Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған



жүктеу 0.74 Mb.
бет4/5
Дата02.04.2016
өлшемі0.74 Mb.
1   2   3   4   5
: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған
umkd -> ПӘннің ОҚу- әдістемелік кешені «Абайтану» пәнінің 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы

Қазақстан Республикасының ұлттық кітапханасы

Қазақстан елінің ұлттық кітапханасы - қазақ халқының ұлттық мәдениетін өркендетуде, қазақ зиялыларын тәрбиелеуде және жұмысшы қауымының мәдени сұраныстарын қанағаттандыруда аса маңызды роль атқарады.

Жыл сайын кітап қорына 150-160 мыңдай әр түрлі басылымдар келіп түседі, оның ішінде 80 мың кітап. Төрт миллионға жуық Республикамыздың және ТМД елдерінің, шетел баспасөздерінің басылымдарын, соның ішінде шетел мекемелерінен де газет, журналдар алып отырылады.

Зерттеушілерді сирек кітап қорындағы 25 мыңнан асатын қазақ, орыс, шығыс тілдеріндегі және Батыс Европа халықтарының VI, VIII ғасырлардағы және XIX ғасырдың басындағы кітаптар мен қолжазбалар қызықтырады.


Жаттығу жұмыстары:

1-тапсырма: Төмендегі сұрақгарға жауап жазыңдар.

Екі түбірден біріккен қандай ән-күй, өлең, аң, құс, жәндік аттарын білесіңдер? Екі не үш сөзден біріккен қандай шөп, жер, су, планета, географиялық атауларды білесіңдер? Біріккен сөз түрінде қолданылатын қандай ойын аттарын білесіңдер?

2-тапсырма: Әдемі, жалтақ, мая, мырс деген сөздерден қос сөз жасап, жасалған қос сөздерді қатыстырып, сөйлем құраңыздар.

3-тапсырма: Төмендегі күрделі атаулардың мағыналарын айқындап, олардан қысқарған сөздер жасаңдар.

Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті. Мемлекеттік қаржы институты. Тәуелсіз Мемлекеттер достастығы. Біріккен Ұлттар Ұйымы.

4-тапсырма: Қысқарған сөздер дегеніміз қандай сөздер, олар қалай жасалады, оларға қосымшалар қалай жалғанады. Мысал кел-тіріңіздер.

5-тапсырма: Біріккен сөздер қалай жасалады, қалай жазылады?

Мысал келтіріңіз.



9 сабақ. Салалас құрмалас сөйлем.

Салалас құрмалас сөйлем туралы түсінік. Түсіндірмелі салалас. Қарсылықты салалас.




түрі

Ыңғайластық


Қарсылықты

Себеп-салдар

Кезектес

Талғаулы

Түсіндірмелі

ереже

Жай сөйлемдері бір-біріне іргелес болған уақиғаны, істі білдіретін салалас түрі.

Жай сөйлемдерінің мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін салалас түрі.

Жай сөйлемдерінің бірі екіншісінің себені білдіретін салалас түрі.

Жай сөйлемдеріндегі іс-қимылдың кезектесіп келетінін білдіретін салалас түрі.

Жай сөйлемдерінде айтылған іс-әрекеттің береуі ғана орындалатанын білдіретін салалас түрі.

Екінші жай сөйлемі бірінші сөйлемнің мағынасын түсіндіріп тұратын салалас түрі.

жалғаулық

Және, әрі, да, де, та, те

Бірақ, дегенмен, сонда, да, сөйтсе де, сөйткенмен, әйтсе де, әйткенмен, алайды.

Өйткені, сондықтан, себебі, сол үшін, неге десеңіз, сол себепті т.б.

Бірде, біресе, кейде

Не, немесе, я, яки, не (я) болмаса, әлде, әйтпесе.

Жалғаулы жоқ.

мысал

Биыл жайлауда болдым және ауылдағы ағаларымның үйіне бардым.

Оның даусы жақсы, бірақ ән айтуды жақтырмайды. Менің театрға барғым келмеді, әйткенмен оның көңілін қалдырғым келмеді.

Биыл шөп қалың шықты, өйткені жаңбыр көп жауды.

Балалар бірде футбол ойнайды, бірде өзенге барып шомылады.

Тезірек шөп ору керек, әйтпесе уакыт өтіп кетеді.






Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлем


түрі

Ыңғайластық


Қарсылықты

Себеп-салдар

Кезектес

Талғаулы

Түсіндірмелі

мысал

Олар төмен түсіп еді, жол екіге бөлінді.

Көз қорқақ, қол батыр. Бас болу оңай, бастамақ қиын.

Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас: қар суы сықылды тез суалар.

Жалғаулықсызы жоқ, себебі жалғаулығын алып тастаса, бұл сөйлемнің мағынасы ыңғайлас салаласқа ауысады.

Ауырып отырды ма, кешегі оқиға есіне түсті ме, бүгін ол ешкемен сөйлеспеді.

Оның келмеген себебі мынау: кеше жұмыстан кеш қайтты.



Мәтін тапсырмалары

Мәтінді оқып шығып, аударыңыз.

Мәтін бойынша жоспар құрыңыз.

Орыс тілінен еркін аударма түрінде аударыңыз.


ЕСКІРТКІ – АДАМЗАТТЫҢ СОРЫ
«Адам азса, заман тозады», оны жаңғырту да, құрдымға құлдырату да өзімізге байланысты. Арақ ішу, темекі тарту аздай кұрдастарымыз енді есірткіге бой ұра бастады. Бұның себебі не?

Шетелдік «мәдениет» өңмеңдеп төрге ұмтылуда. Делебені қоздыратын тұрпайы бейнефильмдер қаптады. Кісі тонау мен адам өлтірудің «насихаты» үдей түсті. Оң-солын танып үлгермеген жастарымыз оған есі кете құнығып барады.

Адамдарды нашақорлыққа баулу – қылмыстың ең зоры. Олар бірлі-жарым адамды ғана қан қақсатып қоймайды, бүкіл ел, үлттың тамырына балта шабады. Бүл біздің жас мемлекетіміз үшін соғыс апатымен тең. Оған қарсы неге күш біріктірмейміз? Неге күреспейміз?

Күні кешеге дейін нашақорлық деген атау қазақ ұғымында болған емес. Маскүнемдік те бізге жат еді. Қоғамдық орта да, табиғат та таза, тұнық болатын. Ластықтан жиіркенетінбіз. Енді міне деректерге жүгінсек рРРеспублика бойынша 20 мыңнан аса нашақордың бар екені анықталып, тіркеуге алыныпты. Бұл республикамызды жайлаған үлкен дерт, түпсіз құрдым.

Дәрігерлердің айтуына қарағанда, есірткі миды құрғатып, кептіріп жібереді. Қыздырмаға ілескен сорлы аз уақытта біржола мәңгіреді. Есірткісіз бір сәт те тұра алмайтын халге жетіп, тірі өлікке айналады. Отан, ата-ана, құрбы-құрдас дегенді білмейді де сезбейді. Олардың бұл дүниеде кешетіні - азап.

Алматы қаласындағы ең жас нашақор 7 жаста екен. Бұл не деген сұмдық. Жақында, есірткіге шалдыққан бір адаммен сұхбаттасып көрдім. Ол әңгімесінде былай дейді: "Алғашқы рет достарыма ілесіп, есірткінің қандай екендігін білгім келді, тек қызығушылық мақсатында қолдандым. Қан тамырыма есірткі дозасы жіберілді. Сол сәттегі рахат сезімді көңілі ояу, көкірегі сау пенде бастан кешірмейтіні кәміл. Қызыл, жасыл ғажап әлемнің ішінде боласың".

Демек, есірткі адамды осылай айналдыратын болғаны. "Ал қазір неге, бұл уақытқа дейін пайдаланасың, есірткі деген көп ақша тұрады ғой. Ол ақшаны қалай табасың?" - дегенімде, ол: "біріншіден, жастардың арасында беделді боласың, екіншіден, үйдегі әке-шешемнің ұрысқанын елемеу және бүкіл ренішті ұмыту үшін қолданамын. Қазір онсыз өмір сүре алмайтын болдым, дер кезінде қабылдамасам өзімді дұрыс ұстай алмаймын. Соңдықтан ол маған өте қажет. Ал ақшаны әке-шешемнен сұраймын, бермесе ұрлап аламын", - дейді. "Емделгің келмей ме?" деген сұраққа, ол: "әрине келеді, бірақ оған көп ақша және күш қажыр-қайрат керек", - дейді. Сонда бұл жасөспірімің тағдыры немен аяқталар екен?..

Сұмдықты қараңыз, есірткі алғашқыда тегін беріледі екен, екінші рет оны жаңағы адам өз ақшасына іздеп жүріп сатып алады. Осындай қулықпен торға түскен адам одан құтыла алмайтын тәуелді халге түседі. Ақшасы таусылса ұрлыққа көшеді, яғни қылмысқа тартылады. Ұрлық түбі - қорлық. Сотталу. Түрме. Бұндай оқиғалардың алдын алу үшін, "есірткіге қарсы күрес" атты іске асатын көптеген бағдарламалар жасалып, мектеп пен жоғарғы оқу орындарына лекциялар, арнайы сабақтар енгізілсе. Әр отбасында ата-ана баласымен бұл жөнінде ашық сөйлескені жөн.

Бір сөзбен айтқанда, бұл апаттың алдын алуға жаппай кірісуіміз керек. Әрине, қатал жаза да керек, онсыз болмайды. Нағыз бұзылған нашақор түзелмейді, емдеуге де келмейді. Қоғамның саналы мүшесі емес. Ал біз осыған елтіп жүрген мыңдаған құрбыларымызды бұдан сақтап қалуға тиіспіз. 20гр. героиннің құны 1000 доллар. Басқа түрлері де осы тектес. Осы ақша, шіркін, денсаулыққа жұмсалса ғой...

Біз, ХХІ ғасырдың болашағын құрамыз, сондықтан бұл апатпен күресуді қазірден өз қолымызға шындап алуымыз керек!


Есте сақтайтын сөздер

Көңілі ояу

Көкірегі сау

Тәуелді


Отбасы

Нашақор


Апатпен күрес

10 сабақ. Себеп-салдар салалас. Талғаулы салалас. Кезектес салалас
Мәтін тапсырмалары

Мәтіннен кірме сөздерді тауып, қай тілден кіргенін анықтаңыз.

Қазақтың ұлттық спорт ойындарының тағы қандай түрлерін білесіз?

Мәтінді ауызша әңгімелеп беріңіз.


БӘЙГЕ МЕН АЛАМАН БӘЙГЕ
Қазақ халқының ұлттық спорт ойынының бірден – бір көп тарағаны – бәйге мен аламан бәйге. Спорттың бұл түрінің өзгеше бір ерекшелігі сол – жарыс тек жазық жерлер мен ипподромдарда ғана өтіп қоймайды, спортшының өзі мен оның атына жоғары талап қойылатын ойлы-қырлы, жасанды, бөгесінді жерлерде де өткізіледі. Бір жағынан, бұлайша жарысты бұрын белгісіз, ойлы-қырлы жерлерде өткізу қазіргі заманғы ат спортының классикалық түріне жуықтайды. Бұл республиканың жергілікті халықтары арасында спорттың классикалық түрлерін кеңінен таратуға өзінің пайдасын тигізетіні сөзсіз. Әсіресе аламан бәйгенің спортшының тактикалық шеберлігін жетілдіруде маңызы орасан зор. Жарыста мықты да жылдам спортшылардың бәрі бірдей жеңе бермейді, мұнда кімде-кім жарысты жаттығу жағынан құрып, жағдайды дұрыс бағалап, жарыстың барысында атының күшін тиімді пайдаланса ғана жеңіске ие болады.
Есте сақтайтын сөздер

Ұлттық спорт ойындары

Бәйге

Аламан бәйге



Ойлы-қырлы

Жергілікті халық

Мықты да жылдам
1-жаттығу. Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдаңдар.

Таң ата жау шабуылға шықты. Шабуыл тағы тойтарылып тасталды.

Түс кезінде батальон командирі Гундилович бізге байланысты - сын жіберді. Ол комаңдирдің бұйрығын жеткізді. Бұл ұрыста Төлеген ерекше ерлік көрсетті. Күн кешкірген кезде "Бородиноға" генерал Чистяков пен полковник Капров келді. Оларға Гундилович болған жағдайды баяңдады.
2-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерден тура және жанама толықтауыштарды табыңыз.

Онымен бірге ыстық от-жалын толқыны ғаламат екпін-күшпен тарап жатты. Көрінбейтін сәуле-радиация да жан-жаққа тарап жатты. Осы өңірде қырық жыл бойы болған апаттың көлемін есептеу мүмкін емес. Табиғаттың бүлінгені, жан-жануарлар дүниесі мен халық шаруашылығына қаншама залал келтірілгенін былай қойғанда, сол жердің халқына қанша қайғы әкелді. Адамзатты қыруға, адам баласы жасаған байлықты жоюға арналған мұндай жойқын қарулардың қарапайым халыққа еш керекгі жоқ. Қазақстан жерінде шаруашылық мақсатқа деп те кіші жарылыстар жасалып тұрған.




11 сабақ. Сабақтас құрмалас сөйлем.


Түрі

Шартты

бағыныңқы

Қарсылықты

бағыныңқы

Себеп бағыныңқы

Мезгіл бағыныңқы

Қимыл-сын бағыныңқы

Мақсат бағыныңкы

Ерекшелігі

Бағыныңқысы басыңқы сөйлемінің

шарты болып келетін сабақтастың түрі.



Бағыныңқысы басынқы сөйлеміне қарама-қарсы болып келетін сабақтастың түрі.


Бағыныңқысы басыныңқы сөйлемінің

себебін білдіретін сабақтастың түрі.




Бағыныңқысы басыныңқы сөйлемінің мезгілін білдіретін сабақтастың түрі.


Бағыныңқысы басыныңқы сөйлемде айтылған

іс-қимылдың қалай орындалғанын білдіретін сабақтастың түрі.



Бағыныңқысы басыныңқы сөйлемдегі ойдың мақсатың білдіретін сабақтастың түрі.

Сұрағы

Қайтсе?

Не етсе?


Қайткенде?

Не еткенде?



Қайтсе де?

Не етсе де?

Қайткенмен?

Не еткенмен?

Не етпестен ?


Неліктен?

Не үшін?


Несі үшін?

Не себептіне деп?



Қашан?

Қай кезде?

Қашаннан бері?


Қайтіп?

Не естіп қалай?



Не мақсатпен?

Неге?


Не үшін?

Не етпек? Болып?



Мысал

Бәйгеге түсіп жарыспай, ат өнері білінбес.

Одан жақсы сөз естісе де, артына қарамай кетіп қалды. Оған сөз бергенмен, ертеніне уәделі жерге келмеді.

Біреу көмектесер деп, ол үйден шықты.

Айман барғанға дейін, той аяқталып қойды.

Олар Асанды күтпестен, ертемен жолға шығып кетті.

Олар үйге тезірек жетпек болып, аттарына қамшы басты.
Сабақтас құрамалас сөйлем туралы түсінік. Шартты бағыныңқылы сабақтас. Қарсы бағыныңқылы сабақтас.


Мәтін тапсырмалары

Мәтінге жоспар құрыңыз.

Жоспар бойынша ауызша әңгімелеп беріңіз.

Мәтіннен кірме сөздерді тауып, қай тілден енгендігін анықтаңыз.



Ақмола (Астана)

Ақмола - 13-14 ғасырда тұрғызылған сәулетті күмбез. Ондай тастан, күйдірген кірпіштен жасалған күмбездер Есіл мен Нұра бойында көп. Ақмола Кеңгір бойындағы Домбауыл сияқты кешендер солардың ескі түрінің бірі. Оның қабырғасы төрт бұрышты текше түрінде қаланып, үстінде шардың жартысына ұқсаған, не киіз үйдің төбесі тәрізді күмбез орнатқан.

Күмбез жолаушының көзіне алыстан жарқырап көрініп, Есіл өлкесінің аты болады. Есіл бойында дуан салынғаннан (1832) бері, Ақмола сол дуанның, кейін Ақмола қаласының, оның уезінің және облысының ресми атына айналады. Ол жерде болған тарихи күмбез 19 ғасырдың 2-жартысында қирап бітті. Тарихта, ел есінде тек оның аты ғана сақталған.

Қазақстан астанасы жөнінде айтсақ, Акмола астана болуға лайық. Географиялық орны жағынан жазық далада орна-ласқандықтан астана бола қалғанда оған сәулетті ғимараттар салынып, қала созыла беретіні белгілі ғой. Осы жағынан Ақмола өте қолайлы. Нұра, Есіл өзендерінің бойына жақын орналасқан, ол қаланы сумен қамдаудың көзі.

Егер, Қазақстан картасына көз жүгіртсек Ақмола қаласы қазақ жерінің дәл орталығы. Теміржолдың да, тас жолдың да торабы. Ақмола Қазақстанның оңтүстігіне де, солтүстігіне де, шығысына да, батысына да бірдей орталық. Ақмоланың астана болуы қазақ ұлтының миграциясына да пайдасын тигізері даусыз. Және де мұның саяси-стратегиялық маңызы бар екенін де ұғуымыз керек. Ол дегеніміз Сарыарқаның байлығына қазақты қожа ету.

Облыс 1939 жылы қазанның он төртінде кұрылған. Аумағы -133,0 мың шаршы шақырым. Халқы - 1002,0 мың адам. Облыстың 12 ауданы бар.


12 сабақ. Себеп бағыныңқылы сабақтас. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас.

Мәтін тапсырмалары

Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз

Халқымызда «үш», жеті, «тоғыз» сөздерімен байланысты айтылатын сөздерге мысал келтіріңіз.

Мәтінді ауызша әңгімелеп беріңіз.


ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ
Тоғызқұмалақ- қазақтың ерте заманнан келе жатқан ұлттық спорт ойындарының бірі. Бұл ойынды қазақтардан басқа қырғыздар, қарақалпақтар, алтайлықтар да ойнайды.Тоғызқұмалақ ойынын «қойшылар алгебрасы» деп те жүр. Оның себебі де жоқ емес. Тоғызқұмалақты тұңғыш рет қойшылар ойлап шығарған және бұл есеп ойыны. Ертеде қатар қонған ауыл қойшылары жайлауда қойды қапатата жайып барып жусатқан соң, бір төбенің басына жиналып, жақ- жақ болып тоғызқұмалақ ойнайтын болса керек.

Алайда тоғызқұмалақ ойыны ол кезде қойдың құмалақтарымен ойналушы еді. Бұған онша күрделі жабдықтардың да қажеті болмады. Екі жақ ойыншыға тоғыз- тоғыздан шұңқыр (отау), бір- бірден қазан (құмалақ жинайтын үлкен ұя) жасап, әр ойыншы 81- ден, барлығы 162 құмалақ пайдаланды. Қойшылар тоғыз құмалақты жерді қазып алып, жүрелеп немесе малдас құрып отырып ойнай беретін болған. Бертін келе ойын халық арасына кеңінен тарап, қалың бұқараның мәдени қажетіне айналған. Әншіл, сауықшыл қазақ халқы адамның ой өрісін кеңейтетін, өмірге қажетті ауызекі есепке төселдіретін, ұстамдылықққа, творчестволық еңбек сүйгіштікке дағдыландыратын тамаша спорттық ойынға бос уақыттарын бөліп, ұрпақтан- ұрпаққа жеткізіп келген.



Есте сақтайтын сөздер

Тұңғыш рет

Ойлап шығарған

Есеп ойыны

Жайлауда

Ойыншы


Жүрелеп немесе малдас құрып

Ұстамдылыққа

Ұрпақтан- ұрпаққа

13 сабақ. Мақсат бағыныңқылы сабақтас. Көп бағыныңқылы сабақтас. Көп басыныңқы сабақтас.
Мәтін тапсырмалары

Мәтін бойынша екі адамның сөйлесуін құрыңыз.

Мәтіннен 5 сұраулы сөйлем жасаңыз.

Мәтіннің ауызша әңгімелеп беріңіз.


ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТ
Қазақстанда спортқа әрқашан зор көңіл бөлінетін. 1991 жылдан бастап, Қазақстан халықаралық спорт жарыстарына тәуеліз мемлекет ретінде қатынасып жүр. Республикада олимпиада қозғалысын дамыту үшін Ұлттық олимпиада комитеті құрылды. 1994 Лиллехаммерде өткен ХVІІ қысқы олимпиада ойындарына алғаш рет қатынасты. Елде халықаралық дәрежедегі спортшылар көп. Елдің ұлттық құрама командалары үшін резерв дайындау ісіне көп көңіл бөлінеді. Петропавл, Шымкент, Қызылорда, Степногорск қалаларында дарынды балалар үшін мектеп-интернаттары құрылған. Түрлі спорт құрылыстары салынуда. Астанада спорт сарайы, теннис корттары, стадион жұмыс істейді. Республикада жоғары дәрежелі спортшылар даярлау жүйесі жұмыс істейді. 291 спорт мектебі, 6 спорт шеберлігі мектебі жұмыс істейді. Онда 140 мыңға жуық балалар, жасөспірімдер және жастар жаттығады.

Қазақстан спортшылары Азиядағы күштілердің бірінен саналады. Олар Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея спортшыларына қуатты бәсекелестік танытады. Қазақстанның құрама командалары Азия орындарында табысқа жетуде. Әсіресе, боксшылардың жетістіктері байқалуда. Олимпиада жеңімпаздары Василий Жировты, Бекзат Саттарханов пен Ермахан Ибраимовты кім білмейді?! Жеңіл атлетикада, грек-рим күресі, шахматта да жетістіктер бар. 2000 жылы Сиднейде өткен Олимпиада ойындарының қорытындылары бойынша Қазақстанның спорттық делегациясы 199 қатынасушы елдердің арасында 22-ші орынды иеленді.

Тәуелсіздік алғаннан бері елде ұлттық спорт түрлерін жандандыру және дамыту жөнінде шаралар қабылданды. Бұл шаралардың нәтижелері кезек күттірген жоқ. Қазір ұлттық қазақша күреспен 20 мыңнан астам адам айналысады. Халық арасында көне тоғыз құмалақ ойыны танымал болып алды. Ұлттық ат ойыны көкпармен 2 мыңнан астам адам айналысуда. Бәйге, жорға жарыс, теңге алу, қыз қуу сияқты спорт түрлерінің бас июшілері де бар. Жыл сайын ұлттық спорт түрлерінің көпшілігі бойынша ресми чемпионаттар және республикалық турнирлер өткізіледі.
Есте сақтайтын сөздер

Қазақша күрес

Тоғыз құмалақ

Көкпар
14 сабақ. Аралас құрмалас сөйлем.



Диалог. Монолог.


Салалас + сабақтас+салалас

Сабақтас+салалас + салалас

Сабақтас+салалас+ сабақтас+салалас

Салалас + сабақтас+ сабақтас+ салалас

Қарағандының қары биыл бұрқаң-тарқан қауырт еріп еді, сай салалар суға толып, қырдың тентек өзендері сақылдап тасығалы тұр.

Көзін сәулеге үйреткен Асқар терезеден қараса, аспан айдай ашық екен де, шуақты күн түске тармасып қалған екен.

Лиза ойнап есік алдына шығып кетсе, әке-шешесінің дауыстыры үздіксіз шығады да, Лиза үйге кайтса, сөздерінің аяқталмай тоқталғаны андалады.

Ол бастықтың бөлмесіне келген еді, бірақ басқа келгендер болып, көпке дейін – кезек келмей, есік алдында күтіп қалды.


Көп құрамды құрмалас сөйлемнің түрлері


Көп құрамды салалас құрмалас сөйлем

салалас + салалас + салалас

Құрамындағы жай сөйлемдерінің баяндауыштары тиянақты болады

Ол келді де, есікті ашып қарап еді, бәрі тегіс келіп болыпты.

Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем (к.б.с.қ)

Жарыспалы к.б.с.қ

сабақтас+ сабақтас+ салалас

Саб, саб, сал

Күн жылы болғандықтан, шанамызды алып, далаға кеттік

Сатылы к.б.с.қ

сабақтас+ сабақтас+ салалас

Саб, саб, сал

Көп басыңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

Сабақтас+салалас + салалас

Саб, саб, сал

Басы ауырып, үйіне кеткендіктен, соңғы сабаққа қатыспады

Аралас құрмалас сөйлем

Сабақтас+салалас + салалас

Саб, саб, сал

Ол ретін тауып, бастықпен сөйлесіп еді, жоспарларын бекітпей қойды


Мәтін тапсырмалары

Мәтін бойынша екі адамның сөйлесуін құрыңыз.

Мәтінді қатысты 3мақал-мәтел айтыңыз.

Мәтінді ауызша әңгімелеп бер.


АС – АДАМНЫҢ АРҚАУЫ
“Ас – адамның арқауы” деп тауып айтқан қазақ дастарқан байлығына ерекше мән беріп қараған.Тағам түрлерін ақ (сүт тағамдары) , қызыл (ет) және көк (жеміс) деп үшке бөлген. Соның ішінде денсаулыққа пайдалы әрі құнары мол сүт тағамдарының бірнеше түрлерін жасай білген.Сүтті қасиетті зат есебінде қарап “ақты төпке, малдың желіні кетеді” деп ескерту жасап отырған.Қазақтың құрт, ірімшік, ежігей тағы сол сияқты сүт тағамдары басқа елдерде өте жоғары бағаланады.

Енді сүт тағамдарына жеке-жеке тоқталып, олардың жасалуы мен дәстүрлі, кәделі жолдарын әңгімелейік.

Қымыз – халқымыздың бірнеше ғасырлар бойы үздіксіз пайдаланып келе жатқан ұлттық тағамы.

Дайындау әдісіне, қасиетіне, сапасына және сақталу уақытына байланысты халқымыз қымызды бірнеше түрге бөледі. Және олардың әр түрін жылқы жасы атауымен атайды.

У ы з қ ы м ы з – биені алғаш байлап, жаңадан ашытылған қою қымыз.

Б а л қ ы м ы з – жылқының сүт қазысын қосып әбден бабына келтіріліп пісілген қымыз. Бұл басқа қымызға қарағанда сары әрі қою, дәмді, жұғымды, тұшы болады.

Қ ұ н а н қ ы м ы з – екі түн сақталған, толық ашыған қымыз.

Д ө н е н қ ы м ы з – үш түн сақталған өте күшті қымыз.

Б е с т і қ ы м ы з – төрт түн сақталып ашуы әбден жеткен қымыз.

Мұнымен қатар шөп буыны қатып, күзде сауылатын қымызды сары қымыз дейді.

Көп пісіліп ащы дәмі кеткен қымызды өлтірілген қымыз дейді. Бұл жақсы деген ұғымды білдіреді.

Қымыз - әрі сусын, әрі тағам, дертке шипа, жанға қуат.

Шұбат. Сүт тағамдарының ішінде қымыздан кейінгі бағалы сусын – шұбат. Оның түйе сүтінен жасалатыны барша жұртқа белгілі.

Құрт – қой, сиыр сүтінен жасалады. Әріне, қойсүтінен жасалған құрттың дәмі де, сапасы да өте жақсы болады.

Құрт көже – тағамдық қуаты мол жеңсік ас. Ол көбінесе қыста дайындалады. Қазақтар мұны қыстың қымызы деп те дәріптейді. Өйткені құрт көже әрі тамақ әрі сусын.

Ірімшік сүттен жасалады. Сүтті қайнатып оған қымыз, айран, шұбат сияқты ащы іріткі қосып ірітеді.Іріген сүттен ірімшік түзіліп, табаққа дорбаға салып кептіріп алады.

Уыз. Малдың төлдегеннен кейінгі алғашқы сүті уыз деп аталады. Уыз өте дәмді әрі қою болады. Бала да, төл де уыз сүтін тойып ішу керек. Уызында жарымаған деген сөз осыдан шыққан.

Айран – қой, сиыр сүтінен әзірленеді. Қатыққа қарағанда сұйық әрі ащылау болады. Айранмен шөл басады.



1   2   3   4   5


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет