“Гуманитарлық білім” факультеті



жүктеу 2.08 Mb.
бет7/11
Дата02.05.2016
өлшемі2.08 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
: CDO -> Sillabus
Sillabus -> Лекция : 15 сағат обсөЖ : 15 сағат Барлық сағат саны : 45 сағат Қорытынды бақылау : емтихан, 4 семестр
Sillabus -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Sillabus -> Хор жүргізу” пәні бойынша 5В010600-“Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен
Sillabus -> Арнайы семинар: “Абайдың ақын шәкірттері” пәні бойынша
Sillabus -> Лекция:: 18 сағат Семинар: 16 сағат СӨЖ: 11 сағат Барлық сағат саны: 45 сағат
Sillabus -> Лекция:: 34 сағат Семинар: 34 сағат СӨЖ: 22 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Sillabus -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Sillabus -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Sillabus -> Лекция: 18 Семинар: 16 СӨЖ: 11 Барлық сағат саны: 45
Sillabus -> Лекция : 30 сағат обсөЖ : 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат Аралық бақылау саны 2 60 балл

Бақылау сұрақтары:

1. ХVІІІ ғасырдағы халқымыздың тарихына із қалдырған кезең не деп аталды?

2. Ақындық даңқымен қатар палуандық, батырлық даңқы қатар шыққан жырау?

3. Орта жүздің төбе биі?

4. Кіші жүздің ұлы биі?

5. Бұқар жырау еңбектеріндегі көрсетілген психологиялық мәселелер?


8 лекция

ХІХ ғ екінші жартысындағы қазақ ғұламаларының психологиялық көзқарастары

(1 сағат)

Жоспары:

1. Ш.Уалиханов еңбектеріндегі психологиялық мәселелер.

2. Қазақ халқының ұлттық психологиясы жайлы пікірлері;

3. Шоқан Уалихановтың пікірлеріндегі дін жайлы толғаныстары.


Пайдаланылатын әдебиеттер

Негізгі:

1. Әл-Фараби. Философиялық тракттар. Алматы, “Ғылым”, 1973.

2. Әл-фараби. Саяси этникалық тракттар, Алматы, “Ғылым”, 1975.

3. Баласағұни Жүсіп. “Құдатғу біліктегі тәлім-тәрбие мәселелері”. //Жалын, - 1974. - №1

4. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі, Алматы, “Санат”, 1995.

5. Жарықбаев Қ. Махамбет Өтемісұлы жастар тәрбиесі туралы. Алматы, 1976.

6. Қазақтың тәлім тәрбиелік ой-пікір антологиясы. І том, Алматы. “Рауан”, 1994.

7. Аймауытов Ж. Психология Алматы, “Рауан”, 1995.

8. Торайғыров С. Произведения в 2-х т. Алма-Ата, 1967.

9. Абдуллина О.А Общепедагогическая подгогтовка учителя. – М.:

Қосымша:

10. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы, “Рауан” 1993.

11. Семья өміріндегі әдеп және психология И.В.Гребенников Алматы “Мектеп” 1986 ж.

12. Қазақ отбасы. Халел Арғынбаев Алматы “Қайнар”. 1996 ж.

13. Қ.Жарықбаев Қазақ психологиясының тарихы. Алматы “Қазақстан” 1996 ж.

Лекция мәтіні:

1. Осы кезеңде қазақ жерін Ресей империясы түгелдей жау-лап алуын аяқтады. Өлкеге ішкі жақтан коныстанушылар ағыла бастады. Ел билігімен катар, жер билігі де түгелдей патша әкім-дерінің қолына көшті, жекелегеи өнеркәсіп орындары, сауда-саттық, ақша қатынасы дами түсті. Патшалық езгіге қарсы күресте қанаты қатая түскен орыстың төңкерісшіл демокра-тиялық мәдениеті әр түрлі келімсектер арқылы қазақ даласына еніп, ол бүқара халықтың жүрегін жылытатынын байқатты. Қала мәдениетінің ықпалы күшейді, ғылым мен мәдшиетке қазақ жастарының ықпалы арта түсті.

Дала халқының сана-сезімі ояна түскен осынау кезеңде қоғамдық аренаға халқымыздың аяулы перзенттері — ұлы демократ ойшылдары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Қүнанбаевтар шықты.



А). Шоқан Уәлиханов (1835—1865)

Қазақ топырағында қоғамдық прогресс үшін ғылым-білімнің маңызын ерекше көре білген Шоқан Шыңғысұлы

Уәлиханов бүкіл әлемдік өркениет қорынан мейлінше мол сусындаған, жан-жақты білімді, озат ойлы, ерекше дарынды адам еді. Ол өзін терең тарихшы, ерінбес этнограф, батыл саяхатшы, талмас географ, білгір әдебиетші, шебер суретші, жалынды публицист, жан сырын ұқкыш нәзік психолог ретінде көрсете білді. Не бары отыз-ақ жыл өмір сүрген Щоқан аз ғүмырының ішінде білім-ғылымның көптеген салаларына бағасын мәңгі жоймайтын үлес қосты.

Шоқан еңбектерінде психологиялық мәселелерге бай-ланысты әр түрлі сипаттағы деректер баршылық. Осылардың ішінде басқа мәселелерден көбірек сөз болғаны — халқымыздың ұлттық санасы, оның ішінде өзіндік психологиялық ерекшелік- тері туралы мәселе еді.

Қазан теңкерісіне дейінгі Қазақстан тарихы мен этно-графиясын зерттеген шовинистік рухтағы орыс ғалымдарының еңбектерінде халқымыздың ондаған ғасырлық тарихы бар мәдениетіне қиянат жасалып, тіпті ұлттық психологиямызға күйе жағылып, екінші сорттағы халық деп келгені белгілі.

Осындай келеңсіз көзқарасқа қыр жағдаНындз алғаш қирата соққы беріп, туған халқының ұлттық ар-камысын қыз-ғыштай қорғап, қазақ халқын «тағы халық» деп карау мүлде қате, бұл білместіктен айтылған сөз, халқымыз ертеден елдігі, өзіндік өнері бар, ылғи да көшіп-конудың салдарынан оқу-білімі-нен кенжелеу калса да, рухани дүниесі бай, прогресс атаулыға үмтылғыш, жаңалыққа ерекше бейім халық деп тебіренді. Осымен қатар Шоқанньщ алдына қойған тағы бір мақсаты өз халкының өмірін жете зерттеп, кен, даласы мен дархан халқын берісі орыс, арысы Еуропа жұртшылығына таныстыру еді. Сон-дықтан ол өз еңбектерінде дала халқының қоғамдық өміріне ерекше үңіліп, жан-жақты зерттеді. Бұл жерде ол танымдық жағынан зор ғылыми маңызы бар деректер келтіріп қана қоймай, кейбір қисынды ой топшылауларын да ортаға салды. Шоқан өз халқының тарихын мәдениеті ерте танылған елдермен сабақ-тастыра сипаттайды: «Біздің бай және поэзиялық қүны жоғары, реалистік әдебиетіміз бар. Ол Шығыстың эпосына емес, индо-германдық эпосқа үқсайды»,— деп ой түйіндей келе, ол қазақ-тардьвд рухани байлығын еркениеті аса бай ірі елдермен төркін-дестіре карайды. Енді бір еңбегінде ол бьшай деп жазады: «Түрік тектес халықтардың ішінде поэтикалық қабілеті жағынан казак бірінші орын алады деуге болады. Біздің Шығысты зерттеуші ғалымдарымыздың арабтар туралы айтқан сәзі қазақтарға дәл келеді. Қазақтар да бәдәуилер сияқты жаратылысынан өлеңші және ақын».

Ұлттық психика өнер саласында ерекше көрінеді, өйткекі өнер адамдарының өз айналасын көркем түрде қабылдап алу ерекшеліктерін, біртіндеп қалыптасқан халықтың эстетикалық талғамдарын көрсететін қоғамдық сананың бір формасы.

Шокан қазақ ақындарының төгілдіре жырлау қабілетін олардың негізгі ерекшеліктерінің бірі деп бағалады. Күні бүгінге дейін халқымыздың ұлттық психологиясынан елеулі орын алып кале жаткан айтыс өнері, адамның төгілдіре жырлау, суырып салма сияқты ой қабілетініңүлкен тапкырлығын, қиыннан қиыс-тырар қас шеберлігін ерекше қажет етеді. Мұндағы түйдек-түйдегімен айтылатын сөз несері, бұлтаруға ырық бермейтін ащы шындық, әзіл-шыны аралас еткір сөзбен қарсыласының қапысьш тауып, оны кшеттш мүдіртіп тастау, беталды, мақсат-сыз айтылған пікір-таласының орын алмауы, әр сөзінің мірдің оғындай болуы — Шоқан айтқандай қазақтардың шешендік енерге қабілетті, өлең мен жырға икем келетіндігінің айқын айғағы. Шоқан жалпы көшпелі халықтардың кай-қайсысына да осындай касиеттің тән екендігін атап көрсетеді: «Кешпелі ел-дердің қай-қайсысының болсын бір өзгешелігі — олар өлең-жырға бай, шебер келеді. Бәдәуилердің ақын келетіндігі Еуропа халықтарына әбден мәлім. Араб даласын кезгендердің бәрі де жалаңаш жүрген жас баланың өзіне берілген сүраулардың бәріне қисынды, үйқасты өлеңмен жауап қайтаратынын айтып ауыздарының суы құриды. Монгол, түрік тектес рулар дәл осын­дай». Шоқан бұл халықтарда төкпе, суырьга салма қасиеттің мұншалықты дамып жетілуінің сырын ашуға да тырысты. «Мұндай қасиеттің болуына көшпелілердің алаңсыз емірі әсер етті ме, болмаса ұшы-қиыры жоқ жасыл дала мен моншақтай тізілген жүлдызы көп, ашық аспанды сүлу табиғат әсер етті ме,— ол әзір бізге мәлімсіз». Шоқан осындай қабілеттің пайда болуының көзі жазира кең даладағы көшпелі өмірдің, не әсем табиғаттың әсерінде жатқан болуы керек деп топшылайды.



2. Ғалым қазақ халқының ұлттық психологиясын мына төмендегі пікірлерінде жеріне жеткізіп сипаттаған: «...қазақ барлық сенім, әдетімен де,— деп жазды ол,— ойын-сауығымен де, әр кезде жасаған адамдарының тарихи мәні бар оқиғаларды баяндайтын поэтикалык қүны күшті аңыздар, өлең-жырлар жасаумен де, сауыққа құмарлығымен де, халықтың заңның көптеген кодекстерін сақтаумен де, соттық шешімдерімен де, полициялық шаралармен де, ең ақылдылардың қатарына косы-лады». Өз халқының мәдениеті мен әдебиетін, әдет-ғүрпы мен пси-хологиясын ссыншама жоғары бағалаған Шоқанды қайтып қана қадір түтпассың!

Көшпенді ата-бабаларымыздын психологиясы туралы Шоқан бір еңбегінде тағы да былай деп жазды: «Тарихи жағы-нан алғанда қазак халқьшыц поэзиялық рухы тамаша, біріншіден ақындарының еске түту жайы барынша ғажап болғандықтан... өз батырлары туралы деректерді бұл күнге дейін бүрмалаусыз сақтап келген, екіншіден, қазақтың еткен замандағы аңыздары мен сенім-нанымдарын соншалык бағзы калпында сактауы таңырқарлық. Одан да ғажабы — әсіресе, ақындарыньщ эпика-лык жырлары кең даланың кай киыр түпкірлерінде айтылмасын, бір ғана қолжазбадан көшірілгендей көшпелі орданың (қазақтьщ — Қ. Ж.) ауызша тарихынын осыншалық дәлдігі таңырқар-лықтай, сөйтсе де бұл күдік келтіруге болмайтын акиқат факт». Шоқан Уәлихановтың пікірінше, халыктардың ұлттык психологиясын көрсететін белгілердің бірі — сол халықтың тіл байлығы, сөз өнері, шешендік касиеттері. Ол сөз енерін халық бойына біткен зор таланттың, керемет қабілеттің, ақындық қуат-тың белгісі деп санады. «Халықтың тұрмысы мен әдет-ғүрпы,— деп жазды ол, бәрінен де артық тілден көрініс табады. Өйткенді қастерлеу және аңыздарының молдығы — терістік және Орта Азия көшпелі халықтарының ерекше қасиеті. Қазақ тілінде араб тіліндегідей жасама бояу сөздер жоқ, ол нағыз таза тіл»..

Ғұлама ғалымның осы пікірлерін кең-байтақ өлкемізде болған орыс, украин, поляк зиялылары да қостайды. Олар халқы-мыздың салт-санасы мен әдет-ғүрыптарындағы өнегелі де ай-шықты жактарын, атап айтқанда, сөз өнеріне жетіктік, шешендік пен парасаттылык, суырып салмалық, нақыштап сөйлеуге жаны қүмарлық, тағы басқа қасиеттеріне аузының суы күрып таңданғаа Мәселен, «Өлең-жыр,—деп жазды П.И.Пашино,— қазақтардың жан серігі, қарапайым адамдардың өзі суырып салып айтуға бейім тұрады». Ал, А. Брем «қазактар сөз өнеріне жетік келеді — бұл жұрттың бәріне, оқыған адамдарға да, әліпті таяқ деп білмейтіндерге де, байға да, жарлыға да тән қасиет» дейді. Белгілі ғалым В. Радлов «Қазақтар нақышты сөйлеуді бар өнердің алды деп біледі, сондықтан да олардың поэзиясы дамудың жоғары сатысына жеткен»,— деп түйіндеген.

Алғыр ойлы, сезімтал Уәлиханов көп заманнан бері қазақтармен аралас-құралас Орта Азия, Шығыс Түркістан халықтарының тіршілік-тұрмысындағы өзіндік өзгешеліктерін де шүқшия зерттеп, бұларды ғылыми әлемге паш етіп аныктап берді. Мұнң ол сырттан жорымай, солармен мидай араласып, ел арасында жүріп ерінбей зерттеді. Сондықтан да Шоқанның бұл саладағы пікірлері тайға таңба басқандай анық, ғылыми мәні әрі тұжырымды да оралымды. Мәселен, ол кашқарлықтардың (үйғырлардың) психологиясын, әдет-ғүрпын, тіл өзгешеліктерін алғаш рет зерттеушілердің бірі болды. Ол осы халықтың ата мекені Шығыс Түркістанға ғылыми сапармен екі рет барып қайтқаннан кейін үйғырлардың өзіндік ерекшеліктері, көне тарихы мен мәдениеті туралы қүнды еңбектер жазды. Ғалым үйғырлардың бостандық пен тәуелсіздік жолындағы ерлік істерін, өз Отанын жан-тәнімен сүю сезімінің жоғары екендігін көрсете келіп, «патриотизм — олардың ең тамаша қасиеті» екен-дігін ерекше атап өтті. Қашқарлықтардың мінезі жайдары, елгезек, адамға жүғысқыш, еңбеккер және өте кішіпейіл,— деп жазды ол бірде.

Ғалым Шығыс Түркістанды мекендеуші көптеген халық-тардың (қырғыздар, түрікпендер, өзбектер, қытайлар, т. б.) пси-хологиялық ерекшеліктерін, олардың әр-қайсысына тән әдет-ғүрыптары мен салт-дәстүрлерін де өте білгірлікпен көрсете келіп, бұларды ерекше дәріптемей, психологиялық жағынан бір-бірімен тең түсіп отыратындығьш айта келе, ұлттық томаға-түйықтық көзқарасқа да соққы беріп отырады. Шоқан аталғаи халықтардың экономикасы мен мәдениетіндегі артта қалушылықты, әсіресе туған халқы — қазақтардың бұл арадағы кешеуілдеген жағдайын баса айтып, одан шығудың жолдарын көрсеткісі де келді. Бірақ Шоқан көрсеткен жолдың түп-төркіні — тек ағартушылық жол еді. Шоканның психологиялық пікір-лерінде материалистік сарын ерекше байқалады. Оның еңбектерінде адам психологиясы сыртқы ортаға, әсіресе географиялык, табиғат жағдайларының әсеріне байланысты қалыптасып отырады дейтін сындарлы пікірлер баршылық. Бірақ Шоқан адам психологиясының қалыптасуындағы тарихи-қоғамдық факторлардың шешуші ролінен гөрі ұлттық мінез-құлық пен әдет-ғүрыптардың қалыптасуына географиялық орта мен таби-ғат ерекше әсер етеді деп, соңғылардың рөлін асыра бағалап жіберген кездері болды.

Оның этнопсихологиялық пікірлерінің бұдан басқа да кейбір келісе бермейтін жақтары бар. Мәселен, ол халқымыздың басты-басты психологиялық ерекшеліктерін (қонақ жайлылық, үлкенді сыйлау, т. б.) дұрыс көрсете келіп, осы ұлттық мінезде кейбір өзгермейтін, тіпті түқым қуалайтын жақтары да бар деген пікір айтты. Мәселен, ол 1862 жылдың 6 желтоқсанында А. Н. Майковқа жазған хатында ол өз туысқандарында байқала-тын мінездерінің қолайсыз жақтарын «менмендік қазақ халқы-ның ұлттық ерекшелігінің бір көрінісі еді» десе, 1862 жылы 2 қаңтарда профессор Бекетовқа жазған бір хатында өзінде байқа-латын кейбір салдыр-салақтықты мойындай келе, мұны да «қазақ халқының өзіндік пси-хологиялық ерекшелігі еді»,— деп біржақты тұжырым жасайды.



3. Шоқанның психологиялық пікірлерінің екінші бір арнасы оның дін жөніндегі толғаныстарымен астарласып жатады. Ғұлама ғальш алғашқы адамның қиялы мен діни сенімдері оның табиғатқа тікелей қатынастарының бейнесі ретінде пайда болғанын айтады. Ол қазақ дала-сында кейінірек тараған шаман дінінің пайда болуының да белгілі себептері бар дейді. Білім-ғылымнан кенже, тәжірибесі аз адамның табиғатпен күрестегі енжарлығы, оған тәуглді болуы-діни елестер мен сенімдердің, пайда болуы-ның көзі. Оның ойынша діни сенімдердің пайда болуының екінші бір кезі адамның жан-дүниесінің, оның сана-сезімінің кейбір ерекшеліктерінен туындайды. Дүниедегі ерекше бір керемет — адамның өзі. Оның жаны, қабілеті, ойлайтын жәнг бәрін білгісі келетін рухани өмірінін, зерттелуі аса қиын нәрсе. Адамньщ табиғат күштерінен қорқуы — діни түсініктерінің пайда болуының басты себептерінің бірі. Жас сәбиге үқсаған алғашқы адам үшін табиғаттың апаттары қанша қаһарлы болса да ол одан жасырына жан сауғалай алушы еді. Ендігі бір үлкен қырсық адамның өзінде болды. Өзі сезінетін, бірақ түсіне алмайтын сиқырлы күштеи қорқу, үрейленуден теріс түсініктер туындады. Шоқан казақ халқындағы шамандық үғымдарды (ем, үшық, сиқыр, арбау, кесір, кие, тіл тию, көз тию, ырым, т. б.) шығу тегін түсіндіргенде де онық психологиялық жақтарын ашқанда да материалистік позицияны берік ұстады. Ол осы ұғымдардың адам баласының ерте кезде табиғаттың алдында дәрменсіздігінен, оның сан қилы құбылыстарын түсінуге шамасы келмеген кезде пайда болғандығын, мұның дала жұртының ғылым мен мәдениет-тен кенже қалғандығынан күнделікті тұрмыста әлде де сақталып келе жатқандығын нақтылы мысалдар келтіре отырып, тәп-тіштеп түсіндіреді. Ғалым діннің гносеологиялық шығу тегің, тамырын ғылыми тұрғыдан түсіндіре алса да, оның әлеуметтік мәнін ашып көрсетпеді.

Шоқан психологияда өзіндік теориялық тұжырымдар ғана жасап қоймай, өзін шын мәніндегі практик психолог ретінде де көрсете алды. Оған ғалымның жекелеген адамдарға берген сипаттамалары жақсы дәлел Мәселен, құлжалық Тоғалдай деген кісіге берген психологиялық сипаттамасында былай деп жазды: «Тоғалдай сығыр қисық көзін үлкен көзілдірігімен сәндеген, қаршыға түмсық, арықтау келген қарт. Оның аузы сәл қисық, үс-тіндегі ерні үш бүрыш сияқты, ортасы үш бүрыштың төбе қиығындай да, ернінің екі шеті ерінге тіреледі..., қушиған сүйір иегі қылтанақсыз, тап-таза. Еріндерінің арасынан онымен тамаша табысқан көгілдір-буырылдау, кофе түсті сынық тістері көрініп түрды. Жасына қарамастан, ол ете сөзшең екен, шүнаң-дап-ақ түр. Үстіне жібек шапан киіп, қара белбеу буынған, оған темекі дорба мен желдеткіш ілген». Ал Шоқанның қытай қызына берген мінездемесі де тамаша! «Бет ажары бірқыдыру сүйкімсіз де емес... қою қара шашы артына қарай жиналып, сәнді өрілген, сүмбідей өкшесіне түсіп түр. Басына әр түрлі көбелектер мен сүйкімсіз бүршіктері бар қолдан істелген гүл шаншылғаа Ерін-деріне далапты қалың жаққан және ол маржан тасындай қып-қызыл Ол өзінің қысықтау көзімен біресе жоғары, біресе төмен қарап, көз алдыңнан әсте кетпей қояды».

Осы үзінділердегі адам портреті сом күйінде суретшінің қыл қаламымен полотнаға түсірілген бояулы суреттей бейнеленгеа Бұл суреттемелер өзінің көркемдігімен, адам жанының нәзік қырларын көрсеткендігімен оқырманды бірден өзіне баурап алады. Шоқан шығармаларында осы іспеттес психологиялық бейне жасау мол Мәселен, Құлжадағы түрлі ұлт өкілдері сауда-герлердіқ киген киімдері, сырт келбеттері, нақты істері мен сөз-дері, тіпті қолдарындағы заттары мен шылдырлаған теңгелеріне дейінгі үсак-түйектер автор назарынан тыс қалмайды. Мұның бәрін білгірлікпен суреттеп беру тек адам жанын Жазбай тани-тын аса сезімтал психолог кісінің ғана қолынан келетіні белгілі. Көркем очерк түрінде жазылған Шоқан күнделіктері мен жол жазбалары — «Құлжа сапарының күнделігі», «Қашқария сапарының күнделігі» психологиялық жағынан қүнды дүниелер. Табиғатты көз алдыңа әкеліп, кісіні кызықтыратындай бейнелеп жазу, бұларды сол өңірдегі халық өмірімен, жеке адамдардың қайталанбас өзіндік психологиялық ерекшеліктерімен байла-ныстыру шеберлігі жағынан Шоқан күнделіктері Байрон мен Лермонтовтың Кавказ очерктерімен өте үқсас және бұлардан еш кем түспейді,— деп жазды академик Әлкей Марғүлан.

Шоқан туған халқының әдет-ғүрпының түрлі жақтарын талдай келіп, қазақ арасындағы кейбір жағымсыз әдеттерді де мейлінше сынап, олардың психологиялық астарларына үңіліп, осы айтылғандардың казақ кауымын ілгері бастырмай келе жат-қан мерездер деп қарады. Мәселен, осындай кінәраттардың бірі барымта екендігін, оны жұрттың көпшілігі баюдың, мал жинау-дың ең жеңіл әдісі деп қате түсініп жүргенін баса айтты. Ол мұндай «кәсіппен» айналысқан адамның еңбекке ынтасы бол-майды, жан-жүйесі жағымсыз, үскынсыз келеді, белгілі бір кәсіп-пен айналысу уақытты, зор ынтаны" керек етеді,— деп дұрыс тұжырымдады. Осылайша ол жастарды мұндай сүрқия кәсіптен бойын аулақ салуға шақырып, осынау жексүрын қасиеттің адамды арамтамақтыққа, еріншектікке итермелейтінін айта келіп, осы жаман әдеттің сайып келгенде қазақ даласында түрлі кәсіптің дамуына кедергі келтіретініне тоқталды.

Шоқанның исихологиялық пікірлері осы айтылғандармен шектелмейді, оның мол рухани мұрасында жан сырлары туралы басқа да түйінді ойлар баршылық.
Бақылау сұрақтары:

1. Өзін тарихшы, этнограф, батыл саяхатшы, географ, әдебиетші, суретші, пубицист, психолог ретінде көрсете білген кім?

2. Көшпенді ата-бабаларымыздың психологиясы жайлы Шоқан не деді?

3. Ш.Уалиханов пікірінше халықтардың ұлттық психологиясын көрсететін белгілердің бірі?

4. Шоқанның психологиялық пікірлерінің арналары?
9 лекция

ІІІ – тарау ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ психологиясының тарихы

ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ ғұламалары мен қоғам қайраткерлерінің психологиялық көзқарастары

(1 сағат)

Жоспары:

1. Ш.Құдайбердіұлының (1858-1931) адамгершілік-этикалық көзқарастары.
Пайдаланылатын әдебиеттер

Негізгі:

1. Әл-Фараби. Философиялық тракттар. Алматы, “Ғылым”, 1973.

2. Әл-фараби. Саяси этникалық тракттар, Алматы, “Ғылым”, 1975.

3. Баласағұни Жүсіп. “Құдатғу біліктегі тәлім-тәрбие мәселелері”. //Жалын, - 1974. - №1

4. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі, Алматы, “Санат”, 1995.

5. Жарықбаев Қ. Махамбет Өтемісұлы жастар тәрбиесі туралы. Алматы, 1976.

6. Қазақтың тәлім тәрбиелік ой-пікір антологиясы. І том, Алматы. “Рауан”, 1994.

7. Аймауытов Ж. Психология Алматы, “Рауан”, 1995.

8. Торайғыров С. Произведения в 2-х т. Алма-Ата, 1967.

9. Абдуллина О.А Общепедагогическая подгогтовка учителя. – М.:

Қосымша:

10. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы, “Рауан” 1993.

11. Семья өміріндегі әдеп және психология И.В.Гребенников Алматы “Мектеп” 1986 ж.

12. Қазақ отбасы. Халел Арғынбаев Алматы “Қайнар”. 1996 ж.

13. Қ.Жарықбаев Қазақ психологиясының тарихы. Алматы “Қазақстан” 1996 ж.
Лекция мәтіні:

1. Шәкәрім XX ғасырдың басындағы қазақтың қоғамдық-әлеуметтік, мәдени-әдеби өміріне белсене араласып, туған халқы-на ізгілік пен имандылық, ғылыми ағартушылық идеяны тарату жолында ұлы Абайдың ұлттық нақышқа толы пәлсапалық-психологиялық дәстүрін әрмен қарай жалғастырып, халқына мол мәдени мұра калдырған ғұлама. Шәкәрім көптеген жан сыры туралы (көбісі өлеңмен жазылған) шығармалардың авторы. Ал, ән мен күй, музыка саласында жазған еңбектерінің өзі бір төбе. Шәкәрім шығармаларында адамның жан мен тән, адам психологиясы туралы айтылған сындарлы ғылыми ой-пікір-лер көптеп кездеседі. Мәселен, ақынның психологияға байланыс-ты көзқарасын «Анық пена танық», «Қазақ айнасы», «Мүсылман-дық шарты» т.б. шығармаларынан кездестіреміз. Бұларда ғұлама адамдарға сыртқы дүниеяің, қоршаған табиғаттың жүмбақ сырын үқ, танып-біл, оның өлшеусіз байлығын мұратыңа, қасиетіңе жарат, бұл үшін Алла тағала адамға ми берді, білу, нану, үғыну, тану — бәрі ақыл ісі, олар мидан шығады деп тұжырым жасайды.

Тән сезіп, күлақ естіп, көзбен көрмек,

Мұрын иіс, тіл дәмнен хабар бермек.

Бесеуінен мидағы ой хабар айтып,

Жақсы-жаман өр істі сол тексермек.

Шәкәрім адам жанының әртүрлі жағдайда көрінетінін айтады. Өзінше бұлардан орысша-қазақша термин жасағысы келеді. «...Инстинкт — сезімді жан, сознание — аңғарлық жаң, мысль — ойлайтын жан, ум — ақылды жан» дегендей әртүрлі қасиеттерді тізбектейді. Дене әр түрге түскен сияқты жан да өсіп, өніп, жоғарылайды... толық терең ақыл адамнан шығады... Совесть (үждан) — жанның тірегі... ми, жұлын — жанның тұрағы, ол бұзылса, электрия сияқты жан да кетеді, дейді.

Акын ми кызметі адамның сезім мүшелерінің әрекеті ар-кылы іске асады дей отыра, кісінің ойға алған ісін жүзеге асыруы, оның өділетті, әділетсіз болуы, ізгілікті кууы немесе жауыздық жолға түсуі, ақыл мен жүректің қызметі (Фараби мен Абай да ссылай тұжырымдаған. — Қ.Ж.) екендгін дәлелдегісі келеді. Сейтіп, ол жанның миға байланысты екенін мойындағанмен оның мәңгі-бақи өлмейтіндігіне сенеді. Осыған орай ол былай дейді: «Мен.жан жоқ, өлген соң өмір жоқ дегенге таң қаламын... жанньщ барлығын, өлген соң да жоғалмайтындығына... канып қалған әдет,... ақыл ісі ме?... Жан екі өмірде бірдей керек таяныш екеніне нана алмаған кісінің жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір жол, заң тазарта алмайды». Сондықтан ақыл мен жүректің жетегіңдегі адам тіршіліктері барлық нәрсені сарапқа салып, байыбына бар-ып, терең ойлап, топшылап ақылмея іс кылу, адамдықтың басты парызы дейді. Шәкәрім өзінің пәлсәпалық сипаттағы ой-пікір-лерін әрмен қарай жалғастырып, жер жүзіңде неше түрлі халық бар, олардың бәр-бәрі де жаратылыстын ішкі сырын үғып-білуге ынтық, бірі дүниені жаратушы тәңірі - «күн» тіршілік күн нүрынан жаралады десе, енді бірі «Құдай жоқ» деп жар салады, үшіншісі - көп құдайға табынса, төртіншісі — міне, құдай деп суретке табынып, ойын он саққа жүгіртеді, осының бәрі дүние сырын білуге үмтылуціылық,— дейді де, өз ойын, — нағыз тәңірі жолы — қиянатсыз ақ жүрекпен ақ адал еңбек ету, — деп түйіндейді. Ақын «Тәңірі мен жан» деген өлеңінде туу, өсу, елу, сондай-ақ өлген жанның топыраққа, өсімдікке нәр болып тіршілікке қайта айналып келуі табиғи құбылыс, бар зат мүлде жоғалып кетпейді, жоқтан бар пайда болмайды, тек зат-тың, құбылыстың түрі ғана өзгереді, жан мея тәннің байланысы осында деп, былайша ой қозғайды:

Тіпті кетпес еш жоғалып,

Байқасаңыз барша жан.

Тағы дене тауып алып, Тағы өседі қайтадан. Түрлі жанда деяг түрлещ . Өзгеріп түр бұл ғалам.

Жоғалатын нәрсе жоқ деп, Айтты ғылым байқағаа Осы пікірлер оның тіршілустің негізін ғылыми көзқарас тұрғысынан дәлелдегісі келетіндігіне жақсы дерек. Ш. Құдай-бердіұлы адамның жан дүниесінің дамып, қалыптасу жолын тіршіліктің қарапайымнан күрделіге қарай біртіндеп дамуы тұрғысынан түсіндіреді. Осы айтқанымызға орай ақын «Жәндік-тен адам жаралған... айуаннан өсіп, болды қадам»,— дейді. Сірә, ойшыл ақын ағылшын табиғат зерттеушісі Ч.Дарвин ілімімен жақсы таныс болса керек. Әсіресе, Шәкәрім жан мен тәннің ара қатынасы мәселесінде дәйекті пікір айтады. Мәселен, ол қан-дай жан болса да (жануар, адам) денемен, тәнмен байланысты болатындығын айта келіп, «жан тәнге, ақыл жанға матаулы түр» десе, шді бір шығармасында «дене сезіміне нанба, дене, сезім түгел алдайды... бәрін де тапқан таза ақыд.. бар ғылымның түп атасы — таза ақыл мен ойлану... жан мен дене екі басқа», деп келетін ақын түйіндері жан мен тәннің байланысын көрсететін ғылыми-психологиялық тұжырыммен үйлеспейді. Бірақ та ақын жан сыры мәселесіне келгенде кемеңгер ұстазы Абай тұжырым-дарын тереңдете түскшдей жәйтті байқатады. Егер бұрын-соң-ды қазақ қоғамдық-әлеуметтік ой-пікірлердің даму тарихында жан мәселесі төңірегінде жалпылама пәлсапалық тұжырымдар айтылып келген болса, Шәкәрім «психология» терминін қазақ топырағында тұңғыш қолданғаньі белгілі. Мәселен, ол бір шығармасында: «Жан сыры деп жазылған, психология деген пән»,— деген тіркесті қолданып, оны ғылымның зерттеу объектісіне үңіледі. Шәкәрімнің психологиялық пікірлерінің негізгі жүйесі, оның 1919 жылы қазақ тіліне тәжірмаланған «Психология» дейтін кітапқа жазған сын-пікірінен (рецензия) жақсы байқалады. Қолжазба түрінде оншақты беттік материал-дың жекелеген үзінділеріне назар аударатын болсақ, оның психо-логиялық көзқарастары жайлы толығырақ мағлүмат алатыны-мыз хақ. «Тіршілік — жан туралы» деп аталатын осы мақаланың жекелеген қисындары (тезистері) мына төмендегідей. «Сонша білімді адамдар әлі күнге дейін өзінің кім екенін анықтап білген жоқ... Біз кім екенімізді білмек болып, жан тіршілігін тексеретін «Психология» сияқты ғылыми кітапты оқысақ, жанның тіршЬ;'' сырын білмек түгілі миымызды қатырып, ол кітаптардан не үғатынымызды білмей аң-таң боламыз. Міне, дәлел: қазақ тіліне аударылған психология кітабын оқып қараңыз.

Тіршілік басынан бар. Бірақ ол тіршіліктің бізге анық сезілетін кезі де бар, сезілмейтін кезі де бар. Оның себебі: дүниенің қандай күйде, қандай түрде болғандықтан. Аюан-дардың денесі, адамнан көрі кемдігі болмағандықтан: еркіндік, мүше каруы да; терең ойлауы да кем болып отыр... Адам өз жанының сырын әбден анықтап білмей түрып, өзінің кім екенін білмейді. Жан қасиетін анық білсе, сонда адам түзеледі... Дүние дозақ емес,— дейік. Табиғаттың байлығы барша жанға жеткі-лікті. Бірақ, есіл бейішті дозақ қылып отырған адам. Егер адамдар түгелімен біріне-бірі қиянатсыз туысқан болып осы ақылын жүмсап еңбек қылып, табиғаттың қасиетімен пайда-ланып отырса, дүние бейіш болатынына ешкім дау айта алмас... өз жанының қасиетін білмей түрып, адамның құлқы түзелмейді... ақылдың анық деп тапқан ақиқатын айтпауға ар көнбейді... Қай өнер, ғылым болса да оны табатын ақыя.. Бар білімнің түп атасы ақыл». Шәкәрімнің осындай психологиялық пікірлері алдағы жерде арнаулы зерттеуді қажет ететіндігін дәлелдеп жатудың өзі артық болар.


Бақылау сұрақтары:

1. Шәкәрім шығармаларында көптеп кездесетін ой-пікірлер?

2. “Анық пен танық, “Қазақ айнасы”,

3. Шәкәрімнің психологиялқ пікірлерінің негізгі жүйесі қай еңбегінде жақсы байқалады?

4. “Тіршілік – жан туралы” мақаласының мәні мен мағынасы?
10 лекция

Ахмет Байтұрсынов

(1 сағат)

Жоспары:

1. Ғалым А.Байтұрсыновтың өмір жолы мен еңбектеріндегі психологиялық мәселелер.

2. “Әліппе – таңбалар жұмбағы”.

Пайдаланылатын әдебиеттер

Негізгі:

1. Әл-Фараби. Философиялық тракттар. Алматы, “Ғылым”, 1973.

2. Әл-фараби. Саяси этникалық тракттар, Алматы, “Ғылым”, 1975.

3. Баласағұни Жүсіп. “Құдатғу біліктегі тәлім-тәрбие мәселелері”. //Жалын, - 1974. - №1

4. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі, Алматы, “Санат”, 1995.

5. Жарықбаев Қ. Махамбет Өтемісұлы жастар тәрбиесі туралы. Алматы, 1976.

6. Қазақтың тәлім тәрбиелік ой-пікір антологиясы. І том, Алматы. “Рауан”, 1994.

7. Аймауытов Ж. Психология Алматы, “Рауан”, 1995.

8. Торайғыров С. Произведения в 2-х т. Алма-Ата, 1967.

9. Абдуллина О.А Общепедагогическая подгогтовка учителя. – М.:

Қосымша:

10. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы, “Рауан” 1993.

11. Семья өміріндегі әдеп және психология И.В.Гребенников Алматы “Мектеп” 1986 ж.

12. Қазақ отбасы. Халел Арғынбаев Алматы “Қайнар”. 1996 ж.

13. Қ.Жарықбаев Қазақ психологиясының тарихы. Алматы “Қазақстан” 1996 ж.
Лекция мәтіні:

1. Казақ ғылымы мен мәдениетінің аса көрнекті өкілі, әмбебап ғалым, коғам қайраткері А.Байтұрсынов оку-ағарту, төлім-төрбие саласында артына аса бай мұра қалдырды. Ол психология ғылымы саласында да өзіндік қодтанбасымен дараланады. Мәселен, тек «Әдебиет танытқыштың» (1926) бір өзінде психологияға ғана қатысты толып жаткан сй-пікірлер мен салмақты түйіндер баршылык. Мұндағы «Көркем өнер», «Сөз толғay», «Лұғат әуезділігі», «Жан жақтау», «Жан қоштау», «Керіктеу», «Ес үғымы», «Іс үғымы», «Зейіндеме», т.б. атаулар мен ұғым түсініктерде, сондай-ак оның жүмбақ, жаңылтпаш, айтыс, толғау, терме, тақпақ, жоқтау, жарапазан, бата, мақал, т.б. әдебиеттену ғылымына қатысты пікірлерінде халықтық психологияның теориялық қисындары үшін іздесе таптырмайтын әдістемелік қазық боларлықтай түйіндер мол. Ғалымның тіл мен сөйлеу психологиясы жайлы айтқандары да аса мәнді. «Тілдің міндеті,- деп жазады ол, - ақылдың аңдауын андығанша, киялдың мезеуін меңзегенше, көңілдің түйінін түйггнінше айтуға жарау... Сөз көңілге сипат жағының көркемдігімен, сөз мағына жағынын күштілігімен жағады... Тіл дәлдігі деп ойлаған үғымға сөз мағынасы сәйкес келуі айтылады...» Бұл психологиялық жағынан өте пәрменді тұжырым, өйткені қазақтың қазіргі кездегі ұлттык тәрбиесінің мықтап ақсап, тіпті батпаққа белшесінен батып жатуының себебінің бірі - осы халықтың, әсіресе тәлімгер қауымның (мұғаяім, ата-ана, құрбы-құрдас, т.б.) өз ана тілін жоғарыда Ахаң айтқандай түлетіп, оның тәрбиелік ықпалын өз дәрежесінде пайдалана алмай жүргенінде. Расында да, егер тәлімгер қауымның сөз саптауы шорқақ, ойы саяз, тыңдауға әсерсіз болса, шәкірт тәрбиесінде берекесіздік туады, сөздің тәрбиелік қадір-қасиеті, құны төмендейді. Олай болса, баланың сөз өнеріне жетілуінің, сөйлеу мәдениетінің арта түсуі үшін ерекше көңіл бөлу қажеттігі ылғи да естен шықпауы тиіс.

А:Байтүрсыновтың психология ғылымының төңірегінде ой қозғаған терен мәнді, салиқалы пікірлері «Әліппе - таңбалар жүмбағы» дейтін еңбегінш елеулі орын алғаа Мұнда ол арап әрпінің латын таңбасынан әлдеқайда үғынуға тез жазып, миға тоқуы жеңіл екшдігін псхологиялық тұрғыдан дәлелдеп береді. Мұнда екі таңбанын қайсысымш басылған, иә жазылған сөз оңай оқылады, бұлардың қайсысымен жазылғанын тану жеңіл, қайсысы баспаға сыйьшды, қайсысы көркемдік (эстетикалық), сондай-ақ көруге көзге жайлылығы жағынан қайсысы артық дегшдей психологиялық жәйттарға тоқталады. Ғалым латын, арап әріптерін оқуға қайсысының жеңіл, қолайлы екеидігі жөнінде былай дейді: «Сауаты ашылған адам, жазылған иә басылған сөзді әрпіне қарап оқымайды, бүтін тұрған суретін танып окиды. Таныс адамды көргенде мынау пәленше, анау түгенше дегш сияқты әр сөзді түрпатына қарап, танып айтады. Неғүрлым сөз суреті көзге ел^лірек болса, соғүрлым жылда-мырақ танылып, шапшаң оқылмақшы... Немістің Мейман деген профессоры... мынаны байқаған: басылған сөздің ішінде ж томен, не жоғары сойдыйып қатардан шығып тұрған әрпі бір сөздея немесе үстіне қойған қосымша белгісі бар әріп кіріскен сөздер тез таыылып, шапшаң оқылады екен». Байтүрсынов арап әріп-тері бірі биік, бірі аласа, бірі үзын, бірі қысқа келіп, екінші жағы-нан қосымша таңбалары (белгілері) көп болып, сөз суретін көзге ел^лі егіп юсініңтез оқуына, харып тавуына қолайлы болады дейді.

А.Байтүрсынов адамда жазу дағдысының қальпптасу жолын да псяхологиялық тұрғыдан түсіндіреді. «Сауаты ада адам, — дейді автор,— жазғанда қол дағдысымен жазады. Жазып отырғанда әр әріпті ойлап барып жазбаймыз, қолымыз дағдыланған күйімен өзі келеді. Неғұрлым сауаты көбірек ашылған адам болса, неғұрлым жазуды көп жазатын адам болса, оның көз бақылуынан гөрі қол дағдысы басым болмақ,.. Оқыған уақытта адамның көзіне күші түсіп, етіне күш түспейді. Жазған уақытта көзіне күш түспей, етіне күш түседі. А.Байтұрсновтың осы түйіндері психологияда оқу мен жазуды қалыптастырудың психологиялық заңдықтарына сүйенген түйін. Мұны психологиядан аздап хабары бар адам, арнайы түсініктемесіз-ақ ұға алатындығы хақ, Латынша жазуда қолға күш түсетіндігін.Байтүрсынов орыс психологы П.П.Блонский зерттеулері арқылы түсіндіреді. Блонский жазғанда қолдың талу-талмауына ерекше көңіл аударған Жазған кезде колдыңя талмауы саусақтардағы ұсақ бұлшық еттергі байланысты деп түсіндіредіі. Байтұрсынов орыс ғалымыны пікірлерін былайшы жалғастырады: «Менің оған қосатыным — қарды (қолды айтады – Қ.Ж.) жаюдан жию жеңілірек: Солдан оңға қарай жазғанда қол қардың жайылатын жағынз кзрей жылжиды, жылжыған сайын қимылдайды... Араб әрпімен жазғанда стенограф жазуымен жазған сияқты қолдың қимыы көбінесе ұсак болып келеді. Ирегзаи үеакга*т жазуды жеңілдетіп, шапшая жазуға қолайлы.-. татык жазуымея салыстырғанда қол сермеуі бармак нүктелерін Қосып есетегенде, латындікінен 25-30 % кем болып шығады».

Халқымыздын осынау бір туар ғалымы араб грамматика-сынын оку, жазуға патын харіпівея гөрі әлдекайда тиімдітгін пснхоаогмялық тұрғидан пайымдаЙ келіп, өз ойнн быЯаЕша тұжырымдаады: «араб әрпінен жазПінда да, оқығанда да оңай, сауат ашу үогія баспадзяада әріп теруге де ол лаяығс танбасыкан әдде каяай ткімді,— дей кеяіп, латыншаға кэшу керек деп жүр-гендерді «еріккен адамдардын ермегі есебіндегі кұр киял»,---дейді. А.Байтұрсынов өмірінің сонғы сәтіне дейін, өзі түрлеген, өзі реформа жасал жетілдірген казактың жаңарған жазу үлгісін осылайша ғылыми негізде дәлелдеп; қызғыштай қорғап өтті.

Ғұлама ғалымиың телегей-теңіздей рухани мұрасында осы айтылғандардан басқа да психологиялық мәні терең ой-тұжырымдары кәптеп кездеседі. Бұларды саралап, зерттеп, халық игілігіне айналдыру — казақ психологиясының келешектегі міндеті, парызы болмақ
11 лекция

Ж.Аймауытов Қазақстандағы психологиялық ғылымның дамуы жайында

(1 сағат)

Жоспары:

1. “Тәрбиеге жетекші” еңбегіндегі педагогикалық-психологиялық мәселер.

2. “Комплексті оқыту жолдары”
Пайдаланылатын әдебиеттер

Негізгі:

1. Әл-Фараби. Философиялық тракттар. Алматы, “Ғылым”, 1973.

2. Әл-фараби. Саяси этникалық тракттар, Алматы, “Ғылым”, 1975.

3. Баласағұни Жүсіп. “Құдатғу біліктегі тәлім-тәрбие мәселелері”. //Жалын, - 1974. - №1

4. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі, Алматы, “Санат”, 1995.

5. Жарықбаев Қ. Махамбет Өтемісұлы жастар тәрбиесі туралы. Алматы, 1976.

6. Қазақтың тәлім тәрбиелік ой-пікір антологиясы. І том, Алматы. “Рауан”, 1994.

7. Аймауытов Ж. Психология Алматы, “Рауан”, 1995.

8. Торайғыров С. Произведения в 2-х т. Алма-Ата, 1967.

9. Абдуллина О.А Общепедагогическая подгогтовка учителя. – М.:

Қосымша:

10. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы, “Рауан” 1993.

11. Семья өміріндегі әдеп және психология И.В.Гребенников Алматы “Мектеп” 1986 ж.

12. Қазақ отбасы. Халел Арғынбаев Алматы “Қайнар”. 1996 ж.

13. Қ.Жарықбаев Қазақ психологиясының тарихы. Алматы “Қазақстан” 1996 ж.
Лекция мәтіні:

1. Туған халқымен 60 жылдан кейін кайтадан көрісіп, бір-туар қазақ зиялыларының ішінде тәлім-тәрбие, оқу-ағарту мәселелері саласында сындарлы, терең мағыналы ғылыми еңбектерді өндіре жазған адамдардың бірі — Жүсіпбек Аймауытов. Бас-аяғы 5-6 жылдың ішінде оның осы салада 6 кітап жазуы — бұл айтқанымыздың жақсы айғағы. 1924 жылы мектеп мүғалімдері мен педагогикалық оқу орындарында оқитындарға арнап «Тәр-биеге жетекші» (Орынбор, Госиздат, 186-бет), 1926 жылы екі кітап, бірі — «Психология» (Қызылорда — Ташкент), екіншісі - «Жан жүйесі жәнг өнер тандау» (М. Цеятриздат, 81-бет), 1929 жылы «Комплекспен оқьггу жолдары» (Қызылорда, Казгосиздат, 129-бет), мектеп оқушыларына арналған «Жаңа ауыл» (екінші сыныпқа арналған оқу кітабы, Алматы, 1929-30 жж.), «Сауат-сыздықты қалай жою керек?», т.б. жариялады.

Мәселен, оның «Тәрбиеге жетекшісінде» дидактика мен педагогикалық психологияның ғылыми астарлары, ұлт тіліндегі тәлім-тәрбиелік терминдер жүйесі сөз болады. Еңбек төрт бө-ліміжн, 29 параграфтан тұрады. Осы кітаптың «Дидактика» бөлімінде оның психологиялық негіздері (ынталы оқыту, үйрету әдістері, машықтану жолдары, оқытудағы көрнекілік, оқыту түрлері, т.б.) жиырмасыншы жылдардағы қазақ мектептерінің өмірінен алынган нақтылы мысалдармен терең талданады. Еңбек-тің тортінші бөлімінде де педагогикалық психологияның кейбір мәселелері сөз болады. Олар: ұстазбен шәкірт ынтымақтасты-ғыньщ басты белгілері, қазақ мектебінде сабақ өткізудің өзіндік ерекшеліктері сөз болады.

Әрине, кітаптың құрылымы жағынан жекелеген олқылықтар да жоқ емес. Мәселен, мұнда кейбір тәлім-тәрбиелік ұғымдар әр бөлімде белгілі жұйеге түспей қайталанып отырады. Нақты-лап айтсақ, кітаптың екінші бөліміндегі «Ынталы оқыту», «£а-бақтың жүрісі» дейтін параграфтар төртінші бөлімінде тағы да қайталанады. («Сабақты баланың ынтасына сүйеніп беру», бел-с«дісабақжүзеге қалайшығады?», т.б). Әйтсе де,осы еңбектің қазақ топырағында педагогикалық психологнядаа жазылған алғашқы төл туынды еюеядігінде дау жоқ. Кезінде осы кітап жөнінде жұртшылық былайша жылы лебіз білдіргтн еді: Жүсіпбектің «Тәрбиежетекші» кітабы жыл қүсы. Бұл кітаптің тілі өте жеңіл... Жаңа сарынмен жазылған... Еүл кітап әр оқытушы столының үстінде жатуы керек, әр меквдтің кітапханасында болуы керек («Еңбекші казақ», 1925, N410). Кітапқа берілген осы баға күні бүгінге дейін өзінің құнын жойған жоқ.

Ж.Аймауытовтың психологиялық мұрасы туралы айт-канда, оның «Психология» атты төл оқу құралы толығырақ сөз етуді қажет етеді. Өйткені бұл психология саласында төл тілі-мізде жазылған ғылми мәнін күні бүгінге дейін жоймаған тұңғыш дүние екшдігі даусыз.

"Психология,— деп жазды автор осы кітаптың "Бет ашарында",- терең ой, терең білім, терең пәлсапаға соғатын пән... өзге білімдер затшылдыққа (материализм — Қ.Ж.) табанын тіресе де, психология әлі тіреп, яғни нық басқан жоқ... Қарапайым адамға жүмбақ сықылды көрінетін талай нәрселер психологияда қаралады... Себептері, сырлары айқындалады, бү-лардан хабары болу, ақыл-ойына ерік беру кімге де болса, керек-ті. Бұл кітапты алдымен бала оқытушыларға ұсынамыз. Қала берсе кімде-кім әл^метпш, қоғаммш қатынасып, қызмет ететін болса, оның бәріж де Психология пайдалы кітап деп ойлаймыз. Хат танитын жәй қазақ та, арындамай оқи алса, недәуір білім алар деп сеяеміз. Қиын жерлерін салғаннан үкпаса оңай жерлерін оқып көрер, сөйте-сөйте біріне тісі батар.» Оқырмаиына осылай-ша ой сала келіп, Жүсіпбек «Психология неяі сейлейді?» дейтін бірінші тарауда осы ғылымның екі жарым мың жыддың тарихы-нан біраз мағлұмат береді, Бұл жерде рационаиистік (ақыл-сй), экеизриментпж (тажірибе) лсяхплог'дяны'д жай-жапсарын баяндайтын беттері ете тартымды. Кітаптьщ екінші тарауында адамның жан-дүниесін, мінгз-құлқың, зерттеуді қайтіп үйымдас-тыруға болатындығын айта келіп (бақылау, анкета, әңгімелесу, тәжірибе әдістерінің мән-жайы), тәптіштеп түсіндіреді. Ол -жан-дүниесінің заңдылықтарын зерттеуде математиканы, оның «болжау қисыны» (теория вероятности) дейтін саласын қалайша пайдалануға болатындығын қазақ топырағында алғаш рет сөз етеді. Кітаптың үшінші тарауы «Тірі заттардың қылығын жалпы мінездеу» (қазіргі терминде «Психика және сана») деп аталады. Мұнда психофизикалық және психо-физиологиялық құбылыс-тар, атап айтқанда, организмнің, тітіркенушілік пен езгіштік ерекшеліктері, жануар мш адамның дағды, инстинкттері (соқыр сезімдері) бұлардың бір-бірінея айырмашылықтары, өсімдіктер дүниесіндегі тіршілік белгісі (тропизмдер), ғылыми талдауға алынады. Осы тарауда академик И.П.Павловтың шартты реф-лекстер туралы ілімінің негізгі қағидалары сез боладм. Автор адам санасының даму жолын тарихи-қоғамдық тұрғыдан дұрыс көрсете келе, қоғамдық (әлеуметтік) психологияның негізгі мәселелерінің (топ, жұртшылық, қоғам, парасат, әдет т.б.) мәнін қазіргі психологиялық түсініктердің төңірегінде тәптіштейді.

«Денедегі кейбір мүшелер, олардың қызметтері» деп аталатын төртінші тарауда жан қуаттарының анатомиялық-физио-логиялық механизмдері, яғни жүйке саласы мен оның атқаратын қызметі, қозу, тежелу процестері, ми бөліктері, олардың қызметі, нггізгі, сезім мүшелерінің (көз, құлақ, иіс, дәм, тері, т.б.) анато-миялық құрылысы жөнінде мағлүматтар беріледі. Мәселен, адам тәнінің шам-шырағы - көздің психологиялық механизмдері өте тартымды, шебер тілмен, дәйекті баяндалған.

Бесінші тарауда эмоция мен сезім, бет пен деиедегі түрлі мәнерлі құбылыстардың келбет, көз әлпеті, ым-ишара, т.б. қазақ өмірінш алынған қызғылыкты да, нақты деректер арқылы түсін-діріледі. Адамда жиі үшырайтын сезім, көңіл күйлері (таңсық-қойлық, қорқыныш, еліктеу, тентектік, пандық, т.б.) және бұлар-дың психологиялық астарлары сөз болады. Түйсік пен қабылдау, перне іліктестігі, ассоциация мен апперцепция, ынта мен ілтипат, ее пш елес, қиял мен шығармашылық мәселелері - алтыншы, сегізінші тараулардың бас тақырыптары. Бұларда классикалық психологияның негізгі қисындары: түйсіктің Ье-оер-Фехнер тұжырымдаған психофизикалық заңы, Г.Гельмгольцтің резонанс (жаңғырық) тюриясы, Берклн кисыны, т.б. төл тіліміздің өзіндік нақытымш жақсы түсіндіріледі.

Ал психологиялық басты проблемалардыц бірінш сана-латып ойлау мш сөйлсу, үғым ыкв сөз, елсстету мш ұғым, ойлау формалары (ұғым, пікір, ой қорытыңдылары) сиякты күрделі гылыми категориягирдыц ман-манкд логика, психология гылым-дары тұрғысынан өз дәрежесінде талдау тапқан. Тоғызыншы тарауда ерік-жігер, қажыр-қайрат, бұларды тәрбиелеу жайлы әцгіме болса, овыншы тарауда — үйкы, тұс көру, көз байлау (гншюз), т.б. ііараікихологиялық құбылыстар жайлы айтылады. Он біршнгі, он екшші тарауларда әдет-гүрып, саят-сана, дәстүр, түрлі оц, теріс кылықтардың табиғаты, кісі психологиясын әлкуметтік, қоғамдық тұрғыдан кальштастыру, сондай-ак мәде-вист ш» өнердщ: дін мш пәлсапаның, жагырапиялық ортаиыц (казіргі термввде эколопіяныц—Қ-Ж-Х тіл мш ауыз әдебиетітң адамныц жаи-дүниесіне калайша әсер ететіндігін накты әрі тартымды мысаддар арқьшы тусіндіреді

Психология оқу күралында сурет, таблица, схема, т.б. түрлі безоідірулерге ерекше мән берілгш. Бұл аятылгандардъщ бәр-бәрі оқу кггаптарыныц ажарын кіргізетін, олардың дидак-гикалық пәрменділігін арттыратын мәвді елшемдер. Мұнда Аласснкалық вснхологнядан түпкілһггі орын тегаон, күні бүгінге дейін колданбалық мәнін жоймаған түрлі зспап-құраядардын (сішмограф, эстезиометр, кимограф, камертон, т.б.), сондай-ак кеотегщ схема, габдицалардыя суреттері (жүйке саяасының бө-діктері, ми жарты шаряарының құршшсы, есту, снлай-сезу мүшелері — жез, кұлақ, тері, жүйке талшыктзры, т.б.) орын төокш.

Ж.Аймауытовтың психология саласында жазган екінші төл еңбегі «Жан жүйесі мен өнер таңдау» (Мәскеу, 1926) өзіне ерекпге наза;р аудзртады. Мұнда автор гылыми психологияда кед гараған анкета, байхау әдістері арқшш Кеңее өкіметінің алғашкы жшгдарвіяда кыр қазақгарыньщ ұлт, әлеуметтік ерекшеліктерін ескере отырып, олардыд мамзндық таңдау жолын-дағы .тадпывййстарын тәжірибе арқылы аныктағысы келгев. Зерттеудің басты мақсаты: Қазан твңкерісінш кейінгі. жаңа заман жагдайында жастарға мамандықты дұрыс таңдай білуге жәрдемдесу. Кітап мысалдарынан сол кездегі қазак жастарын, кеңсе, заң, т.б. осы секілді әкімгерлік кызметтер, сондай-ақ мұға-лімдік, журналистік, сауда, медицина, т.б. мамаңдықтар ерекше кызыктырғанын анғарамыз. Автор мамандықтың жаманы жоқ., мұнъщ кез-келгшіне икемдік кажет, бұл жәй күнелтудіц жолм ғана емес, үлкен өнерді, шеберлікті кажет ететінш айтады- «Әлеу-мет тұрмысындағы зор кемшіліктіц бірі, — деп жазды од, — әлдодетгщ мүшесі — әр адам өз ортасына кызмет етпеу. Кімде кім өзіне бітке» ыңғайға карай өз жолымез жүріп кызмет етсе, өз басына да, әлеуметке де үлкш пайда келтірмек. Өз орнында істегш адамның жүмысы да өнімді, берекелі болмақ... әр өжр; әр қызмет мемлекетке, әлеуметке керек. ӘлЕумет те, мемлекет те әр адамның еңбегі берекелі, найдалы болуын тілейді, «...жғүр-лым әр мүшесінің еңбегі жемісті болса, соғұрлым әлумет тұрғы сы да тез оңалмақ». «...Бас мақсатын біржола ұмытып, әл^мет қызметіне біржола берілетін адам болуы мүмкін емес, ондай адам кемде-кем. Бірсу әлеумет үшін еңбегін көп жұмсайды, бірсу бойын тежеп, бас мақсатын көбірек бағалайды. А іырма жалғыз осында... Қайткенде әрі жеке адамыың, алі әлеумсітік аайдасы бірдш табылады? Қай уақыгга аяЕумет тіяегі мж жеке адам тізегі тоғысады? — әр адам табиғатына бһкш кабілетіне, ыңғайына, зеректігіне карай өз орнында кызмет етсе, сонда табылады.» Бүгінгі нарық экономикасының талап-тілектері, мамандық таңдау мәселесіне басқаша бағыт-бағдар беріп отыр. Қазіргі заманда қандай мамандық несі болмасын өз ісіне жеціл-желпі карай алмайтьгны белгілі. Мұны Ж.Аймауытов та сол кездін өзінде қатты ескерткен: «Оқыған азаматтың қыз-метке тұрлаусыздығы, тез кызын, тез суығыштығы, білімі аз, шалалығы, құр даурык (демагогтік) боямалылығы, едіктегіш, мансап-қорлығы, кенсешілдігі, пайдакүнемдігі, негізгі мақсат-мұраты жоктығы, берік жол түтына алмайтындығы - осьшың бәрі шыя алумет қызметкерініц піспегеи, шынықпдағанын корсетеді.»

Аймауытов сол кездегі кейбір казак жігһтері әкімшшік, комиссарлық кызметке шектен тыс әуес болғандығын, бұлардың осы салага қызығуы, өнер қысқаннан туып отырмағанын, бұл бір жүкпалы дерт сиякты нәрсе деп келсмеждейді. Автор осы жерде халкымыздың «Бәрің қойшы болсаң, құл боларсың, бәрі бірдей тойшы болсац, жын боларсыц» дегш тамаша мақалын келтіре, өте орынды дәлелдегш. Автор қазақ жастарына егін салуды үйрен, отырықшы бол, дшсаулығыңды күт, шаруа түр-мысыңды түзет, газет, кітап оқуға әдеттен, қысқасы, мәдсниетті адам болуға, алуан өнерді білетін кісі болуға тырыс дейді.

Ж.Аймауытов мамандық таңдау жайлы өз пікірлерін жалғастыра келіп: «Жұрттың бәрі — комиссар болғанда, осын-ша қызметтерді істеуші кім болмақ?»— дейді. Осы сұрақтың жауабын Жүсіпбек былайша түйіндейді: «Әлеумет тұрмысы оңдалу үшін онымен бірге әр адамның тұрмысы түзелу үшін -әр адам қолыннан келерлік, пайда берерлік іс істеу керек. Әр адам қабілетіяе, ыңғайына қарай өз орнында қызмет етпесе әлеуметке пайда орнына зиян келтіреді. Екінші, эр адам өз жолымен жүре алмай бөтен жолға түссе, оның бар таланты (озаттығы) жарыққа шыға алмай жерге көміледі. Ондай адам өмірге разы да болмайды.»

Автор, мамаңдық тандауда адам өзінің жеке қасиеттері мен кейбір туыстан берілетін ерекшеліктерін де (темперамент, нышан, т.б.) ескеру қажеттігін, бұл жерде кісі өзін-өзі басқарып, жеке басын жетілдіруге, кісілікке үмтылуға ерекше мән берудің маңыздылығын жалықпай қайталап айтып өтеді. Өзіңце қаңцай талант, қандай зеректік, қандай қабілет, бір сөзбен айтқанда, қандай қасиет барлығын білуін қажет. Өзін-өзі танымаған адам, өзгені де тануға шорқак болады деп тұжырымдайды.

Аталмыш зерттеудің ғылымилығын арттыра түсетін басты ерекшелігі — мұнда еуропалық психолог ғалымдардың осы тақырып төңірегінде жүргізген зерттеу жүмыстарына ерекше көңіл белініп, солармен салыстыра, сабақтастыра баяндалатын-дығында. Мәселен, автор өз тұжырымдарын сол кездегі белгілі орыс психологы А.Ф.Лазурскийдің (1874-1917), сондай-ақ ат-тары әлемге әйгілі неміс және американ психологтарына (Джемс, Мюнстерберг, Штерн, т.б.) сілтеме жасап, бұларға өзіндік пікір білдіріп, осы мәселенің анық-қанығына, үңғыл-шүңғылына ой жүгіртіп, сайып келгенде, күні кешегі көшпелілер психо-логиясының жаңа жағдайдың әсерімен біртіндеп өзгеріске түсе бастағанын паш етеді.



2. Ж.Аймауытов психологияның жекелеген мәселелерін өзінің соңғы еңбегі «Комплексті оқыту жолдары» (Алматы, Қазақ» баспасы, 1929 ж.) атты кітабында да жол-жөнекей сөз етеді. Кітап 9 тараудан тұрады, ол педагогикалық курсты тың-даушылар мен педтехникум студенттеріне арналып жазылған. Онда оқу бағдарламасының жекелеген түрлеріне талдау жасалынады, оның негізгі үш тірегі (жаратылыс, еңбек, қоғам мәселелері) туралы айта келіп, оқудың түп казығы -» еңбек екендігін, мұны шәкірт психологиясына орайластыра жеткізудің қажеттігіне баса назар аударады. Автор «Комплексті оқыту не?» деген сауалға былайша жауап береді: «...бұл өмірдегі сан алуан құбылыстарды, нәрселерді бір тақырып пен пікірдің төңірегіне жинап, қосып, түйдектеп, біріктіріп оқыту». Автор оқыту бары-сында Шәкірттердің эстетикалык (сүлулық) талғамының ерек-шеліктерімен санасу қажет дейді. Халық әндерінің психо-логиялық жақтарына талдау жасай келіп, ол былай дейді: «Жер, тұрмыс жағдайына қарай, әр елдің сазы (ән-күйі) де әр алуан, Түркістан елінің әні бұлтарысы жоқ, тік тартар айқай, қайыр-масы жоқ, келте немесе бірыңғай текірек болып келеді, түйеге, атқа, есекке мінген адам болып, ауылдан былай шыға беріп: «Ауылың сенің белде еді, аридай»,— деп қозғайды. Арқаның әні толқынды, ырғақты, айқайлы, зарлы, қайталамалы, қайыруы үзын болып келеді. Теріскейдің, батыстың әні мұнды, зарлы, шерлі, желдірме, көй-көй болып келеді.» Ж.Аймауытов бұл жерде ұлттық (этностық) психолоіияға ерекше мәк беріп отыр. Автор тәлімгер қауымға арналған тұжырымдарын: «ізденсе, талаптанса, қолдан жасалмайтын шарт жоқ. Қүнтталмаған, ізденбеген, соңына түспеген адамның жүмысы еш уақытта берекелі болмақ емес»,— деп психологиялық іұріыдан түйін-дейді. Осы кітаптың да қазіргі қазақ мектепгершде ұстаздық жасап жүрген тәлімгерлерге тигізер көмегі аз болмаса керек.

Жүсіпбектің психологиядан жазған еңбектері жайлы айтқанымызда оның ғылыми терминдерді жасау, тандау, қолдану принциптеріне қысқа болса да пікір білдірмесек болмайды.

Біздегі ұлттық психологиялық терминдердің алғаш жүйеге түсуі де Аймауытов есімімен байланысты. Кей кезде де термин сөздерге ауыр жүк жүктелген, олардың жекелеген ғылым-ның өзіндік ерекшелігін бажайлап көрсете алуы абзал. Ғылыми үғымдардың ана тілімізде дұрыс түйінделуі аса мүқияттылықты қажет етеді, сондықтан да біз әрбір терминнің тұрақты орын алуына, біртіндеп ширай түсуіне қамқор болғанымыз жөн.

Жасыратыны жоқ, біздер осы күнге дейін терминдік олқылықтан шыға алмай келеміз.

Осы айтылғандарға жиырмасыншы жылдардың өзінде-ақ Аймауытовтың ерекше назар аударғаны құптарлық жәйт. Ұлттық ерекшелікпен санасуды термин жасаудың негізгі прин­цип! етіп ұстау — оның термин жасау тәжірибесінің негізгі кредосы дер едік,

Ғылыми терминдік сөздерді автордың таңдау тұрғысы да ерекше назар аудартады. Себебі белгілі бір ұғымның балама-сына алынып отырған термин сол ұғымның дәл .мағынасын беруі, сондай-ақ оньщ келешекте казақ тілінде алатын турақты орны қандай болмақ деген мәселе осы тұрғының негізгі маз-мұньга белгілейді.

Мәселен, автор еңбектерінде кездесетін әсер — впечет-ление, әугстік — любопытство, балальщ — детство, тілек — жела­ние, жан қуаттары — душевные силы, амал — действие, қызмет — деятельность, қылық - поведение, көңіл-күйі - настроение, мағына — смысл, мақсат — цель, мейірімділік — гуманность, ерік, — воля, елігу - влечение, еліктеу - подражание, ұғым -понятие, ниет — намерение, pyx — дух, т.б. осы іспеттес психологиялық ұғымдар күні бүгінге дейін төл оқулықтарымызда еш өзгеріске түспей, ұлттық терминдер қорының төрінен орын алып келеді.

Аймауытовтың ғылыми терминология, стиль ерекшелігі, оның психологиялық жақтары үлкен тақырып, бұл өз алдына арнайы зерттеуді қажет ететін мәселе. Ж.Аймауытовтың психо-логиялық қисындарының негізгі желісі — оның өзі тұжырым-даған мына төмендегі қисындарға келіп саяды: «Тән куаты болса, жан қуаты да ажарлы болады», «Нашар жаннан — осал мінездер туады...», «Жалынды сөз, жалынды жүректен шыға-ды...», «Баланы іспен емес, сезбен, үлгімен, ақылмен үйреткен адам сорлы... Адамның денесі қандай мысқалдап өсіп, жетілетін болса, пікірі де сондай, бірте-бірте жетіліп, өркенделмек... Ерлік, қайрат үнемі ірі жұмыста көріне бермей, күндегі уақ-түйек жүмыста да көрінуі керек...», т.б. Аймауытов кітаптарьшың ерекше назар аударатын тағы бір басты ерекшелігі — бұлар төл тіліміздегі түнғыш психологиялық дүние болумен қатар бурынғы Кеңес елін мекендеген түркі тектес халықтар тілдерінде алғаш жарык көрген бірден-бір туындылар екендігінде. Өйткені, қырқыншы жылдарға дейін әзірбайжан, өзбек, түрікпен, қырғыз, қарақалпақ, башқұрт тілдерінде ұлттық-психологиялық еңбектердің жарық көрмегенін ескерсек, осы басылымдардың бағасы өлшеусіз арта түседі. Әрине, осындай өресі биік ғылыми түйіндері бар төл туындылардың сол кездегі отаңдық психо-логияның ғылыми сара жолға түсе қоймағанын, тіпті шет аймақтағы Қазақстан түгіл, Орталықтағы ғылым ордаларында да (Мәскеу, Петроград, т.б.) белгілі ғалым-психологтар (К.Н.Корнилов, В.М.Бехтеров, П.П.Блонский, т.б.) ескі түсінік-терден арыла алмағанын ескерсек, сондай қарбалас кезеңде жазылған Аймауытов кітаптарын қазіргі ұлттық игілікке айнал-дыру, тіпті оларды орыс не еуропа тілдерінің біріне айналдыру — кезек күттірмейтін шүғыл еңбектердің бірі болмақ.


Бақылау сұрақтары:

1. Ж.Аймауытовтың өмір жолы?

2. Ж.Аймауытовтың психология жайлы пікірлері?

3. Ж.Аймауытовтың психология саласында жазған еңбектері, олардың мән мағынасы жайлы қысқаша баяндаңыз?

4. Ж.Аймауытов мамандық таңдау жайлы?
12 лекция

ІV – тарау Кеңестік Қазақстандағы психологиялық ғылым



1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет