«Халыққа профилактикалық егуді жүргізу бойынша санитариялық- эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы»



бет1/3
Дата28.04.2016
өлшемі407.96 Kb.
  1   2   3


«Халыққа профилактикалық егуді

жүргізу бойынша санитариялық-

эпидемиологиялық талаптар»

санитариялық қағидаларын

бекіту туралы»

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 144-бабының 6 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған «Халыққа профилактикалық егуді жүргізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (А.Б. Мәтішев) заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Т.М. Жақсылыковқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр Е. Досаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және


әлеуметтік даму министрі

___________ Т. Дүйсенова
2014 ж. «____» _________

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика

министрінің 2014 жылғы

«___»_______

№__қаулысымен бекітілген



«Халыққа профилактикалық егуді жүргізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары



  1. Жалпы ережелер

1. «Халыққа профилактикалық егуді жүргізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – санитариялық қағидалар) профилактикалық егулерді жүргізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.

2. Осы санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) вакцинаның «ашылған сауыты» – тығыны алып тастамай, вакцинаны шприцпен тесіп алып, инъекциялық тәсілмен енгізілетін вакцинаның құтысы;

2) өлі вакциналар – өлі немесе белсенділігі жойылған микрорганизмдерден, сондай-ақ микробтық клетканың жекелеген компонеттерінен және олардың тіршілік әрекетінің өнімдерінен дайындалған вакциналар;

3) тірі вакциналар – тірі микроорганизмдерден дайындалған вакциналар.

4) иммундаудан кейінгі қолайсыз көрсетілімдер (бұдан әрі - ИКҚК) иммундаудан кейін медициналық қызметкерге немесе халыққа иммундаудан пайда болды деп алаңдатушылық тудыратын медициналық жағдай.

5) медициналық иммунобиологиялық препараттар (бұдан әрі – МИБП) – жұқпалы және иммундық (аллергиялық ауруларды қосқанда) ауруларды өзіндік алдын алуға, диагностикалауға және емдеуге, иммунологиялық әдістердің көмегімен басқа да ауруларды және физиологиялық жағдайларды диагностикалауға, сыртқы орта объектілерінде инфекциялық агенттерді және олардың антигендерін индикациялауға арналған, иммундық жүйе арқылы емдеуші және профилактикалық әсер ететін препараттар.

3. Халыққа эпидемиолгиялық көрсеткіштер бойынша профилактикалық егуу және ИКҚК-ді тіркеуге байланысты профилактикалық егуді жүргізуді тоқтата тұру Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы бойынша жүзеге асырылады.

4. Халыққа профилактикалық егуді жүргізу үшін «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 80- бабы, 3-тармағында белгіленген жағдайлардан басқа Қазақстан Республикасында тіркелген және рұқсат етілген МИБП (вакциналар, анатоксиндер, иммуноглобулиндер) пайдаланылады.

5. «Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережесін және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 қаулысымен бекітілген тізбеге кірмейтін инфекцияларға қарсы профилактикалық егу ақылы егу кабинеттерінде жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен жүргізіледі.


Жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен вакцинациялауды жүзеге асыратын егу кабинеттерінің жұмысы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесімен келісіледі.

6. Бұрын егілмеген бала немесе вакцинациялау туралы мәліметі жоқ бала жасына қарамастан, алғашқы вакциналық кешенмен - туберкулезге, полиомиелитке, «В» вирусты гепатитіне (бұдан әрі - ВВГ), дифтерияға, көкжөтелге, сіреспеге, қызылшаға, қызамыққа және эпидемиялық паротитке қарсы егіледі. МИБП болған жағдайда баланың иммундық статусын алдын ала зерделеуге болады.



2. Халыққа профилактикалық егуді жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
7. МИБП-ны қолдану алдында оған қоса берілген нұсқаулықпен танысу, таңбасын және ампулалардың (сауыттың) бүтіндігін, қоса берілген нұсқаулыққа препараттың сәйкестігін тексеру қажет.

6. Мыналарды:

1) мұздаған адсорбцияланған дифтерия-сіреспе анатоксині (бұдан әрі – АДС), құрамында антиген азайған адсорбцияланған дифтерия-сіреспе анатоксині (бұдан әрі – АДС-М), құрамында антиген азайған адсорбцияланған дифтерия анатоксині (бұдан әрі – АД-М), сіреспе анатоксині (бұдан әрі – АС), адсорбцияланған көкжөтел-дифтерия-сіреспе вакцинасы бар вакциналар (бұдан әрі – АКДС-бар вакцина), вирусты гепатиттерге, пневмококк инфекциясына және белсенділігі жойылған полиомиелитке қарсы вакциналарды, сонымен қатар мұздатылған басқа да адсорбацияланған вакциналарды;

2) сауытты индикатордың немесе басқа термоиндикаторлардың көрсеткіштерінің негізінде жоғары температураның әсеріне ұшыраған вакциналарды; ;

3) жарамдылық мерзімі аяқталған МИБП-ны, оның ішінде вакциналар мен еріткіштерді;

4) оларға қойылатын тиісті талаптар сақталмаған кезде ашық сауыттардан алынған вакциналарды;

5) ампулалардың (сауыттардың) бүтіндігі бұзылған МИБП-ны;

6) ампулада (сауытта) таңбасы жоқ немесе айқын емес МИБП-ны;

7) нұсқаулықта көрсетілгенге сәйкес келмейтін МИБП-ны;

8) қаптаманың бүтіндігі бұзылған және жарамдылық мерзімі аяқталған бір рет қолданылатын шприцтерді пайдалануға жол берілмейді.

9. Лиофилизацияланған вакциналарды (қызылшаға, паротитке, қызамыққа, гемофильдік инфекцияға, туберкулезге қарсы) асептика қағидаларын қатаң сақтай отырып және вакцинаның температурасына сәйкес вакцинаға қоса берілетін стандартты еріткішпен араластырады.

10. МИБП-ны араластыру кезінде еріткіштің температурасы МИБП-тың температурасына сәйкес келеді. Еріткішті мұздатуға болмайды.

11. МИБП-ны енгізу орнын өңдеу егер, вакцинаға қоса берілетін нұсқаулықтарда басқа нұсқаулар болмаса, 70 % спиртпен жүргізіледі..

12. Профилактикалық егуді жүргізу кезінде бір рет пайдаланылатын аспаптар (шприцтер, инелер, скарификаторлар) пайдаланылады.

13. Туберкулезге қарсы егуді қоспағанда бір күнде әртүрлі профилактикалық егуді қосуға жол беріледі. Вакциналар дененің әр бөлігіне әртүрлі шприцтермен салынады.

14. Егер ИБП бір және сол күнде салынбаса, тірі вакциналар арасында аралық кемінде 4 апта сақталады. Тірі және өлі вакциналар арасында аралық сақталмайды.

15. АбКДС бар вакциналармен алғашқы вакциналық кешенді кеш аяқтаған жағдайда бірінші ревакцинациялау кемінде 1 жыл аралықпен жүргізіледі; Құрамында дифтерия анатоксині жоғары, АбКДС бар құрамдастырылған вакциналар 7 жастан асқан балаларға қолданылмайды.

16.Бұрын егілмеген, 7 жастан асқан балалар мен ересектер вакцинациялау түрі бойынша: құрамында дифтерия анатоксині төмен 2 АбКДС екпесімен 4 апта аралықпен егілуі тиіс, үшінші екпе 6 айдан кейін жүргізіледі.

17.Жарақат алу кезінде шұғыл түрде сіреспенің алдын алу үшін 7 жасқа дейінгі балаларға АбКДС, 7 жастан бастап және одан асқан балаларға АДС-М қолданылады; көрсетімдер және екпе енгізу жиілігі жарақат алған баланың екпе статусына байланысты болады.

18. 5 жастан асқан балаларға Хиб-компоненті бар құрамдастырылған вакциналармен иммундау жүргізілмейді.

19. Қан ұюы (гемофилия) бұзылған пациенттерге барлық вакциналарды сақтық шараларын орындай отырып, тері астына немесе тері ішіне салады.

20. Иммуноглобулинді немесе қан препаратын салғаннан кейін қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы вакциналарды егу кемінде 3 айға кейінге қалдырылады, иммуноглобулиндерді немесе қан препараттарын енгізу аралығында аралық сақталмай, АКДС-бар вакцина, АДС, АДС-М, АД-М, туберкулезге, пневмококк инфекциясына қарсы, полиомиелитке қарсы ауызбен ішетін вакцина (бұдан әрі – АПВ) салынады.

21. Қызылшаға, паротитке, полиомиелитке, туберкулезге қарсы вакциналарды еккеннен кейін иммуноглобулинді егу үшін кемінде екі апта аралық сақталады. АКДС-бар вакцинаны, пневмококк инфекциясына қарсы вакцинаны, АДС, АДС-М, АД-М препараттарын еккеннен кейін аралық сақталмайды.

22. Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша ІПВ вакцинасымен иммундау кезінде ККП-мен бірге аралық сақталмайды.

23. Иммундау кезінде мыналарды қосуға болмайды:

1) тырысқаққа және А және В паратифке қарсы вакцинамен сары қызбаға қарсы вакцинаны;

2) іш сүзегіне қарсы тірі вакцинаны және обаға қарсы вакцинаны;

3) дифтерияға, сіреспеге, (жасушасыз) көкжөтелге, ВВГ-ға, полиомиелитке (белсенділігі жойылған вакцина), b түрінің гемофильді инфекциясына қарсы құрамдастырылған вакцинаны және желшешекке қарсы вакцинаны.

24. Вакцина дозаларының арасындағы аралықтар препаратты қолдану бойынша нұсқаулыққа сәйке сақталады.

25. «Ашылған сауыттарды» пайдалануға мына:

1) препараттың жарамдылық мерзімі аяқталмаған;

2) сақтау температурасы сақталған;

3) стерильдігі сақталған;

4) вакцинаның көзге көрінетін өзгерістері болмаған жағдайларда жол беріледі.

26. АКДС-бар вакцина, АДС, АДС-М, АД-М, АС, полиомиелитке, пневмококк инфекциясына қарсы вакциналар, «А» және «В» гепатиттеріне қарсы вакциналар құйылған «ашылған сауыттарды» осы санитариялық қағидалардың 23-тармағында жазылған шарттар сақталған кезде 3 күн ішінде пайдалануға жол беріледі.

27. Вакциналардың «ашылған сауыттарының» заттаңбасында сауыттарды ашу күні мен уақыты көрсетіледі.

28. «Ашылған сауыттарды» бір егу кабинетінен екіншісіне тасымалдауға жол берілмейді

29. Қызылшаға, қызамыққа, паротитке, туберкулезге, сары қызбаға қарсы вакциналар еріткіштермен араластырылғаннан кейін тез арада немесе егер нұсқаулықта рұқсат етілген болса, кейіннен вакциналардың қалдықтары жойыла отырып, 6 сағат ішінде пайдаланылады.

30. Ампулаларда шығарылатын МИБП ашылғаннан кейін дереу пайдаланылады.

31. Егу бригадалары тұрғындарды үйлерінде иммундау кезінде пайдаланылған құтылар жұмыс күнінің соңында жойылады.





  1. Профилактикалық егуді жүргізуге арналған үй-жайларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

32. Профилактикалық егу жүргізілетін үй-жайда басқа медициналық емшараларды (манипуляция) жүргізуге жол берілмейді.

33. Егу кабинетінің ішін әрлеу ылғалды жинау мен дезинфекцияға төзімді тегіс болады. Егу кабинетінде: табиғи жарықтың, орталықтандырылған сумен жабдықтаудың, кәріздің, жылудың, қол жууға арналған раковинаның болуы көзделеді. Орталықтандырылған сумен жабдықтау мен кәріздеу болмаған жағдайда, персоналдың санитариялық-гигиеналық режимді және жеке гигиенаны сақтауы үшін жағдай жасалады.

34. Егу кабинеті мынадай жабдықпен жарақтандырылады:

1) қолайлы температуралық режимді қамтамасыз ететін, сыйымдылығы МИБП сақтау үшін жеткілікті тоңазытқыш;

2) МИБП-ны тасымалдауға және жұмыс күні ішінде сақтауға арналған термоконтейнер немесе тоңазыту сөмкелері;

3) электр қуаты апатты ажыраған жағдайда, МИБП-ны уақытша сақтауға арналған термоконтейнер;;

4) жұмыс үстелі, орындықтар;

5) ИБП-ны пайдалануға дайындауға арналған медициналық үстел;

6) аспаптар мен дәрілік заттарды сақтауға арналған медициналық шкаф;

7) жөргекке орау үстелі және (немесе) медициналық кушетка;

8) стерильді материал салынған бикс;

9) тонометр, термометрлер, бір рет қолданылатын шприцтер, шпательдер;

10) МИБП-лардың қалдықтарын зарарсыздандыруға арналған ыдыс;

11) ) пайдаланылған бір рет қолданылатын шприцтерді қауіпсіз кәдеге жаратуға арналған қорап (бұдан әрі – ҚКҚ).

35. Егу кабинеті денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдар бекіткен препараттар тізбесіне сәйкес шокқа қарсы терапияның дәрілік препараттарымен қамтамасыз етіледі.

36. Автокөлікпен, термоконтейнермен, егу материалымен, бір рет қолданылатын шприцтермен, шокқа қарсы препараттармен толықтырылған көшпелі егу бригадасының құрамына білікті дәрігер және профилактикалық егу жүргізуге рұқсаты бар мейірбике кіреді.

4. Вакциналарды егуге және егілген адамның вакцинация кезеңінен кейінгі жағдайын бақылауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
37. Профилактикалық егу жүргізудің алдында дәрігер, ол болмағанда фельдшер егілетін адамды қарайды, иммундауға қарсы айғақтар болмағанда егілетін адамның медициналық құжатына егу жүргізуге рұқсатты ресімдейді, егілетін адамға немесе оның ата-анасына немесе заңды өкіліне профилактикалық егу, иммундаудан кейінгі мүмкін болатын реакциялар және қолайсыз көрсетілімдер, егуден бас тарту салдары туралы толық және объективті ақпарат береді.

Профилактикалық егу жүргізуге келісім немесе одан бас тарту осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жазбаша түрде ресімделеді.

38. Егілетін адамға немесе оның ата-анасына немесе заңды өкілдеріне сауал осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.

39. Профилактикалық егу жүргізу кезінде осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес қарсы көрсетімдер ескеріледі.

Инфекциясы бар науқаспен қарым-қатынаста болу, шектеу шаралары жоспарлы егу жүргізу үшін қарсы көрсетімдер болып табылмайды.

40. Адамның иммунитет тапшылығы вирусымен (бұдан әрі – АИТВ-инфекция) өмір сүретін адамдар үшін профилактикалық егуді ұйымдастыру және жүргізу осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес іске асырылады.

41. Егуді алғаннан кейін егілген адамдар ИКҚК туындаған жағдайда шаралар қабылдау үшін денсаулық сақтау ұйымында медицина қызметкерінің бақылауында 30 минут болады. Кейіннен медицина қызметкер өлі немесе белсенділігі жойылған вакцинаны енгізгеннен кейін алғашқы үш күнде және тірі вакцинаны енгізгеннен кейін 5-6 және 10-11 күнінде үйде бақылауды қамтамасыз етеді.

42. АКДС бар вакцинаны енгізгеннен кейін клиникалық көрсетімдер болған жағдайда егілген адамға егуден кейін 1 сағаттан соң 6 сағат сайын, бірақ тәулігіне 4 реттен көп емес 1 килограмм салмаққа 10-15 миллиграмнан 1-3 тәулік аралығында парацетамол бере отырып, ИКҚК профилактикасы жүргізіледі.

43. Медицина қызметкері тексеру кезінде ИКҚК туындаған жағдайда медициналық көмекке жүгіну қажеттігі туралы егілетін адамға немесе егілетін балалардың ата-аналарына түсіндіру жұмысын жүргізеді.

44. ИКҚК-ны дифференциалды диагностикалау кезінде мыналар клиникалық критериялар болып табылады:

1) белсенділігі жойылған вакциналармен иммундаудан кейін жоғары температурада, фебрильді тырысумен бірге өтетін жалпы ауыр реакциялар егуден соң алғашқы 3 күнде пайда болады;

2) тірі вакциналарға байланысты (егуден кейін алғашқы сағаттарда пайда болатын шұғыл түрдегі аллергиялық реакциялардан басқа) реакциялар қызылша вакцинасынан кейін төртінші күннен ерте және 12-14-күндерден, қызамық вакцинасынан кейін 20-25-күндерден, полиомиелитті, паротитті және паротитті компоненті бар құрамдастырылған вакциналардан кейін отыз күннен кеш пайда бола алмайды;

3) менингеальды құбылыстар паротит вакцинасынан басқа белсенділігі жойылған вакциналарды, анатоксиндерді және тірі вакциналарды енгізгеннен кейінгі асқынуларға тән емес;

4) энцефалопатия паротит және полиомиелит вакциналарын, анатоксиндерді енгізгеннен кейінгі реакцияларға тән емес;

5) «вакцинадан кейінгі энцефалит» деген диагноз ең алдымен, жалпы ми симптоматикалы ауруларды – орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) ісіктерін, тұмауды, пневмонияны, менингококк инфекцияларының болмауын қажет етеді;

6) ішек, бүйрек симптомдары, жүрек функциясының жеткіліксіздігі, тыныс алу жеткіліксіздігі асқынуларға тән емес және бірге өтетін аурулардың белгілері болып табылады;

7) катаральдық синдром егуден кейін бесінші күннен ерте емес және 12-14-күндерден кешіктірмей пайда болған жағдайда қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы және осындай бір немесе бірнеше комноненттері бар вакциналарға берілген спецификалық реакция болуы мүмкін, бірақ ол басқа вакциналарға (БЦЖ, барлық өлі вакциналар) тән емес;

8) вакцинамен байланыстырылған параличті полиомиелит (бұдан әрі – ВБПП) полиомиелитті тірі вакцинамен иммундалған адамдарда төртінші күннен бастап 30 тәулікке дейін және қарым-қатынаста болғандарда 60 тәулікке дейін дамиды. Бұл кезде барлық ВБПП оқиғаларының 80%-ы полиомиелитке қарсы тірі вакцинамен егуге байланысты, аурудың иммунитет тапшылығы бар адамдарда даму тәуекелі оның сау адамдарда даму тәуекелінен 3-6 мың есеге жоғары. ВБПП қалдықты құбылыстармен (сылбыр перифериялық парездер және/немесе сал ауруы және бұлшық ет атрофиясы) бірге өтеді.

45. Егілген адамға шақыртылған медицина қызметкері осы шақыртуға тез арада қызмет көрсетеді, кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетеді және айғақтар болған кезде оны ауруханаға жатқызады. ИКҚКА-ға күдіктену кезінде медицина қызметкері халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне жедел хабарлама жібереді.

46. ИКҚК-ны есепке алу және тексеру тәртібі осы Санитариялық қағидаларға 5-қосымшада келтірілген.



5. Профилактикалық егуге жататын балалар контингентін есепке алуға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар және орындалған профилактикалық егуді есепке алу
47. Иммундауға жататын контингентті профилактикалық егулермен толық қамтуды қамтамасыз ету үшін санақ журналына балалар құрамына өзгерістерді енгізе отырып, жылына 2 рет (көктем-күз) денсаулық сақтау ұйымдарының (фельдшерлік акушерлік пункт, АДА, емхана) медицина қызметкерлерінің күшімен аумақта тұратын балаларды есепке алуды жүргізіледі.

48. Санақ журналына туған, қайтыс болған, келген немесе кеткен адамдардың тегі бойынша деректерді енгізе отырып, балалардың динамикасына ай сайын бақылау жүргізіледі.

49. Қызмет көрсетілетін учаскеге келген балаларды белсенді анықтауды медицина қызметкері науқастардың үйлеріне баруы кезінде, олардың денсаулық сақтау ұйымдарына, консультациялық-диагностикалық емханаларға (бұдан әрі – КДЕ) медициналық көмекке жүгінуі кезінде, балаларды есепке алудың дұрыстығын ішінара бақылау кезінде жүзеге асырады.

50. Ересек контингентті есепке алу профилактикалық егу жоспарларын құру алдында (тамыз-қыркүйек) жылына бір рет денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлерінің күшімен жүргізіледі.

51. Қызмет көрсететін аумақтағы жас топтары бойынша тұрғындардың саны туралы жиынтық деректер халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелеріне және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына санақ аяқталғаннан кейін 14 күн ішінде беріледі.

52. Профилактикалық егулерді есепке алу тиісті жазбаша түрінде есепке алу нысандарында жүзеге асырылады, олар егудің жүргізілген орны бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында сақталады.

53. Профилактикалық егуді дербес есепке алу егу паспортында жүргізіледі.

54. Тұрғындарды егуді толық есепке алуды және қамтуды үйлестіру мен бақылау облыстық денсаулық сақтау басқармаларының, республикалық маңызды қалалар мен астананың жергілікті органдарына жүктелген:

1) учаскелік дәрігерлер профилактикалық егудің жылдық жоспарларын құрады, егу жүргізуді ұйымдастырады және ай сайын профилактикалық егу мен вакциналардың қозғалысы туралы есептерді КДЕ-ге тапсырады;

2) КДЕ профилактикалық егу жоспарының жиынтығын, профилактикалық егу мен вакциналардың қозғалысы туралы ай сайынғы есептердің жиынтығын жасайды;

3) КДЕ профилактикалық егудің жиынтық жоспарын және вакциналардың қозғалысы туралы ай сайынғы жиынтық есептерді аумақтық денсаулық сақтау басқармаларына, профилактикалық егу туралы жиынтық ай сайынғы есептерді аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарына ұсынады.

4) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары жиынтық жоспарды және профилактикалық екпелер туралы ай сайынғы есептерді денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға ұсынады, ал халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саласындағы мемлекеттік органға ұсынады.



Вакциналар мен еріткіштердің қозғалысы туралы есепке алуға және есептілікке қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
55. Халыққа профилактикалық егуді жүргізетін денсаулық сақтау ұйымдары вакциналарды, еріткіштерді және басқа да МИБП-ны есепке алуды жүргізеді.

56. Халыққа профилактикалық егуді жүргізетін денсаулық сақтау ұйымдары ай сайын вакциналардың айналысы туралы КДЕ-ге айлық есеп өткізіп отырады.

57. КДЕ вакциналардың қозғалысы туралы айлық есептердің жиынтығын жасайды да, вакциналардың қозғалысы туралы ай сайынғы жиынтық есепті облыстардың, республикалық маңызды қалалар мен астананың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік денсаулық сақтау басқармаларының жергілікті органдарына ұсынады.

58. Мемлекеттік денсаулық сақтау басқармаларының жергілікті органдары вакциналардың қозғалысы туралы ай сайынғы есепті денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган мен халықтың санитариялық-эпидемиолоиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органға ұсынады.

59. ИБП-ның артық қорын болдырмау үшін:

денсаулық сақтау басқармаларының облыстық, республикалық маңызды қалалар мен астананың жергілікті органдарындағы орталық қоймаларында келіп түскен күннен бастап 6 айдан аспайтын;

қалалық/аудандық деңгейдегі қоймаларында келіп түскен күннен бастап 3 айдан аспайтын;

егу жүргізетін денсаулық сақтау ұйымында – бір айдан аспайтын көлемдегі қоры сақталады.

Егу пункттерінде (мектеп, бала-бақша және балаларға арналған басқа да ұйымдар) келіп түскен күннен бастап бір аптадан аспайтын көлемдегі қоры сақталады

МИБП-ны белгіленген сақтау мерзімінде пайдаланбаған жағдайда олардың қалдықтары жоғары деңгейдегі медициналық ұйымдарға өткізіледі.



7. Иммундық-биологиялық препараттардың пайдаланылмаған қалдықтарын жоюға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
60. МИБП-ның пайдаланылмаған қалдықтары бар ампулалар мен сауыттарды егу жүргізген медицина қызметкері мынадай тәсілдердің бірімен зарарсыздандырады және жояды:

1) 30 минут бойы қайнату арқылы (күйдіргі ауруына қарсы вакциналар - 2 сағат);

2) Қазақстан Республикасында тіркелген және рұқсат етілген дезинфекциялау құралына батыру.

61. Пайдаланылған бір рет қолданылатын шприцтер және инелер жарақаттануды және ауру жұқтыруды болдырмау мақсатында бөлшектелмейді, пішіні өзгертілмейді, оларды жуу және дезинфекциялауға жол берілмейді, олар жинауға және кәдеге жаратуға жатады.

62. Пайдаланылғаннан кейін бір рет қолданылатын шприцтер мен инелер тесілмейтін, су өтпейтін ҚКҚ-ға дереу салынады және белгіленген тәртіппен кәдеге жаратылады.

63. Егер ИБП топтамасында ИБП-ға қоса ұсынылған нұсқаулықтың талаптарына 1 % ампулалар (сауыттар) сәйкес келмесе, онда ИБП-ның барлық вакциналары осы санитариялық қағидалардың 53-тармағында көрсетілген тәсілмен жойылуға жатқызылады.


_____________________________

«Халыққа профилактикалық


егуді жүргізу бойынша
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық қағидаларына
1-қосымша




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет