Халық ауа – райын қалай болжаған ?



жүктеу 30.04 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі30.04 Kb.





Халық ауа – райын қалай болжаған ?
Халқымыз табиғат тылсымын ерте заманнан-ақ түсініп, оны өзінің тұрмыс, тіршілігіне арқау етіп қолдана білген. Солардың бірі халықтың ауа-райын болжау тәсілдері. Біздің халық жазда да, қыста да далалық өмірде тіршілік еткен. Сондықтан халқымыз өздері тұрған мекеннің табиғи ерекшелігі мен құпиясын терең біледі. Олар айсыз түнде жұлдызға қарап жол тапқан, көз аштырмас боранда жердің шөбіне қарап ел тапқан. Құрт-құмырсқа, жан-жануар, құстардың тіршілігіне зер салып, ауа-райын күні бұрын болжаған.

Мысық босағаны немесе ағаш тіреуді тырналап мазаланса, ауа-райы қатты бұзылады, жел тұрады немесе боран болады. Мұндайда үй иелері «боран шақырып тұр» деп мысықты зәбірлеп, ұрсып жатады. Бұл – дұрыс емес, мысық боран шақырып тұрған жоқ, күн райының бұзылатынын хабарлап тұрғаны. Ал егер мысық керіліп ұйықтаса, онда ұзақ уақыт бойы ауа-райы қолайлы болады.

Тауық биікте қонақтаса, жаңбыр жауады. Қыста тауық ерте қонақтаса, онда күн қатты суытады. Тауық жерге аунап, қанатын қағып тазалана бастаса, жаңбыр жауады. Жаңбыр сіркіреп тұрғанда тауықтар далада жем іздеп жүрсе, онда ақ жаңбыр болады, яғни жаңбыр ұзаққа созылады. Әтеш қыстыгүні бір аяғын көтеріп тұрса – аяз болады. Жаңбырлы күндері әтеш таң ата шақырса күн ашылады.

Қыс қатты болатын болса тиіндер ұясын төмен жерге, жылы болса жоғары жасайды.

Жылан мезгілінде ұйықтамасы – күз ұзақ әрі жылы болады. Жылан, құрт-құмырсқа топ-тобымен басқа жаққа көше бастаса көп ұзамай жер сілкінеді, болмаса басқа бір табиғаттың тосын апаты болады.
Есте сақтаңыздар






сіркіреп жапалақтап
шелектеп қиыршықтап

ЖАҢБЫР ЖАУАДЫ ҚАР ЖАУАДЫ

құйып ұшқындап


себелеп

"Ұрпақ тәрбиесі - ұлылықтың бастауы"

Қыстың қамын жаз ойла Жаз сайға қонба,

Жаздың қамын қыс ойла. Қыс қырға қонба.

Жаңбыр жауса, жер ырысы,

Батыр туса, ел ырысы.

Ән – көңілдің ажары


Жаңбыр
Жау, жау, жаңбыр, жауа берші,

Менің дархан далама,

Жау, жау, жаңбыр, жауа берші,

Менің әсем далама.


Бақыт болып жаушы, жаңбыр, менің әсем қалама,

Бақыт болып жаушы, жаңбыр, менің дархан далама!


Алатаудың бауырында,

Ата-әжем ауылында,

Ақша бұлттар ауа берші,

Жау, жау, жаңбыр, жауа берші.


Бақыт болып жаушы, жаңбыр, менің әсем қалама,

Бақыт болып жаушы, жаңбыр, менің дархан далама!


Алматыдай ақ қалама,

Жасыл желек жас қалама,

Ақша бұлттар ауа берші,

Жау, жау, жаңбыр, жауа берші.


Бақыт болып жаушы, жаңбыр, менің әсем қалама,

Бақыт болып жаушы, жаңбыр, менің дархан далама!


Н.Жанаев

Табиғат – анамыз


Табиғат – ол анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Құшағында ойнаймыз,

Шаттық әнге саламыз.


Жазда аралап тауын да,

Барамыз біз ауылға.

Өзеніне шомылып,

Жүгіреміз жауында.


Қыста мәз болып қаламыз,

Сырғанауға барамыз.

Шымырлаған аязда

Зымырайды шанамыз.



Материалды дайындаған

«Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» МКҚК

оқытушысы А.М. Темірбекова




©netref.ru 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет