«Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру» мемлекеттік қызмет регламенті



жүктеу 114.63 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі114.63 Kb.
: images -> npa
npa -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы №96 бұйрығы «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы»
npa -> Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы
npa -> Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
npa -> «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралымен 1, 6 және 7-сыныпты қауіпті жүкті тасымалдауды жүзеге асыруға (шетелдiктердi қоса алғанда) арнайы рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
npa -> «Өзен кемелерiн және оларға құқықтарды Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты
npa -> «Шағын көлемді кемелердi мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызметтер стандарты Жалпы ережелер «Шағын өлшемдi кемелердi мемлекеттiк тiркеу»
npa -> Орталықтардың атауы (филиалдары, бөлімдері, бөлімшелері) Орналасқан мекенжайы
npa -> Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта баланстау жоспарын және телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне тарифтерді бекіту туралы
npa -> № қаулысына


Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация министрлігінің

2014 жылғы « »

№ бұйрығына

2-қосымша
«Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға

рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру»

мемлекеттік қызмет регламенті

 1. Жалпы ережелер

1. «Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы 2003 жылдың 4 шілдедегі «Автокөлік туралы» Заңының 13 бабы негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылдың «___»__________ № __ Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрілігі Көлік бақылау комитетінің аймақтық органдары тарапынан көрсетілетін «Автокөлік саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет мәселелері туралы» (бұдан әрі - қызмет көрсетуші) қаулысымен бекітілген «Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру» мемлекеттік қызметі стандартына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініштер және басқа да құжаттарды қабылдау Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» (бұдан әрі – ХҚО) республикалық мемлекеттік кәсіпорны арқылы, электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) болған жағдайда www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.

3.Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері ХҚО арқылы жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету түрлері: электронды түрде (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.

5.Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып төмендегі берілетін құжаттар саналады:

1) Халықаралық автомобильді жүк тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және (немесе) телнұсқасын (бұдан әрі –рұқсат беру куәлігі)беру;

2) автокөлік құралына рұқсат карточкасын (бұдан әрі – рұқсат карточкасы) қағаз жүзінде беру;

3) мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себептері нақ көрсетілген электронды немесе қағаз жүзінде жауап беру.



  1. Қызмет көрсетушінің мемлекеттік қызмет көрсету барысында жүйелі бөлімшелерінің (жұмысшыларының) әрекет ету тәртібі

6. Мемлекеттік қызмет көрсету әрекеттерін бастау үшін қызмет көрсетуші тарапынан қызмет алушыдан өтініш немесе мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті басқа да құжаттарды қабылдау негіз болады.

7. Мемлекеттік қызмет көресту әрекеттері :


  1. Қызмет көрсетуші кеңсесінің жұмысшысы ХҚО-дан келіп түскен қызмет алушының қызмет көрсету үшін қажетті өтініштерін және құжаттарын бір сағат ішінде кіріс құжаттары журналына тіркеп, оларды қызмет көрсетуші басшысына немесе оның орынбасарына қарап шығу үшін тапсырады;

  2. қызмет көрсетуші мекеме басшысы немесе оның орынбасары қызмет алушыдан келіп түскен, қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды бір сағат ішінде қарап шығып, қызмет көрсетушінің автокөлік құралын бақылау бөлімінің басшысына тапсырады;

  3. қызмет көрсетушінің автокөлік құралын бақылау бөлімінің басшысы қызмет алушыдан келіп түскен, қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды, олардың ұсынылған талаптары сәйкестігін бір сағат ішінде қарап шығып, қызмет көрсетушінің автокөлік құралын бақылау бөлімінің маманына тапсырады;

  4. қызмет көрсетушінің автокөлік құралын бақылау бөлімінің маманы қызмет алушыдан келіп түскен, қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды екі жұмыс күн ішінде көріп шығып, рұқсат беру куәлігін немесе рұқсат беру картчокасын рәсімдейді, немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себептері нақ көрсетілген жауап дайындап, қызмет беруші мекеменің басшысына қол қоюға жібереді;

  5. қызмет беруші мекеменің басшысы немесе оның орынбасары бір сағат ішінде рұқсат беру куәлігін немесе рұқсат беру картчокасын, немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себептері нақ көрсетілген жауаптарға қолын қойып, бұл құжаттарды қызмет беруші мекеменің кеңсесіне жібереді;

  6. қызмет беруші мекеме кеңсесінің маманы төрт сағат ішінде дайын құжаттарды ресімдеп, қызмет көрсету нәтижелерін атшабар арқылы ХҚО-ға жібереді.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша әрекеттер нәтижелері болу үшін негіз болатын кейінгі әрекеттер:

1)қызмет көрсетуші мекеменің кеңсесінде қызмет алушының қызмет көрсету үшін қажетті өтініштері және құжаттарының кіріс құжаттары журналына тіркелуі, олардың қызмет көрсетуші мекемесінің басшысына қарап шығу үшін тапсырылуы;

2) қызмет көрсетуші мекеменің басшысы немесе оның орынбасарының қызмет көрсетушінің автокөлік құралын бақылау бөліміне қарап шығу үшін тапсырма жазып, қол қою;

3) қызмет көрсетуші мекеменің автокөлік құралын бақылау бөлімінің басшысы қарап шығу үшін тапсырма жазып, қол қойып, бөлім маманына жіберу;

4) қызмет көрсетушінің автокөлік құралын бақылау бөлімінің маманы тарапынан рұқсат беру куәлігі немесе рұқсат беру картчокасының рәсімделуі, немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себептері нақ көрсетілген жауап дайындап, мекеме басшысына қол қоюға жіберуі;

5) қол қойылған рұқсат беру куәлігі немесе рұқсат беру картчокасы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себептері нақ көрсетілген жауабының қызмет беруші мекеменің кеңсесіне жіберілуі;

6) рұқсат беру куәлігі немесе рұқсат беру картчокасы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себептері нақ көрсетілген жауабының атшабар арқылы ХҚО-ға жіберілуі;



  1. Қызмет көрсетушінің мемлекеттік қызмет көрсету барысында жүйелі бөлімшелерінің (жұмысшыларының) өзара әрекет ету тәртібі

9. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында қызмет көрсетуші мекеменің төменде көрсетілген жүйелі бөлімшелер (жұмысшылар) әрекет етеді:

1) қызмет көрсетуші мекеме кеңсесінің жұмысшысы;

2) қызмет көрсетуші мекеменің басшысы немесе оның орынбасары;

3) қызмет көрсетуші мекеменің автокөлік құралын бақылау бөлімінің басшысы;

4) қызмет көрсетушінің автокөлік құралын бақылау бөлімінің маманы

10. Мемлекеттік қызмет көрсетуде жүйелі бөлімшелер (жұмысшылар) арасындағы әрекеттердің жалғасуы және созылуы (уақыты):

1) Қызмет көрсетуші кеңсесінің жұмысшысы ХҚО-дан келіп түскен құжаттарды бір сағат ішінде кіріс құжаттары журналына тіркеп, оларды қызмет көрсетуші мекеменің басшысына немесе оның орынбасарына қарап шығу үшін тапсырады;

2) қызмет көрсетуші мекеменің басшысы немесе оның орынбасары бір сағат ішінде қызмет алушының өтінішін және басқа құжаттарын қарап шығып,

қызмет көрсетушінің автокөлік құралын бақылау бөлімінің басшысына тапсырады;

3) қызмет көрсетушінің автокөлік құралын бақылау бөлімінің басшысы қызмет алушыдан келіп түскен, қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды, олардың ұсынылған талаптары сәйкестігін бір сағат ішінде қарап шығып, қызмет көрсетушінің автокөлік құралын бақылау бөлімінің маманына тапсырады;

4) қызмет көрсетушінің автокөлік құралын бақылау бөлімінің маманы қызмет алушыдан келіп түскен, қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды екі жұмыс күн ішінде көріп шығып, рұқсат беру куәлігін немесе рұқсат беру картчокасын рәсімдейді, немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себептері нақ көрсетілген жауап дайындап, қызмет беруші мекеменің басшысына қол қоюға жібереді;

5) қызмет беруші мекеменің басшысы немесе оның орынбасары бір сағат ішінде рұқсат беру куәлігін немесе рұқсат беру картчокасын, немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себептері нақ көрсетілген жауаптарға қолын қойып, бұл құжаттарды қызмет беруші мекеменің кеңсесіне жібереді;

6) қызмет беруші мекеме кеңсесінің жұмысшысы рұқсат беру куәлігі немесе рұқсат беру картчокасы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себептері нақ көрсетілген жауабының бір сағат атшабар арқылы ХҚО-ға жіберілуі;

11. Мемлекеттік қызмет көрсетуде жүйелі бөлімшелер (жұмысшылар) арасындағы әрекеттердің жалғасуы өзара әрекет етуін шолу мемлекеттік қызмет көрсетуде жүйелі бөлімшелер (жұмысшылар) арасындағы әрекеттердің блок-схемасында амалдағы «Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру» мемлекеттік қызмет көрсету Регламентінің 1 қосымшасына сәйкес көрсетілген.

4. ХҚКО мен өзара әрекет ету және мемлекеттік қызмет көрсету барысында ақпараттық жүйесін қолдану тәртібін шолу
12. Мемлекеттік қызмет алу үшін қызмет алушы ХҚО-ға өтініш және басқа мемлекеттік қызмет көрсетілу үшін қажетті құжаттарды ұсынады.

13. Мемлекеттік қызмет алу үшін қызмет алушы тарапынан ХҚО-ға ұсынылатын қажетті құжаттар тізімі:

1) Орнатылған тәртіп бойынша жазылған өтініш немесе Портал арқылы жазылатын қызмет алушының электронды цифрлы қолы қойылған электронды түрдегі сұрақ-құжат;

2) автокөлік құралын жалға алу келісім-шарт нұсқалары (егер автокөлік құралы жалға алынған болса);

3) тахограф көрсеткіштері сертификатының нұсқалары (жүргізушілердің еңбек ету және дем алу тәртіптерін бақылаушы қондырғы );

4) рұқсат куәлігін беру үшін мемлекеттік төлемақының өтелгенін тастықтаушы құжат, «электронды үкімет» төлеу қондырғылары арқылы төленген жағдайлардан басқа кездерде;

5) рұқсат куәлігінің немесе рұқсат карточкасының жоғалғандығы (жоғалған жағдайда) немесе жарамсыздығы туралы бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландыру берілгенін тастықтайтын құжат;

6) рұқсат куәлігінің немесе рұқсат карточкасының бүлінгендігі немесе құжаттың зақымдалғаны (бүлінген (зақымдалған) жағдайда)

Бұл жағдайларда қызмет алушы тарап ХҚО-ға осы құжаттардың түбнұсқаларын салыстыру үшін ұсынуы қажет.

14. ХҚО-ға құжаттарды берген соң ХҚО-ның жұмысшысы қызмет алушыдан қажет құжаттарды қабылдап алғаны туралы құжаттардың тізімін көрсетіп, қолхат береді; қолхатта мыналар көрсетіледі:

өтініштің нөмірі және қабылданған күні;

талап етіліп жатқан мемлекеттік қызмет түрінің аталуы;

қосымша берілген құжаттардың атаулары және саны;

құжаттың берілу күні (уақыты) және орны;

құжаттарды рәсімдеу үшін өтінішті қабылдап алған ХҚО жұмысшысының толық жазылған тегі,аты,әкесінің аты.

15. Мемлекетік қызмет көрсетуде ХКО әрекеттерінің жалғасуы және созылуы (уақыты):

1) қызмет алушы ХКО-ға немесе Портал арқылы өтініш береді;

2) ХКО жұмысшысы 20 минут ішінде өтінішті және мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет құжаттарды тіркеуден өткізеді және ХҚО жұмысшысының электрондық қолы қойылған құжаттардың электронды түрдегі нұсқаларын ақпараттық жүйе арқылы жібереді;

3) мемлекеттік қызмет көрсетілген нәтижелі құжаттарды қабылдау және келіп түскен құжаттарды тексеріп отыру ХҚО тарапынан штрихкод сканеры арқылы жүзеге асырылады;

4) ХҚО жұмысшысы қызмет алушыдан өтініш келіп түскен соң 20 минут ішінде қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін береді.

16. ХҚО-ға құжаттарды тапсыру үшін күту мерзімінің барынша көп созылуы – 15 минут.

ХҚО қызмет алушыға қызмет көрсету мерзімінің барынша көп созылуы – 20 минут.

17. ХҚО-да құжаттарды қабылдау операциялық дәліздерінде «электронды» кезек бойынша, қызмет көрсетуді жеделдету тәртібісіз жүзеге асрылады; Портал арқылы электронды кезекті алдын ала бұйыруға болады.

18. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қызмет алушыға беру ХҚО жұмысшысы тарапынан «бөгетсіз» қызмет көрсету арқылы қолхат негізінде,ондағы көрсетілген мерзім ішінде, жеке тұлғаның өзіне ғана оның жеке куәлігі немесе сенімхат (қызмет алушының өкіліне) бойынша жүзеге асырылады;

19. ХҚО арқылы электронды қызмет көрсетуде қызметтік өзара әрекеттер диаграммасы амалдағы «Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру» мемлекеттік қызмет көрсету Регламентінің 2 қосымшасында көрсетілген.

20. қызмет алушының «жеке бөлмесіндегі» Портал арқылы электронды сұрау беруде мемелекеттік қызмет көрсетілу үшін сұрауды қабылдау деңгейі, көосетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесін алу күні жазылып, көрсетіледі .

21. Портал арқылы электронды қызмет көрсетуде қызметтік өзара әрекеттер диаграммасы амалдағы «Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру» мемлекеттік қызмет көрсету Регламентінің 3 қосымшасында көрсетілген.

«Халықаралық автомобиль

тасымалдарын жүзеге асыруға

рұқсат беру куәлігін және

рұқсат карточкасын беру»

мемлекеттік қызмет көрсету

Регламентіне



1-Қосымша

Қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

өзара әрекеттестік блок-схемасы


Қызмет беруші кеңсесінің қызметкері

Қызмет берушінің басшысы

Автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысы

Автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы























_______________________

«Халықаралық автомобиль

тасымалдарын жүзеге асыруға

рұқсат беру куәлігін және

рұқсат карточкасын беру»

мемлекеттік қызмет көрсету

Регламентіне

2-Қосымша

ХҚО арқылы электронды қызмет көрсетуде қызметтік өзара әрекеттер диаграммасы 

Шартты белгілер:


Бастапқы хабарлама

Аяқталған хабарлама

Арагідік хабарлама

Аяқталған жай оқиға

Қате


Ақпараттық жүйе

Барысы


Шарт

Басқару ағыны

Хабарламалар ағыны

Соңғы қолданушыға ұсынылатын электронды құжат

«Халықаралық автомобиль

тасымалдарын жүзеге асыруға

рұқсат беру куәлігін және

рұқсат карточкасын беру»

мемлекеттік қызмет көрсету

Регламентіне



3 - Қосымша

Портал арқылы электронды қызмет көрсетуде қызметтік өзара әрекеттер диаграммасы



Шартты белгілер:


Бастапқы хабарлама

Аяқталған хабарлама

Арагідік хабарлама

Аяқталған жай оқиға

Қате


Ақпараттық жүйе

Барысы


Шарт

Басқару ағыны

Хабарламалар ағыны

Соңғы қолданушыға ұсынылатын электронды құжат







©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет