«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте



жүктеу 1.37 Mb.
бет1/7
Дата01.05.2016
өлшемі1.37 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7


«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте



Қолданыстағы Заң баптарынбелгілеу

Қолданыстағы мәтін

Ұсынылатын мәтін

Негіздеме




2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі



1 бап

1 тармақ 2) тармақша





1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар      

1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

2) АИТВ - адамның иммун тапшылығы вирусы;


1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар      

1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

2) адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) - адамның иммун тапшылығы вирусынан туындайтын ауру;



Бұл түзету Кодекстің түсініктер аппаратында сөздердің мағынасын ашу мақсатымен енгізіледі.

Осыған байланысты, Кодекстің түсініктер аппаратына және көзделген баптарға олардың түсініктері енгізіледі. Бұл сөздер Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен бекітілген қолданыстағы санитарлық ережелерде, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтерде қолданылады.

Сондай-ақ, Кодексте қолданылған сөздерге сәйкес келтіру мен бірыңғай және нақты түсіну мақсатында кейбір түсініктерді жетілдіру ұсынылады.




1 бап

1 тармақ 16) тармақша



1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



16) бірегей дәрілік зат - жаңа активті заттарды білдіретін немесе қамтитын дәрілік зат;

1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

16) бірегей дәрілік зат - жаңа активті заттарды білдіретін немесе қамтитын, оның тиімділігі мен қауіпсіздігі клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулердің нәтижелерімен расталған және толық деректеме негізінде тіркелген дәрілік зат;


Мәтінді халықаралық терминдерге сәйкес нақтылау, халықаралық тәжірибеде бірегей болып әзірлеу мен зерттеудің толық кезеңінен өткен және тіркеу кезінде қауіпсіздік пен тиімділігіне зерттеулер бойынша барлық деректері бар дәрілік зат саналады.

  1. 2

1 бап

1 тармақ 18) тармақша



1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

18) дәрілік заттар - аурулардың профилактикасына, диагностикасына және оларды емдеуге, сондай-ақ организмнің жай-күйі мен функцияларын өзгертуге арналған фармакологиялық активті заттарды білдіретін немесе оларды қамтитын заттар: дәрілік субстанция, табиғаттан алынатын дәрілік шикізат, дәрілік ангро- және балк-өнімдер, дәрілік препараттар, медициналық иммундық-биологиялық препараттар, парафармацевтикалар;



1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

18) дәрілік заттар - аурулардың профилактикасына, диагностикасына және оларды емдеуге, сондай-ақ организмнің жай-күйі мен функцияларын өзгертуге арналған, адам организмімен араласатын немесе оның ағзалары мен тіндеріне енетін фармакологиялық активті заттарды білдіретін немесе оларды қамтитын заттар. Дәрілік заттарға фармакологиялық (активті) субстанциялар және дәрілік препараттар жатады;


Бұл түсінік халықаралық терминологияда және Кедендік одақ елдерінде қолданылатын түсініктермен үйлестірілген.

Ол дәрілік заттың мәнін активті заттар, организмге әсер етуі бойынша, сондай-ақ белгіленуі бойынша да айқындайды. Бұл түсінік Кедендік одақтың мүшелері-мемлекеттерінде Дәрілік заттардың айналымы саласындағы келісімде қабылданды.






1 бап

1 тармақ 19) тармақша



1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

19) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және олармен қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай дистрибьютор - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде сатып алуды ұйымдастыруды, оның нәтижелері бойынша өнім берушілермен өнім беру шарттарын жасасуды, сондай-ақ дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тапсырысшыларға жеткізіп беру жөніндегі қызметтерді қамтамасыз етуді, ұсынуды жүзеге асыратын заңды тұлға;



1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

19) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сатып алу және олармен қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай дистрибьютор - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыруды және оның нәтижелері бойынша өнім берушілермен өнім беру шарттарын жасасуды, сондай-ақ дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы сақтау және тапсырысшыларға жеткізіп беру жөніндегі қызметтерді қамтамасыз етуді, ұсынуды жүзеге асыратын заңды тұлға;


2012 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 8 шілдедегі № 457-IV Заңымен бекітілген Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алулар туралы келісім (Мәскеу қ., 2010 жылғы 9 желтоқсан) күшіне енді. Аталған Келісімге сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету үшін медициналық техника Келісімнің және «Мемлекеттік сатып алулар туралы» ҚР Заңының нормалары қолданыла отырып, мемлекеттік мекемелермен және мемлекеттік органдармен сатып алынады, ал мемлекеттік кәсіпорындар «Мемлекеттік сатып алулар туралы» ҚР Заңының нормаларын қолданбай-ақ 4 баптың 1 тармағының 21-2) тармақшасы негізінде сатып алады. Осыған байланысты, сатып алудың бірыңғай құрылымын құру және денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық техникамен қамтамасыз ету қажеттілігі туындады.

Жоба «СК-Фармация» ЖШС мәртебесін дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың жалғыз дистрибьюторы ретінде айқындайды.






1 бап

1 тармақ 23) тармақша



1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

23) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілер - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен үлгілік ережелерге сәйкес жұмыс істейтін дәріхана, алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункті, шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған жылжымалы дәріхана пункті, дәріхана қоймасы, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы уақытша сақтау қоймасы, оптика дүкені, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың дүкені, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қоймасы, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру жөніндегі ұйымдар;


1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

23) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілер - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен үлгілік ережелерге сәйкес жұмыс істейтін дәріхана, алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункті, шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған жылжымалы дәріхана пункті, дәріхана жанында ұйымдастырылған дәріхана қоймасы, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы уақытша сақтау қоймасы, оптика дүкені, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың дүкені, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қоймасы, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру жөніндегі ұйымдар;


Түсінікті нақтылау. Жылжымалы дәріхана пункті шалғайдағы ауылдық жерлерге (малшаруашылық жайылымдары, егістік қостар және т.б.) дәрілік заттарды жеткізетін мобильді орын болып табылады, олардың шықпаған кезінде стационарлық орны болуы тиіс, дәрілік заттарды тиесілі жағдайларда алуы және сақтауы тиіс. Аталған объект ретінде тек фармацевтикалық қызметке лицензиясы бар дәріхана ғана болуы мүмкін.





1 бап

1 тармақ 26) тармақша



1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

26) дәрілік заттың балк-өнімі - технологиялық процестің соңғы қаптамалаудан басқа барлық сатысынан өткен, мөлшерленген дәрілік зат;


1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

26) дәрілік заттың балк-өнімі, медициналық мақсаттағы бұйымдар - технологиялық процестің соңғы қаптамалаудан басқа барлық сатысынан өткен, мөлшерленген дайын дәрілік препарат, дайын медициналық бұйым;


Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника үшін түсініктерді нақтылау қажеттілігі.

Нарықта олардың мәртебесі регламенттелмеген, өлшеп оралмаған ММБ (қолғаптар) бар. Өндірісте олар оралады, таңбаланады, қажет жағдайларда зарарсыздандырылады.




1 бап

1 тармақ 38) тармақша



1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

38) денсаулық сақтау саласындағы медициналық сараптама (бұдан әрі - денсаулық сақтау саласындағы сараптама) - денсаулық сақтау қызметінің әртүрлі аяларындағы құралдардың, әдістердің, технологиялардың, көрсетілетін қызметтердің деңгейі мен сапасын анықтауға бағытталған ұйымдастырушылық, талдамалық және практикалық іс-шаралардың жиынтығы;


1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

38) денсаулық сақтау саласындағы сараптама - денсаулық сақтау қызметінің әртүрлі аяларындағы құралдардың, әдістердің, технологиялардың, көрсетілетін қызметтердің деңгейі мен сапасын анықтауға бағытталған ұйымдастырушылық, талдамалық және практикалық іс-шаралардың жиынтығы;


«Сараптама» түсінігін медициналық, сондай-ақ фармацевтикалық қызмет үшін де кеңінен қолдану мақсатында





1 бап

1 тармақ 45) тармақша



1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

45) диагностикалық реагенттер - пациентке диагноз қою немесе оның физиологиялық жай-күйін бағалау мақсатында адам организмінен алынған сынамаларды зерттеуге арналған және олардың параметрлері туралы мәліметтер беруге қызмет ететін реагенттер, реагенттердің жиынтықтары;


1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

45) диагностикалық реагенттер - пациентке диагноз қою немесе оның физиологиялық жай-күйін бағалау мақсатында организмнен тыс зерттеулерге арналған және организмнің параметрлері туралы мәліметтер алу үшін қызмет ететін және медициналық мақсаттағы бұйымдарға жататын реагенттер, реагенттердің жиынтықтары;


Бір мағынада қолдану үшін түсінік енгізу қажеттілігі. Диагностикалық реагенттер ауруларды және организмнің жай-күйін диагноздеу үшін үлкен роль атқарады, сондықтан оларды медициналық мақсаттағы бұйымдардың жеке тобы ретінде бөлу қажет.

Клиникалық зертханаларда қолданылады.







1 бап

1 тармақ 58) тармақша



1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

58) клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеу - адамның денсаулығына ерекше әсер етуін және (немесе) қауіпсіздігін зерделеу мақсатында сыналатын затты немесе физикалық әсерді, аурулар профилактикасының, оларды диагностикалау мен емдеудің құралдарын, әдістері мен технологияларын зерделеу жөніндегі химиялық, физикалық, биологиялық, микробиологиялық, фармакологиялық, токсикологиялық және басқа да эксперименттік ғылыми зерттеулер немесе зерттеулер сериясы;



1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

58) клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеу – биологиялық активті заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың олардың тиімділігі мен қауіпсіздігін зерттеу мақсатындағы фармакологиялық, токсикологиялық және басқа да эксперименттік ғылыми зерттеулер кешені;



Бір мағынада қолдану үшін түсінікті енгізу қажеттілігі. Жаңа анықтама түсініктің мәнін өзгертпей мәтіндік сипатта болады.




1 бап

1 тармақ 69) тармақша



1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

69) медициналық иммундық-биологиялық препараттар - инфекциялық және иммундық (аллергиялықты қоса алғанда) аурулардың өзіндік ерекшелігі бар профилактикасына, оларды диагностикалау мен емдеуге, басқа да аурулар мен физиологиялық жай-күйлерді иммунологиялық әдістердің көмегімен диагностикалауға арналған, сыртқы орта объектілерінде инфекциялық агенттер мен олардың антигендерін индикациялауға арналған препараттар, иммундық жүйе арқылы емдік және профилактикалық әсерін тигізетін қан (алу тәсіліне қарамастан) препараттары;


1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

69) иммундық-биологиялық препараттар - инфекциялық және иммундық (аллергиялықты қоса алғанда) аурулардың өзіндік ерекшелігі бар профилактикасына, оларды диагностикалау мен емдеуге, басқа да аурулар мен физиологиялық жай-күйлерді иммунологиялық әдістердің көмегімен диагностикалауға арналған, сыртқы орта объектілерінде инфекциялық агенттер мен олардың антигендерін индикациялауға арналған заттар, сондай-ақ иммундық жүйе арқылы емдік және профилактикалық әсерін тигізетін қан (алу тәсіліне қарамастан) препараттары;


«Медициналық» сөзі алынып тасталды, халықаралық терминологияда бұл сөз иммундық-биологиялық препараттарды айқындау үшін қолданылмайды.

Өзгерістер мәтіндік сипатта болады.







1 бап

1 тармақ 75) тармақша



1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

75) медициналық мақсаттағы бұйымдар - профилактикалық, диагностикалық және емдеу іс-шараларын жүргізу үшін пайдаланылатын бұйымдар мен материалдар: медициналық құрал-саймандар, стоматологиялық, шығындық, таңу және тігу материалдары, бекітетін таңғыштар мен құрылғылар, медициналық оптика бұйымдары;


1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

75) медициналық мақсаттағы бұйымдар - профилактикалық, диагностикалық және емдеу іс-шараларын жүргізу үшін пайдаланылатын бұйымдар мен материалдар;



Нақтылайтын кездер алынып тасталды, себебі оған кіретін бұйымдардың толық тізімін есепке алу мүмкін емес. Жаңа анықтама нақтырақ сипатта болады. «Профилактикалық, диагностикалық және емдеу іс-шараларын жүргізу үшін пайдаланылатын бұйымдар мен материалдар;» деген негізгі критерийлер қалдырылды.



1 бап

1 тармақ 95) тармақша



1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

95) санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар - мекендеу ортасы факторларының адамға зиянды әсерін жоюға немесе азайтуға, инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының, жаппай уланудың алдын алуға және оларды жоюға бағытталған шаралар;


1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

95) санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар - мекендеу ортасы факторларының адамға зиянды әсерін азайтуға, инфекциялық және паразиттік аурулардың, сондай-ақ уланудың жаппай жағдайлары мен туындаған эпидемиялық ошақтардың пайда болуына, шектеуіне және жоюға бағытталған шаралар кешені;

Негіздемесін Салыстырмалы кестенің 1 позициясынан қараңыз.





1 бап

1 тармақ 115) тармақша



1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

115) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызмет - мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарының азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды, гигиеналық оқытуды, санитариялық-карантиндік бақылауды, радиациялық бақылауды, санитариялық-эпидемиологиялық нормалауды, тәуекелді бағалауды, санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті, санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы қамтитын қызметі;


1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

115) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызмет - мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарының азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды, соның ішінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды, санитариялық-карантиндік бақылауды, радиациялық бақылауды, эпидемиологиялық қадағалауды, санитариялық-эпидемиологиялық нормалауды, адам денсаулығына кері әсерін тигізетін азық-түлік өнімдерін және өнімдер мен заттардың жеке түрлерін мемлекеттік тіркеуді, санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті, санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы гигиеналық оқытуды, тәуекелді бағалауды, қамтитын қызметі;

Негіздемесін Салыстырмалы кестенің 1 позициясынан қараңыз.





1 бап

1 тармақ 121) тармақша



1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

121) эпидемиологиялық мәні бар объектілер - өндіретін өнімі және (немесе) қызметі Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының талаптары бұзылған кезде халық арасында тағамнан уланудың және инфекциялық аурулар таралуының белең алуына әкеп соғуы мүмкін объектілер;


1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

121) эпидемиялық мәні бар объектілер - өндіретін өнімі және (немесе) қызметі Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының талаптары бұзылған кезде халық арасында тағамнан уланудың және инфекциялық және паразитарлық аурулар таралуының белең алуына әкеп соғуы мүмкін мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектілер;


Негіздемесін Салыстырмалы кестенің 1 позициясынан қараңыз.



1 бап

1 тармақ


1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



Жоқ

1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

123) авторландырылған генерик (автогенерик) – бірегей препаратпен бірдей, сол өндірушімен шығарылатын, бірақ саудалық атауымен және бағасымен ерекшеленетін дәрілік препарат;


Әлемде және Қазақстан Республикасында жаңа термин пайда болды, дәрілік заттың бұл түріне қойылатын талаптар басқа ДЗ өзгеше, сондықтан құқыққолдану тәжірибесінде бұл термин болуы тиіс.




1 бап

1 тармақ


1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



жоқ


1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

«124) өндірістік бақылау – өндірілетін өнімдердің, жұмыстар мен қызметтердің адам және мекендеу ортасы үшін қауіпсіздігін және (немесе) зиянсыздығын қамтамасыз етуге бағытталған заңды тұлғамен немесе жеке кәсіпкермен орындалатын іс-шаралар, соның ішінде зертханалық зерттеулер мен сынаулар кешені;

Негіздемесін Салыстырмалы кестенің 1 позициясынан қараңыз.



: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының


  1   2   3   4   5   6   7


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет