“Гуманитарлық білім” факультеті



жүктеу 2.08 Mb.
бет8/11
Дата02.05.2016
өлшемі2.08 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
: CDO -> Sillabus
Sillabus -> Лекция : 15 сағат обсөЖ : 15 сағат Барлық сағат саны : 45 сағат Қорытынды бақылау : емтихан, 4 семестр
Sillabus -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Sillabus -> Хор жүргізу” пәні бойынша 5В010600-“Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен
Sillabus -> Арнайы семинар: “Абайдың ақын шәкірттері” пәні бойынша
Sillabus -> Лекция:: 18 сағат Семинар: 16 сағат СӨЖ: 11 сағат Барлық сағат саны: 45 сағат
Sillabus -> Лекция:: 34 сағат Семинар: 34 сағат СӨЖ: 22 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Sillabus -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Sillabus -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Sillabus -> Лекция: 18 Семинар: 16 СӨЖ: 11 Барлық сағат саны: 45
Sillabus -> Лекция : 30 сағат обсөЖ : 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат Аралық бақылау саны 2 60 балл

Кеңестік Қазақстандағы психологиялық ғылым


(1 сағат)
Жоспар:

1. Психологияның ғылым ретінде қалыптасуының алғашқы кезеңі (1920-1945)

2. М.Әуезов (1892-1961)

3. Сұлтанбек Қожахметов


Пайдаланылатын әдебиеттер

Негізгі:

1. Әл-Фараби. Философиялық тракттар. Алматы, “Ғылым”, 1973.

2. Әл-фараби. Саяси этникалық тракттар, Алматы, “Ғылым”, 1975.

3. Баласағұни Жүсіп. “Құдатғу біліктегі тәлім-тәрбие мәселелері”. //Жалын, - 1974. - №1

4. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі, Алматы, “Санат”, 1995.

5. Жарықбаев Қ. Махамбет Өтемісұлы жастар тәрбиесі туралы. Алматы, 1976.

6. Қазақтың тәлім тәрбиелік ой-пікір антологиясы. І том, Алматы. “Рауан”, 1994.

7. Аймауытов Ж. Психология Алматы, “Рауан”, 1995.

8. Торайғыров С. Произведения в 2-х т. Алма-Ата, 1967.

9. Абдуллина О.А Общепедагогическая подгогтовка учителя. – М.:

Қосымша:

10. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы, “Рауан” 1993.

11. Семья өміріндегі әдеп және психология И.В.Гребенников Алматы “Мектеп” 1986 ж.

12. Қазақ отбасы. Халел Арғынбаев Алматы “Қайнар”. 1996 ж.

13. Қ.Жарықбаев Қазақ психологиясының тарихы. Алматы “Қазақстан” 1996 ж.
Лекция мәтіні:

1. Қазақстанда іргелі ғылыми зерттеулердің дені соңғы жетпіс көлемінде ғана өркен жайьш, дами бастағаны белгілі. Бұл жағдай, әриш, психология ғылымына да ортақ. Әринг, осы ғылымның алдағы жерде гүлдеп шешек атуына, біртіндеп қанатының қатаюына бірсыпыра алғы шарттар сонау ерте замандардан (Әл-Фараби, Абай, Шәкәрім психологиялық ілім-дері) Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңдерде, сондай-ақ 20 жылдар-да (М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов еңбектері) біршама жасалған болатын. Мәселен, Бөкей ордасында шыққан «Мұғалім» журналында (1919) Ғ. Қарашевтің бірнеше тәлімдік-пәлсапалық, психологиялық сипаттағы туындылары, Н.Құлжанованың «Мектепке дейінгі тәрбие» (1923), «Ана меи бала» (1927) дейтін кітаптарында да адамның жан-дүниесі жөнінде біраз сөз қозғалған еді. 20-жылдары өлкедегі тәлім-тәрбие ғылымының іргетасы-ның қалануына орыс ғалымдары да шама-шарқынша үлес қосты. Мәселен, сол кездері Орынбордағы Қазақ ағарту институтында ұстаздық етіп, сол оқу орнын біраз жыл басқарған, сөйтіп жаңа типті қазақ мүғалімдерінің қалыптасуына жәрдем еткендердің бірі — профессор В.Я.Струминский (1880-1967) еді. 1923 жылы оның қаламынан «Психология» атты еңбек (диалектикалық материализм тұрғысынан баяндалған ғылыми психологияның негізгі мәселелері) жарық көрді. Сонымен қатар, ол мүғалімдерге арнап «Еңбек мектебінің қызметкерлері үшін үстелдік кітап» (1,3 басылымдар), «Орынбор 1-басқыш мектебі шәкірттерінің сөйлеу ерекшеліктері» дейтін еңбек жазды. Осы кездері Ташкент-те Н.Архангельскийдің «Психологиялық зерттеулер» атты еңбе-гі қысқартылып, қазақ тіліне аударылды. Осы аталған кітаптар қазак. психологиясының қаз түрып кетуіне себеп болғаны хақ.

Қазақстан отызышпы жылдары қызмет еткен, аты бүкіл әлемге әйгілі, Ресейдегі педагогикалык. психологияның негізін салушылардың бірі - АЛ.Нечаев (1870-1948) елу жылдан астам психология саласында белсеяді қызмет еткен, аты айдай әлемге белгілі ғалым еді. Ол араласпаған психология саласы кемде-кем. Ғалым көп жылдар бойына адамның еске сақтау ерекшеліктерін тәжірибе (эксперимент) жүзінде тексеріп, оны мектеп практика-сына ендіруді көздеді. Яғни психологияның қолданбалы салаларын (жас, педагогикалық, медициналық, т.б.) дамытуға зор еңбек сіңірді. Ол елуден астам кітаптың, жүздегш ғылыми мақалалардың авторы. Олардың кейбірі: «Қазақ эксперименттік психология және оның мектеп ісіне қатысы» (1908), «Кітапхана ісінің психологиялық мәселелері» (1922), «Денг тәрбиесінің пси-хологиясы» (1927), «Шахмат ойынының психологиясы» (1928), «Техникалық өнер тапқыштардың психологиясы» (1928), «Ее және оны тәрбиелеу» (1930), т.б. Өз өмірінің соңғы жылдарында Семейдің Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институтында педагогика пәнінен сабақ берді, сырттан оқитын студенттерге арнап, «Психология» оқулығының қолжазбасын даярлады. Оның 1940 жылы жазып бітірген «Психсфизиологиялық син-дромдар жүйесі» атты еңбегін (бұл автордың психология сала-сындағы қырық жылдық зерттеуінің қортындысы) еліміздің көрнекті психолог ғалымдары, акедемиктер Д.Н.Уэнадзе мен К.Н.Корнилов өтс жоғары бағалады. Синдром түсінігі арқылы А.П.Негаев адам бітім-болмысының, қасиет саналарының заңды байланыстарын, жеке-дара бөліп алып (сенсорлық, аффектілік. эмоциялық) түлғалардың психофизикалық мінез-құлықының сарынын, бағыт-бағдарының белгілерін жіктеген кісінің өзін-өзі бағыттауы мен ішкі ниетін келесі бір адамға сездіруі тек қарым-қатынас қызметі арқылы белгілі боларынан аныктаған. Оған осы еңбегі үшін диссертация қорғатпай-ақ педагогика ғылымдары-ның докторы ғылыми дәрежесі берілді. Қазақстан психология ғылымының өркен жаюына осынау ғалымның да біраз шапағаты тигені даусыз.

Отызыншы жылдары психологияға қатысты зерттеу-лерді қазақ ғалымдары да Ш.Әлжанов, М.Әуезов, С.Балаубаев, Ә.Садықов, Т.Тәжібаев, А.Темірбеков, С.Қожахметов, т.б. жүргізіліп келді.

2. А. Мұхтар Әуезов (1897-1961) Кемеңгер М.Ә>езов өзінің 20-жылдары жекелеген еңбек-терінде («Ғылым тілі», «Философия жайынан», «Оқу ісі» т.б.) философия мен психологияға байланысты өз ойларын ортаға салды.

М.Әуезовтың психология мәселесіне қатысты айтқан-дары, сондай-ақ оның әр жылдары әдебиет, өнер, білім, ағарту, мектеп мәселелері туралы жазған шығармаларында да жиі үшыр-асады. Бұларда адамның әр алуан көңіл-күйлері, эмоция, сезім, ерік - жігер еркшеліктері шығармашылык әрекет үстіндегі қаламгер шабыты, тәлімгерлік қасиет, қазақтың ұлттық психо-логиясы әр қырынан сөз болады. Төменде ғалымның шығарма-шылық, психологиясы мен этнопсихология мәселелері жайында айтқандарына тоқталайық. Оның пікірінше шабыт тек өнер өкіл-деріне ғана тән қасиет емес, ол кез келген мамандық иесіне кезде-сетін ерекше психологиялық күй. Бірақ мұның өзі жазушы мен ақын үшін өте-мөте кажетті сипат. Мұндай жағдай творчество адамында, біріншіден, бойдағы күш-қуаттың зор өрлеуімен, екіншідш шығармашылық соңы туындыға құлшыныстың күрт артуынан, үшіншіден, көңіл күйдің шарыктап тасуымш сипат-талады. «Жазушы қаламынан туатын асыл бұйым, — дейді М.О.Ә^езов, — суреткердің өзінің жанынан терең алған күйлер-ден туады». Мұндайда автор айтқандай, «алаңсыз көңіл», «ақындық сезім», «ұзақ пісу», «бір жазғанын қайта-қайта жаза беру», «өзін-езі сынап карай беру», т.б. көңіл-күйлері шебер жазушы мен майталман ақынға ауадай қажет. Жазушы қаламы-нан туған әрбір туынды, зергердің қолынан шықкан асыл бүйым-дай творчестволық шабыт күйінің нәтижесі. Шабыт, салтанат құрған шығарма ғана жұртты өзіне баурап алады. Шабыт жоқ жерде әлсіз, сүреңсіз жасық шығарма туатыны хақ. Мұндай да кісі сан алуан сезім күйлерін, небір жан тебіреністерін басынан кешіреді, суреттеліп отырған оқиғаға немесе диалогтарға байла­нысты көңіл күйі мың сан құбылады. Бірде достасып, бірде алыс-қан, кейде куанып, керіліп, мәз-мейрам болып немесе ашулы күйік, ыстық жас төгіп, жеңілу мен үтылу жазасын шеккен, болма-са жеңіс, табыс пен қуаныш, шаттық тапқан, қысқасы тынысы былқыған жазушының жүрегінен ғана шын шығарма туады.

М.Әуезов жазушы шығармашылығын бірнеше сатыларға беліп ажыратады. Мәселең, қаламгер ең алдымен өмірмен мидай араласып, оны терең білуі тиіс, мұнысын ол логикалық пайым-дау және қиял арқылы түсіндіре алады. Өмірді дұрыс танымай, оны бар болмысымен іштей меңгермей, ақын, жазушыда шабыт тумайды. Екіншіден, творчество өмірді терең білуден, оны үнемі зерттеуден, үздіксіз жойкын еңбек етуден туындайды. Твор-честволык еңбек «жүрек канымен жазылатын, бейнеті көл-көсір, рахатынан азабы басьш больш келетін ауыр еңбек. Жазу бары-сында тек шабыт күйін иемдену жеткіліксіз, мұнымен қатар творчество өкілінде асқан табандылық пен шыдамдыльщ, ғажап бай қиял, кажыр-қайрат, әсерленушілік секілді қасиеттер болуы шарт. Көркем дүниенің өмірге келуі де әртүрлі. Мәселен, кейбір туынды бас-аяғы екі-үш күн ішінде жазылса, енді бірі жылдар бойы жазылады. Әуезовтың өзі «Абай жолы» эпопеясын жазуға үзын ырғасы 20 жылын сарып еткені мәлім. Осы жылдары ғұлама ғалым өзінің бүкіл мінез-құлқын, сезім-талғамын, қажыр-кайратын ең басты мақсатьша бағыттап, рухы мен жігерін күндіз-түні ширатып, асқан табандылық пен шыдамдылықты көрсеткен еді. Ол «талапты, табанды жеңеді» деп жиі айтатын.

Қаламгер өмірден алған түрлі әсерін, айталық табиғат сүлулығын, ән мен күйдің жүрек қылын тербететін әсемдігін қуанышты не қайғылы жағдайдан туған әсерін аса көркемдікпен| бере алса, шығарманың өз оқырманын тез баурап алатындығын-да сөз жоқ. Әрине, ақын, жазушы айналасындагының бәрін бірдей қабылдай бермейді, оларды ми мен жүрек елегінен қайта-қайта өткізіп, өзінше корытып, өзіңдік дүние етіп алады. «Тегінде -деп жазды ол,— зор дарынды, ойшыл, білімді, алғыр адамдардың ой-сезімі, санасы, барлық интеллект сипаттары бір-ақ қана іргеден туады, бір ғана арнадан тарайды деп түсінбей-мін, өзімізге мәлім сүйікті ұлы жандардың қай-қайсысын алсак та сезім саласын, ой-дүниесін қалыптаған негіздер бір жақты болмайды. (М.Әуезов, шығармалырының 20 томдығы, 18-том, Алматы, 1985, 207-бет). Шығармашылық әлемінде ойды жинақ-тай, синтездей алу әрекеті де күшті дамыған болуы керек. Ол өзінің сезім мүшелеріне әсер еткен түрлі құбылыстарды, не бір-біріне қарама-қарсы тұрған объектілерді тәптештеп сүрыптайды да, жекелеген бейнелердің (образдардың) штрих, детальдарын бөлшектеп, ажыратып, бұдан түтас, жаңа-дан бір образ құрас-тырады. Осындай жолмен жасалған көркем шығарма ғана адам-ның жан-дүниесіне шеді де, оның ақыл-ойы мен сезім дүниееін билейтін болады. Мәселен, езі сомдаған ұлы Абай бейнгсі жұрт армандаған, бар жақсыдан қорытылған асылдың асылы, оның бетіне шыққан нәрі, типтік бейненің сом алтындай сығындысы.

Ғұлама жазушының этнопсихология, ұлттық мінез тура-лы айтқан түйін-тұжырымдары да сапалығымен көзге түседі. Ғалым әр халықтың, не ұлттың өзіне тән мінез-құлқы, темпера­мент!, талғам түсінігі, әдет-ғүрпы, салт-санасы болатындығын әркез ескеріп отырған. Ол сондай-ақ, бұл айтылғандардың біршама тұрақты да түрлаулы болатындығын, қоғамдық сана-ның ұлттық бояуларға қануы қажеттігін айтқан. Автор халық-тың ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан ортақ рухани тіршілік-тері (фольклор, тіл, дін, онер, дәстүр, салт, әдет-ғүрып, т.б.) ұлт психологиясының ерекшеліктерін таньга-білдіретін басты олшемдер дейді. «Қазақ халқының - деп жазды М.О.Әуезов,» ақындық қабілет дарыны өмірде ақынның ерекше типін туғызды». Оның «акынның ерекше типі» деп отырғаны - қазақ өнерінің тарландары — айтыс акындары. Өлең-жырды бір-ден табан астында жанынан шығарып айту, суырып-салма қабілет-тілік, қиыннан қиыстырулар, хас шеберлік, тіл байлығы, өз қабілетіне табыну, халқымыздың ұлттық психологиясының басты ерекшеліктерінің бірі. Ол халқымыздың «естірту», "жоқ-тау», «көңіл айту», «бет ашар», т.б. тұрмыс-салтқа байланысты туындаған өлең-жырларынан да қазақ халқының психологиялық кейпін жақсы көретіндігін, қоғамдық прогресс барысында ұлт-тык психология өзгеріске түсіп, жаңа мазмұнға кешіп отыратын-дығын да еске салады, ...заттық тәрбиелік халықтық жағдайлар, орталар өзгерумен катарласа, ілесе адамның өз психикасы... мүмкіндігінше басқа сапаға ауысып, озгере береді, ұлттық ерек-шелікті үдайы қозғалыс, өзгерісте болатын диалектикалық прог­ресс деп тануымыз керек». (М.Әуезов. Шығармаларының жинагы, 19-том, Алматы, 1985,44-бет.)

Ұлы жазушының мол мұрасында осы айтылғандармен қатар, адам жанының асыл қасиеттерін талдап көрсеткен салиқа-лы ғылыми пікірлері аз емес. Психология ғылымы саласында арнаулы еңбек жазбаса да, оны қазақтан шыққан жаңа типтегі психологтардың бірегейі деп айтуға толық хүқымыз бар.



3. Сұлтанбек Қожахметов (1912-1945)

Ұлы Отан соғысына дейінгі кезеңде Қазакстанда педа­гогика, психология ғылымдарын жұртшылыққа кеңінен насихат-таушылардың алдыңғы қатарында жүрген ғалымдардың бірі — С. Қожахметов дидактика теориясынан казақ тілінде диссер­тация қорған (1939), кейіннен оны «Педагогика мәселелері» деген атпен жеке кітап (1940) етіп шығарды. Мұнда шәкірт мең-геретін білімнің саналылығы мен жинақтылығының өлшемдері баланың өз бетімен кітап оқу дағдысын қалыптастыру мәселе-лері, окушының эстетикалық (сұлулық) талғамдарын дамытып, қалыптастыру, оның алған білімі мен дағды, іскерлігін бағалай білудің ғылыми негіздері қарастырылады. Мәселен, осы кітаптыі «Эстетикалық тәрбие» атты тарауында ғалым былайша ой тол ғайды: «...Эстетикалық тәрбиеяің ең бірінші мақсаты — оқушылардың сезім мүшелерін тәрбиелеп, дамыту және олардыг қабілеттілігін күшейту... Тамаша көркемдікті, сұлулықты байқау үшін оны көре және есіте білу керек". Бұл жерде автор сұлулық. көркемдік тәрбие үшін шәкірттің сыртқы бес сезім мүшесі (көз, құлақ, иіс, дәм, сипай сезу) ойдағыдай жетіліп, дені сау болуына ерекше көңіл бөлу қажеттігін, ата-ана мен тәлімгерлердің есіне салады. С. Қожахметов көркемдік әсемдік тәрбиесі тек сыртқы сезімдер арқылы адам жанын рахат пен ләззатқа белей алатын-дығын, бұл үшін шәкірттің ойлау, қиял сияқты қуаттарын да дамыту қажеттігін былайша тұжырымдайды: «Ойлампаздық қасиеті өсіп-жетілмеген адамның тамаша, сұлу көркем заттарды қабылдауы нашар болады. Эстетикалық көркемдікке шаттанудың, рухтанудың жоғарғы түрі адамның ақыл-ойының дамуымен байланысты».

Педагогикалық, психологиялық мәселелерді талдағанда автор жекелеген тәлім-тәрбиелік тақырыптарды өрісі тар өткін-ші нүсқау, жарлық түрінде баяндай бермей, мәселенін ішкі ғылыми астарына, оның пәлсапалық, психологиялық жақтарына терең үшін баяндайды. Бұл жерде оның бүкіл әлемдік педаго­гика классиктерінің (Аристотель, Платон, Комен-ский, Песта-лоцци Локк, Фребель, Гербарт, т.б.) ғылыми мұраларына жаса-ған талдаулары оқырман назарын өзіне мықтап баурап алады Қазақ топырагында сол жылдарда осынау ғұламалардың тәліми мұралары көпшілікке мәлім болмагандығы белгілі. Өйткені, 20-жылдары осындай ақыл-ой алыптары жайлы сөз қозғаған жеке­леген зиялыларымыздың (О.Қарашұлы, М.Жүмабаев, Ж.Аймауытов) азды-көпті еңбектері белгілі себептермен көпшілік жұртшылыққа беймәлім болып келді. Осы тұрғыдан алып қарағанымызда С. Қожахметовтың педагогика тарихына байланысты еңбектерін өлкеміздегі осы ғылымның алғашқы қарлығаштары десек артық болмас еді. Автор аталмыш еңбек-терінде педагогика мен педагогика тарихын бір-бірінен алшақ-татпай, екеуін өзара үйлестіріп, сол кездегі қазақ мектебінің талап-тілегіне байланыстыра сөз етіп отырады. Автор еңбек-терінде тдариялық пайымдаулармен қатар мәнді ұсыныс-тілектер де көптеп кездеседі. Мәселен, қазақ мектебіндегі сабақ-тын негізгі элементтері мен құрылымдары, бұлардың өзіндік функциялары мен мақсаттары, шәкірттерге сабак берудің әдіс-тері мен амалдары (еүрак, жауаптың сан алуан штрихтары) т.б. тартымды баяндалған. Оқушылардың білімін бағалау женінде айтқан автор туйіндері психологиялық жағынан өте маңызды. Ол: «Мүғалім... оқушылардың үйде жүмыс істеуіне мүмкіншілік-тері бар-жоғын, дшсаулығын және үғыну зеректік өзгешелік-теріи де еске алып отыруы шарт, өйткені бұлардың барлығы да оқушылардың сабақ үлгеріміне әсер етеді. Кейбір оқушының есту сезімі, ал кейбіреудің көру сезімі басым келеді... адамның маңайындағы құбылыстарды... түсінулері және ойға ұстап қалулары бірдей емес»... Ғалым шәкірт білімін бағалауда қателіктер жібермес үшін мүғалім өз оқушыларын бес сауса-ғындай білуі, олардын психологиясын жазбай тануы керек. Бұл үшін ол %-психологиялық зерттеу әдістерімен жәй хабардар болмай, оларды оқу-тәрбие практикасында үнемі қолданып отыруы қажет дейді.

С.Қожахметов шәкірттердің адамгершілік пен әдеп, саналы тәртіпке тәрбиелу мәселелерінің психологиялық астар-ларына байланысты бірнеше еңбек жазды. Соның бірі - 1940 жылы Қазақ мемлекет баспасынан жарық көрген «Оқушыларды саналы тәртіпке тәрбиелеу туралы" кітапшасы. Автор өз еңбе-гінде дүниежүзілік педагогиканың классигі Ян Амос Коменский-дің "Тәртібі жоқ мектеп - сусыз диірменмен тең" дейтін афориз-мін эпиграф етіп алады. Еңбек негізінен казақ (ауыл) мүғалімдері-не, олардың педадагогикалық-психологиялық таным-түсінік-терін жетілдіре түсу мақсатында жазылған. «...Жүмыстан кур-дел! нәтиже шығару үшін, - дейді од - еңбектің өнімін арттыру үшін, ең алдымен тәртіп керек. Тәртіп - адамның еңбекке қатынасының ең басты бір белгісі болып табылады... Саналы тәртіп оқушылардьвд азаматтық қасиеттерінің, мектептің дұрыс жүмыс істеуінің оқуға саналы түрде өзінің бар ықыласымен қатынасуын, мектеп мүлкіне үқыпты болуын, мектептің ішкі ережелерін сақтай білуін, мүғалімге, туысқандарына, жолдас-тарының көзқарасы, қарым-қатынасы сыпайы, қадірлі, қасиетті болуын талап етеді. (Сонда 4-бет).

Қазақстанда психология ғылымының қалыптасуына қолайлы жағдай жасаған жоғарыда айтқандардан басқа да фак-торлар аз болған жоқ. Соның бірі - ¥лы Отан соғысы жылдарында Алматыда, сондай-ақ республиканың кейбір облыс орталықтарының Ресей, Украина, т.б. неміс оккупациясына ұшыраған жерлерден уақытша кешіп келгш белгілі ғалымдар қызмет еткші мәлім. Бұлардың арасында психология ғылымының көрнекті өкілдері де бар еді. Мәселен, КазПИ-де профессор-психолог, М.П.Рубинштейн, Қызылордада - белгілі украин психологы кейіннен академик болған Г.С.Костюк, Қостанайда профессор В.Я.Резник, т.б. жұмыс істеді. Олар жергілікті ғалымдармен бірлесіп, бірнеше еңбектер жазды. Мәселен, М.П. Рубинштейннің «Батылдық психологиясы» атты зерттеуіне баспасөз беттерінде жылы лебіз білдірілді
Бақылау сұрақтары:

1. Отызыншы жылдары психологияға қатысты зеттеулерді жүргізген қазақ ғұламалары?

2. М.Әуезовтың психология мәселесіне қатысты айтқан пікірлері?

3. М.Әуезовтың этнопсихология, ұлттық мінез туралы айтқан түйін-тұжырымдары?

4. С.Қожахметовтың педагогикалық-психология жайлы айтқан пікірлеріне қысқаша сипаттама беріңіз?
13 лекция

Психологияның Ұлы Отан соғысынан кейінгі даму жолдары, қазіргі жағдайы мен даму перспективалары

(1 сағат)

Жоспары:

1. Мәжит Мұқанов

2. Кәрім Койбағаров
Пайдаланылатын әдебиеттер

Негізгі:

1. Әл-Фараби. Философиялық тракттар. Алматы, “Ғылым”, 1973.

2. Әл-фараби. Саяси этникалық тракттар, Алматы, “Ғылым”, 1975.

3. Баласағұни Жүсіп. “Құдатғу біліктегі тәлім-тәрбие мәселелері”. //Жалын, - 1974. - №1

4. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі, Алматы, “Санат”, 1995.

5. Жарықбаев Қ. Махамбет Өтемісұлы жастар тәрбиесі туралы. Алматы, 1976.

6. Қазақтың тәлім тәрбиелік ой-пікір антологиясы. І том, Алматы. “Рауан”, 1994.

7. Аймауытов Ж. Психология Алматы, “Рауан”, 1995.

8. Торайғыров С. Произведения в 2-х т. Алма-Ата, 1967.

9. Абдуллина О.А Общепедагогическая подгогтовка учителя. – М.:

Қосымша:

10. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы, “Рауан” 1993.

11. Семья өміріндегі әдеп және психология И.В.Гребенников Алматы “Мектеп” 1986 ж.

12. Қазақ отбасы. Халел Арғынбаев Алматы “Қайнар”. 1996 ж.

13. Қ.Жарықбаев Қазақ психологиясының тарихы. Алматы “Қазақстан” 1996 ж.
Лекция мәтіні:

1. Республикадағы психология ғылымы, әсіресе, соғыстаң кейінгі жылдарда елеулі кдрқынмен дами бастады. Оған да бірнеше сәтті жагдайлар себеп болды. Мәселен, 1946 жылы КазПИ-де республика бойынша тұңғыш психология кафедрасы құрылды. 1946 жылғы БК(б)П Орталық Комитетінің орта мектептерде логика мен психологияны оқыту жөніндегі қаулы-сына сәйкес Қазак университетінде логика және психология мұғалімдерін даярлайтын бөлім ашылды. 1951-1953 жылдар арасында осы бөлімді жүзге жуық адам бітіріп шықты. Бұлардың көпшілігі психологиядан мамандық алып, республиканың жо-ғары және орта арнаулы оку орындарында мұгалімдік қызметке жолдама алды. 50-ші жылдары республика үшін психолог кадр-ларын даярлауда профессор Т.Тәжібаевпен бірге согыс жылдары Саратовтан Алматыға келген профессор И.Л.Стычинский (1896-1969) зор үлес қссты. 1919 жылы сондағы университеттің меди­цина факультетін бітірген ол жүйке аурулары кафедрасының әуелі ординаторы, кейіннен доценті қызметін атқарады. 1921-26 жж. халық ағарту институ-тында, университетте психология­дан сабақ береді. 1931 жылдан Саратов медициналық институ-тының кафедра меңгерушісі, ал 1935 жылдан профессоры. 1944-

1949 жж. Алматыдағы «Ана мен баланы қорғау» ғылыми-зерттеу институтының директоры, 1947-1969 жж. Абай атындағы Қазак пединститутының профессоры, психология кафедрасының мең-герушісі, 1958-62 жж. Қазақстан психологтар қоғамының төр-ағасы болды. Ол көптеген жеке еңбектер мен мақалалардың авторы. Олардың кейбірі: «Бөбектердің психологиясын зерттеу» (Саратов, 1921), «Психика және жүйке саласын зерттеу» (Саратов, 1925), «Сөйлеу кемістігін топтастыру туралы» (Харьков, 1939), «Ойлау мен сөйлеу» (Халық мүғалімі, 1951, N4), «Педагогикалық психология- ның бүгінгі тандағы міндетгері» (Қазақстан мектебі, 1967, N3), т.б.

Өткен ғасырдың 40-жылдар аяғында Абай атындағы КазПИ мен Қазақ университетінде психология кафедралары ашыльш, ғылыми мамандар дайындауға нақты мүмкіндік туған-дығын жоғарыда айттық, Республикада сол кездері психология ғылымы саласында тұңғыш диссертация қорғағандар: Е. Суфиев, А.Темірбеков, М. Мүқановтар еді.

Қазақстандағы психология ғылымының өркен жаюьша шама-шарқынша үлес косқан ғалымдардың алгашқы тобына Адбдолла Темірбеков (1904-1972) пен Елеш Суфиевті (1919-1980) жатқызуға болады. Темірбеков 30-40 - жылдары Орал, Қызылорда пединституттарында директордың срьшбасары, Абай атындағы КазПИ-де факультет деканы, Өскемен пед-институтының ректоры кызметін атқарады, 1962-72 жылдары, Алматы шет ел тілдері институтының педагогика және психо­логия кафедрасының меңгерушісі болып істейді. Студентгерге қазак, орыс тілдерінде психологиядан сабақ береді. Ол 1968-70 жж. Қазақстан психологтар қоғамының төрағасы болды, пединституттар мен университтер үшін С.Балаубаевпен бірлесіп «Психология» оқулығын (Алматы, 1966), сондай-ақ мектеп оку-шыларының отаншылдың сезімін қалыптастыру туралы бірнеше еңбектер («Советтік патриотизм және оны оқушыларда тәрбие-леудің кейбір мәселелері», Алматы, 1953) жазып, осы тақырыпта кандидаттық диссертация қоргады.

Е. Суфиев Оралдың А.С.Пушкин атындағы педагогика-лык институтының химия-биология факультетін бітіргда (1937). Ол біраз жыл мектептерде мүғалімдік қызметте болады. 1946-80 жылдар арасында Ақтобе, Алматы, Шымкент қалаларындағы жоғары оқу орындарында психологиядан сабақ береді. Өмірінің соңғы жылдары Қазақ қыздар педагогикалық институтында психология кафедрасының меңгерушісі болды. Е. Суфиев психология саласында жазылған біраз еңбектердің авторы. Ол көп жылдар бойы қазақ шәкірттерінің орыс тілін меңгеруінің психологиялық негіздерін зерттеп келді. Оның 1952 жылы ҚазМУ-дің ғылыми кеңесінде қорғаған «Қазақ мектептерінің бастауыш кластарындағы оқушылардың орыс тілін меңгеруінің психологиясы» атты диссертациясында қазақ балаларының орыс тілі сабағында ақыл-ойы мен ауыз екі сөйлеуінің даму ерек-шеліктері психологиялық тұрғыдан талдауға алынды. Автор оқушылардың ұғынуына қиындық келтіретін кейбір орыс тілінд-егі атауларға тоқталып, мұның табиғи-ғылыми жағын И.П.Пав-ловтың жоғары жүйке жүйесі қызметі туралы іліміне негіздей отырып түсіндіреді, оқушылардың кейбір психикалық функция-ларын (қабылдау, зейін, ойлау, т.б.) дамыта түсу, орыс тілін оқыту әдістерін жетілдіру жөнінде біраз ұсыныс-кеңестер береді. Оның қаламынан психологияның әртүрлі тақырып-тарында жазылған бірнеше еңбектер туындады. Олардың кейбірі: «Баланың дамуы және оның мектепке әзірлшу (1965), "Психо­логия оқулығының қазақша аудармасы туралы» («Халық мүға-лімі», 1950, N2), «Қазақ мектебінде орыс тілін оқытудың кейбір психологиялық мәселелері» (1967), т.б. Осы еңбектердің қай-қайсысы да казак мектептеріндегі оқу-тәрбие процесін жандандыру үшін қажетті дүниелер еді.

Қазақстандағы ғылыми психологияның дамуына елеулі үлес коскандардың бірі - Мәжит Мүқанов (1920-1985). Ол Ұлы Отан соғысынан оралғаннан кейін Ленинградтың Н.И.Герцен атындағы педагогикалық институтын бітіріп (1949), кейіннен Қазақ университетінде психология мамандығы бойынша аспи-рантураны тәмамдайды, 1950 жылы профессор Т.Тәжібаевтың жетекшілігімен кандидаттық диссертация қорғайды. Мұнда ол қазақ жауынгерлерінің ұлттық психологиясына, халқымыздың Отан соғысы майданында көрсеткен ерлік, батырлық қимыл-дарына талдау жасайды. Ол 1953-60 жылдар арасында Алматы-ның шет ел тілдері педагогикалық институтының, 1960-85 жыл­дары Қазақтың Абай атындағы пединститутының психология кафедрасының меңгерушісі болды. М. Мүқанов 1980 жылы докторлық диссертация қорғап, кешікпей профессор атағын алды. Ол жалпы психология, жас, педагогикалық, этнос психо-логиясынан жазылған оннан аса жеке еңбектердің авторы.

Ғалымның кеп жылдар бойы зерттеуі ақыл-ой, интеллект мәселесін бұлардың адамның жан дүниесіндегі алатын орнын анықгауға, ойлау әрекетінің мән-жайын ашуға бағышталған. Автор акыл-ойдың өрістеп отыруын тарихи-этникалық тұрғы-дан зерттеп, әр қилы дәуірдегі адам интеллектісінің дамуы оның емір сүрген ортасына, тіршілік жағдайы мен әлеуметтік қарым-қатынасына байланысты болып отыратындығын казақ елі өмірі-нен алынған нақтылы деректермен дәлелдейді. Мәселен, ол қазак халқының Қазан төңкерісіне дейінгі өмір тіршілігі мен экономи-калық жағдайына, әлеуметтік ортаға байланысты ақыл-ойы мен интеллектісінің дамуындағы бірсыпыра өзіндік ерекшеліктерінің қалыптасу жолын арнайы жүргізілген тәжірибелер аркылы сипаттайды, Ол халқымыздың ақыл-ойы мен емір тәжірибесінің жиынтығын ғылымда продуктивті және рефлексия (ой жүйелі-лігі) деп аталатын ғылыми атаулар теңірегінен іздестіреді. Осы айтылған жан қуатының көріністерінің айтыс өнері мен мақал-мәтелдерде орын алатынын айта келіп, ғалым өзге кісінің жағдайына көңіл аударып, оның ішкі ойын өзіне айтқызбай-ақ алдын ала білу, яғни ғылыми тілде когнитивтік эмпатия деп аталатын жан касиетін Сырым батыр мен жас келіншектің ара-сын дағы өткір сөзге құрылған диалог арқылы жақсы көрсетеді. М.Мүқанов сауатсыз адамдардың (тәжірибе Қытайдан келген қазақтарға жасалынған. — Қ.Ж.) ойлау қызметінде де рефлексия бар екендігін дәлелдеп, әр халықтың тарихи дамуында айналыс-қан кәсібі (казақтар үшін мал шаруашылығы) оның өзіндік ақыл-ой ерекшеліктерінің қалыптасуына елеулі әсер ететіндігін байқаған. Мәселен, тәжірибе жасауға қажет болған жағдайда олардың май шамның орнына тезек отын пайдалануы. Автор оқымаған адамдарда теориялық пікір айту кездеспейді деу қате, өйткені, теорияның төркіні тәжірибеден ербіп отырады деп түйіндейді. Зерттеуде әр халықтың өмір сүру барысында, тұрмыс-тіршілігінде кездесетін түрлі ырым-жорамалдар әртүрлі заттар мен құбылыстардың түр-түсін, жеке қасиеттерін айыра білудегі кейбір өзіндік ерекшеліктері (бұған жағрапиялық орта, сондай-ақ табиғаттың экологиялық жағдайлары мысқалдап әсер ететіндігі), адамның өсіп-жетілуіндегі ауыз екі сөз бен жазба сөздің ес процесінде тигізетін түрлі ыкпалы туралы сөз болады. М.Мұқанов жүргізген еядігі бір эксперименте оқымаған сауатсыз адамдардың есте сақтау қабілеті күшті болатындығы аныкталған. Мәселен, көшпенді ата-бабаларымыздың тыныс-тірлішігінде жазба-деректердің болмауы, түрлі ақпарат хабары мөлшерінің аздығы, сезім мүшелерін косарлай пайдалануы олардың суырып салма, шешендік кабілетінің күшті болуы М.Мұқановтың пікірінше ауыз екі сөз әлдеқайда көп сакталады, өйткені ол жиі пайдаланылады. Және жұрт бұған бар ықылас-ынтасың салады, ал жазба сөздің есті онша өсірмейтіндігі — оқыған адамның білгендерін қағазға (қойын дәптеріне) жазып алуға әдеттенгеніне байланысты болса керек.

Автор кейбір ғалымдардың «халықтардың жағрапиялық орналасуына, ұлтына, т.б. қасиеттеріне қарап тілдері бай, кедей деп бөлетіні, мәселен, «түркі тілдес халыктардың тілі кедей, кур-дел! ойды жеткізуге икемділігі аз, өйткені бұл тілдер тек кейінгі кезде ғана қалыптасты»,- дейтін үшқары пікірлерін әшкерелеп, оны нақтылы фактілер келтіріп дәлелдейді. Шындығына келеек қазақ халқының сөз байлығы кейбіреулер айтатындай, әсте кедей емес, қайта тілдік қоры орасан бай өркениетгі халықтардың қай-қайсымен болса да жарысқа түсе аларлық, дариядай мол дүние. Мәселен, Ш.Жәнәбіловтың «Қазақ тіліндегі мал шаруашылығы-ның терминдері» деген зерітеуінде (1953) негізінен мал шаруашы-лығымен айналыскан ата-бабаларымыз торт түлікке байланысты үш мыңнан аса атаулары бар екен. Соның ішінде тек түйенід озіне ғана қарасты үш жүздей сөз кездесетіні нақты деректер арқылы көрсетілген. Соңдай-ақ қазақтың он томдық түсіндірме сөздігінде «коз», «бет» үғымдарының әрқайсысының қырықтан астам синонимдерінің бар екендігі де көп жәйтті аңғартса керек.

Өзінің этнос психологиясына байланысты көп жылғы зерттеулерін қортындылай келіп, профессор М.Мүқанов адам-ның ойлау әрекеті инвариант™ (өзгермейтін) және өзгермелі болып отыратындығын, мұның өзі қоғамдық-әлеуметтік, тарихи дәуірдің бір кезеңінен екіншісіне өткенде ойлау механизмі өзіндік ерекшеліктеріне орай өзгеріске түсіп отыратындығы — адам интеллектісінің инвариантты жағы психологиялық дамудың алғы шарты және басты тірегі ретінде яғни қоғам дамуы мен кісінің ой-өрісі шарттас болатындығын, мұның дамудың барлық кезеңдерінде де орын алып отыратындығын дәлелдеп берді. М.Мүқанов қазақ этнопсихологиясы саласында ұлттық кадр-ларды даярлауға да біраз үлес қосты. Оның жетекшілігімен бір-неше адам (Б.Ыбыраев, Қ.Нүрғалиев, Н.Нұртазина, т.б.) диссертация қорғады. Осы салада бірер еңбектер жазылды. Осы деректер М.Мүқановтың ұлттық психология саласында жемісті еңбек еткенінің жақсы айғағы.

Осы жылдары республиканың психология ғылымы сала-сындағы сұраныстарына орайлас бұлардан басқа да бірнеше диссертация қорғалды, жеке еңбектер жарық көрді. Мәселен, Абай атындағы Қазақ пединститутында психологиядан қазақ тілінде дәріс оқыған ғалымның бірі — Әбдірахман Асылбеков (1907-1970) еді. Ол жалпы, жас, педагогикалық психология сала-ларынан студенттерге лекция оқумен катар, тәлім-тәрбиенің психологиялық астарлар жөнінде жазьшған бірнеше төл еңбек-тер мен мақалалардың авторы. Оның қаламынан «Окушылардыц ынтасын тәрбиелеу» (1958), «Қоғамдық пайдалы еңбек арқылы оқушыларға коммунистік тәрбие беру» (1959), «Бала тәрбиелеу-дегі семьяның ролі» (1966), т.б. еңбектері дүниеге келді. Ол 1962 жылы «Мектеп окушыларында ынтаның қалыптасуы» атты диссертация қорғап, психология ғылымының кандидаты атағын алған болатын. Автордың психологиядан жазған туындылары оның жас ұрпақты оқытып-төрбиелеуде ата-ана, ұстаз, тәлім-герлер үшін қажетті дүниелер.



Кәрім Қойбағаров (1928-1985) Қазак мемлекеттік уни-верситетінің логика және психология бөлімін бітіргеннен кейін 1951-54 жылдары психология кафедрасының аспирантура-сында оқиды. 1953-60 жылдары осы кафедранын ассистенті, ал 1960 жылдан өмірінің соңына дейін аға оқытушы қызметін аткарып, университетте психологиядан қазақ тілінде сабақ берді. Ол «Бастауыш кластардың оқу әдеттерін қалыптастыру» дейтін диссертация (1964), «Сұлтанмахмүттың психологиялық козқарастары» деген бірнеше ғылыми мақалалардың авторы, қазақ тіліне аударылған «Жалпы психология» (Алматы, 1980), «Жас және педагогикалық психология» (Алматы, 1987), «Семья өміріндегі әдеп және психология» (Алматы, 1986) атты кітап-тардың тәржімашыларының бірі. Оның «Балаларды мектепке әзірлеу» (1961), «Балаларды адамгершілк сезімге тәрбиелеу» (1966) дейтін педагогикалық психология саласында жазған жеке-жеке кіташпалары — ата-аналар мея мұғалімдер үшін жазылған төл еңбектер еді.

XX ғасырдың 70-80-жылдарындағы халқымыздың жекелегея ерекшеліктері этнопсихология, этнолингвистика, салыстырмалы психология ғылымдары тұрғысынан зерттеліне бастады. Осындай тақырыптардың бірінде «Хат танымайтын адамдардың затгы топтастыруының ерекшеліктері» (В.В.Ста-тивкин), «Жұмбакты шешудің психологиясы» (К. Нұрғалиев), айтыс өнері мсн мақал-мәтелдердегі кісініц ақыл-ой ерекшелік-терінің бейнелЕнуі (М..Мұқанов) зерттелді. Кейіннен психология ғьлымының басқа салаларынан да (жалпы, бала, педагогикалык, сот-зад, әлеуметтік, спорт, т.б.) зерттеулер жүргізіліп, бірнеше едбектер жазылды. Бұл жерде Ш.Бәймішеваның «Нейро-психологиядағы синдромдық талдау формалары», Мәджелат Мүкановтың «Қабылдау мш есті микроструктуралық талдау», Б.Есшғазиеваныц «Силлогизм және ойды психологиялық тұрғы-дан талдау», Қ.Шерниядованың «Мектеп жасына дейінгілердің қабылдау ерекшеліктері», т.б. еңбектерін атауымызға болады. Бұл айтылғандарға коса Ж.Түрікпенұлы, С.Сүлейменова, Р. Жанабекова, Д.Дүйсенбеков, Б.Орманбаевалардын зерт-теулерін атаған жөн. Психологияның басқа да жекелеген сала­ларынан бірнеше төлтума еңбектер жарык көрді. Олар: М. Мүқанов «Педагогикалык психология очерктері», "*Акыл-ой өрісі», Ө.Жекебаев «Қылмыскер мінез-қүкынын әлеуметтік-психологиялық аспектілері», Ғ.Досболов «Алдын ала тергеудің психологиясы», Н.Фелифоров «Басқарудың әлеуметтік-психо-логиялық негіздері», В.Яковлев «Діндардың жан дүниесі», СЖақыпов «Таным әрекетінщ психологиясы», Ә.Алдамұратов, Қ.Рахымбеков «Жалпы психология», «Қызықты психология», Ғ.Илешов «Медициналық психология», К.Оразбекова «Иман және инабат», т.б. Осы жыддары қолдарыныздағы кітаптың ав­торы «Психология» (1962), «Қазақ ағартушылары жастар тәр-биесі туралы» (1965), «Қазакстанда психологиялық ой-пікір-лердін дамуы» (1968), «Әл-Фараби» (1978), «Аталар сөзі - акыл-дың көзі» (1980), «Ұстаздық еткен жалықпас» (3987), «Акылдың кені» (1991), «Әдеп және жантану» (1994), т.б. елуден астам жеке еңбектер мен сегіз жүзден астам ғылыми мақалалар жазды. Соңғы жылдары қазақ халқының сан ғасырлық тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің даму жолдарын көрсететін диссер-тациялар қорғалып, бірнеше төл тума еңбектер жарық көрді. Осы тұста В.Чистовтың «Әбу Нәсір әл-Фарабидің психо­логиялық мұрасы» (М., 1989), К.Шәймерденованың «Абай Қүнанбаевтың педагогикалық көзқарастары» (Алматы, 1988), К.Ыбыраеваның «Мүхтар Ә>езовтың педагогикалық көзқарас-тары» (Алматы, 1991), А.Ақажанованың «Қазақстанда жас және педагогикалық психологияның дамып, қалыптасуы» (1989) атты диссертацияларын атауымыз қажет. Ш..Құдайбердіұлы, А. Бай-түрсынов, Х.Досмүхамедов, М.Жүмабаев, Ж.Аймауытовтардың тәлім-тәрбиелік мұралары бойынша бірнеше еңбектер жария-ланып, диссертациялар қорғалды. Психологиядағы іргелі зерт-теулердің қатарына В.К.Шабельникаовтың «Әрекетгің жоспарлы қалыптасу жағдайындағы функциональдық құрылысы гакзисі-нің психологиялық механизмдері» (1990), Н.А.Логинованың «Бехтерев пен Ананьевтің ленинградтық ғылыми мектеэініц сабақтастығы» (1990), В.Е.Клочконың «Ақыл-ой әрекетінің инициациясы» (1983), Б.Хамзиннің «Шәкірттердің конструк-тивті-техникалық әрекетінің қалыптасуындағы операциялық пш түлғалардың бір-біріне әсері» (1989), Ж. Намазбаеваның «Арнайы мектептердегі шәкірт түлғасының қалыптасуы (1986), С.М.Жақыповтың «Оқыту процесінің психологиялық құрылымы (1998), А.М.Кимнің «Қазіргі түсіну психологиясы» (2001), Қ.Жарықбаевтың «Қазақстандағы психология ғылымы (XX ғ. Тарихы мен даму кезендері)» (2003), С.Бердібаеваның докторлық диссертацияларын жатқызуға болады.

Соңғы кездері ондаған оқу құралдары мен оқулықтар, терминологаялық сөздіктер, библиографиялық көрсеткіштер, ұлттық психология салаларынан арнаулы дәрістердің бағдарла-малары, т.б.жалпы саны 100-ден астам басылымдар жарык көрді. Республикадағы психология ғылымының дамып, өркввдей түсуіне ғылыми форумдар үйымдастырудың маңызы ерекше. Осы мақсатта өткізілген «Ойлау және қарым-қатынас» (Алматы, 1973), «Кісінің белсенділігі және оқыту мәселесінің психо­логиясы» (Целиноград, 1976), «Мекгеп реформасының талап-тарына орай бала және педагогикалық психологияның проблема-ларын жандандыру» (Алматы, 1986), академик Т.Тәжібаевтың туғанына 80 жыл толуына байланысты өткізілгея «Қазақстан-дағы психология және педагогика ғылымдарынын өзекті проблемалары» атты ғылыми-теориялық конференция (Алматы, 1990), сондай-ақ 1992 жылы өткізілген «Халық педагогикасы мш психологиясы дәстүрлерінің оқу-тәрбие ісінде қолданылуы» атты ғылыми-практикалық конференцияның материалдары біздегі психология гылымының өрістей түсуіне ұлкен серпіліс жасады. Қазіргі кезде психология саласынан 90-нан аса ғылым кандидаты мея 1 доктор, профессор қызмет етеді, бұлар Казак-стан психологиясының дамуына елеулі үлес қосып келеді. Ғалым-дарымыздың зерттеу тақырыптары нарық экономикасына өту кезеңіндегі әр түрлі топ өкілдерінің (жұмысшы, шаруа, қызмет-кер, оқушы, т.б.) психологиясы қалайша әсер етіп отыргандығы, әр түрлі этнос адамдарыньвд жеке тұлғасы қалайша қалыптасып жаткандығын, мемлекеттік тілді меңгеруге байланысты кісінің жан қуаттары мен жеке-дара ерекшеліктерінде туындайтын өзгерістердің егемендік, тәуелсіздік, жағдайында ерекше белең алып отырғанын саясат психологиясының астарларын ашуға бағышталуы тиіс. Республикада этникалық психология проблемаларын зерттеу, ягни ұлттық мектептер проблемаларымен қатар, тіл, мәдеииет, әдет-ғұрьш, дін, т.б. төңірегіндегі этнопсихо-логиялық еңбектердің қажеттілігі күн өткеи сайын арта түсуде. XX ғасырдың 50-жылдарында ұлттық психологияның пробле­малары, әсіресе ұлттық мінез-құлық жөніндегі зерттеулердің іргесін қалағандардың ішінде, алдымен ауызға аларымыз - белгілі қазақ психологы Төлеген Тәжібаев. Ол өзінің «XIX гасырдың екінші жартысындагы Қазақстандағы ағарту мея педагогикалық ойдың дамуы» атты кітабыңда (Алматы, 1958) «¥лттық мінез-құлық проблемасы өте қызықты және өзекті, алайда бұл әлі айқындала қоймағандықтан өз зерттеушілері — филоссфтарды, психологтарды, тарихшыларды, әдебиетшілерді және этно-графтарды күтуде» деп атап өткен болатьш.

1970-90-шы жылдарда түрлі баспалардан профессор Н.Жанділдиннің «Ұлттық психологияның табиғаты» (Алматы, 1971), профессор М.Мүқановтың «Ақыл-ой өрісі» (Алматы, 1980), профессор Н.Елікбаевтың «Қазақ ұлтының психологиясы» (Алматы, 1992), К.Жүкештің «¥лттық психологиянын табиғаты» (Алматы, 1993) монографиялары жарық көрді. Бұларда осы заманғы этникалық психологияның теориялық проблемалары сөз болды. Бұлардан басқа «Қазақ мектебіндегі оқыту мш тәрбиенің этнопсихологиялық аспектілері» (1990), «Қазақстандағы оқыту меи тәрбиенің ұлттық проблемалары» (1991) жалпы білім беретін орта мектептерге арналған «Әдеп және жантану» (1994), жоғары оқу орындарына лайыкталған «Қазақ тәлім-тәрбиесі» (1995), «Этнопсихология» (1998) т.б. еңбектер жарық көрді. Мәселен, академик Т.Тәжібаевтьщ 80 жылдығына орай өткізілген «Қазақстандағы психология мен педагогиканың өзекті проблемалары» (1990) атты республика-лық-ғылыми теориялық конференцяның «Этникалық және тарихи психология» секциясында он екі адам Қазақстаннан баяндама жасаған болса, «Халық педагогикасы мен психология дәстүрлерінің оқу-тәрбие ісінде қолданылуы» тақырыбына арналған ғылыми конференцияда (1992) жиырма бір баяндама тындалып, талқыланды. Қазақстан ҮҒА философия институты үйымдастырған ғылыми-теориялық конференцияда (1992) этнопсихологиядан отыздан аса ғылыми баяндама ұсынылды. Алматы облыстық ұлттық тәлім-тәрбие ассоцияциясы үйымдастырған «Казақстандағы этнопедагогака мен этнопсихологияньхң теориялық және қолданбалы проблемалары» атты конференция­да 60-тан аса баяндама тындалып, оның екі секциясы этнопсихо­логия мәселелеріне арналды (1994). Кейіннен өткен ғылыми жиындарда бұлардың саны бірнеше жүзден асты. Этнопсихо­логия проблемалары төңірегінде бірнеше кандидаттық доктор-лык диссертация қорғалды. Алдағы жерде де әл-Фараби атында-ғы Қазақ ұлттық университетінің психологияның мамандан-дырылған кеңесінде осы салада бірнеше докторлық диссер-тациялар қоргалмақшы.

Соңғы кездері этнопсихологияның әр түрлі мәселелері төңірегінде профессор Қ.Жарықбаев, профессор В.К.Шабель-ников, доценттер С.Бердібаева, Қ.Рахьшбеков т.б. бірнеше еңбектер жазды. Этнопсихолгиялық зерттеулерде жекелеген кемшіліктер де орын алып келеді. Мәселен, нақтылы эксперименттік-психологиялық жүмыстардың саны әлі де мардымсыз, көптеген этнопсихологиялық түсініктердің мазмұны, негізінең, шетелдік зерттеулердің мәліметтері мен тұжырымдарына сүйенген. Зерттеушілер көбінесе бұған дейін жеткілікті тұрде белгілі болған америкаң француз, неміс, т.б. халықгардың этникалык зертгеулеріне көбірек сілтеме жасайды. Интернационалдық саясаттьщ жасанды үрандарының да әсері әлі күнге этнопсихологиялық зерттеулерге әсерін тигізуде. Жақын шет елдердегі этностық мәселелер мен психологиялық ерекшеліктер де олардың өзара қарым-қатына-сындағы этнопсихологиялық жәйттер байыпты, салиқалы тұрде зерттелген емес. Соңдай-ақ жекелегеи ғалымдардың Н.Елікбаев, К.Жүкеш. т.б. еңбектерінде ұлттык психологияның жалпы тюрияльщ аспектілері жөнінде кеңінен айтылады да, казақ этно-сының әдістемелік (методологиялық) проблемаларын зерттеуге аз көңіл бөлінеді. Жекелеген ұсыныстар мен корытындылардың дүдәмал жақтары да аз емес. Күні бүгінге дейін қазақ этноп-сихологиялық ой-пікірінің қалыптасу тарихына арналған зерт-теулер, әсіресе, казақ қоғамдық ойының XVIII ғасырдағы алып-тары — Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би т.б. этнопсихо-логиялық мұралары жөнінде зерттеулер жоқ.

Этнопсихологиялық тұрғыда «айтыс», «терме», «бата беру», «естірту», «көңіл айту» сиякты фольклорлық жанр түрлерінің психологиялық табиғаты толыққанды анықталған емес. Этникалық психология және ғылыми психологияның сабақтастығы да айқындалмаған. Әсіресе, имандылық тәрбиенің этнопсихологиялық негізін зерттеу (иманшарттын негізі) мен діни-рухани ескерткіштердің тәрбиелік процестегі мәнін ашу назардан тыс калып келеді. Осы кезде психология ғылымының үйымдық мәселелері жәйлі де айтып өткеніміз абзал Республи-када 1958 жылдан бастап Психологтар қоғамы, жастар мен мектеп окушыларына кәсіби бағдар беретін Алматы қалалық зерттеу орталығы (1987), Қазақстан психологтарының ұлттық ассоцйациясы (2003), 1992 жылы этностар психологиясын зерттейтін «Ұлттық тәлім-тәрбие» ассоциациясы, 1998 жылы академик Т.Тәжібаев атындағы этнопсихология және этнопедагогика орталығы құрылды. Этнопсихологиялық зерттеу жүмыстары жоғары оқу орындарының психология кафедра-ларында жүргізіледі. Ұлттық ғылым академия жанынан этнопсихология бөлімшесін, неге этнопсихология ғылыми-зерттеу орталығын ашу — зәру шаралардың бірі.

1988 жылдан бастап елімізде психологиядан мамандар даярлау ісі қолға алынды. Қазіргі кезде әл-Фараби атындағы Қазақ университетінде, Қараганды, Алматы, Шыгыс Қазакстан, Қостанай, Атырау, Тараз университеттері мен Петропавл, Ақ-төбе педагогикалық институтында психолог кадрлары даяр-ланып жатыр. Мектептерге «психология» маманының штаты енгізілгенмен күні бүгінге дейін ол дербес пән ретінде оқытылмайды. Сонғы кездері, әсіресе, жариялылық, демократиялық бетбүрыстар республиканың егемендік алып, тәуелсіздігін жариялаған тұста психологиялық зерттеулердің комплексті тақырыптары қолға алынып, оларды ұлт өміріне орайластыра жүргізудің қажеттігі ерекше сезіле түскеяін жогарыда айтып кеттік. Ал психологияның басқа салаларындағы зерттеулерді ұлт мүддесінг жақындатуымыз керек. Мәселш, біздегі ауыл-село мектептерінің әлсуметтік-психологиялық мәселелері, мал шаруашылығы түрлі салаларына қажетті мамандиқтыц психо-логиялық ерекшеліктері, жетімдер үйлері мси мею.«п-интернат, гамназия, лицей, медресе, колледж окушыларьгаың психология-лык ерекшеліктері, акыл-есі кенже дамыған балаларды оқытьш тәрбиелеу, талантты, дарыңды шәкірттердің психолгиясын зерттеу, үгп тілділік пен көптілділіктің психологиялық астарларын іздестіру, ұлт (қазақ) мектептері оку бағдарламаларының психологиялық аспектілері, оларға тиісті өзгерістер енгізу, кешкі және сырттай оқитын орта мектептердің, кәсіптік-техникалық училищелердің оқу мазмұнын аныктау, орта, арнаулы, жоғары оку орындарындағы жүргізіліп жатқан тәлім-тәрбие жүмыс-тарының, әсіресе бакалавриат пен магистратурада оқудың психологиялық астарларын зерттеу — алда тұрған еміршең гылыми проблемалар болып табылады.

Психология саласында жүргізіліп жатқан әр тарапты зерттеулер қазіргі қоғамдық дамудың, онын таныс-тіршілігінің жаңа сипатын, демократиялық бағыт-баі дарын. қазақ елінің егемендігі мен тәуелсіздігі жағдайында, адам хүқы мен оның ізгілік, мейірбандық, имандылық секілді адами қасиеттерінін өріс алуынан туындап жатқаны хақ.
Бақылау сұрақтары:

1. Өз елімізде алғаш рет қай жылы психология кафедрасы ашылды?

2. Соғыстан кейінгі жылдарда психология ғылымының дамуына үлес қосқан кімдер, олардың еңбектері психологияның қай салалары бойынша болды?

3. М.Мұқановтың психология ғылымына қосқан үлесі, қандай еңбектері бар, атап өтіп мәнін түсіндіріңіз?

4. М.Мұқановтың ұлттық психология саласына қосқан үлесі қандай болды, қысқаша түсінік беріңіз?

5. Кәрім Қойбағаровтың өмір жолы ме психология саласындағы еңбектері, қысқаша баяндап беріңіз?

6. “Ұлттық психологияның табиғаты” еңбегі кімдікі және кітаптағы негізгі мәселелер?
14 лекция

Психология аумағындағы Қ.Б.Жарықбаевтың еңбектері

(1 сағат)

Жоспары:

1. Қазақстандағы психология кафедрасының құрылу тарихы

2. Педология ғылымы.
Пайдаланылатын әдебиеттер

Негізгі:

1. Әл-Фараби. Философиялық тракттар. Алматы, “Ғылым”, 1973.

2. Әл-фараби. Саяси этникалық тракттар, Алматы, “Ғылым”, 1975.

3. Баласағұни Жүсіп. “Құдатғу біліктегі тәлім-тәрбие мәселелері”. //Жалын, - 1974. - №1

4. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі, Алматы, “Санат”, 1995.

5. Жарықбаев Қ. Махамбет Өтемісұлы жастар тәрбиесі туралы. Алматы, 1976.

6. Қазақтың тәлім тәрбиелік ой-пікір антологиясы. І том, Алматы. “Рауан”, 1994.

7. Аймауытов Ж. Психология Алматы, “Рауан”, 1995.

8. Торайғыров С. Произведения в 2-х т. Алма-Ата, 1967.

9. Абдуллина О.А Общепедагогическая подгогтовка учителя. – М.:

Қосымша:

10. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы, “Рауан” 1993.

11. Семья өміріндегі әдеп және психология И.В.Гребенников Алматы “Мектеп” 1986 ж.

12. Қазақ отбасы. Халел Арғынбаев Алматы “Қайнар”. 1996 ж.

13. Қ.Жарықбаев Қазақ психологиясының тарихы. Алматы “Қазақстан” 1996 ж.

Лекция мәтіні:

1. Қазақстанда соңғы уақытқа дейін педагогика және психология ғылымдарының өкілдері педология туралы айтпаған.

Педологияны қайта жаңғырту психология ғылымы үшін аса қажет. Күні бүгінге дейін психология ғылымының ресми түрде басталуын 1946 жылғы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында психология кафедрасының ашылуымен байланыстырған. Ресми түрде ол Қазақ ССР оқу министрлігінің арнаулы бұйрығымен 1946 жылы 30 тамызда ашылған еді. Х.Досмұхамедовтың 1929 жылы ҚазПи-де педология кафедрасын ұйымдастыруына байланысты, қазақтың ғылыми психологиясының тұңғыш мекемесінің тарихы 1946 жылы емес, одан 17 жыл бұрын, яғни, педология кафедрасының құрылуынан басталады. Өйткені, педология мен психология да бір-бірімен тығыз байланысты ғылым салалары. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетеінің 75 жылдығында осындағы педагогика кафедрасының да мерейтойы аталып өткен. Жиынға келген ғалымдар педагогика кафедрасы 1928 жылы ашылған дейді, ол кезде осы оқу орнында педагогкиа кафедрасы болмаған. Мұнда үшақ кафедра: тіл мен әдебиет, қоғамдық ғылымдар, педология кафедрасы ғана болған. Біздің ойымызша, 1936 жылғы 4 шілдедегі БК(б)П Орталық Комитетінің «Халық ағарту жүйесіндегі педологиялық бұрмалаушылықтар» туралы қаулысына дейін, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында педология кафедрасы құрылып, оның меңгерушісі профессор Х.Досмұхамедов болғаны айдан анық. Осы айтылғанға орай, психология ғылымына қатысты Қазақстандағы дербес кафедраны педология кафедрасы құрылғаннан, яғни, 1929 жылдан бастау алуы қажет деп есептейміз.



Осы кезге дейін ресми құжаттарда біздегі Қазақстандық ғылыми психологияның басы – 1946 жыл дейді. Өйткені, Оқу министрілігінің жарлығымен КазПИ-де осындай кафедраның ашылғаны белгілі. Ендігі жерде бұл қателік түзетпейінше, әділдік болмайды. Ақиқатына келгенде еліміздегі психологияның ғылыми тарихы 1929 жылдан басталатыны шындыққа келеді. Өйткені, сол кездегі жарияланған ғылыми еңбектерде (Ш.Әлжанов, С.Балаубаев, т.б.) көп жағдайда психологияға негіздеме жасалғандығын байқау қиын емес.

2. Н.Иманғалиева Педология ғылымы.

1936 жылы 4 ші шілдеде ВК(б))П Орталық Комитеті өзінің «Наркомпростар жүйесіндегі педологиялық бұрмалаушылықтар туралы» қаулысында педологияға жалған ғылым деген айдар тағып, оны жермен-жексен еткен еді. Сол кездегі тоталитарлық режим ғылым саласына да өзінің өктемдігін жүргізетін. Осы қаулының педологияға қиянат жасағаны, оның ақ-қарасын айырмағаны қазіргі кеде белгілі болып отыр. «Педология» грек өзінен алынған, сөзбе-сөз аударғанда оның этимологиясын «Пед» (бала), «логия» (ілім-білім), яғни бала туралы білім деген маынаны білдіреді. Яғни, ол психология, педагогика, физиология, биология, медицина, әлеуметтік ғылымдардың жиынтығынан туындайтын білім саласы. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қалыптаса бастаған бала туралы ғылымның бір саласы. Оның негізін салған американ ғалымы, психолог Стендли Холл. Оның пайда болуы эксперименттік педагогика мен психологияның қоданбалы салаларының дамуы мен ғылым әлеміндегі эволюциялық идеяның өріс алуына байланысты еді. Педологиялық зерттеулер шетелдерде Дж.Болдуин, Мейман, Реседе В.М.Бехтерев, Г.И.Россолимо, А.П.Нечаев есімдерімен байланысты. Педологияға алғаш әділ бағасын берген белгілі орыс психологы, академик В.М.Бехтерев болды. Ол 1903 жылы Санкт-Петербургтегі Әскери Академияда жүйке қызметі, жан аурулары кафедрасын ұйымдастырып, академик И.П.Павловтың шартты рефлекстер теориясымен үндесетін «Қосарланған рефлекс» (сочетательные рефлексы) дейтін ілімнің іргесін қалайды. Ғалым 1908 жылы өзі ұйымдастырған психоневрологиялық ғылыми-зерттеу институтының жанынан шағын педологиялық ғылыми зертттеу мекемесін ашады. Мұнда бала психикасының жалпы дамуы мен қалыптасуын кешнді зерттеу мақсатында білікті тәрбиешілерді іріктеп оларды құрал-жабдықтармен қамтамасыз еткен. Олар баланың туған күнінен бастап (бала туғаннан соң 7-10 күнде осы мекемеге қабылданған), зерттеуге алынатын болағн. Бала есейгенге дейін осы мекеменің қамқорлығында болып, физиологиялық, анатомиялық, психологиялық тұрғыдан бақылауға алынған. Баланың жан-дүниесі, оның физиологиялық, анатомиялық өсуімен қосарлана зерттелінеді. Бұл бір кездегі К.Д.Ушинскийдің «Адам – тәрбиенің нысанасы» деген еңбегінде дамды туғаннан бастап, жан-жақты танып білу үшін, оны жан-жақты зерттеу керек деген ойының жалғасы болып табылады.Бала жанын жан-жақты зерттеу – педологияның ерекше көңіл бөлген мәселесі болды. Сөйтіп, В.М.Бехтерев ғылым тарихында педологияның зерттеу лабораториясын ашқан бірінші орыс ғалымы болды. Кейіннен мұндай орталықтар мен бірнеше зерттеу орындары Брюс-сельде (1913) және Еуропа мен Америкада пайда болды. В.М.Бехтеревтің «Тәрбие мен даму баланы зерттеудің ең негізгі кредосы» дейтін идеясын 1950 жылдары оның шәкірті Б.Г.Ананьев «Баланың антропологиялық психологиясы» тұрғысынан зерттеді. В.М.Бехтеревтің бастауымен 1907 жылы педологиялық институттің Жарғысы жасалды. Мұнда баланы ұзақ уақыт бойына бақылау, анасымен қоса жан-жақты қамқорлыққа алу мәселесі қатты ескерілді. Жарғыда, сондай-ақ, институттағы бала тәрбиесі, үде ата-насы тарапынан берілетін әлпештеу, аймалау, жүрек жылуынан кем болмауы тиіс дейтін қағида орын алды. Институтта үш бөлім (психология, гигиена мен физиология, педагогика) болды. Мұндағы ғылыми қызметкерлер бірлесіп, жас өскінді жан-жақты тәрбиелеуде, яғни, В.А.Сухомлинский айтқандай, «Балаға жүрек жылуы» дейтін гуманистік идеяны басшылыққа алды. Партияның жоғарыда аталған қаулысынан кейін, педологияға мұндай көзқарас болмады. Қайта мұның теориктері мен практикатері қуғын-сүргінге ұшырады. Осы қаулының зардабы психологтарға да қолайсыз әсер етті, оның “Бала және педагогикалықпсихология” дейтін салаларының да дамуына тұса салынды. Педологияға оң көзқарас тек соңғы жылдары, яғни, ғылымда демократиялық прицип қалпына келгеннен кейін ғана, қайтадан өріс ала бастады. Ғалымдар (психологтар, физиологтар) педологияның теориялық қисындарының әлсіздігін мойындай келіп, оның пратикалық зерттеу әдістерінің маңызын жоққа шығармайды. Әсіресе, қиын балаларды тәрбиелеу туралы түйіндерінің, тест арқылы зерттеу әдістерінің құндылығын мойындайды. Академик В.П.Зинченко педологияның ғылыми концепциясында бала тұлғасын зерттеуде төмендегі 4 приципті басшылыққа алғандығын былайша тұжырымдайды: 1. Баланы бір ғана психологияның көмегімен жан-жақты зерттеуге болмайды, оны гигиеналық, физиологиялық, антропологиялық, басқа да әлеуметтік ғылымдармен бірлесе зерттеу қажет. 2. Бұл прицип генетикалық деп аталады, баланы үнемі даму үстінде зерттеу сенімді болады. 3. Әлеуметтік ортамен байланыстыра зерттеу (Л.С.Выготскийдің қоғамдық-тарихи теориясына сәйкес). 4.Баланы өмірде іс-әрекет үстінде зерттеу.

В.П.Зинченконың осынау пікірлерін, ММУ-дегі психология кафедрасының профессоры А.Г.Асмолов қолдап, “Педология” журналын шығарды. Бұл айтылғандар Орталық партия комитетінің жоғарыда аталған Қаулысынан зардап шеккен педологияны қайтадан өмірге келтірудің бір көрінісі еді.

Бақылау сұрақтары:

1. Қазақстандағы алғашқы психология кафедрасы қай жылы, қай жерде ашылды?

2. Алғаш Қазақстандағы психология кафедрасының меңгерушісі кім болған?

3. Педология ғылымы нені зерттейді, оның психология ғылымымен байланысы?

4. Педологияға алғаш әділ бағасын берген белгілі орыс психологы, академик?
15 лекция

Қ.Жарықбаев, Н.Иманғалиева

(1сағат)

Жоспары:

1. Қоғамдық (әлеуметтік) психологияның кейбір аспектілері


Пайдаланылатын әдебиеттер

Негізгі:

1. Әл-Фараби. Философиялық тракттар. Алматы, “Ғылым”, 1973.

2. Әл-фараби. Саяси этникалық тракттар, Алматы, “Ғылым”, 1975.

3. Баласағұни Жүсіп. “Құдатғу біліктегі тәлім-тәрбие мәселелері”. //Жалын, - 1974. - №1

4. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі, Алматы, “Санат”, 1995.

5. Жарықбаев Қ. Махамбет Өтемісұлы жастар тәрбиесі туралы. Алматы, 1976.

6. Қазақтың тәлім тәрбиелік ой-пікір антологиясы. І том, Алматы. “Рауан”, 1994.

7. Аймауытов Ж. Психология Алматы, “Рауан”, 1995.

8. Торайғыров С. Произведения в 2-х т. Алма-Ата, 1967.

9. Абдуллина О.А Общепедагогическая подгогтовка учителя. – М.:

Қосымша:

10. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы, “Рауан” 1993.

11. Семья өміріндегі әдеп және психология И.В.Гребенников Алматы “Мектеп” 1986 ж.

12. Қазақ отбасы. Халел Арғынбаев Алматы “Қайнар”. 1996 ж.

13. Қ.Жарықбаев Қазақ психологиясының тарихы. Алматы “Қазақстан” 1996 ж.
Лекция мәтіні:

Х.Досмұхамедотың аталмыш ғылым саласын ерекше көңіл аударғаны қазіргі әлеуметтік, сондай-ақ этнопсихология ғылымдарына қатысты кейбір ой-түйіндері 1925 жылы автор қаламынан туынждаған “Аламан” атты еңбегінен жақсы байқалады. “Көптің пайдасын ойлап тұрса да, деп жазды автор, - бүгін жұрттың қамын жей тұрса да, өзінің менмендігін көп үшін құрбан қыла алмайтын, өз дегенін күшпен орындайтын: өз басын артыққа санап, сөзін сөйлеп, соңына ермегендерді, қарсы тұрғандарды түсінбегендігімен, ақылсыздығынан қылды деп білетін, көңіліне жақпаса, өзі қойған бастығының бұйрығына, өзі қалаған тәртіптің жолына бас ұрмайтын; Отан сезімі, мемлекет сезімі кем, менмендік сезімі өте күшті құлықты аламандық дейміз...” Міне, бұл – Х.Досмұхамедотвң бұдан 80 жыл бұрынғы ойлары. Осы аламандық қазақ халқының мінез-құлқында әлі де бар ма, бар болса оның қазіргі көріністері қандай? Бұ сұраққа жауап бермес бұрын қазақ халқының ұлттқ психологиясының қалыптасу факторларының (тарихи, шаруашылық, мәдени, тіл, салт-дәстүр, табиғи, идеологиялық және діни, әлеуметтік, демографиялық – Н.И.) қазіргі заманғы өмір салтындағы ықпалын қарастыра кетпесе болмайды. Қазақтың тарихи санасында сонау түркі тілдес ата-бабаларымыздың мирас болған жауынгерлік пен намысқойлық сияқты қасиеттер осыншама үлкен аумақты шет жұртқа таптатпай, қырағылықпен қорғай білуге мүмкіндіктер берді. Қазақ халқының ұлттық психологиясында елеулі із қалдырған оқиғалар оның ұлт ретінде қалыптаса бастаған (қазақ хандықтары құрылған уақыт, яғни ХV ғасыр шамасы – Н.И.) кезеңдерден басталады. Жеке хандықтар болғанымен, орталықтандырылған тұтас мемлекеттің құрылмау, орталық өкіметке бағындыру шараларының жүгізілмеуі, ірі діни және мәдени орталықтардың қалалардың жетілмеуі (қазақ халқының дінге көзқарасы өз алдына үлкен әңгіме арқауы – Н.И.), оның бергі жағында елімізде белгілі себептермен капиталистік қатынастардың дамымай қалу, соның салдарынан қзақ тілінің экономикалық айналыс тіліне айнала алмау, - міне мұның барлығы - жоғарыдағы айтылған ұлттық психологияның қалыптасуында із-қалдырған тарихи факторлар. Бұған қазақтардың ұлт ретінде қалыптасу процесі өте ауыр жағдайда – патшалық самодержавиенің отарлау саясатның үстемдік жағдайында жүргенін тағы қосып қойыңыз.

Қазақ халқының қанына қорқақатық пен жалтақтық сияқты құлықтарды сңіруде 1929-1932 жылдар зобалаңы да, 1937-1938 жылдардағы қанды репрессияны іске асыру “жығылған үстіне жұдырық” болды да шықты.

Х.Досмұхамедовтың түсінігінде қазақ елінде жиі кездесетін “аламандық” ұғымы басқаға бағынбайтын бәсекешіл топтың психологиясын білдіреді. Қазіргі әлеуметтік психологияның тілімен айтсақ, бұл – бейресми, яғни бірімен-бірі үнемі бәсекеге түсіп тұратын, шекіспей бекіспейтін ұйымдасып қылмыс жасайтын топтар мен корпорациялар, мафиоздық бірлестіктер. Автор аламындықты рушылдық психологиямен байланыстырады. Ол ру менмендігінің бір сипаты аламандықты жатыр деп түсінеді. Ғалым “аламандық қазақ мінезінің бадырайып (психологияда мұны “мінездің акцентуациясы” дейді – Н.И.) бесенеден белгілі болып, көрініп тұратын мінез бітісі”, - дейді. Мінез акцентуациясын – жеке адамға, сонымен қатар, әр түрлі әлеуметтік топтарға да тән құбылыс. Аламандыққа байланысты автор түйіндерінде қазақ халқында бұрынғы кезде атамекенді қорғау сезімдерінің кемдігі байқалады деген пікір бар. әрине, осы түйінмен келісе қою қиын. №6 (18), 2008 (қараша-желтоқсан)



Бақылау сұрақтары:

1. Х.Досмұхмедовтың өмір жолы мен психология саласындағы еңбектері?

2. Х.Досмұхамедовтың “аламандық” ұғымына берген анықтамасы?

3. Қазақтың жауынгерлік мінезі туралы “Ұлттық психологияның сипаты” еңбегі кімдікі?



Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

«Сырдария» университеті



«Гуманитарлық білім» факулътеті


«Педагогика және психология» кафедрасы

«Қазақстандағы психологиялық ғылым» пәні бойынша
050103 «Педагогика және психология» мамандықтарының студенттері үшін
Семинар сабақтары


Жетісай – 2009 ж.
10. Семинар сабақтарының жоспары





Тақырыптардың мазмұны мен бөлімдері





Сағат саны

Әдебиеттері

1

Қазақстандағы психологиялық ғылым пән ретінде

1. Қазақстандағы психологиялық ғылым пән ретінде;

2. Әлемдік психологиялық ғылымның қазіргі жағдайы.


1

1,2,3,5,6,8,13

2

Жыраудың үлкен пірі Қорқыт ата

1. Қорқыт атаның музыкалық-этнографиялық мұрасы

2. Қорқыт ата тағылымдарының тәрбиелік мәні.

3. Қорқыт ата тағылымдарындағы афоризмдер, қанатты сөздер т.б.



1

1,2,3,5,6,9,10

3

Психология ғылымы тарихындағы Әбу Насыр әл-Фараби көзқарастары (870-950)

1. “Ізгі қалда тұрғындарының көзақарасы туралы трактат еңбегіне” талдау;

2. Фараби еңбектеріндегі музыка жайлы толғаныстары;

3. Фарабидың медицина саласындағы еңбектері;



1

1,2,3,5,6,10,12

4

Х V – ХІV ғғ. Қазақстандағы психологиялық идеялар

1. Жамал Қарши;

2. Қожа Ахмет Иссауи

3. Муслихутдин Сағди



1

1,2,3,5,9,10,11

5

Қазақ фольклорындағы психологиялық тағылымдар.

1. Дала тұрғындарының өмір салты мен психологиясы.

2. Қазақтың ұлттық мінез бітістері, олардың ерекшеліктері


1

1,2,3,6,9,10

6

ХV – ХІІғғ. психологиялық ой пікірлердің дамуы

1. Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1751)

2. Қадырғали Жалайри


1

2,3,4,5,6,7,10

7

ХVІІІ – ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы психологиялық толғаныстар.

1. Шал ақын:

а. Импровизация түріндегі өлеңдері;

б. Жастарға арнаулары



1

1,2,3,4,5,6,13,

8

ХІХ ғ екінші жартысындағы қазақ ғұламаларының психологиялық көзқарастары

1. Ы.Алтынсарин:

а. Қоғамдық және педагогикалық психология мәселелері жайлы айылған қызықты деректер.

Б. Қазақ балалары үшін “Хрестоматия”



1

1,2,3,4,5,6,7,10,11

9

ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ ғұламалары мен қоғам қайраткерлерінің психологиялық көзқарастары

1. Фольклоршы-публицист Мәшһүр-Жүсіп Көпеев (1857-1931) :

а. Таным түрлері;

б. Бейғамдық түрлері;



1

2,3,4,5,6,9,11,12

10

Халел Досмұхамедов (1883-1939)

1. Ғұлама ғалымның өмір жолы.

2. Халелдің психологияның әр жақты мәселелері мен байланысты пікірлері.


1

2,3,5,6,9,10

11

М.Жұмабаев (1893-1938)

1. М.Жұмабаев өмір жолы.

2. М.Жұмабаевтың педагогикалық-психологиялық пікірлері, еңбектері.


1

3,4,5,6,7,13,12

12

Кеңестік Қазақстандағы психологиялық ғылым

1. С.Балаубаев (1902-1972)

2. Шәрапи Әлжанов (1901-1938)


1

2,3,5,6,8,9,13

13

Кеңестік Қазақстандағы психология ғылымы

1. Психологияның ғылым ретінде қалыптасуының алғашқы кезеңі.

2. Психологияның Ұлы Отан соғысынан кейінгі даму жолдары, қазіргі жағдайы мен даму перспективалары.


1

4,5,6,7,8,11,13

14

Психология аумағындағы Қ.Б.Жарықбаевтың еңбектері

1.ҚазҰУдегі “Тәжібаеытің оқулары” ұлттық тәрбиесінің ұйтқысы, һәм жаршысы



1

5,6,7,87,9,10,12

15

Қазақ психологтарының аға буын өкілдері 80 де

Қ.Рахымбеков.

К.Қойбағаров

М.Итбаев


1

1,2,3,4,5,6,13,




Барлығы

15





1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет