«Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының арналармен, байланыс және электр беру желілерімен, мұнай құбырларымен, газ құбырларымен, су құбырларымен және теміржолдармен



Дата17.04.2016
өлшемі82.46 Kb.


Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы «___» ________ №_____ бұйрығына 1-қосымша

«Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының арналармен, байланыс және электр беру желілерімен, мұнай құбырларымен, газ құбырларымен, су құбырларымен және теміржолдармен, басқа да инженерлік желілермен және коммуникациялармен қиылысуына рұқсат беру»

мемлекеттік қызмет регламенті

1. Жалпы ережелері
1. «Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының арналармен, байланыс және электр беру желілерімен, мұнай құбырларымен, газ құбырларымен, су құбырларымен және теміржолдармен, басқа да инженерлік желілермен және коммуникациялармен қиылысуына рұқсат беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) «Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қыркүйектегі № 845 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын пайдалану ережелерінің 12-тармағы 1) тармақшасының және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 ақпандағы № 64 қаулысымен бекітілген «Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының арналармен, байланыс және электр беру желілерімен, мұнай құбырларымен, газ құбырларымен, су құбырларымен және теміржолдармен, басқа да инженерлік желілермен және коммуникациялармен қиылысуына рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандартының негізінде көрсетіледі (бұдан әрі – қызмет беруші).

2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

1) қызмет берушінің кеңсесі;

2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);

3) «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы немесе «Е-лицензиялау» www.elicense.kz порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының арналармен, байланыс және электр беру желілерімен, мұнай құбырларымен, газ құбырларымен, су құбырларымен және теміржолдармен, басқа да инженерлік желілермен және коммуникациялармен қиылысуына техникалық шарт беру болып табылады.

2. Қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызметті көрсету барысында әрекет ету тәртібін сипаттау
5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (әрекеттерді) бастау үшін негіз қызмет берушінің мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті қызметті алушының өтінішін және өзге құжаттарын (бұдан әрі – өтініш) алуы болып табылады.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету барысының рәсімдері (әрекетері):

1) қызмет беруші кеңсесінің қызметкері өтінішті алған сәттен бастап он бес минут ішінде оны кіріс хат-хабарларды тіркейтін журналда тіркейді және қызмет беруші басшысының қарауына енгізеді;

2) қызмет берушінің басшысы екі сағат ішінде қызметті алушының өтінішін қарайды және оларды қызмет беруші басшысының орынбасарына жолдайды;

3) қызмет беруші басшысының орынбасары қызметті алушының өтінішін үш сағат ішінде ұсынылған талаптарға сәйкес келуін қарайды және қызмет берушінің Пайдалану және жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысына жолдайды;

4) қызмет берушінің Пайдалану және жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы қызметті алушының өтінішін үш сағат ішінде ұсынылған талаптарға сәйкес келуін қарайды және қызмет берушінің Пайдалану және жұмылдыру дайындығы басқармасының қызметкеріне орындауға береді;

5) қызмет берушінің Пайдалану және жұмылдыру дайындығы басқармасының қызметкері қызмет берушінің кеңсесі арқылы келіп түскен қызметті алушының өтінішін жеті жұмыс күні ішінде, ХҚО арқылы түскен – жеті жұмыс күні ішінде, портал арқылы түскендерді – жеті жұмыс күні ішінде қарайды.

6) қызметті алушының өтінішін қарағаннан кейін төрт сағат ішінде ХҚО ақпараттық жүйесі немесе қызмет берушінің кеңсесі арқылы немесе порталға қызмет берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасын куәландыратын қағаз түрінде немесе электрондық құжат түрінде техникалық шартты жолдайды.

7. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі мынадай рәсімді (әрекетті) орындауды бастау үшін негіз болады:

1) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті қызметті алушының өтінішін және өзге құжаттарын қызмет берушінің кеңсесінде тіркеу және оларды қызмет берушінің басшысына беру;

2) қызмет беруші басшысының бұрыштамасы;

3) қызмет беруші басшысы орынбасарының бұрыштамасы;

4) қызмет берушінің Пайдалану және жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының бұрыштамасы;

5) техникалық шартты рәсімдеу және оларды қызмет беруші басшысының қол қою үшін тапсыру;

6) техникалық шартты қызметті алушының кеңсесіне, ХҚО ақпараттық жүйесіне немесе порталға тапсыру.


3. Қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызметті көрсету барысында өзара әрекет ету тәртібін сипаттау

8. Мемлекеттік қызметті көрсету барысына қызметті берушінің қызметкерлері жұмылдырылған:

1) қызмет беруші кеңсесінің қызметкері;

2) қызмет берушінің басшысы;

3) қызмет беруші басшысының орынбасары;

4) қызмет берушінің Пайдалану және жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы;

5) қызмет берушінің Пайдалану және жұмылдыру дайындығы басқармасының қызметкері.

9. Қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелері арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) кезеңділігін сипаттау:

1) қызмет беруші кеңсесінің қызметкері өтінішті алған сәттен бастап он бес минут ішінде оны кіріс хат-хабарларды тіркейтін журналда тіркейді және қызмет беруші басшысының қарауына енгізеді;

2) қызмет берушінің басшысы екі сағат ішінде қызметті алушының өтінішін қарайды және оларды қызмет беруші басшысының орынбасарына жолдайды;

3) қызмет беруші басшысының орынбасары қызметті алушының өтінішін үш сағат ішінде ұсынылған талаптарға сәйкес келуін қарайды және қызмет берушінің Пайдалану және жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысына жолдайды;

4) қызмет берушінің Пайдалану және жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы қызметті алушының өтінішін үш сағат ішінде ұсынылған талаптарға сәйкес келуін қарайды және қызмет берушінің Пайдалану және жұмылдыру дайындығы басқармасының қызметкеріне орындауға береді;

5) қызмет берушінің Пайдалану және жұмылдыру дайындығы басқармасының қызметкері қызмет берушінің кеңсесі арқылы келіп түскен қызметті алушының өтінішін жеті жұмыс күні ішінде, ХҚО арқылы түскен – жеті жұмыс күні ішінде, портал арқылы түскендерді – жеті жұмыс күні ішінде қарайды.

Қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтінішін және өзге құжаттарын қарағаннан кейін төрт сағат ішінде ХҚО ақпараттық жүйесі немесе қызмет берушінің кеңсесі арқылы немесе порталға қызмет берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасын куәландыратын қағаз түрінде немесе электрондық құжат түрінде техникалық шартты жолдайды.

10. Рәсімдердің (әрекеттердің) кезеңділігін сипаттау «Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының арналармен, байланыс және электр беру желілерімен, мұнай құбырларымен, газ құбырларымен, су құбырларымен және теміржолдармен, басқа да инженерлік желілермен және коммуникациялармен қиылысуына рұқсат беру» осы мемлекеттік қызмет регламентіне 1-қосышаға сәйкес, блок сызбада келтірілген.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету барысында ХҚО өзара әрекет ету тәртібін, сондай-ақ, ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
11. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

белгіленген үлгідегі жазбаша өтініш;

белгіленген тәртіпте әзірленген және бекітілген жобалық құжаттаманың көшірмесі;

жұмыстарды жүргізу орындарында белгілер мен қоршауларды орналастыру сызбасының көшірмесі;

жұмыстарды жүргізудің күнтізбелік кестесі;

уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжат (қызметті алушының өкілі жүгінген кезде).

Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші немесе ХҚО қызметкері түпнұсқаларды көшірмелерімен немесе электрондық түрдегі көшірмелерімен салыстырады, содан кейін түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

12. ХҚО құжаттарды тапсырған кезде ХҚО қызметкері қызметті алушыға мыналарды көрсете отырып тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді:

1) сұрау салуды қабылдау нөмірі мен күні;

2) сұрау салынған мемлекеттік қызметтің түрі;

3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;

4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;

5) құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған қызметті берушінің лауазымды адамының не ХҚО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;

6) қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлғалар үшін) немесе атауы (заңды тұлғалар үшін), байланыс деректері көрсетілген.

13. Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерде құрылған жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді ХҚО қызметкері мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің ақпараттық мониторинг жүргізу жүйесі арқылы алады.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ХҚО рәсімдерінің (әрекеттерінің) кезеңділігі және ұзақтығы:

1) ХҚО қызметкері 15 минут ішінде мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті қызметті алушының өтінішін және өзге құжаттарын тіркейді және қызметті алушыға ХҚО қызметкерінің ЭЦҚ-сымен куәландырылған ақпараттық жүйе арқылы электрондық құжат нысанындағы құжаттардың көшірмесін жолдайды;

2) ХҚО қызметкері қызметті алушы жүгінген сәттен бастап 15 минут ішінде қызметті алушыға мемлекеттік қызметтің нәтижесін береді.

15. Мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ХҚО арқылы ақпараттық жүйелердің қызметтік өзара әрекет ету диаграммасы «Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының арналармен, байланыс және электр беру желілерімен, мұнай құбырларымен, газ құбырларымен, су құбырларымен және теміржолдармен, басқа да инженерлік желілермен және коммуникациялармен қиылысуына рұқсат беру» осы мемлекеттік қызмет регламентіне 2-қосымшада келтірілген.

16. Құжаттардың топтамасын ХҚО тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

17. Қызметті алушы қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және мемлекеттік қызметті беруші басшысының мөрімен және қол қоюымен куәландырылады

18. ХҚО құжаттарды қабылдау операциялық залда «электрондық» кезек тәртібінде жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық кезекті брондауға болады.

19. Портал арқылы электрондық сұрау салу кезінде қызметті алушының жеке «кабинетінде» мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күнін көрсету арқылы мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы статус көрсетіледі.

20. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке «кабинетіне» жолданады.



21. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ХҚО арқылы ақпараттық жүйелердің қызметтік өзара әрекет ету диаграммасы «Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының арналармен, байланыс және электр беру желілерімен, мұнай құбырларымен, газ құбырларымен, су құбырларымен және теміржолдармен, басқа да инженерлік желілермен және коммуникациялармен қиылысуына рұқсат беру» осы мемлекеттік қызмет регламентіне 3-қосымшада келтірілген.

____________________
Каталог: images -> npa
npa -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы №96 бұйрығы «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы»
npa -> Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы
npa -> Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
npa -> «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралымен 1, 6 және 7-сыныпты қауіпті жүкті тасымалдауды жүзеге асыруға (шетелдiктердi қоса алғанда) арнайы рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
npa -> «Өзен кемелерiн және оларға құқықтарды Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты
npa -> «Шағын көлемді кемелердi мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызметтер стандарты Жалпы ережелер «Шағын өлшемдi кемелердi мемлекеттiк тiркеу»
npa -> Орталықтардың атауы (филиалдары, бөлімдері, бөлімшелері) Орналасқан мекенжайы
npa -> Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта баланстау жоспарын және телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне тарифтерді бекіту туралы
npa -> № қаулысына


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет