамберді жырау өз заманының талабын, өз ортасының тілек-мүддесін білдіріп, бүкіл қазақ болып атқа қонуды, сөйтіп, дүш-панға қирата соққы беруді армандайды. Ақын толғауларынан алға қойылған айқын мақсат, оны жүзеге асырудын, жолдары, нақты жоспарлар келешектен үміттену («Үмітім бар ақырдан»), асқақ арман көрінеді. Ерте есейген, көргені мен түйгені көп, өмір тәжірибесі мол Ақтамберді жырау халқының келешегі жайлы көп армандаған. Жырау арманы — халық арманы. Астына арғы-мақ мініп, ақ кіреуке сауыт киіп, қоңыраулы, жалаулы найза көтеріп, көп қолмен жауға тиісу, оны дүркіретіп қуу, сөйтіп, туған жерді дүшпаннан азат ету — сол кездегі әрбір қазақ бала-сының асыл арманы болды. Жырау халықтың басына ауыр күн туған жағдайларда да олардың жарқын болашақтан күдерін үздірмей, жаудан үдере қашқан елге зор қуат береді. Жұртты жауға қарсы жақа күреске, жеңіске жүмылдырады. «Арманы жоқ жігіттің дәрмені жоқ» дегшдей, осындай асқақ арман тек Ақтамберді жырау секілді ерік-жігері күшті, қайсар мінезді адамнан ғана табылатын қасиет.

Халқымыз ежелден ак көңіл қонақжай, меймандос ел болған. Меймандостық—бейбітшіліктің символы іспеттес. Көшпеяді ата-бабаларымыз қашанда бейбітшілікті аңсаған. Өз бетімен ешкімге үрынбаған. Той-думан, ас беру, қыз ұзату т. б. ссындай ұлы жиындарда салтанат шеруі бірінен-бірі асып түсіп, ақ дәм, ақ дастарқан жаюлы тұрған. Ұлттық психологияның осы жағы Ақтамберді толғауларындағы басты тақырыптың бірі сияқты. Мұны төмендегі жолдардан жақсы аңғаруға болады. «Ойпаң жерге он отау, Қыраң жерге кырық шатыр тігіп, Қонағымды жайғасам! Пышактан малым кетпесе, Қазаным оттан түспесе,

Ауылдан топыр үзілмей, Ошактың оты өшпесе,

Он кісіге жараса, Бір кісіге арнап тартқан табағым. Қазақ үшін байлык — малда. Малдың еті мен сүті — тамақ, жүні мен терісі — киім. Мал халқымыз үшін көшсе көлігі, мінсе жүйрігі болған. Патриархалдық-феодалдық қазақ қоғамы-ның бел баласы Ақтамберді бірде:

«...Бұлаңдап жүрген жігіттің, Жомарт қолын жок кесер»,—

деп жырлайды.

Көшпелі кдзақ елі үшін өмірінің қуанышы, тіршілік көзі болған мал тақырыбына Ақтамберді өз толғауларында қайта-қайта оралып соға берген. Жырау үғымында халқымыз үшін мал асылы — жылқы.

«Жылкыдан аскан мал бар ма?

Биенін сүті сары бал,

Қьшыздан аскан дәм бар ма?

Желіде кұлын жусаса,

Кермеде тұлпар бусанса,

Сәні келер үйқының,

Жылкы колдан тайған соң,

Қызығы кетер күлкінің»,— деп «Сары балдай» дертке дауа, шипалы сусын қымызды, жеме-сең түсіңе кіретін жылқы етін ер жігіттің жан серігі, ең жақын досы болып табылатын сәйгүлік түлпарды ақын тебірене жырлайды. Мәселен, сәйгүлік, түлпар, арғымақ секілді жылқының өзіне тән қасиеттері жайлы «от басар орны отаудай», «ор қоян-дай қабақты», «сапты аяктай ерінді», «омырау еті есіктей», «ойынды еті бесіктей» деген теңеулерді жылқының өзіне тән ерекшеліктерін бес саусағындай білетін адамдар ғана айта алады. Бұл халқымыздың тікелей еңбек тәжірибесінің, мал шаруа-шылығына орай қалыптасқан ұлттық психологиясының басты бір белгісі.

2. ¥лы билер (Төле, Қазыбек, Әйтеке) тағылымдары

Жүздеген жылдарға созылған жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте сөз күдіретімен үш жүздің басын қссып, басқын-шы жауды ойсырата жеңуге елшеусіз үлес қосқан ұлы билердің тәлім-тәрбиелік тағылымдарды қазақ психологиясының қалыптасып, даму тарихынан елеулі орын алады. Ортақ ауыз, от тілді, қара қылды қақ жарған, інжу-маржандай бабалар сөзін әр қазақ күні бүгінге дейін аузының суы құрып, тебірене, тамсана айтып отырады.

Алдымш Ұлы жүздің төбе биі - Төле бабамыздың (1663-1750) сан тақырыпты қамтитын тағылымдарының бәр-бәріне түсінік беріп жатпай-ақ, психологиялық жағынан мәні терең-дерін ғана келтіріп кетейік ("Біліп айтылған сөзге күн жет-пейді".., "Тауып айтқан сөзге шын жетпейді", "Өзің білмесең білгендерден үйрен"... "Жаманның сөзінде мән жоқ"... "Ақылдың түбі қүт болар"... "Кәсіп болмай, нәсіп болмас"... "Басшы болмаса ел жетім, үқпасқа айтқан - сөз жетім"... "Шешендіктш не пайда, артында сөзі қалмаса" т.б.).

Орта жүздің төбе биі - қаздауысты Қазыбектің (1667-1764) тағылымдары да адам жанына ерекше әсер ететін темірдей логикаға құрылған ("Ашу-араз, ақыл дос, ақылыңа-ақыл қос"... "Біз қазақ елміз... ешбір дүшпан басынбаған елміз, басынан сөз асырмаған елміз... Асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз... Отбасында білгір қартың болса, ол жазылған хаттан кем емес..." т. б. с.с.)

Кіші жүздің ұлы биі Әйтекенің (1644-1700) мұрасында да тамаша тағылымдар мол ("Ашу бар жерде ақыл тұрмайды..." "Ақыл деген - дария"... "Сөз қуған пәлеге жолығады"... "Жігіттің жаксысы: дұрыс сөзге тоқтай білген, басқаны сөзіне тоқтата білген"... "Бай болсаң, халыққа пайдаң тисін, батыр болсаң, дүшпанға найзаң тисін"... т.б., т.с.с.)

Төбе билердің осы іспеттес сездеріне психологиялық талдау жасап, олардың мән-мағынасын ашып, жас ұрпақ тәр-биесіне пайдалану - кезек күттірмейтін шаруа.



3. Б¥ХАР ЖЫРАУ (1685-1777)

XVIII ғасырдың орта шенінде өмір сүрген Бұқар Қалқа-манұлы емірінің біразы хан сарайы маңында еткен. Ақын хан мен қараның іс-әрекетін таразыға салып, сан алуан өмір құбы-лыстарын ой елегінен өткізіп отырды.

Бүқар творчествосын зерттеушілер (М. Көпеев, С. Сей- фуллчн, Қ. Жүмалиев, М. Әуезов, Ә. Марғүлан, С. Мүқанов, М. Мағауин, т. б.) оның ислам дініне аса қанықтығын, осы діннің насихатшысы болғандығын, мұны ел басқарудың, халықты бір-бірімен жақындастырып, татуластырудың басты құралы деп түсінгенін ескертеді.

Әрине, сөз болып отырған кезеңде қазақ қоғамы эконо-микалық даму, ғылым-білім жағынан темен дәрежеде еді. Тек хан, сұлтан, қожа, молдалар ғана хат танитын. Оқудын, өзі де ислам идеясына белшесінен батқан діни керітартпа схоластика-лык үғым мен шариғат шырмауында болды. Бүқар секілді үстем таптан шыққан бірен-саран адамдар ғана сол кезде Орта және Таяу Шығыс елдеріне барып, арабтың тілі мен поэзиясынан, философиясы мен дін ілімінен сусындайтын, орта ғасырлық шығыс авторлары жазған ғылыми трактаттарды оқып, ой-сана-сын көтеретін. Діни — философиялық толғаулардың біршама биігінен көрінген Бүқардын, да сол кездегі білімділердің бірі болғандығына күмән жоқ. Бүқар өлендері арқылы қазақ даласын-дағы әлеуметтік, қоғамдық-саяси мәселелердін бет пердесі ашылатүседі, ол қоғамдағы барша халыққа бірдей былайша ақыл айтады: дүние кезек, мұнда мәңгілік байлық та, жарлылық та, кептік те, жалғыздық та жоқ, сондықтан кезекті дүниенін сипатына орай өмір сүр. Адам халықпен бірге жасайды, оларша жұртпен қосыла қоғамға қажетті игіліктерді өндіреді, адам табиғатында белсенді түлға, әлеуметтік қайраткер. Адамды адам ететін оның ортасы, тәлім-тәрбие. Бірақ

«бір биеден ала да,

құла да туады».

Адамзаттың баласы,

Атадан алтау тумас па.

Атадан алтау туғанмш

Ішінде онын біреуі,

Арыстаны болмас па?

Арыстанның барында,

Жорғасы болса мінісіп,

Торқасы болса киісіп,

Торламалы камшы алып,

Толғап дәурен сүрмес пе?!, деп ол бес саусактың бес түрлілігі сияқты адамдар бір-бірімен жеке сипат қасиеттермен ажыратылып отыратындығын, бұлар-дың Ішінде кереген, білгір, озық сйлы ақыддысы да, ойсыз ақы-М£ ғы да, е.і билете, халыққа көсемдік етуге жарайтын-жарамай-іЪіНдары да боіттьшдығын айтады. Талаты зор ерш қабі.теггі әлеуметгік смірде елеулі роль аткарьш, қоғамдық прогресті шама-шарқьшша тездетуге себепші болатын пенделер де кездесіп отырады, дейді жырау. Осындай барша жұрттан өзгеше жаратылған адамньщ бірінг ол Абылай ханды жаткызады:

Жұлдызың туды-ау оңыңнан,

Жан біткен еріп соңыннан

Онсан алаш баласын

Аузына кұдай каратып,

Жусатып тагы өргізіп,

Жұмсап бір тұрсың кольщнан.

Әрине, бұл жерде жырау Абылай секілді хандардың қоғамдағы ролін асыра бағалап, барша халықтың игілікті ісін бір кісіяің басына үйіп-төгіп, қазақ қоғамының прогресін тек Абылайдың іс-әрекетімен түсіндіргісі келеді, оиың жеке басын асыра мадактап, оған құдайдай табынады. (Жеті күн кіріп ұрыс-қа өлімге басың байладың, жетім мш жесірге ешбір жамандық қылмадың).

XVIII ғасырдағы жоңғар шабуылынан үлкен зардап шеккеа қазақ елі енді тек бейбіт өмірді ацсады. Бұл жағдайды дұрыс түсінгш Бұқар Абылайдай тынымсыз жорық жасап, ел берекесін кетіріп жатқан ханға халықтың өзара бірлігін сакта, жаугершілікті қой, деп ақыл-кецес береді:

Соғыссаң кетер сәнініз-..

Жаулык жолын сүймеңіз;—

деп жырау мал мен жер үшін босқа қан төгуге қарсы шығып, Абылай ханның соғыс саясатын бүкіл елдің жактамайтынын ескерте келіп, жұрт тілегіве қарсы іс қылу, ел ойынан шықпау жақсылыққа апармайтынын, көрші елдермен алыс-беріс жасап, жауласпай бейбіт өмір сүрудің қажеттігін, әсіресе, орыс елімен дсс болып, оған арқа сүйеу керектігін ескертеді. Мәселен:

Ашуланба Абылай,

Өтіңменен жарылма,

Өкпеңменен кабынба,

Орыспенен соғысып,

Басына мұнша көтерген,

Жұртыңа жаулық сағынба.'—

деген жоддар Бүқардың жоғарыда айтқандарын онан сайын бекіте түседі. Хан халқын сыйлап, жұрттьщ айтқанымш санасып отыруға тиіс, жақсы ханды халқы да қадірлейді, хан халық тілегі-нен шықса, қой үстіне бозторғай жүмыртқалайтындай заман орнайды, деп жырау жаппай үйлесімділік (гармония) теориясьша үқсас жаңсақ қорытынды жасайды.

Ханнын жаксы болмағы—

Қарашаңның елдігі...

Ел иесі күт болса,

Ауыл ала болмайды. Халқымыз ежелден туысқандық ынтымақтастыққа, ағайынгершілікке ерекше мән беріп келгеи. «У ішсең руьщмен» деген заманда өмір сүргш қарт таптық белгілерді айыра алмай, ағайындардың ынтымақтасқан ауыз бірлігін, «бір жеңнен қод бір жағадан бас шығаратындай» мыкты топ болуын ғана аңсаған.

Ағайынньш аразы,

Ердіқ сәнін кетір)ер...

Бұл жалғацда бір жаман,

Ағайынньщ аласы...

...Айыра алмай жат өлсін.

Жат бойынан түнілсін,

Бәріңіз бір енедш туғандай болыныз. Жырау ағайын татулығы, елді берекелі ететін, ең басты нәрсе екшдігін айтып «ағайьш тату болса, жат жанынан түнілер» деген халық мәтелін қүптай, халықгың тату-тәтті өмір сүруін арман-дайды.

Дегшмен психология ғылымына қатысгы қызыкты тұжы-рымдар жырау творчествссында көптеп кездеседі. Солардың бірі — Бүқардың адамның жас ерекшеліктеріне берген сипат-тамасы. Жырау әр жастағы адамдардың көніл-күйі, сезім эмоция-лары, мінез-ерекшеліктері, түсінік-талғамдары, сенім, қызығу-лары, әдет-дағдылары бірдей болып келмейтіндігі жөнінде де қызыкты пікірлер айтқан. Мәселея, жас кезеңдерінің ішінде жігіттік пен кәрілік шаққа ол ерекше көңіл бөлген. Сонғы жайт жұрттың назарын күні бүгінге дейін аударьш келе жатқан мә-селе. Монографиялық еңбектерде (егде - кәрі адамдардың психо-логиялық ерекшеліктерін ғылыми талдау беріліп, буржуазия ғалымдары уағыздайтын кәрілік адам өмірін солу, сөну шағы дейтін пікірлердің шындыққа жанаспайтындығы, адамға• қолайлы психо- гигиеналық жағдайлар жасалатын болса, оның 100—120 жыл жасауға да мүмкіндігі болатындығы сөз болады. Мәселен, қазіргі геронтология (кәрілік туралы ғылым) қарт адамдар сәл нәрсеге реакция жасағыш, көңілшек келеді дейді. Оларда жүргтың сын-ескертпелеріне төзе бермейтін, өткенде-гші көп ақсайтын өзі сөйлеп, мұны жұрттың тыңдай бергенін жақсы көретін сипат қасиеттердің жиі кездесетіндігін (бұл олар-дың мидағы тежеу процесінің әлсірей бастауынан туындайтын ерекшелік Қ. Ж. ) айтады23. Қазақ ақын-жырауларының ішінен кәрілік қүпиясын ерекше үңіле қараған, адамның бірі — осы Бүқар. Оныц бұл арадағы тұжырымдары мен топшылаулары жоғарыда біз айтқан геронтология ғылымы белгіленген қағи-далардан онша алшақ жатпайтынын аңғаруға болады. Мәселен: ...Сексен бес жасқа келгенде, Екі кара көзді алар. Ауыздағы сөзді алар. Бойындағы әлді алар, Бетіңдегі нұрды алар, Бойындағы шырды алар, Аузыңдағы тісті алар, Өлмегенде нең калар?! Токсан бес деген тор екен, Дәйім жанның коры екен, Қарғиын десен екі жағы ор екен, Найза бойы жар екен Түсіп кетсен түбіне, Түбі жок терен көл екен Ел конбайтын шел екен, деп жырау адам қартайғанда іс-әрекеттен қалып, қуаты кемиті-нін, дене қуатының әлсіретуімен қатар нерв жүйесі қызметінің, сана-сезімін төмендететінін, әсіресе, жарлы-жақыбай адамдар-дың қартайып қалжыраған кездерде жайлы жатып түруға, өзін-озі күтуге шамасы келе бермейтіндігін ескертеді.

Жырау дана қариялардың қылықтарын жастарға үлгі етеді. Ол қарт адамдар өмірдің үлкен өткелінен өткен, көпті көр-ген, тәжірибелі келетіндіктен олардың ақыл-кеңестері, жастар- дың сана-сезімінің, ой-өрісінің қалыптасуына зор ықпал ететінш де айтады.

«Елу бес жакса келгенде,

Жаксы болсаң толарсың,

Жаман болсаң маужырап барып соларсың», -дегенде Бүқар жырау жас мөлшері шамалас адамдардың психо-логиясы да түрліше болып келетіндігін, мәселен, кейбір ерік-жігері күшті адамдардың 50—60 жасқа келсе де қартая қоймай-тындығын, ал жастайынан бос белбеу, өз тізгінін жіберіп алған кейбір жандардың күнінен бұрын қаудырап, қаусаған шал болып қалатындығын ескертеді.

Жырау адам психологиясындағы жағымсыз жақтарды, мінездегі міндерді көрсетуге шебер («Қайырымсыз итке мал бітсе, саумал бермес ішуге, байдан кайыр кеткен соң, мал біткен-мен не пайда?!») Ол қатал қайырымсыздықты, пейілі тар малжан-ды сараңдықты сынайды, адамдардың мұндай жаман қасиеттер-ден аулақ жүріп, олардың кең пейіл, елгезек, қайырымды болуын тілейді. Баймын, батырмын деп мақтанба, айналаңдағылармен санас; бір-біріңмен тату-тәтті өмір сүр дейді.



1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет